Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ӘӨЖ 334.02:314.7 Қолжазба құқығында
МУХАММЕДOВ АБУ УРИНБАСАРОВИЧ
Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері
08.00.05 Экономика және халық шаруашылығын басқару
Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінде орындалды
Ғылыми кеңесшісі - ҚР ҰҒА академигі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
К.Ә. Сағадиев
Ресми оппоненттер: - ҚР ҰҒА академигі,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
А.А. Сатыбалдин;
- экономика ғылымдарының докторы, профессор
Ж.Х. Дабылбекова;
- экономика ғылымдарының докторы
А.Н. Дәуренбекова
Жетекші ұйым - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
Қорғау 2007 жылдың 23 желтоқсанында сағат 14.30 - да Халықаралық бизнес университетіндегі ғылым докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін құрылған Д20.01.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы 8а, 208 бөлме.
Диссертациямен Халықаралық бизнес университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат « » қарашада 2007 ж. таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, э.ғ.д., профессор М.Х. Тусеева
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.
Жүргізіліп отырған елдің «ашық болуы» саясаты, эмиграцияға байланысты көзқарастардың либералдануы халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударуларын күшейтіп жіберді, мұның өзі еңбек әлеуетін азайтты. Қазақстан үшін жоғары білікті кадрлардың ғылым саласынан іс-әрекеттің басқа салаларына ауысып кетуі көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.
Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді.
Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық, аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты жұмыспен қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр.
Жаңа жұмыс орындарының экстенсивті жолмен пайда болуы және қол еңбегі мен механикаландырылмаған жұмыстың үлес салмағының сақталуы кәсіпорындарға білікті емес еңбек ресурстарының жаңа ағынын үнемі әкеліп отыруды қажет етуде. Сонымен бір мезетте әлеуметтік инфрақұрылыммен нашар қамтамасыз етілуі жоғары білікті кадрлардың тұрақтамауының жоғары деңгейіне әкеліп соғуда және негізінен беделі төмен жұмыс орындары ғана толығып отырады.
Тұтастай алғанда, нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның экономикаға функционалдық әсері мақсаттық емес сипатта болады, ол нарықтық құрылымдардың конъюнктурасының кеңістігіне кірігеді.
Бұл зерттеу жұмысында көші-қон үдерістерінің себептік-салдарлық кешеніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы үдерістердің болуы мүмкін теріс экономикалық салдарларына қарсы күресу мүмкіндіктеріне барынша назар аударуға күш салынды.
Зерттеу жұмысы тақырыбының көкейкестілігі көптеген факторлармен анықталып отыр, олардың қатарына қазіргі заманғы экономиканың теориялық негіздерін дамыту үрдістері, сондай-ақ қоғамдық-мемлекеттік қажеттіліктер жатады.
«Көші-қон үдерісі» түсінігі адам ресурстары өндірісі, үлестірілуі, алмасулары және тұтынулары тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынас салаларының негізгі белгілерінің кең ауқымын қамтиды.
Халықтың көші-қонының жаңа сипаттағы экономикаға өту үдерісіне ықпалы ұлғая түскен сайын, осы үдерісті реттеудің біртұтас жүйесін жасауға қажетті оның табиғаты мен мәнін, әрқилы түрлерін және деңгейлерін, әдістемелік ұстанымдарын зерттеудің көкейкестілігі арта түседі.
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.
Халықтың қандайда бір бағыттағы механикалық қозғалысын қолдау немесе қарсы әрекет жасау әрқилы факторларға байланысты болады, соның ішінде өзгерулердің қандайда бір стратегиясына байланысты болған нарықтық орта мен нарықтық институттарды жетілдіру үшін таңдап алынған механизмдер едәуір рөл ойнайды.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.
Өкінішке орай, қазіргі таңда көші-қон үдерістерін кеңестік социалистік дәуірден кейінгі дамумен байланыстыратын теориялық тұжырымдама қалыптасқан жоқ, ал оны реттеу жөніндегі ұсыныстар мәселенің тек кейбір жақтарына ғана қатысты болып отыр, ол тұтастай сипатқа ие емес.
Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-қонның көлеміне әсері аз болады.
Сонымен қатар, мұндай зерттеулердің эвристикалық мүмкіндіктерін атап өте отырып, қалай дегенмен де, көші-қонның экономикаға әсерінің өтпелі экономиканың даму заңдылықтарымен байланыстырылған және өз ішіне көші-қонның теориялық моделін (түсініктік аппаратын, факторларын, функциясын, формалары мен түрлерін), оның жағдайын және даму үрдістерін бағалайтын, оның дамуының қозғаушы күші болған себеп-салдарлық кешенін зерттейтін, оны реттеудің негізгі бағыттарын айқындауды қамтитын тұтастай ғылыми тұжырымдамасы қажет екенін айта кету керек.
Көші-қонның қазіргі заманғы экономикаға ықпалының өсуі мен кеңеюі жағдайында, оның табиғатын, құрылымын жүйелі талдап-зерделеудің көкейкестілігі қазақ қоғамының, сондай-ақ кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің практикалық қажеттіліктерімен байланысты болып отыр. Бірқатар елдерде көші-қон үдерістерінің ақылға сай келмейтіндей ұлғайып кетуі осы мемлекеттердің тұрақтылығына және демографиялық, экономикалық өмірінің беріктігіне әсер етуі мүмкін.
Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалына байланысты мәселелерді теориялық талдап-зерттеулер шетелдік және отандық мамандардың ілім-білімнің әрқилы салаларында алған нәтижелерін пайдалануды көздейді. Соған орай, белгілі бір салдарлары бар, негізінен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өмірінің әрқилы тараптарына теріс ықпалын тигізетін көші-қонның өсуіне және кеңеюіне байланысты мәселелердің көкейкесті болуы ғылыми қауымның осы мәселеге көзқарасын анықтап отыр. Көші-қон үдерістерінің табыстарды қайта бөлістіру жүйесіне, мемлекеттік бюджеттің жағдайына, бәсекелестік режиміне әсер етуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттерде бизнестің әрқилы түрлерімен шұғылданатын кәсіпкерлердің санының өсуі және т.б. көші-қонның мәнін, сондай-ақ оның себеп-салдарлық кешенін жан-жақты терең теориялық ой елегінен өткізудің қоғамдық қажеттілігін туындатып отыр. Соған байланысты осы проблематиканың әрқилы теориялық аспектілерін зерттеп-зерделеу оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін талдаумен үйлестірілді.
Бұлардың бәрі төмендегі батыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан: Дж. Симон, А.Акбари, Х. Борхас, А.Смит, Т.Мальтус, Т.Жанн, Ж. Кольбер, С.Фортрей, К.Маркс, Н.Джексон, Дж.М.Кейнс, М.Фридмен, А.Маршалл, және тағыда басқа ғалымдарды атауға болады.
Батыс зерттеушілерінің көп санды еңбектері көші-қон үдерістерінің еңбектік миграцияның еңбек нарығына ықпалы тәрізді салмақты мәселесін зерттеуге арналған. Көші-қонның және оның әлеуметтік аспектілерінің мәселелеріне арналған еңбектердің саны өсуде, оларда әлеуметтік даму үдерісінің көпмәнділігі және қарама-қайшылықтары көрсетілген, көші-қонға кедейшілік, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейі, еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздықтың деңгейі тәрізді жәйттердің ықпалы талданған.
Көші-қонды тек қана экономикалық тұрғыдан емес, сондай-ақ демографиялық, тарихи, саясаттану пәндерінің тұрғысынан да қарастырылған еңбектерде көші-қон үдерістерінің мәні мен табиғатын түсінуге қажетті аса маңызды жалпы теориялық және әдістемелік ережелер кездеседі.
Көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жалпы теориялық және әдістемелік талдап-зерттеуге, социалистік кезеңнен кейінгі жағдайлардағы өзгерістер дәуірінде көші-қонды реттеу жолдарын іздестіруге қажетті аса маңызды көзқарастар Ресейдің төменде аты аталған белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде кездеседі: В.Зеленский, С.Панарин, Е.Красинец, Е.Тюрюканова, В.Ионцев, Г.Кумсков, Л.Рыбаковский, Н.Токарская, А.Вишневский, Е.Виноградова және тағы басқалар.
Осы зерттеліп отырған тақырып үшін Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалардың мәселелерін зерттеуге арналған отандық (қазақ) ғалымдарының зерттеу еңбектері аса маңызды мәліметтер береді. Олардың арасынан академик К.Сағадиев, Н.Мамыров, Ю.Шокаманов, М.Тәтімов, Л.Тимошенко, Т.Рогачева, Е.Арын, М.Мелдаханова, А.Сатыбалдин, Т.Есполов, Х.Берешев, К.Ахметов және басқалардың жұмыстарын атап өткіміз келеді.
Сонымен қатар, көші-қонның экономикаға әсерін тек генезисі мен құрылымын ғана емес, сондай-ақ өтпелі экономика шеңберіндегі қызметінің ерекшеліктерін де есепке ала отырып, барынша толық және күрделі қалпында тұжырымдамалық тұрғыдан зерттеп-зерделейтін жұмыстардың саны аз. Осы проблематикаға арналған жұмыстарда өтпелі экономиканың заңдылықтарына байланысты мәселелер нашар зерттелген. Ғалымдардың, экономистердің, саясаткерлердің тарапынан қазіргі заманғы экономикалық тақырыптарды зерттеуге деген үлкен қызығушылықтың болуына қарамастан, осы мәселенің аса маңызды бірқатар аспектілері жеткіліксіз зерттелген күйде қалып отыр.
Осы мәселені зерттеу кезінде туындайтын қиыншылықтар социалистік дәуірден кейінгі кезеңдегі өтпелі дамудың және олардың миграциялық үдерістердің дамуымен және ұлғаюымен өзара байланысының заңдылықтарының сипаты жөніндегі теориялық-әдістемелік көзқарастардың жеткіліксіз талданып-зерттелуіне байланысты туындап отыр. Өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін есепке алғанда, халықтың, соның ішінде жоғары білікті кадрлардың көші-қонын реттеуді талдап-зерделеуге арналған ғылыми дайындамалар жеткіліксіз. Осы айтылғандардың бәрі көші-қон үдерістерінің мәселелерін және олардың қазақ экономикасына ұлғайып бара жатқан әсерін зерттеуге арналған осы диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасының социалистік дәуірден соңғы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы болып отыр.
Зерттеу жұмысының тақырыбы Қазақстандағы қазіргі заманғы көші-қон үдерістерінің дамуы.
Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты көші-қонның экономикаға әсерінің теориялық және қолданбалы мәселелерін, оның мәнін, себептері мен нарықтық жағдайдағы қоғамның дамуына келтіретін салдарларын, оны реттеу мақсатында жүргізілетін экономикалық саясаттың ең дұрыс жолдарын таңдаудың теориялық-әдістемелік негіздерін кешенді зерттеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі өзара байланысты міндеттерді алға қою және шешу қажет деп есептейміз:
- қазіргі заманғы экономикалық ойдың көші-қон проблематикасына қатысты негізгі көзқарастарын қорытындылау арқылы көші-қон үдерістерінің мәні мен ерекшеліктерін және нарықтық жағдайдағы экономикалық іс-әрекетке ықпалын анықтау;
- көші-қон үдерістерінің дамуының халықаралық үрдістерін, негізгі түсініктері мен категорияларын талдап-зерделеу;
- көші-қондық көңіл-күйдің пайда болуына негіз болған себептердің кешенін, көші-қонның мемлекеттің экономикалық саясатымен және нарықтық экономикасы бар қоғам дамуының әрқилы әлеуметтік жәйттерімен өзара байланысын тұғырнамалық талдау;
- еңбектік көші-қонның даму үрдістері тән болған өтпелі экономикадағы заңдылықтардың қатынастарын зерттеу. Диссертациялық зерттеу жұмысының проблематикасына қатысты әрқилы көзқарастарды пайдалана отырып, көші-қон үдерістерін реттеу механизмінің мазмұндық тараптарын ашу;
- көші-қонды мемлекеттік реттеудің құрамдық элементтерін анықтау.
Диссертациялық зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері. Әлемдік экономика ғылымының дайындап шыққан теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдің экономист-ғалымдарының еңбектері осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды.
