У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Биосфера жайлы ілім Ноосфера

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Дәріс № 7

Биосфера жайлы ілім. Ноосфера

Жоспары:

1. Биосфера – ғаламдық экожүйе ретінде.

2. Биосфераның негізгі қасиеттері.

3. Зат айналымы және олардың  адаммен бұзылуы:

а) азот айналымы;

ә) көміртегі айналымы;

б) күкірт айналымы;

в) фосфор айналымы.

1. Биосфера – ғаламдық экожүйе ретінде

«Биосфера» терминін ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Егер «биосфера» түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларға беріледі. Вернадский сонымен қатар ноосфера ұғымын енгізген. Вернадский бойынша ноосфера дегеніміз ақыл-ой, сана қабаты.

Биосфера түсінігіне ағзаның өзгертуші іс-әрекеті де жатады, қазіргі уақыттағы ғана емес, сонымен бірге, өткендегі де іс-әрекетінің әсері кіреді.

Тірі ағзалардан тұратын қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманғы биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады.

Қазіргі заманғы көзқарас бойынша необиосфера шекарасы атмосферадағы, шамамен азон экранына дейін (полюстерде 8-10 км, экваторда 17-18 км, басқа жер беттерінде 20-25 км). Гидросфераны түгелдей, сонын ішінде Әлемдік мұхиттың (11022 м) ең терең тұңғиығын да тіршілік алып жатыр. Литосферадағы тіршілік бірнеше метрге дейін топырақ қабатын алып жатыр. Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша ол жыныст ардың барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен.

«Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді. «Қостық» немесе жанама заттарға өлі табиғаттың заттары жатады (мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге «биоқостық» заттар кең таралған, оларға тірі заттардың қатысуымен түзілген заттар жатады (мысалы, топырақ).

2. Биосфераның негізгі қасиеттері.

1) Биосфера – орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады (антропоцентризм)

2) Биосфера – ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес, ол энергияны күн сәулесінен алады.

3) Биосфера – өзін-өзі реттеуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдасқан гомеостаз тән.

4) Биосфера – көптүрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.

5) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.

3. Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы.

Заттар айналымы 2 түрге бөлінеді:

  1.  Үлкен немесе геологиялық (құрлық пен мұхит арасында).
  2.  Кіші немесе биологиялық (экожүйе ішінде).

Кіші зат айналым геологиялық зат айналымның бір элементі болып табылады.

Азот айналымы: Азоттың негізгі көзі атмосфера болып табылады. Атмосферадан топыраққа өсімдіктерге азот [N] нитраттар (NO3) түрінде енеді. Нитраттар азот бекітуші ағзалардың (нитрификациялаушы ьактериялардың) іс-әрекеті нәтижесінде түзіледі.

Азоттың [N] өсімдіктер үшін екінші көзі – органикалық заттар, олардың ыдырауы аммоний түзуші ағзалардың (аммонификациялаушы бактериялар) нәтижесінде жүзеге асады: (NH2–>NH3–>NO2–>NO3).

Азоттың атмосфераға қайта оралуы денитрификациялаушы бактериялардың іс-әрекеті нәтижесінде жүреді: (2NO3–>N2+3O2)

Азот айналым схемасы:

Көміртегі айналымы. Атмосферадағы С фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің органикалық заттарына еніп, әрі қоректену тізбегіне қатысады. Ағзалардың тыныс алу процесінде С органикалық заттардан босатылады. С негізгі массасы өлі органикалық заттардан редуценттермен (бактериялар, саңырауқұлақтар) бөлінеді. Көміртегінің шамалы (аз) бөлігі Вернадскийдің айтуынша заттар айналымынан торф, көмір, мұнай және су экожүйелеріндегі карбонаттар түрінде «геологиялық құрылымдарға өтеді».

