У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Нары~ты~ ~атынастар ке~ етек жая дамы~ан елдерде Азаматты~ кодекс екінші Конституция~а те~естірілген

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген

Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсетужәне т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтыңнормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).

Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.

Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.

Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

тараптардың теңдігі;шарт еркіндігі және таңдау құқығы;еркіндік;тәуелсіздік;меншікке қолсұқпаушылық;біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

Азаматтық құқықтың жүйесі

Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшартменшік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.

6-бапта:

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді.

Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

Басқа да заң актілері.

Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.

Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.

Заңға негізделген нормативтік құықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.

Әдеттегі құқықтар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.

Халықаралық шарттар (конвенциялар).

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз — шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немесе мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауап кершіліктің түрі.Азаматтық-құқықтық катынастың көпшілік бөлігі міндеттеменің бұзылуынан пайда болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүліктік қатынастармен байланыста болғандықтан ол төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:

а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;

ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;

б) борышқорды міндеттемені орындамаганы немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді аткарады: жазалау, қалпына келтіру, тәрбиелік.

Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығып келтірген түлғаның мүлкінің азаюы.

Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.

Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаныц мүліктік жағдайын қалпына келтіру.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен турлері

Азаматтык-құқықтық жауапкершіліктің туындауы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән тәртіпсіздік жасалуы шарт.

Азаматтық құқық бұзушылықтың элементтеріні жататындар: белгілі бір тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті; келтірілген (шеккен) зиянның немесе залалдың болуы; құкыққа қайшы әрекет пен келтірілген зиянның салдары арасындағы себепті байланыс; құқық бұзушының кінәсі. Борышқорды міндеттемені бұзғаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талабымен жүзеге асырылады.

• Тұлғаның құқыққа қайшы келетін әрекеті немесе өрекетсіздегі заңға немесе шартқа сәйкес келмейтін құқыққа қпинікі әрекет. Мұндай жағдайда белгілі мүліктік игіліктер мен қүқықтар бұзылады. Сонымен қатар құқыққа қайшы әрекет объективті жене субъективті құқықтардың бір мезгілде бұзылуын білді

• Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.

Жауапкершіліктің негізгі нысаны залалдыңорнынтолтыру. Залалды өтеу мен міндеттеменің бұзылуы барлық жағдайында жүзеге асуы тиіе. Міндеттемені бұзғанборышқор несие берушіге келтірілген шығындарды өтеуі тиіс. Құқығы бүзылған тұлға оған келтірілген шығынның «•рнын толық өтеуді талап ете алады.

• Залал — зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиісболған маидалар (жіберілген пайдалар).

Залалды анықтау барысында міндеттемеге орындалуы тиіс болған орындағы бағалар ескеріледі.

Жіборіп қойған пайданы есептеу барысында несие берушінің пайданы алуға бағытталған әрекеттері мен дайындықтары ескеріледі.

• Құқыққа қайшы өрекет немесе әрекетсіздіктің тікелей себіпші болуынан келтірілетін зиян немесе т.б. мүліктік ауыртпалық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегі себіпті байланысты көрсетеді.

Борышқор міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кінөлі болғанда ғана жауапты. Егер борышқор ол міндеттемені тиісті деңгейде орындауға бар мүмкіншілігін қолданғанын дәлелдей алса кінәсіз деп танылады.

Заңды тұлға — жоғары қауіптілік көзінің иесі зардап шегушілердің алдында тікелей кінәсі болмаса да жауапты болады. Жоғары қауіптілік көзіне көлік құралдары, өндіріс кәсіпорындары, жануарлар, құрылыстар жене т.б. жатады.

Моральдық зиянның орнын толтыру

• Моральдық зиян — жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т.б.).

Моральдық зиян мүліктік залалдың нысанына қарамас- тан ақшалай нысанда төленеді. Моральдық зиянның көлемін анықтау барысында жәбірленушіге келтірілген зиянның субъективтік жәнө объективтік мән-жайлары ескеріледі.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері

Заңда 18 жасқа дейінгілерді кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14—18 жас аралығындағыллр жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болыи табылады. Осыған орай бүл жас аралығындағыларды азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың да ерекшелігі болатындығы өзінен-өзі түсінікті.

Осы көрсетілген жас аралығындағылар белгілі зиян келтіретін болса, онда өздерінің жас шамаларына қарай әр түрі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылаы 14 жасқа дейінгілер біреудің мүлкіне зиян келтіретін болш егер келтірген зиян өздерінің кінәсінен болмағандығы дәлелдемесе, (өздерінің кінәлі еместігін дәлелдей алмім онда келтірген зиян үшін ата-анасы, асырап алушыллр немесе қамқоршылары жауап береді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ата-аналар мен т. б, адамдардың кінәсі ретінде баланы тиісті дәрежеде, тәрбиелемеу жәнө бақыламау карастырылған.

11 жасар бала аулада доп ойнап жүр делік, ал оның әкі сол аулада өзінің танысымен шахмат ойнап отыр. Жаңағы дол жүрген бала ойын барысында көршілердің біреуінің терезесін сындырып алды. Осы жағдайда кім жауап береді? Әрине оның ата-анасы, себебі бала доп ойнап жүргенде оны тиісті дәрежеде қадағалап отыруы керек еді. Оны шахмат ойынына берілген әкесі ұмытып кетті немесе көңіл бөлмеді.

Тағы да мынадай жағдайды алайық, бұзақылықпен айналысып жүрген (оған дейін де бұзақы екендігі белгілі) 12 жасар бала дүкеннің терезесін сындырып ішінен бір кассета ұрлап алады. Бұл жерде баланың ата-анасының кінәсі бар ма? Әрине бұл жағдайда да баланың ата-анасы кінелі болады. Өйткені олар балаға тиісті дәрежеде тәрбие бермеген, яғни баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты міндетін тиісінше атқармаған.

Егер көмелеттік жасқа толмаған қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде халықты өлеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса және зиян өзінің кінәсінен болмағанын дәлелеомесе, жас балаға келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.Сонммен , азаматтық-құқықтық жауапкершілік — шартта немесе зыңда көрсетілген реттерде жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру үшін немесе мүліктік самақ салу түрінде болып келетін жауапкершіліктің бір түрі. азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздеріне сол жауапкершілікті тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетіліген құқықтарды бұзу жатады.

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (ҚАҒИДАТТАРЫ)

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (ҚАҒИДАТТАРЫ)
1. "Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі — бастау, негіз дегенді бідціреді. Азаматгық принщштері (кағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматгық заңының мейлінше маңыз-ды тұстарын көрсетеді. Демек азамаггық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық қүқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады.
Принциптер (қашдаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқа-шанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-қүқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, бас-шылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісі бекін түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны колдану мівдеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық прин-циптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырьшдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заны жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: "Бірінші-ден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжатта-рын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшы-лыққа алынады. Төртіншіден, мүдцай принциптер құқықтык нормалардың бастапкы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларьшың мазмүнының түсінілуі жүзеге асырылгада назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарынқараңыз). Бесіншіден, заңпринциптерінесүйе-не отырып, зан нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқыктағы кұқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық кұқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық инсти-туттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3) шарт еркіндігі;
4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын аза-матгық зандарының алдынақойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.
Азаматтык, қүқықтык, қатынастарга қатысушылардың теңдігі. Азаматтық құкықтың басты қағидаттарының бірі олардың катысушыларының тендігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға катысушылардың тендік принципі қоғамдық қатынастарды азаматтық-кұқықтық реттеу әдістемесінің езімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқыктық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтык қатынасқа қатысушынын бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екшшісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен реттелетін муліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді: 
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-кұқыктық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматгық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) занда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);
2) занды тұлғалардың құқылык мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, занды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарыньщ кез келгенін тандау ға ерікті; занды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішівде келісім шартты жасасуға хақысы бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше кезделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жок, адамдар азаматтық зандарда ҚР-ньщ азаматтары мен занды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міңдеттер көзделсе, нақ сондай кұқықтарға ие болуға қақылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (АК-тің 3-бабының 7-тармағы).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғау ға байланысты тендік принципі тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқыктардың бұзы-луына карсы қорғану құралын субъектілер бірдей қонданады дегенді білдіреді.
Меншікке және басқа заттық қуқыққа қол суқпаушылық принципі. Меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондыктан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтьшьш, белгілі бір максатына, ягаи керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда кызмет ету кұралын бәрінен де жоғары кояды.
Мемлекет пен құқық, оның ішівде азаматтык кұқық азаматтық мұндай жағдайды қамтамасыз етеді.
Ресей Федерациясының Азаматгық кодексінде арнайы былай деп жазылган: "Шетелдің занды тұлғалары, азаматгары жөне мемлекетгерінің қатысуымен азаматтық заң арқылы реттелетін Ресей Федерациясының жауапкершілігі мен Ресей Федерациясы субъектілерінің ерекшелігі мемлекеттіц иммунигетіжәне оның ерекшеліктері жөніндегі заңмен айқындалады". РФ-нын АК-і 127- бабы.
Қараңыз: МейерД.И. Русское гражданское право. ч.2 М.: Статут, 1997, 3 бет.
Қашан да меншік кұқығы азаматтык қүқықтың орталық институты болып есептелген және меншік иесінің кұқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтык құқық меншіктің кол сүқпаушылық қащдасына негізделеді.
Меншікке қол сұкдаушылық Азаматтық кодекстін, басқа нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінгең: "Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұктажы үшін мүліктен күштеп айыру оның кұны тең бағамен етелген кезде жүргізілуі мүмкін". Конституцияның бұл қашдалары Азаматтық кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени жөне тарихи казыналарды сатып алу және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-тін 253,
254, 256-баптары).
Қазіргі кезде занда меншік қүқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық қүқықтары да қаралған, оларға да қол сұкдаушылық принщші қолданылады. Ай-талық а) жерді пайдалану қүқығы; ә) шаруашылық жүргізу қүқығы; б) оралымды баскдру құқыш; в) өзге де затгық қүқыктар (АК-тің 194—195 баптары).
Кей жағдайда меншік құқыш шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, "Жер туралы" Заңның 48-бабында жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі қүқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың кұқықтары мен занды мүдделеріне зиян келтірмеуі женінде айтылған.
Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық зандағы меншік құқығыньщ алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтын, басты тұлғасы болып табы-лады. Бұл бұрын-сонды болмаған меншік кұқышн корғаудың жаңа төсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған козғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады (АК-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатьң мүліктін, мәселен, бағалы қағаздардың меншік кұкығын сенімді де жедел үштастырудың жаңа тәсілдері жасалды (АК-тің 129-140-баптары).
Шарт еркіндігі принципі. Зан шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін занды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің ездеріне контрагентті тавдауына, шарт талап-тарын мүлдем дербес айқындауға өрі оны тағайындауға мүмкіндік береді.' Бұл принцип нарықтың дамуына және бәсе-кеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабыньщ 6-тармағында әрбір тұтынушының тауар-лар сатып алу, жұмыс пенқызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
Шартдегеніміз — шаруашылық қызметійің негізгі құралы. Азаматтар мен занды тұлғалар шарт негізінде өздерінің кұкык-тары мен міндеттерін өз еріктерімен, өз мүдделеріне

