У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

а 08

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

ӘОЖ  657.2/.6:3.07(574.5)                                                 Қолжазба құқығында

САДЫКБЕКОВА АЙЖАРКЫН АБДРАЗАККЫЗЫ

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мысалында)

08.00.12 - Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

Ғылыми жетекшілері          экономика ғылымдарының докторы

                                             Джуманов Ә.М.

         

экономика ғылымдарының кандидаты

                                              Ниязов Т.Ж.

Ресми оппоненттер         экономика ғылымдарының докторы  

                                                  Алиев М.К.  

                                              

                                             экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

                                             Қожабеков С.С.

Жетекші  ұйым                     Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

                                                 университеті

Қорғау 2010 жылдың «11» қыркүйегінде сағат 14-00 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Д14.61.15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат  «    »  тамыз 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э.ғ.д., профессор              Раимбеков Ж.С.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы  ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа  орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі. Экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жұмыссыздық, мобилді және потенциалды еңбек резерві болып табылады. Сондықтан да жұмыспен қамту үрдістерін ұйымдастыру мен реттеудің жаңа моделін таңдау аса жауапты және күрделі мәселе. Қазіргі уақыт талабы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық арасындағы арақатынасты, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің қозғалысын туындату себебі мен шарттарын зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, бірінші кезекке еңбек қатынастары, жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз етудің жаңа көздері мен нысандарын іздеу, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мен оларды жұмыспен қамтуға арналған іс-шараларға жұмсалатын шығындардың мақсаттылығын негіздеу мәселелері қойылады. Бұл мәселелерді зерттеудің өзектілігі халықты жұмыспен қамту бойынша мекемелерді бюджеттік қаржыландыруымен айқындалып отыр.

Бюджеттік есеп бүгінгі таңда бюджеттік классификациялардың шоттар жоспарымен интеграциялануы мен бюджет орындауының қазынашылық жүйеге өтуіне байланысты қайта өрлеу жағдайында. Сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы салалық есеп стандарттарының болмауы бюджеттік есептің қайта құрылуына бөгет келтіріп отыр.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі (ХЖҚММ) шығындар сметасының орындалуы туралы ақпарат, халықты жұмыспен қамтуға байланысты арнайы шығындардың нәтижелілігін айқындау мақсатында тек бюджеттік классификация баптары бойынша ғана емес, сонымен бірге әрбір бөлімшенің шығындарын қамти отырып, құрылуы тиіс.

Міне, осы айтылғандардың барлығы халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік органдарының бастапқы буыны - облыстық, қалалық және аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімшелері. Осы бөлімшелердің бухгалтерлік және шұғыл есеп жүйелерінде қалыптасатын ақпараттардың шұғыл және нақтылық деңгейі бүкіл мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын жетілдіру бағытын айқындауда аса үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие.    

Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелер қызметіндегі есептік-талдау функцияларын еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық деңгейі, оған жұмсалатын шығындар туралы нақты ақпараттарды жинақтау мен жүйелеуге бағдарлау мақсатқа лайық екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Міне осы жағдайлар, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның тәжірибелік мәнін анықтайды.

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Жалпы еңбек нарығы, ондағы іс-әрекетті ұйымдастыру мен қызмет нәтижелерінің жалпы ережелері, еңбек қатынастары мен бухгалтерлік есеп пен есептіліктің теориялық негіздері мен негізгі мәселелері келесі шет елдік және ресейлік авторлардың еңбектерінде қарастырылады: А.Смит, А.Пигу, А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, П.Самуэльсон, К.Р.Макконнелл, Г.Беккер, Р.Эренберг, Р.Смит, Р.К.Филер, Д.С.Хамернеш, Л.Роббинс, Ф.Кэне, У.Петти, Д.Рикардо, Э.Бернштейн, Д.Робинсон, С.Л.Брю, Белов А.Н. және т.б.

Бұл мәселелер бірқатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде де қарастырылған, олар: Шаяхметов К.О., Абдраимов Г.Т., Дүйсембаев К.Ш., Тажибаев С.Д., Сатубалдин С.С., Ержанов М.С., Берешев  С.Х., Мырзалиев Б.С., Даулетбеков А.Д., Раимбеков Ж.С., Миржакипова С.Т., Бутин М.Е.,  Радостовец В.К., Айтжанова Ж.Н., Тайгашинова К.Т., Тулешова Г.К., Жакипбеков С.Ж., Алиев М.К., Сатмурзаев А.А., Тулегенов Э., Каренова Г.С.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы (ЖҚҮӘББ) бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті ұйымдастыру мен жетілдірудегі көптеген маңызды мәселелер әлі де жеткілікті зерттелмеген және осы мекемелерге қатысты кейбір арнайы зерттеулер мүлдем жүргізілмеген. Осы айтылғандар диссертациялық зерттеу бағытының мақсаты мен мәселелерін таңдауды анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру.

Аталған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге келесі міндеттер қойылды:

  •  еңбек нарығының қалыптасуы мен әрекет етуі, халықты жұмыспен қамту мәселелері, оның ақпараттық функциялары мен халықаралық және қазақстандық тәжірибеде реттеудің нормативті-құқықтық базасының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;
  •  Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайын талдау, халықты жұмыспен қамтуға байланысты іс-шараларға және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдауға жұмсалатын  шығындар сметасының орындалуын бағалау;
  •  халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік мекемелердің шұғыл және бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау, есептілік жүйесінің негізгі модельдерінің мазмұны мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
  •  мекеменің есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау, шығындар сметасын орындаудың міндеттерін анықтау және шығындарды есепке алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
  •  мекемеге бөлінген жалпы бюджет қаржыларының мақсатты жұмсалуын бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау және халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының (ХҚЕС) жіктемелік белгілеріне сәйкес шығындарды есепке алудың жаңа  нысандарын жасау

Зерттеу нысаны Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есептік тәжірибесі болып табылады.

Зерттеу пәні халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі бухгалтерлік және шұғыл есеп пен  есептіліктің элементтері болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі экономикалық теорияның жалпы заңдылықтары мен категориялары, отандық және шет елдік ғалымдардың бухгалтерлік және шұғыл есеп пен есептілік, экономикалық талдау мәселелеріне қатысты фундаменталды еңбектері, заңдылық және нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің отандық және халықаралық стандарттары болып табылады. Танудың әдістемелік ұстанымы ретінде жүйелік әдіс, сонымен қатар, диалектика, себептілік және функционалдылық ұстанымдары да қолданылады. Зерттеу барысында келесі жалпы және жеке ғылыми әдістер қарастырылды: диалектиканың талдау және синтез әдістері, жүйелік-функционалдық, тарихи-логикалық әдістер, абстрактілі-логикалық, есептеу-конструктивті, экономикалық-статистикалық, нормативті, эксперттік бағалау.

Зерттеулерді құқықтық және ақпараттық қамтамасыздандыру ретінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары, Қаулылары, ҚР Президентінің Жолдаулары, ҚР Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика Департаментінің және ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының материалдары, ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы нарықтық экономика және еңбек нарығының даму жағдайындағы халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шұғыл және бухгалтерлік есебі мен есептілігі жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.

Ғылыми жаңалыққа ие негізгі нәтижелер ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

– халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің ХҚЕС-ке сәйкестендірілген шұғыл және бухгалтерлік есебі, аудит және есептілігінің құрылымы, мақсаты мен міндеттері, есептік талдау функцияларының құрамы нақтыланып, бухгалтерлік есепті жүргізудің нормативті-құқықтық реттеу деңгейлері анықталды;

– халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсызандыруға бөлінген бюджет қаражаттарының мақсатты шығындалуын қамтамасыз етуге бағытталған, мекемедегі шығындар сметасын орындаудың міндеттері, кассалық және нақты шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелері мен халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің ішкі аудитін жүргізудің ережелері нақтыланып ұсынылды;

– есептіліктерді пайдаланушылар үшін сапалы есептік-талдау ақпараттарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарды төмендетуге бағытталған халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеме мен оның құрамындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымының жетілдірілген нұсқасы ұсынылды;

– мекеменің қызметінің ерекшеліктеріне байланысты бухгалтерлік шоттар жоспарының, құжат айналымының кестесінің, жұмыспен қамтуға бөлінген бюджет қаржыларын есепке алу үшін пайдаланылатын мемориалды ордерлердің толықтырылған нысандары және халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің  есеп саясатының схемасы құрылды;

– халықты жұмыспен қамту үшін атқарылатын іс-шараларға жұмсалатын бюджеттік шығындардың есебін тіркеу және экономикалық талдау мен шығындардың кейбір баптарын бақылауға қажетті ақпараттарды қалыптастыратын ішкі шұғыл және бухгалтерлік есептіліктің нысандары жасалды.

Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары:

  •  еңбек нарығының қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар мен халықты жұмыспен қамтудың арнайы түрлерінің сипаттамасы;
  •  шұғыл және бухгалтерлік есеп, аудит және есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген нақты құрылымы, мақсаты мен міндеттері, функциялары анықталды;
  •  зерттеу объектісі болып табылатын мекеменің бухгалтерлік есебін реттеудің құқықтық базасы деңгейлерінің әдістемелік негізі;
  •  халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеменің құрамындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымы, ондағы шығындар сметасын орындаудың міндеттері мен шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелерінің нұсқасы;
  •  халықты жұмыспен қамтуға бөлінген жалпы бюджет қаржыларының шығысын көрсететін шоттардың кейбір баптарын бақылауға қажетті шұғыл және бухгалтерлік есептіліктің, есепке алу ордері мен бюджеттік шығындардың есебін тіркеудің толықтырылған нысандары.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы жасалған есептілік саясаты мен оның негізгі элементтерін пайдаланумен анықталады, шығындарды талдау мен бақылауда қолданылатын есептілік формалары, есептілік ақпараттарын өңдеу технологиялары, еңбек нарығының дамуы мен жалпы Қазақстандағы жұмыспен қамту саясатын жетілдірудің бағыттарын таңдау жағдайындағы бюджеттік қаржыларды барынша тиімді басқаруда пайдалануға болады. Қорытындылар мен ұсыныстар халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметінде, сонымен қатар, жоғары оқу орындарының оқу процессінде студенттер мен практикалық қызметкерлерді даярлау үшін қолданылуы мүмкін.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибелік қолданылуы. Диссертацияның негізгі қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «ХХІІ Халықаралық Плеханов оқулары» (Москва, 2008), «ХХI ғасырдағы жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындаудағы мәселелер: өткені, бүгінгісі, болашағы» (Шымкент, 2009), «Оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың мәселелері» (Шымкент, 2009), «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» (Түркістан, 2010) баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді.

Диссертацияда берілген теориялық тұжырымдамалар мен әдістемелік ұсыныстар Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтерінде және Шымкент университеті «Экономика» институтының, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің оқу үрдістерінде «Еңбек нарығының экономикасы», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Мемлекеттік мекемелердегі есеп және есептілік», «Қаржылық және басқарушылық талдау» пәндерінен оқу-әдістемелік кешендер дайындауда пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,9 баспа табақ болатын 10 ғылыми еңбек жарияланған, олардың ішінде 6 мақалалар ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады және 24 кесте, 35 суретті қамтиды.

Жұмыстың негізгі мазмұны  

 

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен есептілігінің теориялық-әдістемелік негіздері. Жұмыспен қамту саласындағы мәселелер тек әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижесі емес, сонымен бірге келешектегі реформалардың бағыты мен динамикасын анықтайтын қуатты факторлар болып табылады. Нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңінде экономиканың барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістер әсері халықты жұмыспен қамтуға байланысты жаңа көзқарастарды дер кезінде ойластыруды және соған қатысты тиімді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді. Cондықтан, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың трансформациялану кезеңінде жұмыспен қамту мәселесін, оны реттеудің мақсаты мен бағыттарын анықтау үшін дер кезінде қайта қарау өте маңызды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қызмет етуі, құрылымы, шұғыл және бухгалтерлік есебін жетілдіру мәселелерін экономикалық ғылымдағы негізгі категориялар мен түсініктермен қатар зерттелуі тиіс. Осыған орай зерттеуді «еңбек нарығы», «жұмыспен қамту» және «жұмыссыздық» ұғымдарынан бастау қажет.

Еңбек нарығы – жұмысшылар мен жұмыс орындарының саны арасындағы қатынасты реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық институттар жүйесі болып табылады.  

Еңбек нарығының құрылымы деп оның құрамына кіретін барлық элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесуін айтамыз. Еңбек нарығының элементтерінің ішінде келесілерді бөліп қарастырған тиімді: жалдамалы жұмысшылар мен олардың бірлестігі; кәсіпкерлер мен олардың одақтары; мемлекеттік органдар жататын нарық субъектілері.

Еңбек нарығының құрылуы, қалыптасуы және дамуы 1-ші суретте көрсетілгендей бірқатар факторларға байланысты болады.

Сурет  1 –  Еңбек нарығының қалыптасуына әсер етуші факторлар

Ескерту - Әдебиеттерді талдау негізінде  автор құрастырған

Нарықтық реформалар жұмыспен қамту сферасына жеткілікті деңгейде әсер етпейді, яғни ол мынадай нарықтық емес белгілерін сақтап қалды: жасырын жұмыссыздық түріндегі еңбектің артықшылығы және еңбек потенциалын жұмысшы күшінің бағасын жасанды түрде төмендете отырып, тиімсіз пайдалану.

Бүгінгі таңда Қазақстанда және оның аймақтарында жұмыспен қамту мәселелерінің өзекті аспектілері болып отырғандар: инженерлік-техникалық мамандықтарға қажеттіліктің және өндірістік сфера, ғылым, өнеркәсіптің ғылыми салаларында жұмыспен қамтылғандардың қысқаруына алып келген, персоналдардың салалық және кәсіби-біліктілік құрылымының деформациясы; экономиканың көлеңкелі және қылмысты салаларында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне алып келетін жұмыспен қамтудың жаңаша емес формаларының кеңінен таралуы.

Жұмыспен қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір табыс түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің санымен сипатталады. Оны тек еңбектің жалақыға айырбасталуымен түсіндірілетін нарықтық келісім ғана емес, өмір сүру қалпын ұзақ уақытқа, кейде түбегейлі өзгертуге алып келуші ретінде де қарастыру керек.

Сондықтан, біз жұмыспен қамтудың арнайы түрлерінің сипаттамасын 2-ші суретте ұсынып отырмыз.

Сурет  2 – Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері

Ескерту - Автор құрастырған

Жұмыспен қамтудың жеткіліксіздігінің салдары жұмыссыздық болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматына жұмыссыздық құқығы келесі шарттарды сақтаған жағдайда ғана беріледі (сурет 3):

      

Сурет  3 – ҚР азаматына жұмыссыздық санатын беру шарттары

Ескерту - Әдебиеттер мен нормативтік актілер негізінде автор жасаған

Экономикаға жұмыссыздықтың теріс әсерін сипаттау үшін жұмыссыздықтан болған жоғалтуларды анықтау өте маңызды. Біріншіден, бұл қаржылық жоғалтулар, себебі, мемлекет әрекет етуші еңбек туралы заңға сәйкес жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге міндетті. Екіншіден, жұмыссыздардың өндіріске қатыспауынан, ешнәрсе өндірмегендіктерінен, мемлекет ұлттық өнім мен ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін жоғалтады.

Бірінші түрдегі жоғалтулардың көлемін жұмыссыздығы бойынша төленген жәрдемақылардың сомасы ретінде анықтауға болады. Екінші түрдегі жоғалтулардың шамасын жұмыссыздардың жылдық орташа санын жұмыспен қамтылған бір адамның жылдық орташа өнімділігіне (ұлттық табыс немесе өнім бойынша алынған) көбейту арқылы есептеуге болады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі есеп пен есептілік бюджеттің орындалуын бақылаушы құрал бола тұра, ұлттық табысты кеңейтілген ұдайы өндіріс мақсаттарына тиімді бөлуге және халық шаруашылығындағы салалардың дамуына қажетті қатынасты сақтауға, бекітілген мемлекеттік бюджетті дәл орындауға ықпал етеді.

Біздің ойымызша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің негізгі функциялары: бақылаушы, ақпараттық, талдаушы болып табылады.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудағы қойылатын талап: біріншіден, жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі жұмыссыздарды шұғыл есепке алу жүйесі оларды есепке алу және бақылаудың мемлекеттік жүйесінің жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс; екіншіден, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі тіркелген жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралардың сметасын жүзеге асыруға байланысты шығындарды бухгалтерлік есепте соған сәйкестендіре көрсету тиіс; үшіншіден, бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалануды бақылау жүргізу. Бұл өз кезегінде бухгалтерлік есептіліктің формаларын ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелері еңбек ақы қорын жұмсаудың есебі мен бақылауы және өз мерзімінде баланс пен есептілікті құру болып табылады. Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуы шығындар сметасын дәл құрастыруға және сонымен қатар, материалды, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану бойынша жаратылмай қалған ішкі резервтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Шығындар сметасының орындалуының бухгалтерлік есебі мемориалды-ордерлік, журналды-ордерлік және «Бас-журнал» кітабы формалары бойынша жүргізіледі. Сол себепті, оларды ХҚЕС-на сәйкестендіру қажет, яғни, мемлекеттік мекемелерде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының жаңа 8.1 нұсқасын ендіру көп еңбекті қажет ететін мәселелерді шешуге, ақпараттарды жалпы жүйелік автоматтандырылған түрде өңдеуге, шығындар сметасын орындауға мүмкіндік береді.

