Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

БЕКІТЕМІН Экономика бизнес ж~не ~леуметтік ~ылымдар Жо~ары мектебіні~ проректордиректо

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

Қазақстан  Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы 

«БЕКІТЕМІН»

       Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директоры

       т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева

                       «___»  _________________2012 ж

ПӘН МОДУЛІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Қазақстан тарихы. XI  ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі этномәдени үрдістер_____________ IK 1101 ______________________

(модуль шифрі)

жалпы міндетті модуль

(модул типі )

5В050200-Туризм, 5B050507 - Менеджмент

5В050900 - Қаржы, 5В050800 – Есеп және аудит

                             ___________________________________________

(модул деңгейі (ВА), мамандық шифрі)

Кредит саны 3

Оқыту нысаны күндізгі 

Семестр   1

Студенттердің саны ______________

Астана 2012 ж.

Пән модулінің оқу-әдістемелік кешенін дайындауға жауапты:

Құсайынова Ж.Д., т.ғ.к., доцент, Тлебалдиева М.Д., тарих ғылымының магистрі,оқытушы

(Аты жөні, ғылыми/академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы)

Кафедра мәжілісінде талқыланған __________________________________

                                                                               (кафедра атауы)

Хаттама № _______  «____»______________20__ ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ «____»____________20___ ж.

                                               (қолы)

Жоғары мектеп ОӘК-мен мақұлданған      _____________________

                                                                         (жоғарғы мектеп атауы)

Хаттама № ________ от «_____»_____________20__ ж.

Төрағасы ________________ «____»____________ 20___ ж.

Жаңартылған уақыты «____»____________ 20___ ж.

Қазақстан  Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы 

«БЕКІТЕМІН»

       Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

 проректор-директоры

       т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева

                  «___»  _________________  201 2ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пән модулінің атауы: «Қазақстан тарихы. XI  ғасырдан бастап бүгінгі

күнге дейінгі этномәдени үрдістер»

 

Барлығы ___3__ кредит

Курс ___1___      

Семестр _1_________

Дәріс __30__ сағат      

Практикалық, семинар__15__ сағат  

Зертханалық сабақтар _______ сағат

СОӨЖ ___23___ сағат 

СРС __67__ сағат

Аралық бақылау ______2_____

Жалпы сағат саны ____135____ сағат

      

Экзамен ___1___ семестр   

А С Т А Н А – 2012 ж.

Оқытушылар жөнінде мәліметтер және байланыс ақпараттары:

Тарих ғылымының кандидаты, доцент Құсайынова Жәния Дауылбайқызы, тарих ғылымының магистрі, оқытушы Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы.

Құсайынова Жәния Дауылбайқызы - Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті, ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аспиратурасын бітірген, «Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы» тақырыбынан кандидат диссертациясын қорғады. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2001 жылдан бастап дәріс оқиды.

Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы –Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің магистратурасын бітірген, «Сталиндік тоталитарлық саясат және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (ХХғ. 20-50 жж.)» тақырыбынан магистрлік диссертациясын қорғаған. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2010 жылдан бастап семинар, СОӨЖ жүргізеді және СӨЖ тапсырмаларын құрастыруға басшылық етеді.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы: тел: 70-30-52

Пререквизиттер:

Аталған пән бойынша  нақтылық білімді алу үшін студенттер дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, философия, география, деректану, әлеуметтану, саясаттану, этнология және этнография пәндері бойынша білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді.

Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға зерттеу жасау, өткенге шолу, қабылдау үрдісі, зерделеу, қазақ халқы тарапынан ғылыми пайымдау, сонымен қатар, басқа да қоғамдық-саяси жүйелер, инститтар, ғылыми бағыттаулар және мектептер Қазақстан Республикасының өткен тарихының маңызды беттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Пән модулінің мазмұнының сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері, қоғам алдындағы басты мәселе отандық тарихты бұрмалаудан арылту. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік және саяси тарихындағы  өзекті мәселелерінің бірі, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы мен дамуы, таным және қоғамдық-саяси мәселелері алдыңғы орында. Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде этникалық тарих, этникалық территория, мемлекеттіліктің шығу тарихы және Қазақстандағы  азат ету күрестерінің сабақтастығы өзінің мазмұны жағынан өзекті болып отыр. Сондықтанда отарлау тарихи кезеңі тұсында орын алған азат ету қозғалыстары мен үрдістері ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Пән мақсаты:

Тарихи үрдістердің өзара байланысы мен мазмұнын ашып көрсету. «Historia est magistra vitae» - «Тарих – өмір оқытушысы» – деп ең көп таралған латын мақалы кездейсоқ айтылмаған.

Қазақстандағы XVIII – мен XX ғ. басындағы   ұлт-азаттық қозғалыстардың орын алу мәселелері мен қазіргі заманғы ғалымдардың өлшемдері мен зерделеулерін қарастыру.

Пән міндеттері:

Тарих бір қатар міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерсіз азаматты тәрбиелеу, жоғары білікті маманды дайындау мүмкінсіз болып табылады:

– гносеологиялық – отанымыздың өткені туралы білім беру;

– аксеологиялық  - тарихқа тікелей қатысуының сезімін қалыптастыру;

– праксеологиялық-тарихи құбылыстарға жеке сараптама жасау, баға беру   қабілеттерін қалыптастыру;

– прогностикалық - өз әрекеттерін анықтау, болашақтағы оқиғаларды болжап беру;

– қазақ халқының егемендік алу жолындағы азаттық қозғалыстары басымдылықтарын зерттеу, өткенге шолу; негізгі тарихи фактілерді келтіре отырып, XVIII – мен XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды отарлаудың ерекшеліктерімен Ресей империясының сыртқы саясатына талдау жасай отырып зерделеу;

 Өз тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы бола ма? Табысты оны оқу үшін философия негіздерін, жалпы тарихты, географияны білу қажет, тарихи шығармалармен, құжаттармен, карталармен жұмыс істей білу.

Қазақстан  тарихын зерттеу барысындағы студенттердің қосымша атқаратын міндеттері:

1.  Қазақстан тарихын зерттеу жөнінде әр-түрлі тұрғыларды, адамзаттын тарихи дамуының  тұжырымдарын білу.

2. Оқу процессінің басынан бастап жеке позициясын тудыру, сұрақтарды қою, сезіктену, сезіктерді шешу үшін тарихи дәлелдерді сөйлемше әдіс ретінде пайдалану.

3. Оқытушылармен, профессорлармен пікір таласты ұйымдастыру. Нақтылық пікір талас тудырады.

Пән компетенциялар:

Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді. Өзінің  туған тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы екіталай.

Пәнүстілік  компетенциялар:

«Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихындағы әлеуметтік қатынастар»  пән модулі әлеуметтік ғылым саласындағы студенттерді дайындау барысында негізгі теоретикалық және жалпы дүниетанымдық түсінік қалыптастырады.


Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар)

Модуль атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихындағы әлеуметтік қатынастар

Модуль атауы: Қазақстан тарихы. XI  ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі этномәдени үрдістер.

тақырып

Дәріс сабақтары

Семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтары (тәжірбиелік жұмыстары)

Пән модулінің тақырыптары мен сұрақтарының мазмұны

Сағат көлемі

Пән модулінің тақырыптары мен сұрақтарының мазмұны

Сағат көлемі

1

Қазақстан тарихы пәніне кіріспе

1.1Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңделуі мен  хронологиясы

1.2Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

1 сағат

-

-

2

Қазақстан тарихының ежелгі кезеңі.

2.1 Тас ғасырына жалпы сипаттама. Антропогенез және социогенез.

2.2 Қола дәуірі. Көшпеліліктің өркениет ретінде қалыптасуы.

2.3 Мәдениеттің пайда болуы. Кейінгі тас және қола дәуірінің өнері.

2 сағат

Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.

1.1. Тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.

1.2. Тас ғасыры тұрғындарының шаруашылық түрлері.

1.3. Алғашқы қауымдлық өнер.

1 сағат

3

Қазақстанның ежелгі тұрғындарының әлеуметтік қатынастары мен ұйымдары.

3.1. Тас ғасыры кезеңінің әлеуметтік ұйымдары.

3.2. Қола дәуірі тайпаларының қоғамдық қатынастары.

3.3. Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы.

3.4. Ғұн, Үйсін, қаңлы тайпаларының әлеуметтік қатынастары.

2 сағат

Ерте темірғасырындағы тайпалық одақтар.

2.1. Ерте темір ғасырындағы археологиялық ескерткіштер.

2.2. Ерте темір ғасырының саяси тарихы. Сақтар. Үйсіндер, Қаңлылар.

2.3. Қазақстан тарихындағы Ғұндар. Ғұндардың Ұлы қоныс аударуы: себептері, кезеңдері, этникалық картадағы өзгерістер 

2.3. Қазақстан тарихындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы бағыттарын этномәдени құндылықтарды сараптай отырып контурлық картаға түсіру (материалдық және рухани мәдениет).

1 сағат

4

VIX ғ.ғ ерте ортағасырлық мемлекеттер.

4.1. Түрік және Батыстүрік қағанаттарының тарихы.

4.2. Түркеш қағанаты.

4.3. Қарлұқ қағанаты.

4.4. Қарахан мемлекеті.

1 сағат

6-13 ғғ. Түрік мемлекеттерінің әлеуметтік тарихы.

3.1. Түір әлеуметтк ұйымы.

3.2. Феодалдық қатынастардың серпілісі. Далалық және қалалық қауымның дамуы.

3.3. Қала және қалалық тұрғындар. Қала құрылымындағы өзгерістер.

1 сағат

5

X-XII ғ.ғ Қазақстан территориясындағы Түрік мемлекеттері.

5.1. Оғыз мемлекеті.

5.2.Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері.

5.3. Түрік кезеңіндегі ислам өркениеті.

1 сағат

Қазақстан монғол шапқыншылығы кезеңінде.

4.1. Шыңғысхан ұлдары Ұлыстарының қалыптасуы.

4.2. Алтын Орда тарихы.

4.3. Монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территорисында қалыптасқан мемлекеттер.

-

6

Қазақстан монғол  империясы кезеңінде (XIII ғ.).

6.1. монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.

6.2. Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы.

6.3. Моғолстан және Ноғай Ордасы.

6.4. Әбілхайыр хандығы.

2 сағат

XIV-XV ғғ. Қазақстандағы әлеуметтік қатынастар.

5.1. Әлеуметтік-экономикалық қатынастары.

5.2. Ақ-Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордаларының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.

5.3. Қалалар, қалалық және ауылдық елдімекендер.

1 сағат

7

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу.

7.1. Қазақ жүздері. Тұрғындардың рулық құрылымы.

7.2. Ерекше артықшылығы бар Ақ сүйек құрылымы.

7.3. Қара сүйек құрылымының әлеуметтік маңызы мен саяси әсері.

2 сағат

Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы.

6.1. Тайпалық одақтардың этникалық бірігу үрдісі. Қазақ хандығының негізін қалаған әнібек пен  Керей.

6.2. Қазақ басшылары мен шайбанидтер арасындағы өзара қатынас.

Ерте темір дәуіріндегі мемеммееттер

Түрік

мемлекеттері

Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттер

Қазақ хандығы

Территориясы 

Тайпалық құрамы

Басқарушыларының

титулы

6.3. Қасым хан тұсындағы мемлекеттің нығаюы. 

1 сағат

8

XVII-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ хандығы.

8.1. XVII-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.

8.2. XVII-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының саяси тарихы.

 8.3. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азат ету соғыстары.

8.4. XVI-ғ. басы мен XVIII ғ. Қазақ халқының мәдениеті.

2 сағат

XVI-XVIII ғ.ғ Қазақ хандығы 

7.1. Қазақ-орыс қатынастары.

7.2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтардың азат ету күрестері.

7.3. Қазақ хандығының саяси дамуындағы орталықтандырылған біржақтылықтың күшеюі.

1 сағат

9

Қазақстан Ресей империясының құрамында.  

9.1. Қазақстан Ресей бодандығына өтуі. Келіссөздердің жүргізілуі мен қорытындылары.

9.2. Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын меңгеру барысында ұлт-азаттық қозғалыстардың өзектілігі.

9.3. Отарлау іс шаралары: құқықтық қамтамасыз ету және тәжірибие.

9.4. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. 

2 сағат

Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Қазақстан жерін Ресейдің отарлауы (XVIIIXIX ғ. І жартысы.).  

8.1. Бодандықты қабылдау жөніндегі келіссөздердің жүргізілуі. Әбілхайыр ханға қарсы бір топ қазақ хандары мен сұлтандары.

8.2. Абылай хан қайтыс болғаннан кейінгі хандық биліктегі жағдай. 

1 сағат

10

XVIII-ші ғ. аяғы мен XIX ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.

10.1. XVIII ғасыр аяғындағы ресейдің Қазақ жеріне әскери-саяси шабуылы.

10.2. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс.

10.3. XIX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер. 1822 және 1824 жылдардағы реформалар.

10.4. И.Тайманов және М.Өтемісұлы бастаған Бөкей  Ордасындағы көтеріліс.

10.5. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

10.6. Сыр бойы қазақтарының көтерілісі. 

2 сағат

-

-

11

Қазақстанның полиэтникалық құрамының қалыптасуы.

11.1 XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.

11.2. Жетісу жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

11.3. Қазақстандағы татар, поляк,  неміс және т.б.  диаспораларының құрылуы.

1 сағат

XIX ғ. екінші жартысындағы әлеуметтік үрдістер.

9.1. Қазақстан жеріне қоныс аударушылар және олардың Қазақ халқының этникалық құрылымына тигізген әсері.

9.2. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

9.3. Кенттену үрдістері. Қалалардың әлеуметтік-мәдени келбеті.

1 сағат

12

Қазақстанның реформалану кезеңіндегі әлеуметтік дамуы. 

12.1. Тұрғындардың полиэтникалыұ құрылымы: негізгі факторлары, қалыптасуы бойынша деректер, құрамы.

12.2. Қазақ ауылдары.

12.3. Жатақтар (тез қайтқыштық).

12.4. Қоныс аударушылар ауылы.

1 сағат

13

ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы.

13.1. Ғасыр басындағы өлке тұрғындары.

13.2. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Столыпин  реформалары.

13.3.Жұмысшы кадрлардың қалыптасуы.

13.4.Аграрлық мәселелердің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының салдары.

1 сағат

14

XIX-шы ғ. ІІ жартысындағы   Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.  

14.1. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстандағы 1867-1868 ж.ж  реформалар: олардың мазмұны мен мақсаттары.

14.2. 1886, 1891 ж.ж реформалар.

14.3. Қазақстан территориясына арналған көші қон қозғалыстары.

14.4. XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстанның экономикасы

1 сағат

Қазақстанның 20-30 жж. әлеуметтік қайта құрылуы жағымды және жағымсыз тұстары.

10.1. Қазақстан тұрғындарына күштеп енгізілген модернизация салдарынан болған өзгерістер.

10.2. Тұрғындар құрамының демографиялық өзгерістер.

10.3. Жаппай сауатсыздықпен күрес, халықтық білім берудің дамуы. 

1 сағат

15

ХХ ғ. басындағы  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.

15.1. ХХ ғ. басындағы  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, столыпин реформалары.

15.2. 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс.

15.3. 1917 жылғы революция қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.

15.4. «Алаш» қозғалысы және  «Алаш-Орда» үкіметінің қызметі.

2 сағат

ХХ ғ. басындағы Қазақстанның саяси тарихы және  1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы

11.1. Либеральды қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен саяси қызметі 

11.2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қазақ интеллигенциясының қатысуы мен қатынасы. 

11.3. Қазақстандағы саяси басылымдардың дамуы.

этапе.

11.4. Бірінші Жалпықазақтық съезд. «Алаш» партиясының бағдарламасы.

11.5.Екінші Жалпықазақтық съезд. Автономияның қалыптасу тарихы бойынша – презентация жасау.

2 сағат

16

Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 

16.1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында.

16.2. Кирревком қалыптасуы мен қызметі.

16.3. Қазақ АССР-нің қалыптасуы.

16.4. ХХ ғ.  20-шы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.

1 сағат

-

17

Қазақстандағы ЖЭС және индустриандыру.

17.1. Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның қорытындылары. Жер-су реформасы.

17.2. Қазақстан және Орталық Азияның ұлттық-аумақтық межеленуі. 

17.3. Қазақстандағы индустриаландырудың қалыптасуы.

1 сағат

-

-

18

ХХ ғ.  20-30-шы жылдарындағы Қазақстандағы  ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және мәдени құрылыс. Саяси-қуғын сүргіндер.  

18.1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

18.2. ХХ ғ.  20-30-шы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті.

18.3. ХХ ғ. 20-30-шы жылдарындағы жаппай қуғын сүргіндер және оның салдары.

18.4. 1929-1933 жж. Этнодемографиялық күйреу 

1 сағат

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени қайта құрулар: өзгертулердегі  оң және теріс тұстары, жаппай сауатсыздықпен күрес және халыққа білім берудің дамуы, статистикалық көрсеткіштермен жұмыс жасау.

12.1. Қазақстан мәдени өміріндегі Қазақ интеллигенциясының орны. ХХ ғ. 20-30 жж ғылыми және мәдени-ағартушылық мекемелердің тізімін кесте бойынша жазып келтіру. Оқып отырған кезең бойынша болған өзгерістердің оң және теріс жақтарын ашып көрсету.

12.2. 20-40-е жж. Қоғамдық-саяси қызметкерлерге және шаруаларға  қарсы қуғындаулар. Әрбір сұрақ бойынша слайдтар дайындау.

12.3. Концлагерлердің құрылуы, репрессия салдары. Слайдтар дайындау.

1сағат

19

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.  

19.1. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына және партизан қозғалысына қатысуы.

19.2. Экономиканы қайта ұйымдастыру. Эвакуацияланған халықты, өндірісті қабылдау.

19.3.Қазақстан территориясына еріксіз күштеп қоныс аударылған халықтар.

1 сағат

-

-

20

Қазақстан  1946 – 1964 жылдарында.  

20.1. 1946-1964 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

20.2. Тың игеру жылдарындағы этнодемографиялық жағдай.

20.3. 1946-1964 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы.

20.4. Мәдениеттің, білімнің, ғылымның дамуы. 

1 сағат

1946 – 1964 жылдардағы Қазақстан.

13.1. ХХ ғ. 50-60-шы жж. Экономикалық және саяси өмірін реформалау әрекеттері.

13.2 Төмендегідей тапсырмалардан тұратын кейс құрастыру:

Тарихи жағдайды сипаттау. 

Идеология.

Статистикалық мәліметтерге сараптама жасау. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіндегі халықтың этнодемографиялық жағдайын талқылау.

Қорытындылар мен ұсыныстар.

1 сағат

21

Қазақстан  1964-1991 жылдарында

21.1.Экономикалық даму: туралау, дағдарыс құбылыстарының өсуі.

21.2. Әлеуметтік-мәдени даму тенденциясы.

21.3.Қайта құру саясаты және оның Қазақстанда таралуы (1985-1991 жж.).

21.4. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

1 сағат

ХХ ғ. 50-80-ші жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік дамуы.

14.1. КОКП идеологиясы және ұлттық саясаты. Кеңестік қоғамға қосы қоғамның дамуы.

14.2. Кеңес мелекетінің әлеуметтік реформалары. 50-80-шы жылдардағы тұрғындарының өмір сүру деңгейі.

14.3. Әлеуметтік-демографиялық жағдай.

1  сағат

22

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік реформалары.

22.1. Білім және денсаулық сақтау жүйесінің реформалануы.

22.2. Қазақстандағы зейнетақы реформасы.

22.3. Репатрианттардың Қазақстанға оралу үрдісі.

1 сағат

Қазақстан – егеменді  мемлекет.

15.1. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы.  

15.2. Егеменді Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты.

15.3. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті халқының этникалық құрылымындағы өзгерістер.

Статистикалық мәліметтерді келтіре отырып сараптама

1 сағат

Барлығы:

30

15


СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары

Пән модульінің атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихы. XI  ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі этномәдени үрдістер

тақырыбы

СОӨЖ

СӨЖ

Пән модулінің мазмұны тақырыптары және сұрақтары

Тапсыру уақыты (аптасы және сағат саны)

Өткізу формасы

Пән модулінің мазмұны тақырыптары және сұрақтары

Тапсыру уақыты (аптасы және сағат саны)

Бақылау формасы

1

Қазақстан тарихы пәніне кіріспе. Қазақстан территориясындағы тас және қола ғасыры.

1.1. Ресей тарихшыларының XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуі (Ш. Уәлиханов, П.Рычков, Г.Миллер, А.Левшин, Вельяминов-Зернов, В. Бартольд, В.Радлов).

1.3. Тас ғасыры құрал саймандарына қолдануы бойынша сипаттама келтіріп, кесте құрастыру.

1.4. Ә.Х. Марғұланның «Беғазы –Дәндібай мәдениеті» атты монографиясының кез келген бір бөліміне аннотация  жазу.

2 сағат, 1-ші апта

Конспектілеу, картамен жұмыс, ауызша сұрау

Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.

1.1. «Адам шығу тарихының мәселелері» атты тақырыпта ғылыми жоба дайындау (слайдтар).

1.2. Қазақстан территориясында тас ғасырындағы археологиялық ескерткіштер мен тұрақтарға кесте құру.

1.3. Қазақстан тарихын зерттеген шетелдік ғалымдар (М.Олкотт, Ш.Лемерсье-Келькежей, А.Беннингсен).

4 сағат, 1-ші апта

презентация, конспект

2

Ерте темір ғасыры тайпалық одақтары мен VIX ғғ. Түрік мемлекеттерінің әлеуметтік тарихы.

2.1. Көшпелілер мен отырықшы халықтар мәдениетінің бір біріне өзара әсер етуі жөнінде материалдар жинау.

2.2. Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн тайпалық одақтарының мекен еткен аумағын контурлық картаға сызып, белгілеу.

2.3. Картамен жұмыс жасау. VIXғғ. Түрік мемлекеттері мен тайпаларының және олармен қатар мекендеген фратрии территориясын контурлық картада белгілеу.

2.4. Ортағасырлық қалаларды топтастыру кестесін құру, функциональдық жүктемесін анықтау, тұрғындарының санын контурлық картада белгілеу.

2 сағат, 2-ші апта

Конспектілеу, картамен жұмыс, ауызша сұрау 

Ерте темір дәуіріндегі тайпалар мәдениеті.

2.1. Президенттік мәдени орталығына саяхат. Музей жөнінде слайд дайындау.

5 сағат, 2-ші апта

презентация, устный опрос

3

VIIII - ғасырлардағы түрік мемлекеттері

3 .1. Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің династиялық кестесін құру.

3.2.  Әл-Фараби трактаттарына қысқаша мазмұндама жазу.

3.3. Ортағасырлық Қазақстан территориясындағы Суфизм. 

1 сағат, 3-ші апта

Ауызша сұрау, жазбаша конспект, проектор арқылы кесте құру. 

  1.  Ортағасырлық Қазақстан территориясындағы ислам ренессансы.
  2.  3.1. Ортағасырлық Қазақстан территориясындағы әлемдік діндер.
  3.  3.2. Ортағасырлық кезеңнің этникалық сипаттамасы.

5 сағат, 3-ші апта

Ғылыми жоба

4

Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан. 

Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдегі Қазақстан.

4.1. Марко Полоның еңбегіне қысқаша сипаттама жазу. «Путешествие в страны трех Индий».

4.2. Картамен жұмыс. Қазақстан территориясына бағытталған монғол жорықтарының негізгі аймақтарын картаға түсіру.

4.3. Шыңғысханның саяси портреті.

4.4. Ақ Орда мен Көк Орда мемлекетінің орналасу мекенін  

4.5. С.Г.Кляшторный мен Т.И. Сұлтанованың “Қазақстан Летопись трех тысячелетий” атты еңбегіндегі тарихи мәліметтер негізінде салыстыру.конспект жасау.

4.6. Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттерді контурлық картаға енгізу.

2 сағат, 4-ші апта

Конспектілеу, Картамен жұмыс,

Ауызша сұрау.

Эссе деректемелеріне сараптама жасау. 

Қазақстан  монғол шапқыншылығы кезеңінде.

4.1. «Монғолдардың әскери өнері» атты тақырыпқа презентация жасау.

 

4  сағат, 4 -ші апта

Карта, презентация

5

Қазақ халқының қалыптасуы. XV-XVI ғасырлардағы этномәдени үрдістер.

5.1. 7 ата туыстық кестесін жасау.

5.2. Қазақ жүздерінің кестесін құру. Жүздердің орналасқан территориясын картаға сызу.

5.3. М.Дулати мен К.Жалаири шығармасына  аннотация жазу.

2 сағат, 5-ші апта

Жазбаша конспектілеу, Картамен жұмыс,

Ауызша сұрау.

Эссе жазу.

Қазақ хандығы және халқының қалыптасуы.

5.1. Қазақтың алғашқы хандары – Жәнібек –хан, Керей –хан (эссе жазу).

5.2.Қазақ халқының этногенезі.

5  сағат, 5 -ші апта

Ғылыми жоба 

6

XVIғ. Басы мен XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы

6.1. Қазақтардың халықтық әдет-ғұрып заңдарына сипаттама жасау.

6.2. «Жетi Жарғы» заңдар жинағына мазмұндама жасау.

6.3. XVI ғасырдағы қазақ хандығының әлеуметтік құрылымына кесте құру.

6.4. XVI–ғ. басы мен XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының негізгі экономикалық даму бағыттарын анықтау.

1 сағат, 6-ші апта

Ролдік ойындар, конспект,

Кесте жасау.

XVI ғ.  XVIIIшы ғ. басындағы Қазақ хандығы.

6.1. Жыраулық өнер.

6.2.Қазақ хандығының нығаюы мен дамуындағы қазақ хандарының орны.

4  сағат, 6 -ші апта

Презентация дайындау.

7

Қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі әлеуметтік топтардың орны мен маңызы.

7.1. Қазақ-жоңғар соғыстарына қатысқан хандар жөнінде сараптамалық анықтама жасау.

7.2. Мемлекеттік-құқықтық қатынастардағы билер институтының маңызы.

7.3. Қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі қазақ батырларының маңызы. Презентация дайындау.

1 сағат, 7-ші апта

Контурлық картаны қолдану,

Мазмұндама жазу,

Слайд-презентация дайындау

Қазақ-орыс қатынастары.

7.1. XVII-XIX ғғ. Қазақстан территориясының ғылыми зерттелінуі.

4  сағат, 7 -ші апта

Картамен жұмыс, сараптамалық анықтама.

8

Отарлау саясатының алғашқы кезеңіндегі Қазақстан.

XVIII ғ. аяғы мен  ХIХ ғ. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалыстар.

8.1. XVIII ғасыр басындағы Ресейдің Қазақстан территориясының ішкі аудандарына енуіне сараптама жасау: қала құрылыстары, қоныстар, әскери линиялар, әскери бекіністер, шекараларды анықтау. (Картамен жұмыс).

8.2.  Аблай ханның жалтару саясаты: негізгі бағыттары мен тенденцияларын анықтау.

8.3.С.Датұлы көтерілісіне хронологиялық кесте құру. Көтерілісшілердің аудандарын, қорғаныс линияларымен бекіністерін картада көрсету.

2 сағат, 8-ші апта

Жазбаша конспектілеу, Картамен жұмыс,

Ауызша сұрау.

Эссе жазу.

Отарлау саясатының алғашқы кезеңіндегі Қазақстан.

8.1. «Қазақ хандығының Ресейге қосылуы» атты тақырып бойынша тарихнамалық шолу жасау.  

2 сағат, 8-ші апта

картотека

9

Ұлт-азаттық қозғалыстар (XVIIIғ. аяғында   XIXғ. 60жж.). XIXғ. 60-90жж. реформалары. Қазахстанның отарлауының аяқталуы.

9.1. Бөкей Ордасының ұлттық, әлеуметтік құрамына конспект жазу.

9.2. Жәңгір-ханның ішкі саяси қызметінің оң және теріс жақтарының салыстырмалы анализ жасау

9.3. “К.Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысы” жайлы коллоквиумы

9.4. XVIII-XIXғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстары жайлы жазбаша түрде салыстырмалы анализ құру.

9.5. “Қазақстанның Ресей империясына енуі: жақсы, жаман -жақтары” атты  тақырыпқа пікірталас өткізу.

9.6. 1867-68ж. және 1886-1991 жылдардағы реформаларға жазбаша түрде салыстырмалы анализ құру

9.7. Қазақ қоғамының реформаға байланысты дәстүрлік жүйесінің өзгерістеріне анализ жасау.

2 сағат, 9-ші апта

Ауызша сұрау.

Жазбаша конспектілеу, Картамен жұмыс

XIX  ғ. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

9.1. Ақмоладағы жәрмеңке”, “Қазақстандағы ішкі-сауда саттықтың түрлері”, “Қазақстан территориясындағы байланыстың дамуы; телеграф, почта”.

9.2. “Қазақстанның дәстүрлік экономикалық құрылымының деструктуризациясы” атты тақырыптарға тұжырымдама жасау.  

5 сағат, 9-ші апта

Рефераттар, Ауызша сұрау.

10

Х1Х–шы ғ. ІІ жартысы мен  ХХ ғ. басындағы Қазақстан.

10.1. Х1Х–шы ғ. ІІ жартысы мен  ХХ ғ. басындағы Қазақстан тұрғындарының этникалық картасын құру.

10.2. Пікірталас: «Преимущества и недостатки капитализации экономики Казахстана».

10.3. Қазақ ақындарының шығармашылығына сипаттама жазу. Презентация жасау.

10.4. Рефераты: «Ш.Уәлихановтың ғылыми-ізденушілік қызметі», «Шәкәрім мұрасы», «Ақан-сері».

10.5. Қызметтік ойын: ХХ ғ. Қазақстандағы саяси, діни ағымдарды көрсете отырып, Мемлекеттік Думаның мұсылмен парламенттік фракциясының бағдарламасымен бірге сипаттау.

2 сағат, 10-шы апта

Ауызша сұрау, жазбаша конспект жазу, диспут, проектор, Қызметтік ойын.

10. Ресей империясының 1897 жылғы бірінші Жалпы халық санағы бойынша материалдар жинап, сараптама жасау.

5 сағат, 10-шы апта

Картамен жұмыс, статистикалық мәліметтер бойынша сараптамалық анықтама.

11

Қазақстан 1917 ж. революция кезеңінде.

11.1. С.Мұқановтың «Ботагөз» романы бойынша  кейс құрастыру. 

11.2. 1917 жылғы революцияның Қазақстанға тигізген ықпалы тақырыбына сараптамалық анықтама жазу.

11.3. «Алаш»,»Үш жуз», «Партия Шуро-и-исламия», «Партия Шуро и Улема» атты саяси партия қызметіне салыстырмалы-анықтамалық анализ дайындау. 

1 сағат, 11-ші апта

Кейс дайындау, сараптамалық анықтама,  проектор

Қазақстан 1917 ж. революция кезеңінде.

11.1. Азамат соғысы жылдарындағы Алаш–Орда.

11.2. «Алаш-Орда көшбасшыларының саяси-құқықтық көзқарастары».

5 сағат, 11-ші апта

Ғылыми жоба.

12

Қазақстан азаматтық тайталасу жылдарында.

12.1. Қазақстан территориясындағы азамат соғысының майдандарын карта арқылы көрсету.

12.2. «Кімнің жағында болғанда жеңіске жетер едік атты тақырыпқа кейс құрастыру. 

12.3. Әскери коммунизм саясаты: мазмұны мен мақсаты. Сараптамалық анықтама жазу.

1 сағат, 12-ші апта

Картамен жұмыс, кейс, сараптамалық анықтама

ҚазКСР тұрғындарының халық санағы.

12.1. Кеңес кезеңінде жүргізілген халық санақтары негізінде Қазақстан халықтарының сандық өсу және кему жағдайын меңгеру (1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989).

4 сағат, 12-ші апта

Презентация жасау

13

Қазақстанның экономика және мәдениет саласындағы әлеуметтік қайта құрылуы.

13.1. Қазақстандағы индустриализация кезеңі бойынша кейс-стади: «Ақталмаған үміттер».

13.2.Колоквиум: Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және шаруалар трагедиясы.

13.3. ХХ ғ.   20-30 жж. Мәдениет жетістіктері мен кемшіліктеріне салыстырмалы сараптамалық анықтама жазу.

1 сағат, 13-ші апта

Кейс, сараптамалық анықтама 

Қазақстандағы ұжымдастыруды жүзеге асыру мақсатындағы шарулардың апаты.

13.1 «Қазақстандағы ұжымдастыру: шаруалар тартқан зардап». — Алматы, 1992 (М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Абылхожин, К.С. Алдажұманов).

Күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы әлеуметтік наразылықтар.

4  сағат, 13-ші апта

кейс

14

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 

14.1. Картамен жұмыс: ҰОС жылдарындағы негізгі әскери майдан бағыттарын көрсету.

14.2. Соғыс жылдарындағы Қазақстан экономикасы. Баяндама дайындау.

14.3 ҰОС  батырлары мен тыл майдангерлері. Баяндама дайындау.

14.4. Аналитический обзор по теме: «Депортация народов в Казахстане».

2 сағат, 14-ші апта

Картамен жұмыс, кейс, сараптамалық анықтама 

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 

14.1. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б.. «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1990г.)». Алма-Ата, 1991г. атты еңбек бойынша  1946-53 жж. Қазақстанның  әлеуметтік-демографиялық дамуын талдап жазу.

4  сағат, 14-ші апта

Сараптамалық анықтама

15

1946-1964 жж. Қазақстан.

15.1. «Қазақстан жеріне халықтардың күштеп қоныс аударылуы және тұрғындардың этникалық құрылымындағы өзгерістер» атты тақырыпқа аналитикалық шолу жасау.

15.2. М.Х. Асылбеков, А.Б. Галлиевтің «Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1917-1990 жж.)» атты еңбек арқылы Қазақстанның 1946-53 жж. әлеуметтік-демографиялық дамуына сараптама жасау. Алма-Ата, 1991 ж.

15.3. Диспут: Тың және тыңайған жерлерді игеру және демографиялық салдары.

Тәуелсіздік алған кезеңдегі халық санағы.

15.1 Мәліметтер негізінде тәуелсіздік алған жылдары жүргізілген халық санағы бойынша тұрғындардың демографиялық өзгерістеріне талдау жасау (1999. 2009).

3 сағат, 15-ші апта

16

1991 жж. Қазақстан.

16.1. Дөңгелек үстел: 1985 жылғы Қайта құру. 1986 жылы желтоқсан айының 16-18  күндері Алматы қаласында болған желтоқсан оқиғасының демократиялық тенденциялары.

16.2. «Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар».

16.3. ҚР президенті  Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауына талқылау жасау.

1 сағат, 15-ші апта 

Дөңгелек үстел, презентация

жасау және пікірталас ұйымдастыру. 

Егеменді  Қазақстан.

16.1Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы, қоғамның өзара қатынасы, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік өзгерістерге қатынасуы.

16.2 Қазақстандағы диаспора жүйесінің қалыптасуы.

16.3. Қазақстан халықтары Ассамблеясы мемлекет қоғамдық өмірінің феномені ретінде.

2 сағат, 15-ші апта

Бейне баян

Барлығы:

23 сағат

67 сағат


Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1.  Қазақстан тарихы. I- V Т. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2004.
  5.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  6.  Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994
  7.  Марғұлан А. “Бегазы – Дандыбай мәдениеті” Алматы, 2000
  8.  Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии // соч.    т.5 М,68.
  9.  Козыбаев М.К. История современность. Алма-Ата, 1991
  10.  10.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан –летопись  трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992г.
  11.  11.Әбдәкімұлы Ә.Қазақстан тарихы. Оқу қуралы. Алматы, 2006.
  12.  12.Абдрахман Х. Тарихынды таңы: Отан тарихының очерктері. Алматы, 2002.
  13.  Байпақов К.М.  Қазақстан архелогиясы: Оқу қуралы. Алматы, 2006.
  14.  Қусаинова Ж.Д.Дәрістің  электрондық конспектілері. Астана, 2006.