Әкімшілік құқық — Казақстан Республикасы кұкык жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол коғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі больш табылады.

Қоғам өмірінің аса манызды жақтарын кұкықтык реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екеңдігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқыктық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мелекеттік органдардың қабыддаған шешімдері үшін азаматардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мелекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құкық азаматгардың мемлекетті басқаруға қатысуларыньң құкыктық және ұйымдық нысандарын бекітеді, Өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Казақстан Республикасында қүкыктык мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік- құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың  құқықтық мәдениеті қалыптасады.

Әкімшілік қүкық нормалары экономика саласында (өнер-кәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп комплексі, көлік пен байланыс, коршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыкқа тұрмыстык кызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулык сактау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси қурылыс (корғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару катынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.

Қазіргі кезендегі әкімшілік құкықтың негізгі проблемаларьңың бірі — өкіметтін орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-кимыл жасаудың жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып отыр.

Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудін түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына «Қазакстан — 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.

Құқық корғау мәніндегі әкімшілік құралдардьщ, яғнн мемлекеттік басқару саласьшдағы зандылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатьн бақылау-қадағалау қызметінін маңызы арта түсуде.

Прогрессивтік кайта күру барысында қабыдданған зандардын барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылыктың кездесетінін де, мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған құқықтык мойынұсынбаушылык сияқты кеселдер айтарлықтай нұксан келтіруде.

Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс — бұл қоғамдык өмірдің барлық салаларына еңе бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамнын барлық салаларына, мемлекеттік  конституциялық негіздеріне катер төңдіреді.

Сондықтан мемлекетті баскару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пұрсаты мен кызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жыддары қабылданған қүкыктық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстык кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік туралы». «Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес туралы» зандардын ерекше маңызы бар.

Казіргі кезендегі ғылымда «Әкімшілік құкық» терминінің  әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулык әдебиеттерде әкімшілік құқық — тиісті мемлекеттің құкық  жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құкықты — басқару құқығы деп айтуға болады  делінген.

Энциклопедиялық сөздік «Әкімшшк құқык» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдык катынастарды ретейтін құқык саласы деп атаған. Оның нормалары басқару апаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінін процесінде пайда болатьін қоғамдык катынастарды реттейтін құкық саласы ретінде аныктаған.

Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына төмендегідей:

біріншіден, әкімшілік құқык — құкықтың дербес саласы;

екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын

коғамдык катынастардың реттеушісі болып табылады;

үшіншіден, әкімшілік кұқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы

 мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.

 

Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын коғамдык, қатынастарды ғана реттеуге арналған.

Барлык осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік баскару органдарың, яғни атқарушы органдардың аткарушылык-өкім етушілік кызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.

Әкімшілік қүқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрьлысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты Қоғамдық қатьнастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл

 

аудара отырьш, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдык катынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады.

Реттелінетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін занды түрде міндетті болып табылатын әкімшілік құкык нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару сатысындағы қоғамдық катынастарды құкықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, баскару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.

Нақтылы қоғамдық катынас басқарушьшык болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтың реттеу ыкпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік баскарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бүл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.

Мемлекеттің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген коғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларьшың нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бұл сияқты іс-қимылдар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін камтамасыз ету үшін шаруашылык және қаржылық қызмет аткарады және өзінің мәні бойынша баскарушылык болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.

Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші кызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдык қатынастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік- құқыктық реттеуге жатады. Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі коғамдык қатынастарды баскарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:

а) мемлекетгің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.

Мысалы, Қазакстан Республикасы Үкіметі мен салалык министрліктердің, олардын аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.

б) біріне-бірі бағынысты емес әртүрлі мемлекеттік баскару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, зан жүзінде тең құқылы Кдзакстан Республикасының екі министрлігінің, тен құкылы жергілікті аткару органдарының және баскалардың арасындағы катынастар;

в) мемлекеттік баскару органдарының, және оларға бағынысты мемлекетгік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазакстан темір жолымен оның бағынысьндағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар;

г) мемлекеттік баскару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылык серіктестіктердің және басқалардың арасындағы катынастар;

д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдык бірлестіктердің арасындағы қатынастар;

е) мемлекетгік баскару органдарымен және Кдзакстан Республикасы азаматтарының арасындағы катынастар; Мысалы, кала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.

Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін баскадай коғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның катысуынсыз баскарушылық қоғамдык катынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы катынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне катысты биліктік өкілеттілік беріл-меген.

Занды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық катынастар да өздерінің мәні бойынша баскарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа катынастар жатады.

Баскару органы да, мемлекеттік (мемлекетгік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйымда, сондай-ақазаматта басқару катынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл баскарушылық қоғамдық катынастар пайда болатын жағдайларға толығынан сәйкес келеді.

 

 

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;

Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);

2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)

4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқықазаматтық құқық,қылмыстық құқыққаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полицияпрокуратурасот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

міндеттеу әдісі;

тыйым салу әдісі;

ерік беру әдісі;

мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

Конституция;

конституциялық заңдар;

әдеттегі заңдар (жай заңдар);

президенттің нормативті жарлықтары;

үкімет қаулылары;

қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.

Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.

Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.

Құқықты мемлекет - бұл  адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін  қарастыруда оның негізгі  екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды  жағы - адам  мен  азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын  мейлінше толық  көлемде  қамтамасыз  етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан  көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді., құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті  заңсыз  пайдалануды болдырмау  мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
2.   Биліктің тармақтарға  бөлінуі  құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот   (бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді.  Мемлекеттік мәжбүрлеуді  қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 
4. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

5. Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. «Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

 

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын  қоғамдық  қатынастардың шеңбері  кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің  өз еңбек қызметін  іске асыру кезінде  пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады.

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø      қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø      жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына  енгізіледі;

Ø      еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø      еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø      ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø      жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø      жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø      еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтау мен  оны бақылауға байланысты қатынастар.

 

 

2. Еңбек құқының әдістері

      Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері  төрт негізгі  белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының  орталықтанған және оқшауланған  реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық  негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару нормативтік-құқықтық  актілерді  қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған  реттеулер  жекеленген және  ұжымдық  еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ  жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және  императивтік  реттеу әдістерінің  бірлесуі. Келісімдік  реттеулер  еңбек қатынастарында туындайтын  көпшілік жағдайында   олар  өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы,  жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс  ұсыну әдістері болған жағдайда  көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция  қолданылудан қорықпайтын жағдайда  оны сақтамауына да болады.   Мұндай нормаға  бірінен кеиін бірін екі бірдей  демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі  міндетті түрде норманы  сақтаудың барлығымен көрінеді.  Негізінен еңбекті қорғаудың барлық институттары  императивтік  нормадан тұрады.  Сонымен қатар  заң шығарушы  жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу  жасына  қатысты ең төменгі талаптар қояды.

3. Кәсіподақтық мекемелердің  еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық  негізгі екі  функцияны  жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында  және ұжымдық  еңбек келіспеушілігі кезінде  жұмыскердің мүддесін қорғайды.

