Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экология ~ылымыны~ даму тарихы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

1.Экология ғылымының даму тарихы.

Экология (грекше oikos-үй, баспана, Logos-ғылым,ілім) тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым қатынасын немесе тірі озганизмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастағанмен, қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлық сонау адамзат кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамның өзінде ақ адамдар өздерімен бірге қартар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Осылай олар қай аңды қалай ұстау керек екенін, қай жерде ұстау керек екенін білді. Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларындада кездеседі. Мысалы, үнділердің «Махабхарата» жырында табиғаттың дүлей күштеі су тасқыпы мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріліп, 50 ден астам жан жануарлардың аттары аталып, олардың тіршілік етуі туралы сипатталады. Дәл осындай деректер ежелгі дүние ғалымдары Гераклиттің, Гиппократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріліп талданды. Орта ғасырларда табиғатты зерттеу жөніндегі жұмыстар біршама тоқырап қалды.  Өйткені бұл кезде Құдайға құлшылық етуге баса назар аударғандықтан , жаратушыға қарсы шығуға , ол туралы өзінің ой пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді.  Бұл кезең осылай мың жылдай уақытқа созылды.Қайта өрлеу дәуіріндегі географиялық жаңалықтардың ашылуы және бұрын белгісіз болып келген жаңа жерлерге қоныстану, биологиялық ғылымның күрт дамуыны жол ашты.Нақты материалдарды жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналды.XVIII. ғсоңы мен  XIX.ғ басында қоршаған орта құбылысын зерттеушілердің сапы бірте бірте арта түсті.Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық географиялық ірі ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Экология жалпы бүкіл биология ғылымының одан әрі дамуына эволициялық ілімнің негізін салушы ағылшын Дарвин зерттеулерінің маңызы зор. «Экология» ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген неміс ғалымы Э.Геккель (1866ж) экологияға мынандай анықтама берді: Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты, барлық білімдерді жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен әсіресе оның өзімен тікелей және жанама қарым қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу деп түсінеміз.Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның дамуына тікелей байланысты.

2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.

Қазіргі таңда экология ғылымы зерттелетін обьектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады: Аутэкология (грекше autos өзім) жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін өкология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896ж Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды.Аутэкология алдымен организмдердің өлі материядан айырмашылығын : зат алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық т.б қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырылады. Аутэкологияның міндеті: түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға физиологиялық, морфологиялық т.б бейімделуін анықтау. Демэкология (грекше demos халық) немесе популяциялар экологиясы қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтерді қарастырады. Синэкология (грекше syn бірге) немесе қауымдастықтар экологиясы биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларын, олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін және қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді Осы бағыттардың негізінде жаңа, жалпы биосфераның мәселелерін қарастыратын ғаламдық экология, қоғам мен табиғаттың қарым қатынастары мәселелерін қарастыратын әлеуметтік экология сияқты бағыттар пайда болды.

3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.

Экология пәнінің мазмұны: организмдердің бір бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық, биогеоценоздық және биосфералық деңгейде зерттеу болып табылады.Экология ұғымын алғаш рет ғылымда неміс ғалымы Э.Геккель қолданды. Экология пәнінің негізгі міндеті: популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустриализация және урбанизация жағдайында экологиялық процесстер заңдылықтарын ашып, түсініп басқару. Экология пәнінің мақсаты: ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршілік тұрақтылығын сақтау. «Адам-қоғам-табиғат» арасындағы қарым қатынасты үйлестіре отырып ,табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.

4. Экологиялық факторлардың түрлері.

Организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша  әр түрлі. Барлық факторлар шартты түрде үлкен 3топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық және антропогендік немесе антропикалық. Абиотикалық факторлар тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық, атмосфералық, топырақ, гидрологиялық және басқа факторлар жатады. Биотикалық факторлар тірі организмдердің бір бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түр іші және түр аралық болып екіге бөлінеді. Түр іші факторларына демографиялық, этологиялық, бәсекелестік т.б жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер және оң әсерлер жатады. Биотикалық факторларға тікелей- бір организмдердің екінші бір организмдерге әсері және жанама болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді.Кейбір өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар бөлу арқылы әсер етеді. Мұны аллепотия деп атайды. Антропогендік факторлар адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейшп бара жатыр. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болуда. Антропогендік факторлар организмге тікелей(ағаштарды кесу, аң аулау т.б) және жанама әсер ету(ортаның ластануы, су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антропогендік факторларға техногенді(радиация, ластану, құрғату жұмыстары т.б) факторларда жатады.

5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)

Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі жатады. Оптимум ережесі. Кез келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың оптимум аймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмдердің тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін аймақ пессимум аймағы деп аталады.Әрбір организм, түр үшін өзінің оптиум жағдайлары бар. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және құрғақшылықты сұйетін, салқын сүйетін т.б деп бөледі. Белгілі бір факторға қатысты организмдердің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды. Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып, организмдердің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттылық заңында көрсетілген. Мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:Организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды және максималды мәндердің арасында ғана өмір сүре алады.Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді: Эврибионттар(гр eurus кең) факторлардың кең диапазонда тіршілік ете алатын организмдер.Стенобионттар (гр stenos тар) тек белгілі бір орта жағдайларнда ғана тіршілік ететін организмдер.Шектеулі факторлар ережесі бұл ереженің маңыздылығы сол , жеткіліксіз, тапшы немесе мөлшерден көп факторлар өсері организмге теріс әсер етеді. Неміс ғалымы Ю.Либих топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынандай тұжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затқа байланысты. » Бұл принципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын тұжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептейді. Олар микроэлементтер деп аталады. Оларға хлор, йод,натрий т.б жатады.

6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.

Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі(толеранттылығы) деп атайды.Фактордың ең төменгі немесе ең жоғарғы мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы ұғымды ғылымға 1913жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді.Бұл максимум заңында немесе толеранттық заңында көрсетілген.Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды: организмдердің белгілі ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдымдылық(толеранттылық, латынша tolerantia-шыдам,төзім)шектері бар кешенді экологиялық факторларына байланысты.Организм тек осы минималды және максималды мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді.Эврибионттар(грекше eurus-кең) факторлардың кең диапазонда тіршілік ете алатын организмдер.Мысалы,эвритермді түрлер температураның үлкен ауытқуына шыдамды организмдер.Эвригалинді түрлер су тұздылығының үлкен ауытқуына шыдамды организмдер,эврибатты түрлер қысымның қатты ауытқына төзе алатын организмдер,эврифагтар әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер,эвритоптар әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер. Стенобионттар (грекше stenos- тар) тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер.Мысалы,стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер(теңіз маржандары,бахтах), стеногалинді түрлер су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер(ұлу),стенобатты түрлер қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер(риф түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен төмен тіршілік ете алмайды),стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді(жұмыртқа жегіш жыландар),стенотоптар тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады(мысалы,құмды шөлдегі ақ сексеуіл,құм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл) және т.б.

7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы.

Систематикалық классификацияларда организмдер арасында филогенетикалық туыстығы бар, шығу тегі ұқсас болса,экологиялық классификацияларда организмдер арасында ортақ белгілері жоқ.Қоректену түрі бойынша барлық организмдер екі топқа бөлінеді.Автотрофтар (грекше autos-өзім,trophe-қорек) күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық минералды заттардан органикалық заттар синтездейтін организмдер.Бұларға фотосинтез процесі жүретін жасыл өсімдіктер,балдырлар,фотосинтезге қабілетті фототрофтық бактериялар жатады.Автотрофтылар фототрофтылар және хемотрофтылар болып бөлінеді.Фототрофтылар органикалық заттарды синтездеу үшін күн энергиясын пайдаланса,хемотрофтылар химиялық байланыстардың энергиясын пайдаланады. Гетеретрофтар (грекше heteros басқа,trophe қорек) қорек ретінде автотрофтар синтездеген органикалық заттарды пайдаланады.Бұларға жануарлар,саңырауқұлақтар және көптеген микроорганизмдер жатады.Қоректің түріне байланысты гетеретрофтар өсімдіктермен қоректенетін фитофагтарға,жануарлармен қоректенетін зоофагтарға,өлекселермен қоректенетін некрофагтарға,жануарлардың соңғы өнімдерімен қоректенетін копрофагтарға,өсімдіктер шірінділерімен қоректенетін сапрофагтарға және жартылай ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін детритофагтарға бөлінеді.Автотрофты организмдер мен гетеретрофты организмдер бірге қоректік(трофикалық)қатынастармен байланысқан біркелкі биологиялық жүйені құрайды.Қоршаған ортаның жағдайларына байланысты автотрофты да және гетеретрофты да қоректенетін организмдерді (көк жасыл балдырлар,паразит өсімдіктер,жыртқыш өсімдіктер,эвгленалар) миксотрофтылар деп атайды.