Қосымша

  1.  Абылай-хан: Әдебиеттер көрсеткіші, Алматы, 1996
  2.  Абылай-хан: 1711-1781, Алматы, 1992ж.
  3.  Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы, 1995ж.
  4.  Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы 1 кітап. Алматы, 2002.
  5.  Алаш-Мирас 2-ші кітап: Құжаттар жинағы Алматы, Қазақстан , 1995.
  6.  Алаш-Орда (Құжаттарының жиынтығы) құр. Мартыненко Н., Алма-Ата, 1992.
  7.  Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана – Алма-Ата, 1991.
  8.  Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н, Кадырбаев А.К., Султанов Т.И. Страна  в сердце Евразии. Алматы, 1998.
  9.  Аспандияров С.Ж. Қазақстан тарихы, Алма-Ата, 1993.
  10.  Аспандияров С.Ж. 1916ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісі. Алма-Ата, 1936ж.
  11.  Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.
  12.  Асылбеков М.Х., Галиев А.Б., Социально демографические процессы в казахстане  (1917-1990) – Алма-Ата, 1991
  13.  Ахметжанов К.С. Жараған   темір кигендер: батырлардын қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері. Алматы, 1996.
  14.  Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Аома-Ата, 1963.
  15.  Акишев К.А. Курган Иссык: искусство саков Казахстана М, 1978.
  16.  Акишев К.А. Искусство и мифология саков Алма-Ата, 1984.
  17.  Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекаого Казахстана Алма-ата, 1989
  18.  Әйтеке би: Алматы, 1998.
  19.  Байгалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы, 2001
  20.  Байтілен С. Қазақстан ауыл шаруашылығындағы тоқырау (1965-1990ж.) Тараз, 1999.
  21.  Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан Алматы, 1992ж.
  22.  Бөкей ордасы тарихынан. Орал, 2001ж.
  23.  Буланты шайқасы. Қарағанды, 1998ж.
  24.  Дала уалаятының газеті. Адам, қоғам, табиғат Алматы, 1994ж.
  25.  Досмухамедұлы Халел. Таңдамалы Алматы, 1998ж.
  26.  Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995.
  27.  Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние врмена. Ч.1,2 М., Л., 1950
  28.  Бартольд В.В. Очерки истории Семиречья соч. т.2, ч. – М, 1963
  29.  Бартольд В.В. История  турецко-монгольских народов соч. т.5 М,1968
  30.  Бернштам А.Н. Очерк истории Гуннов Л., 1951
  31.    Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок 6-8 веков. Восточно-тюркский кағанат и кыргызы. М-Л, 1946
  32.  Байпаков К.М. Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана – Алма-Ата, 1971
  33.  Байпаков К.М. Срелневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья: VI-начало VIIIвв. Алма-Ата, 1986
  34.  Басин В.Я. Россия и казахские ханства в  XVI- XVIIIвв. –Алма-Ата, 1971
  35.  Бекмаханов Е.Б. “Қазақстан ХIXғ. 20-40жж.
  36.  Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінінде Алматы, 1994ж.
  37.  Жалайыр Қадырғали Шежірелер жинағы. Алматы, 1997ж.
  38.  Гумилев Л.Н. Хундар. Алматы, 1998
  39.  Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштері: Ғылым и зерттеу – Астана, 2001ж.
  40.  Галузо П.Г. Аграрные отношение на Юге Казахстана в 1867-1914гг. Алма-Ата, 1965
  41.  Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. – Алма-Ата, 1989
  42.  Восточный Туркестан в древности и ранием средневековье. Очерки истории. – М, 1988
  43.  Гражданская война в Казахстане: летопись событий (сб. док-в) Алма-Ата, 1974
  44.   Голод в Казахской степи. Алма-Ата, 1991
  45.  Геродот. История в девяти книгах – Л., 1972
  46.  Гумилев Л.Н. Древние  тюрки М. 1967
  47.  Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана Алма-Ата, 1969.
  48.  Ежелгі Отрар Алматы, 1997
  49.  Жамбылов Д.А. Тәуелсіздік және саяси сана. Алматы, 1999
  50.  Исабай К. Байтан – ата С. Қажыға барған қазақтар, Дерекнамалық баян№ алматы, 1996ж.
  51.  Қазақ тарихынан (Е. Аққошқаров) – Алматы: 1997.
  52.  Ерофеева И.В. Казахские ханы  XVIII – сер. XIXв. Восток, 1997 №3.
  53.  Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. Алматы, 1999
  54.  Зиманов С.З. Общественный строй казахов пп XIXв. Алма-Ата, 1958
  55.  Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конце  XVIII – пп XIXв. Алма-Ата, 1960
  56.  Историческая наука советского Казахстана Алма-Ата, 1990
  57.  История Казахстана: белые пятна (сб.ст.) Алма-Ата, 1991.
  58.  Иманбаева С.С. Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі (1885-1935) автограф., А,1999.
  59.  Кенжәлиев И. Сырым батыр; Деректі әңгіме Алматы, 1997ж.
  60.  Күлтегін Тоныкөк. Ежелгі түркі рун жазбалары алматы, 2001ж.
  61.  Кэстль Джон 1736ж. Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан Сапар туралы – Алматы, 1996ж.
  62.  Қазақ қалай аштыққа ұшырады. Алматы, 1991ж.
  63.   Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999ж.
  64.   Қазақтын ата заңдары: Древний мир права казахов. Құжаттар, деректер, зерттеулер 10 томдық Алматы, 2001ж.
  65.  Қамзабекұлы Д. Руханият: Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мақалалар мен зерттеулер Алматы, 1997
  66.  38.Қасымбаев Ж. Кенесары-хан. Саятшы және қолбасшы. Алматы, 1993
  67.  39.Қәрібаев Б.Б. Қасым – хан. Алматы, 2004.
  68.  40.Қожабекұлы Б.Р. Мұхаммед Хайдар Дулати. Алматы, 2000.
  69.  41. Көмеков Б. Мухаммед Хайдар Дулат. Алматы, 2004
  70.  Қайгелдиев М. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993
  71.  Қойшыбаев Б. Ә.Бөкейханов Алматы, 2001ж.
  72.  Қойшыбаев Б. Бақытжан Қаратаев Алматы, 1993ж.
  73.  Қойшыбаев Б.О. Орталық Азия Кеңес Республикаларының ұлттық-территориалдық жіктелуі және қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік түрік орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі (1924-26) автореф. Алматы, 2002ж.
  74.  Қосманов Қ. Революцияға дейінгі қазақ тарихнамасы: көмекші оқу құралы Алматы, 1992
  75.  Қуандықов Е. Сүрең салған сұрқия саясат Алматы, 1999
  76.  Қозыбаев М.Н. Қазақстан арсенал фронта, Алма-ата, 1970
  77.  Коллективизация сельского хозяйства в республиках Средней Азии и Казахстана: опыт и проблемы Алма-Ата, 1990
  78.  Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии – М-Л, 1964
  79.  Маргулан А.Х. Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.Н. Древняя культура Центрального Казахстана – Алма-Ата, 1966
  80.  Масанов Н.Ә. Кочевая цивилизация казахов Алматы, 1995
  81.  Құсайынұлы Қ. Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде (XIX -XXғғ)  Алматы, 2001ж.
  82.  Қытай деректері: атаулар мен терминдер анықтамалық. Астана, 2000ж.
  83.  Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы Алматы, 1998ж.
  84.  Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі және Қазақ КСР-нің территориялық тұтастық мәселесі. Автореф. Түркістан, 2002.
  85.  Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы Алматы, 2000
  86.  Мұқтарулы С. Кәмпеске: Бірінші кітап, Алматы ,1997
  87.  Мұқтарұлы С. Шоқан және өнер Алматы 1985
  88.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –2030ж. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі Алматы, 1998
  89.  Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында, Алматы, 1999
  90.  Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі Астана, 2001
  91.  Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл Алматы, 2003
  92.  Омарбеков Т. 20-30ж. Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу құралы Алматы, 1997
  93.  Омарбеков Т. Зобалан: күштегі ұжымдастыруға қарсылық 1929-31 жылдары болған халық наразылығы Алматы, 1994
  94.  Оразбаева А. Қазақ тарихындағы билер, Алматы, 1999
  95.  Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 1999
  96.  Рамазан Д. Хан Кененің қазасы, А, 2002ж.
  97.  Рязанов А.Ф., И.Тайманов көтерілісі. Алматы, 1996
  98.  Сарай Ә, Истай-Махамбер тарихы; Алматы, 1997
  99.  Рыскулов Т. Избранные труды Алма-Ата  1935
  100.  Современный Қазақстан: экономика, политика, общество т. 1,2Алматы, 1997
  101.  Турсунбаев А.Б. Казахский аул в трех революциях Алма-Ата, 1993
  102.  Тынышпаев М. История казахского нарда Алма-Ата, 1993
  103.  Шаймуханов Д.А. Карлаг. Караганда, 1995
  104.  Шокай М. Түркістанның қилы тағдыры Алма-Ата, 1992
  105.  М.Қозыбаев “Желтоқсан оқиғалары” Алматы, 1999.

Білімдер бағалау жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға

Баллдардың сана эквиваленті

Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша

Баға

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағатты

С

2,0

65-69

С-

1,67

60,64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттындырылмаған

                                   

Пәннің қорытынды бағасы пайыздық мазмұнда төмендегідей анықталады:

Егерде, модуль бір ғана пәннен құрылатын болса, онда, модуль бойынша қорытынды бағасы пән бойынша соңғы бақылау жұмысы бағасы қойылады. Сонымен қатар қорытынды баға пәннің оқу әдістемелік бағдарламасына сәйкес, келесідей жұмыстар (практикалық, лабораториялық, есептік-графикалық, курстық), және төмендегідей формула бойынша анықталады:

,мұнда

Р1 и Р2 – І және ІІ аралық бақылау бағалары;

Э – Эмтихан бағасы;

ИМ – пән модулі бойынша қорытынды емтихан бағасы

0,4 және 0,6 – емтихан және аралық бақылау қорытынды бағасын шығару мақсатында көбейтіледі.

Модуль бірнеше компоненттерден тұрады, егерде емтихан негізгі компонен бойынша жүргізілсе (Энк), ал келесідей компоненттер бойынша қорытынды бақылау жұмысы болып:  реферат, эссе, ғылыми жұмыс немесе курстық жұмыс (Эдк), төмендегідей формула бойынша есептеледі:

,мұнда

Эок – негізгі компонент бойынша бағасы;

Эдк – басқа да компонент бойынша бағасы;

ККМ – модуль компоненттерінің саны; 

0,4 және 0,6 – емтихан және аралық бақылау қорытынды бағасын шығару коэффициенті.

ИМ – пән модулі бойынша қорытынды емтихан бағасы

Студенттердің білімін тексеру өлшемдері

Пән модулі бойынша қорытынды баға алу үшін модуль бағдарламасында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау керек. Егерде модуль бірнеше пәндерден құралатын болса, онда модуль бойынша кредитті алу шарты жеке компонент бойынша берілген барлық талаптарды орындау.

Егерде, модуль бір ғана пәннен құралған жағдайда, онда модуль бойынша қорытынды баға, аталған пән бойынша баға қорытынды бақылау болып табылады. Мұнымен қоса қорытынды баға алу үшін келесідей жұмыстар орындалу қажет, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес (практикалық, лабораториялық, есептік-графикалық, курстық ).

Егерде, модуль бірнеше компоненттерден  құралған жағдайда, онда, емтихан негізгі компонент бойынша жүргізіледі, ал басқа да компоненттер бойынша қорытынды бақылау жұмыстары болып,  реферат, эссе, ғылыми жұмыс немесе курстық жұмыс.

Пән модульдерінің І және ІІ  рейтинг қорытындылары қорытынды бақылау бағасын алуға  рұқсатнама болып табылады.

Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда (50% аз болған жағдайда) модуль компоненттерінің бірі, яғни модуль  кредиті есепке алынбайды.

1 кредит бойынша тест тапсырмаларының саны -100 сұрақ,  2 кредит бойынша тест тапсырмаларының саны  -200 сұрақ, 3 кредит бойынша тест тапсырмаларының саны  - 300 сұрақ және  т.б;

«Өте жақсы» деген баға (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) пән модулінде берілген тапсырмаларды уақытында және сауатты орындаса, сонымен қатар берілген тапсырма бойынша қосымша дерек немесе оқулық қарастырып, өз пікірі мен ойын қосымша айтып отырса, пән модулінің бағдарламасын толығымен меңгерсе, үй, бақылау, аралық бақылау тапсырмаларын уақытында орындаған жағдайда және ғылыми жұмысты жүйелі түрде орындаған уақытта  қойылады.

«Жақсы» деген баға (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) пән модулі бойынша бағдарлама материалдарын  75 % пайыздан төмен дәрежеде меңгермеген жағдайда сонымен қатар, тапсырмаларды орындау барысында дөрекі қателіктер жіберілмесе, өз уақытында бақылау жұмыстарын орындаса, үй тапсырмалары мен  коллоквиум тапсырмаларын ескертусіз әрі ұқыпты орындаса, қосымша әдебиеттер мен ғылыми жұмыс жазып, белсенділік танытқан жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» деген баға  (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) егерде, студент пән бағдарламасының материалдарын орташа меңгерсе, үй тапсырмаларын орындаса, пән модулі бойынша берілген тапсырмаларды өз деңгейінде мұғалім көмегіне сүйеніп, бақылау жұмыстарын орындау барысында қйындық сезінген студенттерге 50%  балл қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға (F; 0; 0-49%) егерде, студент берілген материалды игере алмаса, пән бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында дөрекі қателіктерге жол берілсе, қарастырылған пән бағдарламасының жартысынан көп бөлігін игере алмаса, сұрақтарға жауап беру барысында принципиалды қателіктер көрсетсе, ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмалары мен көрсетілген әдебиеттерді меңгере алмаса қойылады.

Студенттер тарапынан түскен шағымның рәсімделуі.

Қорытынды бақылау шешімдеріне келіспейтін Студент, емтихан тапсырып болған күннен кейінгі жұмыс күні  өзінің арыз шағымын береді.

Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестация) ректордың бұйрығына сәйкес арыз шағымдарды қарастыратын арнайы комиссия құрылады. Ондағы комиссия құрамында аталған пән бойынша біліктілігі жоғары оқытушылар отырады.

Студенттің арыз шағымын құрылған комиссия құрамы арыз берілген күннен бастап, екі күн аралығында студент және оқытушының қатысуымен қарастырылады.

Арыз шағымдарының шешімі хаттама негізінде толтырылады, және негізгі емтихан ведомісіне қосымша жеке емтихан ведомосі құрылады.

Студент арыз шағым шешімдерімен таныс болуы шарт (ауызша немесе жазбаша).

Арыз шағымда көрсетілмеген пән бойынша емтихан бағаларын өзгертуге жол берілмейді.


Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины

Автор

Название

Год изд.

Экз.

Учебники. Учебные пособия.

Абдакимов А.

История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): учеб. пособие

414с.

Аст.

1999

1

Абдакимов А.

История Казахстна (с древнейших времен до наших дней): учеб. пособие

488с.

Алм.

2001

4

Абдакимов А.

История Казахстана с древнейших времен до наших дней

2002-2003

15

Акинжанов М.А.

История Казахстана.Ч.1: курс лекций

150с.

Алм.

1995

1

Аманжолов К.

Тїркі халыќтарыныѕ тарихы.3-ші кітап

328б.

Алм.

1999

21

Антология истории Казахстана Том 10 Часть 1

2006

1

Антология истории Казахстана Том 7 Часть 1

2006

1

Антология история Казахстана Том 1 Часть 1

2001

1

Аристов Н.

Энтогенез и этническая история казахского народа. Том 2.

2007

2

Артыкбаев Ж.О.

12 лекций по истории Казахстана: Учеб. пособие

2005

2

Артыкбаев Ж.О.

История Казахстана: 90 вопросов и ответов

159с.

Аст.

2004

8

Артыкбаев Ж.О.

История Казахстана. Учебник

312с.

Алм.

2006

45

Артыкбаев Ж.О.

История Казахстана: Учебник

320с.

Костанай

2007

2

Артыкбаев Ж.

Этнология и этнография: Учебное пособие.

304с.

Аст.

2001

6

Артыкбаев Ж.О.

Этнология: учебник

316с.

Алм.

2006

30

Асфендияров С.

История Казахстана с древнейших времен: учеб. пособие

304с.

Алм.

1993

18

Асфендияров С.

История Казахстана с древнейших времен

304с.

Алм.

1998

5

Ахметова Л.

Патриотизм в ракурсе истории: Учебное пособие.

1996

4


Дәріс сабақтарының курсы

№ 1 дәріс. Ерте замандағы Қазақстан

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан тарихының әр түрлі кезеңге бөлу жүйелерін қарастыру және салыстыру. Адамның, қоғамның дамуын, тас құралдарының даму кезеңдерін, оның қоғамдық дамуына ықпалын қарастыру.

Жоспар:

  1.  Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңге бөлу және хронологиясы
  2.  Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-V Т. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  6.  Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994
  7.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Қазақстан тарихы пәні және міндеттері. Кезеңге бөлу және хронологиясы.

Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

«Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.

Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.

Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.

Тарихи білімнің маңызы – жас адамдарды өз халқының рухани әлеміне қатыстыру, халық мәдениетінің, тарихының қайнар көздерін түсіндіру. Қазақстан тарихы, тарихи ғылым тәуелсіздік кезеңінде жаңа міндеттерді шешуіне бағыттылады – Қазақстан Республикасында тарихи сана-сезімін қалыптастыру.   

Тарихи ғылымында кезенге бөлу мәселелі маңызды орын алады. Галымдардын әр түрлі пікірлері бойынша кезеңдерге бөлінуі формациялық, социогенетикалық, таптық, археологиялық, мәдени-тарихи, саяси оқиғалар бойынша т.б. тұрғысынан қарастырылады. Тарихи ғылымында, герменевтика әдісімен пайдаланып, зерттелініп жатқан  кезеңнің ұстанымдарынан деректерді бағалау керек. Тарихи кезеңдердін тек қана саяси тарихын қарастырмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениеттін тарихын, оның әр алуандық көрсетуін білдіру керек.

Ежелгі тарих алғашқы кезеңді тас, қола, ертедегі темір дәуірлерін қамтиді. Тас ғасыры көне, орта және жаңа тас ғасырлардан тұрады. Осы кезендер туралы біз археологиялық зерттеулерден, археологиялық дереккөздер пайда болуынан білеміз. Тас ғасыры тағы тарихқа дейінгі кезең деп аталынады, яғни сол уақытта жазба дереккөздері әлі пайда болған жоқ. Тас ғасыры 2 млн. жыл бүрын басталып 2 мыңжылдық біздің заманымызға дейін кезенде аяқталады. Ежелгі тарихы бізге ежелгі адам дамуының процесін білдіреді, алғашкы қауым туралы, ежелгі тайпалар, тайпалық одақтар, ежелгі мемлекеттер туралы білім береді. Ежелгі кезеңнің тарихы біздің заманымыздың 6 ғасырында аяқталады.  

Орта ғасыр тарихы біздін заманымыздың 6 ғасырынан басталып 18 ғасырдын басына дейін жалғасады. Осы кезең түркі мемлекеттер тарихын, моңғол шапқыншылығы, моңғолкейіңгі кезеңдерін, Қазақ хандығы қалыптасуы, дамуы кезеңдерін қамтиды.

Жаңа заман тарихына Қазақстанның Ресей империясына қосылу басталуы 1917 жылғы қазан революцияға дейінгі процесстермен байланысты оқиғалар жатады.

Қазіргі заман кеңес уақытынан 1917 жылдан басталады да бүгінгі күнге дейін жалғасады.

Тарихты зерттеу үшін, халықтың шаруашылығын, экономикасын, мәдени өмірін, саяси, әлеуметтік жағдайын объективтік түрде қарастыру үшін тарих ғылымының салалары және көмекші пәндер бар.   

Тарих ғылымының салалары төмендегілер болып табылады: экономикалық, әскери тарих, тарихи жағрафия, тарихи таным, археология, этнография және көмекші пәндер: археография, палеология; дипломатика, хронология, генеология, геральдика, нумизматика және басқ.

Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы

Қазақстанның тарихи өткенін зерделеу үшін тарих ғылымында дереккөздер пайдаланады:

          1. Заттай – археологиялық көздер;

          2. Этнографиялық;

          3. Лингвистикалық;

          4. Ауызша;

          5. Жазбаша;

Археологиялық – еңбек қарулары, көне заттар, үй тұрмысындағы заттар, қару, теңгелер, киім, қала қирандылары, зындандар, көне заман адамдарының сүйек – мүрделері.

Археологиялық көздер – барлау және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Олар көне заманның әрқилы дәуіріне жатады және сол дәуірдегі адамдардың мәдениетін білдіреді. Заттай көздерге: сондай ақ орта ғасырда салынған мавзолейлер, молалар, архитектура ескерткіштері жатады.

Лингвистикалық көздерге – қазақ тілі жатады. Ол қоғамның дамуына сай қалыптасып, этностың тарихи элементтерін сақтап қалған.

Ауызша көздерге, көшпелі халықтарда басым дамыған, халық ауыз әдебиеті жатады. Негізінен ол жазбаша тарихты алмастырды. Шежіре, эпос, мақал – мәтелдер, ертегі, жұмбақтар.

Жазбаша-деректер; жылнамалар, кітаптар қалдырған тарихи дәуірлер туғанға дейін, ең басты куәгерлер – археологиялық материалдар болған. Олар: елді мекендердегі қазба іздеу жұмыстары нәтижесінде табылған: еңбек қаруы, ескі теңгелер, тау-тастардағы суреттер, сүйек қалдықтары.

Ең көп тараған көздер түрі – жазбаша деректер, олар негізінен сол дәуірдің тарихи жай күйін білдіреді, бірақ олар терең зерттеуді қажет етеді.

Көне жазба көздеріне: көне жазушы, ғалымдардың қазіргі Қазақстан аймағында өмір сүрген тайпалар өмірі сипатталған еңбектері жатады.

Ол көне грек көздері – Геродоттың «Тарихы» (біздің дәуірге дейін 430-434 жылғы), Стробонның еңбегі «Жағрафия» (64 ж. біздің дәуірге дейін), Птолемейдің ең ертедегі жазбаша еңбектерінде, Авестада (Уағыз) - Зараостризмнің қасиетті кітабында (І мың жыл біздің дәуірге дейін).

Парсы дереккөздері – сына жазба мәтіні, Бехистун жазуы Дәрий І (522-486 жж.), Қытай дереккөздері Чжань Цянь, Сыма Цянь (145-86 жж.), Бань Гу (б.д. І ғ) авторлардын еңбектері.

Тарихнамалықта І-ші орынды: түрік жылнамалары ерекше орын алады. Йоллық-Тегін ( VIII ғасыр) Більге-қаган, Күлтегін құрметіне жазылған, Тоныкөк жазулары Орхон және Енисей өзендерін алқабында табылып, Орхон - Енисей руна  жазуы деп аталған. Бүл жазулар ежелгі түрік дәуір туралы маңызды ақпаратын береді және ежелгі түрік әдебиеттін бағалы үлгісі болып табылады.

Орта ғасырлық Қазақстан туралы араб тарихшылары Ибн аль Факих, саяхатшылар Плано Карпини, Марко Поло, Гильом Рубрук, еңбектерінен білуіне болады.

Араб саяхатшысы Ибн Батут қыпшақтардың көшпелі мемлекеті туралы, Қазақ хандығының қалыптасуы туралы Мухамед Қайдар Дулатидың “Тарихи және Рашиди” еңбегінде, Ибн Рузбиханның “Бұхар қонағы естеліктерінде”, Қадырғали Жалайырдың “Жылнама жинақтарында”,  айтылған.

Қазақстан тарихының тарихнамасы 18 ғасырдан, Қазқстан Ресей империяның қүрамына кіргізілген кезеңінен басталады. Қазақстан жерінің, этникалық қүрамын, әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайын орыс ғалымдары ғылыми тұрғысынан зерттелеу бастады. Бірақ, айтып кетуге керек, осы зерттеулердін, экспедициялырдын мақсаттары Ресей империяның отарлау саясатымен байланысты болды.

Тарихты зерделеуге орыс ғалымдары елеулі үлес қосты. Қазақстан территориясы 18 ғасырдан бастап Ресей империясының құрамына колония ретінде кіре бастады. Ресейдін империялық мүдделерін орнату үшін қазақ өлкесіне зерттеу экспедициялар ұйымдастырылды. Бірінші экспедициялардын ішінде П.С.Паллас басқарған Ресей ғылым академияның экспедициясы болған (1768-1774 жж.). Экспедиция мүшелері тарихшылар И.П.Фальк, И.Г.Георги өздерінің еңбектерін қалдырған. Қазақстанда  және Орта Азияда тұрған халықтардын этникалық, әлеуметтік, саяси тарихынан маңызды еңбек жазған И.Я.Бичурин (1777-1853жж.) “Ежелгі дәуірде Орта Азияны қоныстаған халықтар туралы деректер жинағы” (3 томдық). Қазақстан тарихына зор үлес қосқан Левшин А.И. (1799-1879жж.) “Қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу” 1832ж. Қазақстан тарихының маңызды мәселелеріне арналған шығыстанушы-ғалымдардын В.В.Вельяминов-Зерновтың “Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер” (1830-1904 жж.), В.В.Бартольдтің (1869-1930жж.) “Түркістан тарихы”, “Жетісу тарихынан очерктер” арналған.

Тарих, этногенез, көшпенділердің өмірінің әлеуметтік жағдайы Ш.Уәлихановтың “Абылай”, “Қырғыз тегі”, “Даладағы мұсылмандық туралы” т.б. еңбектерінде зерттелген. Ш.Уәлиханов қазақ халқының атақты тұңғыш ғалымы үлкен, бағалы тарихи мұрасын қалдырды. Қазақ халқының жаңа заманның өкілдері – қазақ ұлттық интеллигенциясы Қазақстан тарихының зерттеуіне үлкен үлес қоскан. Қазақ зиялы қауымның өкілдері қазақ халқының сана сезімін оятуына үмтылған, сондықтан еңбектері қазақ тарихына арналған. Қазақ зиялысы Ә.Бөкейханов (1866-1937жж.) тарихи   этнографиялық “Қазіргі заманғы мемлекеттердегі  ұлттық қозғалыс түрлері” атты очерк, т.б. еңбектер жазды. Аса құнды материалдарға сондай-ақ “Қазақ”, “Дала уалаяты”, “Айқап” мерзімді басылымдары жатады. Шәкәрім Құдайбердиевтің (1858-1931жж.) “Шежіресі”- этногенез, тарихи ақпаратты береді. М.Тынышпаев жазған (1879-1937жж.) “Қырғыз қазақ халқы тарихына материалдары” (1925 ж.) қазақ тарихының  маңызды мәселелерін анықтайды.

Кеңес дәуірінде С.Асфендиаров “Көне дәуірдегі Қазақстан тарихы” (1935ж.), А.Панкратова, Н.Дружинин, М.Вяткин “Қазақ КСР тарихы” көне дәуірінен  (1943ж.) дайындалған, 1977жылы “Қазақ ССР” тарихының 5 томдығы жарыққа шықты. Белгілі қазақ ғалымдары Бекмаханов Е.Б., Дахшлейгер Г.Ф., Сүлейменов Р., Галузо П.Г., Марғүлан А.Х, Шахматов В.Ф., Зиманов С.З., және басқ. Олардың еңбектері және оқулықтары партия совет цензурасы қысымымен жазылған, сондықтан бұл еңбектерде тарихты зерделеу таптық- идеялық  тұрғысы сақталған.

Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, тарихшылар Қазақстан тарихын зерделеуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауына,  ұлттық тарихты жаңғыртуға, Қазақстан тарихында белгісіз, бұрмаланған деректер мен оқиғаларды кеңінен ашуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, Қазақстан тарихы жаңа тұрғыдан, шындық тұрғысынан қайта қаралуда.

Дәрістің негізгі ұғымдары: палеолит, мезолит, неолит, неолититтік төңкеріс, энеолит, нуклеус.

№ 1 дәріске арналған тексеру тесті

1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттеріне кіреді:

    А. Тарихи білім беру +

    Б.  Идеологияны нығайту

    В.  Саяси жағдайға ықпал ету

    Г.  Президент билігін нығайту

    Д.  Үкімет билігін нығайту  

2.  Ежелгі тарих қай кезенге дейін пайда болды

    А.  1 ғасыр б.з.д.

    Б.   6 ғасыр б.з.д.

    В.   6 ғасыр б.з. +

    Г.   2 ғасыр б.з.д.

    Б.   5 ғасыр б.з.д.

3.  Алғашкы қауым қай дәуірде пайда болған

    А.  Тас +

    Б.  Қола

    В.  Темір

    Г.   Мыс-тас

    Д.   Қола-мыс

4. Әуелгі палеолит қанша дғуірге бөлінді

     А. 1

     Б. 2

   В.3 +

      Г. 4

      Д. 5

5. Аталған түрақтардын қайсысы кейінгі палеолитке жатады

      А. Қанай +

      Б. Дұзбай

      В. Беғазы

      Г.  Дәндібай

      Д. Батпақ

№ 2 дәріс. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан территориясындағы қола дәуірі негізгі кезеңдеріне анықтама беру және сипаттау

Жоспар:

  1.  Тас ғасырының жалпы сипаттамасы
  2.  Тас ғасырының кезеңдері (палеолит, мезолит, неолит, энеолит).
  3.  Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Антропогенез және социогенез.
  4.  Қола дәуірі. Көшпеліліктің өркениет ретінде қалыптасуы.
  5.  Мәдениеттің пайда болуы. Кейінгі тас және қола дәуірінің өнері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IV Т. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  6.  Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994
  7.  Марғұлан А. “Бегазы – Дәндібай мәдениеті” Алматы 9. Сатыбекова А.С., Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды Аль-Фараби. Алма-Ата. 1975.
  8.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Тас ғасырының жалпы сипаттамасы

Алғашқы тарихтың бірінші беті тас дәуір. Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат тарихындағы бірінші әлеуметтік – экономикалық формация, адамзат қоғамының тарихи дамуының, адамның пайда болу кезеңінен таптар, мемлекеттер пайда болғанға дейінгі кезеңді қамтитын, бірінші кезең.

Ерте палеолит. (2 млн. – 140 мың жыл бұрын) Шелашел кезеңі. Шамамен алғанда бұдан 800 мың жыл бұрын – Қазақстан территориясында (Оңтүстіқ аудандар мен Балхаштың солтүстігі) ежелгі дәуір адамының пайда болуы (питекантроп пен синатроп)

Ертедегі палеолит ірі – ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың жыл бұрын) дәуірлері. Ерте палеолит алғашқы қауымдық табын дәуірі - бұл жалпы алғанда әлеуметтік, ең алдымен алғашқы қауымдық ұжымдық қатынастардың қалыптасу кезеңі. Кулді тас ғасыры бойында еңбек қүралып жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Сол себептен ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдар табылады, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар сүйектерінен істелген бұйымдар да кездеседі. Түрі мен ерекеше сипатына қарай тас бүйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, пышақ, тескір және басқаға бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғіші ең ескі еңбек қүралдары орын алады.

Ашель дәуірінің тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегі заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысында еді. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А. Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі – ірі кедір – бұдыр домалақ тастарға бөледі.

Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты  пайдаланған – оларды бір ө біріне соғатын болған.

Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтастары қажетке асырылған. Кейін соққыштар пайда болды.

Тас ғасырының кезеңдері (палеолит, мезолит, неолит, энеолит, Қазақстан территориясындағы тұрақтар, обалар)

Ашель дәірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Мұнда қуралдар қара және сұрқай – жасыл түсті кремний жынысынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей – шығыс шетінде орналасқан. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралды, жануарлар терін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштарды, сол сияқты толып жатқан домалақ тастарды атауға болады, соңғыснан сындырғыштар мен қалақтар жарылап алынып, еңбек құралдары ретінде пайдаланылған. Орталық Қазақстанның басқа да ашельдік ескерткіштері ішінен Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Тас бұйымдар арасынан жел – құздан мүжілген шапқыш құралдар айырықша назар аударады. Сонымен қатар археологтар Қаратау тауларынан, Бөріқазғаннан, Шабақтыдан (Жамбыл облысы), Қазанғаптан (Шу өзені) және басқа жерлерден адамадрдың негізгі кісібі аң аулар, ұжымдасып жабайы жануарларды ұстау, қару жарағы – шоқпар, жебе, дөрекі өңделген тас болды. Өздігінен өсетіп дәндерді, жеміс – жидек теріп жеу оларрдың өмірінде үлкен рөл атқарды. Синантроптар сол кездің өзіндеақ отты пайдаланды, бәлкім олар отты шағару әдісін де игерген болар. Піскен ет пен өсімдікті тамақ ету адамның дамуында игі әсер еткені сөзсіз. Қоғамдық ұйымы – адамдар тобыры болды. Адамдар үйірі бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналалысу қызметін, қызметін атқарып, тасты жару үшін жұмыр тас қалданды.

Орта палеолит. (140-40 мың жыл бұрын) Мустье дәуірі. Бұл кезеңнен қөғамдық ұйымы – ірі қауым болып табылады. Осы кездеадамның неандерталь түрі пайда болды. Қазақстан территориясының оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде таралды. Сондай орталық мекендердін бірі – Қаратау таулары. Сондай орындары – Алғабас, Өгізтау 1,2,Үлкен Ақ-Мая және басқалары. Бүгінгі таңда Қозыбай деген олжалы жер – ШығысҚазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында Көршім ауданының Қараторғай ауылына таяу бір бүйірде. Алғашқы қауым адамның қолымен жасалған тас бұйымдары, олардың ішінде шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелген сындырғыштар бар. 1958 жылы табылған, кейін ағартушы-ғылым Ш.Ш. уалихановтын атымен аталған көп қатпарлы тұрақ үлкен атаққа ие. Тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары, оттың орны, ошақтар, әртүрлі жанупрлардың сүйектері табылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің оң жағалауындағы осынау тұрақ қатпалары жердің қазіргі бетінен әртүрлі тереңдікте жайғасқан.

Мустье дәуірінің жаңа ескерткіші 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар Өгіз-тау-1,2, Үлкен Ақмая тұрақтары.Адамдардың бүл араны мекендеуіне шикізат қорлары мен бұлақ суының іргелес жатуы әсер еткен. Дөңгелек іспеттес нуклеустерге қоса, протопризматикалық нуклеустердің, сол сияқты шет-шеті симметриялы келетін қалақтардың болуы тас өңдеу техникасының жете түскенінен хабар береді.

Ал 80 мың жыл бұрын мұз дәуірі басталды. Өсімдіктер мен жануарлар өзгерді. Адамдар түратын орындар іздестіру қажет болды. Үйкеу арқылы от тұтандыру игерілді, киім дайындау дами бастады. Діни сенімдердің алғашқы белгілері, көму салттары пайда болды.

Қазақстанның баяғы заманындағы тұрғындары, эволюциялық дамуы жағынан Homo habilis фазасына сәйкес келетін питекантроп пен синантропы замандастары болған. Қаратаудың алғашқы қауымдағы мекендеушілері отты тұтатып, оны сөндірмей жағып отыруды білген, ірі және уақ жануарларды аулаумен айналысып, өсімдік тағамдарын жинаған.

Кейінгі палеолит ( 40-12 мың жыл бұрын). Қазіргілер түтес адамдар (Homo sapiens) сол кезде пайда болды. Осы кез – адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі.

Кейінгі палеолит дәуірінде саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогресті дамуымен, рулық қауымның құрылумен, рудың, адамдар ұжымының пайда болуымен тура табысып жатыр. Рулық қауым барлық жерде де матрилиниялық (ана жағынан есептелген ) және матрилокалді (ана жағымен тұйықталған), ал әйелдің қауымдағы жай-жағдайы өте мықты болған. Әйелдің қоғамдық әмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелегімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып отырды.

Кейінгі палеолит дәуірінде адамның дүние танымы күрднліліне түседі.  Аңшылық жадысына иланц-елігу сенімі кең жайылды, оның түп – төркініңде хайуанның рух-бейнесін игеру арқылы оны билеп-төстеуге мүмкіндік алу сенімі жататын.

Адамның жаны оның өлгенне кейінгі, бақидағы өмірі – пәнидегі өмірінің жалғасы деген ой-түсінігі оның жерлеу рәсімін күрделі етіп қиындатып жібереді.

Бұдан бұрынгы кезеңнің ескерткіштерімен салыстыра қарағанда, сол дәуірдің тұрақты аз табылған. Шығыс Қазақстанға ел-жұртқа Қанай, Свинчатка, Үңгір және Ново-Никольское тұрақтары белгілі. Ал Ащысай тұрағы Оңтүстік Қазақстаннан, Батпақ 8, Қарабас 3 Орталық Қазақстаннан табылған.

Үңгір тұрағы – Бұқтырма өзенінің оң жағалауындағы шығанақ мүйісінде орналасқан, ол – кіретін жері батысқа қараған. Қазба жұмыстары кезінде шығыс шетіндегі 30-50 см., ал батыс бөлігіндегі 60-170 см., терендіктен палеолит бұйымдары табылды, олардың арасында шеңберлі ретуші бар қырғыш, пышақ іспетті қалақ сынығы, пышақ тәрізді құрал, түрі пирамида тәрізді құрал, кетіліп, сынып түскен жердің іздері бар нуклеус, соққыш және қара кремний мен жасылдау кварц жынысынан бұйым дайындаған кезде түскен өндіріс қалдықтары және жануар сүйектері бар екен. Жоғарғы палеолитте тас құралдары өңдеу тәсілі бұрынғыдан да күрделіне түскен.

1980-1983 жылы Семей облысында Ново-Шульба аудананда, Ертіс бойындағы Шульбинка тұрағында қазу жұмыстары жүргізілді.  Мың тас бұйымдар ішінде көптеген сынық-қырғыш, қалақ-қырғыштар, үшкірлер, кескілер, тескірлер, нуклеустердің әр түрі, өндіріс қалдықтары ыбырысып жатыр. Тас бұйымдарға қоса, бұл арадан малтатастан қаланған ошақтар, күл қабаты, ал ошақ айналасындағы едәуір жерден шағын диаметрлі дөңгелек тәрізді қоңыр дақтар кездесті.

Мәдени-тұрмыстық жәдігерлермен бірге, өлген кісінің моласы да табылды, ол оң жанбасына ыңғайлай жатқызылып, басын батысқа қарата, бүгілген күйде қойылған. Шульбинка тұрағында құралдар дайындауға шикізат ретінде негізінен халцедон, яшма, кремень мен тау хрустальді қолданылған. Адамдар пашақ тіліктер жасауды үйренді, ірі балықтарды аулауға ыңғайлы ілмекті сүңгілер бастап қолданыла бастады, дротиктер кеңінен қолданылды.

Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ барлық материалдар көне тас дәуірі адамадрының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғынына, сол сияқты Қазақстан территориясындағы қоныстану процесінің де үзілмегеніне көз жеткізеді.

Мезолит (12-15 мың жыл – 5  мың жыл біздің заманымызға дейін)

Мезолит грек тілінен аударғанда орта тас ғасыры деп аталынады. Осы кезең 70-ші жылдарға дейін өте аз зерттелінген, кәзіргі уақытта да Қазақстан тарихының ең зерттелмеген кезен болып табылады. Тек соңғы онжылдықтарында бір-неше осы уақытына жататын ескерткіштер табылған.Оның ішінде тас өндірістін комплекстері, тұрғын-шаруашылық комплекстері табылған. Бірақ, осы кезеңнің  жерлеу комплекстері пайда болуы белгісіз.

Мезолит кезеңінің ескерткіштерінің зерттеулер бойынша тас өндеу әдістерінде едәуір өзгерістер болған жоқ. Голоцен (мұз дәуірінен кеіңгі) кезңінде адамның шаруашылығы кейіңгі палеолитте қалыптасқан түрінде пайда болған. Мезолитте  тас қүралдары микролит өндеуімен белгілі, және осы кезеңінде табиғи туындыларын иелену шаруашылығынан өндірістік шаруашылығына өту алғашқы белгілері көріне бастаған. Мезолит кезеңінің ескерткіштері көбінесе Солтүстік Қазқстанда табылған.      

Палеолит дәуірі мезолитпен орта тас дәуірге 12-15 мың жыл бұрынғы кезеңде  ауысты. Ол ауа райының күрт жылуымен сипатталады. Мәңгі мұз шекарасы қазіргідей жағдайға келді. Суық ауа райына  бейімделген хайуанаттар жойылды. Сол заманғы еңбек қарулары және аң аулау құралдарына қажеттілік туды. Мезолит кезеніңде адамзат едәуір дәрежелерге жетті. Осы кезеңде садақ пен жебе, бумеранг кең тараған. Бұның өзі құс пен аңдарды алыстан өлтіруге мүмкіндік берді. Садақ пен найзамен аң аулау, жемістер жинау адамдарға орындарын жиі ауыстырмауға жағдай туғызды. Осы кезеңді біз әскер ісінің қайнар көзін - адамзат әрекетінің бір түрі – тіршілік үшін, көрші қауымдастықтармен аумақ үшін күресі деп айта аламыз. Мезолит кезеңде жаңа шарушылық туды – балық аулау.

Мезолит тұрақтары – Жоғарғы Ертіс, Балқаш өңірі, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан. Батыс Алтайдың көркем шатқалдарында, Іле, Талас, Алатау, Жоңғар тауларында, Қаратауда көптеген бейне суреттерге толы тау шоқылары кездеседі. Тобыл маңайында табылған Евгеньевка 1, Дұзбай 6 тұрақтары мезолит кезеңіне жатады. Тас құралдарының 90 % микролиттік (пластиналар) тұрінде өндірілген тас құралдары болып табылады. Микролиттер халцедонолит, алевролит, яшмокварцит тастарынан жасалынған. Петропавл Ертіс маңайында Явленский, Виноградовский микролиттік аудандары топталынған, Тельман микроауданы (Атбасар),  Ақмола облысының Селета, Ерментау аудандарында топталынған. Екібастұз аудандарында мезолит комплекстері – тас жасайтын шеберханалар табылған. Осы қазбалар орындарында кремнийден жасалынған пластиналар, домалақ жүмыс шеттері бар қырғыштар, пышақтар т.б. құралдар табылды.   

Неолит ( 5 мың жыл – 2 мың жыл біздін заманымызға дейін)

Неолит – біздің заманымызға дейінгі жаңа тас дәуір, тасты өңдеудің жаңа түрлері: қашау, бұрғылаудың енуі - өндірістің мамандандырылуы өндіріске бұрын анықталмаған жаңа еңбек құралдарын; дәнүккіш, балта, тесе әкелді.

Жаңа тас дәуірге қолөнердің тууы да жатады. Адамдар шыбықтардан кәрзеңке тоқуды, өзендерде балық ауларын қоюға, қайық жасауды, сал құруды үйренді.

Қару, аспаптар бұрынғыдан жетілдіріле түсті. Заттардан адамдардың әдемілікке ұмтылғандықтарын көреміз.