4. Жұмыскерлердің  еңбек құқығын қорғау  әдістерінің өзіндігі.  Ол ерекшелік ең бірінші  еңбек  құқы-  ол кәсіподақтық мекемелердің  әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар  арнайы мекемелер мен  еңек  келіспеушілік жағдайларын қарастаратын   әдістер бар- ол  мекемелер келісім коимссиясы, немесе  көтеріліс жасау сияқты әдістер.

 

3. Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір  тұтас (сала) негіз құрайтын,  неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да  одан да  құрылымдық бөлшекті  норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты  жалпылығы.

Еңбек құқының барлық жүйесі  құралым бойынша  екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

 

4. Еңбек құқының   құқықтың ұқсас

салаларынан ерекшелігі

 

Еңбек құқына ұқсас құқық салалары болып  азаматтық құқық, әкімшілік құқы қоғамдық  қамтамасыз ету құқықтары саналады.

Азаматтық құқық пәніне  еңбекке қатысты  қоғамдық қатынастар кіреді, олар орнын толтыру түрінде болады, келісім шартқа негізделген. Оған  жалға алу келісімі, тапсыру, авторлық келісу т. б. шарттарын орындаулар  жатады.  Алайда бұл қатынастар мен  еңбек құқы пәніне кіретін  қатынастар арасында   олардың әр салаларға жататынын көрсететін  біраз ерекшеліктері болады. Еңбек қатынасының  пәні мен оның мазұмыны еңбек процессінің өзі болады және соның өзі  құқықтық реттеуге жатады. Азаматтық құқықта  пәні ретінде соңғы қорытынды болады.

Еңбек құқына әкімшілік құқығының белгілері ұқсас болады, оның ішінде мемеклеттік қызмет институттары, оның пәні ретінде  мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік-басқару қатынастарын жүргізу болып табылады. Оның еңбек құқығынан негізгі ерекшелігі еңбек  қатынасы  екі жақтың  тең құқылығын көрсететін жеке еңбек келісім шартына отырудан басталса, мемлекеттік қызмет сферасында  әкімшілік акті негізінде  және лауазымға тағайындау негізіндегі қатынастардан көрінеді, бұл жерде қатаң түрде  билік ету бағындыру жүиесінде көрінеді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқынан  еңбек құқы келесі белгілері бойынша ажыратылады- қоғамдық  қатынастар әлеуметтік қамтамасыз ету құқын реттеудің  пәні болып табылады, олар азаматтардың еңбекке емес   материалдық жағдайын қамтамасыз ету құқын талап ету кезінде туандайды, әлеуметтік  қамтамсыз ету  құқы  азаматтарға еңбекті төлеу қаржысынан емес әрбір жұмыс берушіде болатын  бюджет қаржысы есебінен ақша бөлуді қарастырады.                     

Еңбек құқық көздерінің түрлері мен оның түсінігі.

 

«Еңбек көздері» түсінігі  екі өзара байланысты аспектімен  беріледі. Біріншіден  оған әлеуметтік құбылыс ретінде құқық туғызатын обьективті факторлар жатады. Бұндай фактор ретінде қоғамның материалдық жағдайындағы өмір сүруі, экономикалық, саяси және  құқық негіздері  нақты түрде  мемлекеттің құқықты қалыптастыру, оған  нормативтік-құқықтық акті түрін беру жұмыстарымен байланыстырады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық көздері  ретінде мемлекеттің  еңбек рыногын қолданудығы қоғамдық қатынастарды  реттеу саласындағы, жалдау жұмыстарын ұйымдастыру мен оны қолданудағы   өкілетті органдардың  құқық шығарушылық әрекеттері жатады.

Еңбек құқының көздері  көп және әр түрлі және де олар әр түрлі негізде   бөлінеді.

Құқық көздерді заңдық күші бойынша классификациялалау дәстүрлі болып саналады.

1.      Халықаралық келісімдер мен келісім шарттар. Оған мысалы, Қазақстан Республикасынада  ратифицирленген  Еңбекті Ұйымдастырудың Халықаралық конвенциясы  адамзаттың құқын қорғаудың  Жалпы Декларациясы жатады. (№29 «Міндетті және мәжбүрлі еңбек туралы», № 100 «Құндылығы бірдей еңбегі үшін әйел мен ер адамға тең  ақы төлеу туралы», № 138 «Ең төменгі жас ерекшелігі туралы»), сондай-ақ  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасындағы келісімдер  15.04.95 ж. («Еңбекші-көші қоншыларды  еңбек көші қон және  әлеуметтік қорғау саласындағы  келісімдер мен  бірлесіп қызмет ету туралы», 09.09.94 ж. « Жұмыскерге   еңбек міндеттерін атқару кезінде келтірілген  кәсіптік ауруға ұшрау кезінде немесе  денсаулығына келтірілген зиянның орнын бірлесіп толтыру туралы»).

2.      Қазақстан Республикасының Конституциясы.  Конституцияның 24 бабында  келесі ережелер  бекітілген:

3.      Әркім еңбекті, кәсіпті және  мамандықты таңдап алуға ерікті. Мәжбүрлі еңбекке әскери немесе төтенше  жағдайларда ғана сот  шешімімен жол беріледі.

4.      Әркім  қауіпсіздік пен  гигиена талаптарына жауап беретін  еңбек жағдайына құқылы,  ешқандай кемсітушіліксіз еңбек марапатын алуға  сондай-ақ  жұмыссыздықтын әлеуметтік қорғалуға құқылы.

5.      Заңмен белгіленген  әдістер арқылы шешу белгіленген жекеленген және ұжымдық   еңбек келіспеушіліктер, көтеріліске шығу құқығы   мойындалады.

6.      Әркім дем алуға құқылы. Еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтіндерге  заңмен белгіленген  жұмыс уақыты, демалыс күндері  жыл сайынға ақылы демалыстар  кепілденеді.

7.      Қазақстан Республикасының Заңы.  Еңбек құқының  негіздері болып табылатын заңға  мыналар жатады: 10.12.99 ж. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 12.07.93 ж. «Кәсіби бірлестіктер  туралы» заңдары т. б. жатады.

8.      Қазақстан Республикасының Қаулысы. Оған жататындар: 29.12.00 ж. « Жұмыскерлердің  еңбек ақысын төлеудің  инструкциясы мен тәртібін бекіту туралы»,   25.06.99 ж. «Екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздығын белгілеуге  болатын  аурулардың түрлерін бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Шетел жұмысшы күшін тартуды және  Қазақстан Республикасынан  жұмысшы күшін шығаруды  Лицензиялау туралы» ҚР  Үкіметінің Қаулысы.

9.      Министрліктердің, комиттетердің және ведомствалардың актісі. Оларға жататындар: халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрінің 21.04.00 ж. «Тегін  емдеу-алдын алу  тамақтану мен витаминдік препараттарды берудің ережесін бекіту туралы», 22.07.00ж. «Еңбекті нормаландыруды ұйымдастыру бойынша  Әдістемелік  рекомендацияларды  бекіту туралы», ҚР денсаулық сақтау ісі бойынша Агенттігінің  22.05.00 ж. « Медициналық аптекалық жұмыскерлерді  қосымша  демалысқа шығару туралы» Бұйрығы.

 

2. Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті

 

Еңбек туралы  нормативтік актілердің әрекеттері адамның  уақыты, аумағы мен шеңбері бойынша қаралады.

Еңбек құқығының негізі  болып табылатын нормативтік-құқықтық актілер үшін әрекеттерінің басталуы мен аяқталуын бекіту нақты практикалық   маңызға ие.

Нормативтік құқықты әрекетке енгізудің тәртібі болып,  нормативтік құқықтың өзі табылуы мүмкін. Заңдарды  әрекетке енгізу тәртібі болып, оның ішінде  кодекстерді әрекетке енгізу, заңдардың (кодекстер) өзі немесе кейбір заңдар болып табылады. Мысалы, «ҚР еңбек туралы» заңы  01.01.00 ж.  « ҚР еңбек туралы» заңды ҚР қолданысқа енгізу турал» заңымен 10.12.99 ж. қолданысқа енгізілді.   Егер нормативтік  құқықтық актінің  көлемінің көп болуына байланысты  оның мәтіні периодикалық басылымдардың  бірнеше бетіне басылатын болса, онда  ресми басылған күн нормативтік құқықтық актінің мәтіннің соңғы  бөлігінің басылған күні болып саналады. Азаматтардың  міндеттері мен бостандығына қатысты  нормативтік құқықтық актілердің  қолданысқа енгізілуінің міндетті жағдайы  оның ақпараттық құралдар бетіне ресіми басылуы болып табылады.

Нормативтік актіні  қабылдауға байланысты  барлық  бұрынға қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен оның құрылымдық бөліктері  егер олар  жаңадан қабылданған  актілердің нормасына  қайшы келетін болса немесе оны жойып жіберетен болса  онда олар,  күшін жойған болып немесе  өзгертілген болып саналады.

Нормативтік құқықтық актіні  қабылдауға байланысты күшін жойған  актілер мен олардың бөліктерінің тізімі актіде немесе актіні қолданысқа енгізу тәртібінде болуы керек.

Еңбек құқығы негіздерін  қолданысқа енгізу аумағы «Қазақстан Республикасы территориясы» түсінігімен тығыз байланысты.

