Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Тақырып 6. Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұргызу технологиясы.
6.1.Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұрғызу жөніндегі жалпы ереже. Бүгінде ипдустриалды әдістерді қолдану арқылы тұтас құймалы темірбетондардан құрылыс жүргізу толық құрастырмалы ірі панельді үй құрылыстарын толықтыра түсетін, тұрғын үй-азаматтық құрылысты одан әрі индустриаландыру бағыттарының біріне айналды.
Қазір көпқабатты үймереттерді тұрғызуда негізінен шегендеп бекіту жүйелерін пайдаланудың конструкторлық-технологиялық белгілерімен ерекшеленетін үш негізгі технологиялық тәсілі қалыптасқан. Олар мынадай: үймереттерді сырғымалы қалыппен тұрғызу; ірі қалқанды және блокты-қалқанды қалыптармен тұрғызу; көлемдік-ауыстрымалы (төннелді) қалыппен салу.
Тұтас құйма бетондардан қабаты аз құрылыстарды салған кезде ұсақ қалқанды және ірі қалқанды қалыптар қолданылады.
Сырғымалы қалыппен қаңқасыз конструкциялық схемалы тұтас құймалы үймереттер тұрғызылады (қабаттары жоғары, ішкі және сыртқы қабырғалары бойлата салынған, біртұтас жоспарлы әрі күрделі пластикалық көлемді, мұнара үлгісінде болады), сондай-ақ тұтас құймалы немесе құрастырмалы үй құрылысының өзге технологиялық тәсілдері үйлестірілген тұтас құймалы ядросы қатқыл құрылыстар салынады.
Сөз орайында тұтас кұйма үй құрылыстарында, әсіресе кеуекті толтырғыштарда жаңа тиімді бетондарды пайдалану арқылы үймереттерді тұрғызудың түрлі технологиялық тәсілдерін үйлестіріп отыру қажет екендегін атап өтуіміз керек. Тұтас қүймалы құрылыста тұтас құйма түзілістер мен ғимараттарды түрғызу барысында материал сыйымдылығын, еңбек және энергия шығынын азайту, тасымал шығынын кеміту, сондай-ақ құрылыс мерзімін қысқарту есебінен жеңіл бетонды қолданудың эко номикалық тиімділігіне қол жеткізіледі.
Жеңіл бетонды қолдану тұтас құймалы түзілістердің салмағы (тұрақты күш түсуін) едәуір кемітуге мүмкіндік береді, осының өзі іргетасқа түсетін күшті кемітеді, ал ол іргетастың көлемін кішірейтуге, қадалы іргетастың қада санын азайтуға көмегін тигізеді. Жеңіл бетоннан жасалған қондырғы жылуды болмашы мөлшерде өткізетіндіктен қоршайтын түзілістердің қалыңдығын жұқартып, бу-жылу жүйесі қондырғысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Шетел және отандық зерттеулер мәліметтеріне қарағанда жеңіл бетоннан құйылған тұтас құймалы қоршағыш түзілістер 1 шаршы метр қабырғанын өзіндік құнын 812 процентке кемітетін көрінеді.
Ауыр бетонды жеңілімен алмастыру қалыптардың материалдық сыймдылығын азайтуға да мүмкіндік береді. Жеңіл бетон қосласының тығыздығының аз боп келуі және оның бүйірдегі қысымының кемдігі қалыптардың құрылысын елеулі түрде ықшамдап, салмағын жеңілдетеді.
6.2. Тұтас бетонды үймереттер құрылысының технологиясы. Үймереттерді ауыстырылмалы қалыптарда тұрғызу. Бүгінге дейін тұтас бетонды үйлер салуда іріқалқанды қалыптарда үймереттерді тұрғызу, оныц ішінде құрылысты блокты жүргізу әдісі технологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ең тиімді деп есептеледі.
Іріқалқанды қалыптарды түрлі технологиялық мақсаттарда пайдаланылады, оларды түрлі қабатты үймереттерде және әртүрлі көлемді-жоспарлы құрылымдарда тиімді қолдануға болады (6-сурет)
Үймереттерді көлемді орны ауыстырылатын (төннелді) қалыптарда тұрғызу әдісі де өріс алуда, бұл үзындығы үлкен сотты жоспарлау кұрылымды көп секциялы үймереттерді салғадда өте тиімді.
Көптеген жағдайларда тұтас бетоннан салынатын көпқабатты үйлер ішкі және сыртқы қабықғалардан және күрамалы жабындардан, яғни құрамалы-түтас вариантта тұрғызылады. Тұтас бетонды үйлерде құрамалы жабындарды пайдалану зауыттардан құрамалы темір-бетон панельдерді қатаң реттілікпен жеткізудің және крандарды жинақтау операцняларын да пайдаланудын, қажеттігіне де байланысты. Көлемді-ауыстырылмалы қалыптарда үймереттерді тұрғызу тұтас кабырғалар мен
жабындардан құралатын айқын сортты құрылыммен ерекшеленеді. Үймереттердін, ал-дыңғы жағының бөлектері жабындар мен ішкі қабырғаларды бетондау кезінде қа-лыпты босатып алу үшін әдетте ашык қ а л д ы р ы л а д ы. Одан кейін сыртындағы кұрамалы панельдер ілінеді. Қоршаулар құрамалы панельдерден жинақталады.