Бұрын социалистік блокқа енген Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық экономикаға айналды деген болжам осы зерттеу жұмысының бастау көзі болды. Диссертациялық зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарына жету және басты міндеттерін шешу үшін көші-қон кешенді талдап-зерделеуді қажет ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс деген ереже негіз ретінде алынды. Көші-қонды зерттеу кезінде әрқилы ғылыми көзқарастардың, соның ішінде статистикалық және динамикалық әдістерді, салыстырмалы және факторлық талдауды пайдаланған талдаулардың үйлесімі қажет екендігі даусыз. Сонымен қоса көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалын зерттеудің әдістемелік құралдарының арасында мәселені біртұтастық пен жүйенің «экономика қоғам адам» элементтері арасындағы өзара байланысы және өзара әрекеттесуі арқылы талдап-зерделеуге мүмкіндік беретін жүйелік-генетикалық көзқарастар біршама маңызды рөл атқарады. Бұл жұмыста экономикалық зерттеулердің жалпыға мәлім әдістері және танымның жалпы ғылыми әдістері ғана кеңінен пайдаланылып қойылған жоқ, сонымен қатар, мәселені оның динамикасында қарастыруға мүмкіндік беретін құрылымдық-әрекеттік әдіс те қолданылды. Біздің пікірімізше, осылардың бәрі диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелерінің шынайылығын және тұжырымдарының негізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми сонылығы. Негізінен, көші-қонның нақты құрамдарын талдауға бағытталған халықтың көші-қоны мәселесіне байланысты бұрын жүргізілген зерттеулерден ерекшелігі бұл жұмыста көші-қонның экономикаға әсері кешенді феноменінің мәні мен табиғаты және оның нарық жағдайындағы ерекшеліктері анықталған. Көші-қондық көңіл-күйдің өсуіне ықпал ететін себептерді дәстүрлі түсіндірулерді, өтпелі экономикада болып жатқан үдерістерді есепке ала отырып, кеңейтудің қажеттігі дәлелденген. Экономикадағы және әлеуметтік саладағы дағдарыс көші-қондық үдерістердің себебі де, қозғаушы күші де болуы мүмкін екені, сондай-ақ бұл тәуелділіктің кері жағдайда да дұрыс болатындығы көрсетілген. Шындығында да, халықтың көші-қоны экономиканы реформалаудың немесе оның дағдарысының аса өткір салдарларын жұмсартушы ретінде қызмет атқарады. Көші-қон үдерістерінің қазіргі заманғы нарықтық экономиканың заңдылықтарымен, микро- және макроэкономикалық үрдістерімен байланысы анықталған.
Қазіргі бар көзқарастарды сыни тұрғыдан салыстырудың негізінде сыртқы, сондай-ақ ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің жолдары мен келешегі анықталған.
Сонымен, бұл диссертациялық зерттеу жұмысы өте күрделі және көптарапты мәселе болған көші-қондық үдерістердің қазіргі заманғы экономикаға әсері жөніндегі ғылыми зерттеулердің үдерісіне белгілі бір үлес қосады.
Ізденушінің алған ғылыми нәтижелері. Ізденуші зерттеулердің барысында төмендегідей нәтижелер алды (қорғауға шығарылған негізгі ережелер).
1. Миграциялық үдерістердің ұлғаюы мен дамуының экономиканың жағдайымен, оның институционалдық құрылымы мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, сондай-ақ адам проблемаларымен, оның тиісті жағдайлардағы саналы таңдауымен өзара байланысы және өзара тәуелділігінің механизмі көрсетілді.
2. Көші-қонның көп аспектілі және өте күрделі құрылымының сипатын зерттеудің негізінде халық көші-қонының табиғаты мен мәні анықталды, өзгерулер үдерісін бастан кешіріп жатқан елдер үшін көші-қонның ұлғаюының әлеуметтік-экономикалық салдарлары көрсетілді.
3. Кеңес дәуірінен кейінгі нарықтық экономика жағдайында адамның көші-қон үдерісіне тартылуына демократиялық және нарықтық институттардың дамымағандығы, көші-қон заңдарының түсініктілігі мен күрделілігінің деңгейі, еңбекақы деңгейінің төмен болуы, мемлекеттің көрсететін қызметтерінің сапасының нашар болуы ықпал ететіндігі көрсетілді.
4. Әлемдік экономиканың заңдылықтары және онымен ілесіп отыратын макроэкономикалық үрдістер Қазақстан Республикасы сияқты реформаларды жүзеге асырып отырған елдерде жоғары білікті кадрлардың шетелге кетуінің ұлғаюының қуатты қозғаушы күші болып табылатындығы дәлелденді.
5. Көші-қондық үдерістерді реттеуші көші-қондық және экономикалық саясаттың міндеттері мен критерийлерін қайта қараудың қажеттігі негізделді. Білікті еңбектің отандық нарығын қалыптастыру бойынша шаралар экономикалық саясаттың құрам бөлігіне айналуы тиіс.
Зерттеу жұмысының нәтижелерінің практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыстың барысында алынған нәтижелер көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалы мәселесін және көші-қон стратегиясының орта мерзімдік,сондай-ақ ұзақ мерзімдік сипаттағы тұжырымдамасын одан әрі қарай дайындап жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Толыққанды нарықтық экономиканың қалыптасуының білікті еңбек нарығының дамуына байланысты болған қарама-қайшылықтары мен мәселелерін тұғырнамалық талдап-зерттеу экономикалық теорияның бұдан әрі қарай ғылыми және практикалық жасалымдарын дайындау кезінде көмегі тиюі мүмкін. Ең ақыр аяғында, зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер ең алдымен толыққанды нарықтық қатынастарға өту үдерісі кезіндегі халықтың көші-қонының сипаты, рөлі және салдарларын жаңаша түсінуге мүмкіндік беретін аса маңызды теориялық ережелермен байланысты.
Экономикалық дамыған елдердегі, сондай-ақ бұрынғы жоспарлық-үлестірушілік экономикадағы өзіне сәйкес құбылыстардан ерекшеленетін көші-қондық үдерістердің себептік кешендері жөніндегі түсініктер де практикалық тұрғыдан маңызды болып табылады.
Диссертацияның шынайы шаруашылық практикаға тікелей қатысатын тұсы көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалының заңдылықтарын негіздеу болып табылады. Осылардың бәрі жоғарыда көрсетілген бағдарламалар мен тұғырнамаларда есепке алынуы мүмкін.
Бұл зерттеу жұмысының нарықтық экономикаға өтудің мәселелері мен болашағын зерттеудің кезінде жүргізілгеніне және жетілдірілгеніне байланысты оның кейбір ережелері мен қорытындылары Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының Салалық Бағдарламасында өз көрінісін тапты, директивтік органдарға жіберілген ғылыми есеп берулер мен ұсыныстары бар жазбаларға енді. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін автор өзінің Қазақтың Ұлттық Аграрлық Университетінде лекциялар оқуы кезінде пайдаланды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша 1 жеке монография, 2 оқу құралы, 35 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі - 33 баспа табақты құрады.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша кестелерден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көші-қон үдерістері дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері.
Халық миграциясы қоғамдық өндірістік қатынастардың халықтың қозғалысымен байланысты белгілі бір тарапы болып табылады. Өндірістік күштердің дамуы халықтың миграциялық қозғалысының ең басты, ең терең себебі болып табылады: өндірістік күштердің дамуы деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік өзара байланыстары мен өз ара қатынастарының деңгейі соғұрлым жоғары. Оның үстіне әңгіме өндірістік күштер жөнінде болғанда, бұл өз ара қатынастар еңбек бөлінісі саласындағы өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен халықтың кәсіби және аумақтық жылжымалылығының өсуіне негізделіп қоғамдық еңбектің өнімділігін көтеретін өндірістің және көліктің, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың құралдары жасалады. Адамдардың мұндай күрделеніп, тармақталып бара жатқан қарым-қатынастарының сипаты қол жеткен еңбек бөлінісі деңгейінен келіп шығады.
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік.
Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі түріндегі көші-қон процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады барлық елдер дерлік иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлдеқашан дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан талдаудың қажеттігін туғызады. Бұл жағдайда экономика ғылымдарының обьективтік заңдылықтары бойынша Жер (Т) мен еңбек (L) шектеулі мөлшердегі бірден-бір ресурстардың түрлері болып табылады. Сонымен қандайда бір ел басқа жағдайлардың бәрі тең болғанда қандайда бір өнімнің түрін өзінде жоғарыда аталып өтілген ресурстар жеткілікті болған жағдайда ғана өндіре алады деп болжамдалады. Бір жағынан осы факторлардың бар болуы және сол экономикадағы өнімді өндірудің ара қатынасы елдің өндірістік функциясы [Q (T, L)] деп аталады, оның шамасы 1 суретте көрсетілгендей түрде ғана өзгереді.
Q өнімі Шекті еңбек өнімі, MPL
а) Еңбек L б) Еңбек L
Ескерту автор теориялық көздер бойынша жүйелеп шыққан
1 сурет Ұлттық экономиканың өндірістік функциясы ретіндегі адам ресурстары
1 суреттен көріп отырғанымыздай, еңбек ұсынысы көп болған сайын соғұрлым өнім өндірісі көп болады (1. а), сонымен бір мезетте еңбектің шекті өнімі жұмысшылардың саны көбейген сайын азая береді (1. б), мұның өзі графикте бейнеленген, шекті өнім қисығының астындағы алаң жалпы өнімге тең болады.
Енді жұмысшы күші кез келген капиталдың ауысуы принципіне сәйкес елдер арасында қозғала алады деп болжамдайық. Мұндай қозғалыстар бір елдегі жұмысшы күші санын азайтады, соған орай ондағы шынайы еңбекақының көлемін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, яғни еңбек нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді, бірақ сонымен бір мезетте ұлттық экономиканың орындалу мүмкіндігін, оның өндірістік және шекті өнімін күрт азайтып жібереді. Сонымен бір мезгілде басқа елдерде адамдардың, яғни жұмысшы күшінің қозғалысына кедергілер болмаған жағдайда шынайы еңбекақы, халықтың табысы азаяды, бірақ өнімнің саны көбейеді, соның салдарынан нарық экономикасы жағдайындағы ұсыныстың өсуінің нәтижесінде оң өзгерістер болады (баға төмендейді, өнімнің сапасы жоғарылайды, жаңа тауарлар қызу іздестіріле бастайды және т.б.).
Қазіргі заманғы ғылым халықтың қозғалысының негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:
- табиғи қозғалысы (туылу мен қайтыс болу динамикасы);
- кеңістіктегі қозғалысы (көші-қондық);
- әлеуметтік қозғалысы (адамдардың қоғамының әлеуметтік - экономикалық құрылымындағы жағдайының өзгеруі).
Қозғалыстың әлеуметтік түрі әлеуметтік жылжымалылықпен, яғни әлеуметтік мәртебесінің өзгеруімен теңдестіріледі. Туылу мен қайтыс болу үдерістері негізінде адам ұрпақтарының ізбе-із ауысып отыруы, олардың табиғи қозғалысы ретінде қаралады. Табиғи және әлеуметтік қозғалыстардан көші-қондық қозғалыстың ерекшелігі, ол халықтың тұрғылықты орнын біржолата немесе азырақ не көбірек уақытқа өзгертуіне байланысты кеңістіктік орын ауыстыруы болып табылады. Халықтың қозғалысының осы әрқилы түрлері өзара байланысты және өзара тәуелді болып келеді, сол себепті де халықтың қозғалысы бірегей тұтас қозғалыс ретінде қаралады.
Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;
- халықтың жылжымалылығының формасы;
- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.
Біздің пікірімізше, көші-қонды халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы ретінде анықтау зерттеу еңбектері үшін ең ыңғайлысы болып табылады. алайда, Ғылыми еңбектерде адамдардың қанша уақытқа орын ауыстырғандары және осы кездердегі олардың көздеген мақсаттары жөнінде едәуір алшақтықтар бар. Сол себепті де халықтың көші-қонының тар және кең түсіндірулерінің қажеттігі туындады. Алғашқы жағдайда халықтың көші-қоны тұрақты өмір сүру орынын ауыстырумен аяқталатын халықтың аумақтық орын ауыстыруларының түрі ретінде көрініс табады, ал кең түсіндірілгенде маусымдық, маятниктік және эпизодтық сипаттағы түрлері де енетін аумақтық орын ауыстыруларының жалпы жиынтығы болады.
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.
Көші-қонның себептері |
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері |
Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру |
Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар |
«Пайдалы» қызметтерді іздестіру |
Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар |
Психологиялық факторлар |
Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы |
Тілге байланысты кедергілер |
Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық |
Әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінің болмауы |
Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы |
Ескерту автордың өзі дайындаған |
Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:
Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады. Факторлардың, халықтың өмір сүру жағдаяттарын құрайтын объективтік компоненттердің аумақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ, құрылымдық факторларды есепке алатын әр түрлі жіктемелері бар (2 сурет).
Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобын көрсетеді.
Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.