Еңбек құқының негізі болып табылатын  нормативтік  құқықтық актінің  қолданысы, адамдар ортасында  Қазақстан Республикасында  Қазақстан Республикасының азаматтары мен  заңды тұлғаларға, сондай-ақ  оның территориясындағы  шет ел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңмен көрсетілген басқа жағдайдалар мен халықаралық  келісімдерден басқа жағдайда Қазақстан Республикасы тарапынан ратифицирленген болып табылады. Дипломатиялық өкілдер мен  басқа да шет ел  мемлекеттік органдардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының нормативтік актілері   халықараық келісім шарт негізінде  және  жалпы бекітілген  халықаралақ құқық нормаларының  принціптері негізінде жүреді. ( дипломатиялық иммунитет).

 

3. Еңбек құқының  салалық принциптері

Еңбек құқының  принціптері ретінде  қолданыстағы  заңнамада бекітілген  негіз салушы  басшылық негізідегі   (идеяны)     норманың негізін құрайтын  мемлекеттік  рынокты қолдануға байланысты  қоғамдық қатынастарды  реттеуге, оны ұйымдастыруға және  жалдау еңбегін қолдануға байланысты  бағытталған саясатының  бағытын түсінуге болады.

Еңбек құқының қазіргі кездегі принціптерін төрт топқа бөлуге болды:

Ø      Еңбек рыногын  реттеудегі және  халықты дұрыс жұмыспен қамту саласандағы  мемлекеттің  саясатын көрсететін.

Ø      Еңбек  жағдайын бекітудің  негізгілері.

Ø      Жұмскерлердің  еңбегін пайдаланудағы негізгі принцптер.  

Ø      Жұмыскерлердің  еңбек құқын  анықтайтын қағидалар.

3 ТАҚЫРЫП. Еңбек құқығының субъектілері

 

1. Еңбек құқығын классификациялау мен  оның түсінгі.

 

Құқық субьектісі ретінде  заңдық ғылым қоғамдық қатынсатарға қатысушыларды түсінеді, олар қолданыстағы заңның негізінде  субьектілік құқық пен  соған сәйкес  міндеттерді  қолданушы  болып табылады. Сонымен қатар  құқықтың әрбір  саласа  өз субьектісі  шеңберімен  сипатталады, олар  оның пәні мен  әдістерімен қатар аталған саланың жалпы құқық саласындағы ерекшелігін берлігейді.

Нарықтық жағдайға біртіндеп өту жағдайында  еңбек құқына  ең бірінші субьект маңызды болып табылады, ол нақты түрде  еңбек нарығын қолдануға, және еңбек процестерін ұйымдастыруға қатысады. Олар еңбекке жарамды жұмыскерлер, жұмыс берушілер,  және  жұмыскерлердің  мүдделерін  қорғайтын кәсіподақтық мекемелер болып табылады. Еңбек құқының барлық  аталған субьектілері  заң бойынша  арнайы  белгілерге ие- ол  қоғамдық-еңбек әрекетіне байланысты оларға нақты бір құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндік беретін құқықтық статус.

Жұмыс берушілер өз кезегінде  зыңды тұлғаларға, жекелеген кәсіпкерлерге және  үй жұмысын істеуге жұмыскерлерді жалдайтын қарапайым азаматтарға бөлінеді. Жұмыс берушілер- заңды тұлғалар меншік түріне қарай  мемлекеттік және жеке бола алады, ұйымдастыру-құқықтық әрекет ету формасына байланысты-коммерциялық мекеме бола алады. (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, өндіріс кооперативтері) және коммерциялық емес мекемелер (қоғамдастық, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам,  діни  ұжымдар немесе заңдылық актіде көрсетілген басқа формадағы бірлестіктер). Аталған мекемелердің еңбектік құқық субьектілігі оның белгіленген  құжатымен анықталады.

Еңбек құқының субьектілерінің құқықтық статусы  заңдық позицияда  заң шығару орнымен реттелетін қоғамдық қатынастарда кімнің кім екенін анықтайды. Статус мазұмыны келесі  негізгі элементтерді қамтиды: а) субьектінің еңбектік құқық мүмкіншілігі мен  мүмкіншілігінің жоқтығы; б) оған заңнамамен бекітілген  құқықтар мен міндеттер; в)  осы құқықтар мен міндеттердің кепілі; г) субьектіге  жүктелген  міндеттерді дұрыс орындау.

Еңбектік құқық субьектілігі   субьектінің еңбек құқығы ретінде заңнамамен  мойындалған ерекше   белгі ретінде, нақты бір жағдайлар болғанда  олар еңбек сферасында  нақты бір құқықтық қатынастардың құқықтыры мен міндеттерін қолданатын  субьектісі болуға мүмкіндігі бар.

 

2. Еңбек құқығы субьектісі ретіндегі жұмыскерлер

 

Жұмыскер- жұмыс берушімен еңбектік қатынаста тұрғын және  жеке еңбек келісім шарты бойынша  жұмыс атқаратын жеке тұлға.

Еңбек заңнамасында, нақты еңбек туралы заңның 11 бабында  ЖЕК отыру 16 жасқа толған адамдар арасында ғана жасалады. Бұл жас критерийін әдетте   әдебиеттерде  еңбекке жарамдығының толысуымен байланыстыратын. Көп жағдайларда  адамның денсаулығына  ерекше талаптар қойылады. Бұл  талаптар  әскери қызметкерлерге, ұшқыштарғы, жүргізушілерге, және басқа да  ауыр және денсаулыққа зиянды жерлерде жұмыс істейтін адамдарға қойылады. Кейбір жағдайларда адамның қай жынысқа жататыны да маңызды болып табылады. Ол тағы да әсери қызметтегі, ауыр жұмыс пен  еңбек жағдайы ауыр жұмыстардағы құқық субьектілері.

Еңбек заңнамасымен қарастырылатын  кепілдіктер,  ҚР Конституциясындағы   азаматтардың  құқықтарын  қолдану  кепілдіктірінің бір бөлігі болып табылады. Кепілдіктерге өндірістегі жұмыскердің  заңнамамен мойындалған   себепті болып танылатын  нақты себептермен  жұмысқа шықпаған уақытына жасаған төлемдері  жатады. (мысалы,  мемлекеттік немесе  қоғамдық міндеттерді атқаруға байланысты).

Жұмыскердің жауапкершілігі екі түрлі болады- тәртіптік және материалдық. Жұмыскердің материалдық жауакершілігі жұмыс берушіге келтірілген шығынды  төлеу болып табылады. Тәртіптік жаза ретінде  өз міндетін орындамағаны немесе  дұрыс орындамағаны үшін берілетін тәртіптік жаза болып саналады.

 

3. Жұмыс беруші   еңбек құқының субьектісі ретінде

 

«ҚР еңбек заңы туралы» заңдағы анықтамаға сәйкес жұмыс беруші - ол   жұмыскер  еңбек қатынасында тұрған заңды немесе  жеке тұлға. Осыған сәйкес   жұмыс беруші болып кәсіпорын, мекеме, ұжым, шаруашылық, кооперативтер, фермалар, жеке кәсіпкерлер немесе басқа да   еңбек келісімі негізінде жұмысқа жалдаушы заңды  немесе жеке тұлғалар танылады.

Жұмыс беруші  еңбек құқық қатынасы субьектісі ретінде жеке  кәсіпкер ретінде   ұжым заңды тұлға ретінде  мемлекеттік тіркеуден өткен  кезден бастап еңбек құқымен және оны қолдану мүмкіндігінде болуы керек, ал азамат- мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бері жеке кәсіпкер ретінде   еңбек құқымен  және  құқықты қолдану мүмкіндігінде болуы керек. Заңды тұлғалар мен жеке  кәсіпкерлердің  еңбек құқы мен әрекетсіздігі  олардың  азаматтарға жұмыс беруге құқылы екенін мойындаудан басталады. Ол құқық мүмкіншілігі «жұмыс беру мүмкіндігі» деп аталады, бұл жерде жұмысшыға берілетін  «жұмыс» деп, жұмыспен қамтудағы  еңбек ақысын төлеу мен оны қорғау бойынша ішкі  бөлудегі анықталғын   еңбек функцияларын атаймыз.

Еңбектік құқық мүмкіншілігі  екі критерий бойынша анықталады: оперативтік (ұйымдастырушылық) және мүліктік. Оперативтік (ұйымдастырушылық) критерий   ұжымның  жұмыскерді қабылдау жұмыстан босату, еңбегін ұйымдастыру, жұмыс жағдайын туғызу, әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру, жұмыскерлердің еңбек құқығын іске асыру жағдайларынан көрінеді. Мүліктік критерий ақша құралдарын жұмсау (еңбек ақы төлеу фонды, басқа да осыған сәйкес фондттармен), жұмыскерлерге еңбегі үшін ақы төлеу, оларға марапаттар беру, басқа да  материалдақ қамтамасыз ету мен жеңілдіктермен  байланысты жұмыстарды жүргізе алумен көрінеді.

Заңдық кепілдіктер  азаматтардың  еңбек қатынастары кезіндегі  құқықтық статусының сипаттарын толықтырады. Бұл жерде заңдық кепілдіктер бағалы мақсаттары бойынша, мазұмыны мен жұмыскердің субьективтік құқын қамтамасыз ету мүмкіндігімен  ерекшеленеді.