ҚР-да ХҚЕС-на өтуге байланысты бухгалтерлік есеп қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп жүйесінде мемлекеттік мекемелердің шығындары туралы ақпараттар қалыптасады.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бойынша мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар шаруашылық есеп жүйесінде қалыптасады. Шаруашылық есеп жүйесі шұғыл, бухгалтерлік, статистикалық есептерден құралады.

Халықты жұмыспен қамту қызметіндегі шұғыл есеп жеке шаруашылық процесстер, операциялар мен құбылыстарды олардың орындалу барысын тікелей басқару мақсатында жүргізілетін бақылау мен байқау жүйесі болып табылады. Оның негізгі функциясы 4-суретте ұсынылып отыр. Осы функцияларды орындау арқылы шұғыл есеп мемлекеттік мекемелердің қызметін шұғыл басқару мен реттеудің мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін өзіндік жүйесін қалыптастыруға болады.

 

Сурет 4 – ХҚЕС жағдайындағы халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметіндегі шұғыл есептің функциялары

Ескерту – Нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде автор құрастырған

Шұғыл және бухгалтерлік есептің мазмұны оның объектісі мен есептік-аналитикалық функцияларының мақсатына қарай анықталатын міндеттердің кешені арқылы ашылады (1-кесте).

Кесте 1 – ХЖҚММ-дегі бухгалтерлік және шұғыл есеп міндеттерінің тізімі

Міндеттер кешені

Міндеттері

Жұмыспен қамту орталығына келгендердің есебі

жұмысын ауыстыруға тілек білдірген азаматтардың есебі; еңбек нарығындағы жағдай туралы кеңес алуға тілек білдірген азаматтардың есебі; өз еркімен жұмыстан босатылған азаматтардың есебі; қысқару бойынша жұмыстан босатылған азаматтардың есебі.

Жұмыссыз деп танылған азаматтардың есебі

жұмыссыздардың жынысы бойынша есебі;  жасы бойынша есебі; білім деңгейі бойынша есебі; мүгедек жұмыссыздардың есебі; жұмыссыздығының ұзақтығы бойынша есебі.

Табыстар есебі

(қаржыландыру)

бюджеттік қаржыландыру есебі; басқа да түсімдердің есебі.

Жұмыспен қамту бөлімінің қызметтерін орындауға байланысты шығындар есебі

жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағдар беру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау іс-шараларына, оқу орнын ұстау (жал ақысы) мен шәкірт ақыны қоса есептегендегі шығындардың есебі; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шығындарының есебі; жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеу шығындарының есебі; жұмыспен қамту қызметінің ұсынысы бойынша азаматтардың өз еркімен басқа мекен-жайға көшуіне байланысты материалды компенсацияларды төлеудің есебі; жұмыссыз азаматтарға уақытша жұмысқа қабілетсіздігі, еңбекке жарамсыздығы бойынша берілген төлемақылары шығындарының есебі;  жұмыссыздың асырауындағы жанұя мүшелеріне берілген материалды және басқа да көмек шығындарының есебі; жұмыссыздарға мерзімінен бұрын тағайындалатын зейнетақыларға байланысты ҚР зейнет ақы қорларының шығындарын өтеу есебі;  қосымша немесе жаңа жұмыс орындарын құру және сақтау іс-шаралары шығындарының есебі; әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтар үшін арнайы жұмыс орындарын(өндірістерді) құру бойынша шығындардың есебі; жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік іс-әрекеттерін дамыту бойынша шығындарының есебі;  халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды қоса есептегендегі еңбек ресурстарының балансы мен жұмыспен қамту бағдарламасын жасауға байланысты шығындардың есебі.

1-ші кестенің жалғасы

Міндеттер кешені

Міндеттері

Ақша аударымы бойынша есеп айырысулардың есебі

еңбек ақы төлемі бойынша персоналдармен есеп айырысудың есебі; салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі; бірыңғай әлеуметтік салықтар бойынша есеп айырысулардың есебі; жәрдемақылар бойынша жұмыссыздармен есеп айырысулардың есебі; шәкіртақылар бойынша жұмыссыздармен есеп айырысулардың есебі; мерзімінен бұрын тағайындалатын зейнетақылар бойынша зейнетақы қорларымен есеп айырысулардың есебі.

Жұмыспен қамту бөлімін ұстау үшін шығындардың есебі

аударулары бойынша еңбек ақы төлемдері шығындарының есебі; құрал-жабдықтар мен инвентарь алу шығындарының есебі; жалға алу, мекемені ұстау және қызмет көрсетулер шығындарының есебі; іс-сапарлар шығындарының есебі; басқа да шығындардың есебі.

Ескерту – Автор құрастырған

 Шұғыл есептің объектілері жұмыспен қамту қызметінің құрылымы мен тағайындалуына байланысты болады. Сондықтан, сәйкес деңгейдегі жұмыспен қамту қызметінің шұғылк есебі мен талдауының міндеттерінің жиынтығын екі топқа бөлуге болады: халықты жұмыспен қамту қызметтерін ұйымдастырушы аспектілерінің шұғыл есебі мен талдауы; халықты жұмыспен қамту қызметінің әрекет етуінің шұғыл есебі мен талдауы.

Демек, зерттеу нәтижесі мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері болатындығын көрсетеді (сурет 5).

Арнайы ерекшеліктер

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ұйымдық-қызметтік ерекшеліктері;

Бюджеттік жіктеменің баптары бойынша бухгалтерлік есеп;

Шығындар сметасының есебі мен оның орындалуын бақылау;

Бюджеттің орындалуының қазынашылық жүйесі;

Бухгалтерлік есептегі кассалық және нақты шығындардың бөлінуі.

Сурет  5 - Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері

Ескерту – Автор құрастырған

Мемлекеттік мекемелер үшін 1С:Бухгалтерия 8.1.бағдарламасының негізінде бухгалтерлік есептің заманауи формасына өтудің объективті қажеттілігі осы бағдарламаның барлық мүмкіндігі бойынша алдыңғы қатарлы технологияларды енгізумен түсіндіріледі. Бұл бағдарлама мәліметтер базасындағы интернет-қорда жүзеге асырылады. Егер белгіленген бағдарлама  онлайн-тәртіпте жұмыс істейтін болса, онда мемлекеттік мекемелердің ақпараттарға қызығушы субъектілері қажетті мәліметтерді өз уақытында тікелей алуына болады.

Қазақстандағы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің алғаш рет заң жүзінде рәсімделуі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында жүзеге асырылды. Тұжырымдамалық жоспардағы аса елеулі құбылыс болып мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің барлық деңгейлеріндегі бағдарламалық-мақсатты негіздердің орнығуы табылады. Жұмыспен қамту туралы заңдылық, кейіннен халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызметінің Департаменті туралы ережелер мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтеріне халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру міндеттерін жүктейді. Ғылыми әдебиеттер мен мемлекеттік бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін нормативті-құқықтық реттеу жүйесін талдай отырып,   халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухггалтерлік есепті құқықтық реттеудің 4 деңгейін ұсынамыз (сурет 6).

4-деңгейі: Ұйымдастырушылық

Қабылдануы Ережемен қарастырылған бюджеттік мекемелердің жұмыс құжаттары

3-деңгейі: 

Әдістемелік

ҚР бірыңғай бюджеттік жіктемені құрудың тәртібі, Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі активтер, материалдық запас, ақша, есептесулер мен баланстың басқа да баптарына инвентаризация жүргізудің тәртібі туралы ереже

2-деңгейі:

Нормативтік

Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша Ереже, «Мемлекеттік ұйымдардағы жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептіліктің ережесін бекіту тралы»

1-деңгейі: 

Құқықтық

ҚР Бюджет Кодексі, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы және басқа да ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары, Қр Үкіметінің қаулылары

Сурет 6 – ХЖҚММ -дегі бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық реттеу деңгейлері

Ескерту - Автор құрастырған

Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуды бағалау және оның  жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен ішкі аудитті ұйымдастыруға әсері. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштер мен мәліметтерді қалыптастырудың мәселелерін анықтау үшін халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекеттік мекемелер іс-әрекетін экономикалық талдау арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың жағдайын бағалап алған дұрыс.

Біздің ойымызша, зерттеу объектісіне қатысты еңбек нарығында қызмет көрсетумен байланысты болатын жұмыспен қамту органының іс-әрекеті экономикалық талдаудың пәні болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шаруашылық іс-әрекетін экономикалық талдауда қолданылатын бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне талданатын мәндердің базистік мәндерден салыстырмалы және абсолютті ауытқулары, өсуі және өсімінің қарқындары жатады. Бұл көрсеткіштер жалпы құрылым мен оның жеке элементтерін бағалауға мүмкіндік беретін өзгерістер динамикасын, үлес салмағын сипаттайды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек нарығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер 2-кестеде келтірілген.