8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.

Тіршілік ортасы организмнің өсіп өніп, көбеюіне,ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи,тарихи қалыптасқан орта.кез келген тіршілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде,сол өзгерістерге бейімделіп,өмір сүруін сол өзгерістерге қарай реттеп отырады.жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар,олар:тіршілік алғаш пайда болған су ортасы;кейінне тірі организмдер игерген құрылық әуе және топырақ орталары;сонымен қатар басқа симбионттар мен паразиттер үшін организмдердің өздері де тіршілік ортасы болып саналады.Тірі организмдер үшін әсіресе көруге болатын жарықтың маңызы зор.Жарықтың әсерінен хлорофиллдердің түзілуі және биосферадағы аса маңызды процес фотосинтез жүреді.Күн энергиясының Жер бетіне түсуі жылдық маусымға және тәулік ұзақтығына байланысты.Организмдердің жарықтың тәуліктік ырғағына реакциясы,яғни,тәуліктің жарық және қараңғы мезгіліне ара қатынасы фотопериодизм (грекше photos  жарық,peridos шеңберлі,айналым) деп аталады.Өсімдіктерге жарықтың белсенділігі мен сапасымен қатар,жарықтың ұзақтығы да әсер етеді.Өсімдіктер белсенділігінің тәуліктік және маусымдық режимі осыған байланысты.олардың тіршілік процестерінің маусымдық ырғағы күзде тәуліктің жарық бөлігінің қысқаруымен,көктемде ұзаруымен анықталады.Осыған байланысты организмдерде күннің ұзақтығын сезінетін механизмде қалыптасқан.Фотопериодизм жануарларда да байқалады:жұп құру,түлеу,қысқы ұйқыға кету,миграция,күн ұзақтығына байланысты.

9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.

Жер бетінде жарық режимі әртүрлі.кей жерлерге күн сәулесі көп түсетін болса,ал басқа бір жерлерде жарық мүлдем аз түседі.Сондықтан өсімдіктерде табиғи сұрыпталу процесі кезінде жарықтың әртүрлі жағдайларында өсуге бейімделушіліктері пайда болды.Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі:гелиофиттер жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер.мысалы үшін оларға көптеген шабындық,дала,шөл және шөлейт өсімдіктері,орманның биік ағаштары жатады.Әдетте олардың жапырақтары қалыңдау,мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді.Бұған құрғақ аймақтарда (шөл,дала,саванна) өсетін астық тұқымдастары,амаранттар,алабұта тұқымдасына жататын және т.б. өсімдіктер жатады. Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер.Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық,құсықшөп,жасыл мүктер,плаундар жатады. Факультативті гелиофиттер немесе көлеікеге төзімді өсімдіктер жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы.Оларға жөке,мойыл,бүлдірген және шалғындықта,орман алағқайларында өсетін көптеген өсімдіктер жатады.Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктерін салыстыра отырып олардың анатомиялық,морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары әртүрлі екенін көруге болады.Жануарлар үшін күннің жарығы жасыл өсімдіктердегідей аса қажетті емес.Алайда жануарлар өмірінде жарықтың маңызы орасан зор.Осыған байланысты жануарларды фотофиллдер(жарық сүйгіш) және фотофобтар(көлеңке сүйгіш) деп ажыратады.Жарық жануарлар үшін кеңістікте бағдар алу,көру үшін қажет.жарық арқылы жануарлар сыртқы әлем туралы ақпараттар алып отырады.

10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз.

Температура күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті,тіршілік иелері үшін маңызды экологиялық фактор.Салқын жерде тіршілік ететін организмдерді криофилдер тобына жатқызады.Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды.Организмдегі барлық тіршілік процестерінің уақытша тоқтауын анабиоз деп атайды.Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі:ыстыққа төзімсіз түрлер +30С...+40С температурада зақымданатын организмдер(кейбір балдырлар,суда өсетін гүлді өсімдіктер);ыстыққа төзімді эукариоттар құрғақшылық аймақта өсетін(дала,шөл,саванна) өсімдіктер.Жарты сағат +50С...+60С температураға шыдайды;ыстыққа төзімді прокариоттар термофилді бактериялар мен көк жасыл балдырлардың кейбір түрлері.Ыстық су көздерінде +85С...+90С... температурада тіршілік ете алады.Сондай ақ организмдер денесінің температурасын бірқалыпты ұстап тұруына байланысты пойкилотермді және гомойотермді болып бөлінеді. Пойкилотермді(грекше poikilos әртүрлі, therme жылу) немесе суық қанды организмдердің денесінің температурасы қоршаған орта температурасына байланысты.Бұларға құстар мен сүт қоректілерден басқа организмдер жатады.Көптеген суық қанды организмдерге анабиоз процесі тән.Гомойотермді(грекше homoios  бірдей,therme жылу) немесе жылы қанды организмдердің дене температурасы қоршаған орта температурасына байланысты болмай,үнемі бір қалыпта болады.Пойкилотермді организмдер мен гоиойотермді организмдердің арасын гетеротермді организмдер алып жатырБелсенді кездерде оларда дене температурасы көтеріліп,тыныштық жаңдайда төмендейді.Бұларға кірпі,жарқанат,колибри,сарышұнақ,суыр,аю және т.б жатады.жылдың қолайсыз жағдайларында бұл жануарлар ұйұыға кетеді.

11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.

Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі.Гидатофиттер (грекше hygor-су) көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Гидрофиттер(грекше hygor-су)-жартылай суда,яғни өзен,көл,теңіз жағалауларында,батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер(қамыс,қоға).Гигрофиттер(грекше hygors-ылғалды,сулы,phyton-өсімдік)-ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.Бұларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады.

Мезофиттер(грекше mesos-орташа,аралық)-ылғалдылығы орташа ортаныңөсімдіктері.Бұларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар,ауыл шаруашылық дақылдары мен арам шөптер жатады.Ксерофиттер(грекше    xeros-құрғақ)-құрғақ жерде өсетін өсімдіктер.Ксерофиттер суккуленттер мен склерофиттер болып бөлінеді.Суккуленттер(грекше sukkulentus-жуан,шырынды)-ылғалы тапшы аймақтарда,ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер(сабағы-кактус,сүттіген,жапырағы-алое,агава).Склерофиттер(грекше skleros-қатты)-жапырақтары мен сабақтары қатты,құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Ылғалды режимге байланысты жануарларды үш экологиялық топқа бөледі.Гигрофилдер-ылғал сүйетін,ортаның ылғалдығын қажет ететін жануарлар(масалар,моллюскалар,амфибиялар).Мезофилдер-орташа ылғалдықта тіршілік ететін жануарлардың үлкен тобы. Ксерофилдер-жоғары ылғалдыққа төзбейтін құрғақ сүйгіш жануарлар(түйе,шөл кемірушілері,бауырмен жорғалаушылар).

12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.

Топырақ-литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі.Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады.Қатты бөлшектер сумен және  ауамен қоршалған.Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ.Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар.Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты.Тереңірек,өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр.Оның астында топырақ түзуші-С қабаты орналасқан.Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады.Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен,түстерімен,құрылымымен,морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі.Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады.Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар.Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш топқа бөлінеді.Геобионттар-үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер.олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді(жауын құрттары).Геофилдер-тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта өтетін организмдер(шегірткелер,кейбір қоңыздар).Геоксендер-топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретіндепайдаланатын организмдер(тарақандар,кемірушілер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі.Микрофауна-детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтын топырақ микроорганизмдері.Бұларға жасыл,көк-жасыл балдырлар,бактериялар,саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады.Мезофауна-қозғалғыш,майда жануарлар тобы.Бұларға топырақ нематодтары,жәндіктердің майда личинкалары,кенелер және басқалар жатады.Макрофауна-топырақтағы ірі жәндіктер.Мегафауна-топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер(көртышқандар,жертесерлер).

13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.