Панельді құрылыспен салыстырғанда үймереттерді көлемі ауыстырылмалы қалыптарда тұрғызу құрылыс алаңындағы еңбек сыйымдылығы 2530 процентке артқанда да күрделі қаржыны, құрылыстың құнын және еңбек, сыйымдылығын 20 25 процентке азайтуға мүмкіндік береді.
6.3 Ұймереттерді жылжымалы қалыптарда тұрғызу.Түтас бетонды үймереттер мен ғимараттарды жылжымалы қалыптарда тұрғызу әдісі жоғары дәрежеде ұйымдастырылған кұрылыстың тасқынды жедел процесі деп есептеледі.
Қалыпта бұрышы тік, атап айтқанда кабырға, бағаналар, жабындардың арқалықтары сияқты уймерет элемепттері бетондалады. Биіктігі 11,2 метр, үймереттін, немесе ғимараттың төменгі жағында жиналған қалып бетондау процесіиде үздіксіз жоғары жаққа көтеріліп отырады, ал бұл уақытта оның қабырғаларының аралығына арматура орнатылады және бетон қоспасы салынады (7-сурет).
Кұрылыстың көптеген салаласында кеңінен қолданылуына жол ашылғаң бұл әдістің негізгі артықшылығы қалыптар мен ағаштар көп үнемделеді. Оның үстіне үймереттерді бетондау кезінде қалыптың үздіксіз қозғалуы құрылыс алаңындағы максатты кешенді жұ
мыстарды ұйымдастырудың бастауы ретінде қызмет атқарады және ол жоғары еңбек өнімділігін, жоғары қарқынды жұмысты қамтамасыз ететін жетекші конвейер іспеттес.
Ол тұтас темір-бетоннан зәулім ғимараттар мен ұймереттерді өте қысқа мерзім ішінде салуға мүмкіндік береді.
Бір түрмен салынатын кезкелген үймереттер құрылыстары үшін инвентарлы жылжымалы қалыптарды қолдану ұсынылады. Сондықтан да жылжымалы қалыптармен түрғызылатын үймереттердін, көлемін үйлестіруді жылжымалы қалыптардың құрылысы және үйлестірілуімен байланысты шешу қажет.
6- сурет.
Іріқалқанды қалып:
қалқандарын жинақтауға арналған
мінбелер;
Жаппай күрылыстарда жылжымалы қалыпта жүргізілетін жұмыстар бірқатар объектілерді қамтитындай жеке таскынга бөлінуі керек. Жылжымалы қалыптағы объектілердің тасқынды құрылысы жұмыс күшімен материалдық ресурстарды біркелкі пайдалануға мүмкіндік жасайды, қалыптар мен көтергіш қондырғылардың қажеттігін мейлінше азайтады. Бұл жағдайда жылжымалы қалыптағы жұмыстар жеке тасқындарға: бетондауға, жинақтауға және қалыптарды бөлшектеп, бұзуға бөлінеді. Қалыптағы бір
объектіде бетондау жүргізіліп жатқан кезде, екіншісінде қалып дайындалуы қажет.
Қалыпты және оны көтеретін жабдықтарды құрылыс алаңы-на комплектімен, пайдалануға болатындай қалыпқа жеткізу керек.
7-сурет. Жылжымалы калып конструкциясы:
қалып калқаны; 2 кружала; 3 бұрандалы домкрат; 4~домкрат рамасы;
5 тіреу стержеңі; 6 жұмыс едені; 7 аспалы мінбелер; 8арматура
6.4 Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
Алынбайтын (конструктивті) қалып қарапайым конфигурациялы және үлкен қалыпты қажет ететін тегістіктікте түзілістерді және ғимараттарды бетондауда пайдаланылады. Қалыптың сыртқы қырлары түзілістердің қырларымен бетпе-бет орналастырылады; ішкі тегістіктері түрлі және түзіліс бетонымен берік байланыстыру үшін анкерлі етектері болуы керек.
Алынбайтын қалыптың қажетті катқылдығын және орнықтылығын қамтамасыз ету үшін түзілістің қарама-қарсы қалқандарын бұрағыштармен немесе тартпалармен қосады.
Қалып үшін жұқапарақты материалдарды пайдаланғанда плиталарды үшін тартқыштармен байланыстырылған сыртқы қабатын прогондардың, қадалардың көмегімен бекітеді. Алынбайтын қалыптарды пайдаланғанда түзілістер бетондалғаннан кейін өңдеуді қажет етпейді.