Жалпы республика бойынша және ОҚО-да жұмыссыздықтың өзгеруінің динамикасы оның деңгейінің жылдан-жылға төмендеуін көрсетеді. 2008 жылы халықты талдап, зерттеу мәліметтері бойынша облыстағы жұмыссыз  халқытың

саны 74,0 мың адамды құраса, оның ішінде 51,1% - ауыл халқы.

Кесте 2 - 2006-2008 жж. аралығында ОҚО бойынша еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2008ж. 2006ж.-ға %-бен

1

Жұмыссыздардың жалпы саны  (адам)

75800

75000

74018

-2,35

Оның ішінде:

2

-ерлер

32500

25700

30202

-7,07

3

-әйелдер

43300

49300

43816

+1,19

4

Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін әр түрлі бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет құралдарының сомасы (мың теңге)

231625,6

239319,9

269890,1

+16,52

5

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендердің саны (адам) 

9821

9706

10508

+6,9

6

Кәсіптік оқытуға жіберілгендердің саны (адам)

1664

1654

1672

+0,5

Мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны (адам)

8166

7743

8800

+7,76

7

Жұмысшы күшіне вакансия (қажеттілік), бірлік

17474

17082

18055

+3,32

8

Талданатын еңбек нарығының шиеленісушілігі

0,46

0,45

0,48

+4,34

Ескерту - Кесте ОҚО ЖҚҮӘББ-нің есептік мәліметтері негізінде автор құрастырған

Жұмыссыздардың жалпы санында 40,8% (30,2 мың адам) ерлер, 59,2% (43,8 мың адам) әйелдер құрайды. 2008 жылы жұмыссыздық деңгейі республика бойынша 7,3 %, ОҚО бойынша 6,6% құраған (сурет 7).

Сурет 7 – 2004-2008 жж. ОҚО бойынша жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейі

Ескерту - Статистикалық ақпарат негізінде автор құрастырған

Суреттен көрініп тұрғандай, облыс бойынша 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда жұмыссыздықтың деңгейі 1,2%-ға төмендеген.

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының күн көріс үшін күресі жастарды еңбек нарығына қадам жасауына алып келді. Жұмыссыздықты төмендету үшін қолданылған шараларға қарамастан жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігі төмендемейді. Жастарға әрдайым кәсіби өмірдегі тұрақтанумен ұйғарылған кадрлардың неғұрлым жоғары ағымдылығы тән болған. Жас адамдардың мүмкіндіктері жұмыссыздардың басқа категорияларымен салыстырғанда олардың төмен бәсекелік қабілетінің салдарынан онсыз да шектеулі болып келеді.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік органдарында шығындарды есепке алу және есептілікті құрастыру смета көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Бюджет бойынша нақты шығындарды есепке алу ҚР-ның бюджеттік жіктемесіндегі бюджет шығындарының бөлімдері, кіші бөлімдері, мақсатты баптары, спецификаның кодтары бойынша жүргізіледі және жалпы шығындар сметасының нақты орындалуын, жеке баптар бойынша шығындардың бекітілген мөлшерлерінің орындалуын да бақылауға мүмкіндік береді. Шығындар сметасын орындау барысындағы атқарылуға тиіс міндеттер 8-суретте көрсетілген.

Сурет 8 – Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шығындар сметасын орындаудың міндеттері

Ескерту - Сурет әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Нақты  шығындарды талдаушылық есепке алу ҚР бюджеттік жіктемесінің бюджет шығындарын экономикалық топтастыру элементтері бойынша бөлу арқылы заттық баптар, кіші баптар бойынша Ф309 тізбесінің  2-ші бөлімінде жүргізіледі. Нақты шығындардың орнын толтыру ҚР-ның бюджеттік жіктемесінің шығындарының бұрын орын алған экономикалық шығындарының кодтары бойынша жүргізіледі. Ай соңындағы есеп жыл басында қайта қалпына келтірілген соманы шегеру арқылы есептеледі.

294-ші үлгідегі тізбенің 3-ші бөлімінің мәліметтері кірістер мен шығыстар сметасын орындау туралы есептің «Кассалық шығындар» деп аталатын 6-шы бағанасын толтыру үшін алынады. 309-шы үлгідегі тізбенің  2-ші бөліміндегі мәліметтер кірістер мен шығыстар сметасының орындалуы туралы «Нақты шығындар» деп аталатын 7-ші бағанасын толтырудың негізі болып табылады.

Кассалық шығындар мекемеге сәйкес бюджеттен бөлінген ақшалай құралдардың қозғалысын, ал нақты шығындар – оларды пайдаланудың толықтығын сипаттайды. Кассалық және нақты шығын арасындағы байланысты сипаттаған кезде ағымдағы бюджет жылында шаруашылық іс–әрекетті жүзеге асыру үшін мекеменің ақшалай құралдарға деген қажеттілігін қарастыратын бекітілген шығындар сметасына сәйкес бюджеттен ақша аудару іске асырылады.

Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – қаржылық есептілікте көрсетілген барлық ақпараттар оны құрудың негізі мен принциптеріне сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін тексеру жүргізу екендігі белгілі.

Аудитордың есебі қаржылық есептіліктің дұрыстығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиттің халықаралық стандарты қаржылық есепті пайдаланушыларға түсінікті болу үшін есептің құрылымы аудиторлық қорытындыларды нақтылайтындай бірыңғай болуының қажеттілігіне бағыттайды. Аудиторлық ұйымның жетекшісіне қаржылық есеп туралы ойын білдіретін аудиторлық есепті (қорытындыны) ұсынады.

Кассалық және нақты шығындарды есепке алу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелер 3-кестеде  көрсетілген.

Кесте 3 – ЖҚҮӘББ-дағы кассалық және нақты шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелері

Кассалық және нақты шығындарды бухгалтерлік есепте көрсету

п/п

Операцияның мазмұны

Субшоттардың корреспонденциясы

дебет

кредит

Кассалық шығындар

1.

Бюджетке аударылған ЖТС

173

091

2.

Аударылған әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру

159, 184

091

3.

Зейнетақы салымы бойынша аударылған міндеттемелер

198

091

4.

Материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін төленген жабдықтаушылардың шоттары

178

091

5.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар мен аударылған алименттер

187

091

6.

Чек бойынша кассаға берілген ақшалай құралдар

120

091

7.

Кіші есептің кассалық шығындарының орнын толтыру үшін жұмсалғаны

091

160

Нақты шығындар

1.

Көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс, шығындалған материалдар туралы ұсынылған құжаттар негізінде шығындарды көрсету

200

178, 060-

067,069

2.

Жұмысшыларға еңбек ақы, жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу

200

180,191    

3.

Есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік сақтандыру

200

159, 184

4.

Зейнетақылық жарналар бойынша міндеттемелерді аудару міндеттемелер

200

198

5.

Бюджет жылының соңында шығындарды жою

140

200

Ескерту - Нормативтік-құқықтық актілер мен заңдылықтар негізінде автор құрастырған

Аудиттің ақпараттық базасы ретінде жылдық немесе егер есептілік саясатымен қарастырылған болса, онда тоқсандық есептер, есептілік регистрлері (тіркеушілер), басты кітап, журнал-ордер, айналымдық тізбелер (ведомость), есептеулер, қосымшалар және бірінші ретті құжаттар қолданылады. 

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің жетекшілері есептілік саясатының дұрыстығына, ішкі бақылау жүйесіне және қаржылық есептілікке жауапты болады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелер жұмысының тиімділігін талдау мен кәсіби аудит мәселелерінің жеткілікті деңгейде орындалмағандығы әрекеттегіні нақтылауды ғана емес, оны ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін жасауды талап етеді.

Мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық қызмет келесі ережелер бойынша әрекет етеді (сурет 9).

Аудиторлық қызметті жүргізудің ережелері

Аудит жүргізу барысында аудитор мен әкімшілік арасында көзқарастардың қайшылықтарына жол бермеу ұйғарылады.

Қаржылық есептілік пен құжаттар дәл емес мәліметтерді көрсетпеуі тиіс немесе жасырмауы тиіс.

Қаржылық есептіліктің объективтілік деңгейі ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты анықталады.

Қаржылық есептілік оны құрудың концептуалды талаптарына сәйкес құрылуы қажет.

Қаржылық есептілікті бекіте отырып, аудитор ұйымның кем дегенде тағы бір жыл, яғни келесі аудитке дейін (әрекет етуші кәсіпорын принципі бойынша) қызмет ететіндігін ұйғаруы тиіс.

Аудитордың қорытындысы оның құзіреттілігіне (біліктілігіне) байланысты болады.

Аудитор мен оның көмекшісінің(ассистентінің) жұмыс көлемі айтарлықтай өзгеше болуы керек.

Қаржылық есептілік мәліметтерінің пайдалылығы оның тексеру дәрежесіне тікелей байланысты.