2 сурет - Халық көші-қонының жалпы факторлары
Сонымен бір мезетте, білікті кадрлардың халықаралық миграциясы өседі деп болжамдауға толық негіз бар, олардың ағындарының сандық мөлшерінің біршама дәл шамасын болжамдау қиын және осы санаттағы жұмысшылардың халықаралық еңбек көші-қонының белгілі бір моделдерін құру да қиын. Бұл білікті кадрлардың халықаралық көші-қонының едәуір дәрежеде трансұлттық корпорацияларға (ТҰК) және олардың, жұмыс күші ағындарының ғаламдасуына ықпал ететін, өз ішкі еңбек нарығындағы корпоративтік стратегиясынан тәуелді болатындығымен түсіндіріледі. Жаңа ақпараттық технологиялар белгілі бір салаларды толықтай шетелге көшірудің шынайы мүмкіндіктерін жасап, шетелдік мамандардың интеллектуальдық және басқа да қабілеттерін, еңбек дағдыларын оларды физикалық орын ауыстырмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді, бұның өзі мамандардың көшіп-қону қажеттілігін біршама азайтады. Сонымен қатар, ТҰК индустриалды дамыған әлемнің орталағында жоғары білікті еңбекті қажет етумен қатар, сондай-ақ шет аймақтарда нашар дамыған елдерде де осындай еңбекті қажет етеді. Демек, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
2. Шетелдерде көптеген еңбек проблемасын тұрақты шешу үрдісі иммиграциялық жұмысшы күштерімен қалыптастырылады;
3. Еңбек ресурстарының иммиграциясы әлемдік өзгерістің дамуын талдағанда мына жағдайды көрсетеді, бұл өзгеріс нарықтық экономикасы дамыған елдерге байланысты және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
4. Иммиграциялық үдерістер дамушы елдерде бірнеше мәселелер туғызуы мұмкін, мысалы болашақта әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауы, мемлекет осы жағдайда жылдам немесе нақты шешімдерді қолдануы керек. Сондықтан көшіп-қону үдерісін реттегенде осы елдер алдын-ала экономикалық қауіпсіздікті бақылап, мемлекет деңгейінде басқару әдістерінің барлық тетіктерін пайдаланып, тиімді жақтарын қолдануы қажет.
Осылайша, еңбек мигранттары санының өсуіне көптеген әрқилы және өзара шартталған факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін және олардың еңбек нарығына, сондай-ақ тұтастай алғанда экономикаға әсерін білу көші-қон саясатының стратегиясын жасап шығуда аса үлкен маңызға ие.
Еңбек ресурстары қозғалысының әлеуметтік-экономикалық бет алыстары.
Ғаламдық БЕН-ның қалыптасуында төмендегідей қатысушылар белсенді рөл атқарды: іс-жүзінде осы нарықтың құрылуының бастамашысы болған трансұлттық корпорациялар (ТҰК); біліктілігі жоғары қызметкерлерді тартуда бір-бірімен бәсекелескен ұлттық мемлекеттер; білім беру және біліктілік стандарттарын бірыңғайлауды жүргізіп отырған мемлекеттердің аймақтық бірлестіктері; халықаралық келісімдер мен ұйымдар, мысалы, соңғы уақыттары белсенділігі күшейіп бара жатқан БСҰ. БҰҰ, ХҚҚҰ, ХЕҰ сияқты ұйымдар ХВҚ, ХБ даму агенттері және басқалары ғаламдық БЕН-ның әрекетінің теріс салдарларын жоюға және оның беріп отыған артықшылықтарын пайдалануға жәрдемдесетін әрқилы бағдарламалар жасалуда. Соңғы кездері осы нарыққа шығу және өз ұлттық даму мақсаттары үшін ең үлкен артықшылықтарды алу стратегиясын жасап жатқан білікті жұмыс күшін экспорттаушы елдер белсенді рөл атқара бастады.
3 суреттен көріп тұрғанымыздай, барлық факторлар еңбек нарқының жаһандануындағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Оның үстіне, қуатты адам ағындары жолындағы ұлттық құқықтық тәртіптің және халықаралық нормалардың шектеулері мен тыйымдары түріндегі кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін, шығу және келу елдерін байланыстыратын мигранттардың әлеуметтік тораптары қалыптасты.
БЕН қалыптастырудағы БСҰ-ның рөлі оның білікті мигранттардың қоныс ауыстыруларын реттеуде келешекте ең тиімді болуы мүмкін әдістерді көрсетуінде болып отыр. БСҰ-ның ағымдағы раундында қызмет көрсетудің төртінші әдісі деп аталатынды қарауы ғаламдық еңбек нарығы шеңберінде халықаралық жылжымалылықты көбейту бағытындағы аса сенімді, бірақ шектелген қадам болып отыр. Қызмет көрсетудің бұл түрін БСҰ келісімнің қатысушысы болған қандай да бір елдің қызмет ұсынушысының сол елдің жеке тұлғаларының келісімнің қатысушысы болған басқа бір елдің аумағында коммерциялық қатысуы арқылы қызмет көрсетуі ретінде анықталады («жеке тұлғалардың орын ауыстыруы»). Қызмет көрсететін кез келген тұлға «қызмет ұсынушы» деп есептелетіндіктен, мұндай жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші дербес кәсіпкерлерді де, қызмет ұсынушы компаниялардың қызметкерлерін де жатқызуға болады. БСҰ «жеке қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстырулары»] үшін қолайлырақ жағдайларды жасауды жоспарлап отыр. Басқа үш әдісіне енетіндер: І режим «халықаралық жеткізулер» (қызмет импорты); ІІ режим «шетелдегі тұтыну» (туризм және шетелде оқу); ІІІ режим «коммерциялық қатысу» (шетелдік бөлімшелер арқылы қызмет көрсету). Қызмет көрсету саудасының 25 % жуығы «халықаралық жеткізулерге»; 20 % - «шетелдегі тұтынуға»; 50 % - «коммерциялық қатысуға» тиесілі болады. «Қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстыруларына» (ІV режим) қызмет көрсету саудасының 1 %-дан сәл артығырағы тиесілі болады. Бірқатар жағдайларда бір қызмет түрін көрсету жеткізудің әрқилы әдістерімен ізбе-із жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, тіпті бір контрактінің шеңберіндегі консультациялық қызмет көрсету алдымен трансшекаралық түрде, кейін консультанттың тапсырыс берушіге баруы, ең соңында тапсырыс берушінің консультантқа баруы түрінде жүзеге асуы мүмкін.
Ескерту іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған.
3 сурет Көшіп-қону нәтижесінде БЕН жағдайына өзгеріс әкелетін факторлар.
БЕН қалыптасуының тағы бір факторы ұлттық мемлекеттердің мамандарды тарту үшін өзара бәсекеге түсуі. Дамыған елдер, әдетте, ақпараттық технологияларға байланысты кейбір секторларда (Франция, Германия, Голландия, Ирландия, Канада, Австралия, АҚШ, Дания) және денсаулық сақтау саласында (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Дания, Ирландия, Голландия) жоғары білікті мамандарды тарту үшін өзара жиі бәсекелестікке түсе бастады
Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады:
Кесте 2 Шет елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері.
Елдер |
Реттеудің тәсілдері |
Реттеудің нәтижесі |
Германия |
«Жасыл карта» |
Білікті мамандардың келуін жоғарлату |
АҚШ |
Н 1В, Н-1С визалары |
Шектелген келулер |
Канада Австралия |
Уақытша және тұрақты көшіп-қону бағдарламасы |
Таңдау жоғары кәсіпті жұмысшылар жағында |
Ұлыбритания |
Жеңілдетілген немесе босатылған процедурасы бойынша жұмысқа орналасу |
Тек қана жоғары кәсіпті мамандар үшін |
Скандинавиялық елдер |
Салық қызықтырулары |
Салық мөлшерлерінің азаюы |
Дания Голландия |
Жекелеген табыстың жоғары өсуі |
Бірнеше мамандықтарды таңдауы |
Ирландия |
Келушілерді марапаттау |
Табыстың экономикалық өсуі |
Қытай |
«Сыртқа кету» стратегиясы |
Шетелге оқуға қызықтырулар |
Жапония |
Елдің ішінде оқыту |
Көшіп-қонудағы тұрақтылық |
Қазақстан |
Оралмандарды тарту |
Жоғары мамандарды елге шақыру және оралмандарды елге қайтару |
Ескерту іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған |
Мемлекет көші-қонды реттеудің көптеген функцияларын мемлекеттен жоғары тұрған органдарға бере отырып, әлеуметтік маңызды салалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын және ел экономикасының бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мигрантарды тартуды шешу мәселесін өзіне қалдырады. Мұндай мәселелерді жіктеп шешу батыс елдерінің таза прагматикалық мүдделерін паш етіп, жалпы иммиграциялық ағыннан ең қажетті кадрларды таңдап алу арқылы барынша көп пайда табуға ұмтылуын көрсетеді.
Ұлттық саясат пен аймақтық келісімдердің компанияларға қажетті көш-қондық қозғалыстарды қамтамасыз етуді тек қана «жеңілдетуші» екенін ерекше атап өту керек. Түптеп келгенде жоғары білікті мамандардың ағындарын тікелей компаниялар басқарып отырады себебі, оларға деген қажеттілікті нарықтық мұқтаждықтар талап етеді.
БЕН қалыптасуында білікті еңбекшілерді экспорттаушы елдер бұрынғыға қарағанда белсенді рөл атқара бастады. Бұл елдер осы нарыққа шығудың және ұлттық даму мақсатында онда ең үлкен артықшылықтарды алудың стратегиясын жасап шығуда. Айталық, мысалы Қытай 2000 жылдың көктемінде «сыртқа бару» ұранын алға шығарған жаңа сыртқы экономикалық стратегияны жариялады. Қытайлар бұл стратегия елдің халықаралық еңбек нарығындағы позициясының едәуір кеңеюін қамтамасыз етуі тиіс дейді. ҚХР өз елінің үлесіне жер шарындағы жұмыс істеуші адамдардың үштен бірі келетінін, әйтсе де әлемдік еңбек нарығының 2-3 % ғана оған тиесілі екендігін назарға алып отыр. Соған сәйкес Пекинде әлемдік еңбек нарығының шамамен 10 % жаулап алу міндеті алға жиі қойылып отыр]. ҚХР-дағы ғылыми-техникалық кадрлардың (ҒТК) саны АҚШ, Жапония, ЕО, Ресей елдерінің бәрін қоса алғандағыдай болады. Бірақ бұл кадрлардың сапасы біршама төмен деңгейде. Айталық, Лозанна халықаралық менеджмент мектебінің халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі баяндамасына (2000) сәйкес ҚХР «білікті инженерлердің жарамдылығы» көрсеткіші бойынша ең соңғы, ал «білікті ақпаратық технологтардың жарамдылығы» көрсеткіші бойынша соңғының алдындағы орынды иеленді.
Сонымен, жоғары білікті жұмыскерлердің ғаламдық нарығы барлық шекараларды жойып отыр, ал бірыңғайландырылған дипломдардың иелері осы нарықтың, өз білімдері мен дағдыларын ең тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, белсенді қатысушыларына айналды.
Ғаламдық еңбек нарығының қалыптасуы шетелдік жұмыс күшін төмендегідей түрде жүзеге асатын экспорттау және импорттау арқылы көрініс тапты:
- білікті жұмысшы мигранттардың орын ауыстырулары;
- студенттерді шетелде оқыту және кейін оларды оқыған елдерінде немесе басқа елдерде жұмысқа орналастыру;
- білікті жұмысшылардың білімдерін оларды орын ауыстырмай-ақ пайдалану.
Мемлекеттің эмиграциялық саясатының негізі жұмыс күшінің елден шығуын; шетелде болуын; отанына қайтуын қамтитын эмиграциялық циклдың үш фазасын реттеу болып табылады. Іс жүзінде бұндай реттеу төмендегі ұстанымдарды сақтаудан тұрады:
- жұмысшылардың қозғалыс еркіндігі мен жұмысқа орналасу құқығын қамтамасыз ету;
- миграттандың отанына қайтуына кепілдік беру;
- еңбекші мигранттардың валюталық ақша аударымдарының елге келуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- мамандықтарына сұраныс жоқ жұмысшыларды шетелге жіберу арқылы жұмыссыздықты азайтуды қолдау;
- экономиканың жұмыс күшіне деген сұранысы қанағаттандырылмаған секторларында жұмыс істейтіндердің елден кетуін шектеу;
- халық шаруашылығын дамытуға қажетті мамандықтарды шетелде игерген репатрианттарды қабылдау арқылы ішкі еңбек нарығын жетілдіру;
- еңбекші эмигранттарға әлеуметтік кепілдіктер беру.
Қазіргі таңда тұрғындардың халықаралық көші-қоны аса ауқымды болып кетті, бұның өзі, ең алдымен, дамыған елдердің алдына күрделі және көптарапты мәселелердің кешінін қойды. Көші-қонды реттеуші биліктің елге қажет емес иммигранттардың алдына өте алмастай тосқауыл қоюға және ірі өзге этникалық қауымдардың қабылдаушы қоғамға тиімді кірігуін қамтамасыз етуге қабілетсіз болуы, көші-қон саясатының жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа құралдарын іздеудің қажеттігін көрсетіп отыр.