Неолит дәуірінде адамның өнер табысы - алғашқы өнер материалдары - отқа төзімді саз балшық пайда бола бастады. Ыдысты балшықты сумен немесе құм, тас, ұсақталған сабан араластырып құйып жасай бастады. Осындай қоспалармен ыдысты қыздырғанда ол жарылмайтын болды. Тұрғын үйлердің қабырғаларын әр түрлі суреттермен өрнектеді. Неолит ескерткіштері Қазақстанның барлық аумақтарында: Орталық Қазақстанда – Бөрібас, Үшбұлақ, Қаратау қаласында Қараүңгір (Шымкент), Солтүстік  Оралда – Сексеуіл станциясы, Семей облысында “Ауыл” курортында, Жезқазған өңірінде, Қостанаймен Арқалық аралығында, Ертісте кездеседі. Неолит адамдары аңдарды: қой, ат, иттерді қолға үйретті. Енді ет пен теріні тек аң аулаудан емес, мал өсіруден де алатын болды. Малшылар пайда болды, жүн иіруді, киім тігуді үйренді. Кейіннен сүт алуды, одан ірімшік, сірне жасауды үйренді. Адамдар әр түрлі дәндер жинауды үйренді, оларды жарып оған су қосып ботқа жасауды үйренді. Тастардың арасына салып үгетіп ұн жасады, оған су қосып, қыздырылған тасқа қойып нан пісірді. Дәнді көп қылып дайындап алу мүмкіндігі туды, сөйтіп аң аулау сәтсіз болса да, адам өзін аштықтан сақтау амалын тапты.

Біртіндеп, адамдар жабайы бидай мен арпа дәндеріне алысқа бармай-ақ жинауға болатынын ұқты, олардың дәндері мекендердің маңайында да өсетін.

Сөйтіп, адамдар жерді қопсытып, дәнді отырғызатын болды, сөйтіп біртіндеп егіншілік туды. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысу адам өмірінде зор роль атқарды. Бұл оқиғаның өте мағыналы болғаны соншалық, оны неолит революциясы деп атады.

Өмірдің жаңа түрлері орта ғасырда қалыптаса басталған, бірақ көптеген аумақтарға жаңа тас ғасыр – неолитте кеңінен таралды. Біздің эраға дейінгі ІІІ мың жылдықта ежелгі Қазақстанның тұрғындарында біртіндеп өндіру шаруашылығы қалыптаса бастады. “Неолит революциясы” табиғаттан өзіне қажеттің бәрін енжарлықпен жинақтайтын тас ғасыр адамының жаңадаму сатысын: мал шаруашылығы мен егіншілікті білдіреді.

Бұл кезең оңжылдық емес мыңжылдықты қамтыды. Бұл адамзаттың еңбек ету аумағын кеңітті, оның сипатын сапалы түрде өзгертті. Алғашқы рулық қауымдастық аналық дәуір негізінде ұйымдастырылды.

Алғашқы қауым тұрғындарының қол жеткізген өндірістік күштердің даму деңгейі, біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық басында, өмірге көптеген мәдени, тұрмыстық өзгерістер әкелді: берік отырықшылық, сазбалшық ыдыстар көптеп жасалды, тау кен ісі, тоқымашылық дами бастады. Осы енген жаңашылдықтар сол кездегі қалыптасқан өндірістік шаруашылықтың өзекті бөлегі болып табылады. Бұл жаңалықтар өзінің жемісін, әсіресе, қола дәуірінде берді.

Энеолит – біздің заманға дейінгі IV мың жыл – мысты тас ғасыры – қола дәуірге өтудегі өтпелі кезең. Тас өңдеудің ең жоғарғы техникалық деңгейіне қол жетті. Мыс бұйымдары, құралдары пайда бола бастады.

Оңтүстік Қазақстанда – Қараүңгір, Батыс Қазақстанда – Күлсары (Атырау облысы), Шығыс Қазақтанда – Қызыл су (Белокаменка), Солтүстік Қазақстанда – Пеньки станциясы. Энеолит – Ботай мәдениетімен анықталады. (Ботай – Көкшетау облысы).

Қола дәуіріне жалпы сипаттама. Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті.

Қола дәуір – біздің заманға дйін ІІІ-ІІ мыңжыл (XVIII-VIII ғасыр бздің заманға дейінгі). Біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық адам қоғамының дамуының жаңа сапалы сатысымен анықталады. Бұл кезең өндірістік шаруашылықтың толық жеңісі және рулық қатынастардың ыдырауының басы болды. Мәдени және этникалық қатынастарда – Қазақстан аумағында және оған шекаралас жерлерде туыстық тайпалар таралу аймағының қосылу кезеңі болды. Андроново селосы жанынан Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде табылған алғашқы қазбалар орнына байланысты андронов мәдениеті атауына ие болды.

Андронов мәдениетінің зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі»: ерте қола – б.з. дейінгі 18-15 ғ.ғ.(Нұра кезеңі-Орталық Қазақстан; Федеров кезеңі-Солтүстік Қазақстан); орта қола – б.з. дейінгі 15 – 12ғ.ғ., (Алакөл кезеңі-Орталық Қазақстан, Атасу кезеңі-Солтүстік Қазақстан); кейінгі қола  – б.з. дейінгі 12 – 8 ғ.ғ. басы (Андронов мәдениеті көшпелі мәдени бірлікпен алмастырылды – Беғазы-Дәндібай мәдениеті-Орталық Қазақстан, Қима мәдениеті-Батыс Қазақстанда қалыптасқан).   

Қола дәуірінің бірінші ерекшелігі – алтын және полиметалдарды өндірістік игеру. Қазақстанның орталық, шығыс, солтүстік аудандарында археологтар көптеген ежелгі қазбалар ашты.

Тау-кен өндірісі процесін толық қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қалайы, алтын, мыс өндірудің жалпы белгілерін біз білеміз. Қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың шикізат ретінде мол болуы, қола металлургиясының гүлденуіне жол ашты.

Алғашқы тайпалардың шаруашылығының екінші ерекшелігі, мал шаруашылығындағы ерекше жетістіктері және оны ежелгі өндірістің жетекші саласына айналдыруында болды. Бұл жетістікке қысқа мал азығын дайындау және ет тағамдарымен өздерін толық қамту үшін малды қолда ұстау нәтижесінде қол жетті. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдық және І мыңжылдық басында тіршіліктің жаңа түріне, яғни сапалы мал шаруашылығына көшу жағдайлары қалыптаса бастады.

Қола дәуірінде мал шаруашылығының дамуы – (үй жануарларын өсіру, бағу, аттарды үйрету, малды күзету) – ер адамдардың еңбегін қажет етті, сөйтіп енді қоғамда ер адамның ролі өсті, аталық дәуірдің орнауына әкеп соқты. Матриархаттың орнына патриархат келді.

Енді аңшылық немесе жеміс-жидек жинау емес, ең негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы болды. Онымен ірі оқиға байланысты: еңбекті ең алғашқы қоғамдық бөлу пайда болды, мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар жалпы халықтан бөліне бастады.

Егіншілік те нәтижелі дамыды. Бидай, арпа, тары себілді. Қоланың: көне метталургиясы негізінде, мал шаруашылығы мен теселік егін шаруашылығы негізінде Қазақстан даласында таралу аумағы біздің мемлекетіміздің қазіргі шекарасынан неғұрлым кеңірек қамтылған бірыңғай мәдениет қалыптасты.

Осы мәдениет таралған кеңістік, андронов мәдениеті атауына ие болды және батыста Оңтүстік Оралдан Енисейге дейін, шығыста Шығыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанға, Оңтүстікте Орта Азияның жерлерін қамтыды. Бұл қола дәуіріндегі Еуроазиядағы ең ірі мәдениеттің бірі болды.

Андронов тайпаларының шаруашылығы кешенді сипат (мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы) алды. Бірақ, олар негізінен отырықшылық өмір сүрді және өз қоныстарын дала өзендері жағасында, жайылма шалғындарда орналастырып отырды.

Бұл тайпалар үлкен аталық рулар отбасыларымен өмір сүрді, тұрақтары – жер үйлер, жеркепелер болса және оларға қосымша малға арналған шаруашылық қоралары салынды.

Андроновшылардың салт дәстүр, діни нанымдарында қайтыс болғандар бейнелері өте зор роль алған. Олардың бәрі тірілермен өз байланысын үзбейді деп санаған. Өлгендердің ажалсыздығына сенім, ол жақтағы тіршілікке сенім, жерлеу дәстүрін бір керемет күрделі салт дәстүрге айналдырды. Тас қоршаумен жерлеу құрылыстары салынды. Өлгендерді не жақты, немесе табытта жерледі.

Андроновшылар қалай көрінеді? Олар нәсілдің түрі бойынша бет пішіні ерекше қоңқа мұрын, жалпақ бет, көздері үлкен европеоидтар болды. Олар – сомды денелі, ірі мүсінді адамдар болды.

Ғалымдар болжауы бойынша тіл қатынастарында олар біздің заманға дейінгі ІІІ мың жылдық басында индоеуропа тілі құрамынан бөлініп шыққан, ірі индоиран тобына жатады.

Андронов мәдениітінің шығу тегі туралы әрқилы гипотезалар бар:

Біріншісі – бұл мәдениет Қазақстанның энеолиттік аңшылар мен жинақтаушылар ортасына өндірістік шаруашылық түрлері мен дағдыларын әкелген Орталық Азия жұртының көшу нәтижесі деп жобалайды.

Екіншілері – андроновтықтардың шығу тегін біздің заманға дейінгі ІІІ мың жыл бұрын индоеуропалықтардың өздерінің алғашқы Отаны – Оңтүстік шығыс Еуропа, оңтүстік және батыс бағытта көшуімен байланыстырады.

Үшіншілері – бұл мәдениет біздің заманға дейінгі XVIII ғасырда қазақ даласының солтүстігінде энеолит тайпаларының табиғи дамуының негізінде туды деп болжамдайды.

Біздің заманға дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай ежелгі Қазақстан экономикасы мен қоғамында едәуір өзгерістер байқалады. Андроновтықтар жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Орталық Қазақстанның асқан некропольдары, жоғары сапалы және бай әшекеленген геометриялық өрнектермен оюланған керамика Жезқазған, Зырян аумағының 100-ге тарта қоныстарында табылған.

Біздің заманның XV ғасырына дейінгі кезең, андронов мәдениетінің гүлдену кезеңі, бұл кезеңде көшпелі шаруашылыққа көшу кезеңінің буыны болатын мал шаруашылығының жаңа түрі – жайылымдық түрі туды.

Малшылар көктемде малдың бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе шабындықтарға айдап әкетіп, өздері сол малмен бірге көшіп, тек күзде ғана елді мекендерге оралып отырды. Алыс жайылымдарда жеңіл үйшіктер, киіз үйлер тұрғызатын еді. Тұрақтар маңайында малшылар қазған құдықтар болады.

Өмір кешудің мұндай өзгерістеріне себеп табынның құрамында көбірек қой, жылқы т.б. қардың астынан жайылым теуіп жейтін және ұзақ жолға шыдамды жануарлар болатын.

Ұзақ көштерге шыдамды бейімделген төрт дөңгелекті арбаларға орналастырылған киіз үйлер пайда болды. Бұл дәуірде ежелгі Қазақстанның оңтүстік жұртшылығы түгелдей көшпелі мал шаруашылығына ауыспады (Сырдарияның етегі), олар егіншілікпен айналысты. Осы кезеңде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің өзара байланысы мен қатынасы анықталып, соңғы мыңжылдықтағы Қазақстан тарихына өшпес таңба қалдырды.

Металлдарды, мыс, қола, күміс, алтын, т.б. игеру жаңа дәуірдің белгілерінің бірі болды. Біздің заманның IV мыңжылдық соңында Орта Шығыста мемлекеттер пайда бола бастады. Мұнда алғашқы өмір сипаты аяқталды, бірақ, ол жер шарының көп бөлігінде әлі де жалғасты.

Мал шаруашылығымен және егіншілікпен үнемі шұғылданған адамдар өздеріне қанша азық-түлік қажет болса, сонша дайындауға мүмкіндік алды. Ал артық дайындауларын өздерін басқа қолөнер: ыдыс дайындау, мата  тоқу, тас, металл бұйымдар дайындауды үйренуге жұмсады, яғни айырбасқа азық-түлік берді. Дайындаған бұйымдарының бір бөлігін көрші, туысқандарына беріп отырды, ал олар орнына азық-түлікпен алмасты. Сонымен бірге қыстақтарда тәжірибелі: шаруашылық жұмыстарды, салт дәстүрлерді жақсы білетін адамдар да болды. Тұрғындар арасында келіспеушілік туған жағдайда солардың беделіне сүйеніп  шешетін болды. Бұл адамдардың беделінен басқа өз шаруашылықтары болды, сондықтан көпшілік үшін жасаған өз кәсіптері үшін ешқандай ақы алмады.

Бірақ қоғам өміріне басшылық ету күннен күнге күрделене түсті. Бұрынғы басшыларға өз шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіндік бермейтін жаңа міндеттер қосылып отырды, сондықтан олар көпшілік өндірген азық-түліктің бір бөлігін алып отыратын болды.

Алғашқыда көшбасшылар сайланбалы болды және оның билігі оның беделінде болды. Бірақ, біртіндеп олардың жақын туыстарынан ақсүйектер қалыптасты. Андроновшыларды жерлеудің өзі қоғамның жіктелуі әлеуметтік топтарға бөлінгені туралы түсінік береді, ол жерлеудің “байлар” мен “қарапайымдар”ға бөлінуінен көрінеді.

Қоғамда қарапайым қауымдастықтармен, яғни өз руын қорғау жолында соғыспен жаугершілікпен, байлық пен даңқ әкелетін әскери ақсүйектер мен жауынгерлер де өмір сүрген.

Андроновтылықтарда қару - соғыс қаруы және табыну заты. Жылқы-ат өлі адам жерлеу рәсімінде, қасиетті орындарда ең басты құрбандық табағы болды.

Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Археологиялық  зерттеулер Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Академик Ә.Марғұлан тауып зерттеген Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәірдің соңғы кезеңі болып табылады.

Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңін сипаттайтын ескерткіштер Орталық Қазақстан өңірінен көп табылды. Олар: Жезқазған ( Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд, Шақпақ т.б.) көне кен орындары; Жезқазған ( Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ 3, Суықбұлақ, Тағыбайбұлақ, Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1,2 және басқа мыс балқыту орталықтары; Бұғылы1,2, Атасу 1, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Қарқаралы 1,2 сияқты аса ірі қоныс, мекендері; аумағы 60-80 га-ға жететін тоғандар, бөгеттер, тоспалар, арықтар мен каналдар т.б. гидротехникалық құрылыстар; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер ( Беғазы, Бұғылы 2, 3, Ақсу-Аюлы 2, Сңғыру 1, Дәндібай, Айбас дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары – менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпартас, түйетас және аютас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы сүреттер ( Бұғылы, Қарасай, Қойшоқы, Сартабан, Қанаттас, Аққойтас, Байқоңыр, Теректі әулие т.б.)

Археологиялық зерттеу материалдары Беғазы-дәндібай мәдениеті қола дәуірірі алғашқы кезеңдерінің тікелей жалғасы екенін дәлелдейді. Олардан қола дәуірі кезеңдерінің өзара байланыстары мен жүйелі хронологиялық дамуы жақсы көрінеді. Демек, Беғазы-дәндібай мәдениеті кола дәуіріндегі мәдениеттерін қарапайым түрінен, күрделі, жетілген сатысына өткен заңды жалғасты деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл тайпалар ішінде нәсілдік өзгеріс болмаса да, тұрмысы мен мәдениетінде ерекше дамығандық аңғарылды. Олар, әсіресе, сәулет-құрылыс өнерінде, керамика жасау, металл өндеу кәсібі салаларында анық байқалады.

Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.

Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген.

Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.

Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалары отырықшы болған. Қоныстары өзен бойлары мен тау аңғарларына салынған. Жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық, теселі егіншілік, металлургия және ұсақ кәсіпшілігі басым, сан-салалары кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп көшпелі малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.

Қола дәуірі қоныстары Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шіндерті, Түндік, Жарлы т.б. өзендері мен олардың салаларының бойына жиі салынған. Кейде өзендерден алыс, суы аз Солтүстік Балқашта, Бетпақдаланың солтүстігінде, Жеэқазған өңірінде де кездеседі. Бұл жерлерде суды құдықтардан, қолдан жасаған су қоймаларынан алған. Мұндай құрылыстар Жезқазған (Милықұдық, Айнакөл, Соркұдық) және Ұлытау қоныстарында ұшырасады.

Тұрғын үй құрылысы, рулық ұйым принципі мен ұжымдық шаруашылық негізіне сәйкес салынды. Патриархалдық бірнеше отбасы ошағы ортақ бір үйде тұрды. Шаруашылыққа арналған құрылыстар да тұрғын жаймен бірге тұрғызылды. Үй жанынан салынған тамбурларда немесе үй ішінде металл балқытып, оны өңдейтін және керамика жасау шеберханалары да болған.

Қола дәірінің соңына қарай үй жер бетіне тастан қаланып салынған (Атасу, Бұғылы 1, 2, Тағыбайбұлақ, Беғазы, Ортау). Жеке-жеке ошақтары бар көп бөлмелі тұрғын үйлер пайда болады ( Ақкезен, Бұғылы 1, 2, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбайболақ, Атасу, Суықбұлақ). Бұл үйлерді салғанда кесенелерді тұрғызу кезіндегі екі түрлі құрылыс әдістері қолданылған. Біріншісі – үйдің қабырғасын аса гранит тастар мен плиталарды жерге екі қатар етіп тігінен көміп тұрғызу. Бұл Беғазы-дәндібай мәдениетінің алғашқы кезеңіне тән еді. Екіншісі - әдейі іріктелген тақта тастардан көлденен қалау арқылы салу. Үй салудың екі әдісінде де қаланған қаптамамен екі арадағы қуыс тастардың ұсақ сынықтарымен толтырылған, лай құйылып, әбден тығыздалған. Төбе ішкі үй тіректеріне сай келетін жалпақ тастармен, пирамидалы-сатылы жақтау түріндегі бөренелермен жабылған. Үй салуда кеңінен қолданылған (Шортандыбұлақ, Суықбұлақ). Жезқазған қонысында қабырғалары саз балшықтан да тұрғызылған үйлердің қалдықтары сақталған.

Жезқазған қонысының тұрғындары үй мен қора-қопсы қалдықтары, бейіт құрылыстары мен көне рудниктер, мыс балқытатын пештер және басқа көптеген ескерткіштер қалдырды.

Мал өсіру, кен өндіру мен металл балқыту сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері қоғамдық өмірде ерлерді жетекше орынға шығарды. Материалдық байлық өндірісі мен қоғамдық саладағы ерлер беделінің басым болуы, патриархалдық – үлкендерге құрмет көрсету, тайпа көсемдерін пір тұту дәстүрін туғызады. Осының негізінде ата-бабаға табыну салты қалыптасты. Ру-тайпа көсемдеріне арнап ғажайып бейіт құрылыстары салынып, биік обалар тұғызылған.

Діни нанымның алғашқы түрі күн мен айға, жұлдыздарға табыну болған. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің зираттарында отқа сиыну белгілері сақталған. Күн мен ай, жұлдыз бейнелері Желтау, Батпақсу қоныстарынан, құрбандық шелған жердегі от орындары, мәйітті қояр алдындағы көр ішін отпен аластау белгілері Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 1, Айбас дарасы қоныстарынан табылған. Тас қабар ішінен күн мен оттың сұрапыл күшін бейнелейтін қызыл охра, ағаш көмірінің ұйіндісі жиі кездеседі (Балақұлболды, Беласар қоныстары). Осындай діни наным белгілері Бұғылы 1, 2, Шылым, Ортау, Балақұлболды қоныстарындағы арнайы табыну орындары мен Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 2, Айбас дарасындағы қорымдар ішінде сақталған. Ертедегі мегалиттік ескерткіштердің біріне менгирлер жатады. Мұндай тәңірге табыну орындары Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Ерте заманда менгирлердің жанында діни салт-жоралғылар өткізілген, ас беріліп, құрбандық шалынған және тәңірге табыну орны белгіленген. Менгирлер басында ертедегі малшылар көктемгі мал төлдетуге, күйек алуға т.б. арналған салттарын, егіншілер егін егу, астық жинау сияқты салт-жоралғыларын жасаған. Менгирлер тігінен көмілген биіктігі 2-6 м мөлшеріндегі төрт қырлы немесе жұмыр тас бағандар түрінде орнатылған. Олар жеке немесе тізбектеліп тұрғызылған.

Тас өндеу кәсібі негізінен неолиттен бастау алады. Адам қоладәуіріне тас өндеу ісіндегі мыңдаған жылдық тәжірибемен келді. Оның үстіне металл құралдардың пайда болуы көне шеберлердің тасты аса жоғары шеберлікпен өңдеуіне жағдай туғызды. Осының нәтижесінде менгирлер, жетілген тас құралдар және тастан тұрпайы қашалған адам мен жануарлар мүсіндері пайда болды.

Орталық Қазақстан тайпаларының басты кәсібінің бірі металл өндеу болғанын мұнан табылған қола заттар айқын аңғартады. Олар: құрал-сайман, қару-жарақ, әшекей бұйымдары. Қола қайла, сүймен, шот, балта сияқты құрал-саймандар, көне металлургтер қоныстарын (Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1, 2, Степняк, Бестөбе т.б.) қазғанда табылды. Қоладан жасалынған жебе ұштары мен сүңгі де ұшырасып отырады. Бұл заттар тұрмыстық қажеттілігімен қатар өнер туындысы ретінде де құнды. Оларды жасаушы ұсталар заттың әсем болуына да назар аударған.

Әшекей бұйымдарын жасауда металл өңдеу өнері жоғары дәрежеге жетті. Әшекей бұйымдар сыртқы пішінінің әдемілігі мен өңдеуінің тиянақтылығы, мүсіндік бейнелілігімен ерекшеленеді. Әдеттегі пуансон, бұдырлау, гофрировка т.б. тәсілдермен көптеген әшекей бұйымдар түрлері дайындалған. Көне зергерлер қола моншақтар мен екі басын құрама бұршақпен әшекейлеген білезіктерді асқан шеберлікпен жасаған. Беғазы-дәндібай мәдениеті кезінде төрт жапырақты розетка түріндегі жапсырма әшекейлер пайда болды. Төрт жапырақты розеткалардың әр қилы түрлері ертедегі көшпелілердің өрнектері мен металл бұйымдарын әшекейлеу ісінде кең тараған. Кейіннен төрт жапырақты композиция қыпшақтардың, онан соң қазақтар мен қырғыздардың өрнектеу өнерінің басты белгісіне айналды.

Зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар – білезік ( Айбас дарасы қонысы ) , сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы). Алтын мен қоладан жасалынған құралдардың , әшекей бұйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығанын көрсетеді. Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған. Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі – керамика. Жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналады. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңінің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленеді. Керамикалық ыдыстар екі түрлі тәсілмен жасалған. Түбі жалпақ ыдыстарды, алдымен түбін жасап, одан жоғары қарай таспа тәрізді саз балшықпен дөңгелете көтерген. Шар және жұқа ыдыстарды ішінен ойып, қабырғасын сығымдап, қысып шығарған. Керамиканы құм толтырылған кенеп дорбамен қалыптау – Орталық Қазақстан тұрғындарына ғана тән шеберлік. Керамикалық ыдыстар пайдаланылуына қарай ас ішетін және тамақ дайындайтын болып екіге бөлінген. Ас дайындайтын ыдыстардың қабырғасы қалың, дөрекі жасалынған, ұқыпсыз өрнектелген немесе әшекейленбеген. Қабырғасы жұқа ас ішетін ыдыстар сан түрлі – тостаған, кесе, құмыра т.б. Беғазы-дәндібай кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен өрнектері негізінен бірдей. Құмыралар тік мойынды , шар тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келеді. Бұл белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және соңғы кезең керамикаларында басым кездеседі. Олар өзіндік қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналады.

Қорыта келе, Беғазы-дәндібай мәдениетінің Оңтүстік Сібірдегі Карасук мәдениетінен бөлек, өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне тигізетін зор ықпалын айқын аңғартады.

Қазақстан тарихының көптеген жүз мың жылдыққа созылған алғашқы кезеңінің қысқаша мазмұны осындай. Алғашқыда жартылай адам, жартылай аң тастан ең қарапайым құралдар жасайтын. Ал соңында біз тәрізді адамдар, аң аулау, мал өсіруді, егін егуді, үй салуды, әр түрлі бұйымдар жасауды, қоладан құралдар жасауды меңгерген.

Адамның хайуандық жағдайдан алғашқы мемлекеттер құрылуына алғышарттар туындауына және қазақстан аумағында өркениет белгілері пайда болған уақытқа дейінгі адамның қол жеткізген жетістіктерін шексіз атай беруге болады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: патриархат, тебіндеп жайылу, құз обалар.

№ 2  дәріске арналған тексеру тесті

1. Қай жылдары I Дарий сақтарға қарсы жорыққа аттанған?

A) Б.з.б. 500 – 499 ж.ж.

B) Б.з. 512 – 513 ж.ж.

C) Б.з.б. 518 – 517 ж.ж.

D) Б.з. 518 – 519 ж.ж.

E) Б.з.б. 519 – 518 ж.ж.
2. Алтын Орда мемлекетінде беклербек қандай салаға басшылық жасады?
A) Шаруашылық.
B) Салық жинау.
C) Әскери іс.
D) Сауда.
E) Діни істер.
3. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кетті…
A) АҚ Ордадан.
B) Моғолстаннан.
C) Ноғай Ордасынан.
D) «Кµшпелі µзбек» мемлекетінен.
E) Сібір хандығынан.
4. 1916 жылғы көтеріліс жайлы жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» еңбегінің авторы:
A) Сәкен Сейфуллин.
B) Әлихан Бөкейханов.
C) Мұхтар Әуезов.
D) Сәбит Мұқанов.
E) Ахмет Байтұрсынұлы.
5. ҚазАКСР-ның құрылған жылы:
A) 1923.
B) 1920.
C) 1922.
D) 1919.
E) 1921.
6. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған кейінгі палеолитке тән тұрақ:
A) Тұщысай.
B) Ащысай.
C) Батпақ.
D) Қоянды.
E) Қарабас.
7. Андроновтықтар жерді қандай еңбек құралдың көмегімен өңдеді?
A) Темір соқа.
B) Күрек.
C) Тас тесе.
D) Кетпен.
E) Тырнауыш.
8. Қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы:
A) Адай.
B) Найман.
C) Дулат.
D) Қаңлы.
E) Үйсін.
9. Ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолы:
A) Нефриттік жол.
B) Лазуриттік жол.
C) Ұлы Жібек жолы.
D) Варягтан Грецияға дейінгі жол.
E) Дала жолы.
10. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХІV ғ.ғ. халық ауыз әдебиеті мен әдебиет қай тілде дамыды?
A) Өзбек тілінде.
B) Ноғай тілінде.
C) Қазақ тілінде.
D) Ұйғыр тілінде.
E) Қыпшақ тілінде.

№3 дәріс. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының әлеуметтік қатынастары

мен ұйымдары.

Мақсаттары мен міндеттері:

- Ерте темір ғасырындағы тайпалық одақтардың классификациясын және саяси-әлеуметтік тарихын жан-жақты талқылау

Жоспар:

Тас ғасыры кезеңіндегі әлеуметтік ұйымдар.

Қола дәуірі тайпаларының қоғамдық қатынастары.

Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы.

Ғұн, Үйсін, қаңлы тайпаларының әлеуметтік қатынастары.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IV Т. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  6.  Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы және саяси тарихы. Тайпалық одақтарының орналасуы жөніндегі жазба деректер.

Көшпелі өмірге көшу негізі яғни намадизмге Қазақстан аумағында андроновтылықтар тайпасымен салынған. Андроновшылардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болды.

Қазақстанның орталық, батыс және шығыс бөліктері негізінен дала алқабын құрайды, сондықтан ол негізінен мал шаруашылығын дамыту орталығы болды. Оңтүстік аудандарда негізінен егіншілік шаруашылығымен айналысты.

Сондықтан көшпелі мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторлары – Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайлары болды.

Көшпелі  халықтардың тұрмысы және әдет – ғұрпы егіншілік аудандар тұрғындарынан ерекшеленіп тұрды.

Қазақстанның ежелгі тарихы – ол ең алдымен көшпелі тайпаларының, біздің заманға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Волга мен Алтай арасындағы далаларды меңгерген, көшпелі мал шаруашылығы, этникалық тайпалар тарихы немесе қазіргі тілмен айтқанда даланың ұлттық келбеті үшмыңжылдық тарихы жолында өзгеріп отырды.

Осы кезеңде темір табылған.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдығында қазақ далалырында сақ көшпелі тайпалалардын пайда болу кезеңі.

Екі жарым мыңжыл бұрын иран патшасы Дарий І өзінің малайларына көрші атымен Бехистун деп аталатын ең биік шыңға ұзақ жазу жазуға бұйрық берді. Ол жазба жерден 105 метр қашықтықта болғандықтан оны оқу мүмкін емес еді. Дарий әрқилы оқиғалар, соның ішінде ежелгі Қазақстан аумағындағы оқиғалар туралы сыр шертеді. Онда Сырдарияның солтүстігінде өмір сүрген халықтар  сақ деп аталған.

Жазбаша деректерге сүйенсек, олар қазіргі Қазақстанның барлық этникалық аумағын қамтып, бірнеше топқа бөлінген.

Сақтар құрамында жылнамашылар – тиграхауда (шошақ бөрік киетіндер) Жетісуды мекендеген сақтарды, Орта Азия мен Аралды мекендеген массагеттерді және даиларды, Орта Азия және оңтүстікті мекендеген (хаома ішімдігін дайындайтын) хаомавара сақтарын, алтын аңдаған грифтерінде сақшылық еткен, яғни Алтай және Шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспа сақтарын, Орталық Қазақстанда исседондарды, шығыста – савроматтарды, савроматтардан кейін Геродот бойынша, Оңтүстік Оралды мекендеген аргипейлер және Қаратеңіз жағалауында қоныстаған парадарайя – немесе скифтерді (немесе парсылар оларды теңіз сақтары деп атаған) атайды.

Ежелгі грек және рим жылнамашылары Ұлы даланың көшпенділер әлеміне Қаратеңіз  ерте ирандық көшпелі тайпаларының бірінің аталуы -–скифтер атауымен атаған. Ол туралы біз Геродоттың “Тарих”, Страбонның “География”, Плиний еңбектерінен білеміз.

Сақтар да, скифтер де және савроматтар да Дунай мен Хуанхэ аралығында қалыптасқан бір этномәдениеттік қауымдастықтың бөлігі.

Сақтар мен скифтер Ұлы даланың алғашқы, ежелгі әлемге кеңінен танымал, көшпенділері болды және оның ролін бағалау өте қиын. Қазіргі Иран аумағында орналасқан Лидия патшалығымен Парфия үшін, оңтүстік Түркмения мен Солтүстік Иран біздің заманға дейінгі І мың жыл бұрын шайқасқан Сақ патшасы Заринаның ерліктері туралы деректер сақталған. Бұл сақ эпопеясының бастамасы еді. Оның жалғасы парсы патшалары Кир мен Дарий І-нің сақтарға қарсы Окс (Амудария) және Яқсарт (Сырдария) “теңіздік” – яғни қаратеңіз жағалауын мекендеген сақтар (парадарайя) үшін әскери жорықтары болды. Орта Азиядағы сақтар тайпасы – массагеттер парсы иелігіне қарсылық білдірді.

Олар Қазақстан даласында және Орта Азияның Каспий теңізінің шығысын мекендеген. Кир Амударияны өтіп, осы жерде массагеттердің сұрапыл шабуылына ұшырап, толық талқандалған. Геродот, бұл шайқасты және Кирдың Томирис патшасы қолынан қаза табуын жете баяндай отырып, Томирис патшасы Кирдың шабылған басын “Сен қанға құмар едің, енді іш оны” деп қанды қапқа тастады деп сипаттаған.

Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары одақтарының тарихы.

Көшпелі өмірге көшу негізі яғни намадизмге Қазақстан аумағында андроновтылықтар тайпасымен салынған. Андроновшылардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болды.

Қазақстанның орталық, батыс және шығыс бөліктері негізінен дала алқабын құрайды, сондықтан ол негізінен мал шаруашылығын дамыту орталығы болды. Оңтүстік аудандарда негізінен егіншілік шаруашылығымен айналысты.

Сондықтан көшпелі мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторлары – Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайлары болды.

Көшпелі  халықтардың тұрмысы және әдет – ғұрпы егіншілік аудандар тұрғындарынан ерекшеленіп тұрды.

Қазақстанның ежелгі тарихы – ол ең алдымен көшпелі тайпаларының, біздің заманға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда Волга мен Алтай арасындағы далаларды меңгерген, көшпелі мал шаруашылығы, этникалық тайпалар тарихы немесе қазіргі тілмен айтқанда даланың ұлттық келбеті үшмыңжылдық тарихы жолында өзгеріп отырды. Осы кезеңде темір табылған.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдығында қазақ далалырында сақ көшпелі тайпалалардын пайда болу кезеңі.    

 Екі жарым мыңжыл бұрын иран патшасы Дарий І өзінің малайларына көрші атымен Бехистун деп аталатын ең биік шыңға ұзақ жазу жазуға бұйрық берді. Ол жазба жерден 105 метр қашықтықта болғандықтан оны оқу мүмкін емес еді. Дарий әрқилы оқиғалар, соның ішінде ежелгі Қазақстан аумағындағы оқиғалар туралы сыр шертеді. Онда Сырдарияның солтүстігінде өмір сүрген халықтар  сақ деп аталған.

Жазбаша деректерге сүйенсек, олар қазіргі Қазақстанның барлық этникалық аумағын қамтып, бірнеше топқа бөлінген.

Сақтар құрамында жылнамашылар – тиграхауда (шошақ бөрік киетіндер) Жетісуды мекендеген сақтарды, Орта Азия мен Аралды мекендеген массагеттерді және даиларды, Орта Азия және оңтүстікті мекендеген (хаома ішімдігін дайындайтын) хаомавара сақтарын, алтын аңдаған грифтерінде сақшылық еткен, яғни Алтай және Шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспа сақтарын, Орталық Қазақстанда исседондарды, шығыста – савроматтарды, савроматтардан кейін Геродот бойынша, Оңтүстік Оралды мекендеген аргипейлер және Қаратеңіз жағалауында қоныстаған парадарайя – немесе скифтерді (немесе парсылар оларды теңіз сақтары деп атаған) атайды.

Ежелгі грек және рим жылнамашылары Ұлы даланың көшпенділер әлеміне Қаратеңіз  ерте ирандық көшпелі тайпаларының бірінің аталуы -–скифтер атауымен атаған. Ол туралы біз Геродоттың “Тарих”, Страбонның “География”, Плиний еңбектерінен білеміз.

Сақтар да, скифтер де және савроматтар да Дунай мен Хуанхэ аралығында қалыптасқан бір этномәдениеттік қауымдастықтың бөлігі.

Сақтар мен скифтер Ұлы даланың алғашқы, ежелгі әлемге кеңінен танымал, көшпенділері болды және оның ролін бағалау өте қиын. Қазіргі Иран аумағында орналасқан Лидия патшалығымен Парфия үшін, оңтүстік Түркмения мен Солтүстік Иран біздің заманға дейінгі І мың жыл бұрын шайқасқан Сақ патшасы Заринаның ерліктері туралы деректер сақталған. Бұл сақ эпопеясының бастамасы еді. Оның жалғасы парсы патшалары Кир мен Дарий І-нің сақтарға қарсы Окс (Амудария) және Яқсарт (Сырдария) “теңіздік” – яғни қаратеңіз жағалауын мекендеген сақтар (парадарайя) үшін әскери жорықтары болды. Орта Азиядағы сақтар тайпасы – массагеттер парсы иелігіне қарсылық білдірді.

Олар Қазақстан даласында және Орта Азияның Каспий теңізінің шығысын мекендеген. Кир Амударияны өтіп, осы жерде массагеттердің сұрапыл шабуылына ұшырап, толық талқандалған. Геродот, бұл шайқасты және Кирдың Томирис патшасы қолынан қаза табуын жете баяндай отырып, Томирис патшасы Кирдың шабылған басын “Сен қанға құмар едің, енді іш оны” деп қанды қапқа тастады деп сипаттаған.

Кирдың өлімінен кейін Ахеменидтер империясын ылаң биледі. Сақтар өз тәуелсіздіктерін орнатты. Бірақ біздің заманға дейінгі 552 ж. билік басына Дарий І келіп, 519 жылы сақтарға қарсы жорыққа шықты.

Бірақ массагеттерге қарсы, Дарий І-ші бастаған келесі 518 жылғы жорық нәтижесіз болды. Міне, біздің ертедегі ата-бабаларымыздың жаугершілік пен құлдыққа қарсы, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресінің бізге жеткен даңқты да, қайғылы беттері осындай.

Ежелгі Қазақстанның сақ және савромат тайпалары сол заманның әлемдік саясатында зор роль атқарды.

Батыс Қазақстан және Жайықты мекендеген савроматтар Қаратеңіздің скифтерімен көршілес қоныстап, олармен сауда саттық жүргізіп, әскери одақтар құрған. Сақтар мен савраматтар Орта Азия мемлекеттерімен Хорезм, Бактриямен өте ертеден тығыз байланыста болған. Ерте заманның көптеген тарихи оқиғаларына қатысқан Кир сақтармен тек шайқасып қана қоймай, олардың көмегімен де пайдаланған. (Мысалы, Лидия патшалығымен соғыста) Грек – парсы соғыстарында сақтар парсы жағында шайқасқан. Сақтардың атты әскері ерекше көзге түсті. Біздің заманнан 490 жыл бұрын Марафон шайқасында  гректермен сақтар парсылардың әскери қатарында болды. Фермопил шайқасында да олар парсы патшасы Ксеркстің әскері қатарында спарталықтарға қарсы да күресті.

Сақтар Александр Македонский әскерімен де шайқ  асты және  Ахеменидтердің Ұлы Парсы мемлекетін талқандап, Үнді және Орталық Азияға жетті. Сақтар Макендонский әскерімен бірінші рет - Ахеменидтер әскері құрамында, олардың одақтастары және жалдамалы әскері ретінде кездесті.

Сақтар өздерінің әскери қасиеттерімен, әсіресе, атты әскер, жаяу әскер тактикасын меңгеру шеберлігімен белгілі болды. Олардың  қарулары – садақ, найза, сауыт, мыс айбалта және жеңіл қалқаннан болды. Атты әскердің сауыт – сайманы негізінен сауыт және өмілдіріктен тұратын еді. Сақ әйелдері ерлермен бірге барлық шайқастарға қатысты және ерлерден еш қалмайтын еді. Сақтардың атты әскерін ежелгі гректер ең жақсы деп санаған. Мұндай әскер өте мықты және жеңімпаз. Сақтар өз шайқастарында атты әскерді негізгі күш ретінде жаудың дәл ортасынан шабуылдаушы күш ретінде пайдаланған.

Сақтар атты әскер мен жаяу әскерді өзара байланыстыра білді. Сырдариядан өтуге ұмтылғанда А.Макендонский  санына ауыр жарақаттанған, ал Сырдария қалаларын қоршауда басынан және мойнынан ауыр жарақат алған. Бұл кезде сақтар Спитаменның басшылығымен Макендонияның Мараканд қазіргі Самарканд қаласын қоршауға алған. Александр асқан еңбекпен сақтар шабуылын тойтарды.

Сырдарияны мекендеген сақтар өз туәелсіздігін сақтап қалды. Шын мәнінде олар Македонскийдың Шығысқа жылжуын тоқтатты.

Сақтардың бір бөлігі, даи тайпасынан шыққан, немесе  дақтар кейіннен, Александрдің Индияға жорығында, оның одақтастары болды. Біздің заманға дейінгі ІІІ ғасырға қарай Каспий маңайында, Батыс Қазақстанда билік сақтардың дақ тайпаларына көшті. Олар өздермен туысқан массагет тайпаларын, савроматтарды ығыстырып, үстемдігін орнатты.