Сурет 9 – Мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық қызметтің ережелері

Ескерту - Әдебиеттер көздері мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде

автор құрастырған

Аудиторлармен жүргізілетін қаржылық есептілікті тексеру аудиторлық қызметтердің басымдылықтарын түсіндіру жұмыстарын орындауға бағытталған. Бұл бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрудың дұрыстығына ыңғай жасайды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды жетілдіру. Бюджеттік қаржылардың дұрыс пайдаланылуын тексерудің мақсаты нормативтік-құқықтық актілер талаптарының негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінің сақталуын тексеру болып табылады. Оның негізгі міндеттері 10-суретте  жүйеленіп, көрсетілген.

   1) Шығындардың заңдылығын және мақсаттылығын қамтамасыз ету;

   2) Мақсатты жұмсауға сәйкес бюджет қаржыларын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету;

   3) Бюджеттік ұйымның кассалық және нақты шығындарын дұрыс құжаттық рәсімдеуді қамтамасыз ету;

   4) Олардың бухгалтерлік есеп пен есептілікті дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.

Сурет 10 – Бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалануды тексеру міндеттері

Ескерту - Автор құрастырған

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі есеп-қисап бөлімін орталықтандырудың мақсаты – мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің шығындарын қысқарту, ресурстарды шоғырландыру, сонымен қатар қаржылық және шаруашылық мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау жеделдігін жоғарылату.

Аталған қызметтерді негіздеу орталықтандырылған есеп-қисаптың бірқатар артықшылықтарын анықтайды (11-сурет).

Артықшылықтары

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігімен Департаментке бюджеттік қаржыларды бөлу кезінде құжат айналымының қысқаруы

2) бухгалтерлердің штаттық санының қысқаруы (еңбек ақы шығындарының) және аса білікті мамандардың іріктеп алу мүмкіндігі. Орталықтандыру жағдайында есеп-қисап жұмысының еңбек сиымдылықты учаскесі – жұмыссыздармен және еңбек ақы бойынша есеп айырысулар орталықтандырылады

3) барлық Орталықтар бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістемелік бірлігі

4) заң бұзушылықтар мен орындардағы қызмет бабын пайдалануды дер кезінде анықтауды және жоюды шұғыл бақылау

Сурет 11 - Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы орталықтандырылған бухгалтерлік есептің артықшылықтары

Ескерту - Автор құрастырған

12-ші суретте біз ұсынған орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің құрылымы келтірілген.

Сурет 12 – ОҚО ЖҚҮӘБ Басқармасындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұсынылған құрылымы

Ескерту -  Автор құрастырған

Нарықтық экономика және еңбек нарығының дамуы жағдайында халыққа қызмет көрсетуді жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін еңбекпен қамтуды қаржылық қамтамасыз етудің оңтайлы үлгісін іздеу маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мәселені шешу, біздің пікірімізше, сақтандыру ісін ұйымдастыруға және жетілдіруге байланысты. Мәжбүрленген жұмыссыздықтың қауіптері мен салдарынан халықты сенімді әлеуметтік қорғау үшін еңбек нарығына сәйкес келетін әлеуметтік сақтандыру жүйесін белгілеу жөн деп есептейміз.

Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру еңбек қатынастарын реформалаудың, тиімді еңбекпен қамтуға өтудің және орталықтандырылған еңбек нарығын қалыптастырудың қажетті шарты болып отыр.

Жұмыспен қамтуға бөлінген бюджеттік қаржыларды, бірінші кезекте, еңбек нарығындағы қайта құруларға, жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шараларға және олардың жастарға, мүгедектерге, дағдарысты аймақтардағы жұмыссыздықпен күресуге арналған арнайы, әлеуметтік маңызды бағдарламаларға қатысуға жұмсау ақталатыны анық. Бұл қорытындыны біз 2007-2008 жж. ОҚО еңбекпен қамтудың белсенді саясатының іс-шараларына жұмсалған қаржыларды талдай келе жасадық.

Жұмыссыздықты әлеуметтік қамсыздандыру қаржыларының түсу, жұмсау операциялары және бюджеттік шығындарды жыл соңында жабу бойынша ұсынылған бухгалтерлік жазбалар 4-кестеде  келтірілген.

Кесте 4 – ХЖҚММ-нің ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік өткізбелерінің ұсынылған сызбасы

р/р

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Шоттардың корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1.

Ақша қаражаттарының түсуі

100 «Міндеттемелерді қабыл-дау бойынша мемлекеттік мекеменің рұқсаттамасы»

140 «Мекеме шығындарын және басқа да іс-шараларды қаржылан-дыру бойынша есеп айырысулар»

2.

Еңбекпен қамту сала-сында белсенді саясатты жүзеге асырумен байла-нысты шығындарды есептеу: - оқытушыларға еңбек ақы есептеу;

200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

180 «Жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысулар»

- еңбек ақы қорынан әлеуметтік салықты есептеу;

200 «Бекітілген қаржылан-дыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар

195 «Мемлекеттік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік төлем-дер бойынша есеп айырысулар»,

198  «Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналар бойынша есеп айырысулар»

- оқушыларға стипендияларды есептеу;

200 «Бекітілген қаржылан-дыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

181 «Стипендиаттармен есеп айырысулар»

-элект қуаты, коммуналдық және басқа қызметтер үшін төлемдерді есептеу

200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

178 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар»

3.

Бюджеттік жылдың аяғында нақты шығындарды есептен шығару (субшоттарды жылдың соңында жабу)

140 «Мекеме шығындарын және басқа да іс-шараларды қаржыландыру бойынша есеп айырысулар»

200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»

Ескерту - Зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған

Келесі бағыт, біздің пікірімізше, экономикалық жіктеме баптарын зерттеу және талдау болып табылады. Осы зерттеуді жүргізу барысында оның жекелеген баптары нақтылауды және қайта өңдеуді қажет етеді деген қорытындыға келдік.

159 сыныптама ерекшелігінің шығындарын толық талдау, біздің пікірімізше, бюджеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың жасырын резервтерін анықтауы тиіс. Сондықтан 159 «Өзге де ағымдағы шығындар» сыныптама ерекшелігін шығындарды топтастыру жолымен нақтылап, оларға жеке код берген жөн (кесте 5).

Кесте 5 – Бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесіндегі жұмыспен қамту іс-шараларына жұмсалатын шығындарды көрсетудің ұсынылған нұсқасы

Шоттың шифры

Баптардың аталуы

Сыныптама

шифры

159

Өзге де ағымдағы шығындар

- бос орындардың жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру

159.041

- еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету

159.042

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

159.043      

- әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналасуын ұйымдастыру

159.044

- 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру

159.045

- жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығында әлеуметтік бейімделуі

159.046

- халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуына ықпал ету

159.047

- жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту

159.048

- кәсіби бағыт беру

159.049

Ескерту - Автор құрастырған

№6 «Түрлі ұйымдармен аванстық төлемдер тәртібімен есеп айырысулардың жинақтаушы тізбесі» мемориалдық ордерінде жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, қоғамдық жұмыстарды, жазғы каникул кезеңінде кәмелетке толмаған азаматтар үшін уақытша жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.

Сонымен қатар осы регистрде жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеменің коммуналдық қызметтері мен сатып алынған шаруашылық материалдарының есебі жүргізіледі. Бір айға құрастырылған №6 мемориалдық ордер көлемді болып келеді, сондықтан жекелеген есеп айырысулардың түрлері бойынша қарыз сомасын анықтау қиын.

Мемлекеттік мекеменің жұмысын, талдамалы есепті ұйымдастыруды ыңғайлы ету, есептерді құрастыру және қарыздарды уақытылы төлеу жөніндегі шешімдерді қабылдау  үшін  жоғарыда аталған есеп айырысуларды жекелеген субшоттарға бөлу жөн деп есептейміз. Ол үшін әр есеп айырысудың түріне нақты субшоттарды және атауларын белгілеу қажет. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, басқа да бюджеттік мекемелердегідей, бухгалтерлік есеп субшоттар бойынша жүргізіледі. Екі таңбадан тұратын субшот кодын ұсынамыз, мұндағы екінші сан тұрақты болып, шоттардың типтік жоспарындағы номіріне сәйкес келуі тиіс. Ұсынылған нұсқада бұл «8» саны. Бірінші сан – дебиторлардың немесе кредиторлардың топтары бойынша есеп айырысулар. Осы жағдайда типтік нөмірлену бұзылмайды (кесте 6).