 

4. Еңбек құқының субьектісі ретіндегі  кәсіподақтар

 

Кәсіподақ бірлестіктері–қоғамдық бірлестіктерге жеке мүше болатын  азаматтар тарапынан  қоғамдық  кәсіби  көзқарастары бойынша  өз еркімен құрылған өз бетінше әрекет ететін  қоғамдық бірлестіктер. Кәсіподақтардың негізгі міндеті  өз  мүшелерінің еңбек және  әлеуметтік-эконмкалық құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау мен  еңбек жағдайын қорғау болып табылады. Кәсіподақтардың  құқықтық статусы   Қазақстан Республикасы Конституциясымен (5,23 б.), Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 9 сәуірдегі  «Кәсіби бірлестіктер туралы» Заңымен  және да басқа да  заңдылық актілермен анықталады.

Кәсіподақтар  еңбек құқының  арнайы субьектісі болып табылады. Бір жағынан   кәсіподық құрудың  жалпы құқықтық режимі, олардың құқықтық субьектілігі, негізгі мендеттері мен  құқықтары, сондай-ақ  оларды іске асырудың кепілдіктері  Қазақстан Республикасындағы   қоғамдық  бірлестіктер туралы заңдылығының жалпы  ережесінен туындайды, ал екінші жағынан-кәсіподақтар жүйесінің  кейбір звеноларының  статусы мен өкілеттігі-структурасы анықталады, оның ішінде  алғашқы кәсіподақ  комитеттерінің, салалық, аумақтық басқа да  кәсіподақ органдарының   өкілеттігі мен сатусы. Кәсіподақтың  міндеттері мен онң функциясының   еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелерімен байланысты екені  белгілі. Экономикалық қайта құру жағдайында  кәсіподақтардың еңбек құқығы субьектісі ретіндегі  ролі артуда, себебі  құқықтың аталған  саласы  еңбекті ұйымдастыру мен  оның жағдайын реттеумен,  жалданушы еңбектің  еңбек құқықтарын  заңдылық мүдделерін қорғаумен байланысты.

 

1.  Еңбек құқығы  бойынша құқық қатынастарының 

жүйесі мен түсінігі

 

Еңбек құқығы  нормаларының әсер етуімен   еңбек рыногын қолдану, ұйымдастыру, жалдау  еңбекті қолдану  кезінде қалыптасқан қоғамдық қатынастар  құқықтық формаға енеді де құқықтық қатынас болады.

Еңбек барысындағы осы  құқық саласының пәнін құраушы құқықтық қатынастардың өзі  еңбек  құқығының әсер ету қорытындысы екенін ескеріп,  құқықтық қатынастардың ықтимал қатысушылары  әрдайым мемлекет  болады, оның мазұмында  үнемі мемлекет еркі  меңзеледі.

Жоғарыда  көрсетілгендей  ең бастысы  жалдамалы жұмыскерлердің  еңбек қатынастары болып саналады. Одан басқа,  еңбек қатынастары   өзімен тығыз байланысты осы құқық саласындағы басқа да қоғамдық  қатынастарды  реттейді.  Қоғамдық қатынстарға оның негізін құрайтын еңбек  құқының әсер етуі барысында   нақты бір бірлікпен анықталатын  құқықтық  қатынастар жүйесі қалыптасады.

Бүгінгі күні  еңбек сферасындағы  құқықтық жүйе  өзіне мыналарды қамтиды:

Ø      еңбек қатынастары;

Ø      ұйымдастыру-басқару қатынастары;       

Ø      жұмысқа алу бойынша қарым қатынастар;

Ø      өнідірістегі  кәсіби дайындығы мен біліктігін арттырудағы қатынастар;

Ø      еңбектік келіспеушіліктерді қарау кезіндегі қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтаудағы  бақылау мен  оны қадағалау кезіндегі қатынастар.

Барлық осы құқықтық  қатыныстар  оның еңбектік табиғатына байланысты  бір жүйеге біріктіріледі.  Құқықтық қатынастар  жүйесінде  негізгі орынды  құқықтық қатынастар  алатынын ескере кету керек-олар құқықтық қатынастардың мүдделерін  дамытудың қызығушылығын талап ететін  талапқа сай, қай деңгейде болсын  мақсатты және  сол жолда  нақтыланған  барлық басқа құқықтық қатынастарды  біріктіреді және оларды анықтайды. Басқа да  құқықтық қатынастар  өзіндік мағнаға ие емес, тек қана   қазіргі уақытта құқықтық қатынсатар болғандықтан ғана олар өмір сүреді, бүгінгі күні немесе олар болашақта  өмір сүреді, өткен уақытта болды.  Еңбектік құқыққа қатысты барлық  құқықтық қатынастарды  үш топқа бөлуге болады:

Ø      еңбекке дейін пайда болып дамитын және  соңғының пайда болуына дейін  жойылатын  (еңбекке орналастыру бойынша  құқықтық қатынсатар) еңбек қатынасына  жол беретін қатынастар;

Ø      еңбектік қатынсатармен бірге пайда болып, қосарланып  дамитын еңбектік құқықтық қатынаспен бірге қатынастар  (мысалы,  ұйымдастыру-басшылық құқықтық);

Ø      еңбектік қатынастар тоқтаған кезден бастап  пайда болатын еңбектік қатынастарадан шағатын қатынсатар (мысалы, еңбектік келіспеушіліктер бойынша қаралатын  құқықтық қатынастар).

 

2.  Еңбектік  құқық қатынастары мен олардың элементтері

 

Еңбектік құқықтық қатынастар  қоғамдық-еңбек қатынастарының  заңдық  қатынастарын көрсетеді, ол еңбек рыногында жұмыс беруші мен- жұмыскер арасанда туындайды, онда бір жақ (жұмыскер)  жұмыс ұжымына кірген ретінде жұмыс берушінің актісіне бағына отырып нақты бір  жұмыс түрін орындауға міндетті, ал келесі жақ  (жұмыс беруші) -келісімде көрсетілген жағдайда жұмыскерді мамандығы бойынша, біліктілігі мен  лауазымына байланысты  жұмыспен қамтуға, оның еңбек ақысын төлеуге   денсаулығын дамытуға жеке басы мен жұмыс   жағдайын жасауға міндетті.

Еңбектік қатынастарға  ұзақ уақыт тиесілі және  оны іске асырудың  мерзімі тиесілі. Ол жұмыскердің қандай да бір  әрекеті немесе  еңбектік тапсырысты орындауына байланысты, жұмыс уақытының аяқталуына  немесе жұмыс аптасының аяқталуына байланысты   тоқтайды, онда жұмыскер  нақты бір белгіленген жұмыстарды атқаруға  кіріседі.

Еңбек қатынастарының мазұмыны ретінде  субьективтік еңбек қатынастары және  олардың мүшелерінің міндеттері  кіреді. Субьективтік құқықтар  нақтылығымен оны қолдану барысындағы  өзін еркін ұстаумен  байланысты  сипатталады.

Еңбек қатынастарының  туындау негізі болып жеке  еңбек келісім шартына отыру арқылы   жұмыскердің жұмысқа  жіберілуі саналады. Яғни  еңбектік қатынастардың заңдылық түрде туындауы  күрделі болып саналады. Еңбек қатынастарын өзгерту және  оны тоқтату  жеке еңбек келісім шартын  бұзу немесе өзгерту арқылы болады.

 

3. Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты  басқа

 да қатынастар

 

Еңбек қатынастарымен тығыз байланысты басқа да қатынастар туралы  біз айтқан болатынбыз, олар:

Ø      ұйымдастырушылық-басқару қатынастары;

Ø      жұмысқа орналастыру қатынастары;

Ø      өнідірістегі  кәсіби дайындығы мен біліктігін арттырудағы қатынастар;

Ø      еңбектік келіспеушіліктерді қарау кезіндегі қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтаудағы  бақылау мен  оны қадағалау кезіндегі қатынастар.

Ұйымдастыру-басшылық қатынастар жалдау жұмысын  басқару мен оны ұйымдастыру кезінде пайда болады. Бұл қатынастардың  қатысушылары  бір жағынан  белгілі бір жұмыскерлер тобын басқаруға қойған адамдар (әкімшілік) жұмаскерлер, екінші жағынан  оларға бағынышты  жұмыскерлер болады. Ұйымдастыру-басшылық қатынастар әрқашан еңбек қатынастарымен бірге жүреді.

Жұмыспен қамту қатынастары   азаматтардың  жұмысқа  орналастыру  делдалының көмегімен өзіне  келетін жұмыстарды табу кезінен басталыды (жұмысқа тұрғызу органы) Олар  үш өзара байланыстыларды біріктіреді,  тек қатысыты өз бетінше  құқықтық қатынастарды:

Ø      жұмысқа орналастару мекемесі мен  өзіне лайық жұмыс іздеп жүрген азамат арасында;

Ø      жұмысқа орнластыру мекемесі мен  кадрлар жетіспейтіндігі туралы  өздеріне келетін жұмыскерді тауып беруге өтініш жазған мекеме арасында.

Ø      азамат пен азамат  жолданған жұмысқа орналастыру мекемесі арасында.

Құқықтық қатынастардың аталған түрі еңбектік қатынастарға қосалқы болып саналады.  Жұмысқа орналастыру қатынастары  нақты еңбектік қатынсатарды туғызу мақсатында туындайды және  құқықтық қатынсатар тоқтаған уақыттан бастап тоқтайды.