Ал Жетісуда бұл кезеңде- мәдениеті сақ типтес тайпа – исседондықтар үстемдік етті. Қазақстан сақтары – арийлықтардың тікелей ұрпақтары. Сонымен бірге сақ дәуірдің басынан бастап ежелгі дала адамдарының бет әлпетінде өзгерістер бола бастады. Халықтың екі тобының араласуы басталды. Европеоид – Индоевропалықтардың немесе басқа ирандықтардың - Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі монголдармен; және Шығыс Азия – алтай тілінің шығу Отаны, ал одан қазақ тілі жататын түркі тілдері тарайды. Сақтар дәуірі қола ғасырдан темір ғасырға – скифосақтайпалары ғасырына өту кезеңі болды. Қазақстанның ежелгі дала жұртының өмір сүру бейнесі күрт өзгере бастады. Көшпелі мал шаруашылығының  дамуы - бұрын пайдаланылмаған кең байтақ дала алқаптарын шаруашылық айналымға енгізуге әкелді. Қара мал енді жылқымен алмастырыла бастады. Бұл көшу бағыт жолдарын ұзартуға және оларды жыл мерзіміне байланысты жасауға мүмкіндік берді..

Сақтар қоғамы бірыңғай болған жоқ, олардың арасында байлар мен кедейлер болды.

Сақ қоғамының сараланып жіктелуінің ең бір көрнекті. Мысалы Ыссық қорғанында - Алматы маңайында, ақ сүйектен шыққан жас сақ көсемінің сүйегі табылды (Алтын адам). Әскери қоғамның ең жоғарғы сатысында патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қолында едәуір билік болған: яғни олар бейбітшілік пен соғыс мәселелерін, елшілер жіберу, одақтар жасасу, әскерді басқару мәселелерін шешкен. Көбінесе олар әйелдер болған және бұл деректер Қазақстан даласындағы әйелдердің ролінің зор екендігін дәлелдейді.

Сақтарда патша билігі – “халық  жиналыстары” деп аталатын барлық ер адамдар - әскери тайпалық аристократия бағыт беретін шешімдермен шектелген. Осындай қоғамдық құрылым әскери демократия деп аталған. Әскердің мақұлдауын ала алмаған патшалар биліктерін жоғалтуы мүмкін еді. Мүлік теңсіздігі қоғамда әлеуметтік жікшілікті күшейткенмен, басты роль атқара алмады. Сақтарда - ақсүйек рулардан шыққандығы, жеке әскери ерліктері байлықтан жоғары бағаланды. Сақтар мен скифтердің материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың мақтанышы болды. Қазіргі киімнің негізін құрайтын ұзын шалбарлар мен қысқа шекпендер, сақтар мен скифтерден қалған. Сақтардың рухани мәдениеті мен діні туралы бізге бәрінен артық олардың қолынан шыққан өнер ескерткіштері айтып береді. Сақтардың құдай әлемі туралы көзқарастары арийлықтардың көзқарасына жақындығы сөзсіз.

Сақ өнері, сақ-скифтік аңдық стиль – сақтар дүниетанымының мифологияға кейіптелген бейнелеу өнері.

Сақ өнері - әлемдік мәдениеттің көрнекті құбылысы болып табылады. “Аң стилі” – бүкіл даланы және оның сыртына да кеңінен тарап, өзін жасаған халықты да озып кетті. Ыстықкөл, Бесшатыр қорғандарында молаларда аң стилінде жасалған алтын бұйымдар табылған. Әрине, сақтар көшпенділер өркениетін жеткізушілер болып табылады. Сауда жүргізген, себебі кең байтақ далаларда Қытай мен Қаратеңіз аралығында халықаралық транзиттік жол өтеді.

Сақтардың қолына Қытай жібегі, иран кілемдері түсіп тұрған, ал өз кезегінде олар басқа елдер мен халықтарға өздерінің мәдени және өнер жетістіктерін беріп отырған.

Сақтар қазақстанның кең байтақ даласында көше жүріп, ежелгі өркениетті көрші елдермен, тұрақты жерлер аудандармен қарым қатынаста болған. Экономикалық, саяси мәдени байланыс, яғни өзараықпалдастық және көшпенділер мен отырықшы өркениетінің өзара байланысын нығайтуға әкелді.

Үйсін және қаңлы мемлекеттері

Сақ салт дәстүрлерінің негізгі жалғастырушылары Жетісу үйсіндер мен Сырдария бойындағы және Жетьісудың оңтүстік Сырдариядағы қаңлы патшалығы, немесе қаңлылар біздің заманның ІІ ғасыр бұрын үйсіндер тайпасы Жетісуға Орта Азиядан келді. Біздің заманның ІІ ғасырға дейінгі кезеңде олар сақтарды басып алды және өздерінің “гуньмо” титулды билеушісі басқаратын иелік орнатты.

Үйсіндер Іле алқабында, Шу өзені, Талас өзендері бойында мекендеп, Қаңлылармен тұрған. Шығыста олардың көршілері ғұндар, оңтүстікте Ферғана болды. Үйсіндер туралы алғашқы деректер біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда пайда болған.

Үйсін – 30 мың тұрғыны бар, 188 мың әскері оның ішінде 30 мың атты әскер және жаяу әскерлері бар көп халықты мемлекет.

Үйсіндер мемлекетінің аумағы  кең - солтүстікте Балқашқа дейін, батыста Талас өзеніне дейінгі  аралықты алып жатқан. Жоғарғы билік иесі Күнбек болған. Оның ордасы және мемлекет астанасы – бекіністері мен қорғаныстары бар қызыл алқап қаласы Чигучен болған. Үйсіндер ғұндарға қарсы қытайлықтармен одақ құрды, бұл Қытайдың олардың елдеріндегі ықпалын күшейтіп, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды, әсіресе, қытайлықтардың таққа мұрагерлік ісіне кірісуі ерекше наразылық туғызды.   Осындай таластар үйсіндер мемлекетінің екіге бөлінуіне әкеп соқты:

1. кіші күнбек;

2. ұлы күнбек билігі пайда болды.

Бұл оқиғалар біздің заманға дейінгі 64-51 жылдар аралығында орын алған. Бірақ, біздің заманымызға дейінгі 45-14 жылдары күнбек Цылими басқарып тұрған кездері – Үйсін мемлекетінің гүлдену кезеңі. Үйсіндердің күші мен құдіреті туралы, олармен одақтастық қатынастарға ұмтылуларына әулеттік некелер дәлел бола алады. Көптеген Қытай, Ғұнн ханымдары күнбектерге әйел болды. Қытай әулеттік жылнамасында үйсін мемлекетінің тарихы ІІІ ғасырға дейін жеткізілген.

Үйсіндер кезеңінен көптеген  сол кездің тұрмыстық дәлелдері қалған: мысалы ағаштан, балшықтан жасалған дөңгелек – терең ыдыстар, жебенің темір ұштары, семсерлер, қанжарлар, түйреуіштер, қымбат тастардан жасалған әшекей бұйымдар: сырға, білезіктер, айналар.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырға дейінгі қаңлы хандарының пайда болуы Орта Азиядан юэчжи тайпасының көшіп келуімен байланысты. Юэчжи тайпасы бұрынғы сақтар жерін үйсіндермен бөлісті. Біздің дәуір межесінде Қаңлы жерінде 600 мың жұрт мекендеген, оның 120-мыңы әскер, орталығы Битянь қаласы болған.

Қаңлы үйсін ығыстыруына ұшырап ғұндармен одаққа кірді. Олармен келісім әулеттік сабақтастық некесімен бекітілді. Шығыста үйсіндерден сақтана отырып, қаңлылар батыс көршілерімен Арал, Орта Азиямен байланысқа ерекше көңіл бөлді. Үйсіндер мен қаңлылардың өзіндік қасиеті, олардың қоғамдары классикалық көшпенділер де классикалық егіншілер емес еді. Үйсіндерде мал шаруашылығы егіншілікпен, ал көшпенділік өмір жартылай көшпенділікпен қабаттасып отырды.

Қоғамның бай мен кедейге бөлінуі, сақтардан гөрі  үйсіндерде анығырақ білінеді.

Қытай «тарихының әкесі» Сыма Цянь үйсіндерде жылқының көбінің, әсіресе байларда 4-5 мыңға дейін жылқы болғанын айтады. Үйсіндер қоғамында құлдық та болған. Құлдықта тұтқындар болған. Үйсіндер ірі мал өсірушілер болған, негізінен жылқы өсірумен шұғылданған, ал қаңлылар егін шаруашылығымен көбірек шұғылданған. Олардың шаруашылығын мал және егін шаруашылығының кешенді түрі деп атауға болады. Олар мыс, қорғасын, қалайы, алтын шығатын кен орындарын зерттеп, темір балқытып одан қанжар, семсер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі түсті тастардан және бағалы металдардан моншақ, сырғалар жасаған.

Қаңлылар жөнінде де осыны айтуға болады, олардың мәдениеті негізінен отырықшы егіншілердің мәдениеті. Қаңлылар қоныстарында шаруашылық қабырғалар мен суға толған орлар болған.

Біздің заманға дейінгі ІІ-І ғасырда Қаңлылар өз ақшаларын шеккен, қолданыста олардың өз теңгелері болған.

Алып кірпіш құрылыстар, күрделі сәулет өнері сарайлар кешендері, әдемі қабырғалық жазулар - көне қаңлылар патшалығының мәдениетінің жоғарғы деңгейде дамығанын көрсетеді. Олар Қытаймен, үйсіндермен, ғұндармен дипломатиялық қатынаста болған. Үйсіндердің қысымымен ғұндармен одаққа кіреді. Күшейіп алған соң батысқа бет бұрады, яғни солтүстік Кавказ, Солтүстік Қаратеңіз.

Бірақ Ұлы даладағы өмірдегі төңкеріс - түбегейлі дәуірлік оқиға – Шығыстан халықтың Ұлы  қоңыс аударуы. Және бұл оқиға негізінен гұндармен, олар хунну, сюнну деген атпен де белгілі, байланысты.

Қазақстан территориясындағы Ғұндар және олардың әлем тарихындағы орны.

Орта Азияның  даласында көшпенділердің алғашқы империясы біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда көшпелі ғұнн тайпалары (хунну, сюнну) одағының негізінде Ұлы  даланың шығысында, Қазақстан мен шекаралас аймақта құрылған.

Ғұнн этнонимының тууы  түсініксіз, бұл негізінен түркі тайпалары құраған саяси бірлестік болды. Ғұндар – монғол типтес нәсілге жататын тайпа, болжамдарға қарағанда алтай тілдер семьясындағы тілдердің бірінде сөйлеген.

Біздің заманымызға дейінгі иелері ІІІ ғасырда даланың толық Орта Азияның тау – даласының қожасы ғұндар болды.

Ғаламат мал табындары, сиыр, қой,  ешкі,  жылқы табындары далалықтардың басты байлығы болды.

Бейбітшілік кезінде ғұндар 24 рудың ақсақалдарының билігінде болды.  Соғыс кезінде олар әскери жасақтар  құрды және барлық билік ақсақалдар алқасы сайлаған билеуші – шаньюй қолында болды.

Біздің заманға дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында ғұндар дәстүрлік қатынастардың дағдарысына ұшырады. Оның қорытындысы мемлекет құруға әкеп соқты.

Моденың ғұн қоғамына  келуімен өзгерістер басталды. Моде өзінің басқаруына өз иеліктерінің орталығын қалдырды, ал шығыс және батыс иеліктеріндегі жерлерді өзінің жақын туыстарының ішінен басқарушыларға берді.

Моде әскерлері жеңіліс дегенді білмеді. Майдан даласында олар ІІІ отрядты құрады: орталық және екі қанаттағы, олардың әрқайсысы өз міндеттерін жақсы білетін. Тәртіп темірдей қатаң болды;  біреуінің жіберген қателігі  үшін, бірнешеуінің басын шабатын. Аз уақыт ішінде Моде әскерлері солтүстікте Байкалға дейін, батыста Түркістанға,  шығыста Ляохэ өзеніне дейін, оңтүстікте Қытайға жетіп қалды.

174 жылы Моде әлі де күшті болып тұрған юэчжи тайпалардын мықтыларына қарсы жорыққа шығып, олардың батыс облыстарын және үйсіндерді  басып алды. Ғұндар Қытайдың Хань империясы үшін нағыз апат болды. Көшпенділерге ешқандай тосқауыл бола алмады. Олар жақындаған кезде барлық жұрт бәрін тастап, бірден  жасырынып үлгеретін еді. Тіпті Ұлы Қытай қабырғасы да оларды қорғай алмады.

Ғұндар әскерінің ұйымдастырылуы ондық жүйеге негізделді. “Төмен”ның басында  төменбашы болды. Олар мындап, жүздеп, ондап  саналды, барлық мылтық ұстауға жарамды ер адамдар осыған кірді. Атты әскерде аттардың түріне қарай анықталатын төрт аттар корпусы болды. Шаньюй ордабасы жеке гвардиямен жақсы күзетілді. Шаньюй әскері құрамында бағындырылған тайпалар отрядтары да болды. Әскердің ең жоғарғы бас қолбасшысы шаньюй болды, барлық мәселелерді сол шешетін еді.

Біздің заманымызға дейінгі 200 жылы Моде қытай әскері императормен қоса қоршап алды, бірақ жақын қашықтықтан соғысу тәсілін меңгермегендіктен және нашар қаруланғандықтан оны талқандай алмады.

Ғұндар өзінің стратегиялық мақсатына жетті – Орта  Азияның, оңтүстік Сібірдің көшпенділерін бағындырды,. Ұлы Шығыс Түркістан арқылы Жібек Жолына бақылау қойды, Қытай ғұндарға алым – салық төлеп отырды. Дегенмен ғұндар мемлекеті құлдырауға ұшырады, сөйтіп, біздің заманымызға дейінгі 47 жылы бөлшектеніп ыдырады. Оңтүстік ғұндар басыда Қытай қорғаушылығымен шаньюй Хуханье тұрды, ал Солтүстікте оның інісі Чжи Чжи орта Азия тайпаларымен одақтасып батысқа қоныс аударды. Солтүстік ғұндар өздерінің Қытай мен Монғолдар қолдау көрсеткен оңтүстік туысқандарымен ұзаққа созылған қантөгіс күрестер жүргізді. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдың екінші жартысында ғұндардың Шығыс Қазақстан мен Жетісуге көшуі басталды. Батыс Сібірдің угор тайпасымен бірге Жайық бойына, Каспий және Еділ даласына қоныс аударды.

Талқандаудан әзер аман қалған ғұндар ата мекендерін тастап біртіндеп батысқа қоныс аудара бастады. Бұл қозғалыс Қазақстан далалары арқылы өтті.

Қоныс аударудың екінші толқыны біздің дәуірдің І ғасырында басталды.  Ол кезде солтүстік ғұндар батысқа қарай көшсе, кейбір тайпалар солармен одаққа кірсе, кейбірі кейін ығысты. Бұл процесс 300 жылға жуық уақытқа созылды., сөйтіп ІІ және V ғасырларды қамтып “Халықтардың Ұлы қоныс аударуы” деп аталды.

Тез арада олар Жайық пен Дон, Арал теңізі аралығында орнықты. Осы жерде кішігірім аумақта ғұндар, алан т.б. тайпалар Иран, Рим империясымен саяси қатынастарға кірді. Олар өздерінің этникалық өзгешеліктерін жоғалта бастады, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияланды.

445 жылы билік басына Атилла - әскери талапты,  қатал, билікқұмар келді. 453 жылы Атилла өлген соң, оның әскері ыдырап кетті, ал ол жағдаймен бағындырылған халықтар пайдалана қойды. Ғұндар Қара теңіз жағалауына қашып басқа тайпалармен араласып кетті.  VII ғасырдан бастап ғұндар есімі аталудан қалды. Бірақ әлемдік тарихта және көптеген халықтар тарихында ғұндар терең із қалдырды. Ғұндардың Римге жорығынан кейін Рим империясы әлсіреді және тіршілігін тоқтатты шын мәнінде ғұндар Рим империясын жойып жіберді. Олардың қысымымен көптеген тайпалар өздерінің тұрақтарын, этникалық құрамын тіпті түр әлпетін өзгертті.

Ғұндардың Қазақстан аумағына жалпы басып кіруімен жергілікті халықтың антропологиялық сипатының өзгеруі де байланысты, бет пішіні  монғолоид сипат ала бастады және түрік тілі тарай бастады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: көшпелі шаруашылық, шаньюй, гуньмо, сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, аңдық стиль, әскери демократия.

3 дәріске арналған тексеру тесті

1 Сақ тайпалық одақтары қай уақытта пайда болды

А. 1- 2 ғ.ғ. б.з.

Б. 5- 6 ғ.ғ. б.з.б.+

В. 1- 2 ғ.ғ б.з.б.

Г. 3-5 ғғ. Б.з.

Д. 4-5 ғғ.б.з.

2. Үйсін мемлекеті Қазақстанда қай ғасырларда қалыптасты

А. 2 ғ. б.з.б. +

Б. 3 ғ. б.з.б.

В. 1ғ. б.з.

Г. 2 ғ. б.з.

Д. 3 ғ.б.з.

3.  Қаңлы мемлекеті қай ғасырларды өмір сүрген

А. 4 ғ. б.з.б

Б. 2 ғ. б.з.б.+

В. 3 ғ. б.з.б.

Г. 4 ғ.б.з.

Д. 5 ғ.б.з.

4. «Ұлы қоңыс аудару» қай ғасырларда Қазақстанға жалғасып өтті

А. 1 ғ. б.з.б.

Б. 1 ғ. +

В. 3 ғ.

Г. 4 ғ.

Д. 5 ғ.

5.Сақ тайпалары – массагеттер қай территорияны мекендеген

А. Жетісу

Б. Сырдария +

В. Батыс Қазақстан

Г. Сары-Арқа

Д. Солтүстік Қазақстан

№4 дәріс. Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер (VI – X ғасырлар)

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан территориясындағы ерте ортағырлық түрік мемлекеттерінің этноәлеуметтік құрылымдық жүйесі, саяси өмірі, көшпелі экономикасы, этникалық үрдістерінің ерекшеліктері ерекшіліктері туралы түсінік беру.

Жоспар:

  1.  Түріктердің шығу тегінің мәселелері.
  2.  Түрік және Батыстүрік қағанаттарының тарихы.
  3.  Түркештердің тарихы.
  4.  Қарлұқ, Қарахан қағанаттары

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.
  2.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  3.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  4.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  5.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  6.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  7.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Түріктердің шығу тегінің мәселелері.

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.

Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.

          Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала  империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.

          Түркілер тарихы -  Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.

          Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.

          551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді.

          Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

          Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.

          Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.       

          555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

Жергілікті тұрғындар, түркі тілдес жақындығы және сақтар ұрпақтары үйсін, қаңлы тайпалары Солтүстік батыс Қазақстанды мекендегендер Түркі қағанатына кірді, немесе батысқа қашты.

Өздерінің жаулап алу жоспарларын олар тыңғылықты дайындаған. Бірінші кезекте Иранмен одақ құрды, ең басты бақталасы Каспий теңізінен Индияға дейінгі және Шығыс Түркияға дейінгі кеңістікті алып жатқан  Эфталит патшалығын жойды. Түркі Эфталит соғысынан кейін түркі -иран одағы ыдырап шиеленіске әкелді. Бұл жағдайда түркілер Иранның жауы – Византиямен одаққа кірді. Сол мақсатпен 567 жылы Византияның императорына, Константинопольға түркі елшілігі Маниах бастап  келіп, Иранға қарсы Қиыр шығыс пен Орта теңізді байланыстыратын сауда жолын бақылау үшін әскери келісімге отырды. Түркілердің сауытты атты әскері 568-569 жылдары Иранға нәтижелі жорық жасап, бірнеше бай қалаларды жаулап алды.

Түркі әскерлерінің жоғарғы әскери шеберлігі қағандарға онжылдықтар бойы VI ғасырдың ІІ-ші жартысында Азия мен Еуропада үздіксіз соғыстар жүргізуге мүмкіндік берді. Түркі әскерлері ондық жүйе бойынша бөлінді. Әскер ісінде түркілердің майысқан қылыш  жаңалық болып кірді. 571 жылы Естемі-қаған әскери қимылдарын Еділ жағалауына ауыстырып Солтүстік Кавказды жаулап алды және Боспорға (Керчь) шықты. Сонымен, өзіне байланыстары нәтижелі бола бастаған Византияға қарай айналып өтетін жол ашты. 575-76 жылдары Истеми-қағанның қазасынан кейін, оның Ұлы Түріксан, Византияның аварлармен келіссөздеріне қанағаттанбай, Қырымға басып кірді. Түркі экспансиясының негізгі бағыты – шығыс болды, яғни көшпелі халықтардың өмірлік жауы Қытай.

Шығыстан Батысқа қарай керуендер жүретін Ұлы Жібек жолының бойындағы көптеген сауда қалалары Түркі қағанаты бақылауына көшті және берілді. Түркі қағанаты өздерін құлдықтағы елдерінің халықтарымен сыпайы ұстауы, жергілікті салт дәстүрлермен санасуы, жергілікті құдайларды тануы да оларға өз септігін тигізді.

Мемлекет басшысы – қаған болды. Одан кейінгі бірінші тұлға – жабғы – ол қаған тұқымынан, бірақ мұрагер бола алмаған. Мұрагер – тегін атауына ие болды. Көшпенділер рулар мен тайпаларға бөлінді, оларды колбасшылары басқарған. Көшпелі халық он атқыштан тұратын тайпалық одаққа бөлінген (бұдын). Бұл рутайпалық ұйым емес, әскери әкімшілік түрі болған. “Атқыштар” құрамына жалпы бір атпен бірнеше тайпалар кіруі мүмкін. Әр атқыш бір төмен шығаруы керек, әскер саны 10000 және оның басында ұлы қолбасшысы – шад, қан принципі бойынша әр қайсысының өз әскери туы болған. Барлық онатқыштар батыс және шығыс одағына 5-5 тен бөлінген. Бұл жағдай кейіннен мемлекеттің ыдырауына саяси жол ашты. Жаулап алған елдердің аумақтарын бағындыру үшін әр елде басқарушылары тағайындалды. Басқарушы болып олардың балалары емес, інілері немесе жиендері тағайындалды. Қан ханзадалары тақтан дәмеленіп өз басқаруларына үлестерін алып отырды. Сөйтіп, осылай үлес жүйесі – ерекше тақмұрагерлік тәртіп қолданылды. Қазақ даласында феодалдық қатынастар түріктердің келуімен және жерді қан ханзадалар шадтардың олардың тайпаларының әскери ондық тәртіппен жеке үлеске бөлуімен келді. Әскери ақсүйектер ерекшеленді, бірақ негізгі халық – қарапайым көшпенділер, олар әскерді құрайтын да және ру қолбасшысына бағынышты.

Өндірістік күштердің төмен деңгейі және көшпелі мал шаруашылығы рулық тұрмыс салтын сақтауға ықпал етті. Үлестер үлкен аталық отбастарына тиесілі болды. Қағанаттың әлеуметтік құрылымының негізгі белгісі - әскери және тайпалық құрылыстар қосарлануы болды. Соғыс және соғысқа ұйымдастыру халық өмірінің тұрақты қызметі болды. Билік институты – халықтың әскери көсемі тұрақты лауазымды тұлға бола бастады. Шенеуніктердің алып жүйесі құрылды. Олар өз қолдарында әскери және азаматтық функцияларды - жабғы, шад, түтүктер және басқалары қызметтерге мұрагерлікке ие болды.  Соғыстар әскери қолбасшының беделін күшейтті. Отбасылық құлдық болды. Мұндай мемлекеттердің негізгі күштері – оның әскері және басқару жүйесі болды.

Әскери көшпенділер аристократтарының билік үшін таласы, бұл кезде ыдырауды басынан өткерген Қытай мен Ираннан  сыртқы қауіп, табиғи апаттар – жұт (малдың қырылуы), даладағы аштық, жергілікті халықтың көтерілістері жас түркі мемлекетінің беделін түсірді. Осы себептердің жиынтығы 603 жылғы Түркі қағанатының екі дербес мемлекетке бөлінуіне Шығыс және Батыс әкелді.

Түрік және Батыстүрік қағанаттарының тарихы.

Батыс – Түрік қағандығының территориясы: Алтай тауынан Тянь-Шань тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап, батыстқа Арал теңізі мен Каспий теңізіңе дейін созылған кең алқапты алып жатты.Қағандықтың негізгі тірегі ежелгі үйсіндердін атамекенінде – қазіргі Жоңғар ойпаты мен Жетісуда еді.

Батыс Түрік қағанатының аталуы “он екі ел” – яғни 10 оқтың мемлекеті, орталығы – Шу өзені аймағындағы (Жетісу) Суяб қаласы. Ол Түркі елі жаулап алған барлық жерлерінің; батыста – Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан далалары және Солтүстік Кавказдың мұрагері болды.

Осы ұлан-байтақ территорияны мекендеген түрік тілдес тайпалар: үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, қарлық, теле, басмыл т.б. тайпалар Батыс-Түрік қағандығының құрамына қосылды. Батыс-Түрік қағандағы құрылған кезде шығыс жақтан келген түркі тілдес көшпелі тайпалар бұрыннан осы өңірді мекен еткен үйсін, қаңлы ұлыстарына араласып, етене болып, сіңісіп кетті.Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі, Мәуараннахрдағы, Орта Азияның тағы басқа жерлеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс-Түрік қағандығына тәуелді болды. «Ұлы Жібек жолы» бұл елді басып өтті.Бұл жол сауда-саттықтың өркендеуіне жол жағалауындағы қалалардың көркеюіне игі ықпал жасап отырды. Сауданың өркеундеуіне байланысты ақша айналысы жарыққа шықты, сауда мен қолөнердің орталық қалалары гүлденді. Олар: Құлан, Неуакет, Тараз,Мерке қалалары еді.Қалаларда өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын теміршілік кәсібі, қыш құмыра өндірісі, тоқымашылық, ағашшылық, тері өңдеу, тағы басқа да қолөнер кәсіптері өркендеді.

Шығыс Түркі қағанаты Түркі қағанатының шығыс иелігінің Қытайға дейінгі шекарасын қамтыды және оның орталығы Монғолияның Орхон өзені бойында болды.

Бұл екі қағанаттың бір біріне көп айырмашылығы болды. Егер Шығыс түркі қағанатында көшпелі өмір салты басым болса, Батыс  қағанатта халықтың бір бөлігі отырықшы өмір сүріп, егіншілікпен, қолөнермен және саудамен айналысқан.

Қоғамдық ұйым да күрделене түсті. Тек бір ғана Шу алқабында VI-VIII ғасырда 18 ірі қала және басқа көптеген елді мекендер болған. Қалалар – Суяб, Тараз. Батыс-Түркі қағанатының гүлдену дәуірі Шеху (618-619 жж) қағаны және Тон-жабғы (618-630) мерзіміне жатады. Олар өздерінің ата бабаларының құдіретін жаңғыртып, әскери күшпен өз империяларының шекараларын Амудария мен Гиндушқа дейін ұлғайтты.

627-28 жж Тон-жабғы өзі бастап әскерімен Ираклий Византия императорының  Кавказға жорығына қатысты.

Түріктер Чарда (Дербент) сүбелі олжа – Тбилисиді жаулап алды.

Орта Азияда да ісі алға басты, онда Тон-жабғы өзінің билігін солтүстік  Жетісудан оңтүстік Ауғанстанға, солтүстік батыс Түркістанға дейін күшейтті. Тон-жабғы кезінде қағанат қуаты ең биік шыңға жетті. Ол қуат бірақ тез бітті, өкінішке орай тарих қайталанды, сөйтіп Батыс- Түрік қағанатын оның алдындағылардың тағдыры күтті.    Өзара келіспеушіліктің нәтижесі Жетісуға 657 ж. Қытайдың Таң империясы әскерлерінің басып кіруі және батыс түркі мемлекетінің ыдырауы болды. Тан империясы батыс түркілерімен басқаруға кірісіп және ол істерде VII ғасырдың аяғына дейін жетістікке жетті. Тан династиясы көптеген түркілеуді қызметке тартты. Негізгілері – қарапайым жұрт, көшпелілер, қара бұдын қағанатта көшпелі жартылай көшпелі тайпалар мекендеген, отырықшы егіншілік аудандарда негізінен соғдылықтар.

Жаулап алған елдерінде бұдын – басқарушылар болған, олар алым – салық жинап, қаған ордасына жіберіп отырған.

Ондықтар тайпасы бес-бестен бөлінген. Дулудың бес тайпасы Сұябтан шығысқа қарай орналасып, нушибидің бес тайпа Суябтан батысқа қарай орналасқан. Уақыт өткен сайын әскери - әкімшілік жүйе өзін жойды.

634 жылы билік басына нушибиларға сүйенген Елтірі Шыр қаған келді.

Ол әскери - әкімшілік жүйені жаңғыртқысы келді. Жаңа өзгерістер тайпа көсемдерін (еркін және чорларды) қаған өзі тағайындап бекітетін, өзіне туәелді басқарушыға айналдырды. Әр бестікке – қаған руының өкілі – шад жіберілді. Ол ешқандй тайпа ақсүйектерімен байланыссыз және орталық билік мүддесін қорғайды. Бірақ бұл шаралар да жеткіліксіз болып тайпа аралық және династикалық күрес басталды. Ал дулу мен нушиби арасындағы күрес 17 жылға (640-657) созылды.

Осыдан кейін қытайлықтар қағанат аумағына басып кірді. Тан империясы қағанатты VIII ғасырдың басына дейін өздері таңдап алған қағанат руынан шыққан өкілдер арқылы басқара бастады. Батыс түркі мемлекетін түргеш тайпасының көсемі Үш–Елік қалпына келтіріп, жаңа Түргеш қағанатын құрды.

 Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ-ХІІІ ғғ) Батыс-Түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған қытай императорлық әулиетінің саяси-әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіруіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. Батыс-Түрік қағанатындағы тайпалардың арасында түргеш тайпалардын ықпалы күшейе берді.

Түркештердің тарихы. 

Қағанаттың негізін қалаушы Үш–Елік қаған билік басына 699 жылы Жетісуда келіп, Жетісудан қытайларды қуып шығып, мемлекетті Түргеш қағанаты деп атады. Мемлекеттің бас ордасы – Шу өзеніндегі Суяб қаласы.Осы қағанаттын бөлігінде қара түргеш тайпалары билік етті. Екінші кіші ордасы Іле өзеніндегі Кұнгіт қаласында болды.Ал кіші орда деген бөлігінде үстемдік сары түргеш тайпаларында болды. Күнгіт және солай аталанатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда 11 ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айталығанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен(яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста – хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Турфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатқан.».

Үш-Елік елді 20 облысқа (түтүктерге) бөлді, әрқайсысында 7000 әскер бар. Үш-Еліктің мұрагері Сақалдың кезінде тайпалық аристократтардың алғашқы бүліктері басталды. Оларды Қытай қолдады. Сақал әскері Қытай әскерлерін талқандады. 679-87 жылдары шығыс түркілері өздерінің тәуелсіздігі үшін қытаймен күрес нәтижесінде өз мемлекеттігін қалпына  келтірді және енді Шығыс-Түрік мемлекеті шығыстан қауіп  төндіретін болды.

Тургешер екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұратын болатын. Үстемдік үшін күрестін барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды.

 711 жылы Шығыс-түрік әскері Қапаған – қаған Сақалды жеңіліске ұшыратты. Қара түргештер осы күрестен жеңіп шықты. Қара түргеш әскерінің қағаны, қолбасшысы және қаған руының мүшесі Сүлықпен қоса Сырдарияның арғы бетіне, Оңтүстік асып кетті. Олардың соңынан 712-713 жылы шығыс  түрік әскері Тоньюкук басшылық еткен және Елтерінің балалары, болашақ Бильге қаған және Күлтегін, Соғдтан бірақ шықты. Осы жерде олар арабтармен Соғд жағында соғысып араб әскерінің қолбасшысы Күтейбаймен талқандалды, 714 жылы кейін шегініп Алтайдағы көтеріліс жасаған тайпалар қарсыластығынан отырып Орхонға қайта оралды.

Сұлық Жетісуға қайта оралып, өзін (715-738жж) қаған деп жариялады. Әскери - әкімшілік билік қара түргештердің тайпасына көшті, олардың ордасы бұл кезде Таласқа (Тараз) ауыстырылған еді. Бірақ негізгі әскери Сұлықтың белсенділігі батысқа бағытталды, онда ол арабтарға қарсы Орта Азия мемлекеттерінің күресіне қосылды. 720-721 жылдары Соғдта түркілер арабтармен күрес жүргізді. 728-729 жылдары Самаркандта және Бұхарадағы халықтардың арабтарға қарсы ірі көтерілістерінде соғдылықтар түргеш қағандардан көмек сұрады.

 Түргештер Соғдқа басып кіріп оны арабтардан босатуға жақындап қалғанда, 732ж Джунейд Абдалла түргештерді талқандап Бұхараға кірді.

737ж. түргештер Тохаристанға (Амударияның жоғарғы жағы) келді және арабтардан жеңілген Сұлық өлтірілді.Бұл “сары” және “қара” түргештер арасындағы билік үшін жиырма жылдық күрестің басталуына әкелді.

746 жылы Жетісуда Алтайдан Тарбағатайдан қарлұктар қоныс аударды. Өзара кикілжің күресте және арабтармен соғыста түргеш қағандар өз күштерін жоғалтып, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. Осы кезеңде қытайлықтар белсенді саясат танытты. 748 жылы Қытайдың Шығыс  Түркістандағы басқарушылары өз әскерлерін Суяб қаласына қарай бағыттап, оны жаулап алды, сонымен бірге Шаш (Ташкент) қаласын. Көмекке арабтар келді. 751 жылы Атлаг қаласы, яғни Тараз маңайы Талас өзенінде арабтар мен Қытай әскері бетпе-бет кездесті. Бірнеше күн олар ұрысқа кірісе алмай тұрды. Бесінші күні қытайларға тылдан қарлұқтар соққы жасады, сол уақытта барлық майдан шебімен арабтар шабуылға кірісті. Тан әскері қашып кетті.

Осы шайқастан кейін Орта Азия мен Қазақстанда арабтар беделі басым болды, бірақ оларға қарсы күрес тоқталған жоқ. Арабтарға қарсы күрестегі белсенділік енді қарлұқтарға көшті, олар бұл кезде Жетісуда 756 жылы Түргеш қағанаты орнында өз мемлекетін құрған еді..

Қарлұқ қағанаты. Қарлұқ мемлекеті (756-940жж) 6-7 ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс-Түрік және Шығыс-Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және аумақтық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шағырланған топтары туралы хабарланған.

Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия) Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең онтүстігінде Ауғанстанның солтүстігінде Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерін деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде пайда болды.  Қарлұқ бірлестіктерінің құрамына үш ірі тайпа – бұлақ, себек, ташлық кіреді. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «ельтебер» деген атақ алған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында  қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.

Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіруіне қарай қарлұқтар кей кездерде түріктердін саяси-әлеуметтік бірлестігінің бірде біреуіне, енді екіншінісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлүқтар оларға тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғандай, қарлұқтар қағандарына қарай қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған, бүл жөнінде Күлтегін мен оның інісінің құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары дажасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай шығыс түрік мемлекеті қүлады.

742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғы) атағын алды. Көп кешікпей 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды. Солжылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744-840).

VIII ғасырдың екінші жартысынан түркі тайпалары арасында жоғарғы бедел енді қарлұқ көсемдеріне көшті. Олар  өз ұстанымдарын арабтар қарсылығына қарамастан  Ферғанада күшейтті. Қарлұқтар билігі Жетісуда 756 жылы олар Сұяб, Тараз қалаларын алғанда толығымен бекіді. Сол кезден бастап  қарлұқтар ұйғырлармен бақталасып  Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтар басымдығымен Орта Азияның түркі тарихында батыс түркі тайпаларының мемлекеттігінің жаңғыруының жаңа белестері байланысты. Ірі тайпалық бірлестіктер, руна жазуларында үш қарлұқ деген атпен  белгілі, Қытай жазба көздерінде VII ғасырда айтылады.

Бұл тайпалардың көсемдері Елтебер титулын киген. Ұйғыр қағанаты құрылғанда оның басшы қағаны – ұйғыр тайпасының қолбасы, ал қарлұқтар көсемі оң ябғу (жабғы) титулын алды. Қағанат құрылғанға дейін ұйғырлар, қарлұқтар, басмылдар шығыс түркі қағанына қарсы күрескен. Басмылдар көтеріліп кетті, олардың көсемі қаған болды, қарлұқтар мен ұйғырлар ябғу болды, осыдан кейін қарлұқтармен ұйғырлар бірігіп басмылдарды талқандап Ұйғыр қағанатын құрды. Тарих қайталанады, қарлұқтар дербестікке ұмтылып,    Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті. 766-775 жылдары қарлұқтар Қашғарияны жаулап  алды. Жетісу аумағында, Оңтүстік Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар: тухси, шігіл, түргеш, азким, халадж, барсхандар мекендеген. Қарлұқтар билігіндегі тұрғындар: Орта Азиядағы және Таяу Шығыстағы ирантілдес соғдылар.

Қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде: Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейін, Балқаш пен Ыстық көл, Іле өзені, Шу, Талас өзендерін жағалай, Тянь Шань таулы аймақтарында қоныстанған.

840 жылы Орта Азия далаларында Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, ұйғырларды Турфанға көшуіне мәжбүр етті. Испиджаб билеушісі қарлұқ жабғы Більге күл Қадырхан осы жағдаймен пайдалана қойды, оның бұл уақытта қаған титулы бартын. 840 жылы қарлұқ қағанаты  Маверанахрдың Саманидтерімен күрес жүргізді. Самарқанд билеушісі жеңіске жетіп, Самарқандты жаулап алды. 893 жылы саманидтер Таразға қарай жорыққа шықты. Қарлұқтар мен саманидтер соғысы тоқтамады. Қарлұқтар арабтарға қарсы күресті, бірақ ол Қазақстанның тек оңтүстік облыстарын қамтыды. Араб жаугершілігі өзіне бағынышты халифат аймағындардың әлеуметтік  экономикалық, саяси, мәдени өміріне ықпал етті  және этникалық, тілдік процесстерге көп әсерін тигізді. Күрделі өзгерістердің қатарына, Ислам дінінің кіруімен араб тілінің жазуының кіруін атауға болады.

Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті-тайпалық жүйенің дамыған түрімен сипатталады, және бұл жүйе орталықтан басқаруға келмеді. Қарлұқтар жабғы  билігі атаулы бағалы болды. Ірі тайпалар басындағы үлестік билеушілер, өз иеліктерін күшейтуге тырысты. Әскери - әкімшілік жүйе бар болды.

Қарлұқтар қоғамында әлеуметтік, сословиелік теңсіздіктер ерекше байқалды. Тұрғындардың негізгі бөлігін қатардағы қауымдастар құрады. Өз әлеуметтік мағыналарына қарай рулар мен тайпалар бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері тек жайылымға ғана емес, сондай ақ қала орталықтарына да иелік етті – мұнда 25 қалалар мен елді мекендер болды. Қарлұқтар орталығы – Баласағұн қаласы және басқа қалалары елшілік тракт және сауда орталығы ретінде үлкен мағынасы бар Ұлы Жібек Жолында орналасқан және бұл жол мәдени және рухани байланыстар жолы болды.

Арабтар 812-817 жылдары Отырар ауданына бірқатар жорықтар жасады.  Қарлұқтар мемлекетін өзара кикілжің, билікке талас, жайылымға талас биледі. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.

Араб басқыншылары қоғам өмірінің және халықтардың тарихи  тағдырының барлық деңгейіне әсерін тигізді. Сөйтіп, олардың мәдениетіне тиген ықпалынан бәріне ортақ мұсылмандық мәдениет қалыптаса бастады.