Кесте 6 – Синтетикалық шоттардың және өзгеде дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар бойынша субшоттардың ұсынылған атаулары

Синтетикалық шоттың аталуы

Шоттың шифры

Субшоттың аталуы мен номері

Субшоттың жаңа шифры

 

Басқа да кредиторлармен және дебиторлар-мен есеп айырысулар

178

0 – еңбекпен қамту қызметін ұстау шығындары бойынша ұйымдармен есеп айырысулар;

178.08

Iбос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру бойынша шығындар;

178.18

2 - еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету бойынша ұйымдармен есеп айырысулар;

178.28

3 - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар;

178.38

4- әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналасуын ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар;

178.48

5 - 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар;

178.58

8 – жұмыссыз азаматтарды оқыту бойынша оқу орындарымен есеп айырысулар;

178.88

9 – жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағыт беру бойынша есеп айырысулар.

178.98

Ескерту - Зерттеу нәтижелері негізінде автор жасаған

Жоғарыда көрсетілген синтетикалық шоттар мен субшоттардың атауларына сәйкес, біздің пікірімізше, есепте ақпаратты жүйелі түрде көрсету үшін бухгалтерлік есептің типтік регистрлерін толықтыру қажет. Атап айтқанда, есеп айырысулардың талдамалы есебін ұйымдастыру үшін №6 мемориалдық ордерде ұсынылған синтетикалық шоттар мен субшоттарға сәйкес бөліп, сәйкес атаулармен толықтыру ұсынылып отыр (кесте 7).

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі қазіргі уақытта қолданылатын барлық есеп түрлерін қамтиды: бухгалтерлік (қаржылық және басқару); салық есебі; статистикалық; әлеуметтік және бухгалтерлік есеп нысандары.

Қазақстандағы мекемелер мен ұйымдардың мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратқа мүдделі тұлғалар шеңберінің кеңеюіне байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы қайта қаралып, оны қалыптастыру мен жоғары тұрған ұйымдарға ұсыну тәсілдері өзгеріске ұшырап отыр.

Экономиканың әлеуметтік саласы халықтың рухани және материалдық қажеттіліктеріне қызмет көрсетіп, әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік сипаттағы қызметтерге кеткен шығындардың жиынтығын қамтиды. Әлеуметтік есеп – бұл бухгалтерлік есептегі жаңа құбылыс. Ол туралы айту әлеуметтік есеп ролінің өсуін, шұғыл бухгалтерлік есептің маңыздылығын, жаңа зерттелмеген мәселелердің орын алуын көрсетеді.

Кесте 7 – ХЖҚММ-дегі мемориалдық ордерлердің  ұсынылған номерлері мен атаулары, синтетикалық шоттар мен субшоттардың атаулары

Мемо-риалдық ордер

Мемориалдық ордердің аталуы

Шифр

Синтетикалық шоттардың аталуы

Шифр

Субшоттардың аталуы

6/0

Еңбекпен қамту қызметін ұстау шығындары бойынша ұйымдармен есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості;

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

08

Еңбекпен қамту қызметін ұстау

6/1

Бос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру бойынша есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

18

Бос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру

6/2

Еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету бойынша ұйымдармен есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

28

Еңбек нарығы туралы ақпаратты ұйымдастыру

6/3   және т.с.с.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості

178

Басқа да кредиторлар-мен және дебиторлармен есеп айырысулар

38

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Ескерту - Зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған

 

Жұмыспен қамту қызметі бюджеттік мекеме болғандықтан, оның әрекет етуінен алынатын тиімділік оны ұстау шығындарынан жоғары болады, себебі мұнда қоғамдық пайдалылық орын алады. Басқаша айтқанда, мұндай ұйымның болуы әлеуметтік тұрғыда ақталады. Әлеуметтік есепті ендіру белгілі бір қызметкердің, бөлімнің бүкіл мекеме жұмысына қосқан үлесін өлшеуге мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, мекемеде басты назар мәліметтерді санау тұрғысынан талдауға емес, бақылау мен тіркеуге аударылады. Осыған байланысты біз ұсынған есептіліктің айлық нысаны 8-кестеде  келтірілген.

Кесте 8 – Жұмыспен қамту қызметтеріне өтініш білдірген және жұмыспен қамтылғандардың саны туралы есептіліктің ұсынылған нысаны

Жұмыспен қамту орталығы маманының аты-жөні _______________

Көрсеткіштің аталуы

Саны (адам)

1.

Қызметке өтініш білдіргендердің саны - барлығы олардың ішінде:

145

-еңбекпен қамтылған, жұмысын ауыстыруға қалауын білдіргендер

20

-бұрын жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер

45

-қызметте есепте тұратын жұмыссыздар

80

2.

Еңбекпен қамтылғандарбарлығы, олардың ішінде:

42

- еңбекпен қамтылған, жұмысын ауыстыруға қалауын білдіргендер;

5

- бұрын жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер;

-

- орталықта есепте тұратын жұмыссыздар

37

Ескерту - Нормативтік-құқықтық құжаттардың және зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған

Жұмыссыздықтың қаржылық шығындары жұмыс күшін тиімсіз пайдалану салдарынан салықтарды толық көлемде алмауымен және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін қосымша шығындармен байланысты болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

1.Еңбек нарығын зерттеу барысында оның ақпараттық функцияларының аса маңыздылығына көз жеткіздік. Ақпараттық қамтамасыздандыру арқылы бөлімшелер арасындағы байланыс орнайды, әрбір бөлімшенің құқықтары мен әкімшілік алдындағы жауапкершіліктері, белгілі бір мақсатқа жетудегі жекелеген қызмет түрлерінің арақатынасы қалыптасады.

Есептік талдау функцияларының мазмұнын анықтаудағы біздің ұсыныстарымыз халықты жұмыспен қамту мекемелерінің жұмыссыздармен есеп айрысуының толықтығы мен уақтылылығын және бюджеттік заңдылықтарды сақтауды қамтамасыз етуді бақылауға қажетті есептік-талдау ақпараттарына деген қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

2.Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік және шұғыл есеп жүйесін реттеуші нормативті-құқықтық деңгейлері жасалды  

3.Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру мен әдістемесінің қазіргі жағдайын талдау негізінде аталған мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы бір орталықтан басқарылмауы облыстық және аудандық бөлімшелердегі бірнеше қызмет түрлерінің қайталанып отырғаны анықталды.

4.Халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мемлекеттік мекемелерді тиімді басқару үшін бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептік ерекшеліктері анықталып, нақтыланды.

5.Қызмет бағыттары бойынша шығындардың мақсатты бөлінуін негіздеуде,  біз халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің  шұғыл және бухгалтерлік есеп тәжірибесіне жүргізілген талдау нәтижесінде, осы мекеменің облыстық, аудандық және қалалық бөлімшелеріндегі есеп пен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды элементтерінің ақпараттық-талдамалық негізі ақпаратты жинау, тіркеу және жалпылауды ұйымдастыру болып табылатындығын айқындадық.

6.Мекемедегі бухгалтерлік есеп-қисап бөліміндегі ұйымдастырушылық құрылымды талдап, оның шаруашылық қызметтін құқықтық өзгерістерге және ғылыми техникалық өркендеу жетістіктеріне байланысты өзгертіп отыру қажеттігі негізделді.

7.Мемлекеттік сектордағы мекемелердің бухгалтерлік есеп пен есептілік үрдістерін анықтайтын біркелкі есеп стандарттарының жоқтығы  халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізуде бірнеше қиындықтар туғызатындығы анықталды.

8.Зерттеу нәтижесінде анықталған аталған кемшіліктерді толықтыру мақсатында және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін өңдеуге қажетті ақпараттық материалдарды дайындау мен шығындар сметасының орындалуына экономикалық талдау жүргізіп отыру қажеттігі айқындалып, келесідей ұсыныстар жасалды:

- халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және функциялары нақтыланып, қалыптастырылды;

- шұғыл және бухгалтерлік есептің басымды объектілері анықталды;

- Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы жасалды;

- облыстық басқарма аясындағы орталықтандырылған бухгалтерия құрылымы берілді;

- халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің есептілік саясаты құрастырылды;

- шығындардың түрлері бойынша талдау жасау үшін пайдалануға болатын ішкі есептілік нысандары жасалды.