Өндірістегі кәсіби даярлау  құқықтық қатынсатары  мен білікілігін арттыру  қатынастары    неғұрлым ерікті екі  құқықтық қатынсатардан тұрады:

Ø      азамат пен жұмыс берушінің арасындағы ерекше келісімдер негізінде пайда болатын, онда жұмыс беруші  азаматты   нақты бір мамандық бойынша өз өндірісінде  оқытуға міндеттенеді және оқу аяқталған соң жұмысқа орналастыруға міндеттенетін қатынастар кезінде,  кәсіптік даярлауға қатысты құқықтық қатынастар пайда болады.  Оқытуға қатысты  құқықтық қатынастар еңбектік қатынастарға жатады.   Тек  аталған жұмыс берушіде жұмыс істейтін жұмыскер  басқа  мамандыққа оқуға ауысуы бұл қатынысқа  кірмейді.

Ø      еңбек қатынасында тұрған жұмыскер   өзінің біліктілігін өзі жұмыс істеп жүрген мамандық пен  кәсіпке байланысты   біліктілігін арттырумен байланысты қатынастар.

Еңбектік дауларды  шешу қатынасы  жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында  еңбекті ұйымдастыру мен қолдану бойынша қандай да бір келіспеушілік туындаған кезден бастап пайда болады. Еңбек дауларын қарайтын мекеме  келісу комиссиясы болып табылады, ол кәсіпорында  жұмыскер мен жұмыс берушінің, сондай-ақ соттың бірдей адам  санының қатысуысуымен құрылады. Аталған құқықтық қатынастардың  тууының негізі болып  мүдделі жақтардың өтініш жазуы (жұмыскер мен жұмыс беруші) еңбек дауы мәселесен қарау туралы өтініш беруі негізінде немесе жоғарыда аталған  еңбек дауларын қарау бойынша құқылы органдардың өтініш беруі кезінде пайда болады. Құқықтық қатынастардың аталған түрі  бұрынға  еңбек қатынастары сияқты (негізссіз еңбекке қабылдаудан бас тарту шешіміне), оны қолдаушы (тәртіптік жазаны қайтарып алу), одан шығатын ( келісім шартты заңсыз бұзуды қайтарып алу)  еңбектік болуы мүмкін.

Еңбекті қорғау, қадағалау  мен бақылауға және еңбек заңдылығын сақтауға қатысты қатынастар  еңбнек қатынастарына қатысушылардың өз міндеттерін атқаруды бақылау қажеттілігінен туындайды. Қатынастардың аталған түрі  еңбектік қатынастардан тууы, одан шығуы немесе онымен қосалқы болуы мүмкін.

 

Азаматтардың еңбекке тұру және құқықтық шұғылдануды реттеу.

Жұмыспен қамтудың түсінігі мен формасы. Мемлекеттік саясаттағы  еңбекпен қамтудың негізгі принціптері мен  бағыттары.  Тұрғындарды еңбекпен қамтуға әсер ету мен  оны қамтамасыз етудегі  шаралар мен кепілдер. Еңекпен қамтудағы мемлекеттік саясатқа араласатын адамдар тобы, олардың статусы, құзыры.  Азаматтардың еңбекпен қамту сферасындағы  құқықтары, Жұмыссыздықтан  әлеуметтік  мемлекеттік қорғау түрлері. Азаматтарды жұмыссыз деп тану тәртібі мен оларды есепке алу. Жұмыссызды есептен шығару.  Тіркелген жұмыссыздардың  құқықтары мен міндеттері. Өзіне келетін жұмыс. Жұмыссыздарды  кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау. Қоғамдық жұмыстар. Жұмыспен қамтудың құқықтық ұйымдастырылуы.

      Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі

 Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі.

 

         Жер -  бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның  маңызды бөлігі.

         Құқықтық және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.

         Жердің айырықша ерекшеліктері болып оның көлемінің шектелгендігін, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы және жылжымайтындығы табылады. Сонымен қатар, жер өз құрамы, құнарлығы, ландшафттығы, өсіп-өну мүмкіндігі,  экологиялық, рекреакциялық және шаруашылық мақсаттары бойынша біртектес емес.

         Жердің басқа да табиғи ресурстарымен, әсіресе, су ресурстарымен, жер қойнауымен, өсімдіктер әлемімен, соның ішінде, орманмен, байланысының мәні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны және өмір сүру жағдайы болып табылады.

         Олардың барлығы жер қатынастарының құқықтық реттеудің мазмұнына әсер етеді.

         Әдіс дегеніміз пәнді құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету құралы. Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде ҚР-ның жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелген қоғамдық қатынастарға мемлекеттік құқықтық әсер етудің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.

         Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.

         Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.      

         Жерге табиғи объект ретінде экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.

         Жер құқығы әдістерінің түрлері:

1)    диспозитивтік;

2)    императивтік;

         Диспозитивтік әдістің түрлері:

1)    ұсынушы;

2)    санкциялаушы;

3)    құқық беруші;

         Императивтік әдістің түрлері:

1)         құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;

2)         тыим салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);

3)         экологиялық әдіс.

         Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.

         Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.

         Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1)    Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;

2)    ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;

3)    Жер құқығының тарихы;

4)    Жер құқығының қайнар көздері;

5)    Жер құқығы қатынастары;

6)    Жерге меншік құқығы;

7)    Жер пайдалану құқығы;

8)    Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;

9)    Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;

10)Жер үшін төленетін төлем;

11)Сервитуттар;

12)Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзіреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;

13)Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры;

14)Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;

15)Жер даулары;

 

     Жер құқығының ерекше бөлімі келесі институттардан тұрады:

1)    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі;

2)    Елді мекен жерлерінің  құқықтық режимі;

3)    Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі;

4)    Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі;

5)    Су қоры жерлерінің құқықтық режимі;

6)    Орман қорлары жерлерінің құқықтық режимі;

7)    Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық ремимі.

 

ҚР жерге меншік құқығы мен басқа да құқықтыр.

 

         Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің  3-бабында берілген. ҚР-да жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскілері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

         Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.

         Жер учаскілеріне меншік құқығы мына жолдар арқылы туындайды:

1)    меншік құқығын табыстау;

2)    меншік құқығын беру;

3)    меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) тәртібі бойынша ауыстыру.

         Меншік құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскісінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

         Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды:

1)    мемлекеттік органдар актілер негізінде;

2)    азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;

3)    ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де негіздерде (ҚР ЖК 22-бабы).

         ҚР Жер кодексінің 27-бабына сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:

1)    жеке меншікке сатылу немесе ақысыз білдіру;

2)    тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;

3)    Жер кодексінде, ҚР-ның өзге де заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.

         Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Бұл мәселені РК Жер кодексінің  26-бабы толығырақ ашады. Оған сәйкес, мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекен жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңыздағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ, жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер меншікте болады.

         Жеке меншіктегі объектілері болып ҚР Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады.

         Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

         Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізге шектеусіз мерзімге  немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.

         Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР-ның заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.

 

Жер пайдалану құқығы.

 

         Жер учаскесін пайдалану құқығының  туындауының негізі болып осындай құқықты, құқықты иеленуші құқық субъектісін және заңды фактіні белгілеу мұмкіндігін көздейтін заң формасы табылады.

         Заңды фактілер ретінде құқық нормаларына сәйкес белгілі бір құқықтық салалардың – құқықтық қатынастардың пайда болыуының, өзгеруінің және тоқтатылуының – туындауына себепкер болатын жағдайлар түсініледі.

         Жер учаскесінің пайдалану құқығының негізі болып осы құқықты орнықтыруға бағытталған тек құқыққа сай әрекет қана табылады. Жер пайдалану құқығының туындауы негіздерінің тізімі ҚР Жер кодексінің 31-бабында берілген.

         Жер пайдалану  құқығы туындау негіздеріне қарай былай бөлінеді:

1)    жер пайдалану құқығын тадыстау;

2)    жер пайдалану құқығын беру;

3)    жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы.

         Сонымен қатар, жер пайдалану құқығы мына негіздер бойынша да туындайды:

1)    мемлекеттік органдар актілерінің;

2)    азаматтық-құқықтық мәмлілердің негізінде;

3)    ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де негіздерде.

     ҚР Жер кодексінің 1-бабына сәйкес, ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1)    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2)    елді мекендердің жері;

3)    өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

4)    ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5)    орман қорының жері;

6)    су қорының жері;

7)    босалқы жер.

         Құқықтық режимі бойынша жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, ақылы немесе ақысыз алынатын болуы мүмкін.

         Субъектілерінің құқықтық жағдайына қарай жер пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді:

1)    мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2)    ұлттық және шетелдік;

3)    жеке және заңды тұлғалар;

4)    тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі.

         ҚР Жер кодексінің 30-бабына сәйкес жер пайдалану құқығының субъектілері кесесі түрлерге бөлінеді:

1)    мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер;

2)    ұлттық және шетелдік субъектілер;

3)    жеке және заңды тұлғалар;

4)    тұрақты және уақытша субъектілер;

5)    бастапқы және кейінгі субъектілер.

         Жер пайдаланудың бұл түрлеріне ҚР Жер кодексінің 12-бабында қысқаша сипаттама берілген.

         Мемлекеттік жер пайдаланушылар – мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар.

         Шетелдік жер пайдаланушылар – бұл шет мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.

         Ұлттық жер пайдаланушылар – ҚР-ның азаматтары, ҚР-ның заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соңын ішінде, шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар.

         Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларт – азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

         Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалну құқығын Жер кодексінің 32-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.