Қарлұқтар мемлекеті Қашғар тайпаларының тысқыруымен 940 жылы құлады және оның орнына Қарахан мемлекеті пайда болды.

Қарахан мемлекеті.

Қарахан мемлекеті (942-1210) Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.

   940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға  дейінгі аралықты алып жатты.

   Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған. Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.

  Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған. Ол шігілден шыққан және Арслан Қарахан қағаны титулын таққан. Батыс – кіші қаған Яғмадан, Боғра Қарақаған титулын таққан, оның ордасы Таразда, кейіннен Самарқандта болған. Билеушілердің ерекше иерархиясы болған әр қағанда, Арслан -  илек және Бағра –илек, Арслан – тегін, Бағра –тегін. Алғаш рет биліктің дуалдық жүйесі бірінші қаған Арслан ханның ұлдары Бағыр Арслан –хан және Оғылшақ  Қадыр хан кезеңіне жүзеге асырылып, мемлекеттің ыдырауы ХІ ғасырдың ортасына келеді.

 Оғылшақ кезеңінде саманид эмирі Исмаил ибн Ахмадтың 893 жылғы Таразға сапары жемісті басталып қарахандар мен саманидтер арасында Орта Азия үшін ұзақ та қантөгіс соғыстарға әкелді. Соғыстар бір ғасырдан артық уақытқа созылып саманидтердің толық   құлдырауымен аяқталды. Олардың қарсыластарының билігі енді Амударияға дейін таралды.

  Орта Азия аумағында көптеген қарахан иеліктері құрылды, олардың Баласағұн қағанынан тәуелділігі мардымсыз, ал бір бірімен қатынастары достық қарым-қатынастан алыс еді.

   Қарахандардың қалыптасуының негізгі оқиғасы - әулеттің және олардан тәуелді тайпалардың 960 жылы Сатуқ боғрахан басқаруы кезінде исламды қабылдауы болды. Ол исламды қабылдап, ол дінді мемлекеттік деп жариялап, жаңа есім Абд-аль-керім деп қабылдады. Бұл кезде араб мәдениеті, тілі, жазуы Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған еді.

   Қарахан басқаруындағы тайпалар отырықшы өркениеттің зор ықпалына түсті. Түркі тайпалары осы жаңа жүйенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарына тартылды, сол жүйенің бір бөлігі болды. Бұл түркілердің исламдануы, осы процесстің классикалық үлгісі – Қарахан мемлекеті. Қарахан мемлекетін басқарып отырған әулет өз алдына саяси мақсат та қойды, яғни исламдандыру арқылы мұсылман елдерінің көмегіне арқа сүйеді. Қарахан мемлекетінің оған дейінгі мемлекеттерден негізгі айырмасы - әскери басқаруы әкімшілік басқарудан бөлінуі болды. Бұл жүйенің мемлекетте орын алуы отырықшы – егіншілікпен айналысатын аудандардың, түркі тайпаларымен жақын орналасуы және олардың отырықшылық өмір құруы мен қолөнермен, егіншілікпен айналысуы болды. Қарахан мемлекеті – классикалық феодалдық мемлекетке неғұрлым жақын болды. Мемлекеттік - әкімшілік құрылым иерархия ұстамына негізделді. Қарахан мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт - әскери-лендік жүйе болды. Басқарушылар өз туыстарын, немесе өзіне жақын адамдарды аудан, обылыс тұрғындарына мемлекет есебіне алым салық жинауға жұмсап отырған.

Бұл жылу-жинау “иқта” деп аталған, оны жинайтын адам “мұқта” немесе “иқташы” деп аталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігінде зор роль атқарған. Иқташы жер-жерде мемлекеттік биліктің барлық функциясын атқарған. Барлық өнім өндірушілер, көшпелілер, егіншілер одан тәуелді болған және мемлекеттік өкім ретінде иқташы жинайтын алым салықты төлеуге мәжбүр болған. Үлес – иқтаны ұстаушыларға әскер жинау міндетін билеушілер жүктеген. Өз бағынышындағы тұрғындарға ол әскери қызмет атқаруды міндеттеген. Сөйтіп, жер ұстаушы феодалдар класы – жер иеленушілер – жауынгерлер феодалдық мемлекет қалыптаса бастады, аталық рулық қауымдастықтан бөлінді.

Тұрғындардың негізгі кәсібі көшпелі, жартылай көшпелі мал бағу, сонымен бірге ХІ-ХІІ ғасырларды Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда тайпалардың бір бөлігі егіншілікке көшіп, қала мәдениетіне қамтыла бастады. Бір тілдес, жазбалас этникалық қауымдастықтар біріге бастады.

Түркілердің сана сезімінің оянуы Қарахандар кезеңінде түркі тіліндегі мұсылман әдебиетінің пайда болуына әкелді. Осы тілде сол кезеңнің мәдениетінің әр қилы белгілі өкілдері Әл Фараби, Жүсүп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи жазған.

Ақсүйектер үлесінің бөлінуі, мемлекеттің көптеген үлестерге, тұрақсыз иеліктерге әкеп соқты. Икташылардың үлкен құқықтары болды, олар өз ақшаларын соқты. Әрқайсысы билікке ұмтылды, вассалдық қатынастарда жоғарғы иерархиялық сатыға ұмтылды. Бұл ішкі кикілжің туғызды. Қарахандардың саяси тарихында да өзгерістер бола бастады. 992 жылы олар Бұхараны жаулап алды. 999 жылы Қарахандар Газневидтер әулетіне Орта Азиядағы саманидтерді талқандауына көмектесті.

Қарахандар мен газневидтер арасында достық қарым қатынастар қалыптасты. Екі мемлекет шекарасы Амудария болды. Қараханидтер солтүстікте Таразда қыпшақтармен шекаралас, батыста және оңтүстік батыста олар салжықтар және хорезмшахтар қарсылығына кездесті.

 ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ыбрахым, Ибн Назир кезеңінде мемлекет екіге бөлінді: батыс – орталығы Бұқара Мәуәранахрды қоса алғанда, шығыс – оған Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар кірді, астанасы Баласағұн қаласы. Осылайша Қарахан мемлекетінің құлдырауы басталды. Билікке талас басталды. Неғұрлым тыныш кезең Жүсүп Тағрулхан және Богра-хан Харун кезеңі 1059-1074 жылдарда болды.

Олар кезеңінде батыс және шығыс бөліктердің шекарасы Сырдария бойымен өтетін болды. Тағрулдың қайтыс болуынан кейін оның барлық иелігі толық Баграханға көшті (1075-1102).

1089 жылы  ол салжықтардың вассалдық тәуелділігіне ұшырады. Олармен соғысты Қадырхан Жабрайыл жүргізді. Салжықтардың ықпалы Мәуәранахрда да күшейді. Біртіндеп Қараханидтар өз күшін жоғалта бастады.

ХІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті шекарасына  Қыдандар немесе Қарақытайлар – тунгус - маньчжур тайпасынан шыққан, басып кірді. Олар Жетісуды, Баласағұнды және шығыстың барлық үлестерін жаулап алып батысқа бет алды.

Қарахан – салжық әскерлерін 1141 жылы талқандағаннан кейін мемлекеттің екі бөлігінің де билігі қыдандарға көшті. 1210 жылы қараханидтердің батыс иеліктерінің жағдайы, мұнда осы жерді жаулап алып өз мемлекетін құрған наймандардың келуімен шиеленісті. Бұл кезде қарахандардың батыс бұтағы да толық  талқандалған. Осымен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталды. Бірақ Қарахан мемлекеті кезеңі өте маңызды болды және түркі тайпалары тарихында ерекше орын алады. Ол түркі тілдес тайпалардың мәдени, экономикалық өмірінің едәуір алға басқандығымен сипатталады. Көшпенділер отырықшылыққа икемденді, қала мәдениеті өркендеді, жаңа дін қабылданды, түркі жазуының орнына араб графикасы қабылданды.Жаңа саяси жүйе қалыптасты.

Дәрістің негізгі ұғымдары: түрік, қағанат, қаған, этногенез, глоттогенез, «он оқ бұдын», «қарлық бұдын», жабғу, шад-түтік, хақан.

4 дәріске арналған тексеру тесті

1. Түркі мемлекеті қай ғасырларда пайда болған

А. 4 ғ.

Б. 5 ғ.

В. 6ғ.  +

Г. 7 ғ.

Д. 8 ғ.

2.Орхон руналық жазулар қай түркү өкілдеріне арналған

А. Бұмын-қаған мен Таспара

Б. Мұқан-қаған мен Естемі-қаған

В. Күлтегін және Білге-қаған. +

Г. Сақал қаған

Д. Сатық-Богра-хан

3. Түркі жазулар қай уақытта қалыптасты

А. 5 ғ.

Б. 3 ғ.

В. 7 ғ.+

Г. 8 ғ.

Д. 9 ғ.

4. Айша бибі кесенесі қай ғасырға жатады

А.11-12 +

Б. 9-10

В. 13-14

Г. 15-16

Д. 7-8

5. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектін авторы

А. М.Қашғари +

Б. Ж.Баласағұн

В. Қ.А.Яссауи

Г. М.Қ.Дұлат

Д. Қ. Жалайыр

№ 5 дәріс. Қазақстан территориясындағы ертеортағырлардағы дамыған мемлекеттер (X- ғ. басы мен XIII ғасыр)

Мақсаты мен міндеттері:

- Х-ХІІІ ғасырлардағы түрік мемлекеттерінің негізгі даму тенденцияларын, мәдениетін және басқада мәдениеттермен өзара байланысын анықтау.

Жоспар:

1. Оғыздар. Кимек мемлекеті.

2. Қарақытай, наймандар мен керейттер.

3. Қыпшақ қағанаты.

4. 6 -13 ғасырлардағы түрік кезеңіндегі ислам өркениеті.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.
  2.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  3.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  4.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  5.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  6.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.

Оғыздар, Кимек қағанаттары

 Оғыз мемлекеті (9 – 11ғ) Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда  болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.

Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.

Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.

985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.

Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі  Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.

М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.

Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың  наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды.

ІХ ғасырдың ортасында қазақ даласында саяси сатыға қимақ-қыпшақ тайпалары шықты. 656 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы нәтижесінде Қимақ тайпалық одағы туды. VIII ғасырдың екінші жартысында ІХ ғасыр басында қимақ тайпалары солтүстік батыс Монғолиямен бірге Қазақстан аумағына жылжыды. Солтүстік батыста – оңтүстік Оралға (негізінен қыпшақтар), оңтүстік батыста Сырдария мен Жетісудың солтүстік шығысы шегінде.

840 жылы Ұйғыр қағанаты тарағаннан кейін орталық Монғолияның соған кірген тайпаларының бөлігі (Эймұр, баяндур, татар) қимақ бірлестігіне қосылды. Сөйтіп, сол кезде қимақ федерациясы құрамында 7 тайпадан: Эймур, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, аджлар тұратын  қалыптасты. Қимақ тайпасының басшысына «байғү» титулын таға бастады. Ол өз бағынышындағы жерлерде ақсүйек тайпалардан билеушілер тағайындады. Кимек қағанатында 11 басқарушы болғаны белгілі. Қағанның және билеушілердің билігі мұрагерлік арқылы берілетін болған. Сөйтіп, үлестік – тайпалық жүйе қалыптасты. Ол қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, қимақ қоғамында патриархалдық феодалдық қатынастардың пайда болу салдарының нәтижесі еді. Әскери және әкімшілік билік ірі тайпалық бірлестіктердің мүддесін қорғайтын үлесті билеушілер қолында болды.

Ал негізінде олар қағанға бағынса да, әр қайсысы өз бетімен билеуге тырысты. Мемлекеттік аппарат халықты алым салық төлеуге мәжбүр етті, азық түлікпен, соның ішінде алтындай.

Халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы және аң аулау болды. Халықтың негізгі бөлігін – қатардағы қауымдастар құрады.

Тұрғындар арасында егін  шаруашылығымен, қолөнермен, балық аулаумен шұғылданатын отырықшы тайпалар болды. Олар ятуктар деп аталған.

Мемлекеттің ішкі саясаты Шығыс Түркістандағы тоғызоғыздарға жортуылдармен және енисей қырғыздарына шабуылдармен анықталған.

Бірақ қимақтар басқа мемлекеттер, мысалы қараханидтер тарапынан шабуылдарға кездесіп отырған.

Қимақ мемлекеті құдіретті держава болды. Бірақ Х ғасырда оның құлдырау белгілері көріне бастады. Үлес басқаруашылары, байтақ, аумақтарды басқарып отыра өз қызметтерінде жалдамалы әскерге ие болды, сондықтан өзін-өзі билеуге  тырысты, осы әрекеттер орталық биліктің әлсіреуіне, мемлекеттің ыдырауына әкелді.

Х ғасырдың басында Солтүстік Қытайда қыдан (қарақытай) мемлекеті құрылды.

Бұл мемлекеттің жаугершілік жорықтары көшпелі тайпалардың Жетісудан Каспий теңізіне дейінгі кең байтақ аумақтарына қоныс аударуларына әкеп соқты. Осы көшу қозғалысында қимақ одағының тайпалары да болды. Осының нәтижесінде қазақ даласында қыпшақтар күшейді. Х ғасырда олар өз биліктерін қимақ қағанатының барлық аумағында және Сырдария өзенінің алқаптарында орнатқан еді. Қыпшақ бірлесулерінің қысымымен Қимақ қағанаты өз тіршілігін тоқтатты.

Қарақытай, наймандар мен керейттер.

Қидандар – Солтүстік Қытайдың монғол тілдес, тунгус-маньчжур тайпасы. Олар Маньчжурия мен Уссури өлкесінде мекендеген. 924 жылы Алтай аумағы Тынық мұхитқа дейін қыдан мемлекеті билігіне немесе Ляо империясына көшті.

1125 жылы Қытайлар мен Чжурчжендер тайпалары Ляо империясының әскерін талқандады, сөйтіп ол өз тіршілігін тоқтатты. Қыдан тайпаларының көптеген саны Жетісуға қоныс аударып түркі тілдес жергілікті тайпалармен араласып кетті, олардың соңынан қарақытай есімі бекітілді.

Ляо әулетінің ханзадасы Елюй-Даши қарахандар үндеуін пайдаланып Баласағұн қаласын бағындырып, өз билігін барлық Жетісуға таратты, сөйтіп осында өз мемлекетін орнатты. Оның мақсаты өз мемлекетінің шекарасын Енисейден Таласқа дейін кеңейту болды. Одан кейін олар шығыс Түркістанды қосып алып, жергілікті қаңлы тайпаларын бағындырды. 1137 жылы олар Ходжентте Махмұдхан Мәуәраннахр билеушісін талқандады, ал 1141 жылы Самарқанд маңайында салжық – қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Мәуәранахрды басып алып Бұқараға кірді. Олар сонымен бірге Хорезмге көз салды. Хорезм оларға алым-салық төледі. Батыс қарахандар де алым салық төледі.

Аз уақыт ішінде Жетісу, Қазақстанның оңтүстігі, Мәуәраннахр, Шығыс Түркістан қарақытайлар мемлекеті құрамына кірді. Мемлекет орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекет басшысы – Гурхан болды. Қарапайым көшпелілер көшпелі мал бағумен шұғылданды, әр отбасына салық салу жүйесі кіргізілді. Бұған жергілікті халық наразылық білдірді, сондықтан жергілікті тайпалардың қарақытайлықтарға қарсы көтерілістері болып тұрды. Түркі тайпаларының наразылығын қарақытай Гурхан Чжилугудың мұсылмандық – исламды ығыстыруы туғызды.

1208 жылы Жетісуға, Шыңғыс ханның қууымен наймандар келуімен, қарақытайлар ығыстырылып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты.

Наймандар, керейлер – ірі Орта Азия тайпалары, негізінде мемлекеттік бірлесулер болған – жинақты атауы Цзубу – көшпелілер.

Керей мемлекеті Х ғасырдың басында Алтайда қалыптасқан, бірақ олардың тарихы ғасырларға тереңдейді. Деректер VII ғасырда шеп, сеп, байлау, қойлау тайпалары және басқалар Шығыс түркі қағанаты қағанына қарсы көтерілгендігін дәлелдейді. Көтерілісті шеп тайпасының қолбасшысы Керин Еркін бастаған.

 607 жылы Керин Еркін хан болып сайланып, Изен-бала қаған титулына ие болған. Оның ордасы Бағда тауларында болды. Ол үнемі түркі қағандарымен күрес жүргізді.

 Керей – этнонимының тууы ғылымда әлі толық зерттелмеген. Монғолдардың “Қасиетті аңыздар”  мен “Алтын кітабында” ол тайпалардың атауы керейт деп белгіленген. Парсы және көне түркі көздерінде де олар керейт ретінде белгілі.

 Рашид-ад-дин керейт тайпаларын: саха, дуба, таңға, алба, қарнын деп атайды. Олар түркі тілдес және телестік одақ тайпалары VII-VIII ғасырда өмір сүрген деген болжау айтылады. Ұлыс мемлекеті 10 ғасырда Шығыс Монғолияның Орхон өзені бойында қалыптасқан.

 1007 жылы кереиттер ханы Қытайдың және орта Азияның барлық христиандары бағынатын патриарх метрополит Лаврға несториандық мағыналы христиандыққа алу жөнінде өтініш жасады. Әлемдік діннің бірін мемлекеттік ретінде алу – кереиттер хандығының билігін күшейтті және кереиттер мемлекетін Орта Азиядағы мықты мемлекет қатарына айналдырды.

  Кереиттердің Тоғрыл ханының есімі әйгілі, ол өзіне көптеген Монғол тайпаларын бағындырды. Еуропада ол просвитер Иоган, Иоган королі ретінде танымал болды. 1200 жылы Тоғрыл хан монғолдың татар тайпасын талқандады. Онымен бірге осы жорыққа ұсақ монғол феодалы Темучин қатысты, ол 1202-1203 жылдары өз билігі астына бірнеше монғол тайпаларын біріктіріп өз бетінше жорыққа шығуға ниет білдірді. Күшейе түскен Темучин мен кереит билеушісі Тоғрыл хан арасында күншілдік туып, арты ашық соғысқа айналды. 1203 жылдың күзінде кереиттер талқандалып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты.

Саха және дубо тайпаларының бір бөлігі монғолдардан Алтайға одан әрі солтүстік батысқа қашып, кейіннен туваларға, хакастар, алтайлықтар құрамына кірді. Сахалардың бір бөлігі Байқал өңірінде Лена бойында мекендеп қалды және якуттер құрамына кірді. Олардың атауының өзі Саха. Көптеген кереиттер Темучиннің Моңғол мемлекетінің құрамына кірді. Кереиттер біртіндеп моңғол тіліне көшті, наймандармен және меркіттермен бірге ойрат тайпасының негізін құрады.

Кереиттердің тағы бір бөлігі Батыс Сібірге және Орта Ертіс, Тобыл, Есіл аймағына кетіп, түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірлестіктерін ұйымдастырушылардың бірі болады.

Әулет негізін қалаушы Тайбуға ханы болды. Шыңғысханды монғолдар қуып шыққанша, керейттердің солтүстік резиденциясы Хатун-балық қаласында Хуанхэнің оңтүстігінде болған. ХІІ ғасырдың екінші жартысында кереиттер ұлысы Тоғрылхан кезінде Селенгенің жоғарғы жағынан Хуанхэнің оңтүстігіне дейінгі жерді алған. Олардың наймандармен Қарақытай, ұйғыр, моңғол саяси этномәдениет байланыстары тығыз болған. 1203 жылы оларды Шыңғысхан басып алғаннан кейін керейттер мен наймандар Қазақстан аумағында пайда бола бастады және қазақ халқының орта жүзінің құрамына кірді.

Наймандар: олар аралас этникалық құрамдас. Ғылымда олардың түркі тілдестігі туралы пікір бар. Найман – деген сөз сегіз деген санды білдіреді, конфедерация құрамына кірген тайпалар саны. Көне түркі жазуларындағы тайпалар одағы «Сегіз оғыз» зерттеушілермен наймандарды байланыстырады.

VIII ғасырда оғыздардың тайпалық бірлестігі, Орхон өзенінің бойында Ертістің жоғарғы жағына дейін мекендеген. Сол жерде кейіннен наймандарда мекендеген. Рашид-ад-дин хабарлағандай, Х ғасырда наймандар тайпалық одаққа бірігіп, олардың бірінші билеушісі Наркыш Таян және Инат хан болған. Қырғыздар тайпасын талқандап, наймандар Хангайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді иеленген. Наймандардың бір бөлігі Қарахан мемлекетін қалыптастыруға қатысқан. Х-ХІІ ғасырларда ертефеодалдық қатынастардың дамуына қарай, одақ мемлекетке айналды. Мемлекет Батыс Монғолия және Шығыс Қазақстан жерлерін алған.

Наймандар батыста қаңлылармен қыпшақтармен Ертісті бойлаған, солтүстікте Енисей қырғыздарымен, шығыста керейлермен, оңтүстікте ұйғырлармен көршілес болған.

Әу бастан-ақ наймандар мемлекеті керейлермен көшпелі тайпаларға билік үшін алакөз болған.

ХІІ ғасырдың соңы ХІІІ ғасырдың басында найман улусы екіге бөлінді, оларды Гаян ханмен Буюрук хан биледі.

Өзара кикілжің билік үшін талас наймандарды әлсіретті, 1201 жылы олар керейлерден, 1198-99 жж монғолдардан, 1201-04 жылдары Алтай тауларында жеңіліске ұшырады.

1206 жылы наймандар мемлекеті толық Шыңғысханмен талқандалды.  Бұл наймандардың бір бөлігінің Жетісуға көшуіне әкелді, бұл жерде олар аз уақыт ішінде Буюрук ханның ұлы Күшлүк ханның билігіне бірікті.

Күшлүк хан Қарақытай мемлекетінің жеріне еліп, билеуші тағын иеленудің ыңғайлы жағдайды пайдаланып, Жетісуды бағындырды. Бірақ ол  ұзаққа бармады, Шыңғыс хан келіп моңғолдардың Қазақстан аумағына баса  көктеуі басталды.

Керейлер мен наймандар дамудың бірдей деңгейінде болды. Олар мемлекеттік құрылымдар – ұлыстарға қалыптасты. Бұл билік рулық тайпалық институтының жоғары және барлық этносты әулеттік хандық румен құшағында ұстады. Ұлыстың басында хан тұрды. Әр ұлыстың өз аумағы болды.

Оның маңызды бөліктеріне күзет қойылды. Хандардың жеке жәйләулары және қыстақтары болды. Ұлыстарда басқару аппараты болды, оған хан ордасының билік органдары, әскер, дружиналар кірген. Керейлер мен наймандар мемлекетінде хан ордасы ерекше орын алған. Ол хан мүлкіне және әскерге басшылық еткен. Керейлер мен наймандарда қарапайым құқық болды. Хан ордасында кеңсе ісі тараған. Құжаттар мөрмен бекітілген, әсіресе алым салық жинағанда және лауазымды қызметкерлер тағайындағанда. Қызмет мұрагерлікпен беріліп отырған. Керейлер мен наймандар Х-ХІ ғасырда Қазақстандағы этногенетикалық процесстерде елеулі роль атқарды. Осы кезеңде олар түркі тілдес тайпалар арасында Қазақстан аумағында пайда болып, соңынан Орта Жүз құрамына кірді. Қазақ этносының күрделі компоненттерінің бірі болды.

Қыпшақ қағанаты.

Қазақстан тарихында ерекше орын алатын – Қыпшақ мемлекеті. Олар қазақтардың тікелей ата бабалары, Дунайдан Ертіске дейін байтақ мемлекет құрған. Қыпшақ хандығы – классикалық көшпелі мемлекет. Қазақстан аумағындағы моңғол жаугершілігіне дейінгі ең ірі, құдіретті мемлекет. Орта Азияда, Еуропада қыпшақтарды қүмандар деп, Русьте – половецтар деп атаған. Қыпшақтар туралы әр тілде жазылған деректер сақталған. Қыпшақтар қимақтардың ұрпағы, қыпшақ мемлекеті құрылғанша қимақ конфедерациясының құрамына кірген. Қимақ қағанаты әлсірегенде түркі тілдес тайпалар Қазақстанның кең байтақ далаларына көше бастады. Олардың  ең  көбі және ықпалдысы қыпшақтар болды. Қыпшақтардың көне тарихы туралы бізге көп нәрсе белгісіз. Алғашқы рет олар туралы көне түрік көздерінде 760 жылы айтылған. Араб географы Ибн Хордадбек ІХ ғасырда өмір сүрген Қазақстанда VIII ғасырда мекендеген көшпелі қыпшақтар туралы деректер берген.

Қыпшақ тайпалары алғашында Алтайда және Ертіс бойында өмір сүрген және қимақ тайпасының одағына кірген.

Қыпшақ тайпалары сан жағынан өте көп  және ержүрек батыл болған, сондықтан олар қимақтардан бөлінуге ұмтылған.

Қазақстанның кең байтақ даласын: Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстанды қамтып, олар Орта Азия және оңтүстік шығыс, Еуропа елдерімен байланысқа кіреді.

ХІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар оғыздарды Сырдария бойынан, Аралдан, Каспий далаларынан ығыстырады.

“Оғыздар даласында” әскери - саяси басымдылық енді қыпшақтарға көшеді. ХІ ғасырдың екінші жартысында бұл аймақтар қыпшақтар даласы – Дешт-и-Қыпшақ болып атала бастады. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақ тайпалары Жайыққа Еділ бойына жылжыды. Қыпшақтар Маңғышлақты басып алды. Сонымен бірге олар Хорезм шекараларына жақын келді. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтарға Қазақстанның барлық дерлік Жетісудан басқа кең байтақ аумағы бағынды. Шығыс шекарасы Ертісте, оңтүстікте – Талас өзені бойында, солтүстікте – Батыс Сібір орманы. Осы кеңбайтақ аймақ Дешт-и-Қыпшақ деп аталған.

Олардың Еділ үшін қозғалысынан кейін олар Русьте танылды және Шығыс Еуропа Византияға танылып, олардың шекарасы Днестрға дейін жетті. Қыпшақтар мемлекеті екі ірі этноаумақтық бірлестік құрды: Батыс қыпшақ – Тоқсоба уәлеті руынан және шығыс қыпшақ – Ельбөрі руынан, хандық билігімен.

Сонымен VII ғасырдан бастап қыпшақ этникалық құрылымы қалыптаса бастады. І-ші кезең – қимақ-қыпшақ тайпалық одағы.

ІІ-ші кезең – VIII ғасырдан ХІ ғасырға дейін қыпшақ тайпаларының Ертістен Еділге дейін қоныстануы, қыпшақтар әлі де болса кимек тайпалары конфедерациясында болған. Қоныстану барысында қыпшақтар қарлұқтармен, оғыздармен, печенегтермен тығыз байланыста болған. Бір аймақта бірге өмір сүрулері, бұл тайпаларды тығыз жақындастырып, оларды қыпшақ тайпаларымен ассимиляцияланды.

ХІ ғасырдың басында және ХІІ ғасыр – қыпшақ қауымдастығының дамуының үшінші кезеңі, бұл кезең қыпшақ ханы Ельбөрідің  құдіреттігінің күшеюімен байланысты. Қыпшақ қауымдастығы өзіне қыпшақ тайпаларын ғана емес, түркі тілдес қимақ, құман, көш башқұрт, оғыз, қаңлы тайпаларын да қосып алды. Осы кезеңде ассимиляция барысында сондықтан қайымдастықтың қалыптасуында қыпшақ тайпаларының қандық туысқандық байланыстарын сақтауға ерекше мән берілді. Барлық тайпалар осы белгі астында қыпшақ тілінде сөйледі. Аймақ бірлігі, қарым қатынастар жүйесі, шаруашылық жүргізудің бірыңғай жүйесі – осының бәрі қыпшақ халқының қалыптасуына әкелді. Қыпшақтардың саяси салмағының өсуіне байланысты, тайпалармен, этникалық топтар өздерінің бірыңғай этносқа жататындықтарын сезіне отырып, қыпшақ этнонимін қабылдады. Бірақ қыпшақ халқының қалыптасуының шешуші кезеңі моңғол шапқыншыларымен үзілді.

Қыпшақ ақсүейтері тайпалардың қоныстану аумағын едәуір кеңейтті. Шығыс Дешт-и-Қыпшақ оғыздармен Сырдария бойында Хорезммен салжықтармен, қараханидтермен соғысқа әкелді.

Қыпшақ және қүман тайпаларының Дешт-и- Қыпшаққа ХІ ғасырдың ортасында қоныс аударуы Қыпшақ тайпаларының жағдайын күшейтті.

Мемлекет басында Ельбөрі руынан шыққан хан тұрды, оның билігі мұрагерлікпен берілетін. Хан ордасы – Орда хан мүлкіне, әскерге билік етті, мұнда  басқару аппараты да болды. Көне түркі дәстүрі бойынша хандық екі қанатқа бөлінді: оң қанат – ордасы Жайық өзеніне, сол қанаты – ордасы Сығанақта. Неғұрлым күштірік оң қанат болды.

Әскери ұйымға, әскери әкімшілік жүйеге ерекше мән берілді, себебі олар көшпелі өмірдің ерекшелігін білдіретін және көшпелі өмірге ыңғайланған. Ақсүйектердің – хандар, тархандар, басқақтар, бек, байлардың иерархиялық қатаң жүйесі сақталды. Рулар мен тайпалар әлеуметтік мәніне қарай бөлінген. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жеке меншік, оның ішінде жылқының саны. Малға жеке меншік, жердің жеке меншіктігіне әкелді. Жер қауымдастықтігі болғанмен, жайылымдарға хандар мен тайпалық ақсүйектер иелік етті. Көшпенділердің негізгі бөлігі – еркін қауымдастар, бірақ өзін және мүлкін мықты туыстарының қорғауына бере отырып, лар неғұрлым байлардан тәуелді бола бастады. Егер көшпенді малынан айырылса, ол отырықшы – ятук болатын еді.

Әскери тұтқындар қатарынан құлдар болды. 1096 жылы қыпшақтар тайпасы Хорезмге шықты, бірақ хорезмшахтың салжықтармен одағы күштірек болды да, қыпшақтар Маңғышлаққа қайтып келді.

Қыпшақтар қараханидтер шабуылына тап болып отырды және өз кезегінде Жетісуды шабуылдап отырды.

ХІІ ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия билеушілері хорезмшахтармен Сырдария қалалары үшін күрес жүргізді, бірақ жеңіліске ұшырады. Хорезмшах әскерлері Атсыз Дешт-и-Қыпшаққа кірді. Бұл қыпшақ хандығының ыдырауының, өзара келіспеушілігінің басы еді. Хорезмшахтар қыпшақ ақсүйектерін өз жағына шығарып алуға тырысты, сөйтіп қыпшақ хандығының абыройын жою үшін. Хорезмшахтар саясаты хандықта тұрақсыздық туғызды. Хорезмшахтар қыпшақтармен жақындасып, хан руының қыздарымен неке құрды. Осы себептер өз бетімен өмір сүруге ұмтылған қаңлылардың күшеюі, ішкі қайшылықтарды күшейтті. ХІІІ ғасырдың басында Хорезм шахы Мухаммадтың хандықтың ішкі істеріне араласуымен сығнақ облысы Хорезм құрамына кірді.

Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресті жалғастырды, бұл қарсыластық  Моңғол шапқыншылығына дейін жалғасты.

Шыңғысханның келуімен этникалық және саяси қатынастарда бірыңғай болмаған қыпшақ хандығы өз тіршілігін тоқтатты.

ҮІ-ХІІІ  ғасырлардағы түрік кезеңіндегі ислам өркениеті.

Әр халықтың рухани байлығы – оның рухани мәдениеті – діні, әдебиеті, аңыздары, салт дәстүрлері.

Түркі халықтарында ҮІ-ХІІІ ғасырларда бай рухани мұра қалған. Діннің Қазақстан аумағына таралуында Жібек жолының ролі зор – ол тек сауда жолы емес, елшілік, саяси, байланыс жолы. Батыс пен Шығыс халықтары арасында мемлекеттерді бір бірімен байланыстыру көзі болды.

Халықтың рухани байлығы – мәдениет, жазба көздері, аңыздар, батырлар жыры және басқа көне заман авторлары қалдырған халық шығармашылығының және тарихи өткелдердің  жауһарлары. Қазақ әдебиеті көне дәуірде -  көптеген көне түркі тайпаларының солтүстік Монғолияда шоғырланған әдебиет ескерткіштері: (дастандар, аңыз-жырлар т.б.) Кең тарағандардың бірі Більге қаған және оның ағасы Күлтегін (732-735) құрметіне жазылған руна жазулары (Олар І ші қаған кеңесшілері). Сондай-ақ талас өзені алқабындағы руна жазбасы ескерткіші. Оғыз – қыпшақ кезеңіне дастандармен аңыздар: көне түркі әдеби тілінде жазылған “Оғызнама”, Қорқытбаба кітабы жатады. Кейінгі ғасырлар үлкен әдеби, мәдени жетістіктермен танылады. Араб, парсы мәдениетіне телінуімен түріктер жоғарғы ортағасырлық мәдениет пен жазба әдебиетін негіздеді: Әль Фараби (9 ғасыр), Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари. Орта Азия мен Қазақстанда өзінің ерекше әдебиетінің негізі қаланды. Оған себеп түркі тілдес тайпалардың ортақ әдеби тілі. Сондықтан мәдени құндылықтар, көне түркі жеріндегі, олардың ұлыстарға бөлінгенге дейін бәріне ортақ болды. Түркі халықтарының көне мәдениетінің ортақтығы – шығу тектерінің ортақтығымен, тілі мен генезистің бірлігімен түсіндіріледі. Ол тарихи қалыптасып, өмір салтымен, экономика және қоғамдық сапқа тәуелді болды. Түріктердің Қарахан мемлекеті Қашғардан Амударияға дейінгі аумақты алып жатты. Орталығы – Самарқанд. Бұл кезеңде түркі тілдес халықтардың әдеби тілі қалыптасу кезеңі аяқталды. Осы кезеңде құрылыстың дамуы, сауда, мәдениеттің қарқындап өсуі    Орта Азия мен Қазақстанда және жазбаша әдебиеттің дамуы келеді.

Х-ХІ ғасырда барлық түркі тілдес халықтарға ортақ әдебиет негізделді. Тіл екі түрге: парсы және түрік тіліне бөлінді.

“Диуани лұғат-ат түрік” Махмұд Қашғаридің – ХІ ғасырдағы түркі халықтарының мәдени деңгейінің куәсі. Сөздік мағынасынан сол кездегі филология ғылымының деңгейі туралы білуге болады. Лингвистикалық сипатына қарамастан, сөздік әдеби тарихи жинақ, нақты деректерге бай ғалымдар онда бірнеше жүз өлең жолдары, ондаған мақал-мәтелдер және басқа аталы сөздерді санап шықты.

“Атқан оқ – кері қайтпас”, “Ақылмен арыстан ұстауға болады”, т.б. мақал мәтелдер, оның қазақ ауыз әдебиетіне жақындығын білдіреді.

“Диуани” авторы – көне қала Барысхан тумасы. Ол қарахандарда қызметте болған, кейін жақсы білім алып, ана тілін ғана емес, араб тілінде меңгерген.

Түркі, араб халықтарының ауызша, жазбаша әдебиетін жақсы білген. ХІ ғасырдағы ерекше шығармалалардың бірі Жүсіп Хас Хаджин Баласағүн  түрік ақын-жазушылардың ең бір білімдісі. Ол ІІ ғасырдың 20 жылдары туған Баласағұн қаласында. Оның “Кұтадғы билік” 1069ж жазылған. Көне түрік әдеби тілінде және Қарахан династиясы Бограханға сыйға тартылды. Онда Қашғар мен Жетісу феодалдарының билеушілерінің моралді этикалық принциптері суреттеледі. Ол тәрбиелік мәндегі дидактикалық трактат, ережелер жиынтығы, ақыл – кеңес ретінде жазылған. Өзінің этикалық ұстанымдары бойынша Жүсіп дастаны, түркі халқының дәстүріне негізделген. Дастан әдебиеті ауызша поэзиямен байланыстырады, диалог пен айтыс түрі пайдаланылған.

Түркі тілдес халықтар тарихында Ахмет Югнакидің орны ерекше. Ол Түркістан ауданында туған. Ол Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы тақырыпты жалғастырды. Югнаки өз дәуіріне едәуір білім алды. Ол араб тілін еркін меңгерген. Ахмед Югнаки “Хиуани Ул Ханаих” шығармасымен танымал.

“Менің атам – Қорқыттың кітабы” ортағасыр әдеби ескерткіштердің оғыз-қыпшақ әдебиетінің ерекшесі. Ол оғыздар мен қыпшақтардың отансүйгіштерінен туған. Онда қазақ аңыздарында кездесетін эпизодтар көптеп келтірілген. Қорқыт туралы қазақ халқының шығарған халық аңызы, кейіпкерін тарихи тұлға ретінде көрсетеді. Ол әділдік үшін күрескер, қарапайым халықтың қамын жеп,  зұлымдылыққа қарсы. Жақсылық жамандықты жеңеді.

Кітап 12 жырдан тұрады, онда оғыз-қыпшақ батырларының игі істері, ерліктері жырланады. Жырдың негізі халық аңыздарынан алынып, тарихи оқиғалармен толықтырылған. Мазмұны қазақ аңыздары мен жырауларына өте жақын.

Оғыс эпостық шығармаларында қазақ эпостарына жақындық көп. Мысалы; Жеті, 49, 40 қыз, 40 жолдас, 7 күн, 7 түн. Ақ Орда, Алтын бесік, ат, айғыр т.б. кейіпкерлер есімі де қазақ эпостарындағы фактілерді еске түсіреді.

Жалпы түрік әдебиетінің құнды шығармалырының бірі “Оғызнама”. Ол аңыз негізінде шығарылған. Оғыздардың ерлік жорықтары туралы жырланады.

Түркі әлемінің ғалымдары ғылыми қызметті дамытты. Оның бірі философ, оқымысты ғалым Абу Насыр Әл Фараби болды. Отрардан шыққан, философия, математика, геодезия, архитектура, музыка, логикамен шұғылданған. Фараби әлемдік дәрежедегі ойшыл, араб және парсы, грек, үнді, түркі мәдениеттерінің жетістіктерінсинтездеп, жақындатты. “Музыканың үлкен кітабы”, “Ғылымның жіктелу сөзі”, “Трактат” т.б. әлем кітапханаларында сақталған. Қазақ халқының тарихы, оның ауылдық қауымда шектелмей, бүкіләлемдік тарихи процестерде дамығанын дәлелдейді.

Сонымен Х-ХІІІ ғасырларда Қазақстанның этникалық аумағында көшпенділердің мәдени, саяси, экономикалық өмірінде өзгерістер болды.

 Өндіріс күштерінің әрі қарай дамуы, көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, қол өнер және сауда тайпалардың бірігуіне әкелді, сөйтіп неғұрлым ірі мемлекеттер құрылды. ХІ ғасырдың бірінші жартысында саяси гегемония Қазақстанның кең байтақ аумағында қыпшақ тайпаларының одағына көшті. Х ғасырда оңтүстік шығыс Қазақстанда күшті мұсылман мемлекеті – Қарахан хандығы құрылды. Ол Қазақстан тарихында ғана емес, жақын аудандарда да елеулі із қалдырды. Осы кезде қазіргі Қазақстан аумағынан ыста керейлер мен наймандар мемлекеті пайда болды, кейіннен қазақ халқын құрайтын тайпалар құрамына кірген.

Дәрістің негізгі ұғымдары: иқта, хасс, вакуф, диуан, институт коммендация, дуалдық билік жүйесі, ташнау, әмеңгерлік, гурхан, Деш- ті- Қыпшақ.