Ұсынылып отырған халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шығындар сметасының орындалуын бағалау мекемелердегі кассалық және нақты шығындардың ауытқу себептерін анықтауға, бюджеттік классификацияның барлық баптары бойынша шығындар нормаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  

Диссертация тақырыбы бойынша баспаға шығарылған ғылыми жұмыстар тізімі

  1.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері//Экономикалық журнал «Аль-Пари»№5-6,Алматы,2001.б.53-55. 
  2.  Совершенствование государственной политики регулирования сельского рынка труда в Республике Казахстан//Сборник трудов Международной научно-практической конференции «ХХІІ Международные Плехановские чтения» РЭА им.Г.В.Плеханова, г.Москва, 2009. с.323-325.
  3.  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру мемлекеттік мекемесінің қызметін экономикалық талдауды ұйымдастырудың мәселелері // «Тұран» университетінің  хабаршысы. Ғылыми журнал №2 (42).Алматы, 2009. б.59-65.
  4.  Еңбек нарығының пайда болуының экономикалық табиғаты//Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы. Ғылыми журнал №1(64), Түркістан қ. 2009. б.259-265 (авторлықта).
  5.  Организация бухгалтерской службы в государственных учреждениях по координации занятости населения// Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы подготовки специалистов высшего профессионального образования в ХХI веке: прошлое, настоящее, будущее», Том-II. Шымкентский университет. Шымкент, 2009.с.200-202.
  6.  Основы организации бухгалтерского учета в государственных учреждениях координации занятости населения и социальных программ//«ҚазЭУ хабаршысы» научно-общественный журнал 3, КазЭУ им. Т.Рыскулова, Алматы, 2009. с.251-254.
  7.  Организация учета и оценка исполнения сметы расходов государственных учреждений по координации занятости населения и социальных программ в РК//«Вестник КЭУ: экономика, философия, педагогика, юриспруденция» Республиканский журнал 4(15). Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, Караганда, 2009. с.41-43.
  8.  Нормативно-правовые основы деятельности государственных органов занятости населения в Республике Казахстан// Ежеквартальный научно-информационный журнал №3,  «Экономика и статистика». Астана, 2009. с.62-64, (в соавторстве).
  9.  Совершенствование организации оперативного и бухгалтерского учета в государственных учреждениях по занятости населения РК//Труды Международной научно-практичекой конференции на тему: «Проблемы использования новых инновационных технологий в учебном процессе» Том-III. Шымкентский социально-педагогический университет. Шымкент, 2009. с.7-10, (в соавторстве).
  10.  Халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мемлекеттік мекемелердегі шығындар есебі және оларды талдау// «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2010. б.418-422, (авторлықта).

РЕЗЮМЕ

 

Садыкбекова Айжаркын Абдразаккызы

 

Совершенствование организации системы бухгалтерского учета и отчетности в государственных учреждениях по занятости населения (на материалах Управления координации занятости и социальных программ Южно-Казахстанской области)

08.00.12-«Бухгалтерский учет, аудит, статистика»

Цель и задачи исследования. Цель диссертационного исследования заключается в разработке теоретико-методических основ и научно-практических рекомендации по совершенствованию организации системы бухгалтерского учета, экономического анализа, аудита и отчетности в деятельности государственных органов по занятости населения.

В соответствии с поставленной целью в диссертационной работе определены следующие задачи исследования:

-исследовать теоретико-методические основы формирования и  функционирования рынка труда и проблемы занятости населения, его  информационную функцию и нормативно-правовую базу регулирования в международной и казахстанской практике;

-анализировать состояние безработицы на рынке труда ЮКО и оценить исполнение сметы расходов на мероприятия по содействию занятости населения и социальной поддержке безработных граждан;

-исследовать современное состояние оперативного и бухгалтерского учета в государственном учреждении по занятости населения и определить наиболее приоритетные объекты оперативного и бухгалтерского учета бюджетных организаций, исследовать особенности функционирования и содержания основных моделей учетных систем;

-разработка организационной структуры централизированной бухгалтерии в государственных учреждениях по занятости населения и определить цели исполнения сметных расходов и дать предложения по совершенствованию учета расходов;

- предложить новые подходы по совершенствованию контроля над целевыми использованиями выделенных вюджетных средств на учреждение и и разработать новые формы по учету расходов в соответствии с квалификационными требованиями МСФО.

Объектом исследования является учетная практика системы бухгалтерского учета и отчетности Южно Казахстанского управления по координации занятости и социальных программ.

Предметом исследования является элементы системы бухгалтерского и оперативного учета и отчетностей в государственных учреждениях по занятости населения.

Теоретической и методологической основой исследования послужили фундаментальные труды отечественных и зарубежных ученых по социально-экономическим проблемам, вопросам бухгалтерского учета, экономического анализа, аудита и отчетности, законодательные и нормативные документы, а также научные идеи и концепции в области развития  международных стандартов бухгалтерского учета и финансовой отчетности.

В качестве правового и информационного обеспечения исследования послужили законодательные и другие нормативные акты РК, Послания Президента РК, материалы Министерства финансов и Министерства труда и социальной защиты населения РК, МСФО, результаты международных и региональных научно-практических конференций, материалы Агентства РК по статистике, научно-периодических изданий, отчеты финансовой деятельности управления по координации занятости населения и социальных программ ЮКО.

Научная новизна исследования определяется теоретическими и практияескими решениями проблем и задач совершенствования организации системы бухгалтерского учета, экономического анализа, аудита и отчетности в государственных учреждениях по координации занятости населения и социальных программ. В числе наиболее важных научных результатов можно выделить следующее:

-определена структура, цели, задачи и учетные функции системы бухгалтерского и оперативного учета, анализа, аудита и отчетностей в государственных учреждениях по занятости населения в соответствии с международными стандартами финансовых отчетностей и уровень нормативно-правового регулирования ведения бухгалтерского учета;

-определена и предложена цели исполнения сметных расходов, бухгалтерские проводки учета кассовых и фактических расходов и правила ведения внутреннего аудита в государственных учреждениях по занятости населения;

-разработаны и предложены совершенствованные организационные структуры государственного учреждения по занятости населения и  ццентрализированной бухгалтерии в его составе;

-разработаны и предложены новые доработанные формы рабочих планов бухгалтерских счетов,графика документооборота, мемориальных ордеров для учета бюджетных средств, а также система учетной политики в государственных учреждениях по занятости населения;

-сформулированы формы внутренних оперативных и бухгалтерских отчетностей  необходимых для формирования информации с целью улучшения контроля по некоторым расходным статьям и учета бюджетных расходов, а также организации экономического анализа. 

Основные положения диссертационной работы, выносимые на защиту:

-основные факторы влияюшие на формирование рынка труда и классификация специальных видов обеспечения занятости населения;

-конкретизированные структура, цели, задачи и функции системы бухгалтерского и оперативного учета, анализа, аудита и отчетностей в соответствии с международными стандартами финансовых отчетностей;

-методические положения уровней правового регулирования бухгалтерского учета государственного учреждения по занятости населения;

-организационная структура централизованной бухгалтерии в государственных учреждениях по занятости населения, задачи исполнения сметных расходов и формы бухгалтерских проводок по учету затрат;  

-совершенствованные формы по учету бюджетных расходов и учетных ордеров, а также бухгалтерских и оперативных отчетностей.

Научно-практическая значимость исследования заключается в использовании разработанной учетной политики и ее основных элементов; технологии обработки учетной информации, форм отчетности, служащих для анализа и контроля расходов; более эффективного управления бюджетными средствами в условиях развития рынка труда и выбора направлений совершенствования политики занятости Казахстана в целом. При осуществлении проверок целевого использования бюджетных средств органы казначейства и главные распорядители средств могут использовать данные, отражаемые в формах отчетности. Выводы и предложения могут быть использованы в дальнейших теоретических исследованиях в области методики и организации бухгалтерского учета, анализа и аудита в деятельности государственных учреждений координации занятости населения и социальных программ, а также в учебном процессе для подготовки студентов и практических работников.

Апробация и практическое использование результатов исследования. Основные результаты исследования апробированы и внедрены в практическую деятельность Управления по координации занятости и социальных программ ЮКО, государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ города Шымкент». Теоретические положения и методические рекомендации диссертации использованы в учебном процессе Института экономики Шымкентского университета, Шымкентского социально-педагогического университета при разработке учебно-методических комплексов по дисциплинам «Экономика рынка труда», «Бухгалтерский учет и аудит», «Учет и отчетность в государственных учреждениях», «Финансовый и управленческий анализ».

Публикации. По материалам диссертации опубликовано 10 научных трудов, общим объемом 3,9 п.л., в том числе 6 статей в изданиях, рекомендованных Комитетом по контролю в сфере образования и науки               МОН РК.

SUMMARY

Sadykbekova Aizharkyn Abdrasakkizi

 

Perfection of organization of сounting and reporting system in the State institutions on population employment (on materials of State institutions on coordination of the population’s employment and social programs of the South-Kazakhstan region)

08.00.12 – “Accounting, audit, statistics”

The aim and tasks of the research. The dissertation research’s aim is development of theoretical- methodological bases and scientific-practical recommendations for perfection of accounting system’s organization, economic analysis, audit and book-keeping in activity of State institutions on coordination of the population’s employment.

Under put aim in the dissertation research the following tasks are determined:

  •  To investigate theoretical-methodological bases of formation both functioning of labour-market and problems of the population’s employment, its information function and normative-legal base of regulation in the international and Kazakhstan practice;
  •  To estimate a condition of unemployment on labour-market and execution of costs’ calculation on assistance of the population’s employment and social support of the unemployed citizens;
  •  To investigate a modern condition of operative and book keeping in State institution on coordination of the population’s employment and to define its the most priority objects, to investigate features of functioning and contents of the basic models of registration systems;
  •  To give an estimation of the Kazakhstan normative regulation of book keeping and audit, and to call the basic interests of the information users of the reporting;
  •  To develop the offers on perfection of organization of book keeping and economic analysis, including  distribution of functions of the operative account between divisions and experts of employment department directed on increase of the decisions efficiency on financial and administrative questions acceptance;

The object of the research is conducting of book keeping and consolidated financial reporting. 

