Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
13. Паталогиялық материялдан ТМБ анықтау әдістері.
Паталогиялық материялдан ТМБ анықтау әдістерінің 3 негізгі әдісі бар:
Тікелей бактериоскопияда дайындалатын препарат Циль-Нильсен тәсілімен боялады: алдымен фуксиннің карбол ерітіндісімен, содан кейін 5% күкірт қышқылы ерітіндісі немесе 3% тұзды-қышқылды спирт ерітіндісі арқылы препарат түссіздендіріледі, одан кейін препараттың түсі 0,25% көк метилен ерітіндісімен қанықтырылады. Боялған препаратты иммерсия жүйелі микроскоппен қарайды. ТМБ-ры қызыл түске, ал оны қоршаған фон, қышқылға төзімсіз микроорганизмдер көк түске боялады.
Люминесцентті микроскопты қолданғанда ТМБ-ны анықтау 14-30% -ңа артады. Препаратты бояуға флюорохромдар қолданылады. Олар органикалық бояғыштар (аурамин ОО, родамин С), ультракүлгін, күлгі немесе көк түспен сәулелендіргенде ТМБ қараңғы фонда алтын тәрізді жарқырап көрінеді.
ТМБ-ны батериоскопиялық тәсілмен анықтау үшін 1мл қақырықта ең кемі 100000 микробтар денесі болуы қажет. Микобактериялардың саны бұдан аз болса, тексеріс жалған, теріс қорытынды шығаруы мүмкін.
Тікелей бактериоскопия теріс нәтиже бергенде, қақырықтың тексеруге арналған бөлігінде ТМБ санын арттыру үші, флотациялық, седиментациялық тәсілдерін қолданылады. Кейінгі кезде флотация тәсілі кеңінен игерілуде. Қақырыққа бензол немесе ксилол, бензин, су қосып сілкілеп араластырғанда, ТМБ көпіршікпен бірге сұйықтың бетіне қалқып шығады. Сұйық бетіндегі қаймақ тәріздес көбікті қалқып алып, одан препарат дайындайды. Осы тәсілдің көмегімен ТМБ табылуының деңгейі 10% -ға артады.
ТМБ-ның себіндісін өсіріп алу үшін, 1мл қақырықта 20-100 микроб жасушалары болса жеткілікті. Өсіріліп алған таза себінді микобактеиялардың өмір сүру қабілеттілігін, вирулеттілігін және емдік дәрілерге сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда бактериоскопиялық тәсілмен анықталған микобактриялар химиотерапия әсерінен өсіп-өну қасиетін жоғалтуы нәтижесінде қоректі ортада өспейді. Бактериологиялық тексерудің нәтижесі бойынша бактерия бөлудің сандық бағасы беріледі: қоректік ортада 50колонияға дейін өссе-мардымсыз, ал 50 колониядан көп болса мол деп есептелінеді.
ТМБ-ны анықтайтын тәсілдер ішінде және туберкулездің диагностикасында қазіргі кезге дейін биологиялық тәсіл ең сезімтал, ұтымды әдіс деп саналып келді; өйткені қақырыөтың 1 мл-де 5 микроб денесі дейін болса, ол теңіз шошқасының организмінде туберкулездің пайда болуына ықпал етеді.