5 дәріске арналған тексеру тесті

Қарахан мемлекетінің билеушісі кім деп аталды?

Жабғу

Тамғаш хан

Қаған

Илхан

Идиқұт

Қерамикалық ыдыстарды адамдар қай кезде жасай бастады?

тайпалық одақ кезінде

қола дәуірінде

ертедегі феодалдық мемлекеттерде

таптар пайда болғанда

неолитте

Моңғол жаулап алуынан кейін пайда болған оң құбылыстардың бірі?

қала мәдениетінің тез өсуы

жаппай халық санағы басталды

халықаралық қатынастардың, сауданың дами бастауы

шетелдік мәдениет тез тарады

оқу-білім тез қарқынмен өсті

Академик В. Бартольд моңғол шапқыншылығы туралы не айтты?

стратегиялық жоспарымен қимылдайтын ұйымдасқан әскери бірлестіктер

қалай болса, солай ұрысатын жабайы адамдар тобыры

орыс мәдениетіне үлкен зиян келтірді

бүкіл адамзатқа зиян тигізді

ешқандай да қасірет әкелген жоқ

IХ-ХIII ғ.ғ. қалаларды арабтардың жаулап алуын неден байқаймыз?

қалаларда арабтардың көп болуы

араб тауарларының көптігі

діни кітаптар көбейді

мешіттер салынды

мәдениет орындары ашылды

IХ-ХIII ғ.ғ. натуралдік айырбасты қандай қатынастар ығыстыра бастады?

жеке сауда

көтерме сауда

шетелдік сауда

өнеркәсіптік сауда

тауар-ақша айналымы

7. Шад-түтік дегеніміз не?

    1.   су жүйелерін реттеуші адам

    2.   әскери бөлімнің басқарушысы

    3.   қимақ тайпаларының басшысы

    4.   керуен басы

    5.   цирк ойыншысы

8. Қазақстан тарихының аса бір қиын кезінде, Жоңғар шапқыншылығы уақытында «қайың сауған» деген сөз пайда болды. Оны қалай түсінесіз?

ағаштан түрлі жихаздар жасау

аралас орман аудандарындағы жайылымдарды пайдалану

ағаштан жасалған үлкен ғимараттар

ашаршылықта қайыңның сөлін ішу

қайық жасау

9. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде қазақ даласындағы негізгі өмірді қалай суреттейді?

     1. шалқыған байлық, керемет өмір

     2. зәулім сарайлар, ғимараттар

     3. өте қымбат бағалы, әшекейлі киім киюге құмарлық

     4. еріншектік басқан жалқаулар елі

     5. негізгі байлығын жылқы деп есептейді

10. Пақыр (факир) дегеніміз кімдер?

     1. қоғамның ең кедей адамдары, зекет салығынан босатылғандар

     2. діни ұйымның мүшелерә

     3. егіншілер қауымы

     4. керуен сарайындағы қызметшілер

     5. хан ордасындағы жұмысшылар

6 дәріс. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (XIII ғасыр)

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан территориясындағы монғол шапқыншылығының себептері мен салдарын жан жақты талқылау. Монғол шапқыншылығы кезеңінен кейін қалыптасқан мемлекеттерге сипаттама беру; ерте ортағасырдағы қалыптасқан мемлекеттерден ерекшеліктерін салыстыру.

- XIVXVғасырлардағы негізгі экономикалық және мәдени тенденцияларды анықтау. Қазақстан аумағында XIVXV ғасырларда қазақ халқының қалыптасуына негіз болған саяси ерікті тұрақты бірнеше мемлекеттер туды  олар қазақ хандығының қалыптасуына негіз болдығын кеңінен талқылау.

Жоспар:

  1.  Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
  2.  Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы.
  3.  Моғолстан және Ноғай Ордасы.
  4.  XIV – XV ғасырлардағы Қазақстанның саяси картасы: Алтын Орда. Көк–Орда. Ақ-Орда.
  5.  Моғолстан мемлекеттері.Темір мемлекеті.  Әбілхайыр хандығы немесе  «көшпелі өзбек мемлекеті». Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.
  2.  Қазақстан тарихы. I-V Т. Алматы, 1996-98
  3.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  4.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  5.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  6.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  7.  Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. М-Л, 1950
  8.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.
  9.  Кадырбаев А.Ш. Казахстан в эпоху татаро-монгольского нашествия. - Алма-Ата: Наука, 1992.

Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.

Ұлы Дала әлемі моңғол дәуірі қарсаңында, яғни Шыңғысқан жаугершілігі қарсаңында Қазақстанның және Шығыс Еуропаның Алтай мен Дунай аралығын қоныстаған қыпшақтардың түркі тайпаларынан құралды.

Ұлы Қытай қабырғасынан Селенга өзеніне дейінгі кең байтақ жерлерді моңғол көшпенділері, сондай-ақ Онон өзені бойын мекендеген жалайырлар, Хангай және Хантэй қыраттары аралығында – керейттер,  Хангай және Алтай таулары аралығында малдарын баққан наймандар әлі шыққан тегі де анықталмаған, түркілер ме әлде моңғолдар ма екендіктері белгісіз қоңыраттар, яғни сан алуан халықтар мекендеген.

          Осы халықтар тарихымен жаңа бет ашылады. Қазақстанның генеологиялық аңыздарына қарасақ, осы халықтардың бәрі қазақ халқының құрамына кірген.

          Әсіресе, қыпшақтардың ролі үстем болған, олар Қазақстанның және Қара теңіз жағалауының кең байтақ далаларында билік етіп қоймай, отырықшы халықтардың Ұлы державаларында да үстемдік еткен.

Грузия мен Византия – тек қыпшақтардың көмегімен сельджук империясы печегендер тысқыруынан, Еуропа кресттағушыларынан аман қалды.  Сол сияқты Венгрия мен Киев Русі олардағы княздар арасындағы кикілжіңде, көне орыс княздарының және венгр корольдерінің туысқандары – қыпшақтар салмақты роль атқарды.

Сол заманда әлемде керейттер мен наймандар билеушілері де ерекше орын алды. Олардың бұл кезде өз мемлекеттері – ұлыстары болған және хат таныған және христиандыққа қамтылған.

Х-ХІІ ғасырлар Қазақстан қалаларының гүлдену кезеңі ескі - Отырар, Тараз, Испиджаб, Кулан, Янгикент қалаларымен қатар жаңа Каялык, Ашнас қалалары пайда болды. Тек Іле алқабында ХІ-ХІІ ғасырлар алдындағы 10 қаладан басқа тағы да 50 қала пайда болды.

          Қазақстанның сол кезендегі қалалары сол заман үшін көркемдігімен ерекшеленді, су құбырлары, моншалары болды. Қазақстанның оңтүстігінде және Жетісуда қол ақша саудасы кеңінен тарады, Алатау тауларында алтын, күміс, мыс алынды. ХІІІ ғасырдың екінші оңжылдығында Қазақстанның оңтүстігінде билік Хорезм шахтарының қолына көшті, ал Жетісу қарақытай қолында қалды.

          Бұл қалалар тек билік орталығы емес, оазис пен даланың, батыс пен шығыстың сауда, қолөнер орталығы болды.

          Орта ғасыр тарихында билік басына келісімен көптеген халықтардың және Орта Азия, Қазақстан тағдырының өзгеруіне әкелген адамның есімі пайда болды.

          Ол есім – Темичун. Темучин кейбір деректер бойынша 1162 ж, кейбір деректер бойынша 1155 жылы моңғол ақсүйегінің тұқымы Есугей – бахадурдың отбасында дүниеге келген. Моңғол аңызы бойынша Темучин қият боржын - әкесі жағынан руынан, ал шешесі – қоңырат тайпасынан тараған.

Темучин әкесінен ерте айрылып көп қиындық көрген, қуғыншылардан  жасырынып Оран өзені бойындағы тоғайды мекендеп, шикі балықпен қоректенген. Оның өміріне бірнеше рет қауіп төнді. Өмір үшін күрес, одан қоғамның заңына  жиіркенішпен қарайтын, өзіне қаншама қатыгез болған ортаға қарсылық көрсете алатын адамды қалыптастырды. Ол өз маңайына өзі сияқтыларды жинады. Ол тек күшке ғана табынды.

          Ол өзінің сақабайларынан дружина жинап, айдап әкеткен табындарын қайтарып алды. Сәтті  жортуылдарымен өжет жауынгер атағына ие болып, ХІІ ғасырдың аяғында Орта Азия даласының беделді қолбасшысы болды. Біресе бір, біресе екінші билеушілермен одақтаса отырып ол бұрынғы одақтастарына қарсы шыға бастады. Темучин біртіндеп Орта Азия тайпаларын біріктіріп, бағындырды. Шыңғыс ханның дала билігі үшін таластағы ең негізгі бақталасы керейлер мен наймандар да осының кебін киді. Тогорил Ванханның көмегімен найман ұлысы Даянханды талқандап, Шыңғыс хан бұрынғы одақтасына бас салды. Ол Орта Азия даласында ең құдіретті билеуші болып, оны саяси түрде бекітті. 1206 жылдың көктемінде наймандарды тағы да Бұхтарма өзенінде Шығыс Қазақстанда талқандап, Онон өзенінің көзінде көшпелі ақсүйектер, Темучинді жақтаушылардың құрылтайында ол салтаннаты түрде ұлы хан болып жарияланып, өз есімінің орнына Ұлы хан деген мағынаны білдіретін Шыңғысхан титулын алды.

Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы. Қазақстан  территориясын монғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.

Жетісуда алғаш рет моңғолдар 1211 жылы пайда болды. Солтүстік Қытайда жеті жылғы соғыс Шыңғысханның көңілін Шығысқа аударды. Осы жорықтың жеңіспен аяқталуы шығысқа шабуылды жандандыруға жол ашты. Жетісудан қарақытай тағындағы узупатырды, найман ханы Күшлікты қуып шықты. Сөйтіп қарақытайларды Шыңғысхан басып алды. Шыңғысқанның үлкен ұлы Жошы бастаған моңғол отряды Шыңғысқаннан қыпшақтарға тығылған моңғол бодандары – меркиттерді қуғындап Қазақстанның Торғай даласына кірді.

Жошы меркиттерді, оларды қорғаған қыпшақтарды да сейілтті. Бірақ ертеңінде Хорезм шахы Мухамадтың қыпшаққа жорыққа шыққан 60 мың әскерінің шабуылына кездесті. Жошы шайқасқа түскісі келмеді, бірақ шах оның сөзін ескермеді, сондықтан Жошы шайқасқа түсті. Күні бойға жалғасқан шайқас, кешке қарай толастады.

Моңғолдар жауды жанған  отпен алдап соғып, қоныстаған жерлерін тастап шығысқа қашып кетті.

Бұдан әрі қарай монғол – хорезм қатынастары шиеленісе түсіп, соғысқа әкелді. Көзбояушылық себебі Отрар апаты болды. Оның алдында екі билеушінің арасында кикілжің болды. 1218 жылдың жазында Шыңғысқанның тапсырмасымен 450 адамнан тұратын керуен көпестер мен моңғол жансыздарымен қоса, 500 түйе тауарлар артқан Отрарға келді. Отрар губернаторы қыпшақ Қайырхан  көпестері тыңшылық жасады деген күмәндікпен, оларды өлтіруге, керуенді тонауға бұйрық берді.

Шыңғысқанның хорезм шахқа Қайырханды талап етіп жіберген елшілері өлтірілді, осы жағдай соғысқа себеп болды.

Жорық 1219 жылғы қыркүйек айында Ертіс бойынан басталды. Әскер 150 мың жауынгерден тұрды, оның ішінде түркі одақтастары да болды. Шыңғысқан әскерін Сырдарияға дейін Жетісу арқылы өткізді. Отырарға жақындағанда ол өз ұлдары Шағатай мен Угедей бастаған әскерді қаланы қоршау үшін қалдырды. Жошы ханды Сырдарияның төменіне жіберді, ал өзі негізгі күшпен Бұхараға бет алды. Отырардың билеушісі Қайырхан өжеттікпен аяғына дейін шайқасты. Оның 20 мыңнан 50 мыңға дейін жауынгері болды, сөйтіп қаланы 5 ай ұстап тұрды. Хорезм қолбасшысы Қарахаджибтың моңғолдарға сатылуы моңғолдардың қалаға кіруіне мүмкіндік берді. Бірақ, Қайырхан өз отрядымен кіші бекіністе күшейіп, тағы быр ай шыдады. Қамал қорғаушылардың бәрі қаза тапқанда, 1220 жылдың ақпанында Қайырхан ұсталынып Шыңғысханға жеткізілді.

Ол Қайырханның көзіне, құлағына күміс балқытып құйды.

Сырдарияның басқа да қалаларының қыпшақтар орталығы – Сығанақ, Ашнас, Янгикент  халқы да қаһармандықпен шайқасты.

Бұл оқиғалар 1219-1220 жылы  орын алды, ал 1221 жылы Жошы үлкен әскермен Қазақстан даласына жорыққа аттанды, сөйтіп, Солтүстік Шығыстан Арал теңізіне дейін қыпшақтар мекендеген аумақты жаулап алды.

Жебе нойон және Субедей бахадур бастаған 30 мың моңғол қолы 1220 жылы Ираннан Кавказға басып кіріп, армян, грузин, алан, қыпшақтар мен орыстарды Калка өзенінде талқандады. Қазақстан даласы арқылы Шығыс Дешт – Қыпшақ арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайтып келді. Сөйтіп, Шыңғысқанның 1219-1224 жж басқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия оның империясының бір бөлігі болды.

1223-1224 жылдары Шыңғысхан Сырдария, Ертіс бойындағы далалары арқылы өзінің Моңғолиясына жеңімпаз болып оралды. Бірақ оны ештеңе қуандырмады, себебі Қытай  көріпкелі Чан Чунь оған өлім алдына ол әлемді бағындырған билеуші емес – қарапайым адам екенін айтып берді.

Египет пен Сирия араб мұсылман өркениeтінің орталығы, жау қоршауында қалды. Шығыстан моңғолдар, батыстан Еуропа кресттағушылары. Мамлюктар осы екі қауіпті де тойтарды. Қазақстан үшін моңғол жаугершілігінің салдары оның аумағының Шыңғысқан мұрагерлері арасында бөлінуі еді. Себебі ол тірі кезінде империя аумағын балаларына ұлыстарға бөліп берген. Қазақстан аумағы үш ұлысқа бөлінген. Ең үлкен дала бөлігі үлкен ұлы Джучиның иелігінде болған, бірақ ол Шыңғысқанның тірі кезінде қайтыс болған. Сондықтан ол ұлысқа оның ұлы Бату билік етті. Ол Ертістен Солтүстік Жетісу, шығыс Дешт-и-Қыпшақтан төменгі Еділге дейінгі аралықты биледі. Шағатай ұлысына Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мауәріннахр кірді. Угедей  ұлысына Солтүстік Жетісу, Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы бойы және Тарбағатай кірді. Ұлы Төле Моңғолияның түркілікті жұртына иелік етті.

Угедей ұлысы 1251 жойылып, оның жерлері Төленың ұлы Мүнке ханға берілді. Жошының мұрагері Бату Батыс Дешт-и-Қыпшаққа, болгарлар жеріне одан әрі орыс княздығына, Польша, Венгрия, Чехия, Обь, Ертіс, Еділ жағалауына жорық жасауға шықты.

Монғол шапқыншылығының салдары.

Жалпы алғанда, әрине, Шыңғысхан шапқыншылығы орта ғасыр дәуіріндегі ғажайып оқиға еді. 1229-1230 жылдары Қазақстанның батысында қыпшақтар көтеріліске шықты. Ол 1237 жылы Поволжье, Орал қыпшақтарын өжет қолбасшы Бачман бастаған кезде күшейе түсті. Бірақ көтеріліс күшпен басылды.

Моңғол басқыншылығы Қазақстанның этно - саяси дамуына елеулі өзгерістер әкелді. Ол туралы Рим папасының елшісі Плано Карпини дәлелдер келтіреді. Моңғол жаулап алушылығы адамдарды жоюмен, оларды құлға айналдырумен материалдық мәдени құндылықтарды жоюмен жалғасты. Қазақстанды мекендеген көптеген халықтар өкілдері моңғол шапқыншылығынан Үндия, Венгрия, Балқан, Египет, Қытайда жан сауғалады.

Барлық қасіреттігіне қарамастан моңғол дәуірі біркелкі болған жоқ. Бұл Шыңғысқан империясына және оны жалғастырушыларға да байланысты. Сондықтан моңғол жаулап алушылығына жағымсыз қорытынды жасау қате пікір. Қанды жаугершілікпен құрылған бұл мемлекеттер өз заманында өркениеттілік роль атқарған. Империя құру дегеніміз – адамзаттың интеграцияға ұмтылысы. Материалдық құндылықтар, саяси және экономикалық бірлесуге жағдай жасады, ол Моңғолия империясы құрамындағы аудандардың экономикасының көтерілуіне әкелді.

Бұл тарихи оқиғалар Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Дунай мен Ертіс аралығындағы қыпшақ тайпаларын біріктіре отырып ол бірінші орталықтырылған көне қазақ мемлекетіне айналып, Ақ Орда атауын алды.

Моңғол шапқыншылығы түркі халықтарын Қазақстан даласынан және Шығыс  Еуропадан басқа елдерге шашыратып жіберді. Көптеген қыпшақтар моңғол тұтқындығына түсіп, құлдыққа сатылды. Әсіресе, олар Египет пен Үндияға көптен кетті. Қыпшақ жігіттері жалпы түркілер әскери мамандар ретінде жоғары бағаланды, сондықтан мұсылман елдерінің билеушілері жеке гвардиялары үшін қажет болды. Таяу және Орта Шығыстың мұсылман елдерінде ІХ-Х ғасырлрды түркілер билікті қатаң бақылап отырған, ұлы державалар Бағдат халифаты, газневидтер мемлекеті Үндия аумағындағы, Иран мен ауғаныстанның бекзат гвардияларының негізі түркілерден құралған. 1250 жылы Қыпшақ мамлюктері үкіметті басып алып, Египетті билеуді өз қолына алды. Олар Египет шекарасына моңғолдарды жібермей ұрған және Қаирдың Бағдад пен Дамаск керін кимеуге бөгет жасады.

XIV – XV ғасырлардағы Қазақстанның саяси картасы: Алтын Орда. Көк–Орда. Ақ-Орда. Моғолстан мемлекеттері.Темір мемлекеті.  Әбілхайыр хандығы немесе  «көшпелі өзбек мемлекеті». Ноғай Ордасы. Сібір хандығы.

1276-1242 ж Бату Алтын орданы негіздеді Сарай Бату астанасымен (Астрахань, кейіннен Берке – бұрынғы Волгоград). Алғашқыда Алтын Орда 1260 жылдан ұлы Моңғол империясы құрамына кірді. Алтын Орда хандары алғашқы онжылдықта Монғолиядағы Қарақорымдегі бағынатын болып саналды. Орда хандары Монғолиядан Жошы ұлысында билік етуге жапсырма алатын болды. Бірақ 1266 жылдан бастап Алтын Орда ханы Менгу – Темір алғаш рет тиындарға монғол тақсырының есімінің орнына өз есімін шекуге бұйрық берді. Осы мезеттен бастап Алтын Орданың өзін өзі билеуі басталады. Бұл мемлекеттің батыс бөлігінің билік басында Шыңғысханның немересі Бату тұрды, ал шығысын олардан тәуелді орда мұрагерлері басқарды. Әеулде Қазақстан далалары Батудың ағайындары  арасында бөлініп, енші иеліктеріне айналды. ХIV ғасырда Алтын Орда 4 үлкен  ұлысқа бөлінді, оларды басқарушы ұлысбектер басқарды, әрқайсысында әскер және барлық басқару мәселелерімен айналысу құқы болды. Орданың әскерімен әскери  қолбасшы – беклярбек басшылық етті.

Кейде олар күшейіп, өздері хан сайлаған, мысалы Ноғай,  Мамай, Едіге.

Мемлекеттіктің күшеюіне қарай басқару аппараты 30 есе өсті, оның басқарушылары моңғолдар жаулаған Хорезм мемлекетінің әкімшілігін үлгіге алды. Ханның қасында уәзір пайда болды және ол басқаратын мемлекеттік кеңес пайда болды. Мемлекеттік кеңес қаржы, сауда, алым-салық мәселелеріне өкімдік етті.

Сыртқы саясатты хан өзі жүргізді және жақын кеңесшілері, беклярбек. Алтын орда Орта Азия мен шығыс Еуропадағы көп уақытқа дейін ең  күшті мемлекет болды. Қазақстан кеңістігінен басқа оның иелігінде Русь, Хорезм, Қырым, Солтүстік Кавказ, Батыс Сібір болды. Алтын Ордамен Еуропа корольдері, Рим папалары, Византия императорлары, түрік сұлтандары достық қарым қатынас  сақтауға тырысты.

Алтын Орданың ең басты сыртқы жауы – монғолдардың мемлекеті, Ирандағы хулагуидтер, Орта Азиядағы шағатаидтер мемлекеті болды. Алтын Орда түріктендіруге ұшырады, негізгі халқы қыпшақ – половецтер, Египеттің мамлюк сұлтандарын қолдауға уәде берді.

Алтын Орда кезеңмен Польша, Литва, Балканға шабуыл жасап тұрды. Ондағы мақсаты жаулап алу емес, тонау еді.

Күшті орталық билік, үлкен әзір әскер, сауда керуендер жолын тиімді пайдалану, жоғары төлемді алым-салық бағынышты халықтардан, осының бәрі империя қуатын қалыптастырды. Ол күннен күнге күшейіп, нығайтып ХІV ғасырдың бірінші жартысында өз қуаттылығының шыңына жетті. Алтын Орданың мемлекеттігінің және мәдениетінің гүлденуі Өзбек хан (1312-1342) және оның ұлы Жәнібек ханның (1342-1357) есімдерімен тығыз байланысты. Алтын Орданың күшеюіне оның исламға бет бұруы әсерін тигізді.

Шыңғысқанның өзі әр дәни наным өкілдеріне құрметпен қарауды өсиет еткен. Оның ұрпақтары осы өсиетті орындауға тырысты. Ордалықтар пұтқа табынушы – шамандар болды. Бірақ  ХІV ғасырдың басында үлкен мемлекеттің өмірін ескі өлшеммен мүмкін болмады. Бұл сауатты, көзі ашық, экономика мен қаржыны білетін адамдарды тартуға әкелді. Бұған ең қолайлысы Орта Азия, Шығыс Түркістаннан шыққан немесе Қазақстанның оңтүстік отырықшы аудандарынан шыққан мұсылмандар, шешуліктер болды.

Оның үстіне Алтын Ордадағы сауда мұсылмандардың қолында болды. Египетпен, Иранмен белсенді араласу араб, фарсы тілдерін білетін адамдарды көбірек тартуды талап етті. Одан басқа мемлекетке жалпы дін халықты біріктіруге әкелетін еді. 1313 жылы Өзбек хан ислам дінін үстемдік діні деп жариялады. Өзбек хан дәуірі мәдениеттің гүлденуімен және қала құрылысының дамуымен аталады. ХІV ғасырдың ортасында Алтын ордада 100-ге тарта қала болды. Астанасы Сарай (С-Бату), ж Сарай (С-Берке) хандар жерленген.

Өзбек хан және Жәнібек хан кезеңінде Алтын Орданың гүлдену кезеңі болды. Алтын Орда көп нәрсені Шығыс мұсылмандарынан үйренді: қолөнер, архитектура, монша, ою-өрнек, ыдыс-аяқ құю, фарсы өлеңдері, араб геометриясы, астролябия, таңдау талғаулары қарапайым көшпенділерден неғұрлым әккі болды.

Алтын Орданың гүлденуі Жәнібек хан өлімімен кейін құлдырай бастады. Сарай тағына таласқан билеушілер арасында кикілжің туды. Тақ қолдан қолға өте берді. Шеттегі иеліктер мемлекеттен бөліне бастады. XIV ғасырдың саңында 15 жылға таяу уақытқа олардың басын Тоқтамыс хан қосты. Мамайды орыс княздығының коалициясынан Куликов даласында талқандалған соң оның беделі өсті 1381 жылы Куликов шайқасынан бір жылдан соң Тоқтамыс Мәскеуді талқандады. Алтын Орда үшін тиімсіз болған уақиғалар осы есіммен байланысты.

Самарқанд билеушісі, әлемдік империяның негізін қалаушы кіші Азия мен Қытай шекарасына дейінгі, Темірдің үш жорығы Жошы ұлысын талқандады. Көптеген қалалар талқандалып керуен жолдары оңтүстікке, Темір иелігіне ауысты. Осындай Алтын Орда тұралап қалды. Сөйтіп ХV ғасырдың І-ші жартысында жеке мемлекеттерге ыдырады. Оның ішінде түркі мемлекеттері және Русь мемлекеті бар Қазақстан аумағында Алтын Орданың ыдырауынан кейін алдымен Көк Орда, Ақ Орда құрылды, кейіннен Өзбек ұлысы – Қазақ мемлекетінің негізделген мемлекеті болды.

ХІV-ХV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері.

Қазақстан аумағында XIVXV ғасырларда саяси ерікті тұрақты бірнеше мемлекеттер туды және олар қазақ хандығының және үш жүз құрамында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды. Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошыдың басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтардың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханның келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагерлік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда.

Ақ Орда: Берке ханның өлімінен кейін 1266-67жж Абул Гази жазғандай, Меңгі-Темір хан таққа отырып, ұлыста тәртіп орната бастады. Ақ Орда орналасқан аймақты ол Шибан ханның ұлы Бахадур ханға еншілікке берді.

Көк Орда термины ресми атау ретінде Жошының тірі кезінде қолданылған:

1. оның ордасын, Алакөл маңайындағы білдіру үшін;

2. бұл термин Жошының ұлдары Орда-Ежен ұрпақтарының иеліктерін білдіру үшін;

3. Көк Орда жошылықтардың сол қанаттың ханзадалары деп атаған Ақ Орда.

а) Ақ Орда сөзтіркесі алғаш рет 1266-67 жылдардағы оқиғаларды сипаттауда Алтын Орда ханы Меңгі-Темірдің билегенге дейін болғанын білдіреді;

б) Ақ Орда термині Шибан ұрпақтары иеліктеріне қатысты, себебі олардың географиялық орналасуы Алтын Орданың алғашқы хандарының жеке сарайлары мен Орда- Ежен иеліктерінің аралықтарында болды. Орда-Ежен иеліктері алғашқыда Жошы ұлысының ең шығысында орналасты;

в) Ақ Орда ханзадалары Жошылықтардың әскерінің оң қанатына кірді. Ұлыстар – Шыңғысхан династиясының билеушілер мүшелерінің меншік иеліктері, өсуіне және өз бетімен бөлінуіне қарай мемлекеттікті білдірді.

Көк Орда және Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында Өзбек ұлысына орын беріп, кейіннен бұл ұғым Жошы ұлысында қолданылмады.

Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты.

Орда-Ежен ұлысы алғашқыда Ертіс маңайынан Жетісудың солтүстік-шығыс жағында орналасты. XIV ғасырда Орда-Ежен билеушілері өз биліктерін Шибанға да жүргізді, яғни қазіргі Қазақстанның барлық аумағына, Жетісудан басқа. Жетісу Шағатайлар мемлекеті құрамына кірген. Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне ауысты. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Ақ Ордада түркі тілдес тайпалар қоныстанған, сондай-ақ шығыс далаларынан қоныс аударған түркі тілдес моңғол тайпалары: қыпшақтар, найман, үйсін, арғын, қарлұқ, керейт, қаңғы, қоңырат, маңғыттар т.б.

Көшпелі аудандарда малға жеке меншік болғанда жайылымдарға билік ету ірі ақсүйектерге берілген, сондықтан олар жайылымдардық да меншік иелері болды, сөйтіп олар барлық қауымдастық иелігін де меншіктенді. Сондай-ақ, кейбір басылымдарда Ақ Ордада инджу, мильк, сайургал ақсүйектерінің жер иеленудің мұрагерлік түрін қолданғаны туралы айтылған. Қарапайым көшпенділер мен егіншілерді пайдаланудың әр түрлері орын алған, ол үшін пайдасына алым салық төлеген. Малшылар – зекет төлеген, етпен, яғни соғым, сыбаға ретінде. Егіншілер – бадж, харадж. Әскер үшін тагар жиналған. Мұсылман дінбасылары вакф жерлерін иеленген.

Мемлекет басына Орда-Ежен ханы тұрды, оған Жошының жер иелері бағынатын және өз жер иеліктерінде және қол астындағы тайпаларға әкімшілік саяси билікті жүзеге асыратын ірі көшпелі ақсүйектер (бек, әмір, бағадурлар) кірді.

Қоғам ақ сүйек, қара сүйекке бөлінді. Ақ сүйек – билеуші төбелтоп – ақсүйектер – диуанхан кеңесін құрайды. Ұлыс билеушілері хан атынан билік жүргізді, салық жинады және оның бөлігін ханға беріп отырды, соғыс кезінде әскер бөліп отырды. Шаруашылықтың негізгі және бастапқы түрі – көшпелі мал шаруашылығы болды, оңтүстікте – егін  шаруашылығы. Қалалар қайта өрлеп, көшпелі және отырықшы халықтардың экономикалық байланысы күшейді. Қол өнер, ақша тауар қатынастары, әсіресе Қазақстанның, оңтүстік қалаларында дами түсті.

Ақ Орданың қалыптасуы басқа да мемлекеттер сияқты Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Дешт-и-Қыпшақ аумақтарын қоныстаған отырықшы егінші, жартылай отырықшы, көшпелі халықтың этникалық топтасуының шарттығы болды.

Біртұтас халық және мемлекеттіктің қалыптасудың тарихи процесінің даму жолында аумақтың саяси бытыраңқылығын жеңу қиын жағдайда өтті.

Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешт-и-Қыпшақ аймағын Алтын Орданың билігінен азат ету үшін ұзақ күрестен басталып кейіннен Ақорда хандарының Алтын Орданың ісіне араласуымен жалғасып, соңғы кезеңде Мауараннахра билеушісі әмір Темір және Темір ұрпақтарына қарсы күреске жалғасты.

XIV ғасырда Орда-Ежен ұрпақтары Бату ұрпақтарына бағыныштылықты ең аз  шегіне жеткізіп, от аттарынан күміс ақша соға бастады және сол жақ қанаттың сұлтандары ішінен өздерінің Алтын Ордадан хандарынан тәуелсіздігін жариялағандардың алғашқысы Мүбәрәк қажы болды. Ақша соғу  мұсылмандар шығысында тәуелсіз билеушінің айрықша құзіреті болатын, сондықтан бұл оқиға Алтын Орда ханы жағынан қарсылық тудырды. Себебі олар үшін ұлыс билеушісі Жошы саналатын.

Алтын Орда ханы Өзбек (1312-1342) Орда-Ежен ұрпақтарын қайтадан бағыныштылыққа қайтарып алуға ұмтылуы, олардың саяси өзіндікке ұмтылуы ел ішінде бүлікшілік туғызды. Бұл күресте Мүбәрәк қажы жеңіліске ұшырады.

Жәнібек ханнан кейін Алтын Ордада (1342-57жж) сарай төңкерістерімен ылаң көбейді. 60 жылдарда мемлекет астанасы Сарайда 4 хан ауысты. Таққа әрқашан Орда-Ежен ұрпақтары шығып отырды. Алтын Ордадан Шығыс Дешт-и-Қыпшақ сұлтандары да бөлінуге тырысты. Ұлыс Ханның (1361-1380жж) билеу кезінде Орда-Ежен иеліктері өзіндікке айналды. Ұрыс ханның сол қанатындағы сұлтандардың билеушісі болып, Жошы ұлысының екі бөлігін біріктіріп бірегей мемлекет құру мақсатын қойды. Ұрыс хан 1374-75 жылдары Сарайды биледі, ал кейіннен өзінің Сығнақтағы ордасына қайтып келді, себебі Еділ бойындағы Мамайды ығыстыра алмады. Орыс хан Астраханьмен Сарайға Маңғышлақ билеушісіне қарсы жорыққа жиналды, Тоқтамыстың әкесі Хаджа ағлам оған бағынбай жорыққа келмеді, сол үшін ол хан бұйрығымен өлтірілді.

Тоқтамыс Мауаранахрдағы Темірге қашты. Сауранда Мауараннахр әскерлері Тоқтамыс бастаған және Ұрысханның ұлы бастаған әскері арасында қақтығыс болды. Темір мен Ұрысханның арасында шайқас болды деген болжам айтылды. Бірақ, кешікпей Ұрыс хан өлді, оның өлімінен кейін әкесінің саясатын балалары жүргізіп, тимуридтармен күресті.

Темір хан Сығанақ тағына Тоқтамысты отырғызбақ болып, оған әр түрлі ықпал көрсетті. Темір оны Ұрысқа қарсы күресте әскермен қамтыды. Сығанақ жаулап алынды, одан кейін Алтын Орданың астанасы – Сарай алынды.

Бірақ 1395 ж Темір өзі Тоқтамысты тақтан түсірді. Темір көптеген қалаларды қиратып, жағып жіберді. Көп ұзамай жоғарғы билік үшін талас басталады. Ол кезеңде доғарғы билік Едіге – әмірдің қолында еді. Бірақ 1419ж таласушылар арасында Ұрыс ханның немересі Барақ-Оғлан болды. Барақ Қүйрүшүқ ошанның – Ұрысханның төртінші баласының баласы еді.

Барақ жоғарғы билік үшін күресті. Өзінің билігін Шығыс Дешт-и-Қыпшақта нығайтып, ол енді Алтын Орда ханы Ұлұғ Мухамедке қарсы күреске Жайық Еділ бойлап Сарайға жетіп оны жаулап алып 1424 жылы өзін билеуші хан деп жариялады.

Барақ Мауаранахр билеушісі Тимур ұрпағы Улугбекпен достық қарым қатынаста болды. Барақ Маңғой эмирімен күреске кірді, одан кейін Ұлығбекке қарсы шығып, Тимурдың жаулап алған жерлерін Сығнақ, Түркістан аймағын қайтаруды талап етіп, Орта Азияға басып кірді. 1428 жылы билік үшін өзара кикілжіңде Барақ аза болды, Ақ Ордадағы билік Шайбаниду Абулхаирға көшті.

Ұрыс ханның және Барақ ұрпақтары XV ғасырдың ІІ -ші тоқсанында өз биліктерін Қазақстанның оңтүстік аудандарында сақтап қалды.

Ақ Орданың мемлекеттік бірлестігі негізінен саяси тұрғыда өз бетімен экономикалық тәуелсіз, өзіндік сыртқы саяси бағдарымен, өзіндік династиялық жүйесі – билеуші – хандық болуы Шығыс Дешт Қыпшақ және Түркістан аумағындағы халықтар мен тайпалардың этникалық топтарының саяси топтасуында XIV-XV ғасырлар тоғысында маңызды роль ойнады.

Моғолстан ( ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ. басы)

Оңтүстік шығыс Қазақстан  XIV ғасырдың ортасы XVI ғасырдың басында Орта Азияның солтүстік шығысы, Жетісу және Шығыс Түркістанда Шағатай ұрпақтарының мемлекетінің ыдырау нәтижесінде құрылған. Моғолстан мемлекетіне кірді. Тұрақсыз моңғол ұлыстары - әрқилы шаруашылық әлеуметтік саяси, мәдени, тарихи деңгейдегі мемлекеттер – неғұрлым тарихи негіздегі этникалық, шаруашылық, феодалдық иеліктерге бөлінді.

Үгедей және Шағатай  ұлыстары аумағында, яғни Алтайдан Сырдарияға дейін, ХІІІ ғасырдың 70-ші жылдары Хайду мемлекеті пайда болды.

XIV ғасырдың ортасында ол ыдырап Батысында, яғни Мауаранахрда әмір Темірдін мемлекеті пайда болады. Моғолстанның шығыс бөлігінде феодал ақсүйектері ірі дулат тойтасының өкілі Болатшаның бастауымен 1347-48ж жаңа мемлекеттің ханы қылып шағатаид Тоғлық Темірді қойды.

Моғолстан деген сөз моғол деген этнонимнен шыққан, бұлай Орта Азия мен Қазақстанда моңғолдарды атаған. Осылайша Шағатай ұлыстарында оңтүстік Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан және Шығыс Түркістан аймағы да аталған. Ол жерде түркі және түркіленген монғол тайпалары дулаттар, қаңлылар, керейттер, үйсіндер, аркенуттер, баариндар, арлаттар, барластар, яғни түркі тілдес этносаяси қоғамдастық – жалпы моғұл деген атпен да өмір сүрген.

Бұл тайпалардың Жетісу аумағында тұрған көптеген бөлігі кейіннен Қазақ халқының құрамына кірді, ал тағы бір бөлігі Тянь Шань және шығыс Түркістандағылар – қырғыз бен ұйғырлар құрамына кірді.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер меншігінің иесісі – хан болды және ақсүйектердің мемлекеттік кеңесі – бірінші көмекшісі – Ұлықбек.

Жер қоғамдастық пайдалануында болды. Жайылымдарға иелік ету құқы меншіктерінде көп малы бар ірі ақсүйектер қолына көшіп отырды. Халық мемлекет пайдасына алым салық төлеп отырды, әскер жинады.

Моғолстанның саяси тарихы әрқилы феодалдық соғыстарға, өзара тартысқа, әмір Темірмен күреске толы.

Тоғлық Темір (1347-62), Ілияс Қожа Мауаранахрда Шағатайлар билігін қалпына келтіруге ниет жасады. Ал кейіннен Темірдін шабуылын тойтара бастады. Жағдай Мухаммадхан кезінде (1408-1416) тұрақтана бастады. Ол дәуірде Моғолстан Темір ұрпақтарынан тәуелсіз болды, Шу, Талас өзендері алқаптарындағы жерлерді Темір билігінен азат етті. Өзара тартыс кикілжіңдер азайды.

Мемлекетті орталықтандыру мақсатында Мухамедхан Моғолстанға ислам дінін табанды түрде кіргізуге күш салды.

Шығыстан Моғолстан Уәйісхан (1418-28) билеген ойраттар шабуылына ұшырап тұрды. Өзара тартыста улусбек Мір Мұхаммедшах дулат бастаған ақсүйектер тобы жеңіске жетті. Оларды Үәйісханның ұлы Есенбұғы (1433-1462) қолдады. Есенбуғы кезінде 50 жылдарға қарай Жетісуға Шығыс Дешті Қыпшақ елінен қазақтардың бір бөлігі көшіп кетті. Оларды сұлтан Жәнібек және Керей бастады.

Моғолстанның әлсіреуі мен ыдырауына басқа да саяси әлеуметтік себептер болды. Солардың бірі – елдің ұлыстарға бытырауы, Шынғысхан мен шағатай ұрпақтары арасындағы өзара тартыс, басқа хандармен соғыс, халықтардың наразылығы – олардың басқа жерлерге көшуіне себеп болды.

Жүнүс хан (1462-87) жағдай ептеп тұрақтанады. Сайрам, Ташкент қалаларын жаулап алады, бірақ 1472 ж кейін шегінде. 1474 жылы  Жүнүс ханның ұлы Сұлтан Ахмадхан Моғолстанның шығыс бөлігінде тәуелсіз иелік негіздеді. Сұлтан Махмудхан (1487-1508) Жетісудағы қазақ хандарымен соғыс жүргізді.

Соңғы билеуші Жүнүс ханның немересі сұлтан Саидхан 1514 жылы шығыс Түркістанда жаңа мемлекет Моғолияны құрды. 60 жылдарда Жетісу қазақ хандығының құрамына кірді.

Көшпелі өзбектер мемлекті (1428-1468 жж.)

Ақ Орда ыдырасымен XV ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстан даласында Шибан ұрпағы Әбілқайырханның билігі күшейді және оның мемлекеті көшпелі өзбектер мемлекеті - Өзбек хандығы деген ат иеленді.