Дамудың қозғаушы күші ретіндегі диаспоралардың белсенділігі тұтастай алғанда отанында қалған туыстарының, байланыстарының болуы, оларға қаржылай және басқаша көмек көрсетуге ұмтылу, макроэкономикалық жағдайлар, мигранттардың отанында қаржы салушылық және басқа да мүмкіндіктердің болуы (немесе болмауы) сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Оның үстіне, нарықтық инфрақұрылымның институтционалдық дамуының белгілі бір деңгейде болуы талап етіледі, оған әлі бірқатар елдер жеткен жоқ. Инвестициялық климаты нашар, фискалдық тәртібі әлсіз және басқаруында қателіктер жіберілетін елдер диаспораның тарапынан болатын қаржы салымдарының шектелуіне ұшырайды.
Әдетте, диаспора мен мигранттардың отанындағы экономиканың дамуы арасындағы байланыс төмендегідей формада жүзеге асады:
- мигранттардың ақшалай аударымдары;
- отанда қалған қауымдарды дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдары;
- диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою;
- диаспораға арналған қаржы салу құралдарын жасау;
- ілім-білімді беру, «милардың айналымы» немесе «ми тресі» деп аталатынға қатысу.
Өздері шыққан елдің дамуына мигранттардың қатысуының алғашқы екі түрін (тікелей түрі отбасына көмектесуге жіберілген ақша аударымдарының шағын бизнеске салынуы және жанама түрі мигранттың туысқандары ақша аударымдарын өздерінің тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге жұмсаған кездегі болатын мультипликациялық әсер арқылы жүзеге асады) олардың бәрі жүзеге асырса, соңғы үш түрі тек білікті және әсіресе жоғары білікті мигранттардың үлесіне тиеді.
Мигранттардың санының көбеюі оларға жаңа сапалық сипат береді, өздері шыққан елдердің ғаламдасу үдерісінің шеңберіне енуіне көмектесуші байланыстырушы буынға айналдырады. Соның ішінде иммиграция сыртқы сауданы жандандырады. Батыс ғалымдарының мәліметтеріне сәйкес, мысалы, АҚШ-тағы иммигранттардың санының 10%-ға өсуі экспортты 4,7%-ке, импортты 8,3%-ке ұлғайтады.
Этникалық кәсіпкер-мигранттар, әдетте, нарықта төрт қуыстықты табады. Біз осы жіктемелеумен көп жағынан келісе отырып, оның қосымша белгісі ретінде этникалық кәсіпкердің миграцияның түріне қарым-қатынасын пайдалануды мүмкін деп есептейміз. Осы факторды есепке алу этникалық кәсіпкерлердің нарықтағы мамандануын ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ этникалық мигранттардың іскерлік әлеуеттерінің жүзеге асу ерекшеліктерін және келешек дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Бірінші қуыстық ретті емес, көп жағдайда кездейсоқтық сипаттағы эпизодтық миграцияның негізінде этникалық мигранттар қауымының ішкі қажеттіліктері үшін этникалық тұтыну тауарларын жеткізу, өндіру және сату.
Екінші қуыстық этникалық тауарларды тұрғылықты халыққа жеткізіп берумен байланысты болады, ол қоржын сауданың немесе маятниктік көші-қонның негізінде жергілікті нарыққа «экзотикалық» тауарларды ұсыну болып табылады. Көп жағдайда бұл айқын байқалатын моноэтникалық сипатқа ие тұтастай монополияландырылған нарықтар болып табылады.
Үшінші қуыстық тұрғылықты мекенжайға көшіп-қону кезінде тұтынушыға қажетті әрқилы түрдегі қызметтерді қанағаттандыру.
Төртінші қуыстық нашар қорғалған және тұрақсыз нарықтарды толтыру, сондай-ақ экономиканың абыройлы емес, байырғы тұрғындардың көп жағдайда тастап кететін салаларында жұмыс істеу. Бұл жағдайда мигрант кәсіпкерлердің арасында маусымдық және мәжбүри мигранттар басым болады.
Қазіргі таңдағы кеңестік дәуірден кейінгі экономиканың дамуының өзіндік жағдаяттарын есепке ала отырып, біздің пікірімізше, бесінші қуыстықты бөліп көрсетуге болады. Оны көптеген аймақтардағы этникалық азшылықтардың заңсыз мигранттары толықтырады, олар негізінен көлеңкелі құрылымдардан тұратын белгілі бір топтардың тар корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру мақсатында криминалдық экономика саласында әрекет етеді.
Жоғарыда баяндалғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, этникалық еңбектік көші-қон диаспораның қамқорлығымен жүзеге асады, ол мигранттарды қаржылық, моральдық қолдау түрінде көрініс табады. Мигранттардың жаңа өмір сүру орындарына орнығуына және кәсіпкерліктің дамуына қажетті қаржы-қаражатты мемлекет емес, туған-туыстары мен достары береді.
Екіншіден, этникалық кәсіпкерлік мигранттарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеудің шынайы табысты жолы болып қана қоймай, кең көлемде ен жайып отыр.
Үшіншіден, этникалық кәсіпкерліктің қарқынды дамуы ұлттық негіздегі табыс деңгейінің әрқилы болуын күшейте түседі. Көптеген ұлтаралық талас-тартыстардың негізінде экономикалық себептер жатады яғни, тұрғылықты халықпен салыстырғанда кейбір этникалық топтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы себеп болады.
Сонымен, этникалық көші-қон және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз да дами беруі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени түр-түс беріп қана қоймайды, сондай-ақ көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күші ретінде де көрініс табады. Сонымен бірге көші-қонның экономикалық себептері өз бизнесін ашуға ұмтылу және өмір сүру деңгейін жақсартуға тырысу әрдайымда негізгі қозғаушы күш болып қала береді. Этникалық бизнес кейбір этникалық азшылықтардың әрқилы іс-әрекет түрлеріне бейім болуы және мигранттардың басқа бір әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүруге табысты бейімделуінің үйлесуінің нәтижесі болып табылады.
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.
Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды. Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991-2001 жылдардағы халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді, 2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы 1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған «шыңы» 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді.
3- кесте - Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің динамикасы.
Жылдар |
Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам |
||
Көшіп-кетушілер |
Көшіп-келушілер |
Көшіп-қону сальдосы |
|
1995 |
309,6 |
71,1 |
- 238,5 |
1996 |
229,4 |
53,9 |
- 175,5 |
1997 |
299,5 |
38,1 |
- 261,4 |
1998 |
243,6 |
40,6 |
- 203,0 |
1999 |
164,9 |
41,3 |
- 123,6 |
Барлығы 1995-1999 ж.ж. |
1247,0 |
245,0 |
- 1002,0 |
Орташа жылдық |
249,4 |
49,0 |
- 200,4 |
2000 |
155,8 |
47,5 |
- 108,3 |
2001 |
141,7 |
53,5 |
- 88,2 |
2002 |
120,2 |
58,2 |
- 62,0 |
2003 |
73,9 |
65,6 |
- 8,3 |
2004 |
65,5 |
68,3 |
2,8 |
Барлығы 2000-2004 ж.ж. |
557,1 |
293,1 |
- 264,0 |
Орташа жылдық |
111,4 |
58,6 |
- 52,8 |
2005 |
74,8 |
52,1 |
22,7 |
2006 |
68,3 |
65,5 |
2,8 |
Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген |
3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек, 1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.
Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001-2005 жылдарда да сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:
1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада 70-79 %; ал ауылда 57-60 %);
2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23%-ын құрайды (ал қалада 30%).
4 - кесте - Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001-2005 жылдар
Экономика саласы |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Өндіріс |
23,76 |
26,23 |
30,3 |
36,2 |
40,9 |
Ауыл шаруашылығы |
17,3 |
20,3 |
23,13 |
28,33 |
34,1 |
Сауда |
15,4 |
18,9 |
22,8 |
27,6 |
33,6 |
Байланыс және көлік |
24,4 |
29,0 |
34,1 |
41,6 |
49,0 |
Мемлекеттік басқару |
15,0 |
16,9 |
18,0 |
26,0 |
31,1 |
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі |
4 кестеден көріп тұрғанымыздай, Қазақстанның экономикасы тұрақтанған кезден бастап, ауыл шаруашылығындағы орташа айлық еңбек ақысы өндіріспен салыстырғанда 15-17 % кем болды, ал ел бойынша орташа 16,3% - ға кем болды. Осы көрсеткіш табысқа да байланысты және күн көру қажеттілігіне де сақталып отыр. Келесі кестеде.
5 - кесте Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық орташа жан басына шаққанда, теңге)
Тұратын жері |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Қалалық жер |
6787 |
7799 |
8999 |
98/60 |
11504 |
Ауылдық жер |
4477 |
4989 |
5828 |
6560 |
7599 |
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі |
5 - кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.
Табыстардың қалыптасуының елеулі тұсы, қалада көпсалалық көбірек байқалады, сол себепті этникалық құрамы әрқилы, кәсібилігі және мамандығы жетілген, саяси бағыт-бағдары мен мәдениетінің өрісі кең топтар кеңірек таралған. Қалалық ортада білім алудың, жұмыс орнын таңдаудың кең мүмкіндіктері бар, бірақ ол үлкен қайтарымды, жоғары деңгейдегі мәдениетті жұмысты қажет етеді. Осылайша, ақшалай табыстар динамикасының қаладағы деңгейінің жоғары болуы объективті түрде қалыптасады.
Алматыдан, Астанаға астананың 1997 жылғы көшуі, ішкі көшіп қонуда үлкен өзгеріс алып келді, мұндағы еңбек ресурстарының жаңа қалаға ағылуы. Астана қаласына 1999-2001 жылдар арадлығында 192976 мың адам келді. Астанаға 1997 жылдан 2005 жылдар аралығында барлығы 264,2 мың адам келді.
Астана қаласын еңбекке қабілетті адамдармен қамтамасыз ету керек болып, Қазақстан республикасындағы еңбек нарқында біршама өзгерістер болып, еңбек әлеуеттерін бірқалыпты болу керек болды.
Астана қаласына көшіп келген 120 адамға анкета өткізгенде, төмендегідей негізгі себептердікөрсетті:
- болашақтағы карьералық өсу үшін (40,7%);
- еңбек ақының жоғары болып, көп ақы алу мүмкіндігі (17,3%);
- өмір сүру деңгейі жоғары (14,7%);
- отбасы жағдайына байланысты (12,7%);
- жоғары білім алу мүмкіндігі (9,3%).
Себептерді талдағанда байқағанымыз, алдымен экономикалық факторлардың тұратындығы, содан соң әлеуметтік фактор. Бірақ осы екі фактор бір-бірімен өте тығыз байланыста, осылардың жиынтығы еңбекке қабілетті халықты құрайтындығы немесе еліміздің кадр әлеуметін жасақтайды.
Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989 жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы 5,49 адамға). Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде.
Өндірістік емес салада еңбек етушілердің үлес салмағының көбеюі ауыл халқының қалаға қоныс аударуы деңгейіне теріс әсерін тигізеді. Қазақстандағы жұмыспен қамту жеке тұтынудың барынша тармақталған және күрделі жүйесін қанағаттандыруға қатысушы жұмысшы күшінің жаңа топтарының пайда болу үрдісін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бұл үрдісті бір жақты бағалауға болмайды, себебі, позитивтік көзқарас тұрғысынан ол халықтың экономикалық мінез-құлқының эволюциясына әкеліп соғады, сонымен қатар ол жұмысшы күшінің материалдық өндіріс саласынан (әсіресе ауылшаруашылық) ауысуына өте теріс әсер етеді, бұл қызмет көрсету саласына берілетін өндірістің күрт қысқаруымен қатар жүреді.
Республикадағы төзімділік көңіл күйге, этникалық және аймақтық талас-тартыстардың болмауына қарамастан, тек қана 1992-1994 жылдары елден 1125 мың адам кетті, 343 мың адам келді. Миграциялық кетудің ең көп болған кезі 1994 жылы елден 811,3 мың адам кетті, 400,9 мың адам келді. Миграцияның теріс сальдосы 410,4 мың адам болды. Елден кеткендердің ішінде елді мәжбүри тастап кеткен репатрианттар болды, олар қазіргі кездері өздерінің тұрғылықты орындарына қайтуда, бірте-бірте көші-қон үдерістерінің қарқындылығы азая бастады. Алайда, 1997 жылы әлеуметтік саланы оңтайландырудың барысында көптеген шағынжинақты ауыл мектептері, медициналық пункттер және басқа әлеуметтік мекемелер жабылған кездері адамдардың елден кетуі күшейді, кетушілердің саны 504 мың адамға дейін ұлғайды. Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті. 2001 жылы көші-қонның теріс сальдосы 94,2 мың адамды, ал 2002 жылы 62 мың адамды құрады. Белгілі бір табиғи өсімге қарамастан республика өзінің халқының бір бөлігінен айырылып қалды. 1989 жылы жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Қазақстанның халқының саны 16199,2 мың адам болса, ал 1999 жылғы санақ бойынша 14953,1 мың адам болды, яғни осы санақтардың арасында республика 1246,1 мың адамнан немесе өз азаматтарының 7,7 %-нан айырылды. 2006 жылдың басына қарай Қазақстанның халқы 15219,3 мың адам болды, яғни 5,6 адамға бір км2 келді, мұның өзі, әрине, елдің аумағына сәйкес емес.
