Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Осы айтыл~андарды~ орындалуы ~шін к~ліктік логистика ~ылымын ж~не электроника мен есептеуіш ~~ралдарды же

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Жүктік және коммерциялық жұмыстың орындалуын жетілдіру мен дамытудың басты бағыттары

Жүктік тасымалдаудың дамуының негізінде тасымалдау процесіне жаңа технологияларды енгізу, тасымалдауға кететін шығындарды азайту, ресурстардың шығынын азайту, экологиялық қауіпсіздікті сақтау және сервистік көліктік қызмет көрсетуді жақсарту жатыр. Осы айтылғандардың орындалуы үшін көліктік логистика ғылымын және электроника мен есептеуіш құралдарды жетілдірілуі тиіс.  

Коммерциялық және жүктік жұмысты компьютерлік бағдарламамен жабдықтау дамудың басты бағыттарының бірі. Тасымалдау процесінде қолданылатын жүйелер:

  1.   АСУОП (автоматизированная система оперативного управления перевозками) – тасымалды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесі, жалпы станциядағы пойыздар қозғалысын басқаратын жүйе;
  2.   ЕМПП (единая модель перевозочного процесса) – тасымал процесінің бірыңғай моделі, станциядағы тасымалдауды басқарудың жаңарған жоғары дәрежелі жүйесі, АСУОП бағдарламасының ауыстыратын жүйе;
  3.   АСРГП (автоматизированная система расчетов за грузовыми перевозками) – жүктік тасымалдауды есептеудің автоматтандырылған жүйесі, бүкіл тасымалдау процесіне қатысушы жақтар арасында ақпараттық-технологиялық байланысты ұйымдастыратын жүйе;
  4.   АСУКП (автоматизированная система управления контейнерными перевозками) – контейнерлік тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, контейнерлік пунктерді және жүктік станцияларды ақпаратпен қамтамасыздандырып, контейнердің бақылауын және жылдам өңделуін жоғарылататын жүйе;
  5.   ЭРТРАН – тасымалдау құжаттарының рәсімделуінің және дайындалуының орталықтандырылған жүйесі, құжаттарды рәсімдеуді сапалы жүргізуін және есептемелердің жүргізілуін қамтамасыздандыратын жүйе.

Коммерциялық және жүктік жұмыстың жетілдіруіне және дамуына жүргізілетін істер:

  1.   тасымалдау процесіне жұмыс сапасын жоғарылататын жаңа технологияларды енгізу, оларға: «есіктен есікке» жүйесі, транзиттік тасымалдар, маршруттық тасымалды көбейту және т.б.;
  2.   ішкі және халықаралық жаңа логистикалық жүйелерді құрастыру, ішкі және халықаралық қолданыстағы логистикалық жүйелерді жетілдіру;
  3.   жеңілдетілген тарифтік саясатты ұстану, төлемақыны төлеудің жүйесін жетілдіру, ЖЖ, ЖҚ және теміржол арасында электронды құжат алмасуды ұйымдастыру;
  4.   тасымалдау құжаттарын келген уақытта өңдеуін қамтамасыздандыру, құжаттардың ЖЖ-ден ЖҚ-ға электронды түрде жеткізілуі (электронды накладная);
  5.   тасымалдаушы жақтардың талабын орындау үшін тиеп-түсіру құрылғыларын, бекітулерді және жүк қауіпсіздігін сақтайтын құралдар мен әдістерді жетілдіру;
  6.   басқа көлік түрімен тығыз байланысты қамтамасыздандыру (порт жанында станциялардың салынуы, арнайы жүк операцияларын орындайтын терминалдардың салынуы);
  7.   жаңа көліктік дәліздердің құрылуы;
  8.   жүктің сапасының сақталуын қамтамасыз ету, жаңа (электронды) бекіту-пломбылау құрылғыларын қолданысқа енгізу, тасымалданатын және сақтаудағы жүктердің бақылауын компьютерлік құралдарымен жабдықтау;
  9.   АСКО ПВ (автоматизированная система коммерческого осмотра поездов и вагонов) пойызға және вагонға коммерциялық тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізу;
  10.   тиеп-түсіру операциясын орындау кезінде өнімділігі жоғары механизмдер мен роботтарды қолдану;
  11.   жаңа тара және қаптама түрлерін ойлап табу және қолданысқа енгізу;
  12.   инновациялық жаңалықтарды ескере отырып, изотермиялық вагондарды ойлап табу және жетілдіру (жұмыстың автоматтандырылуын қамтамасыздандыру, температураны бақылайтын жүйелерді енгізу, жаңарған салқындату жүйелерін енгізу).

Осы жоғарыдағы істер теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің бірігуімен және білімді қызметкерлердің еңбегімен ғана іске асырылады.




1. На тему - Наш край в 191720роках Виконала-
2. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Дніпропетро
3. Теория среднего класса.html
4. Перспективы развития хозяйственного комплекса России
5. Налоговая система Канады
6. СанктПетербургский государственный инженерноэкономический университет Кафедра логистики и орга
7. вариант ответа туда где для этого оставлено место
8. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня доктора філософських наук Київ
9. Тема- Радиолокационный приемник
10. Тема 8 Система органов государственной власти в РФ Понятие и система органов государственной власти России
11. 1] Введение [1
12. дистанционное управление задвижками на линии входа нефти сигнализация положения задвижек; 2 дистанционн.html
13. ТЕМА 6- МАРКЕТИНГОВА ТОВАРНА ПОЛІТИКА 2 Цілі та сутність товарної політики
14. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Київ ~
15. Лейкоциты
16. форма и условия заключения брака; 2 запреты на браки с иностранцами; 3 необходимость разрешения для всту
17. Исследование особенностей качества жизни сотрудников отдела охраны
18. Добрянская детская школа искусств Музицирование ~ одна из форм музыкального воспитани
19.  Понятие о хозяйственном учете
20. Бугскому лиману В пути эскадра была задержана встречным ветром и лишь через 10 суток смогла достичь острова Т