XV ғасырда өзбек ұлысының шекарасы шығыстан батысқа дейін Ертіс пен Еділ аралығын, Сырдарияның орта және төменгі ағысын алып жатты. Оңтүстік Шығыс шекарасы Тарбағатай және Балқаш көліне дейін болды. Өзбек ұлысының аумағы қазіргі Қазақстанның көп бөлігін қамтыды. Жинақы аталу үшін өзбек ұлысының аталуы өзбек сөзінен шыққан. Шығу тегі  әзір зерттелмеген. Кейбір зерттеушілер бұл атауды Алтын Орда билеушісі Өзбек ханның (1312-1342) есімімен байланыстырса, басқалардың пікірі бойынша бұл этноним XIV ғасырға дейін туған.

Өзбек ұлысының тарихы Қазақ хандығының тарихи қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл Өзбек ұлысының халқының бір бөлігінің Жәнібек сұлтанның және Керей сұлтанның бастауымен (1458-1462ж) көшіп кетуімен байланысты.

XV ғасырдың 20-шы жылдары Өзбек ұлысы аумағында бірнеше тәуелсіз иеліктер болды. Арал теңізінен солтүстікке қарай Сарысу – Ембі өзендері аралығында Шибан ұрпағы Жұмадық хан иелігі болды, батыста – Маңғыт ұлысы оған Ғази би иелік етті, Шибан ұрпағы Мұстафа хан Атбасарды биледі, Кепек би, Адаб бек – Тура облысында, Ал Тоболда Махмүд Қожа хан иеліктері орналасты.

Осындай саяси жағдайда  алға жас Әбілқайыр сұлтан шықты. Бұл тұлға Шығыс Дешт Қыпшақ тарихында маңызды болды.

Әбілқайыр хандығының тарихи мәні (1428-1468) – көшпелі өзбектердің құдіреттігінің негізін қалаумен анықталады. Оның басқаруы кезінде ұлыс халқының арасында бөлінулер орын алды, соның нәтижесінде дала халқы ұлыстың басқа бөлігінен бөлінді.

Әбілқайыр хан – Шыңғысханның Жошы баласының – одан Шибан, Шибаннан Бахадур – Банипал, Бук – Бадакул – Тимур – Пулада, Ибрагим – Давлет шайхтың баласы.

Кухистанидың “Әбілқайырханның тарихы” еңбегінде былай деп жазған: Әбілқайыр 1412 ж айдаһар жылы туған. Ерте ата анасынан айрылып, жетім өскен. Ол Шибанның баласы Жұмадық ханның есігінде жүріп, оның жоғарғы билік үшін күресіне қатысқан. Осы  маңғыттармен күрестің нәтижесінде Жұмадық хан қаза болып, Әбілқайыр тұтқындалады, бірақ кейін оны босатқан. Жұмадық ханға жақындығын пайдаланып ол ақсүйектер сеніміне кіреді.

1428 жылы 17 жасында Әбілқайыр хан болып жарияланады. Әбілқайыр көрші елдермен жаугершілік саясатын жүргізіп, өзін хан сайлаған билік басындағылардың көңілінен шығуы керек еді. Мемлекеттің ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды. Әбілқайыр Өзбек ұлысындағы жоғарғы билікке таласқан көптеген Жошы ұрпақтарымен қантөгіс күрес жүргізді. 1430 жылы Әбілқайыр Шайбани ұрпағы Махмүд Қожа ханды бағындыруға жорыққа шықтьы. Махмүдхан Әбілқайырмен соғыста  Тоболда талқандалды.

Әбілқайырдың келесі қауамы өзінің Ұлыстағы билігін күшейту бағытында Түқа Темір ұрпақтары Ахмедханмен Махмүдханға қарсы жорығы болды.

1430-31 жылдары Әбілқайыр Хорезмге аттанып, Үргеніш қаласын басып алып, тонады.

Жеңіс Әбілқайырға Дешті-Қыпшақ астанасы Орда – базарға ие болу мүмкіндігін туғызды. Содан кейін аз уақыт ол Сайын тағына қол жеткізді Бірақ көп ұзамай Ахмадхан мен Махмүдхан өз иеліктерін қайтарып алды.

1446 жылы оған қарсы Мұстафа хан шықты. Оның ұлысы Есім мен Атбасарда болды. Бір кездерде ол Әбілқайырмен олақта болған, кейіннен одан қашты. Дегенмен, Мұстафа әскері талқандалды.

1446 жылы Әбілқайыр Сырдария өзенінің бойындағы бірнеше қалаларды Сығанақ, Арқүқ, Созақ, Ақ қорған өзгентті жаулап алды.

Сығнақ хандықтың астанасы болды, оған дейін Тура қаласы, Орда Базар болған. Әбілқайырдың Сырдарияда орнығуы өзбектердің кейінгі тарихында елеулі оқиға болды.

Бірақ, Мұстафаны жеңуі, өз иеліктерін кеңейтуі, Сырдария бекіністерін жаулап алуы Әбілқайырды қалмақтармен қантөгіс соғыстан тоқтата алмады.

Қалмақтар – моңғол ұлыстарының бірінің түркі атауы. Өз аталуы – ойраттар. Ол кезде олар батыста Хангай тауларымен шектенген аумақты мекендеген.

Ойрат бірлестігі XIV ғасырда Моғолстанның шығыс шекараларына қысым жасаған, бірақ онда қалмақтар жетістікке жетпеген. XV ғасырдың 20-30 жылдарында қалмақтар Іле, Ыстықкөлге дейін жеткен. 50 жылдары қалмақтар  Сырдарияда пайда болды.

Әбілқайырдың қалмақтармен шайқасы Сығанақ қаласы маңайында 1457 болды. Кухистанидың айтуынша қалмақтардың қолбасшысы Сырдария аумағына тонау мақсатымен жорыққа шығуға ниеттенген. Әбілқайыр кейін шегініп, Сығнақ қабырғасының артына тасаланды. Қалмақтар Түркістан мен Тәшкентті талқандады.

Осы жеңілістен кейін Әбілқайыр хандығының көшпелі халқының бір бөлігі Орысхан ұрпақтары Жәнібек мен Керей сұлтандары бастаған, Моғолстанға қоныс аударып, Шу Талас өзендері алқабында орналасты. Жәнібек пен Керей еріп, халық қоныс аударған соң, Әбілқайыр оларға қарсы 1468 жылы жорыққа шықты, бірақ жолда қайтыс болды. Әбілқайырдың мұрагері Шайх Қайдархан болды, бірақ жуық арада қайтыс болды. Әбілқайырдың немересі Мухамед Шайбани билік үшін табанды күрес жүргізді. Сырдарияның оңтүстік аймақтарында қазақ хандарымен. Мемлекеттің бөліктерінің өзара тығыз байланысының жоқтығы, династиялық өзара тартыс, жер үшін кикілжіңдер, қатардағы қауымдастар – көшпенділердің ақсүйектер құлдығына қарсы наразылығы, Әбілқайыр мемлекетін әлсіретіп, ыдырауға әкелді.

Әбілқайыр мемлекеті қазақ хандығының құрылуының алғышарты болды. Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуі – тайпалардың оқшауланған этносаяси құрылымдарға топтасуына себеп болды.

Қазақ хандығының тууына байланысты, шығыс Дешті - Қыпшақ аумағында Әбілқайыр руынан шыққан Шайбанидтер билігі тоқтады. Көшпелі өзбектердің бір бөлігі (қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр, қоңырат) және басқалары XV ғасырда Мауаранахрға кетті. Темір ұрпақтарының мемлекетінің әрсіреуін пайдаланып шайбанидтер Орта Азиядағы билікті басып алды. Қазақстан аумағындағы қалған тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді.

Ноғай ордасы (Маңғыт үйі) - ХІV ғ. соңы  - ХVғ.

Алтын Орданың ыдырауынан кейін Батыс Қазақстан аумағында ірі мемлекет – Ноғай ордасы пайда болды. Алғашқыда маңғыттар тайпасы бірігіп Еділ  мен Жайық аралығындағытжерді мекендеп, Маңғыт жұрты деп аталды. Едіге Әмір қарсаңында Алтын Орда билігі соның қолында болды. 1396-1411 ж Ноғай ордасы бөлініп шықты. Едіге Алтын Орда құрамында Орданың билігін күшейтті. Ең соңында Едігенің ұлы НұрадДин (1426-1440) жылдары ол дербестік алды.

Ноғай ордасының шекаралары басқа көшпелі мемлекеттер сияқты сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды.  XV ғасырдың ІІ-ші жартысында ноғайлар Оралдың сол жағалауынан шығып көшпелі өзбектер мемлекетінің көштерін ала бастады да шығыс пен оңтүстікке қарай жылжыды. Солтүстік шығыста ноғай көштері Сібірге дейін (Түмен) жетті, ал оңтүстік шығыста олар Сырдария,  Арал теңізіне дейін барды, бұл жерде олар Өзбек ханы Әбілқайырға Сырдария қалаларын алуға көмектесті.

XVI ғасырда Орыс мемлекетімен сауда – экономикалық, саяси байланыстар орнатыла бастады. Сол сияқты Поволжье, Сібір, Орта Азия, Қазақстан хандарымен Қазан және Астрахань хандықтарының Ресейге бірігуінен кейін және Ноғай ордасының билеушілерінің арасындағы өзара тартыстан Ноғай ордасы бірнеше дербес ордаға ыдырады. Оның халқының бір бөлігі Қазақстан аумағындағы Кіші жүз құрамына кірді. Ноғай ордасы XVI-XVIII ғасырларда өзінің ыдырау кезінде Қазақстаннан сырт жерлерде Қырым хандығымен, Ресей үкіметімен қатынаста болды. Солтүстік шығыс бөлігі Сібір иеленушілердің қол астына көшті.

XVI ғасырдың ортасынан ноғайлықтар қазақ хандарымен соғыс жүргізіп  отырды, арасында бейбітшілік қатынастарға кіріп отырды.

Ноғай ордасының этникалық құрамы Ақ Ордаға жақын түрік, монғол тайпалары да Орда құрамына кірді.

Маңғыттардан басқа Ноғай ордасына қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, қарлұқ, алшын, тама т.б. кірді. Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде туды, оған кірген тайпалар XV ғасырда қалыптасқан ноғай ұлысының негізін құрды. XV ғасырдың ІІ-ші жартысында ұлыстың “Ноғай” деп аталуы пайда болып, олар көрші халықтарға осы атпен белгілі болды.

Ноғай қоғамында XIV-XVI ғасырларда ерте феодалдық қатынастар болды және патриархалдық-рулық жүйе де сақталды. Ең жоғарғы сословиелік сатыда княздар, хандар, мырзалар, сұлтандар, байлар тұрды. Олар орда, ұлыс, ауылдарды басқарды және тайпаластарының барлық әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешетін болды.

Ноғай даласының аристократиясы көші-қон, жайылымдарға өкімдік етті, рулы қауымдастық меншік сақталса да.

Ноғай ордасында биліктің саяси ұйымдастырылуында және басқаруда тұрақты ұлыстық жүйе қалыптасты. Орда да князь мұрагерлікке, әскери, әкімшілік, елшілік билік алатын еді.

Орда бірнеше ұлыстардан тұрды. Олардың әрқайсысы көптеген рулық тайпалық топтарды біріктірді.  Ұлыс басында өз иеліетерінде шексіз билік иелері – мырзалар тұрды. Ұлыстың қарапайым  көшпенді малшылары өз мырзаларымен бірге көшіп отырды, оларға алым салық төледі, жаугершілік кезінде қолдарына қару алып соғысты. Ноғайлар тарихы көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихымен тығыз байланысты. Олармен бейбітшілік және соғыстық қатынастарда болды. Кейіннен ноғайлықтар Батыс Қазақстанда Кіші жүз құрамына кірді. Ноғайлықтардың бір бөлігі Сібір хандығына кірді – олар угор тайпалары.

Ноғай ордасы – саяси мемлекеттік бірлестік, қазақ хандығына дейін өмір сүрген және қазақ хандығының құрылуына, қазақ ұлысының қалыптасуына алғышарт болды.

Сібір хандығы  (ХV ғ. соңы  - ХVІ ғ.)

ХҮІ ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Хандықтың халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т.б.

Хандықтың негігі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл, Тура өзендерінің орта ағысын, сондай-ақ, ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі.

Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы.

Орта Азия, Қазақстанмен сауда қатынастарын жасаған. Көшім хан кезінде ислам діні таратылған.

Саяси құрылысы: Жоғары билеуші- хан, Хан кеңесі- диван, Кеңесшілер- аталықтар, Уәзірлер- қараша. 1552 жылы Ресей, Қазан қаласын жаулап алады.  1574-1575 жж. Сібірге барлауға жіберілген И. Грозныйдың әскерін Көшім хан қырып тастайды. 1581 жылы Ермак Сібірге жорық бастайды. Көшім 1582 ж. жеңілгенімен, 1584 жылы тамызда Ермак қайтыс болады.

1598 ж. орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, шығыс Қазақстан жеріне қашады. Осылайша Сібір хандығы да Ресей құрамына енеді.

Дәрістің негізгі ұғымдары: ноян, ұлыс, Шыңғысхан, қият-боржігін, Жошы, Шайбани, сойурғал, інжу, тағар, зекет, харадж және бадж, соғым, сыбаға.

№ 6 дәріске арналған тест тапсырмасы

1.Монғол шапқыншылығы қай жылдарда болды

А.1207-1210

Б.1219-1224 +

В.1218-1225

Г. 1220-1222

Д. 1236-1245

2.Шыңғысханның заңдары

А.Яссы +

Б.Жеті Жарғы

В.Кодекс куманикус

Г. Адат

Д. Жарлық

3.Монғол әскері қай жүйе бойынша бөлінеді

А. Ондық +

Б.Жүздік

В.Мыңдық

Г. Қол

Д. Кешік

4.Отрар қаласы қанша уақыт тойтарыс көрсетті

А.5 ай +

Б.1 жыл

В.7 ай

Г: 1 күн

Д. 25 күн

5.Алтын Орда қай ғасырда қалыптасты

А.13 ғ. +

Б.14 ғ.

В.15 ғ.

Г.16 ғ.

Д. 12 ғ.

№ 7 дәріс Қазақ қоғамының  әлеуметтік жіктелуі

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ халқының ру-тайпалық құрамын және Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдерін, себептерін анықтау.

Жоспар:

Қазақ жүздері. Тұрғындардың рулық құрылымы.

Ерекше артықшылығы бар Ақ сүйек құрылымы.

Қара сүйек құрылымының әлеуметтік маңызы мен саяси әсері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.
  2.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  3.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  4.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  5.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  6.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  7.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Қазақ жүздері. Тұрғындардың рулық құрылымы

Қазақ халқының тарихы, басқа да орта Азия халықтар тарихы сияқты өте күрделі. Себебі, Орта Азиядағы ұлыстардың қалыптасу барысында, ол аймақта көптеген тайпалар мен халықтар тағдыры тоғысқан. Біз сіздермен әрқилы қазақ ұлысының негізін құраған тайпалардың пайда болуы мен жойылуы туралы шығыс және еуропалық деректерден білеміз.

Қазақ тарихының зерттеушілері және ғалымдар, қазақ ұлысының көп ғасырлық қалыптасу процесі XV-XVI ғасырларға келеді деген пікірге келіп отыр.

Бірақ ұлыстың құрылу тарихын білу үшін ең алдымен ұлыс немесе этнос дегеннің не екенін анықтау керек.

Этнос дегеніміз – адамдардың тарихи қоғамдастығы. Олардың  тек сыртқы сипаттары ғана емес, ортақ емес, сонымен бірге тілі, мәдениеті, психикасы да ортақ, және өздерінің басқа этникалық топтардан ерекшеленген, өз бірліктерін сезінген адамдар тобы. Этностың қалыптасуы және оның тұтастығының кейін сақталуы үшін олардың мекендеген аумақтарының бірлігінің үлкен мағынасы бар. Адамдарда жалпы сипаттар пайда болу үшін, яғни басқа этностардан олардың ерекшеліктері болу үшін, олар бір бірімен ұзақ, үздіксіз қатынаста болу керек. Ал бұл тек қана бір-біріне жақын жерлерде орналасқан кезде ғана мүмкін. Осы кезеңде этностың ынтымақтасуы бір тұрақты аумақ шегінде қалыптасады. Жоғарыда зерттелген тақырыптардың, тайпалар мен халықтар тарихы бойынша, қола дәуірден Қазақстан хандығының тууына дейінгі, сіздер Қазақстан аумағында индоевропалықтар, түркі, монғол тайпалары болғандығын білесіздер. Олар өткен дәуірде әртілдес болған.  Олардың бәрі Азияның халықтарының қазақ халқының этникалық негізін құраған. Бұған дәлел қазірге дейін сақталып келген үш қазақ жүздерінің рулары мен тайпаларының атаулары.

Қазақ ұлысы ғасырлар бойы қалыптасты. Қазақстан тарихын зерттеушілер, еуропа, шығыс авторларының көптеген шығармаларын, тарихи жазуларды терең зерделеген. Көптеген көздер – деректер негізіндеқазақ ұлысының қалыптасу жолын  этногенез  - қола дәуірінен ұлыс анықтау мүмкін болды.

Қазақ ұлысының этногенезін зерттеушілер екі аспект арқылы қарастырады: лингвистикалық және антропологиялық, себебі қазақ тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақтарды  басқа ұлыстардан қандай белгілерімен айырмашылығы болған. Бұл процестер бір бірімен тығыз байланыста жүруде.

Қазақ ұлысы әлемнің басқа да ұлыстары сияқты, сондай заңдылықтар негізінде қалыптасқан.

Этногенез  процес кейбір жағдайларда бір уақыттарға тоқтап қалып тұрды, сосын баяу қайтадан жалғасты, бірақ жаңа тарихи жағдайда.

Әр халықтарда этногенетикалық процестің өз ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер қазақ ұлысына да тән. Қазақстан аумағында адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатысын көруге болады: көне түрінен бастап. Бастапқы кезеңде бұл процестер автохтондық халыққа байланысты болды. Бірақ кейіннен даму кезеңінде олар Орта Азия кеңістігіндегі этникалық процесстерден ғана тәуелді болды. Қазақстан аумағында этникалық тарихтың дамуы, ірі этникалық қауымдастықтардың қазақ халқының негізін құруы алғышарт болды. Себебі көшпелі малшылар мен тұрақты егін шаруашылығы, қала мәдениеті, қоғамдық қатынастардағы прогрестік өзгерістердің өзара байланысы мен эволюция негізін құрады. Көбінесе этникалық процесстер күрделі саяси оқиғалармен, қазақстан мен Орта Азия аумағы мен одан сырт елдерде өтіп жатқан анықталады.

Этногенетикалық процесстердің Қазақстан аумағында дамуының бірнеше кезеңдері бар. Антропологиялық деректер бойынша этникалық дамуда көптеген жылдар бойы еуропалық халық түрі сақталған. Олар кейіннен монғолоид сипатқа ұшыраған . Тілдік, Орта да өзгеріссіз қалмады, ирантілдес көне тайпалар біртіндеп бұл аумақты мекендегендердің тілі түркі тіліне орын берді, себебі этногенетикалық процестер тамыры қазақ даласының кең байтақ жерінде қола дәуіріне кетеді. Ол  кездерді сол уақытта андронов тайпалары мекендеген. Олар европеоид нәсілді болғагү археологиялық деректер бойынша Қазақстан аумағында, қола дәуірінде айтулы мәдени ерекшеліктер орын алған. Соған қарамастан Қазақстан және Орта Азия аумақтарындағы қоғамдық мәдени процестерде ұқсастықтар өте көп. Темір дәуірінде Андронов өз ұрпақтарына жаңа өмір салтын – номадизмді қалыптастырды.

Андронов мәдениеті тайпалары мен сақтар Қазақстан аумағында тығыз байланысты. Сабақтастық байланыстардың бәрін қарастырғанда, тарихи процестерде шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуда әр түрлі аймақтарда айырмашылық көп болды.

Оңтүстіктегі өндірістік күштердің дамуы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің өрбімен байланысты, ал орталық пен батыстағы өндірістік күштер дамуы оған қарағанда неғұрлым төмен болды, себебі, бұл  аймақтарда тек мал шаруашылығы басым еді.

Қазақстан тарихындағы жаңа кезең – біздің заманымыздың 1 мыңыңшы жылында – ол ең алдымен үйсіндер, қаңлылар тарихы. Сонымен бірге ірі мемлекеттік құрылымдардың, Құшан, Бактрия, Парфия, Қытай сияқты мемлекеттердің тарихымен тығыз байланысты. Ғұндармен, аландармен байланыс, көптеген тайпалардың Қазақстан даласы арқылы Орта Азия, Жайық бойына көшуі де өз ықпалын тигізді.

Адамдар қоғамы Қазақстан аумағында бір жерде тұрған жоқ, ол әрқашан дамып, және жаңа дәуірде жаңа этникалық қауымдастық – тайпалар одағы пайда болды, ерте топтық қатынастар қалыптасты. Мәдени тарихи қауымдастықтың темір дәуірдегі Қазақстандағы жаңа қола дәуір кезеңімен сабақтастығы байқалады. Андронов тайпаларының индоирандық, европеоид тектестері мал шаруашылығымен қола дәуірінде шұғылданғандар, темір дәуірінен Оңтүстік өңірдегі сақтардан малмен шұғылданған тайпаларын – савроматтарды мұраланған.

Алғашқы тайпалық одақтар қазақстанда VIII-VII ғасырларда пайда болған.  Тайпалардың одақтарға бірігуіне рулар мен тайпалардың өзара жайылым, су құбырларына таласуына әсер етті.

Өндіріс күштері дамыды. Экономикалық даму деңгейіне байланысты олардың дамуы, әрқилы болды, неғұрлым күштілері әлсіздерін басып тастап отырды. Олар европеоидтар болды, ғалымдар олардың иран тілдес болғанын тұжырымдайды.

Әрине, мұндай саяси, демографиялық факторлар ішкі әлеуметтік экономикалық процестермен өзара ықпалдасып Қазақстанның ежелгі тұрғындарының шаруашылық (эволюциясына) дамуына және қоғамдық  қатынастарға әсерін тигізді. Малға жеке меншік қалыптасып, мүлік теңсіздігі айқындалып мемлекеттік аппараты дамып, қалыптаса бастағаны білінді.

Үйсіндермен қаңлылардың тайпалық одақ құруы этногенетикалық процестердің дамуында ерекше мән берді. Тайпалардың бірігіп, этнонимға көшулері тұрақтала бастады, ал кейбіреуі қазақ ұлысының рулық тайпалық құрылымдармен байланысты.

Барлық одаққа тән мәдениет түрлері, ортақ тіл қалыптаса бастады, біртіндеп тайпалық, рулық ерекшеліктер жойылды. Қаңлылар мен үйсіндер негізінде еропалықтар, бірақ олардың түр әлпетінде монғол тектілік сипат ғұндар шапқыншылығынан кейін күшейе түскенмен сақтар тілідегідей, үйсін, қаңлы тілдері туралы дау сақталуда. Олардың ирантілдес және түркі тілдестігіне жорамалдар көп.

Қазақстандағы этникалық процестерде шешуші кезең және жалпы Еуразия даласындағы шешуші кезең түркілердің біздің ғасырдың басында батысқа жаппай қоныстануымен байланысты. Нақтап айтқанда этнодемографиялық жағдай Қазақстан даласында түркітенді. Солтүстік Монголиядан Амурдарияның төменгі далабына дейінгі жерлерді түркітер қоныстанды. Түркілер тек далаларда емес, қалалар мен басқа елді мекендерде де қоныстанды. Сақ, үйсін, қаңлылар ұрпақтарының араласуы күшейді. Түркі тілі басым болды.

VI ғасырдың басында Қазақстан даласында көшіп жүрген көптеген түркі тайпалары бірігудің қажет екендігін түсінді. Көшпелі мал шаруашылығы  жайылымдарды жыл мезгіліне қарай тиімді пайдалануды қажет етті. Бір биліктің жоқтығы көшпелі тайпалардың арасында кикілжің туғызып, оларды әлсіретті, егіншілікпен шұғылданатын халықпен дұрыс экономикалық араласуды қиындатты.

VI ғасырдың ортасында бұндай бірігу пайда болды. Ол түркі қағанаты болды, кейіннен Батыс және Шығысқа бөлінді. Жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы және VI ғасырда ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы, түркі тілдес тайпалардың батыс жерлерге көптеп көшуіне, Қазақстанның жергілікті халқының түркіленуіне антропологиялық тектердің біртіндеп монғолдануына, түркі тайпаларының белгілі аймақтарда бекуіне әсерін тигізді.

Түркі мемлекеттерінің біртұтас қатарының пайда болу дәуірінде Қазақстан аумағындағы этникалық процестерде интеграциялық сипаттар күшейді. Бұл  мемлекеттер жергілікті және келмесек халықтардың саяси бірігуіне мүмкіндің туғызды, жеке аймақтарда этномәдениет ерекшеліктерін сақтады, аймақтарды игеруде тұрақтылық жағдай туғызды.

Қазақ жүздерінің  қалыптасуы 

Түркі кейіннен Батыс және Шығыс қағанаты этникалық тарихта жаңа толқын туғызды. Қазақстан үшін батыс түркі қағанатының ролі зор, оның құрамына Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аймағымен Жетісу кірді. Қағанаттың тайпалық негізін түркі тайпаларының одағы құрады, үйсін, қаңлы тайпаларын да ерекше роль атқарды. Сонымен бірге Шығыс Қазақстанда, Тарбағатайда қоныстанған қарлұқтар, түркештер – Балхаш пен іле Алатауын мекендеген. Ыстық көлде қоныстаған шегіл тайпалары.

Батыс қағанаттың құрылуы және одан әрі қарай даму тарихы, әлеуметтік экономикалық институттар мен мәдениет сабақтастығының сақталуын жорамалдайды. Сонымен бірге бұл мемлекеттік құрылымдардың тарихына сыртқы  күрделі оқиғалар, батыс пен шығыстағы соғыстар, тайпалық қауымдастықтардың көптеп қоныс аударулары да әсер етті.

Батыс Түркі қағанаты тарихына түркеш – Шу Іле алқабының тайпаларын біріктірген, орталығы Талас өзені бойындағы Суяб қаласы. Түркілер егіншілікке бет бұрды. Сосын 8 ғасырда қарлұқ қағанаты тарихы басталды. Қарлұқ  конфедерациясы тайпалары Алтайдан Жетісуға қоныс аударды.

Қарлұқ конфедерациясы құрамына: тұхси, шігіл, азкин, дұлу, халадж, чарук, аргу, барсхан кірді. Олардың кейбірі бұрын түркештердін құрамында болған. Сонымен бірге оғыз, ұйғыр, Жетісу соғдылықтар кірді. Оғыздардың негізгі  тобы Арал бойына кетті. Қарлұқ этносаяси қауымдастығында еуропа тектес нәсілдер басым болды. Қарлұқтардың басым көпшілігі Мауараннахрға қоныс аударып, өзбек ұлысының бір бөлігін құрады.Оңтүстік Қазақстан аумағында оғыздар мемлекеті қаңлы мен қаңғар – печенег тайпаларын және Сырдария алқабындағы ас, алан этникалық топтарын біріктірді. Оның ішіне чагр, шарук, халаджлар да кірді. Кейіннен оғыздардың көп бөлігі Орта Азияға қоныс аударды, ал қалғаны Қазақстан аумағындағы жаңа этносаяси одақ қыпшақтар мемлекетінің құрамына кірді.

Қазақстанның солтүстік, шығыс, Орталық аудандарында VIII-IX  ғасырларда қимақ және қыпшақ тайпалары өмір сүрді, сонымен қатар ерте феодалдық мемлекет сақталды. Қимақ саяси бірігуіне көшпелі, жартылай көшпелі түркі тайпалары – қыпшақ, эймур, имақ, татар, т.б. кірді.

Қимақ мемлекетінің жалғастырушысы болып қыпшақтар, қимақ одағының ең ірі тайпасы қалды.

Ерте феодалдық қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мен орнығуы, шаруашылықты жалпы түрі, мәдениет, түркі тілінің негізгі тіл ретінде бекуі этникалық процестердің дамуына ықпалын тигізді. Көне және орта ғасырдағы Қазақстан тайпаларының табиғи геграфиялық, шаруашылық жағдайларына байланысты, тарихи, саяси негіздерге сәйкес, олар бірнеше этномәдени топтарға бөлінді. Жетісу мен Түркістанда, Орта, Солтүстік, шығыс Қазақстанда және Каспий, Арал маңайында. Ортағасыр Қазақстаны осылай бөлінуді бекітті, бірақ олар өзара қарым қатынасын тоқтатқан жоқ. Этникалық процестерге саяси факторлар әсері күшейді.

Қазақстанның оңтүстігіндегі тайпалардың бірігуі шаруашылық және мәдени ынтымақтығы күшейді, сонымен бірге Орта Азия халқымен өзара бірлестікке саяси бағдарлануы, оған олардың көп жылдар бойы Қарахан феодалдық мемлекеті құрамында болуы ықпал етті. Қарахан хандығы Орта Азияның Шығыс Түркістанды, Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатты.

Отырықшы егіншілер мен көшпелі малышларды біріктіріп, Қарахан мемлекетінің құрылуында Жетісуды мекендеген яғма, шігіл, қарлұқ тайпаларының ролі зор. Осы тайпалардың жергілікті халықпен тіл табысуы, Орта Азияда өзбек ұлсының қалыптасуының елеулі кезеңі болды. Салыстырмалы дамыған қоғамдық қатынастар жағдайында бұл мемлекетте этноәлеуметтік жағдай орныға бастады.

Сөйтіп, біртіндеп Қарахандарың саяси тағдыры, оның біртіндеп екі Шығыс және батыс қағанатына ыдырауына әкелді.

Қыпшақ тайпаларының  мемлекеттік бірігуі ХІ-ХІІ ғасырларда Еділ мен Жайықты жайлаған жалпы түркі тайпаларымен этносаяси, шаруашылық, мәдени қатынастарының өрбуіне ықпал етті. Қыпшақ конфедерациясы құрамында қимақ, байандұр, баяут, қаңлы, тоқсоба, албүрлік, иета т.б. болды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қыпшақтар, қарлұқтар сияқты ерте  феодалдық тектес ұлыстарды құру жолында болды. Бірақ кейінгі жүздіқтар оқиғалары бұл ірі этносаяси қауымдастықты ыдыратып, шығыс қыпшақтарын қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай ұлыстарын қалыптастыруға қатысты етті.

ХІІІ ғасырдың І ші оңжылдығында Қазақстан аумағында Шыңғысхан шабуылынан кейін, Алтайдан көптеген найман, керей тайпалары қоныс аударды.

Олардың тілдік және этникалық негізі туралы, олардың түркі тілдес және монғолтілдес деген жорамал бар. Бұл ерте таптық белгілерімен мемлекеттік саяси қауымдастық. Олар кейін қазақ ұлысы құрамына кірді. Себебі олар ХІІІ ғасырда Қазақстан аймағында құрылып, феодалдық қатынастарды бекітіп, мемлекеттік құрылымдар құрып, егіншілік – отырықшылық мәдениетін дамытып, сонымен бірге тайпалармен халықтардың рухани мәдениетін дамытып, олардың бірігуіне жағдай туғызды.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан аумағында әрқилы түркі тайпаларын бір ұлысқа біріктіру жағдайы туды. Олар бір аумақта тұрды, ортақ шаруашылықпен айналысты, ортақ тіл, ортақ тұрмыс және мәдениеті болды.Бірақ бұл табиғи, тарихи кезең Шыңғысхан шапқыншылығының кесірінен ғасырларға кейіндетіп тасталды.

Монғол басқыншылығының нәтижесінде қазақ ұлысының негізін құраған көптеген халықтар, құлдыққа айдалып, Қазақстан аумағынан жаугершілікке тартылды.

Жаңа этникалық компонент қосылды, моңғол руы мен тайпалары, осының нәтижесінде Қазақстан аумағына қоныс аударған.

Түркі тайпалары, Қазақстанды мекендеген, енді Шыңғысханның ұлдары құрған мемлекеттер арасында қалды. Жошы, Шағатай, Угедей ұлыстары кейіннен Қазақстанның жекелеген аудандары Алтын Ордаға, кейіннен Ақ Ордаға кірді.

Монғол феодалдарының жайылымдарды басып алуы, жергілікті халықтың қоныс аударуына әкеп соқты. Феодалдық соғыстар, өзара кикілжің, саяси ыдырау ұлыстардың ұсақталуына, бөлінулеріне, түркі тайпалары мен рулардың қоныс аударуына әкелді. Монғол жаугершілігі антропологиялық тектес жергілікті түркі халқында монғол сипаттарын күшейтті, бірақ монғол этникалық топтары аздығына байланысты, байтақ далаға ассимиляцияға ұшырап, түркілер ортасына сіңіп кетті.

Монғол жаугершілігі Қазақстан аумағындағы этникалық процестерге үлкен әсерін тигізді. Ол негізгі саяси фактор, жаңа этноәлеуметтік қауымдастықтардың құрылуына жол ашты.

Үшінші эволюциялық жол Қазақстан аумағында ерте феодалдық ұлыстар құру жолы үзілді. Этникалық тұрпаттан қарағанда, көптеген өзгерістер болды, атап айтқанда, халықтың құрамы өзгерді, этноәлеуметтің ұйым, әлеуметтік экономикалқ шарттар өзгеріске ұшырады.

Басып алынған халыққа қарағанда, монғолдар саны аз болды, бірақ олар әр ұлыстар – мемлекттерде билеуші және әскери күшке ие болды.

Бірақ біртіндеп неғұрлым саны көп түркітілдес халықтарға араласып кетті, олардың салт дәстүрлерін, тілін қабылдады.  Жергілікті халықты “мыңдыққа”, “тумекка” бөліп, көшпелі тайпаларды ұлыстарға бөліп, монғолдархалықты араластырып, ірі тайпаларды жаңа орындарға көшіріп отрды. Батыс Қазақстанның аумағында бұл процесс жылдамырақ жүрді, себебі оның экономикалық жағдайы ерекшеленген, отырықшы және көшпелі халықтың қатынасы, жаңа қалалар салу, ескі қалаларды сақтау – осының бәрі Алтын Орда қоғамының жеделдеп әлеуметтік дамуына әкелді.

Көне тарихи этнографиялық аймақ – қыпшақ, үйсіндер одағының қоныстанған жерінде құрылған Ақ Орда мен Моғолстан XIV-XV ғасырларда жергілікті Қазақстан тайпалардың  негізгі этникалық ортасы ретінде сақталды.

XV ғасырда қалыптасқан ұлыс көрші елдер арасында және жазба деректерде “қазақ” атауымен белгілі болды. “Қазақ” этнонимінің шығу тегі көп жылдар бойы дау туғызып, ғалымдар үшін ізденістер көзі болды.

Жазбаларда бұл термин әуелі әлеуметтік мағнада қолданып, “өз мемлекетінен тайпалар мен руларды бөліп алып, ерекше өмір іздеген” адам дегенді білдіреді. Деген (В.В.Бартольд). Ал «Тарих-и-Рашиди» және басқаларда “Қазақ” деген термин Жәнібек пен Керей бастаған саяси топтар, (Жетісуға көшіп кеткен) әуелі өзбек-қазақ, ал кейіннен – қазақтар. XV ғасырда өзбек және қазақ терминдердің нақты этникалық мағынасы болмаған. Жәнібек пен Керей хандыңының күшеюімен, оларға бағынышты барлық халық қазақ деп аталған. Біртіндеп “қазақ” термині этникалық мағнаға ие болып, этноним ретінде Дешті Қыпшақ Жетісу және Оңтүстік  Қазақстандағы қалыптасқан түркі халықтары үшін де қолданылған. XV ғасырдың аяғында халықтар яғни жаңа этникалық қасиеттер пайда болды. Ол көптеген ғасырлардың, терең, әрқилы процестердің нәтижесі. Бұл жаңа қасиет – Орта Азияның түркі тілдес халықтарының негізгі ерекшелігі болды.

Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт XIV-XVғ. Жеке мемлекеттер  жүйесіне кіргені жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсының тайпаларының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлегімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырадариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, жалайыр т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді: қыпшақ, арғын, найман қоңырат, керей, қарлұқ. Сырдарияның төменгі жағы Арал, Каспий жағалауында Кіші жүздін мекені. Құрамы: алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас т.б.

Ерекше артықшылығы бар Ақ сүйек құрылымы.

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына  - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.

“Тарих-и-Рашиди”-да айтылған мәліметтер Мүхаммед Қайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі. Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып, ол өз еңбегінде Моғол ханы Есенбұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады. Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып, ол одақ 70 жылға созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару кезінде ғана бұзылды.

Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді. Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды.

Керей мен Жәнібек  өз  адамдарымен Моғолстанға моғол ханы Есенбұғының тірі кезінде келген. Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алқабын және Қозы Башы жерлерін бөліп берген. Өзбек ұлысындағы ыдыраудың себебі неде?

Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуы, көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханға қалмақтар шапқыншылығынан зардап шеккен иеліктерді қалпына келтіру кезеңімен тұспа тұс келді. Ол қатаң тәртіп орнатты, өзіне қарсы келгендерге ғана емес, барлық көшпенділерге қатаң шаралар қолданды. Дала өзбектерінің ақсүйектерінің және ханның жақсы жағдайына жалпы көшпенділерді қанауға негізделді. Сонымен бірге олар және көрші аймақтың тұрғындары алым-салық және ондаған бағынушылық төлеуі керек еді. Мемлекет күшейген сайын, төлемнің де көлемі ұлғая түсті.

Осының бәрі жалпы халықтың наразылығын туғызды, сөйтіп мемлекеттің тұрғындарының – малшылардың көрші аумақтарға қоныс аударуына әкелді. Бір жағынан  жеңіп шыққан сұлтандар және сол ұлыстың хандары сол Жошы руынан шыққан, арам ойларын жүзеге асыру үшін тайпалар мен руларды ығыстырып, оларды өздерінің күндестеріне қарсы пайдаланып отырды. Осындай ыдыраған қоғамның, хан саясатына риза емес Өзбек ұлысының тайпалары мен рулардан тұратын қоғамның билік басында Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек тұрды. Жәнібек (Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы. Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы.

Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі - Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды. Моғол хандарының өзбек ұлысының қашқындарына достық қарым қатынасы төмендегі себептермен түсіндіріледі:

Біріншіден, Есенбұғының ол кезде солтүстіктің көшпенділерінің шабуылдарын тойтаруға күші болмады.

Екіншіден, Керей мен Жәнібекте және олардың әскерінде ол батыс шекараларды өзінің інісі Жүнүс ханнан қорғаушыларын көрді.

Есенбұғыны осындай шешім қабылдауына басқа да себептер болды, яғни, ханның мағынасы іштей де сырттай қатынастарда оны қолдаушы феодал ақсүйектер мен ұлыс адамдарының санымен анықталатын еді. Сондықтан да оның өз жағына неғұрлым көбірек өз көршілерінің жауластарын тартып, оларды  өз тайпаларына қарсы пайдалануға тырысуы – табиғи құбылыс еді.

М.Қ.Дулаттың “Тарих-и-Рашиди”, “Бахр ал асрар” Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз. 1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды, сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді. Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қарыс қатынас орнатты.

М.Қ.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің  қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған. Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті.

Жәнібек пен Керейдің әр қайсысы Өзбек ұлысындағы таққа иегерлікке үміттенді және олар Әбілқайыр ханға қауіп төндірді. Сондықтан ол Моғолстанға жорыққа шықты. Бірақ, ол осы жолда 57 жасында 1468 жылы ауырып, қайтыс болды.

