У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лекция 8 ~~ралжабды~тар мен техникалы~ прогресс статистикасы Жабды~тар статистикасы Техникалы

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 3.2.2025

Лекция 8

Құрал-жабдықтар мен техникалық прогресс статистикасы

  1.  Жабдықтар статистикасы
  2.  Техникалық прогресс

1-сұрақ.  Машиналар мен жабдықтар - өнім өндіруге тікелей қатысатын негізгі капиталдың белсенді бөлігі. Құрал-жабдықтарды екі топқа бөледі:

1) өндірістік жабдықтар

2) энергетикалық жабдықтар

Өндірістік жабдықтар деп өнім өндіру процесінде еңбек затына тікелей әсер еентіту үшін қолданылатын еңбек құралдарын айтады.

Энергетикалық жабдықтар деп әр түрлі энергияны өндіру немесе энергияны бір түрінен екінші түрге айналдыру үшін қолданылатын еңбек құралдарын айтады (электоренератор, бу қазандары, т.б.).  

Жабдықтарды есепке алғанда олардың қуаттары анықталады.

Жабдық қуаты деп бір уақыт бірлігінде жабдықтың белгілі бір жұмысты істей алу қабілетін айтады.

Жабдық қуаты әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады. Мысалы,  бірлік уақытта өндірілетін өнім көлемі, бірлік уақытта өңделетін шикізат мөлшері, т.б.

Энергетикалық жабдық қуаты деп бірлік уақытта өндірілген немесе пайдаланылған энергия мөлшерін айтады.

Жабдықтарды пайдалану тиімділігін талдағанда әр түрлі көрсеткіштер қолданылады:

  1.  Жұмыс істейтін жабдықтар саны бойынша анықталған жабдықтарды пайдалану көрсеткіштері:
  2.  жабдықтардың жалпы санындағы жұмысқа қатысқан жабдықтар үлесі;
  3.  орнатылған жабдықтардың жалпы санындағы жұмыс істеген жабдықтар саны.
  4.  Уақытқа байланысты анықталған жабдықтарды пайдалану көрсеткіштері:
  5.  ауысымдылық коэффициенттері;
  6.  экстенсивті жүктеме коэффициенті

Ауысымдылық коэффициенті жабдықтың тәулік ішінде неше ауысымда қолданылғанын көрсетеді.

Экстенсивті жүктеме коэффициенті жабдықтың нақты жұмыс істеген уақытын календарлық немесе табельдік қорға қатынасы арқылы анықтайды.

  1.  Жабдықтарды қуаты бойынша қолдану көрсеткіші болып интенсивті жүктеме коэффициенті саналады.

мұндағы   – жабдықтың нақты қуатының орташасы

– жабдықтың потенциалды (әлеуетті) қуаты

Кәсіпорынның өндірістік әлеуетінің қорытынды көрсеткіші болып өндірістік қуат көрсеткіші саналады.

(бөлшектің бөлімі өндіріс көлемі толық қолданылғанда шығарылатын өнім көлемін көрсетеді).

2-сұрақ. Ғылыми-техникалық прогресс – ғылымның, техниканың, өндірістің даму процесі. Бұл процесті шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады:

  1.  ғылыми ізденістер, әзірлемелер
  2.  қолданбалы ғылымиізденістер, жобалау жұмыстары
  3.  ғылым мен техника жетістіктері негізінде өндірістің дамуы

ХХ ғасырдың соңында индустриялы қоғамнан постиндустриялы қоғамға өту басталды. Бұл кезеңде микроэлектроника, информатика, биотехнология, энергияны үнемдейтін технология сияқты салалардың басымдылығы жоғары болды. Осы кезеңде құжат түріндегі техникалық білім (формула, схема), өндірістік тәжірибе, өндірістік дағды, технологиялық және коммерциялық ақпарат «ноу-хау» деп аталды (өндіріс құпиясы).

Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары:

  1.  өндірісті кешенді түрде механизациялау, автоматизациялау;
  2.  өндірісті химияландыру (өндірісте химиялық шикізатты,

материалдарды қолдану )

  1.  өнеркәсіпті электрлендіру
  2.  шаруашылық әрекеттерді ақпараттандыру.

Ғылыми-техникалық прогрестің көрсеткіштері:

  1.  патенттер
  2.  автор құқығы
  3.  өнертапқыштық белсенділігі
  4.  алдыңғы қатарлы өндірістік технологияны қолдану дәрежесі
  5.  сатып алынған немесе берілген технология
  6.  ғылыми  зерттеу жұмыстарының көлемі
  7.  сертификацияланған өнім көлемі
  8.  инновациялық әрекеттен алынған пайда көлемі
  9.  инновациялық белсенділік деңгейі
  10.  зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар
  11.  технологиялық инновацияға жұмсалған шығындар.



1. УФИМСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НЕФТЯНОЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ Кафедра Бурение и нефтяных и газовых с
2. Команды мостика в различных ситуациях.
3.  Понятие и типология конфликтов Конфликт ~ это сложное многомерное многоуровневое социальнопсихолог
4. Реферат- Партийное политическое лидерство
5. магазин это магазин магазинов
6. Армения Историческая справка
7. Тема 4 Влияние в процессе взаимодействия в деловом общении.
8. Тема 27. Екзистенціальна філософія її основні напрями
9. педагогической компетенции в процессе совместной деятельности классного руководителя и родителей
10. вариант- Технологический процесс изготовления поковок включает в себя следующие операции- I ~ резка пру