Биологиялық процестер мен құбылыстардың сипаты мен белсенділігінің мезгілді тербелісін биологиялық ырғақ деп,ал оны зерттейтін ғылымды хронобиология деп атайды.Тәуліктік ырғақтар бір клеткалы организмдерден бастап адамға дейінгі барлық организмдерге тән.Тәулігінде адамда болатын 100-ден аса физиологиялық қызметтер:ұйықтау және ояу жүру,дене температурасының өзгеруі,жүрек соғуының ырғағы,тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі,несептің химиялық құрамы мен мөлшері т.б бар екендігі белгілі.Жануарлардың ұйықтап және ояу жүруіне байланысты күндізгі және түнгі жануарлар деп екіге бөлінеді.Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарларға үй құстары,көптегенторғайлар,инеліктер,құмырсқалар т.б жатады.Ал түнгі жануарларға-кірпі,жарқанат,жапалақ,тарақандар т.б жатады.Кейбір түрлер күндіз де,түнде де бірқалыпты белсенді тіршілік жасайды.Олардағы мұндай ырғақты полифазалы деп атайды.Тәуліктік цикл түрдің туыла бітетін генетикалық қасиетіне ауысады.Мұндай эндогенді ырғақтарды циркадты деп атайды.Циркадты және тәуліктік ырғақтар уақытты сезінетін организмнің қабілеттілігінің негізінде жатыр.Организмдердің мұндай қабілетін биологиялық сағат деп атайды.Су деңгейінің көтерілу және судың қайтымы ырғақтары.Теңіздің жағасында тіршілік ететін түрлер қоршаған ортаның өте күрделі жағдайында өмір сүреді.Өйткені олардың тіршілігіне жарықтың 24 сағат бойындағы өзгеруіне басқа су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы қосыла әсер етеді.Айына екі рет(жаңа ай туған және ай толған кезде) су деңгейінің көтерілуі ең жоғарғы дәрежеде болады.Жылдық ырғақ-табиғаттағы ерекше құбылыстардың бірі.Жыл бойындағы физикалық  жағдайлардың заңдылықты түрде өзгеріп отыруына көптеген түрлер эволюциялық бейімделген.Олардың маңыздылары-көбеюге,миграцияға және жылдың қолайсыз кездерін өткізуіне байланысты.көптеген түрлердің жылдық ырғақтары эндогенді.Мұндай ырғақтарды цирканды деп атайды.Әсіресе бұл көбею циклында байқалады.Ортаның ұдайы және дәл өзгеріп тұратын факторларының бірі күннің ұзақтығы,тәуліктің жарық және қараңғы кезеңдері алмасуының ырғағы.Жыл уақытын бағдарлауда көптегенорганизмдер үшін осы фактор шешуші болып есептеледі.Организмнің күн ұзақтығының маусымдық өзгеруіне реакциясын фотопериодизм деп атайды.Түн және күн ырғағы организмге қатты әсері бар климаттық өзгерістердің болатыны туралы белгі береді.

14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.

Популяция-тіршілік циклдары,морфологиялық белгілері ұқсас,генефондары ортақ особьтар жиынтығы.Популяция ұғымы латынша populus-халық деген мағынаны білдіреді.Бұл терминді алғаш рет дат генетигі И.Л.Иогансен қолданды.Популяцияда түраралық қарым-қатынастардың барлық формалары кездеседі.Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік байланыстар қатты байқалады.Популяциядағы өзіндік түріші қарым-қатынастары-бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар;әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.Популяциялар құрылымы –бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп,екінші жағынан-ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады.Популяцияның кеңістіктегі құрылымы-популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері.Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты.Жылдың маусымы,популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін.Сондықтан популяция кеңістікте бірқалыпты,кездейсоқ,топтанып орналасады.Популяцияның жыныстық құрылымы-особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы.Популяциядағы жыныстардың  ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша анықталады және оларға орта әсер етеді.Популяцияның генетикалық құрылымы-особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалық әр түрлілігімен сипатталады.Популяция особьтарындағы гендердің жиынтығын генефонд деп,ал бір организмнің хромосомасындағы бүкіл гендердің жиынтығы генотип деп атайды.Генетика тұрғысынан,популяция-генотиптер жиынтығы.Популяцияның жастық құрылымы-особьтардың барлық жас топтарын,оның ішінде организмнің барлық  даму стадиялары мен фазаларын қамтиды.Жануарлар популяциясында 3 экологиялық жасты бөледі:репродуктив алды,репродуктивті және репродуктив соңы.Өсімдіктердің тіршілік циклын 4 кезеңге біріккен 11 жастық күйге бөледі.Особьтың жастық күйі-ортамен белгілі бір қарым-қатынаста болатын онтогенездегі этаптары.

15.Популяцияның этологиялық құрылымы.

Жануарлар мінез-құлқы ерекшеліктерін этология ғылымы зерттейді,яғни,бір популяциядағы особьтардың бір-бірімен қарым-қатынасын популяцияның этологиялық немесе мінез-құлық құрылымы деп атайды.Популяциядағы мінез-құлық түрдің қалай:жеке тіршілік ете ме,әлде топтанып тіршілік ете ме-соған байланысты.Жеке тіршілік ету көптеген түрлерде,бірақ тіршілік циклының кейбір стадияларында ғана кездеседі.”Жеке тіршілік ету көптеген түрлерге тән.Мысалы:сегізаяқ,қант қыз.Түрдің өмір бойы жеке тіршілік етуі табиғатта кездеспейді.Семьялық тіршілік етуде ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар күшті болады.Жануарлардың мұнан да үлкен бірлесіп тіршілік етуі-колониялар,үйірлер,табындар.Олардың негізінде популяциядағы байланыстардың күрделене түсуі жатыр.Колония-жануарлардың бір жерде топтасып тіршілік етуі.Үйір-жануардың уақытша бірігіп тіршілігін жеңілдетуі.Қимыл қозғалыстарын үйлестіру бойынша үйірлер екі топқа бөлінеді:1.Эквипотенциалды,яғни,үйір мүшелерінде айқын доминаттар болмайды.2.Көсемдер бар үйірлер.Табын-үйірлерге қарағанда бір шама ұзақ,тұрақты тіршілік етеді.Топ эффекті-бірге тіршілік ету барысында особьтардың физиологиялық процестердің қалыпты жүріп,өміршеңдігінің артуы.

16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.

Популяция динамикасы популяциядағы  особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлігі.Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: популяцияның сандық мөлшері белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны; популяция тығыздығы белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны;популяциядағы туылу саны белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа особьтар саны;популяциядағы өлу саны белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны;популяция өсімі  популяциядағы особьтардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық; өсу қарқыны белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсм.Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.Әрбір популяциға биотикалық потенциал тән,яғни, белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы особьтардың сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі.Популяциялардың ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз  деп атайды.әрбір жүйенің тіршілік етуі оның құрамы мен құрылымы,ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады.өзін өзі реттеу организмдердің үнемі өзгеріп отыратын  орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі ,ыңғайлануы.популяцияның өзін өзі реттеуі табиғатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады.Бір жағынан,бұл популяция санының өсуіне алып келетінбарлық факторлардың жиынтығын құрайтын биотикалық потенциал,ал екінші жағынан популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы.гомеостаздың түраралық механизміне жыртқыш жемтік,иесі паразит,бәсекелестік қарым қатынастары жатады.

17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.

Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп,қауымдастық немесе биоценоз түзеді.Биоценоз(грекше bios өмір,koinos жалпы,ортақ) бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877жылы неміс зоологы Карлс Мебиус ұсынды.Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес,ретті,бір бірімен байланысқан фитоценоздан(өсімдіктер жиынтығы),зооценоздан(жануарлар жиынтығы),микоценоздан(саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан(микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды.Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан,тірі және өлі бөіктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі.біртекті жағдайлармен сипатталатын,организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік биотоп деп аталады.егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ,онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән,тарихи қалыптасқан организмдер кешені деп қарауға болады.Биоценоз құрылымы көпқырлы,соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін бөліп қарайды.

18)Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы.Доминант және эдификатор түрлер.

Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жамылғысымен өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады.Биоценоздарға организмдер алғаш қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторларға байланысты орналасады.Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін.ол үшін әрбір жеке түр бір біріне кедергі келтірмеуі тиіс.соның биоценоздағы бір көрінісі ярустылық.Ярустылық биоценоздардың биіктігі бойынша жіктелуі.саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі.мысалы,біздің шыршалы ормандарда шырша доминант,сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрлері,құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады.қауымдастықта доминанттар «түрлік негізін» құрайды.алайда барлық доминант түрлербиоценозға әсер ете бермейді.осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастыұ үшін негізінен орта құрайтын,ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады.Мұндай түрлерді эдификатор деп атайды.Биоценоздан эдификатор түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне,бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.Құрлықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып:шыршалы ормандарда шырша,қарағайлы ормандарда қарағай болып табылады.кей жағдайларда жануарлар да эдификаторлар болуы мүмкін.

19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(В.Н.Беклемишев бойынша).