The subject of the research is the activity of State institution on coordination of the population’s employment and social programs of the Republic of Kazakhstan, set of theoretical, methodological and practical problems and influence on organization of book keeping, audit and formation of the consolidated financial reporting.

The theoretical and methodological basis of the research are fundamental works of the domestic and foreign scientists on socio economic problems, questions of book keeping, economic analysis, audit and reporting, legislative and normative documents, and also scientific ideas and concepts in the field of the international standards of book keeping and financial reporting development.

As legal and information ensuring of the research are legislative and other normative acts of the RК, Messages of the President of the RК, materials of the Ministry of Finance and Ministry of Labour and Social protection of the population of the RК, IAFR, results of the international and regional scientific-practical conferences, materials of Agency of the RК on statistics, scientific-periodic editions, reports of financial activity of State institutions and organizations on coordination of the population’ employment and social programs of the South-Kazakhstan region.

The scientific novelty of the research. Among the most important scientific results received personally by the author and determining scientific novelty and the importance of carried out research is possible to allocate the following:

  •  Theoretical-methodical rules of labour-market and the population’s of the RK employment are extended and advanced, the purposes, tasks and requirements to book keeping, economic analysis and audit of State institutions on coordination of the population’s employment and social programs are formulated;
  •  The objective necessity and development of a basic principle of organization of book keeping system, analysis and audit is determined, general scheme of account policy in State institutions on coordination of the population’s employment and social programs, its normative-legal base of regulation in the international and Kazakhstan practice is developed;
  •  The system of accounting transaction for the account of money resources flow is formulated.
  •  Theoretical-methodological rules of labour-market and the population’s employment;
  •  The purposes, tasks and requirements to book keeping, economic analysis and audit of State institutions on coordination of the population’s employment and social programs;

The scientific-practical importance of the research consists in use of the developed registration politics and her basic elements; technologies of the registration information processing, forms of the reporting serving for the analysis and the control of the charges; more effective management of budget means in conditions of labour-market development and choice of directions of politics of employment of Kazakhstan perfection as a whole. The conclusions and offers can be used in the further theoretical researches in the field of a technique and organization of book keeping, analysis and audit in activity of State institutions and organizations on coordination of the population’s employment and social programs, and also in educational process for preparation of the students and practical workers.

Approbation and practical use of results of the research. The basic results of research were approved also introduced into practical activity of State institution “Department of employment and social programs of Shymkent”. The theoretical rules and methodical recommendations of the dissertation are used in educational process by development of educational-methodical complexes on disciplines "Book keeping and audit", " Account and reporting in State institutions", "Financial and administrative analysis", "Economy of labour-market".

The publications. On materials of the dissertation 10 scientific works, total amount 3,9 p.p. are published., including 6 articles in the editions recommended by Committee on the control in sphere of education and science of MES of the RK.

САДЫКБЕКОВА АЙЖАРКЫН АБДРАЗАККЫЗЫ

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мысалында)

Басуға қол қойылды 09.07.2010 ж.

Көлемі 60х84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.

Шартты баспа табағы 1,6. Таралымы 100 дана. Тапсырыс № 2298

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

баспаханасында көбейтілді

161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы. Университет қалашығы.

PAGE  31


Бас бухгалтер

Экономикалық  талдау тобы

Есептік топ

Материалдық топ

Қаржылық топ

Қала мен облыстың экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары

Қала мен облыстың қаржылық мәселелері жөніндегі орынбасары

Тексерудің міндеттері

2008

6,6%

74,0

Жұмыссыздық деңгейі,  %

Жұмыссыздардың саны, мың адам

8,0%

7,8%

7,6%

7,4%

7,5%

75,0

Бюджеттік ассигнациялау-ларды басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды негіздеу

Бюджеттік мекеме ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырудың резервтерін айқындау.

Нақты шығындардың сметада қарастырылған шығындардан ауытқуының себептерін бағалау

ығындардың құрамы мен құрылымын зерттеу.

Жалпы сметалық тағайындаулардың және жеке специфика кодтары бойынша орындалуын зерттеу

Шығындар сметасын орындаудың міндеттері

Халықты жұмыспен қамту жүйесіндегі

   бухггалтерлік есепті реттеудің  деңгейлері

Сметалардың орындалуын талдау мен бағалау негізінде перспективті жоспарлауды және келешектегі дамуын үйлестіру

Жалпы ХЖҚӘБҮМБ және оның ішкі бөлімдерінің қызметтерін шұғыл бақылау және нәтижелерін бағалау

ХҚЕС жағдайындағы шұғыл есептің ФУНКЦИЯЛАРЫ

Басқару деңгейлері мен әр түрлі құрылымдық бөлімшелер арасында ішкі байланыс құралдарының қызметін атқаратын ақпараттарды қалыптастырады.

Басқарудың барлық деңгейіндегі жетекшілерді ағымдағы жоспарлау, бақылау және шұғыл шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыздандыру. 

2006

2005

2004

79,0

78,0

77,0

76,0

75,0

74,0

73,0

6,9%

7,2%

7,8%

7,2%

7,0%

6,8%

6,6%

6,4%

2007

Жұмыс іздеу үшін жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұруы

Жұмыс іздеуші және жұмыс істеуге дайын болуы

Ешқандай кәсіппен айналыспауы және табыс көзінің болмауы

Еңбекке жарамды жаста болуы

Жұмыссыздық санатын алу шарттары

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ АРНАЙЫ ТҮРЛЕРІ

Қосалқы жұмыс атқару - негізгі жұмыс орнынан тыс күнделікті штат бойынша жұмыс атқаруға шақыру. Бұл бір жағынан, жұмысшы күшінің тапшылығын жеңілдетуге және сонымен қатар, шығармашылық еңбек түріндегі жоғары біліктілікті жұмысшыларға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және қосымша жалақы табуға мүмкіндік береді. 

Еңбек етушілерді оқу уақытынан бос кезде уақытша немесе маусымдық жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың тәсілі – еңбек семестрі (тоқсаны). Бұл жағдайда қоғамдық шаруашылыққа жоғарғы оқу орындарының, колледждердің студенттері мен кәсіптік техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары жұмылдырылады

Жанұялық жағдайына немесе денсаулығына байланысты үйінен тыс жұмыс орнында еңбек ете алмайтын адамдарды қоғамдық өндіріске жұмылдырудың ұйымдастырылған формасы ретіндегі үй еңбегі

Жұмыссыздық болмаған жағдайдағы еңбекке қабілеттілігі шектеулі азаматтардың (мүгедектігі немесе қарттығы бойынша зейнеткерлердің) немесе толық жұмыс күнімен жұмыс істеу мүмкіндігі жоқтардың (үй немесе жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындар, оқушылардың) талаптарына жауап беретін толық емес жұмыс уақыты тәртібі бойынша еңбек (толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы)

Демографиялық фактор

Экономикалық цикл кезеңдерінің түрлері

Көші-қон факторлары

Ғылыми–техникалық прогресс

Еңбек нарығының қалыптасуы

        

Әсер етуші факторлар

78,7

75,5

75,8




1. I 1 Dove deve ndre Robert Quest mttin v Firenze
2. І. Підцарство Справжні водорості.html
3. тема России Управление образовательными системами
4.  Общие сведения об организации
5. Оценка сильных и слабых сторон фирмы методом SWOT-анализа
6. го КУРСА ВЕТЕРИНАРНО БИОЛОГИЧЕСКОГО ФАКУЛЬТЕТА 1 семестр Ботаника комплексная наука о растениях
7. Центральноазиатские государства и Россия проблемы интеграции
8. . Микробиологияда~ы негізгі таксономиялык бірлік--- т~р-- туысты~-- т~~ымдас-- ~атар-- класс 2.
9. правового спора между заинтересованными лицами
10.  Раньше лет 1015 назад мода фанатов была очень жестко определена это бомбер скорее всего черный джинсы темн
11. Лицензирование в сфере физической культуры и спорта
12. на тему Погрузочное оборудование медицинского транспортера
13. Театральные реформы в России конца 1980-х - начала 1990-х годов
14. тематический факультет Кафедра ЮНЕСКО по Новым информационным технологиям ЗАДАНИЕ НА ДИПЛОМНУЮ РАБОТУ
15. реферативных сообщений 1
16. СВЧ тракт приёма земной станции спутниковой системы связи.html
17. Ионный обмен
18. Падение Ассирии
19. тема- определения компоненты1
20. Правовое регулирование заключения под стражу несовершеннолетнего