         Тұрақты жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар. 

         Кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің басапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану  құқығын алған тұлғалар.

Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры.

 

         Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.

         Жерге орналастыру мыналарды қамтиды және қамтамасыз етеді:

         1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу;

         2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;

         3) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

         4) белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық  құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуде;

         5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;

         6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

         7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;

         8) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды.

         Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.

         Жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

         - жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;

         - жер ресурстарын ҚР-ғы табиғи жағдайларды кешенді бақылау жүйесінде зерттеу;

         - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер маниторингі және жер-бағалаушылық жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, әдістерді, ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;

         -  шекараларда әкімшілік-аумақтық құрылымдарды, меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың жер учаселерін орнықтыра және бікете отырып жерге орналастыру және тиісті материалдар мен құжаттарды рәсімдеу, меншікке немесе жер пайдалануға берілген жерлерді пайдалану шарттары мен режимін белгілеуге байланысты ұсыныстар жасау;

         - табиғи ландшафтарды жақсартуға және жетілдіруге, жерлерді қорғауға, топырақтың құнарлығын сақтау мен арттыруға, жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және қолда бар алқаптардың жағдайларын жақсартуға, жерлерді эрозиядан және дефляциядан, селден, су басудан, құрғаудан, қоқыстанудан, кейінгі тұзданудан, шөлденуден, химиялық, радиоактивтік және өңдірістік қалдықтардан ластанудан және басқа да кері құбылыстардан қорғауға бағытталған шараларды даярлау;

         - жерлердің саны, сапасы туралы ақпаратты дайындау;

         - жер-бағалаушылық жұмыстарын және ауыл шаруашылығы алқаптарын аул шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өңдірісінің шығындарын анықтау;

         - жерді аймақтарға бөлу.

         ҚР Жер кодексінің 151-бабына сәйкес жерге орналастыру процесі мынадай кезендерді қамтиды:

         - жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

         - дайындық жұмыстары;

         - жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;

         - жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісі және бекіту;

         - жерге орналастыру жобасын орындау.

         Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның мемлекеттік кадастырлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР-ның бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.

         Мемлекеттік жер кадастырының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

         Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастырлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу жәек мемлекеттікжер кадастрын  жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және жер кадастрының  деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезеніңде, сондай-ақ жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.

         Мемлекеттік жұмыс кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

         1) жер учаскелерінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;

         2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алу;

         3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;

         4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;

         5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;

         6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;

         7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;

         8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық  карталарды дайындау мен жүргізуді;

         9) жер-кадастр кітабы мен біріңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;

         10) жер учаскелеріне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды.

         Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының саплық және  мөлшерлік жай-күйін базарлық, жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.

         Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады.

         Жер мониторингінің міндеттері болып мыналар табылады:

         1) жердің жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу;

         2) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету.

         Жер мониторингінің жердің сипаттарына сәйкес келетін ішкі жүйелері болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер маниторингі жүзеге асырылады.

 

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.

Мемлекет бұл реттеу жолымен мысалы салық төлеушілердің ақшаларын өздерінің пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

«Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.

Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.

Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу күмәншілікке әкеліп соғады.

Осының күшімен бір жақты мағнада «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға негізделген:

1)      ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және

заңдылы тұлғалар;

2)      көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.

«Жеке меншік қаржысы» категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар» мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп

( материалдық мағнада) тұтас қоғамдық өнімді бөлуде ақша құралдарының қорында жинақталған мемлекеттік ақшаларды түсінеміз.

Поль Мари Годме (Франция) торамалдауы бойынша, қаржы құқығының саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: «... ешқашан мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады».

Оның пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:

1)          мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;

2)          мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;

3)          жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;

4)          мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.

Жеке меншік қаржылар  өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

1.      ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);

2.      сақтандыру ұйымдарының қаржылары;

3.      Банкілер қаржылары;

4.      мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес зейнетқорлар қорлары).

Мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды енгізеді:

1.      Бюджеттік жүйе;

2.      Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;

3.      Мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса);

4.      Мемлекеттік бенкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса);

5.      Мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.

Қаржыларға келесі функциялар тән: бөлгіш және бақылау.

Бөлгіш функцияның қаражаты болып қаржы көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді.

Бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық құралдардың сақталуын және дұрыс жұмсалуын мемлекет жағынан қадағалауға алуы.

Бірақ нарықтың экономика жағдайында мемлекеттік қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай жүйены ұйымдастыру мемлекеттің қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық инфра құрылым жасау бойынша және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз

Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:

1.                       Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2.                                    Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;

3.                                    Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.

Бұдан, мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау.

Қаржы жүйесі  - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:

1)      Бюджеттік система;

2)      Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3)      Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4)      Мүлікті және жеке сақтандыру;

5)      Несие (мемлекеттік және банктік).

Қахақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:

1.                       Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);

2.                                  Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

3.                                  Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

4.                                  Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

5.                                  Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

6.                                  Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

7.                                  Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:

1.      Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).

Қаржыландыру түрлері:

Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.

Сибсидия – мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.

2.      Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);

3.      Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).

Ақшалық қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәсілдері:

1.                                                   Ақшалық қорлардың міндетін белгілеу (белгілі бір қордың мақсаты мен мәселелерін белгілеу);

2.                                                   Мемлекеттік ақшалық қордан алынған құралдардың пайдаланудың тәртібін белгілеу;

3.                                                   Мемлекеттік кәсіпорынның кірісін бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу;

4.                                                   Қаржылық нормативтер мен ақшалық құралдардың бөлу шегін белгілеу;

5.                                                   Ақшалық қорларды пайдалануды жоспарлау;

6.                                                   Ақшалық қорларды пайдалануға бақылау (қадағалау) жүргізу.

 

Қаржылық қызметтің жүргізілуінің құқықтық түрлері.

І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді шығару;

ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.

ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты актілерді істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.

ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен салық берешек сомасын өндіріп алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.

Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:

·         Конституциялық қадағалау;

·         Прокурорлық қадағалау;

·         Қаржылық құқық қатынастарынан пайда болған істерді, соттық қарау;

·         Қаржылық бақылау жүргізу;

·         Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;

·         Қаржылық құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;

·         Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру.

 

Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық-құқықтық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пенн құқық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.

Құқықтық сана дегеніміз – адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.

Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екеніндігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.

Құқықтық мәдениет дегеніміз қалыптасқан қоғамдық қатынастардағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, халықтың құқықты тану, меңгеру барысындағы немесе оны жалпы сыйлаушылықтан туындайтын құқықтық сана деңгейі өлшемінің жиынтығы.

1. Құқықтық мәдениет индивидтердің құқықтық белсенділігін арттырады. Біріншіден, адамдарды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жұмылдырады. Екіншіден, құқықтық жауапкершілікті күшейтіп, заң талаптарын бұлжытпай орындауды талап етеді.

2. Құқықтық мәдениет құқықтық тәрбие арқылы қалыптасады. Құқықтық тәрбие дегеніміз мемлекетте барлық құқықтық, дәстүрлі этикалық тетіктерді пайдалана отырып, субъектілердің құқықты құрметтеуге деген құқықтық саналарын қалыптастыру. Құқықтық тәрбие мынандай шараларды қамтиды:

а) Субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын жетік білу арқылы өз құқықтарын қорғаулары.

ә) Заңсыздық пен бассыздыққа, адам құқықтарын аяққа таптауға жол бермеу және күресу.

б) Құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын бәрімен белсенді күресу, алдын алуға құқықтық шеңбер аясында ат салысу.

Құқықтық мәдениет негізінде мынандай факторларға байланысты қалыптасады:

Құқықты білу, санаға сіңіріп, құқыққа сәйкес мінез-құлықты қалыптастыру;

Құлықтылық (моральдық) және діни тәрбиенің жоғарғы деңгей нәтижесінде болуы. Бұл жерде жалпы адамзат қабылдаған, тәрбиелік мәні зор құндылықтарды бұлжытпай орындау. Мысалы, өлтірме, ұрлама, жаманшылық жасама, үлкенді сыйла, т.б.

Дәстүрлі ұлттық этика бойынша тәрбиелеу. Қазақтың дәстүрлі тәрбиесі ғасырлар бойы әдепсіз қылықтарға тыйым салатын ұғымдарды қалыптастырған және оларды бұлжытпай орындауды жас кезден бастап қоғам мүшелеріне міндеттеген. Сол нормалар мен талаптарды орындау барлық жағдайда құқықтық мәдениетті қалыптастырған. Мысалы, әдепсіз болма, әлсізге күш көрсетпе және тағы басқа көптеген осындай тыйым салатын нормалар қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастырды.

Құқықтық мәдениет мыналарды білдіреді:

құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;

құқықтық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;

құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процесстерінің сапалық жағдайы;

құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.)

құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктер түріндегі нәтижелері (заңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.)

Құқықтық мәдениеттің функциялары:

Танымдық – құқықтық мәдениет теориясын дамыту;

Реттеушілік – мәдениетті реттеп, басқару;

Нормативтік – мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың рөлін көтеру, күшейту;

Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпы халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білу және түсіну, соған сәйкес әрекет ету. Тұлғаның құқықтық мәдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нормаларына бағындыру жатады.