Биоценоздағы түріші және түраралық қатынастарды орыс зоологы В.Н.Беклемишев төрт түрге:трофикалық(қоректік),топикалық,форикалық және фабрикалық деп бөлді.Трофикалық байланыстар бір түр басқа тірі особьтармен,өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен қоректену.ұшып жүрген жәндіктермен қоректенетін құстар,көңмен қоректенетін қоңыздар,өсімдіктер шірнесін жинайтын аралар өздеріне қорек болатын түрлермен тікелей байланысқа түседі.бір түрдің тіршілігі әсерінен тіршілік ортасының физикалық немесе химиялық өзгеруін топикалық байланыстар деп атайды.бір түрдің екінші түрді тіршілік ортасымен қамтамасыз етуі(мысалы,ішкі паразитизм,жануарлар ішіндегі комменсализм) басқа түрлер қоныстанатын немесе басқа түрлер қоныстанудан қашатын субстрат құруы,қоршаған кеңістіктегі жарыққа,ортаның бөлінген соңғы өнімдермен қанығуына,судың,ауаның,температураның өзгеруіне әсері.Бір түрдің басқа түр арқылы таралуы форикалық байланыстар болып табылады.Әдетте таратушылар рөлін жануарлар атқарады.жануарлар арқылы өсімдіктер тозаңдарының,спораларының,тұқымдарының таралуын зоохория,ал майда жәндіктердің таралуын форезия деп атайды.Организмнің өз інін,ұясын саларда басқа түрлердің өлі қалдықтарын пайдалануын фабрикалық байланыстар деп атайды.мысалы,құстар өз ұяларын салу кезінде ағаш бұтақтарын,жануарлар жүндерін,түбіт,қауырсын,шөп,жапырақ және т.б қалдықтарды пайдаланады.

20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.

Биотикалық факторлар бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмге әсері.биотикалық қарым қатнастардың негізгі типтері:бәсекелестік,жыртқыштық,комменсализм,мутуализм,симбиоз,синойкия,паразитизм.Бәсекелестік бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы,т.б ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым қатынастарының көрінісі.Жыртқыштық қорек,аумақ,т.б ресурстар үшін бірін бірі өлтіру,қуу,жеу арқылы көрніс береді.жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым қатынастардың ең жоғарғы формасы.Паразитизм бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалануарқылы тіршілік етуі.Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі.Симбиоз екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір біріне ешбір зиянын тигізбей,керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Комменсализм бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып қған ешбір зиян келтірмеуі.мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген.Мутуализм әр түрге жататын организмдердің бір бріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі.Зоохария жануарлардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы.Аллелопатия организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым қатынас жасау жолы.

21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.

Симбиоз(+,+).Грекше симбиос-бірге тіршілік ету деген мағынаны білдіреді.Симбиоз-екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей,керісінше селбесіп пайдалы тіршілік ету.Мысалы:Саңырауқұлақ пен балдырлардың бірге тіршілік етуі.Саңырауқұлақ пен жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр жүйесі.Түйнекті бактериялар мен бұршақ тұқымдастары тамыр жүйесі.Мутуализм(+,+).Латынша мутуо-өз ара деген мағынаны береді.Мутуализм-әр түрге жататын организмдердің бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету.Мысалы,тақуа шаян мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс.Зоохория(өсімдіктер тұқымдарының жануарлар арқылы таралуы)

22. Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері.

Жыртқыштық(+,-). Жыртқыштық-қорек,аумақ,т.б ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру,қуу,жеу арқылы көрініс береді.Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы..Мысалы:Фитофагтар-өсімдіктер,қасқыр-бұғы,түлкі-тышқан.Паразитизм(+,-). Паразитизм-бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалануарқылы тіршілік ету.Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған.Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі.Мысалы:ішкі және сыртқы паразитизм,кездейсоқ паразитизм.Аменсализм(+,-). Латынша а-емес,менса-тағам дегенді білдіреді.Бір организм үшін пайдалы,екіншісі үшін зиянды қарым-қатынастар.Мысалы:химиялық заттардың әсері(фитонцидтер,антибиотиктер).

23. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды  қатынастар түрлері.

Комменсализм(+,0).Латынша кум-бірге,менса-тағам дегенді білдіреді.Комменсализм-бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеу.Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғаныс ретінде де пайдаланады.Мәселен,ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген.Мысалы үшін ағашта өсетін эпифиттер.Акулалар мен жабысқақ балдырлар.Егер де комменсалдар бір-біріне зиян тигізе бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.Синойкия(+,0).Латынша син-бірге,ойкос-баспана дегенді білдіреді.Бір организм үшін пайдалы,екіншісі үшін немқұрайлы қарым-қатынас.Мысалыға алатын болсақ құстардың ағаштарға ұя салуы.

24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.

«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді.Экологиялық қуыс-абстракты ұғым,бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы.Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады,яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы»,ал қуыс-түрдің «мамандығы».Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды.Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді.Яғни,экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты иелене алмайды.Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек(қорек түрін,тіршілік ету түрін).Әр түрге жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін:фундаментальды және іске асырылған.Фундаментальды қуыс-түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары,ал іске асырылған-түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі.Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.

25.Экологиялық сукцессия,түрлері.

Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады.Бір биоценоздың екінші биоценозбен  жүйелі түрде ауысун экологиялық сукцессия деп атаймыз.Латынша succesion-ауысу деген мағынаны береді.Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді.Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа,одан орманға айналуын келтіруге болады.Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді.Бірінші реттік сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде:лава үстінде,сусымалы құмдарда,жартастарда,тасты жерлерде басталады.Бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың(бактериялар,қыналар) ролі зор.Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бұзып өзгертеді,топырақтың түзілуіне себеп болады.Екінші реттік сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді.Мысалы,өртенген орман,құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында.Екінші реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез немесе баяу жүруі мүмкін.Екінші реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді.

26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.

Биогеоценоз-тіршілік ететін жер бетімен қоса(биотип) тірі организмдер(биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы.»Биогеоценоз» ұғымын 1944жылы академик В.Н.Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді.Бірақ,ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды.Нәтижесінде табиғатта тірі және өлі компоненттер жиынтығы құрылады.Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организмдер қауымдастықтарын биотоп(биоценоз) деп атайды.Биотоп-биоценоздың тіршілік ету ортасы.Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға болады.Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:Продуценттер-өндірушілер,күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотропты организмдер.Консументтер-тұтынушылар,процуденттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияны пайдаланатын гетеретрофты организмдер. Редуценттер-ыдыратушылар,органикалық қалдықтарды ыдыратып,биологиялық зат айналымын аяқтайтын организмдер. Өлі табиғат компоненттері.

27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады.»Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды.Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады.Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады.Экожүйе-зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ,бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады.Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады.Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:Микроэкожүйе(шіріп жатқан ағаш діңі),мезоэкожүйе(орман,көл,батпақ),макроэкожүйе(континент,мұхит),ғаламдық экожүйе(Жер биосферасы).Ю.Одум табиғи экожүйелердің үш түрін бөлді:жер беті(тундра,тайга),тұщы су(көлдер,өзендер),теңіз(ашық мұхит,өзен құйылыстары)экожүйелері.

28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)

Экожүйелердің әрбір трофикалық деңгейдегі таза алғашқы және соңғы өнімдерді құрудың және шығындаудың жылдамдығы әртүрлі.Алайда барлық экожүйелер өнімдер пирамидаларының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі бір сандық ара қатынастары тән.Белгілі бір уақыт ішіндегі өсімдіктердің синтездеген органикалық заттарын қауымдастықтың алғашқы өнімі деп атайды.Белгілі бір уақыт ішінде консументтер массасының өсуін соңғы өнім деп атайды.Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса,сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған.Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч.Элтон зерттеп өзінің есімімен «Элтон пирамидасы»деп атап кеткен.Экологиялық пирамиданың негізгі үш типі бар:Сандық пирамида-организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.Биомасса пирамидасы-жалпы құрғақ салмақты,немесе өнімділікті анықтайды.Энергия пирамидасы-энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.

29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.

«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда ХІХ ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк,ал кейін термин ретінде австриялық ғалым Зюсс қолданды.Биосфера,»тіршілік аймағы» туралы ілімді жетілдірген орыс ғалымы В.И.Вернадский болды.Ол биосфера деп,тіршілікті түзуде маңызды рол атқаратын Жер қабатын түсінді.»Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда,-деп жазады В.И.Вернадский.-Оның әсерінен бұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады.Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзілуде.Бұл процесс үзіліссіз ондаған миллион жылдар бойы,ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде.Жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін,соңғы нәтижелері бойынша мықты да мұнан асқан химиялық күштер  жоқ».Биосфера деп-тіршілігі бар кеңістікті,яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.Қазіргі таңда биосфера көптеген компоненттерден-тірі және өлі табиғаттан тұратын күрделі жүйе.Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өз ара байланысқан атмосфераның төменгі,бүкіл гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды.

30.Биосфера эволюциясы.