Пневматикалық қалыптау одан әрі эксперименталды зерттеуді, оны тиімді қолданатын салаларды анықтауды және технологиялық регламенттерін жасауды қажет ететін бетондаудын. жаңа технологиялық әдісі болып табылады. Пневматикалық калыптау әдісінің мәні-төселген пневматикалық қалып-тыста плиталарды көлбеу жағдайда бетондау, осыдан кейін тысқа ауа жібереледі және калыпта кұйылған плитаны жобалық жағдайына келтіру.
Мұндай қалылтың орнықтылығын арттыру және бүлінбеуін қамтамасыз ету үшін, оның ішкі тегістігіне бекітіліп, радиусты орналастырылатын вант жүйесі қолданылады. Бетон есепті беріктікке жеткеннен кейін қалып алынады.
6.5. Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.
Ттас және түтас-құрамалы үймереттер қабылданеан түзілістеріне карай ұсаққалқанды, іріқалқанды, блокты, көлемді-ауыстырмалы қалыпта тұрғызылады.
Жабындардың құрамалы панельдері қолданылатын бірсекциялы құрама-тұтас үймереттерді іріқалқанды да, блокты қалыпта да түрғызуға болады. Соңғы жылдары құрамалы-тұтас үймереттерді жоғары көтеретін қалыптарда тұрғызу тәжірибесі де берік орнығуда.
Үйлерде құрамалы злементтерден жасалған қоршаулар, сатының элементтері, санитарлық кабиналар және басқа түзілістер пайдаланылады.
Керамзитбетон үшін ірі толтырғыш ретінде керамзитті қиыршық тас қолданылады. Ұсақ толтырғыш үшін ұсатылған керамзит құмы және кварцті және керамзит құмдары пайдаланылады.
Үймереттерді көлемді-ауыстырмалы калыптарда тұрғызған кезде бетондау қабаттар бойынша жүргізіледі. Әр қабат тәуліктік жұмыс циклына есептелген алымдарға бөлінеді. Жұмыстар төмендегідей тәртіппен атқарылады. Арқалықты қабырғалардың ашық мандайының көлденеңі бойынша жинақтау көтергіштері орнатылады, қалып блоктарының секциялары жинақталады, қабырғалар мен жабындар арматураландырылып, бетондалады.
Бетон белгілі беріктікке жеткеннен кейін секциялар кезекпен рычагты-винтті механизмнің көмегімен тасымалданатындай жағдайға келтіріледі. Сыртқы көтергіштерге дөңгелетіп шығарылып, ол жерден кранмен кезекті қабатты немесе алымды бетондау үшін жаңа жерге орналастырылады. Қалыптың секцияларының орнын теңдестірілген консолды траверстердың көмегімен ауыстыруға болады. Жұмыстар өпдірісінің мұндай әдісі бүкіл үймереттің немесе қабаттын, қораптары бетондалып болғаннан кейін ғана құрамалы сыртқы қабырғалық панелдермен жабылатын «ашық қас бетті» үйлерде қолданылады.
Бұл әдістің мәнісі мынада. Үймереттің арқалық қабырғалары және жабынның негізгі бөлігі құрамалы түзілістерді тек үймереттін сыртқы қабырғалары мен ішкі элементтері үшін ғана қолдана отырып тұтас темірбетоннан көлемді-ауыстырмалы қалыпта тұрғызылады.
Көлемді-ауыстырмалы қалыптың секцияларың ажырату жабындарда қалдырылатын көлемі секциялай арнайы ойықтар арқылы жүргізіледі. Осы мақсатпен мұндай ойықтар қалдырыл-ған жерлерде қалыптың жоғарғы жағынсыз тек блоктары орнатылады.
Жұмыстар төмендегідей тәртіппен атқарылады. Қалып блоктарының секциялары орнатылады, күнібұрын әзірленген қаңқалар мен торлардан арматураландыру жұмыстары атқарылады. Қабырғалар мен жабындар, оның ішінде ажырату үшін ойықтар қалдырылған қабырғалар да бетондалып, ол қажетті беріктікке жеткеннен кейін қалыптар бетоннан ажыратуды жеңілдететін көмекші құралдар мен түзілістерден қалыптар алынады. Алдымен кранмен жинақтауды айықтарының қабырғаларын құрайтын қалыптың секциялары алынады, одан кейін негізгі қалыптың секциялары домалатылып ойыкқа әкеліп алынады. Бұдац кейін олар кезекті алымға жеткізіледі. Алымдар босатылғаннан кейін ажырату ойықтары құрамалы плиталармен жабылады.
Негізгі әдебиеттер: 4 [151-154;177-194].
Бақылау сұрақтары:
1.Тұтас құйма темірбетонды қолдану арқылы үймереттерді тұрғызу жөніндегі жалпы ереже.
2.Тұтас бетонды үймереттер құрылысының технологиясы. Үймереттерді ауыстырылмалы қалыптарда тұрғызу.
3.Ұймереттерді жылжымалы қалыптарда тұрғызу.
4.Ұймереттерді арнаулы мақсатты қалыптарда тұрғызу.
5.Пневматикалық қалыптан қандай конструкцияларды жасауға болады?.
6.Ұймереттерді тұтас-құрамалы түзілістерден тұрғызу.