6-кестеден көріп тұрғанымыздай Қазақстандағы көшіп қону үдерісі, кері жағдайға өзгерді. Қазіргі таңдағы тұрғылықты орнын ауыстырушы мемлекетаралық иммиграцияның көлемі мен сипаты әлемнің бірқатар елдерімен адам алмасу арқылы жүреді. 2000 жылы жақын шетелдерден Қазақстанға 31,6 мың адам келді, 117,4 мың адам кетті; ал 2005 жылы тиісінше 74,8 мың адам келіп, 52,14 мың адам кетті (6 кесте).
6 кесте - 1993 ж. және 2005 ж. Қазақстан Республикасындағы сыртқы миграция
1993 жыл |
2005 жыл |
|||||
Келді |
Кетті |
Сальдо |
Келді |
Кетті |
Сальдо |
|
Барлық мигранттардың саны |
461,4 |
683,5 |
-222,1 |
373,4 |
350,8 |
+22,7 |
Соның ішінде: |
||||||
Халықаралық миграция: |
111,3 |
333,4 |
-222,1 |
74,8 |
51,14 |
+22,7 |
ТМД елдері |
100,3 |
232,9 |
-132,6 |
65,8 |
40,7 |
25,1 |
ТМД елдерінен тыс |
11,0 |
333,4 |
-89,5 |
8,98 |
11,4 |
3,5 |
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері |
Көші-қонның теріс сальдосы орыстілді халықтың отандарына қайтуына байланысты сақталып отыр: украиндар 6 мың адам; белорустар 1,3 мың адам; орыстар 46 мың адам кеткен.
Эмиграциялық ағындарда екі негізгі бағыт көзге түседі: Ресейдің шекаралас облыстарына көшіп кету, ол жерлерде өмір сүру деңгейі жоғары, тезірек үйренісуге болады және сол жақта қалған туыстармен байланыс орнату оңайырақ. Екінші бағыт Қазақстанның өндірістік аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Белоруссияға көшу, бұл жұмыссыз қалған жұмысшы кадрлардың кетуімен және ол жерде туысқандардың бар болуымен байланысты болып отыр. Иммигранттар үшін де осы бағыттар басым мәнге ие болуда.
Соңғы 15 жылдың ішінде облыс ішіндегі және облыстар арасындағы халықтың көші-қонында үлкен өзгерістер болды (7 кесте). Айталық, облыс ішіндегі көші-қон 1991 жылғы 275,5 мың адамнан 1999 жылғы 94,8 мың адамға дейін (яғни 2,9 есеге) азайды, облысаралық көші-қон тиісінше 155,8 мың адамнан 78,6 мың адамға (2 есеге) азайды.
7 кесте - 1991 - 2005 жылдардағы республика ішіндегі халықтың көші-қоны, адам
Жылдар |
Республикалық миграция |
соның ішінде: |
|
Облыс аралық |
облыстар ішіндегі |
||
1991 |
431262 |
155766 |
275496 |
1992 |
361356 |
136094 |
225262 |
1993 |
347652 |
134445 |
213207 |
1994 |
327323 |
131002 |
196231 |
1995 |
304959 |
123383 |
181576 |
1996 |
236957 |
97524 |
139433 |
1997 |
204569 |
81060 |
123509 |
1998 |
228610 |
96973 |
131637 |
1999 |
173416 |
78584 |
94832 |
7 - кестенің жалғасы
2000 |
184409 |
79104 |
105305 |
2002 |
268922 |
103881 |
165041 |
2005 |
317928 |
127474 |
190454 |
Ескерту ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген |
Соңғы жылдардың ішінде халықтың облысаралық көші-қонында Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Маңғыстау облыстары елдің басқа аймақтарының есебінен көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Астана қаласы негізінен төмендегідей аймақтардың есебінен Ақмола облысы, Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстарынан жүрген көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Ал, Алматы қаласы болса тиісінше Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының есебінен ие болған. Облысаралық ауысулар негізінен аймақтың шеңберінде жүруде.
Біз жасалып шығарылған болжамдау әдістемесін пайдалана отырып, ҚР көлемінде облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша, сондай-ақ тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы көлемінде халықтың көші-қонының 2010 жылға дейінгі болжамын жасадық (жұмыста келтірілген).
Көрсетілген обьектілер бойынша халықтың көші-қонының динамикасы мен болжамын әрқилы болжамдық әдістерді қолданып, іздестіріп-зерттеудің нәтижелері келесі кестелерде келтірілген. Сәйкестікке (сапаға) және дәлдікке қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды есепке ала отырып, 8, 9 кестелерде келтірілген, сондай-ақ 3 суретте көрсетілген ҚР халқының көші-қон деңгейінің 2011 жылға дейінгі көрсеткіштерін болжамдаудың математикалық үлгілері таңдалып алынды.
8 кесте - ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша
а = 0,0005, адам деп алғандағы болжамдаудың нәтижелері
Жылдар |
t |
Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам |
Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам |
Сенімді болжамдау аймағы |
|
1991 |
1 |
431262 |
442391 |
||
1992 |
2 |
361356 |
386658 |
||
1993 |
3 |
347652 |
338531 |
||
1994 |
4 |
327323 |
298009 |
||
1995 |
5 |
304959 |
265094 |
||
1996 |
6 |
236957 |
239783 |
||
1997 |
7 |
204569 |
222079 |
||
1998 |
8 |
228610 |
211980 |
||
1999 |
9 |
173416 |
209487 |
||
2000 |
10 |
184409 |
214600 |
||
2001 |
11 |
226666 |
227319 |
||
2002 |
12 |
268922 |
247643 |
||
2003 |
13 |
293425 |
275572 |
||
2004 |
14 |
317928 |
311108 |
8 кестенің жалғасы
Алдын алу уақыты |
Болжамдық У (t) |
||||
2005 |
15 |
372731 |
370795 |
374667 |
|
2006 |
16 |
315089 |
313153 |
317025 |
|
2007 |
17 |
261249 |
259313 |
263185 |
|
2008 |
18 |
211213 |
209277 |
213149 |
|
2009 |
19 |
164979 |
163043 |
166915 |
|
2010 |
20 |
122548 |
120612 |
124484 |
|
2011 |
21 |
83920 |
81984 |
85856 |
9 кесте - ҚР халқының облысаралық көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша а = 0,0001 деп алғандағы болжамдаудың нәтижелері
Жылдар |
1 |
Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам |
Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам |
Сенімді болжамдау аймағы |
|
1991 |
1 |
155766 |
162817 |
||
1992 |
2 |
136094 |
145124 |
||
1993 |
3 |
134445 |
129850 |
||
1994 |
4 |
131002 |
116997 |
||
1995 |
5 |
123383 |
106564 |
||
1996 |
6 |
97524 |
98552 |
||
1997 |
7 |
81060 |
92960 |
||
1998 |
8 |
96973 |
89788 |
||
1999 |
9 |
78584 |
89037 |
||
2000 |
10 |
79104 |
90707 |
||
2001 |
11 |
91493 |
96007 |
||
2002 |
12 |
103881 |
101306 |
||
2003 |
13 |
115678 |
111447 |
||
2004 |
14 |
127474 |
121587 |
||
Алдын алу уақыты |
Болжамдық У (t) |
Сенімді болжамдау аймағы |
|||
2005 |
15 |
111567 |
111212 |
111922 |
|
2006 |
16 |
93271 |
92916 |
93627 |
|
2007 |
17 |
76186 |
75831 |
76542 |
|
2008 |
18 |
60312 |
59957 |
60667 |
|
2009 |
19 |
45647 |
45292 |
46002 |
|
2010 |
20 |
32193 |
31838 |
32548 |
|
2011 |
21 |
19948 |
19593 |
20304 |
іс жүзіндегі мәліметтер
тегістелген және болжамдық
Логарифмдік (тегістелген және болжамдық)
3 сурет - ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның бейімдеуші полиномиальды үлгісі бойынша болжамдау
Қазақстан Республикасы халқының көші-қон деңгейінің бейімдеуші полиномиальды үлгісі Д = 505729 67141• t + 3803 • t2,
мұндағы Д көші-қон деңгейі, мың адам;
t жылдардың индексі (реттік нөмірі).
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерінің болашағы.
Біздің пікірімізше, Қазақстан халқының эмиграциялық әлеуеті түгесілді. Сол себепті де келешекте бірте-бірте сыртқы көші-қонның оң сальдосының көбеюін күтуге болады, ол төмендегі себептерге байланысты болады:
- республиканың оралмандарды елге қайтару бойынша мемлекеттік саясатының жалғасуы;
- өтпелі кезеңде шетелге кеткендердің бір бөлігінің кері қайту үдерісінің басталуымен (ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 1990-2003 жылдар аралағындағы сыртқы көші-қонның жиынтық теріс сальдосы 3 млн. адамнан асып кеткен);
- табиғи ресурстарға бай жер аумағында халықтың тым сирек қоныстануы кезіндегі республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың тұрақты түрде жақсаруымен, мұның өзі көрші елдердің халқының елімізге еңбек миграциясы бойынша, ал соңынан тұрақты өмір сүруге рұқсат алу мақсатымен келуін ынталандырады.
2005 жылы сыртқы көші-қонның оң сальдосы 1 промилледен (15,1 мың адамнан) кем болмайды деп болжамдаймыз. Біз алдағы кезеңде осы сальдо әр жыл сайын 0,05-0,1 промильдік пунктке ұлғайып отарады деп есептейміз, мұның өзі 2050 жылы оның 3,25-5,5 промиллеге дейін өсуіне ықпал етеді (халықтың саны 25 млн. адам болған жағдайда бұл сыртқы көші-қонның 81,3-137,5 мың адам көлеміндегі сальдосын береді).
Отандық ғалымдардың болжамдық есептері республика халқының саны әрбір бес жыл сайын 1 миллионнан астам адамға көбеюі мүмкін екендігін көрсетеді, соның нәтижесінде ол 2030 жылдың басында 19,8-20,9, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамды құрайтын болады (10 кесте). Ерлердің өлім-жітімінің жедел азаюының арқасында 2030 жылы 1000 әйелге 949-951, ал 2050 жылы 979-985 еркек адамнан келетін болады (соңғы жылдары бұл көрсеткіш 929 адам деңгейінде болып тұр).
10 кесте - 2005-2050 жылдардағы халық санының мақсаттық болжамының минимальды деңгейі және халықтың туылуының жалпы көрсеткіштері
2005 |
2010 |
2015 17044,3 |
2020 18092,4 |
2025 18985,4 |
2030 19831,9 |
2040 21767,7 |
2050 23526,6 |
|
Жыл басындағы халықтың саны, мың адам |
15070,8 |
15959,3 |
||||||
Соның ішінде: |
||||||||
еркектер |
7252,1 |
7681,6 |
8223,3 |
8754,3 |
9212,9 |
9654,3 |
10682;7 |
11639,2 |
әйелдер |
7818,7 |
8277,7 |
8821,0 |
9338,1 |
9772,5 |
10177,5 |
11085,0 |
11887,4 |
1000 әйелге шаққандағы әйелдердің саны |
928 |
928 |
932 |
937 |
943 |
949 |
964 |
979 |
Миграциялық сальдо, мың адам |
15,1 |
19,9 |
25,6 |
31,7 |
38,0 |
44,6 |
59,9 |
76.5 |
Соның ішінде: |
||||||||
еркектер |
7,3 |
9,6 |
12,3 |
15,3 |
18,4 |
21,7 |
29,4 |
37,8 |
әйелдер |
7,8 |
10,3 |
13,2 |
16,3 |
19,5 |
22,9 |
30,5 |
38.6 |
Туылғандардың саны, мың адам |
284,9 |
349,9 |
353,0 |
316,5 |
291,7 |
306,0 |
344,2 |
311,1 |
Соның ішінде: |
||||||||
ұлдар |
147,3 |
180,9 |
182,5 |
163,6 |
150,8 |
158,2 |
178,0 |
160,9 |
қыздар |
137,6 |
169,0 |
170,5 |
152,9 |
140,9 |
147,8 |
166,3 |
150,3 |
Қайтыс болғандардың саны, мың адам |
154,6 |
160,4 |
159,2 |
157,6 |
162,6 |
172,5 |
205,0 |
245,8 |
Соның ішінде: |
||||||||
еркектер |
86,3 |
86,8 |
84,2 |
81,7 |
82,6 |
86,3 |
100,1 |
121,0 |
әйелдер |
68,3 |
73,6 |
75,0 |
75,9 |
80,0 |
86,2 |
104,9 |
124,8 |
Табиғи өсім, мың адам |
130,3 |
189,5 |
193,9 |
158,8 |
129,0 |
133,5 |
139,2 |
65,3 |
Соның ішінде: |
10 кестенің жалғасы
еркектер |
61,0 |
94,1 |
98,3 |
81,9 |
68,2 |
71,9 |
77,9 |
39,9 |
әйелдер |
69,3 |
95,4 |
95,6 |
76,9 |
60,9 |
61,6 |
61,3 |
25,5 |
Халықтың орташа жылдық санының 1000 адамға шаққандағы коэффициенті |
||||||||
миграциялық |
1,0 |
1,2 |
1,5 |
1,7 |
2,0 |
2,2 |
2,7 |
3,2 |
туылу |
18,8 |
21,8 |
20,6 |
17,4 |
15,3 |
15,4 |
15,7 |
13,2 |
қайтыс болу |
10,2 |
10,0 |
9,3 |
8,7 |
8,5 |
8,7 |
9,4 |
10,4 |
табиғи |
8,6 |
11,8 |
11,3 |
8,7 |
6,8 |
6,7 |
6,4 |
2,8 |
өсім |
||||||||
Барлық өсім |
9,6 |
13,0 |
12,8 |
10,5 |
8,8 |
8,9 |
9,1 |
6,0 |
Ескерту ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген |
2006 жылдың өзінде туылғандардың саны 300 мың адамнан асып кетеді және іс жүзінде болжамданып отырған кезеңнің өнбойында осы деңгейден артық болып тұрады. Оның үстіне, бұл көрсеткіш бір минимумға (2025 жылы 291,7-315,7 жаңадан туылғандар) және екі максимумға (2015 жылы 353,0-378,5 мың және 2040 жылы 344,2-402,6 мың жаңадан туылғандар) ие болады. Соған сәйкес, туылудың жалпы коэффициенті де 2025 жылы ең аз мәнге (15,3-15,9) және 2 максимальды мәнге (2010 жылы 21,8-23,1 және 2035 жылы 16,0-17,0 промилле) мәнге ие болады.