Биосфера эволюциясы-түрлердің,олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып,бұрын болмаған екіншібір түрлердің пайда болу құбылыстары.Қазіргі биосфераның қалыптасыу-ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі.Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңінен,дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады.Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары:1.Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4.5 млрд.жыл бұрын басталды.Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғарғы,тез қалпына келетін сутегі,азот,су буы,метан,аммиак және инертті газдардан құралған көміртегі тотығының,формальдегид пен басқа жай қосылыстар болуы мүмкін.2.Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болады.3.Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының,радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртегінің,азоттың,сутегінің,оттегінің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсу арқылы органикалық қосылыстар түзілген.4.Төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады.Себебі,Жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі.Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы,эволюцияның басқарушысы-саналы адамның пайда болуы.Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін 5 сатыға бөлуге болады:1.адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған.2.адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін,бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған.3.табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған.4.жер жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген.5.биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.Сонымен,адамның іс-әрекетінің әсерінен биосферада болатын негізгі өзгерістер түріне мынадай жағдайлар жатады:-жердің беткі қабатының құрылымының өзгеруі (жер жырту,орман кесу);-биосфераның құрамын,оны құратын заттардың тепе-теңдігі мен айналымын өзгерту(үйінділер жасау);-кейбір организмдер түрлерін жою арқылы немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып,оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы қоршаған ортаға өзгерістер әкелу;-Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық тепе-теңдікті өзгерту.

31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.

Планетадағы барлық заттар үнемі айналымда болады. Күн энергиясы жер бетінде екі зат айналымын қамтамасыз етеді: үлкен (геологиялық) және кіші(биологиялық). Геологиялық зат айналымы тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің сынықтар мен химиялық элементтердің кейін басқа жерге ауысуымен байланысты. Бұл процестердегі басты рольді су мен топырақ бетінің термиялық қасиеті: күн сәулесінің сіңірілуі мен шағылуыб жылу өткізгіштігі мен сыйымдылығы атқарады. Биосфераның қалыптасуымен үлкен айналымға организмдердің тіршілік өнімдері де қосылады. Геологиялық айналым тірі организмдерді қоректік элементтермен қамтамасыз етіп  көбіне олардың тіршілік ету жағдайларын анықтайды. Литосфераның негізгі химиялық элементтері : оттегі, кремний, темір, магний, калий т.б, жоғарғы мантияның тереңдегі  бөліктерінен литосфераның беткі қабатына дейін өтіп үлкен айналымға қатысады. Биологиялық зат айналымы  бұл өсімдіктер мен жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналымы. Биологиялық зат айналымының мәні екі қарама қарсы бірақ бір бірімен байланысты процестердің нәтижесінде органикалық заттардың түзілуі және олардың  бұзылуы жүреді. Биологиялық зат айналымының маңызы: органикалық қосылыстардың синтезделуі және бұзылуы. Ал геологиялық айналым кезінде минералдық заттардың су ерітінділері және механикалық бөлшектер түрінде жай орын ауысуы жүреді.

32. Биогеохимиялық айналымдар. Күкірт айналымы. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтербиосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер. Күкірт айналымы. Бұл цикл суды, топырақты және атмосфераны қамтиды. Күкірттің негізгі қоры топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының негізгі буына аэробты тотығу және анаэробты тотықсыздану процестері, керісінше сульфаттың сульфидке дейін өзгеруі жатады. Күкірт айналымы антропогендік әсерге тәуелді. органикалық энергия тасымалдаушылар құрамында белгілі бір мөлшерде күкірт болады.

33. Биогеохимиялық айналымдар.  Оттегі айналымы.. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтербиосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер.Оттегі айналымы- фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялақ айналамы 250т/жыл. Ал биосферадағы оның массасы 1014 т. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: атмосферадағы мөлшері  23,1%, литосферада 47,2%,  гидросферада 86,9%. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ уақыттыр бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Оттегі айналымы мен озон қабатының түзілуіде тығыз байланысты.

34.Биогеохимиялық айналымдар. Фосфор айналымы. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтербиосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер. Фосфор айналымы. Фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйелердің, сүйек ұлпасының, дентиннің құрамына кіреді. Фосфор айналымының ерекшелігі: редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.Фосфор айналымын тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфордың айналымы құрлықтада да мұхиттарда да жүреді. Фосфор  жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымы қоршаған ортаның көптенген факторларынаб бірінші кезекте антропогендік факторларға тәуелді.

35. Биогеохимиялық айналымдар. Көміртегі айналымы. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтербиосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер. Көміртегі айналымы- көмірсулардың, майлардың, белоктардың, нуклеин қышқылдарының және тіршілікке қажет басқа органикалық  қосылыстардың негізгі «құрылыс материалдарына» жататын көміртегі биологиялық айналымның негізгі қатысушысы. Осы кезеңде биосферадағы көміртегінің  жалпы массасы шамамен 4000 Гт, оның 1000 Гт биомасса  үлесіне жатады.  Көмір қышқыл газының Жер биосферасында жылжуы екі бағытта жүреді :1) фотосинтез процесі кезінде өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, өсімдіетер массасын құрайды, ары қарай бұл масса көмір, шымтезек түрінде литосфераға ауысады.2) Әлемдік мұхитта еріп, көмір қышқыл газы тірі организмдер немесе химиялық реакциялар көмегімен кальциймен қосылып қуатты корбонатты жыныстар түзеді. Көміртегі айналымы жасыл өсімдіктермен кейбір микроорганизмдердегі фотосинтез процесінде атмосфералық көмір қышқыл газын сіңіруден басталады. Өсімдіктер сіңірген көміртегі бөлігін жануарлар пайдаланып, көмір қышқыл газын бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлар ең соңында топырақта микроорганизмдер арқылы ыдырайды. Осы ыдырау нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстар көміртегі диоксидіне дейін тотығып , атмосфераға қайтып оралып отырады. Антропогендік әсердің нәтижесінде атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері көбейіп келеді.

36.Биогеохимиялық айналымдар. Азот айналымы. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтербиосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер.Азот айналымы. Атмосфералық ауаның  78%  азот құрайды. Бірақ азот химиялық жағынан белсенділігі төмен элемент. Азот барлық белоктардың құрамына кіреді. Сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде организмдердің тіршілік әрекетіне ең қажетті элемент болып саналады. Атмосферадағы бос  молекулалық түрдегі азоттың ең аз мөлшері ғана биологиялық айналымға қатысады. Биосферадағы азот айналымын анаэробты бактериялардың  және көк жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізіледі.  Бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық мөлшерінен арнайы өсімдік гемоглабинімен қорғалған күрделі ферментті жүйенің көмегімен жүреді. Биологиялық азот сіңіру процесінің тікелей өнімі болып саналатын амин тобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қатысады. Қазіргі кезде азоттың едәуір мөлшерін атмосфераға өнеркәсіп орындары көліктердің ластануы салдарынан түсуде.

37.Биогеохимиялық айналымдар. Су айналымы. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтербиосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер. Су айналымы- күн энергиясы  , тартылу күші , тірі организмдердің тіршілігі және адамның шаруашылық қызметінің әсерімен Жер бетінде судың үздіксіз жүретін, бір бірімен байланысты процесс. Су айналымы табиғат жағдайында былай жүреді: жауын шашын атмосферадан жер бетіне түсіп, топыраққа сіңіріледі  немесе су қоймаларына ағады. Мұхиттардың, өзендердіңб құрлықтардың бетінен буланған су булары арқылы тасымалданып, жауын шашынмен бірге немесе шық ретінде жер бетіне қайта түседі. Осылардан басқа су айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судың булануы және Жердің өте терең  қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттегі мен сутегіден түзілген жер асты суы жатады. Атмосфералық жауын шашыннан соң су айналымының белсенділігі өзен суларында байқалады. Яғни тек бір жыл ішінде 1000 км3  өзен суларының өзінен 40 есе көп су алынады. Су айналымының тұрақтылығы соңғы 100 жылда адамның араласуынан бұзылы бастады. Ормандар алқабының азаюынан судың булунуы төмендеуде.

38.Тұрақты(орнықты) даму концепциясының модельдері. Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына  дейін  болған. Бірақ адам биосферасыз тіршілік ете алмайды. Адамзат тіршілігіне қауіп төндірген Жаһандық экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықты осы жағдайдан шығудың жаңа жолдарын іздеуге, орнықты даму концепциясын жасауға мәжбүр етуде. Концепция БҰҰ-ның қоршаан орта және даму жөніндегі конференциясында (Рио-де-Жанейро, 1992ж) қабылданды. Орнықты даму моделінің ұйғарымдары:1)  Өндірістік материалдық және өнергия сыйымдылығын төмендету, қалдықтары мейлінше азайту, улы заттар айналымын азайту. 2) Экологиялық крийтерийлерді ескеретін бағаның құрылуына ауысады және салық пен айыппұл жүйесімен бірге жаңа экономикалық қауіпсіз қор және энергия сақтау технологиясын пайдалануды ынталандыру. 3) Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандардың дамуына жәрдем беру, өсімдік және жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресуде кешенді күрес жолдарын пайдалану және т.б . 4) Индустриалды дамыған елдердің дамып келе жатқан елдерге алдыңғы қатарлы технологияларды, осы елдерден алынған генетикалық материалдардың негізінде құрылған жаңа материалдарды беру. 5). Барлық елдер үшін бірдей экологиялық стандарттарды қалыптастыру. Адам және орнықты даму концепциясының ортақ мақсаттары көп. Олар  80-ші жылдардың соңында бір уақытта пайда болып, 90-шы жылдары қарқынды дами бастады. Бұл концепциялардың пайда болуы, дамуы  БҰҰ  белсенді түрде қатысуымен жүргізіліп келеді. түрде қатысуымен жүргізіліп келеді.