Көміртегі циклінің бұзылуы негізінен геологиялық құрылымдардан бөлінетін заттарға байланысты, сонымен қатар өсімдіктер бірлестігінің ауданы мен өнімділігінің өзгеруі нәтижесіне де (азаюына) байланысты. Көміртегінің бір бөлігі атмосферада көмірқышқыл газы мен метан түрінде жиналып, «парниктік эффект» пайда болуына ықпал етеді.

Көміртегі айналым схемасы:

Күкірт айналымы. Күкірт ең күшті және көп таралған ауа ортасының ластаушысының бірі. S-айналымының негізгі бұзылуы органикалық заттарды жағумен, күкіртті рудаларды өндірумен, топырақ-күкірт жүйесі циклінің бұзылуымен байланысты.

Күкірт бұл кезде атмосфераға улы қосылыс түрінде, диоксит (күкіртті ангидрид) ретінде енеді.

Күкірт айналым схемасы:

Фосфор айналымы. Фосфор айнымалының газ тәрізді фазасы болмайды. Фосфор ағзалармен бірнеше рет тұтынылғаннан кейін тұнба түрінде құрлық пен сулы ортаның түбіне кетеді. Фосфордың зат айналымына қайта оралуы құрлық ағзаларының мұхит ағзаларымен қоректенуі нәтижесінде жүреді, алайда бұл оның құрлықтағы орнын толықтай толтырмайды, яғни құрлықтың қажеттілігін толтыра алмайды. Фосфорды пайдалану тұнбалық циклмен бітетін, біржақты процесс болғандықтан, ағзалар үшін фосфордың жетіспеушілік қауіпі жоғары. Сондықтан оның орнын толтыру адамдардың топыраққа минералдық тыңайтқыштарды енгізуі арқылы жүзеге асырылады.

Фосфордың бір бөлігі құрлыққа мұхиттан теңіз өнімдерінен өтеді.

Фосфор айналымының схемасы:

Ағылшын ғалымы Б.Коммонер тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым қатынастарды төрт заңға біріктірген.

1. Табиғатта барлығы барлығымен байланысты

2. Еш нәрсе ешқайда жоғалмайды

3. Табиғат өзі жақсы біледі

4. Табиғатта тегін еш нәрсе жоқ

Негізгі әдебиеттер :

  1.  Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
  2.  Сағымбаев Ғ.Қ. Экология  негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
  3.  Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
  4.  Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
  5.  Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
  6.  Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
  7.  Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
  8.  Байтулин И.О. Экология  Казахстана. Алматы, 2003.




1. Шифр Шекспира Дженнифер Ли КэрреллШифр Шекспира Сканирование Luchik Шифр Шекспи
2. методичної та наукової роботи професор Е
3. тематика. Часть 8. Функции и графики.
4. Реферат- Гендерная лингвистика
5. Принцип детерминизма в психологии современная научная психология придерживается определенных объясн
6. Частные и публичные интересы в Российском уголовном процессе
7. сбычести мечт Я с раннего детства задавала себе эти вопросы как любая романтическая девочка верящая в ч
8. ПО ТЕМЕ- ПЛАНОВАЯ ИММУНОПРОФИЛАКТИКА Иммунитет ~ это иммунологический
9. где уже отбили штукатурку со стен и добрались до крепкого красного кирпича.html
10. Предъявление требований в коллективе ~ достаточно удобный внешний показатель для определения ступеней ста.
11. Одними из самых ярких и показательных явлений такого рода являются народные обычаи и традиции
12. Дитячі громадські організації України
13. Я знаю о еде все и поэтому я не ем
14. во источников питания принципиальную схему электрических соединений подстанций и параметры элементов элек
15. Гражданская Зрелость 2014 год при поддержке Министерства Республики Карелия по вопросам национальн
16.  Ключи-раркиИтак
17. Статья- О проблемах идентичности
18. Диалекты древнеанглийского периода
19. Тема- Система образования РФ- структура и факторы развития План- Общая структура системы образовани
20. рефератов ВлГУ Кафедра ИСПИ Введен