Қайтыс болғандардың саны 2030 жылғы 161,2-172,5 мың адамнан 2050 жылғы 241,0-241,8 мың адамға дейін бірте-бірте көбейетін болады. Қайтыс болудың жалпы коэффициенті бұл кезеңде 2025 жылғы 7,6-8,5 промиллеге дейін тұрақты түрде азайып отырады, ал одан әрі қарай 2050 жылы 8,9-10,4 шамаға дейін өседі. Халықтың өлім-жітімі үнемі азайып отырады деген болжамға қарамастан, осындай толқулардың себебі халықтың жыныстық-жастық құрылымындағы демографиялық толқындарға байланысты болып отыр.
Осындай болжамдардың нәтижесінде анықталған халықтың жас құрылымын талдау 2005 жылы 65 жастағы және одан үлкендердің үлесі 7,7%-ға дейін көбейетіндігін көрсетеді, кейінірек 2010-2015 жылдары бұл шама 7,2%-ға дейін азаяды. Одан арғы кезеңдерде халықтың «қартаюы» үдерісі барынша айқын байқалатын болады, соның салдарынан 20-30 жылы жасы ұлғайған адамдардың үлесі 11,1-11,3%, ал 2050 жылы 14,7-15,0%-ға дейін көбейетін болады.
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін басқаруды жетілдіру.
Көші-қонға мемлекеттің ықпал ету әдістері тікелей де, жанама да болуы мүмкін. Әлемдік іс-тәжірибе қатаң, директивалық іс-шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр, керісінше, жанама, үкімет тарапынан түзетуші ықпал жасаудың артықшылығы көп. Әлемдік қауымдастық, ең алдымен, халықаралық ұйымдардың құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтап отыруды қажетті және мақсатқа сай деп мойындап отыр. Айталық, еңбектік көші-қон үдерісін реттеуші халықаралық конвенцияны бекіту кезінде елдер халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңнамадан басымдығын мойындайды. Бұл елдер үшін де, сондай-ақ шетелде құқықтары едәуір көбеятін мигранттар үшін де едәуір маңызға ие. Егер жұмысшы күшін қабылдаушы ел негізінен мигранттардың елге келуі мен оларды пайдалану үшін жауапкершілікті болса, ал жұмысшы күшін шетке жіберуші елдер шетке кетуді реттеу және өздерінің азаматтары болған шетелге кеткен мигранттардың мүдделерін қорғау мәселесімен айналысуы тиіс.
КСРО ыдырағаннан соң Қазақстанға әрқилы санаттағы шетелдік мигранттардың ағылып келуі және «мөлдір шекаралардың» пайда болуы біздің республикамызға келетін заңсыз мигранттардың санын көбейтіп жібергенін атап өту керек.
Заңсыз миграция мәселесі елдегі қылмыстық жағдайды шиеленістіріп жібереді (контрабанда, есірткі саудасы).
Соған байланысты 2000 жылдың ақпанында Үкіметтің Қаулысы бойынша алыс шетел азаматтарының елімізге келуі және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуі тек виза бойынша жүзеге асырылатын болды. Біздің пікірімізше, мұндай шаралар заңсыз миграцияны болдырмауға ықпалын тигізеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев осыған байланысты Қазақстандағы мигранттардың заңсыз болуының алдын алу және мақсаты мен ниеті белгісіз күдікті туристердің жолын кесу шаралары арқылы біз өзіміздің көршілеріміздің тұрақтылығын сақтауға көмектесеміз, деп атап өткен болатын.
Заңдық базаның жетіліспеуі, заңсыз мигранттарға және оларды ұйымдастырушыларға тиімді ықпал ету шараларының болмауы, ақпараттық талдаушылық базаның нашар материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі заңсыз көші-қон мәселесін шиеленістіріп жібереді.
Біздің пікірімізше, заңсыз миграция көлемінің өсуінің жалғасып отыруының себептері төмендегідей:
1998 жылдың желтоқсанында Республика Парламенті Босқындар туралы 1951 жылғы конвенцияны және соған байланысты 1967 жылғы Хаттаманы бекітті. Сол арқылы Қазақстан осы конвенцияға қосылған 137-ші мемлекет болды, бұл конвенцияға сәйкес Республика босқындарды қорғау кезінде халықаралық стандарттар мен ұстанымдарды сақтауда өзіне міндеттеме алды, оның ұстанымдарының ең бастылары босқындарды елден шығарып жіберуге немесе мәжбүрлеп еліне қайтаруға тыйым салу, босқындардың өздеріне баспана іздеген елдеріне жетуіне мүмкіндік беру, сондай-ақ белгілі бір елде босқын деп танылған адамға негізгі адамдық құқықтарды беру болып табылады.
Көші-қон үдерістерін құқықтық реттеуді жүзеге асыру үшін тек заңдық актілер ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес тұғырнамалық ұстанымдар қажет.
Демографиялық көші-қон саясатын реттеп отыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегі құжаттарды мақұлдады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 17-тамызындағы, № 1272);
2. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 5-қыркүйегі, № 1346).
Көші-қон саясатының тұғырнамасында өтпелі кезеңдегі көші-қон саясатын жүзеге асырудың төменде көрсетілгендей негізгі бағыттары мен механизмдері белгіленді:
Осыларға қарамастан, біздің пікірімізше, нарықтық экономика жағдайында көші-қон саясатының осы негізгі бағыттарын экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып, жетілдіру қажет.
Экономикалық мақсаттарға төмендегілер жатады:
Әлеуметтік мақсаттарға:
Стратегиялық мақсаттарға:
Көші-қон саясатын жүзеге асыру үшін бағдарламалық-мақсаттық әдісті пайдалану қажет болды, сол себепті де Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29-қазандағы (№ 1371) Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдардағы Көші-қон саясатының салалық бағдарламасы қабылданды және бекітілді.
Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының салалық бағдарламасында «Ішкі миграцияны реттеу қозғалыстың еркіндігі және өмір сүру орнын ерікті түрде таңдау құқығы ұстанымдарына негізделеді. Сонымен бір мезетте ол елдің экономикалық өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталады» деп атап көрсетілген.
Соған байланысты ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің негізгі әдістемелік базасы этномәдени, экологиялық және басқа да факторлармен бірге Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі кезеңдегі өндірістік күштерді орналастыру болып табылады. Ол төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
Ортамерзімдік перспективада (2001-2005 жж.) ішкі көші-қонды реттеудің негізгі бағыттары төмендегідей салалар бойынша іс-шараларды жасап шығуды қажет етті:
2006-2010 жылдардағы ұзақмерзімдік перспективадағы ішкі көші-қонды реттеу төмендегідей бағыттар бойынша іс-шараларды дайындап шығуды қажет етеді:
- өндірістік күштердің орналасу сұлбасын негізге ала отырып, ел халқының және еңбек ресурстарының қозғалысын және қайтадан бөлініп орналасуын қамтамасыз ету;
- халықтың республика ішіндегі тиімді орналасуына қол жеткізу мақсатында аймақтардың экономикасының өркендеуі үшін қолайлы алғышарттар жасау және олардағы халықтың өмір сүруіне тиімді жағдайлар жасау;
- көші-қон ағындарын экономикалық өркендеу нүктелеріне бағыттау, сондай-ақ реттеу және ынталандыру, материалдық-техникалық базаны нығайтудың жүйесін жасап шығу;
- аймақтардағы демогрфиялық жағдайды есепке ала отырып, өндірісі дамыған, өмір сүру жағдайлары жасалған экономикалық өркендеу нүктелеріне, шағын қалаларға және ауылдық елді мекендерге халықтың ерікті түрде келуін ынталандыру жүйесін жасау;
- қиын мәселелері бар аймақтар мен қалаларға жоғары білікті кадрларды, жоғары оқу орындарының, училищелердің және т.б. бітірушілерін тарту үшін жағдайлар жасау.
Біздің пікірімізше, республика ішіндегі көші-қон ағындарын басқаруды әрқилы бағыттар бойынша жеке-жеке жүзеге асыру қажет, себебі, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Өз аймағындағы қалалар арасындағы халықтардың орын ауыстыруларын реттеу өзінше жеке бір іс те, ал облысаралық қоныс аударуларды реттеу, сондай-ақ ауылдан қалаға кетуді басқару басқаша бір іс болмақ. Шындығында әрқилы бағыттағы ағындардың арасында жалпы ұқсас сипаттары көп, бірақ көші-қон ағындарының қарқыны мен құрылымына едәуір әсерін тигізетін ерекшеліктері де бар. Айталық, ауылдан қалаға көші-қон ағындардың едәуір бөлігі ауыл жастарының білім алуын жалғастыруға, мамандық алуға ұмтылуына байланысты туындайды.
1993 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасына 147698 этникалық қазақтардың отбасы (оралмандар) жалпы саны 600550 адам келді (11 кесте). Олар негізінен Өзбекстаннан (61,5 %), Монғолиядан (15,4 %) және Түрікменстаннан (9%) келгендер. Келген оралмандардың жалпы санының ішінен еңбекке қабілетті жастағылар 52,1 %, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер 42,7 %, зейнеткерлік жасындағылар 5,2 %-ды құрайды. Еңбекке қабілетті оралмандардың 32 %-ға жуығы арнаулы орта және жоғары кәсіби білім алғандар. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың 60 %-ы әрқилы жұмыс түрлерімен шұғылданады, ал келген отбасылардың 16 %-ының қосалқы шаруашылықтары бар.
11 кесте - Оралмандардың елге келу динамикасы
№ |
жылдар |
Иммиграцияның белгіленген квотасы (отбасы) |
Іс-жүзінде келді |
Квотадан артық келгендер |
|
отбасы |
адам |
отбасы |
|||
1 2 3 4 5 6 |
2000 2001 2002 2003 2004 2005 |
500 600 2655 5000 10000 15000 |
5490 9105 10337 16026 18955 23174 |
12686 28726 34625 42327 67587 99907 |
4990 8505 7682 11026 8955 8174 |
Ескерту ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген |
Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың білімі мен кәсіби дайындығының деңгейін талдап-зерделеулер олардың арасында 45 ғылым докторы, 245 ғылым кандидаты бар екенін көрсетті. 26107 оралманның жоғары білімі, 3157 толық емес жоғары білімі, 49921 арнаулы орта білімі, 155370 жалпы орта білімі бар.
Оралмандардың кәсібі бойынша құрамы төмендегідей: 1563 адам шығармашылық қызметкерлері, 12379 білім беру қызметкерлері, 6768 медицина қызметкерлері, 827 мемлекеттік қызметкерлер, 50842 ауыл шаруашылығының жұмысшылары, 9074 кәсіпкерлер, ал 140383 адамның басқа мамандығы бар.
Білікті мамандарды дайындауға қажетті қаржы салымдары дамыған елдерде едәуір көбірек болады шамамен он еседей көп. Сонымен, бірден-бір ақылға сай келетін шешім бұл, кірісті жөнелтуші ел, қабылдаушы ел және жеке тұлға арасында бәріне тиімді формулаға сәйкес бөлістіру болмақ. Нашар дамыған елдердің денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік және білім беру салаларына дамыған елдердің қаржы салуы адам капиталына салынған қаржы салымдарының көші-қонның нәтижесінде басқа елге ауысуының орнын толтырудың ең тиімді әдісі болар еді.