39.Ноосфера және В.И. Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары. Ноосфера- адамның парасатты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып табылатын биосфераның жаңа жай күйі. «Ноосфера» ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа мен П.Т. Шарден енгізді. 1930-40 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді одан әрі дамыта түсті.  Өз идеяларын дамыта  отырып В.И.Вернадский ноосфераны құрудың қажетті шарттарын ұсынды:1) Адамзаттың біртұтас болуына , кез келген құрлықтың немесе мұхиттың бір шетіндегі оқиға Жер бетінің басқа жерлерінде де әсер етеді. 2)Қазіргі таңдағы байланыс құралдары мен ақпарат алмасудың сол сәтте хабардар ету үшін өзгеруі. 3)Адамдар теңдігі – ноосфераның қажетті талабы. 4)Адамдар теңдігі нәтижесінде жалпы өмір деңгейінің өсуі, сондай ақ халықтың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға, шараларға әсер ету мүмкіндіктері.  5) Энергетикалық дамуы, өмір сүру деңгейін көтеру үшін жаңа энергия көздерін ашу және пайдалану. 6) Қоғам өмірінде соғысты болдырмау. В.И.Вернадский идеялары қазіргі таңда ғылыми ортада кең талқыланып жатыр. Олар адамзатты қорғау және экологиялық проблемаларды шешуде көптеген концепция мен теориялардың  әдістемелік негізі болуда.

40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.

Табиғи ресурстар адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың,табиғи денелердің жиынтығы.Оларға:ауа,күн,жел,су,жер,орман,табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатадыТабиғи ресурстардың бірінші белгісі олардың түрі.Бұл белгіге сәйкес олар табиғи құбылыстар(күн энергиясы,жел мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы),өсімдіктер әлемі,жануарлар әлемі,табиғи заттар(су,ауатопырақ) және пайдалы қазбалар(мұнай,алтын,т.б. әртүрлі рудалар болып бөлінеді).Табиғи ресурстардың екінші белгісі олардың қоры.Бұл белгісі бойынша оларды сарқылатын және сарқылмайтын деп бөледі.Сарқылмайтын табиғи ресурстар табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.Мұндай ресурстарға күн энергиясы,жел энергиясы,қозғалыстағы су энергиясы,жер қойнауы энергиясы жатады.Сарқылатын табиғи байлықтар табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар және денелер.үшінші классификациялық белгі сарқылатын табиғи байлықтардың  орнына қайта келуі.бұл белгісі бойынша сарқылатын байлықтардың мынадай түрлері бар:қалпына келетін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер әлемі;қалпына келмейтін миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар;салыстырмалы қалпына келетін пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу жүретін ресурстар.Адамның табиғатты пайдалануы төрт түрлі:тіршілігін қамтамасыз ету,шаруашылық экономикалық,денсаулық үшін және мәдени тұрғыдан болады.

41. Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың  ерекшеліктері. Табиғи ресурстар-адамның өз мұқтаждығын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланылатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Табиғатты пайдаланудың мынандай ерекшеліктері  бар:

- табиғи байлықтарды  пайдалану оларды орнына келтірумен қатар жүруі керек;

- табиғи байлықтарды кешенді пайдалану;

- табиғи байлықтарды қайта пайдалану;

- табиғатты қорғау шараларын жүргізу;

- қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру.         

Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендемейтін болса, олардың қоры азаятыны сөзсіз. Ғалымдардың болжамы бойынша,мысалы, аллюминий рудасының қоры 500-600 жылға, темірдікі 150, мырыштыкі 200-230, қорғасындыкі 20-30жылға жетеді. Осындай дағдарыстан шығу үшін ресурстар қорын үнемді пайдалану, сақтау және жаңа қорларын барлау, қайтара пайдаланылатын шикізатты қолдану, металл сынықтарын қайта өңдеу және т.б шараларды іске асыру қажет.  Табиғатты тиімді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан қалпына келмейтін ресурстардың қатарына соңғы уақытта тұщы су, оттегі және т.б қосылды. Себебі бұлардың пайдалану, шығындалу қарқыны табиғаттың өздігінен қалпына келу қарқынынан асып кетуде.  Топырақ барлық материалдық игіліктің негізі , ал оның негізгі қасиеті оның құнарлығы. Топырақтың түзілуі өте күрделі. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданбау, ормандар алқабының қысқартылып отырылуы су және жел эрозия процестерінің күшеюіне алып келеді.  Т.б                                   

42)Ластану және ластаушылар түрлері.

Ластаушы қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субъектілер(физикалық агент,химиялық зат,биологиялық түр).Ластану кез келген агентпен болуы мүмкін.Шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді болып келеді.Табиғи ластану табиғи,әдетте үлкен апаттар, зілзалалар нәтижесінде пайда болады.өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр.Оларды өз кезегінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады.Атмосфералық ауаны ластаушылар механикалық ,химиялық,физикалық және биологиялық болып бөлінеді.Механикалық ластауышлар шаң, қоқыс.олар органикалық отынды жаққанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады.көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты:өкпе құрт ауруы(туберкулез),кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. Химиялық ластаушылар экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар.ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу,үйлерді жылыту,транспорттардың жұмысы кезінде,тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу,қайта өңдеу кезінде байқалады.Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға:көміртегі қосылыстары,күкірт қосылыстары,азот тотықтары жатады.Физикалық ластаушылар бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері.Мысалы,жылу,жарық,шуыл,электромагнитті,радиоактивті,озон бұзғыш.Биологиялық ластаушылар экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері.Миероорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды.экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады.кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп,тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді.

43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері.

Ксенобиотиктер табиғи биологиялық айналымға кірмейтін,тірі организмдер үшін бөгде химиялық заттар.Әдетте қоршаған ортадағы ксенобиотиктердің концентрациясының артуы адамдардың іс әрекетіне байланысты.Бұларға пестицидтер,кейбір кір жуатын қоспалар(детергенттер),радиолуквиттер,синтетикалық бояулар және т.б. жатады.Бұлар аллергиялық реакцияларға,организмдердің өліміне,тұқымқуалаушылық белгілердің өзгеруіне,иммунитеттің төмендеуіне алып келеді.Поллютанттар атмосферадағы жоғары концентрациясы адам мен жануарлардың денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттар.Пестицидтер(лат.pestis жұқпалы ауру, cido өлтіремін) өсімдік зиянкестері менауруларына,арамшөптерге,мақта,жүн,теріден жасалған бұйым зиянкестеріне,жануарлар экопаразиттеріне,адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.Химиялық табиғаты және потогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше:гигиеналық,химиялық,өнеркәсіптік классификациясы бар.тұрақтылығына байланысты пестицидтерді:өте тұрақты,тұрақты,салыстырмылы тұрақты,тұрақтылығы аз деп бөледі.әсер ету объектісіне(арамшөптер,зиянды жәндіктер,жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:акарецидтер кенелермен күресу үшін;альгицидтер балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін құрту үшін;бактерицидтер өсімдіктердің бактериалды ауруларымен және бактериялармен күресу үшін;зооцидтер кемірушілермен күрес үшін.сондай ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын дефолианттар,өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін дефлоранттар,өсімдіктің дамуы мен өсуін реттейтін химиялық заттар т.б. жатқызады.

44)Атмосфераның автокөліктермен ластануы. Әрбір автокөлік жылына төрт тонна ауа жұтып,800 кг көміртегі оксидін,40кг азот оксидін және 200кгдай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі.Автокөліктерден бөлінетін газдар  200дей заттардың қоспалары.мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері көмірсутектер болады.Транспорт моторы жай айналымда,жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді.осындай жағдайда отын толық жанбайды да,лас ауа он есе көп бөлінеді.Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары.ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі.Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап,ферменттердің белсенділігі төмендейді.Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті,тітіркендіргіш альдегидтер болады.Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады.егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады.мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап түтін шығады.көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тэтраэтилқорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді.тэтраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады.Соңғы жүз жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері бес есе,ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы жиырма жылда  мұхитта он есеге көбейген.Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20 пайызы жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелерді еншісіне тисе,80пайызы автокөліктердің еншісінде.Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.

45. Өнеркәсіптік ластану.

Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде  4.5 кг шаң, 2.7 кг күкіртті газ, 0.5-0.1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді.

Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюиний алу кезінде де  электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға та райды.

Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер- бос жыныстарда  өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді.

Мұнай өндіру, өңдеу, мұнай химия өнеркәсібі  атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинол, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер- жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өңдеу кезінде бөлінеді.

Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының – транспорттың, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың л ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен – жанармайларды барлау мен өңдіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық  жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі ( мұнай, газ, көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді.

Кен байытатын, мұнай  өнімдерін өндіретін және оларды өндейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандықтарынынан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, фенолдар және т.б. зиянды затардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады.

46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.

Топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; Улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организіміне түседі.

Антропогендік әсердің бір салдары – топырақ жамылғысының қарқынды ластануы. Ластанушылар рөлін  металдар мен олардың қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.

Топырақ қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен оның қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

Топырақ үшін қауіпті ластаушыардың тағы бірі – қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі. Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады. Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.

Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.

Қазіргі кездегі топырақты ластаушылардың негізгі көздері мыналар:

  1.  Пестицидтер;
  2.  Минералдық тыңайтқыштар;
  3.  өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
  4.  атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды түтінді заттар;
  5.  мұнай және мұнай өнімдері.

Топырақта антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшыруына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді.

Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

  1.  табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
  2.  қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
  3.  топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
  4.  зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
  5.  қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;
  6.  ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.

47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаhандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  1.  ресурстар проблемасы;
  2.  азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  3.  энергетикалық проблема;
  4.  демографиялық проблема;
  5.  климаттың өзгеруі;
  6.  экологиялық проблемалар;
  7.  «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  8.  Қауіпті ауруларды жою;
  9.  әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  10.  қылмыспен және терроризммен күрес;
  11.  наркобизнеспен күрес.

Ғаладық  пробемаларды ерекше білім саласы – глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бғдарамалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық пробемалар – ғаламық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін.

48. 1992 жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.

БҰҰ-ның Рио де Жанейродағы конференциясынан (1992ж.) соң дамушы елдер орман ресурстрын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында  орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін баідарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.

49. Климаттың ғаламдық жылынуы және себептері. Киото хаттамасы.

Климаттың ғаламдық жылуы – биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдіігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,40С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда.

2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді.

Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

50. Озон қабаты және парникті эффект.

Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан(O2) озон молекуласы(O3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабатта тіршілік нысаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға – тері ісік ауруларының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына,  өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендігі байқалған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау алды.

Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген  заттар әсер етеді.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар.Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады.

Парникті эффект (жылу эффекті). Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процесстер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ, көмірсутектер, яғни, метан, этан және т.б. газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді.Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді.

51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы.

Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр.

Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай және мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қауіпі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созлылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10-15мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды ( РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылу жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды.

Ормандардың азаюы. Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды.Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% пайызы жойылған.

Тропикалық ормандар аумағының азаю әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері 20-ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері  10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе-теңдігінің бұзылу қауіпі бар.

Ормандардың жойылуының басы себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделу, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.

Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікіріше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ.Соңғы кезде ағашты заңсыз кесу әрекеті белең алды.

52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.

Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтеріуімен байланыстырады. Осыдан бірін бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) – парникті эффект – су тапшылығы - азық-түліктің жетіспеуі(өнімнің болмауы).

Одан да маңызды фактор – тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай,АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.

Биологиялық әралуандылықты сақтау проблемалары. Жер бетінде жекелей немесе қауымдастықтың түрінде тіршілік ететін организмдер қоршаған ортаға әсер ететіні белгілі. Осы арқылы табиғат өзін-өзі тазалап, қолдап тұрады. Алайда адам өзінің «нағыз жыртқыш – консумент» ісімен флора мен фаунаның көптеген түрлері, популяциялары тіршілік ететін экологиялық қуысына әсер етуде. Табиғатта зиянды түрлер болмайды, барлық  түрлердің айналасы үшін бірдей пайдасы бар. Биоталардың түзілуі, пайда болуы миллиондаған жылдар бойы жүріп келді. Барлық тіршілік формалары бір-бірімен тығыз байланысты. Технологиялық дамудың арқасында адам осы байланыстарды бұзуда. Қазақстанда табиғи жайылымдар басым. Елімізде өсімдіктердің 570 000 түрі  өседі. Оның  506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылады. Оның мақсаты сирек және жойылып бара жатқан түрлерді есепке алып, оларды қамқорлыққа алып қорықтар ұйымдастыру.

Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.

Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі болып отыр.Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ  тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен эклогиялық проблемалар туғызуда.

Сонымен қатар жер мен лагдшафттардың деградацияға ұшырауы ( республиканың 60%-нан астам жері шөлейтенуге ұшыраған), су ресуртарының жетіспеуі (сумен қамтамасыз еиу жөнінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орында),елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері,елді мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы,биологиялық әралуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.

 Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары және қорғану жолдары

Экологиялық апат түрлері

Апаттың зардаптары

Апаттың  қорғану жолдары

1. Ортаның ластануы

1. Адамдардың ауруға

1. Ластанудың себептерін табу

2. Техногенді апат

2. Миллиондаған адамдардың қырыуы

2. Адамдарға үгіт насихат жүргізу,ондай объектілерді қаладан алыс жерде орналастыру

3. Ресурстардың таусылуы

3.Ел экономикасының құлдырауы

3. Тиімді пайдалану

4. Топырақ эрозиясы

4. Өнімнің азаюы

4. Тыңайтқыштар беру

5. Озон қабатының жұқаруы

5. Ультракүлгін сәулелердің зрдаптары

5. Атмосфералық ауаға зиянды газдарды жібермеу

6. Табиғат апаттары (жер сілкінісі, сел, т.б.)

6. Адамдар шығынының көптігі, экономикалық шығындар

6. Алдын ала дайындық жүргізу және лардың болуын алдын ала хабарлау

7. Сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтау

7. Экологиялық тепе теңдіктің өзгеруі, өсімдіктер, топырақ

7. Қызыл кітапқа енгізу, қырқуға, жинауға, аулауға тыйым салу, қорықтар құру, қорын көбейту

8. Шөлейттену ұшырауы жамылғысының бұзылуы

8. Топырақ эрозиясы, өнімнің азаюы, экологиялық тепе тендіктің бұзылуы

8. Зиянды антропогендік әсерлерді азайту

54.қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы

Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

   Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.

   Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

  1.   шығу тегі бойынша:

  табиғи және жасанды (антропогенді);

  1.   пайда болу көзіне байланысты:

  а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

  ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп        орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);  

  1.   әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
  2.   қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
  3.   әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);
  4.   әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
  5.   тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.

  Өндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% - ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% - ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% - ға арттыруы мүмкін.

Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.

Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ. 
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда. 
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. 
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. 
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. 
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

55. Радиоактивтi ластану

Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi: 
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы); 
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; 
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; 
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi). 
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. 
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады. 
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. 
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет. 
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс. 
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

Бактериологиялық және химиялық ластану
Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметi төндiредi. 
Кейбiр биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер аумағына таралуының нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн. 
Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшiн Возрождение аралының аумағындағы қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет. 
Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер табылған жағдайда Возрождение аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң зардаптарын жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi. Барлық облыстардан бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар қозғыштарының депозитарийi болып табылатын Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келiп түседi, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған. 
Қазiргi уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн құру болып табылатын "Қазақстан Республикасындағы белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды. 
Химиялық ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды. 
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi. 
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн. 
Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда. 
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады. 
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды. 
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.

56. қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.

Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161,3 мың тоннасы қалалдағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Ал автокөліктерді алып қарасақ, олардың басым бөлігі шет елдерден әкелінген  «қоқыс» жеңіл автокөліктер болып табылады. Жеңіс автокөліктерден біөлініп шығатын зиянды газдар 161,3 мың тоннаның 78% құрайды. Ал қоғамдық көліктер 14%, жүк көліктері 8%.

Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосылғалы отырған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау. Тіпті, көліктерге қатысты енгізілген «Еуро-1» стандарты да ешқандай мәселені шешпеген сыңайлы. Қазірге кезде Еуропа «Еуро-5» стандартымен жұмыс істеуге көңіл бөлуде.  