Тұлғаның құқықтық мәдениетінің деңгейі:

- құқықты білу мен түсіну;

- тұлғаның сеніміне қарай құқықты құрметтеу;

- өз істерін заңға сәйкестелендіру әдеті;

- құқықтық белсенділік.

Қоғамның құқықтық мәдениеті – бұл бұл қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дәрежесі. Қоғамның құқықтық мәдениеті оның жалпы мәдениетінің бөлігі болып табылады және келесі факторлармен сипатталады:

құқықты шын мәнінде қажетсіну;

елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы;

қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дәрежесі.

Құқықтық мәдениеттің жақсы дамуының негізгі шарттары:

халықтың рухани сана-сезімін дамыту;

мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту;

заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату;

мәдениеттің жетістіктерін қорғау;

құқықтық мемлекет қалыптастыру.

Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси-реакцияшыл ағым.

Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюция т.б. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархсистер, социалистер, большевиктер т.б.

Құқықтық нигилизмнен құтылу жолы:

халықтың жалпы және құқықтық мәдениетін жақсарту;

олардың моральдық және құқықтық санасын күшейту;

заң шығарушылықтың сапасын көтеру;

саяси-экономикалық дағдарыстан тезірек шығу.

Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.

Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.

Азаматтар әр түрлі құқықтық қатынастардың субъектісі болып саналады. Бірақ олардың қатысуы құқық нормаларын реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып тек соған қатысы бар тұлғалар саналады. Пенсиямен қамтамасыз ету құқық қатынасымен байланысы жоқ адамдар бұл қатынасқа субъекті бола алмайды, себебі олар пенсия жасына жетпеген, не пенсия жасына жетсе де оған құқығы жоқ.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.

Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.

Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.

Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже. 
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы). 
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-тің 39 бабы).
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда  қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.   
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.

Мемлекет және құқық ұғымы.


Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.
Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.
Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық; функциялары ішінара ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз — мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.
1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық қатынастарға нәтижелі түрде құқыктық ықпал етуді білдіреді құқықтық реттеу әдістері бірыңғай сапалы қоғамдық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
1) императивтік (авторитарлық, өзара қатынасты берік ұстау, билік пен бағыныштылық), мұны пайдаланған кезде бір тараптан билік жүргізуші субъект регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;
2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде өзара клісім негізінде субъектілер өз қалаулары бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент — мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді.
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.


Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет және  құқық  теориясы  құқық пен  мемлекеттің  шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық  жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ.

Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол    жоғарғы    өкімет    органдарының    іске    асатын    саяси    жүйесі.

Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар:

Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.

Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.

Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;

-  жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;

-  жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

- жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.

Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;

2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;

3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.

Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:

1. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

2.  Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

3.  Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. «Азаматтық қоғам» түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, «өндірістік қатынастар» ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде «азаматтық қоғам» – бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді

Мемлекет дегеніміз — қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік  тәжірибеде  мемлекеттің  үш  белгісі  бар, ол  атап  айтқанда, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі болды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.

Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейінде беделінің ерекше артқанын көрсетеді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас мемлекетіміздің буыны бекіп, өркендей түсуіне зор еңбек сіңіріп келеді.Әр елдің өз Конституциясы — негізгі заңы бар.

Қазақстанның қазіргі қолданып жүрген Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Оның бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Бізде мемлекеттік тіл — қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қолданылады.

Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының бірі – оның ерекше құрылымдық мекеме болуы. Оны біз түрлі биліктік өкілеттіліктері бар ерекше разрядтағы адамдардың әлеуметтік   аппаратқа бірігуінен байқаймыз және де олар басқарудың белгілі бір маманданған қызметімен айналысады.


«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.  
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
2.3. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да  түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді. 
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман  талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.
Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған. 
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық  табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы
7. Әлеуметтік салық
8. Жер салығы
9. Көлік құралдарына салынатын салық
10. Мүлік салығы
11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
2. Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалынған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы
10. Аукциондардан алынатын алым
11. Консулдық алым
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ұщін алым
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
7. Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы
4. Мемлекеттік баж
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
4. Алымдар
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық  бюджет туралы»  заңда белгіленген тәтіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарна облыстар, Астан және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
ТҮЙІН
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.  
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
ҚР салық жүйесі өзінің дамуының 3 кезеңінен өтті.
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 маусымына дейін). Республикада 40 астам салық түрлері қызмет етті:
1. жалпымемлекеттік;
2. жалпыға міндетті жергілікті салықтар;
3. жергілікті салықтар.
Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін). Бұл кезеңде салық саны 11 дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөлінді.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан бастап бүгінге дейін). Жаңа Салық кодексін қабылдау. Ол үш бөлімнен: жалпы, ерекше және салықтық әкімшіліктендіру бөлімдерден тұрады

Салықтық құқықтық нормалар

 Салықтық құқықтық нормалар бұл нормативтік құқтық актіде берілген белгілі бір тұлғаларға таралатын жалпыға міндетті мінез құлық ережесі болып табылады. Нормативті құқықтық акт бұл құқықтық қатынастың пайда болуынан, өзгеруіне немесе тоқтатылуына бағытталған және өкілетті мемлекеттік орган мен қабылданатын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

            Салық құқығының нормалары мынандай белгілерге ие болады:

Мемлекетті билікті білдіреді.

Өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

Жалпы міндетті мінез құлық ережесі, көбірет қолдануға есептелген және белгілі бір субъектілерге арналған.

Белгілі бір заң нысанындағы актімен белгіленеді.

Мемлекеттің мәжбүрлеу күші мен орындалуы қамтамсыз етіледі.

            Салықтық құқықтық нормалардың құрылымы үш элементтен тұрады: Гипотиза, диспозиция, санкция.

Салықтық құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәсілдері:

Орындау бұл құқық нормасымен көрсетілген әрекетті субъектімен жүзеге асыру.

Сақтау берілген құқық нормасымен тиым салынған әрекеттерді субъектімен жасамау.

Пайдалану құқық нормасымен берілген мүмкіндікті субъектімен пайдалану.

Қолдану билік өкілеттілігін пайдалана отырып өкілетті мемлекеттік орган мен талаптарды жүзеге асыру.

Салықтық міндеттемелер.

 

            Салықтық міндеттеме деп салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес пайда болатын мемлекет алдындағы міндеті.

            Салық салу объектілеріне мүлік және әрекеттер жатады.

            Салық салу объектісінің сипатын салықтық база білдіреді. Салықтық база негізінде салық сомасы белгіленеді. Салақ базасын өлшеу бірлігі салық ставкасы деп аталады. Салыққа қатысты белгіленген төлеу мерзімі салықтық кезен деп аталады.

            Салық төлеуші салықтық міндеттемелерді орындау үшін келесі іс әрекеттерді жүзеге асырады:

Салық органында есепке түрады.

Салық салу объектілерінің есебін жүргізеді.

Салық сомасын және өзге де міндетті төлемдерді төлейді.

Салықтық есеп берулерді құрып, салық органдарына тапсырады.

Салық сомасын және салық заңнамасымен белгіленген өзге де міндетті төлемдерді сондай-ақ тұрақсыздық төлем мен айыппұлдарды төлейді.

            Салықтық міндеттемелерді орындау мерзімі салық кодексінде белгіленеді. Мерзім салық кезенінің соңғы күнінін аяғында аяқталады.

            Салық міндеттемелірін орындау және белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемелер мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

Төлендеген салық сомасына және өзге де міндетті төлемдерге тұрақсыздық төлем салынады, банк шоттары бойынша опперациялар тоқтатыла тұрады, салық төлеушінің салықтық қарызы есебінен мүлікке билік ету шектеледі.

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.

Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.

Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

1. кешенді;

2. ресурстық;

3. әлеуметтік — экологиялық.

Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады.

2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.

3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.




1. СОДЕРЖАНИЕ ВВЕДЕНИЕ.
2. на тему- ldquo;Проблеми культурного відродження в Україніrdquo; Культурне відродження українського
3. Дипломная работа- Бухгалтерский учет товарных операций
4. Поиск - простой и видимый
5. на тему ldquo; Эволюция биосферы Землиrdquo; Студента ММиИОЭ 11
6. Тема- Творческий конкурс Я гомельчанин среди студентов факультета иностранных языков в рамках долгосроч
7. тема Канадиrdquo; Студента ІІкурсу Обліковофінансового факультету Vгрупи денної форми навча
8. реферат дисертації на здобуття вченого ступеню доктора технічних наук Д
9. Статья- Этиология и психопатология в свете теории привязанности
10. Тема 1 Предмет и метод экономической теории Цель- Определение предмета экономической теории изучени
11. СК Лидер является ведущим состраховщиком по операциям сострахования производимым совместно со страховщик
12. Лекция 2- Предмет и задачи курса План- Понятие дисциплины Периодизация Принципы Категори
13. Транспортно-загрузочные и складские системы ГПС
14. Организационные отношения в системе управления
15. Родители растеряны обеспокоены тем что ребенок не может контролировать себя во время приступов ярости
16. Тема заняття- Державна політика у сфері зайнятості
17. Основные функции финансов В функциях финансов проявляется сущность этой категории реализуются ее свойст
18. ВАРИАНТ 4 Составить таблицу которая позволяет автоматизировано составить ведомость на выплату премиаль
19. Реконструкция картины мира человека сталинской эпохи
20. 3107 рублей Если целью использования является выбор программы с минимальными затратами то наиболее желате