Жоғары білімді мамандардың шетелде өмір сүріп жатқан қауымдастықтары, олардың қаржылық және зияткерлік ресурстары, өздері шыққан елдердің экономикасының бәсекелестілік қабілеттілігін күшейтуге және жеке секторын дамытуға, кедейшілікпен күресуге қомақты үлес қоса алады. Диаспораның өздерінің отанындағы экономиканың дамуымен байланысы мигранттардың қауымдастықты дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдарын қоса алғандағы аса зор көлемдегі ақша аударымдарын пайдаланудың есебінен жүзеге асырылады. Диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою диаспораға арналған қаржы салушылық құралдарды жасау, ілім-білімді беру, «ақыл-ойдың айналымы», мигранттардың әлемдік ми трестерінде ғылым мен технологиялық зерттеулердің ең көкейкесті бағыттарының дамуына тартылған бүкіл әлемдегі кәсіби мамандардың жинақталушы орталықтарына қатысуы арқылы да диаспоралар өз отандарының экономикасымен байланыс жасай алады. Бұндай әрекеттердің табысты жүргізілуі көп жағдайда мигранттарды қабылдаушы елдерге де байланысты болады. Бұл мәселелерді шешу жұмысшы күшін жөнелтуші елдер үшін де, сондай-ақ оларды қабылдаушы елдер үшін де көкейкесті сипатта болып отыр. Мүдделердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы жемісті ынтымақтастық дәл осы салаларда болуы мүмкін.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін халықаралық іс-тәжірибе өзінің білікті мамандарының еңбек нарығын қалыптастыруында жақсы үлгі бола алады. Бүкіл әлемдегі жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің қоғамдастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап шығу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көші-қон үдерістерін және олардың Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кезеңдегі дамуына әсерін талдап-зерттеулердің нәтижесінде біз төмендегідей теориялық тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар жасадық:
1. Ұлттық шекаралар арқылы көшіп-қонулар мен нашар дамыған елдерден жақсы дамыған елдерге «ақылды адамдарының кетуі» ХХІ ғасырдың «бетбейнесін» қалыптастыратын негізгі күштердің бірі болады. Бұның ең кемінде үш себебі бар. Біріншіден, көші-қон (мигранттарды қабылдайтын) өндірісі дамыған елдердің де, сондай-ақ (мигранттарды жөнелтетін) нашар дамыған елдердің де демографиялық сипаттарын күрт өзгертетін болады. Екіншіден, жоғары білікті жұмысшылардың нашар дамыған елдерден кетуі табысы төмен елдерге де, сондай-ақ қабылдаушы елдерге де өз әсерін тигізетін болады. Үшіншіден, халықаралық диаспоралар орасан зор, әрі ықпалды іскерлік әлеуетке ие.
2. Ғалым экономистердің көзқарастарының эволюциясы халықтың көші-қонының мәнін, себептерін, факторларын, заңды байланыстарын анықтау жолымен дамыды. Бұлардың бәрі көші-қон үдерістерінің негізінде ең алдымен экономиканың дамуының қажеттіліктерімен шартталған заңдылықтар жатқандығын анықтауға мүмкіндік берді. Адамдардың өз өмір сүру жағдаяттарын жақсартуға тырысуы халықтың көші-қонының заңдылықтарының бірі болып отыр, сондай-ақ ол адамдардың өздері қалаған әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуінің көрінісі болып табылады. Халықтың қозғалысына, едәуір дәрежеде экономиканың дамуымен байланысты болған, мемлекеттік-саяси факторлардың әсері де болады, дегенмен, белгілі бір тарихи кезеңдерде бұл фактор дербес функциональдық мәнге ие болады.
3. Халықтың көші-қоны өзінің функциональдық мазмұны тұрғысынан қарастырылған кезде заңды байланыстарды және өзара тәуелділіктерді бейнелейтін күрделі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде көрініс табады. Ол өмірлік іс-әрекеттің көптеген жәйттерімен тәуелділенген қоғамдық дамудың бір мезетте әрі құралы, әрі факторы болып табылады. Бұндай жәйттер әлеуметтік-экономикалық қатынастар, мигранттарды еңбектік және физиологиялық бейімдеудің мәселелері, қоныс аударушы халықтың демограифялық құрылымының ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік-мәдени және этникалық ортаға енуінің жағдаяттары. Халықтың көші-қонының үдерісінде туындайтын қарым-қатынастардың күрделі жүйесін талдап-зерттеулер оны басқарудың механизмдерін жасап шығу мақсатымен осы құбылыстың ерекшеліктерді анықтауға, сыртқы хаостың астарынан оған тән болған заңды үрдістерін ашуға мүмкіндік береді.
4. Еңбек мигранттарының санының өсуіне көптеген әрқилы, сонымен қатар өзара тәуелді факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін, сондай-ақ оның еңбек нарығына және тұтастай алғанда бүкіл экономикаға әсерін білу көші-қон стратегиясын жасап шығу үшін өте маңызды.
5. Білікті жұмысшылардың нарығы негізінен стихиялы түрде қалыптасады және көп жағдайларда қабылдаушы және жөнелтуші елдердің мүдделеріне бірдей дәрежеде жауап бере алмайды. Бұл нарықты өркениетті ету үшін әлеуметтік әділдікке, жөнелтуші және қабылдаушы елдердің өзара пайдалылығы және халықаралық серіктестігі ұстанымдарына негізделген таза нарықтық механизмдердің жеткіліксіз екендігі айқын болып отыр. Сонымен қатар, келісімделген іс-әрекеттің шеңберінде жөнелтуші және қабылдаушы елдер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жүзеге асыруы тиіс осы нарықты реттеуші ойластырылған әрекеттер де қажет.
6. Көші-қон үдерістерін басқару стратегиясының келешегін бағалай отырып, одан жақын арада аса зор нәтижелер күтудің қажеті де жоқ шығар. Көп жағдайда сыртқы шараларға бір жағынан ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы және еңбек нарығы мәселелерінің шиеленісуі сияқты, ал екінші жағынан шетелге қоныс аударуға және дамыған елдермен байланысты кеңейтуге қажетті шығындардың өсуі тәрізді үдерістер қоса қабаттасып жүріп отырады. Еңбек күші шамадан тыс көп елдердің дамуын ынталандыру, тіпті, оның шеңберінде жүргізілген шаралар әлеуметтік әділеттілік, қоршаған ортаны қорғау, адам құқықтарын сақтау және т.б. талаптарына толықтай жауап бергеніне қарамастан, қысқа мерзімдік кезеңде халықтың көші-қондық жылжымалылығының өсуіне алып келеді. Сол себепті де жақын онжылдықтар ішінде батыс елдеріне сыртқы шаралардың қаржылық ауыртпалығы және көші-қондық қысымының ұлғая түсуі сияқты екі жүктеме түсетін тәрізді. Дегенмен, мигранттарды жөнелтуші және қабылдаушы елдердің мұқтаждықтары мен мүмкіндіктері, мүдделері өзара есепке алынған жағдайда, олар бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда көші-қон үдерістерін басқару орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешекте біршама тиімді нәтижелер беруі мүмкін.
7. Этникалық көші-қон және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз да өркендеуі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени реңк беріп қана қоймай, көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күшіне айналуы да мүмкін. Сонымен бір мезетте көші-қонның өз бизнесін ашу, дәулетінің деңгейін көтеру сияқты экономикалық себептері бұрын да, алдағы кезеңде де негізгі қозғаушы күш бола бермек. Этникалық бизнес жеке этникалық азшылықтардың қандайда бір іс-әрекет түріне бейімділігінің және мигранттардың басқа мәдени-әлеуметтік ортада өмір сүруге сәтті бейімделуінің үйлесімінің нәтижесі.
8. Біздің Қазақстан Республикасы халқының көші-қонының себептерін факторлық талдап-зерделеуіміз сыртқы көші-қонның дамуына тарихи-этникалық факторлардың, ал ішкі көші-қонның дамуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың басты себеп болып отырғандығы жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
9. Сыртқы көші-қон Қазақстан Республикасы халқының демографиялық сипаттамаларын өзгерткен негізгі фактор болып табылады. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі көші-қон үдерістерін талдап-зерттеулер 1990 жылдардың бас кезінде барынша күшейіп кеткен көші-қондық шығындардың қарқыны бірте-бірте азайғандығын, көші-қон үдерістерінің тұрақтанып келе жатқанын көрсетті. Алдағы кезеңде көші-қондық жағдайдың жақсаруы экономикадағы табысты өркендеудің болуына және қоғамдық-саяси өмірдің тұрақтылығына байланысты болмақ.
10. Қазақстанның дамушы аудандарындағы құрылымдық реформалардың тереңдеуі, экономиканың жан-жақтылануы, оның өркендеуінің ішкі көздерінің нығаюы халықтың өмір сүруге біршама қолайлы аумақтар мен жерлерге тиімді қайта қоныстануын қамтамасыз етеді.
11. Қазақстанның облыстарының аудандары көлемінде ішкі-көші-қонның ағындарын талдап-зерттеулер соңғы жылдарда ауыл тұрғындарының қалаларға қоныс аудару үрдістерінің сақталып отырғандығын көрсетуде. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының ауыл халқының көші-қондық жағдайлары, олардың едәуір жылжымалылығымен сипатталып отыр, бұл өз кезегінде еңбек нарығының дамуына, сондай-ақ елдің демографиялық параметрлеріне әсерін тигізеді.
12. Біздің белгілі бір индикаторлар бойынша болжам жасауымыз елдің халқының тұтастай алғанда бірте-бірте өсетінін, 2030 жылдың бас кезіне қарай 19,8-20,9 миллион адамға, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамға дейін көбеятінін көрсетіп отыр. Бұл болжам қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жағдайдан туындайтын пассив болжам емес. Ол бойынша белсенді демографиялық және көші-қондық саясатты жасап шығу және жүзеге асыру бойынша үлкен көлемдегі жұмыстар атқарылуы тиіс. Тек сол жағдайда ғана біз болжамданып отырған нәтижеге қол жеткіземіз, ал Қазақстан болса БҰҰ-ның мамандары алдын ала болжамдап отырған халық санының азаюы қаупінен құтылып, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз етеді.
13. Тұтас, барлық бағыттарда кеңейтілген ауыл халқына білім беру жүйесін жасап шығу біздің пікірімізше, тірек базаға айналуы мүмкін, елдегі халықтың көші-қонының белгілі бір проблемаларын шешіп, жастардың ауылды жердерде тұрақтап қалуына көмектесуі мүмкін, ол жерде жастар аға ұрпақтың басшылығымен, уақыт өте келе Қазақстанның ұлттық ауылшаруашылық өндірісін дамытудың жоғары білікті маманданған еңбек ресурстарына айналуы және оның тәуелсіз мемлекет ретіндегі ұлттық-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін.
14. Көші-қон үдерістері тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына жақсы да, жаман да әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, жаман әсерлері басымырақ болады. Айталық, көші-қонның нәтижесінде Қазақстан экономикасына келген жалпы шығын ондаған миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Көші-қонның нәтижесінде едәуір қаржылық шығындар, білікті жұмысшы күшінің азаюы және соның салдарынан еңбек ресурстары сапасының төмендеуі, зияткерлік әлеуеттің шетелге кетуі, жаңа мамандарды дайындауға орасан зор шығынның кететіндігі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіріп тұр.
Дегенмен, экономиканың өркендеуі және елдің еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы, жалпы алғанда, көші-қон үдерістерінің теріс салдарларын едәуір азайтады.
15. Қазақстан Республикасында сыртқы көші-қонды реттеу бойынша белгілі бір мемлекеттік саясат қалыптасты, бұл саясатты жүзеге асыру көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету біріншіден, жалпы алғанда, елдің және оның азаматтарының қауіпсіздігі, сондай-ақ салық төлеушілердің жағдайының жақсаруының, экономиканың өркендеуінің маңызды факторларының бірі; екіншіден, сапалы иммиграцияның қолайлы шарттарын жасау екендігін дәлелдеп отыр.
Біздің пікірімізше, қазіргі қолданыстағы саясаттың сыртқы көші-қонды реттеу саласындағы теріс тұстардың бірі жеке мәселелерді, соның ішінде еңбек иммигранттарының, әсіресе заңсыз иммигранттардың құқықтарын сақтау мәселелерінің жеткіліксіз дайындалып шығуы болып отыр. Осы мәселенің оң шешімін табуы республикадағы демократияның жан-жақты дамуына ықпалын тигізері сөзсіз.