Алматыда өткен жылы автокөліктерден бөлінген улы газдардың көлемі190 100 тоннаға жеткен

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматы қаласында соңғы жылдары атмосфера ластануының басты түйткілдерінің бірі автокөліктерден шығатын лас заттар деңгейінің күрт өсуі болып отыр. Бұндай мәліметті «Жасыл сақтық» экологиялық қоғамы келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының мәліметтері бойынша, 2008 жылы қалада 523 022 автокөлік тіркелген, соңғы сегіз жылғы тренд бойынша берілген бағаға сәйкес, олардың бір жылғы өсу көрсеткіші шамамен 40 000 автокөлікті құрайды. Қазірде қолданыста техникалық тұрғыдан ескірген 115 мың көлік бар, автокөліктерден бөлінетін улы газдардың жалпы көлемінің 70 пайызын осы ескі «темір тұлпарлар» шығарады. Былтырғы жылы Алматының қозғалыс құралдарынан 190 100 тонна көмірқышқыл газы ауаға тараған. Өзге қалалардан Алматы аумағына келетін көліктер саны бір күн ішінде шамамен 90 мың данаға жетеді. Осылайша, ЕУРО-2 стандарты енгізілгенше (2009 жылдың шілдесі) шаһардағы автокөліктердің саны 653 мыңнан асып кетуі мүмкін. Болжамдар бойынша, Алматыдағы көліктер саны 2018 жылға қарай 1,5 млн дананы құрамақ. Автокөлік құралдарының қарқынды өсуі, табиғатты қорғауға арналған талаптардың сақталмауы Алматы қаласының ауа қабатына келіп жатқан кері әсерді ұлғайтуы мүмкін.

57 қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi

Қорықтар Қазақстан қорықтарының тізімі Ақсу-Жабағылы АлакөлАлматыБарсакелмесБатыс АлтайҚаратау Қорғалжын Марқакөл Наурызым Үстірт

Ұлттық парктер«Алтынемел» Баянауыл«Бурабай»Катонқарағай«Көкшетау»«Көлсай көлдері»ҚарқаралыСайрам-Өгем Шарын Іле Алатауы

Резерваттар «Ақжайық»«Ертіс орманы»«Семей орманы»Ырғыз-Торғай

Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Биосфераның қорғауға алынған бұл аймағы ауа-райы (климаты), топырағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық-химиялық байланыстарды сақтайды. Қорықтар — биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ биосфера компоненттерін қорғау және үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығында айтар үлес қосты.                                                             Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсті. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзел жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
  Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары солтүстігінен оңтүстігіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химия элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 аңның, 150 құстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.

58 қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы  маңызы.

Қызыл Кітап   Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осында й шаралардың бірі – Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау қорғау одағы еді (ХТҚО). Ол 1948ж құрылды. Мақсаты: жүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін  халықаралық «Қызыл кітаптың» тізімі жасалды.«Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып  кеткен  аңдар мен   құстар енгізілді.  «Қызыл кітапқа» белгілі  түрді  енгізу үшін  ғалымдар әр жануардың не өсімдіктің  5 санатын  анықтаған.Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген.Ол санаттар мынадай болды:

І санат-жойылып бара

жатқандар.Бұлар туралы соңғы 50 жылда  ешқандай деректер жоқ.Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр, т.б.

ІІ санат-саны азайып  бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат-сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер).Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат- белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер).Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.

V санат- қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген  түрлер).Мысалы, аққу, көкқұс

59.экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік

Экологиялық құқық бұзушылық – бұл табиғи қоршаған ортаға және оның құрамдық элементтеріне Қазақстан Республикасы халқының шаруашылық, әлеуметтік қызметі мен өмірінің негізін құрайтын оперативтіқ базис ретінде зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін заңға қайшы іс-әрекет.

3. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық саласының институты болып табылады. Ол жер, аграрлық, су, орман, тау, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, еңбек, салық заңнамаларының, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғау заңнамасының нормаларын қамтиды. Сонымен, жауапкершіліктің бұл түрі мынадай белгілермен сипатталады:

1) экологиялық құқық бұзушылық санкциялары экологиялық – құқықтық актілерде емес, құқықтың басқа салалық: қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және еңбек нормаларында көрсетілген;

2)   экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің барлық түрлерінде санкцияның мүліктік сипаты басым;

3) қол сұғушылылықтың объектісіне қарай жер, су, орман құқық бұзушылығы экология құқық бұзушылықтың басым көпшілігің құрайды.

4. Экологиялық құқық бұзушылығы үшін заңды жауапкершілік түрлерінің топтастыруда жауапкершіліктің дәстүрлі түрлерімен қатар, экологиялық заңнамамен реттелген санкцияның экологиялық құқықтық өзіндік экологиялық – құқықтық түрі орын алған.

Бұл санкциялар табиғатты пайдаланушының экологиялық – құқықтық  мәртебесін және табиғат объектілерін пайдаланушының құқықтық тәртібін көрсетеді, бұл жауапкершіліктің осы түрінің озіндік ерекшелігін білдіреді.

5. Экологиялық құқық бұзушылығы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті мынадай өлшем бойынша жіктеуге болады:

– Қылмыстық әкімшілік жауапкершілікке қарағанда заңмен ғана, яғни Қылмыстық кодекс нормаларымен, реттеледі, ал әкімшілік жауапкершілік заңдармен қатар, заңға тәуелді актілермен белгіленеді.

–  әкімшілік жаза сотпен қатар экологиялық заңнаманың сақталуын бақылайтын мемлекеттік органдармен салынады, қылмыстық жаза тек қана сотпен беріледі. Бақылау және юрисдикциялық қызметтерді біріктіру экологиялық құқық бұзушылық фактілеріне жедел әрекет етуге және әкімшілік жаза қолдануымен тең шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

60 Экологиялық бiлiм беру және тәрбие.
Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн: 
бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру; 
мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; 
экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет; 
табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау; 
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу; 
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу; 
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу; 
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу; 
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу; 
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу; 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру. 
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.

.

1.Экология ғылымының даму тарихы.

2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.

3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.

4. Экологиялық факторлардың түрлері.

5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)

6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.

7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы

8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.

9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.

10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз

11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.

12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.

13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.

14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.

15.Популяцияның этологиялық құрылымы.

16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.

17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.

18)Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы.Доминант және эдификатор түрлер.

19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(В.Н.Беклемишев бойынша).

20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.

21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.

22. Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері.

23. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды  қатынастар түрлері.

24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.

25.Экологиялық сукцессия,түрлері.

26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.

27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.

28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)

29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.

30.Биосфера эволюциясы.

31.Биологиялық және геологиялық айналымдар.

32. Биогеохимиялық

айналымдар.

Күкірт айналымы.

33. Биогеохимиялық айналымдар.  Оттегі айналымы..

34.Биогеохимиялық айналымдар. Фосфор айналымы. 

35. Биогеохимиялық айналымдар. Көміртегі айналымы.

36.Биогеохимиялық айналымдар. Азот айналымы.

37.Биогеохимиялық айналымдар. Су айналымы.

38.Тұрақты(орнықты) даму концепциясының модельдері. 

39.Ноосфера және В.И. Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары.

40)Табиғи ресурстар және олардың түрлері.

41. Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың  ерекшеліктері.

42)Ластану және ластаушылар түрлері.

43)Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері

44)Атмосфераның автокөліктермен ластануы.

45. Өнеркәсіптік ластану.

46. Топырақ ластаушылары және топырақ ластануын болдырмау шаралары.

47. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың түлері.

48. 1992 жылғы Рио де Жанейро қаласындағы «Қоршаған орта және дамуы» конференцясы.

49. Климаттың ғаламдық жылынуы және себептері. Киото хаттамасы

50. Озон қабаты және парникті эффект

51. Әлемдік мұхит проблемалары және ормандардың азаюы

52. Су тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы.

53. Қазақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар.

54.қоршаған ортаның өнеркәсіптік және тұрмыстық ластануы

55. Радиоактивтi ластану
56. қала экологиясы. Aвтокөліктен бөлінетін заттар.

57 қазақстанның ерекше қорғауға алынған аумақтары.

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi

58 қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы  маңызы.

59.экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік

60 Экологиялық бiлiм беру және тәрбие.




1. Крыса Бык Тигр Кот
2. How to make your child gifted
3. Куда хуже если там все принимают тебя за могущественную волшебницу и требуют колдовских зелий побед над об
4. Центральная задача организационного проектирования В планомерное совершенствования организационных с
5. работник и работодатель
6. Ложные друзья переводчика
7. Work К концу недели мы закончим нашу работу
8. ТЕМАТИКИ І ПРОГРАМУВАННЯ МЕТОДИЧНІ ВКАЗІВКИ І ЗАВДАННЯ до курсової роботи з курс
9. Расчёт и проектирование маломощных биполярных транзисторо
10. Сметное планирование бюджетирование
11. Тема работы Название Требуемая оригинальность указать программу пр
12. Экология и природопользование 5 курс- п-п Наименова
13. Варіант 1 Робочий день перукарні починається о 8
14. восточнее районного центра и удалено от него на 25 км.html
15. Шліфування матеріалів
16. Лизинговая форма аренды
17. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук.1
18. Знаходження кусково-постійних конфігурацій множин
19. Мурзилка Мурзилка я тебя знаю 1.html
20. Расчет и проектирование внутреннего водопровода и канализации жилого дома По дисциплине Водоснабжен