16. Қазіргі кездері әлсін-әлсін дайындалып-жасалып жатқан халықты республикалық және облыстық деңгейде жұмыспен қамту бағдарламалары еңбек нарығындағы жағдайды реттеудің және халықтың республика ішіндегі қозғалысын тұрақтандырудың басты факторы экономикалық дамудың нарықтық перспективаларының бар болуы екендігін көрсетіп отыр. Еңбек ресурстарын қайта қалпына келтірумен және еңбекке қабілетті халықтың жұмыс орындарына сұранысымен теңгермеленген еңбекті пайдалану саласын кеңейту міндеттері, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға қажетті материалдық ресурстардың қалыптастырылуы осы негізде шешілуі тиіс.
17. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін халықаралық іс-тәжірибе өзінің білікті мамандарының еңбек нарығын қалыптастыруында жақсы үлгі бола алады. Бүкіл әлемдегі жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің қоғамдастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап шығу қажет.
Ғылыми кадрларды және жоғары білікті мамандардың шетелге кетуіне байланысты жағдайды тек түбегейлі шаралар: саяси және экономикалық тұрақтылық, ғылым мен инновациялық іс-әрекетке қаржы салуға арналған ресурстарды жинақтау ғана шеше алады.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Монография:
1 Нарық экономикасы жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы. Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2006. 203 б.
Оқу-әдістемелік басылымдар:
2 Еңбек нарығы экономикасы. Алматы: КазНАУ, 2004 ж. 37 б.
3 Менеджмент. Алматы: КазНАУ, 2006г. 67 б. (Авторлықпен Аманчиева А.Р.).
4 Менеджмент и организация агробизнеса. Типовая учебная программа. Алматы: КазНАУ, 2003 г. (в авторском коллективе).
5 Экономика и менеджмент. Типовая учебная программа, для магистрантов. Алматы: КазНАУ (в соавторстве)
Мақалалар:
а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті басылымға рұхсат етілген
6 Көшіп келушілердің бейімделу жолдарын жақсарту. Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №4 (6), 2007 ж. 111 б.
7 Сыртқы көшіп қонуды мемлекеттік реттеу. Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №2 (4), 2007 ж. 16 б.
8 Әлеуметтік салаға көшіп - қонудың әсері. - Алматы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ізденістер, нәтижелер №1, 2007 ж. 202 б.
9 Совершенствование менеджмента и его влияние на стабилизацию миграционных процессов в Казахстане.Алматы: Ізденіс №2(1), 2007 ж.47 б.
10 Иммиграцияның еңбек нарығына әсері. Алматы: Аграрлық нарық проблемалары №2, 2006 ж. 100 б.
11 Развитие рынка труда в сельхозпроизводстве и его значение для стабилизации миграционных процессов Казахстана.- Алматы: Экономика и статистика №1, 2006 ж. 41 б.
12 Көші-қон үдерісінің отандық экономикаға әсер етуінің кейбір мәселелері. Алматы: Статистика, учет и аудит №2(23), 2006 ж. 21 б.
13 Сыртқы сауданы либералдандыру эмиграцияны азайту. Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №4(43), 2006 ж. 152 б.
14 Анализ потоков внутренней миграции сельского населения в республике Казахстан за годы суверенного развития. Алмыты: Казахский национальный аграрный университет, Исследования, результаты №4, 2005 г. 165 с. (Соавтор Э.Х. Синицына).
15 Влияния миграционных процессов на развитие трудового потенциала Республики казхастан и его сельхозпроизводство. Алматы: Поиск №4, 2005 г. 90 с.
16 Миграционные процессы и безработица в Казахстане. Алматы: Проблемы агрорынка №4, 2005 г. 87.
17 Развитие малого предпринимательства в сельскохозяйственном производстве Казахстана источник стабилизации миграционных процессов в стране. Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №9, 2005 г. 188 с.
ә) Шет ел басылымдарында:
18 Закономерности формирования человеческого капитала, и их влияние на миграционные процессы. Бишкек: Кыргызский Государственный университет им. И. Арабаева №6, 2006 г. 223 с.
19 Теоретические основы развития или стабилизации миграционных процессов. Бишкек: Кыргызский Государственный университет им. И. Арабаева №6, 2006 г. 226 с.
20 О необходимости использования рыночных механизмов в управлении потоками внутренней миграции. Бишкек: Международная научно-практическая конференция, 2007 г. 185 с.
б) Басқа мерзімдік баспалар мен ғылыми еңбектер жинақтарындағы жарияланғандар:
21 Проблемы улучшения системы управления аграрным производством. Астана: Вестник науки №3, КазАУ им. С.Сейфуллина, 2004 г. 174 с. (Соавтор Ж. Сулейменов).
22 Некотрые проблемы повышения эффективности зерна. Астана: Вестник науки №4, КазАу им. С.Сейфуллина, 2004 г. 166 с. (Соавтор Ж. Сулейменов).
23 Ауыл және жас маман. Алматы: Халықаралық конференцияның материалдары, 2004 ж. 56 б.
24 Социально-экономические проблемы стабилизации миграционных процессов. Алматы: Основы экономики №2, 2007 г. 11 с. (Соавтор Ш. Альпеисова).
25 Білікті мамандардың тұрақтамауы. Алматы: Жаршы №3(170), 2007 ж. 13 б.
26 Көшіп қонудың демографиялық өзгеріске әсері. Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2007 ж. 117 б.
27 Анализ миграционной ситуации сельского населения в Республике Казахстан. Алматы: Экономика негіздері №4, 2007 ж. -20 б.
28 Проблемы экономического образования. Алматы: Основы экономики № 2, 2006 г. 23 с. (Соавтор Г. Юльчиева).
29 Әлеуметтік салаға көшіп-қонудың әсері. Алматы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2006 ж.
30 Иммиграция және өндіріс. Алматы: Экономика негіздері №6, 2006 ж. 17 б.
31 Внутренняя миграция сельского населения РК. Алматы: Основы экономики №3, 2006 г. 21с.
32 Совершенствование механизма сокращения безработицы фактор положительного влияния на миграционные процессы в Казахстане. Алматы: Международный научный симпозиум, 414 с.
33 Ауыл жастарының келешегі. Алматы: Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 2005 ж. - 23 б.
34 Ауылдағы жұмыссыздық Алматы: Халықаралық конференцияның материалдары, 2004 ж. - 106 б.
35 Еңбек ресурсы - әлеуметтік экономикалық категория. Алматы: Жаршы №6, 2003 ж. 9 б. (Б.Қ. Жұмақанов).
36 Ауылдағы әлеуметтік жағдай. Алматы: Халықаралық конференциясының материалдары, 2003 ж. 164 б. (Э.Ә. Ақтөреева).
37 Теоретические аспекты возникновения миграционных процессов в Казахстане. Алматы: Материалы Международной научно-практической конференции, 2007 г. 385 с.
РЕЗЮМЕ
Мухаммедов Абу Уринбасарович
Экономические проблемы государственного регулирования миграции населения
Диссертация представлена на соискание ученой степени доктора экономических наук по специальности: 08.00.05 Экономика и управление народным хозяйством.
Объектом диссертационного исследования является социально-экономическое развитие Республики Казахстан в современных условиях постсоциалистического периода.
Предметом исследования являются миграционные процессы, развивающиеся в современном Казахстане.
Основной целью данного диссертационного исследования является комплексное изучение теоретических и прикладных проблем влияния миграции на экономику, ее сущности, причин и последствий для развития общества в рыночных условиях, исследование теоретико-методологических подходов выбора предпочтительного режима экономической политики в целях ее регулирования.
Методологическая основа исследования. В качестве исходной основы послужили теоретические положения, разработанные мировой экономической наукой, а также труды ученых-экономистов стран СНГ и дальнего зарубежья.
Отправной точкой данного исследования служит гипотеза о том, что экономика Республики Казахстан, ранее входившей в социалистический блок превратился в рыночную. При этом для достижения поставленной цели и решения главных задач диссертационного исследования в качестве основополагающего было принято положение, что миграция сложное социально-экономическое явление, требующее комплексного научного анализа. При его исследовании очеувидна необходимость сочетания разных научных подходов, в том числе с использованием статстических и динамических методов системного, сравнительного и факторного анализов. Кроме того, в методологическом инстркментарии исследованиям влияния миграционных процессов на экономику значительная роль пренадлежит системно-генетическому подходу, позволяющему проанализировать проблему через взаимосвязь и взаимодействие целого и элементов системы «экономика общество - человек». Широко использовались не только общеизвестные приемы экономических исследований и общенаучные методы познания, но и структурно-деятельностный подход, позволивший рассмотреть проблему в динамике. Все это, на наш взгляд, позволило обеспечитьдостоверность результатов диссертационного исследования и обоснованность выводов.
Научные результаты, полученные соискателем в ходе исследования (основные положения, выносимые на защиту).
1. Представлен механизм взаимосвязи и взаимообусловленности роста и развития миграционных процессов, с состоянием экономики, ее институциональной структурой, социально-экономическим положением страны, а также с проблемами человека, его рационального выбора в соотвествующих условиях.
2. На основе исследования многоаспектного и крайне сложного характера структуры, выявлены природа и сущность миграции населения, показаны социально-экономические последствия ее развития для стран, находящихся в процессе трансформации.
3. Показано, что в постсоветской рыночной экономике на условия, способствующие вовлечению человека в миграционные процессы влияют неразвитость демократических и рыночных институтов, степень прозрачности и сложности миграционного законодательства, низкий уровень оплаты труда, низкое качество оказываемых государством услуг.
4. Доказанно, что закономерности мировой экономики и соответсвующие им макроэкономические тенденции явились мощным катализатором роста эмиграции высококвалифицированных кадров в таких осуществляющих реформы странах, как Республика Казахстан.
5. Аргументирована необходимость пересмотра задач и критериев миграционной и экономической политики по регулированию миграционных процессов. Частью экономической политики должны стать меры по созданию отечественного рынка квалифицированного труда.
Практическая значимость результатов исследования.
Полученные в работе результаты диссертационного исследования могут быть использованы в дальнейшей разработке проблем влияния миграционных процессов на экономику и концепций миграционных стратегий, как среднесрочного, так и долгосрочного характера. Концептуальный анализ противоречий и проблем становления полнеценной рыночной экономики, связанных с развитием рынка квалифицированного труда, могут помочь в дальнейших научных и практических разработках экономической теории. И, наконец, полученные в ходе исследования результаты, прежде всего, связаны с вахными теоритическими положениями которые вносят новизну в понимание характера, роли и последствий миграции населения в процессе перехода к полноценным рыночным отношениям.
SUMMARY
Mukhamedov Abu Orynbasaruly
“The Economic Issues of the State Regulation of Populations Migration”
Specialty: 08.00.05 - Economics and national economy administration
The object of the research work is the current social-economic development of the Republic of Kazakhstan after the socialist epoch.
The topic of the research is the modern development of migration tendencies in Kazakhstan.
The methodological bases of the research. The theoretical definitions of the World Economics Science and the works of CIS, near and far foreign countries researchers have been the basis for the given research.
The source of the work has been the prognosis that the economy of the ex-socialist country - Kazakhstan transferred into market-oriented economy. It is based on the assumption that the complex social - economic notion, which needs the systematic analysis of migration, is the very way to achieve the aims and objectives of the paper.
While researching migration, the harmony of various scientific viewpoints, including statistic and dynamic methods, comparative and factor analyses should be taken into consideration. Besides, the investigation of the influence of migration processes on the economy requires much attention to the systematic-genetic analysis of the interaction of economy-society-man. Along with well-known economic research methods, the structural-action method has been also widely applied, which enables to consider the matters in their dynamics. In our opinions, all these facts give the full basis to consider the research results and statements completely original and well-based.
The scientific results taken by the researcher.
While investigating the topic, the following results have been received in this work:
The practical significance of the research results.
The research results can be applied in addressing the issues of the influence of migration processes on economy and in planning an average-term and long-term strategies of migration. In-deep research of the contradictions and problems in the formation of a market oriented economy can make an important contribution to the improvement of economic theory, particularly, in working out the scientific-practical issues of economic theory. Finally, research results are theoretically well-based assumptions that give an opportunity to understand the character, specific features, role and consequences of populations migration during the transformation into market relations in a new way.
ХКҚ жалпы факторлары
Эконономикалық
Әлеуметтік
Табиғи климаттық
Этникалық
Демографикалық
Моралды психологиялық
Халықаралық білім беру бағдарламалары
Бір қатар елдердің жан басына шаққандағы табысы, экономикалық жағдайы, әлеуметтік өмір сұру деңгейі
БСҰ және оның іс-әрекетінің үдерісі
Жұмысшылардың қозғалуы
ет елде білім алу
Жаһанданудағы еңбек нарқының мамандануы
ТҰК және оның сұранымы: жұмыс бабында карьералық өсудегі білімді пайдалануы
Халықаралық ұйымдар (ХҰҚҚ, ХҰЕ, БҰҰ)
Елдер арасындағы бәсекелестік және мамандар ұшін күрес
Мемлекеттердің аймақтық бірігуі, заңдар, мөлшерлер (нормативы), талаптар
Ғылыми-техникалыќ прогресс, мамандарға қажеттілік
Көші-қонның деңгейі, мың адам
(1999-2011) жылдар