Қазақ хандығының басталу кезеңінің дау туғызатыны – оның тура уақыты кейбір ғалымдар, қазақ хандығы ХҮ, ХҮІ ғасырда құрылды десе, кейбірі қазақ хандығының қалыптасуын қазақ мемлекетінің құрылуымен қарастырып ХҮІ ғасырдың 30-40 жылдарына апарады. Кейбір ғалымдар, қазақ хандығы 1465-66 ж  құрылған деп көрсетеді.

Хандықтың құрылуы бір мезгілдік акт емес, ол – ұзақ мерзімді көпсалалы процесс.

1. Көшпелі өзбектер басшысы Әбілқайыр ханнан Жәнібек пен Керейдің тайпалар мен рулардың бір бөлігімен бөлініп, Моғолстанның батыс шекарасына қоныс аудару оқиғасы (1459ж). Оның негізгі нәтижесі – Керей мен Жәнібектің қол астындағыларға өзбек – қазақ аты тағылып, Ұрыс хан мен Моғолстанның шағатайлары арасындағы одақтың басталуы.

2. Жәнібек пен Керейдің және олардың адамдарының Өзбек ұлысына қайтып оралуы және жоғарғы билікке ие болуы.

Негізгі салдар – Жошының  басқа бұтағы басқаратын жаңа саяси құрылым құрылуы. Қазақ деп аталатын мемлекеттік жаңа құрылым пайда болды.

Әбілқайыр ханның өлімінен кейін Өзбек ұлысында саяси дағдарыс күшейе түсті, хан билігі үшін талас басталды. Билікке Әбілқайыр ханның ұлы, Шайх Қайдархан ие болды.

Бірақ, Шайх Қайдар ханның елде тұрақты тәртіп орнатуға күші келмеді, феодал ақсүйектері оған бағынбады, әр қайсысы өзі биліке ұмтылды.

Мұндай жағдайда Жәнібек пен Керей Өзбек ұлысына қайтып келіп, өздерінің Өзбек ұлысындағы таққа құқықты екендіктерін көрсете бастады.         Таққа талас күшейе түсті. Шаих Қайдарды ақсүйектер қолдамады, сөйтіп ол өзара шайқаста қаза тапты. Өзара тартыс тағы біраз уақытқа созылып, ақыры аяғында билік шайбанидтардан Ұрыс хан ұрпақтарына көшті. Бұл 1470 ж болды.

70 жылдар басында Өзбек ұлысы аумығында, көшпелі өзбектер мемлекетінде Ұрыс хан ұрпақтарынан шыққан хандар Жәнібек пен Керей басқарған жаңа саяси құрылым пайда болды, олардың халқы енді қазақтар деп аталды.

Қазақ хандығының құрылуын В.В.Бартольдтың пікірі де растайды, көшпенділердің саяси бірлестігі ұзақ – қанды күрестерден кейін қол жетеді – дейді.

Алғашқы қазақ хандығының негізгі қарсыласы - Әу, бастан ақ талапты қолбасшы Мұхаммед Шейбани болды. Ол өзінің нағашысы Әбілқайыр ханның билігін шығыс Дешті Қыпшақта қайта орнатып, көшпелі тайпаларды өз қол астына жинауға ұмтылды. Қақтығыстарда ол Керейдің үлкен ұлы Мұрындықпен – қазақ хандығының негізін құраушылармен кездесті. Мұрындық – қазақтың жоғарғы ханы деп аталды. Жәнібек пен Керейдің қазасы туралы мәліметтер жоқ. Олардың есімдері моғол ханы Жүнүстың ордасына шабуыл кезінде айтылады 1473 ж тағы бір дерек: Керей есімі Шейбаниді Өзбек ұлысынан қуғанда, Бинаидың сөзіне қарағанда, белгісіз автор “Нусратнаме”де 1473-74 жылдың қысында Керей хан күшті қолмен Ясы қаласына (Түркістан) келген, сонда қаланың әкімі Мұхамед Мәзидтархан қазақ хандығымен қақтығысқа жол бермеу үшін Мұхамед Шейбанидан құтылып, оны Самарқандқа асырып жіберген. Кейбір деректерге қарағанда Керейхан сол жылдары қайтыс болған.

Жәнібек туралы деректер де өте аз. Жәнібек Керейден кейін қайтыс болған, бірақ ол өз бетімен билеуші болмаған. Қай уақытта билік Мұрындық ханға көшкендігі нақты белгісіз. Кейбір деректерде Мұрындық ХҮ ғасырдың ортасынан қазақ ханы деп көрсетілген Жәнібек пен Керейдің мұрагерлік жерлері – Қаратау мен Сырдария- Сығнақ, Созақтың қамалдарымен қала орталықтары болды. Олардың тайпалары дәстүрлік қоныс аудару мүмкіндігінен айрылды. Негізгі талас Сырдария қалалары үшін болды. Олар бұл аймақтың негізгі тіршілік көзі болатын. Сырдарияның орта, төменгі  далабы – қазақтардың көшпелі тайпаларының қыстақтары үшін өте бағалы жерлер болды.

Осы себептер Мұхамед Шайбаниға да күрес ашуға негіз болды. Темір ұрпақтары өз кезегінде Ақ Ордадан басып алған жерлерін қорғап, қамалдар мен қалаларын дала көшпенділеріне қарсы пайдаланды. Бұл күреске Моғол ханы Жүнүс пен оның баласы Сұлтан Махмұд та кірісті. Олар Қазақстанның оңтүстік қалаларын алуға тырысты. Қазақ хандарының нақты күштері болды, олардың қол астына Жетісудың көшпенділері жиналды. Өз жақтарына олар Ноғай ордасының әмірі Мұса мырзаны да қаратып алды.

70 жылдары Сауран, Созақ, Қаратауда бірнеше ірі шайқастар болды, Ясы, Сығанақ қалалары қолдап, қолға қазақ ханы мен Мұхаммед Шайбаниға кезек кезек көшіп отырды.

80-90жж Сырдария қалалары үшін күрес ауыспалылық нәтижемен жалғаса түсті.

ХҮ ғасырдағы қақтығыстар нәтижесі – Қазақ хандығы құрамына Созақ, Сығнақ, Сауран  қалаларының кіруі болды. М.Шейбанидің қолында Отырар, Ясы, Үзгент, Аркук қалалары қалды. Сонымен бірге ол тимуридтерді жеңіп, Мауараннахрды жаулап алды. Бірақ даладағы билік үшін күреске осы күші жетпеді.

Қазақ хандығына Сырдария оазистерінің  қосылуы қазақ хандығының елді біріктіруге нәтиже берді. ХҮ ғасырда олардың мемлекетінің шекарасы кеңейді. Оған Батыс Жетісудан басқа, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аудандары, Солтүстік Орал, Орталық Қазақстанның едәуір бөлігі кірді. Көптеген жошылықтар Қазақстан аумағынан кетіп, Астрахан, Сібір, Қазан хандығынан өз бақытын іздеуге кірісті. Қазақ хандығына жаңадан қазақ рулары мен тайпалары кіре бастады, олармен одаққа ноғайлар кірді.

ХҮІ ғасырдың басында қазақ хандығы бұрынғы Ақ Орда аумағын толық алып және Моғолстанның бір бөлігін алып жатты.

Темірдің мемлекетін Шейбани ханның ХҮІ ғасырдың басында жаулап алуы – Әбілқайыр хан ұрпақтарының Өзбек ұлысы рулары мен тайпаларының бір бөлігімен Дешті Қыпшақ аумағынан кетуіне әкелді. Сөйтіп, Өзбек термині өздеріне бағындырылған Орта Азия облыстарына ауысты. Сөйтіп, осы уақыттан бастап қазақ және Өзбек термині Жәнібек пен Керей немесе Шайбани ұрпақтарын білдіретін мағынада ғана емес, сонымен бірге туысқандарды олардың мекен-жайы  бойынша да анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақ билеушілерінің сыртқы саясатының негізгі бағыты – Сырдария қалалары үшін күрес болды. Сөйтіп, олардың батыс оңтүстік шығыс көршілерімен қарым қатынасы анықталды. Қазақ ханының билеушілері саяси оқиғаларға көрші аймақтарда Шибан ұрпақтарымен күресті тоқтатпады.

ХҮІ ғасырдың басында Ұрыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтарының қарым қатынасында жаңа кезең туды: дала кеңістігінде билікке таласқа, саяси-экономикалық жағдай қосылып, ол күреске неғұрлым қатігез, сұрапыл сипат берді.

Мауараннахрды  жаулап алған Шибан ұрпқтары енді қазақ хандығының күшеюне жол бермеу мақсатында қазақ хандығының Сырдарияда бекуіне бөгет жасауға тырысты.

Осы мақсатпен Шибан ұрпақтары қазақтармен сауда қатынастарын тоқтату амалын қолдайды. Бірақ экономика саясаты – саудаға тосқауыл қою – оң нәтижесін бермеді. Қазақ билеушілерінің Шибан ұрпақтары иелігіне шабуылдары Мұхаммед Шейбани хан жағынан қарсы әрекет туғызды. Көбінесе қазақ сұлтандарының шабуылына түркістан халқы мен қалалар ұшырады.

1503 жылы қазақ билеушілері Түркістанға шабуыл жасады, бұл кезде Мұхаммед Шейбани Хорасанда Темір ұрпақтарымен соғысып жатқан. Түркістан аумағына Аркук, Узгенд, Сығнақ, Сауран, Созақ, Ясы, Отырар, Ақ-Қорған және басқа қалалар мен қамалдар кірген.

Келесі жылы қазақтар Шибан ұрпқтарының аумағына тағы шабуыл жасады. Мұхаммед Шейбани Түркістанға қала үшін шайқасқа түсіп, Мұрындық ханға шабуыл жасады. Бұл жорық қазақтардың жортуылдарын тоқтату үшін қолданылды.

1508 жылы қазақ сұлтаны Ахмад 50 мың қолмен Самарқанд пен Бұхараға жорыққа шықты. Шейбани бұл кезде Хорасанда соғысып жатқан. Бұл туралы хабар алған ол Мауараннахрға бет алды. Ол қазақтарға қатты соқтығыс жасап, өзінің Иранның шахы Ысмаилдың алдында қауыпсіздігін қамтамасыз еткісі келді. Ахмад сұлтан кейін қайтты, бірақ жолай көптеген мұсылмандарды тұтқынға алды.

Мұсылмандардың тұтқынға алынуы және олардың құлдыққа айналуы қазақтардың қасиетті соғыс ашуына әкелді, ал Мауараннахр ғалымдары жасаған ғазауат негізінде қазақтарды дінсіз халық деп жариялап, мұсылмандарды құлдыққа сатуға жол берді деп кіналады, Шейбани хан оларға жорыққа шықты.

Шейбани ханның негізгі күші Сырдария жағалауынан Аркүк қаласына келді. Аркукте болып, азық-түлік жинап, Шейбани Узгендке бет алды. Одан кейін Сығнаққа қарай қозғалды. Қазақ жеріне басып кірген Шейбани әскерлері Қара абдал жеріне – қазақ қыстақтарының орталығына келді. Қара абдал Дәнші сұлтанның иелігі еді. Қазақтар Шейбани әскерімен соғыста жеңіліске ұшырады. Дәнші Сұлтан ұлысы талан таржыға түсті. Мұрындық ханның  қыстақтары және Қасым ханның тұрақтары Қара абдалдан 15 күндік жерде болатын. Шейбани келесі соққыны Дәнші сұлтан ұлысына бағыттады.

Сөйтіп қазақтардың көптеген қыстақтарын талан жаражға салып, өзінің жеңісімен мақтанып Шейбани өз әскерін қайта Сығанаққа бұрды. Шейбанидың бір жарым айлық жорығының нәтижесінде қазақтардың қыстақтарының орнында көптеген мал  мен байлық басып алынды.

Шейбанидың үшінші жорығы осылай жеңіспен аяқталып, оған даңқ пен байлық әкелді. Төртінші жорық 1510 ж басталды, оның мақсаты- қазақ сұлтандары тарапынан туған қауіптен құтылу. Әскердің басында өзі Мұхаммед Шейбани болды. Әскер Қасым сұлтанның Сығнақтың қасындағы тұрағына шабуыл жасады. Қасым хан Шейбани әскерін талқандады. Бұл қазақтардың ірі жеңісі еді.

1510 ж Мұхаммед Шейбани Хорасанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қазақтардың Шейбаниды жеңісімен Қасым сұлтанның дала кеңістігіндегі беделі арта түсті. Ол Жәнібектің ұлы еді. Әуелде ол Мұрындық ханға бағынышты болды. Қасым хандықта, ынталылық өз қолында болғанмен, ол ақылды саясаткер ретінде өте сақ болды. Мұрындық хан мен Қасымханның күндестігі Қасымның жеңісімен аяқталды.

Мұрындық 1511 жылы Мауараннахрға кетті. Жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшті. Шейбанидің өлімінен кейін Қасым хан өз билігін  Оңтүстік Қазақстанда күшейтуге кірісті. Көп ұзамай Қасым ханның билігіне ең оңтүстік аймақ Сайрам көшті. Енді ол Ташкентті жаулап алуға ниет білдірді. Ал шейбанидтер аумағы екі мемлекетке бөлінді: Мауараннахрда орталығы Самарқанд кейіннен Бұхарада, және хандық (арабшахтың ұрпақтары) орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуада Моғолстан билеушісі Сұлтан Саид 1514 жылы Қашғарға басып кіріп шығыс Түркістанда жаңа мемлекет Могулия мемлекетін құрды. Орталығы Жаркент.

Осындай түрде өзгерген Орта Азиядағы саяси жағдай қазақ хандығына да әсерін тигізді.

ХҮІ ғасырдың 20 жылдарында Қасым хан өз үстемдігін қазақ аймағының кеңістігінде түгелдей орнатты. Оңтүстікте хандық шекарасы Сырдарияға дейін жетіп Түркістан қаласының бір бөлігін қамтыса, оңтүстік шығыста Жетісудың бір қатар алқабын алып жатты, ал солтүстік және солтүстік шығыста Ұлытау мен Балқаш көлін, солтүстік батыста Жайық өзені бассейндарын алып жатты. Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға кірісе бастады. Қазақ хандығымен елшілік қатынасқа біріншілердің бірі  болып Москва мемлекеті – Василий ІІІ басқарған кезде 1505-1533 жылдарда ұлы князь Қазақтар этникалық қауымдастық ретінде Батыс Еуропаға да танылды. Шибан ұрпақтарларымен қарым-қатынас шиеленесуде болды. Негізгі күрес Ташкент үшін болды (1516-1517 ж) Қасым хан жақсы адамдарды жақсы көрді, адам тани білді, әскери талабымен ерекше көзге түсті, жеке  батылдығымен және соңынан басқаларды ерте білу ерекшелігімен оқшауланды. Ешқашан хан билігі, оның кезіндегідей мықты болған емес, ешбір қазақ хандары өз қол астына осынша көп халықты миллионнан астам адамды жинаған емес. Халық аңызы оның есімімен “Қасым ханның қасқа жолы” деген заңдылықтардың қалыптасуын байланыстырады. Бірақ, өкінішке орай, олар жазылмаған, сондықтан біздің заманымызға дейін жетпеген.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Халықтық, жүз, ру, Жәнібек пен Керей, Қазақ хандығы.

№ 7 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. Әбілқайыр хандығы қашан пайда болды?

  1.  1378 ж.
  2.  1396 ж.
  3.  1413 ж.
  4.  1428 ж.
  5.  1535 ж.

2. Қазақ хандығы кезіндегі дамуды қандай қоғам деп атауға болады?

  1.  рулық
    1.  феодалдық
    2.  алғашқы қауымдық құрылыс
    3.  алғашқы капиталистік
    4.  матриархаттық

3.Мыналардың қайсысы қазақ өлшеміне жатады?

  1.  Дактиль
    1.  Амматум
    2.  Ли
    3.  Фарсах
    4.  Қарыс

4. Қазақтың киіз қай кезде пайда болды?

  1.  қола дәуірінде
    1.  ғұн заманында
    2.  түркілер кезінде
    3.  Алтын Орда тұсында
    4.  қазақ хандығында

5. Жатақтарды тағы басқа қандай атпен атады?

  1.  қара тобыр
    1.  бірлігі күшті қауым
    2.  өндірушілік дәрежесі өте жоғарылар
    3.  қысқа аяқ
    4.  мәдениет орталығы

6. Қазақ хандығы кезін «алаштың алтын заманы» деп атаған кім?

  1.  М. Тынышбаев
    1.  Мұхаммед Хайдар Дулати
    2.  С. Асфендияров
    3.  Ш. Уәлиханов
    4.  Қадырғали Жалаири

7. К. Маркс көшпелі халықтардың жерге меншігі туралы не айтты?

  1.  жерге ешқандай меншік болған жоқ
    1.  малға меншік жерге де жеке меншік құқығын береді
    2.  олар бір жерді мекендемеген соң меншік туралы айту қиын
    3.  қауым мүшелері жерді тең бөлісті
    4.  меншік тек кейбір жерлерде болды

8. Ғұндардың егіншілікпен де айналысқаны белгілі. Олар қандай дақылды көбірек екті?

  1.  бидай
    1.  тары
    2.  қарақұмық
    3.  жүгері
    4.  мақта

9. Патриархаттық қатынастардың нығаюына әсер еткен жағдайлар?

  1.  мүліктік жүктелістің өсуі
    1.  сыртқы сауданың дамуы
    2.  мемлекеттің нығаюы
    3.  діннің әсері
    4.  идеологияның күшеюі

10. Өндіруші шаруашылық дегеніміз не?

  1.  алғашқы металл құю пеші
    1.  қолөнердің шығуы
    2.  мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы
    3.  тоқымашылықтың өмірге келуі
    4.  сауданың дамуы

11. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі?

  1.  тұтас, үлкен қауым
    1.  отбасылық қауым
    2.  ру
    3.  тайпа
    4.  тайпалық одақ

№ 8 дәріс.  XVI-ғасырмен  XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы

Мақсаты мен міндеттері:

- XVI ғасыр мен XVIIIғ. Басындағы қазақ хандығының саяси, әскери құрылымдық тарихын, әлеуметтік құрылымын зерттеу, қақтығысқа әкелген себептерін анықтау.

Жоспар:

XVI ғасырда Қазақ хандығының нығаюы мен дамуы.

XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.

XVI- ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

XVI- ші ғасыр мен XVIII басындағы қазақ мәдениеті.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін  (очерк) Алматы, 1995.
  6.  Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

XVI ғасырда Қазақ хандығының нығаюы мен дамуы.

Қасым ханның кезіндегі биліктің бекуіне қарамастан, қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болмады. Бұл оның өлімінен кейін 1521 ж білінді, сұлтандар жікшілігі орын алып, ыдырау басталды, соның бәрі сыртқы саяси жағдайға әсер етті. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол, өзбек хандарынан одақ құрылды.

Қасым ханның өлімінен кейін Мамаш хан билік етті. Ол 1522 ж қаза болды. Хандықта өзара тартыс басталды. Ақыры 1523 ж хан болып Әдік сұлтанның яғни Жәнібектің баласы – баласы Тахир хан жарияланды. Оның қоғамда еш беделі болмады, не елшілік, не әскери дарыны жоқтын. ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығының өрлеуінен кейін, енді құлдырау жылдары туды.

Сыртқы саясатта негізгі бағыт маңғыттармен, өзбектермен күрес болды. Маңғыттар мен өзбектер достық қарым қатынас орнатты. Қасым ханның өлімінен кейін Ноғай ордасымен қазақтардың қарым қатынасы нашарлады. Маңғыттар мен басталған соғыста Тахир Моғолстанға көшіп кетті. Тахир, Саид сұлтанмен жасаған келісім шарт жасап, оны өзі бұзып, қырғыздарды өз жағына тартты. Шибани ұрпақтарымен Түркістандағы соғыс та сәтсіз аяқталды. Моғолстанда Тахир өз жағына қырғыздарды тартып, соның нәтижесі қазақтар мен моғолдар қақтығысына әкелді. Жетісу және Ыстықкөл  аумағы қазақтар мен қырғыздар қолында қалды. Тахир хан 1531-32 жж қырғыздардың арасында кедейлікте қайтыс болды.

“Тарих-и-Рашиди” дың авторының айтуынша, оның өлімінен кейін Бүйдаш хан билік етті. Ол бұрыннан қырғызбен байланысты болып, Жетісу аумағында қызмет етті.

ХҮІ ғасырдың 30-60 жылдардағы кезең тарихы тарихи жазбалар да көрсетілмеген. Қазақ хандығында Бүйдаш ханнан басқа 1537 жылы Бүйдаш хан да билік еткен. Сол жылдрдағы қазақ сұлтандарынан, хан атағын алғандар – Ахмад хан, Түғым хан болған. Басқа деректер бойынша Бүйдаш және 24 қазақ сұлтаны Сайрам түбінде Шейбанид Дешт Хан қолынан 1559 ж қаза тапқан.

16 ғасырдың аяғына дейін Сырдария қалалары Сығнақ, Сауран, Отрар және Түркістан және басқалары Шейбани ұрпақтарының Мауараннахр мемлекеті құрамына кірген.

Қазақ хандығы бұл кезде Сырдария және Қаратау бойында шектелген еді.

1533 жылы Жетісуда билік басына Жаркентте Саидханның баласы Әбд-әр Рашид хан келуімен қазақтардың моғол  билеушілерімен күресі басталды. Олар қазақтарды Жетісудан қууға кірісті. Сол мақсатпен ол Шибани ұрпқтарымен – қазақтың жауларымен достық қарым қатынас орната бастады.

Бұл қазақ хандығының әлсіреуімен байланысты, ал шибанидтардың күшеюімен Орта Азияда өзбек ханмен одақтаса отырып Үбайдүлла 1537-38жж қазақтарға қарсы жорыққа шықты. Ыстық көл ауданында қазақтар жеңіліске ұшырады және 37 сұлтан шабуыл кезінде Тоғым хан қаза тапты.

ХҮІ ғасырдың 50 жылдары қазақ иеліктері, бұған дейінгі моғолдықтар сияқты қалмақтармен қақтығысты. Қалмақтар қазақ жерлерін шабуалдауға кірісті.

Қазақ иеліктерін Жетісуға тықпыртып, қазақтардың қырғыздармен саяси бірігуінің негізін салды. Қырғыздар Тахыр ханның әскеріне кірді. Моғолстанмен бейбітшілік қатынастар әскери қатынасқа ауысты. Моғолдар Жетісуды қайтып алуға ықпал жасады, бірақ нәтиже шықпады.

Әскери әрекеттер қазақ пен қалмақ арасында ол кезде ұйымдасқан түрде сипат алған жоқ. Ол тек шапқыншылық жортуыл түрінде болды. Бірақ, осы жылдардың өзінде жоңғарлар қазақ иеліктерін көрші иеліктер арасынан мықты серіктестер іздеуге  мәжбүр етті, соның бірі шибанидтер болды. Үш мықты қарсыластары моғол, өзбек, қалмақтарға қарсы жалғыз қалмау үшін қазақ билеушілерін ХҮІ ғасырда өзбек билеушісі Мауараннахра жағына шықты.

Шибанидтармен қазақтардың өзара қарым қатынасын баяндауда ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы Хафиз Таныштың “Шарафнама ин шахи” еңбегінде жазылған. Автор Әбдаллах анх пен қазақ ханы Ақназар (Қасым ханның баласы) арасындағы келісім шарт пен одақ туралы сөз етеді. Оның хан тағына отыруы туралы әр түрлі деректер бар, ол Тоғым хан қайтыс болған соң 1537-38 жж хан болған деген болжам бар. Халық аңыздарында Ақназар хан есімі даңққа толы. Ол туралы деректер тек үш жүзді біріктірген қазақтарда ғана емес, башқұрт, ноғайларда да сақталған.

ХҮІ ғасырда 30-50 жылдары қазақ тарихында өте ауыр кезең. Бұл кезеңге қазақтардың өзбек, моғол, қалмақтардан жеңіліске ұшырауы, көптеген сұлтан тұқымдарының жойылуы, көштердің жоғалуы жатады. Сыртқы күштер әсерінен қазақ хандарына өздеріне жанашыр, одақтастар іздеуге тура келді. Ол – Шибани ұрпақтары болды. Олармен одақ құрып қазақ билеушілері қауіпті жаудың орнына мықты одақтас тапты, сөйтіп өзбектер тарапынан шабуылдарды жойды. Екінші жағынан қазақтар осы ауыр жылдарда өз күштерін сақтады, біріге отырып, жауға тойтарыс беріп, оның иелігінің бір бөлігін жаулап алды.

Бұл одақ шибанидтерге де пайдалы болды. Әбдаллах хан әу бастан өзінің саяси әрекетінде өзбек хандары мен сұлтандарымен қатыгез соғыс жүргізді. Әсіресе, Ташкент билеушісінің кейіннен Мауараннахрды билеген Барақ ханның балалары ешкімге бой бермеді. Өркөкірек сұлтандар арасындағы кикілжің Әбдаллахта қазақ билеушілерімен жақындасуға мәжбүр етті. Оларды өз жағына тарта отырып, ол қазақтардың жортуылына тосқауыл қойды, екіншіден, қазақтарды вассалдармен қарсы күреске пайдаланды.

Ақназардың өлімінен кейін хан Шығай – Жәдік сұлтанның (Жәнібектің баласы) ұлы болды.. Шығай мен оның балалары Әбдаллах ханның Науырыз Ахмад ханның ұлдарымен күресіне белсене қатысты. Осы көмек үшін Әбдаллах 1581 ж оған Ходжентті еншілікке берді. Ол 1582 жылы Бұхара маңында қайтыс болды.

Шығай ханнан кейін хан болып оның ұлы Тәуекел тұрды. Ол өз халқының құрметті қолбасшысы болды. Қазақ иеліктерін бодандықтан құтқару үшін бар күшін салды. Ол бұхар қазақтарды қамқоршыларынан құтқарды және Әбдаллахтың өлімінен кейін Ташкент пен Түркістанға ие болды. Ол сұлулығымен, өжеттілігімен, ерлігімен Дешті Қыпшақ елі есінде қалды. Бірақ көп ұзамай Әбдаллах ханның қарсыластары 1583ж Дешті Қыпшаққа қайтып келді. Олардың билеуші кезеңі тура анықталмаған, 1594 ж деген болжау бар. Тәуекел, өз ханының айлакер, намысқойлығымен тәуелсіз билеушісі бола алмады, Әбдаллахтың қол астына кірді.

Ал екінші жағынан Баба сұлтанмен жеңіспен аяқталған соғыстың аяқталуымен көшпелі қазақтармен ортақ ынтымақты жоқ қылды, енді қазақ иеліктеріне қолдау қажет болмады. Өз тарапынан қазақтан Түркістан қалаларымен Ташкентке иелікке ұмтылып, енді Әбдаллахты қарсыласы ретінде қарады. Тәуекел өзбек ханының сарайында өзінің дәрменсіздігін көріп, жаңа жол іздеп, 1583 ж Бұхар сөзерені тастап, шибанидтарға қарсы күш жинауға кірісті.

Осы кезеңнен бастап қазақ  билеушілері өз тағдырларын өздері шешу мүмкіндігін алды және бұрынғы әміршіге қарсы соғысу ниетін пайдалана білді. Мысалы, 1586 ж Тәуекел Орта Азия иеліктеріне баса кіріп, Түркістан мен Ташкентке, тіпті Самарқандқа қауіп төнгізді. Бірақ Самарқандтан ірі әскери күш келіп, Тәуекел кейін қайтты. Дегенмен сол кезде Ташкентте Әбдаллахқа қарсы көтеріліс басталды. Көтеріліс вилайет билеушісі етіп қазақ сұлтаны Жанәлиді жариялады. Бұл билік бірнеше айға созылды, бірақ басылды.

1598ж Әбдаллахтың өлімінен кейін Мауараннахрда ылаңдық жағдай басталды. Әбдаллах монархиясы құлады. Бұхарада,  Герат, Хиуада әр түрлі өз бетімен билеушілер пайда болды. Тәуекел осыны тиімді пайдаланды. Ол көп қол жинап Орта Азия қалаларына жорыққа шығады. Ол Сайрам, Ташкент, Түркістан, Самарқанд қалаларын басып алды да, енді Бұқараға бет алды. 11 күн қаланы қоршады, бірақ ала алмады. Тәуекел жараланып, сол 1598 жылы қайтыс болды. Біраз уақыттан соң қазақтар Самарқаннан бас тартты, бірақ Ташкент, Сайрам, Түркістан қалаларын өз жағында сақтап қалды.

XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.

Қазақстан ХҮІІ ғасырда саяси бытыраңқы ел болды. Билікке таласқан әрқилы топтар өзара тартыс туғызып отырды. Тәуекел ханның өлімінен кейін 1598 жылы хан болып Есім хан тағайындалды. Шығайханның ұлы Есімнің (1598-1628) Аштаханидтер өкілдерімен  жасасқан келісімі бойынша Қазақ хандығының құрамына қалаларымен бірге Түркістан аймағы, сондай-ақ уәлаятымен қоса Ташкент бірсыпыра уақытқа Ферғана кірді. Сол  уақыттан бастап қазақ мемлекетінің құрамына бұл аймақ және екі жүз жылға Ташкент  түпкілікті енді. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп  алды. Есімханның есімімен аңыздар, бізге жетпеген заңдар жиынтығының қалыптасуын байланыстырады. “Есім ханның ескі жолы” деп аталады.

Есім ханды халықтың ерекше құрметіне бөленген хан қатарына жатқызады. Оның өмір тағдыры төмендегідей, ол 12 жыл қазақ тағынан Тұрсын ханның ықпалымен сыртқа шығарылып тасталған. Осы уақыттың жартысын ол моңғол ойраттары арасында батыс Монғолияда өткізген. Олай деп қазақтар Қашғария оазисіндегі қалмақ, қырғыздарды атаған. Сол бөтен жерде, қуғында жүріп сол осындай сыйға ие болған. Жазба деректерде Есім хан туралы былай делінген: Есім хан Калматук жерінде тұрады және қалмақтармен бірге көшіп жүреді.

1627 жылы Тұрсын хан Есім ханды өлтіргісі келіп, оған жорықтан келе жатқанда бас салады. Бірақ тәжірибелі сарбаз Есім хан өзінің сақтығымен аман қалды. Тұрсын хан талқандалып Ташкентке қашып кетіп, сол жерде өз жақындары қолынан қаза тапқан. Есім хан таққа екінші рет отырды. Ол 1628 жылы қайтыс болып, Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи мешітінің қасында жерленген.

ХҮІІ ғасырда Бұхарада билік басына Жошының ұлы, Аштарханид – Астрахан хандарының ұрпағы – Тоқа Темір келді. Бұл қазақ хандарына Орта Азияның бір бөлігін, Ташкент, Түркістан, Сайрам, Андижан қалаларын басып алуға мүмкіндік берді. Қазақ хандары өздерінің мақсаттарында аштарханидтер арасындағы өзара тартысты тиімді пайдаланды. Негізгі көздеулері – қазақ хандарының иелігі – Ташкент қаласы еді, оның билеушісі қазақ сұлтаны Келді Мұхаммед болды. Аштарханидтер Ташкентті алу үшін жорыққа шығады. Қала үшін ұрыс ауыспалы жеңіспен жүрді. Аштарханидтер жағынан соғысты Иманқұл хан қазақтар жағынан Есім хан бастады.

Есім ханның өлімінен кейін қазақ хандығында өзара тартыс басталды. Ақыры аяғында хан болып Есім ханның баласы Жәңгір жарияланды. Оның билік басына келу мезгілі анық емес. Оның барлық өмірі жоңғарлармен соғыста өтіп, осы соғыста ол 1652 жылы қаза болды. Ол өзінің әкесімен қатар Түркістанда жерленген.

Оның ерліктерінің қатарына жоңғарлармен 1643 жылғы жеңісі жатады.

Қыстың аяғына қарай жоңғардың қалың әскері қазақ хандығына басып кірді. Шабуыл төтенше жағдайда  болғандықтан, Жәңгірхан тек 600 адам әскер ғана жинады. Бірақ ол аумақтың таулығын пайдаланып, өз әскерін тиімді реттеп, тамаша жеңіске қол жеткізді. Өзінің жарты әскерін ол таудың арасындағы тар  шеңгелге орналастырып, ал өзі 300 әскермен жасырынды. Ойраттар ордағы  әскерге шабуыл жасағанда, Жәңгір хан сырттан соққы берді. Сөйтіп жау талқандалып, кейін қайтты.

Жәңгір хан аштарханидтармен де Сырдария қалалары үшін соғыс жүргізді.

1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуымен, ойраттар жағынан Арал, Жетісудағы қазақ жерлеріне қауіп туды. Цин империясының қысымынан және жайылым мен Қазақстан мен Азияның сауда орталықтарына шығу үшін олар қазақ жерлеріне  көз алартуларын тоқтатпады.

ХҮІІ ғасырдың 20-шы жылдары ойраттардың көпшілігі Обь, Тобыл, Ертіс, Есіл өзені бойларымен қоныс аударды. Іле, Талас өзендерін олар қыстаққа пайдаланды. Қазақтар оңтүстік-батыс бағытқа ығыстырылды, онда олар өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрттармен қақтығысты.

Ал аштарханидтерге келсек, олардың құдіреті әлсірей бастады. 1700 жылы маңайында жаңа Қоқан хандығы құрылды. Аштарханид Абу-ал  Фаизд хан (1711-1747) билеп тұрған кезде, билік негізінде жеке тайпалар көшбасшылары қолында болған.

ХҮІІ ғасырда қазақ хандарының сыртқы саясатында қалмақтармен қатынасы ерекше орын алды.

Қалмақтар  - батыс моңғолдардың түркі тіліндегі аталуы, өз аталуы – ойрат, ал қытай жазбаларында – элиот. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында тайпалардың ойрат одағы монғол хандығының билігінің астынан шығып, өз қолбасшылары (тайши) басқара бастады.

Әуелде олардың иеліктері Хангай тауларымен – Шығыста, Оңтүстікте Гоби құмдары, батыста – Моғолстан, солтүстікте – Ертіс, Енисей аралығында болған. Батыс монғол тайпалары үнемі өзара тартыста болып, кейде Моғолстанға біріккен шабуылдар жасап тұрған ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында ойраттар тайпасы Хара Хулам тайшиға бірігіп 1635 жылы Жоңғар хандығын құрады. Оған Батыр хунтайшы билік етті. (1634-1653ж) Қалмақтар экспансиясы қазақ хандығы аумағына өте баяу  және біртіндеп өзара тартыс шиеленіскен. Әскери қақтығыстар мен шамалы татуластықтар бірін бірі алмастырып отырды. Қалмақтар ХҮІІ ғасырдың басында батысқа қарай жылжып, Хорезмге жортуылдар жасады. Жоңғар хандығының негізін алған Батыр Хунтайшы өлгеннен кейін қалмақ тайшилары арасында билікке талас туды. 1653-1670 ж жоңғар мен қазақтар арасында тиыштық байқалады. Бірақ 1670-1697 жж хунтайшы  Галдан-Бошоктуды басқару кезінде Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Түркістанға жаңа жорықтар бастады.

1678-1680 жж ойраттар Қашғарияға жорық жасап, 1681 жылы Галдан – Бошоқту Шу өзенінен өтіп Сайрам қаласын қоршады, бірақ ала алмады, Сайрамды ол 1684 жылы алды, барлық тұрғындарын тұтқынға айдап әкетті. 1683-85 жж ол Ош пен Андижанға жорыққа шығып, қырғыздар мен өзбектердің соққысына ұрынып, кері қайтты. Одан кейін ол Шығыс Моғолстанға жорыққа шығып, бірақ оны әскери әрекеттері сәтсіз аяқталды, ол өз өзін өлтірді. Оның өлімінен кейін билік басына Цеван Рабтан (1697-1727) келді. Осы кезеңнен бастап қазақ-жоңғар қатынастары тағы да шиеленісті. Қазақ хандығы бұл кезеңде  ауыр жағдайда болатын; аштарханидтар қазақ иеліктерін Ташкент, Түркістан және басқа қалалардан қуып шығуға тырысты, сонымен бірге жоңғар  шапқыншылығы.

Қазақ хандығының бекуі Тәуке хан (1680-1718) Жәңгірдің кезеңіне келеді. Тәуке ханның билік кезеңі қазақ мемлекетінің “Алтын ғасыры” деп аталады.

Тәуке хан кезінде, халық тиыштықта өмір сүрді, тәртіп болды, әділдік пен заңдылық сақталды.

Тәуке хан кезеңінде қазақтардың қарамағында Сырдарияның 32 қаласы болды. Оның негізгі мекені – Түркістан қаласы болды. Тәуке хан ақылды басшы болды және өзінің маңайына ақылды адамдарды жинады. Оның кеңесінің мүшелері, халық заңдылығын жақсы меңгерген және сөзге шешен адамдар мысалы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды.

Тәуке хан барлық өмірінде белсенді сыртқы саясат жүргізді. Әкесінің кезінде Қашғарияға елшілікті басқарды, Қазақ және Бұхара хандығының арасындағы соғысқа жол бермеді, Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына ықпал етті.

1686-1693 ж Тәуке хан Ресейге бес елші жіберді. Тәуке ханның Ресеймен достық қарым қатынас орнату жөніндегі хаты сақталған. Сонымен бірге, Ресей үкіметінің қазақ хандығын, немесе оның жекелеген руларын бодандықа айналдыру, ниеттері, қазақ билеушілерінің есебінде болған жоқ.

Тәуке ханның билігі кезінде және оның өлімінен кейін 1718 ж қазақ билеушілері Ресей бодандығына ұмтылған жоқ, тек олармен одақтық қарым қатынас орнатуға ұмтылды, әсіресе жоңғарларға қарсы және онымен мәңгі бейбітшілік сақтау мақсатында. Орыстың әскери көмегіне қажеттенген Тәуке хан қалыптастырған қазақ қоғамы өзін өзі сыртқы көмексіз де қорғай алатын еді. Ойраттармен соғыс кезінде Тәуке хан 80 мың сарбаздан тұратын әскерге басшылық етіп, өзін әскер ісінің білгірі ретінде, өжет жаунгер ретінде даңқын шығарып, батыр атағын алды.

Тәуке хан барлық мемлекеттегі билікке ие соңғы хан болды. Оның өлімінен кейін, келте хандар бас көтерді, сөйтіп үш жүзде де өз билеушілері пайда болды. Тәуке хан тума тақсыр болды. Ол өзін қоршағандардың бәрінен ақылымен, батылдығымен ерекшеленді, сонымен бірге жұмсақ мінезді, әділ болды. Тәуке хан ұзақ, оқиғаларға толы өмір сүріп, өз халқына “ұлы, сүйікті, қадірлі” болды. Оның есімімен қазақтардың заңдылық ескерткіш жазылуын байланыстырады: “Жеті жарғы”-ны жазуға Төле би – Ұлы жүзден, Орта Жүздің – Қазыбек би, Кіші Жүзден – Әйтеке би қатысқан, енді бір деректерге қарағанда Тәуке хан Құлтөбеге (Сырдария облысы) жеті биді шақырып, осы билер Қасым хан мен Есім ханның бұрынғы салт дәстүрлерін біріктіріп, жаңа дәстүр “Жеті жарғы” пайда болды делінген.

Тәуке ханның басқаруы кезінде қазақ халқының тарихында өте ауыр кезең еді. Соғыс екі майданда жүрді. Батыста қазақтар Сырдария қалалары үшін аштарханидтармен соғыс жүргізсе, оңтүстік шығыста ойраттармен көші қон үшін талас болды. Осының арынан қазақтар Жетісуда көп көші-қондарын жоғалтты. Бұл ішкі  ырың – жырың туғызды, қазақтар өз өзімен жайылымға таласты. Осындай өзара тартыстың тууы  қалыпты салт дәстүрдің бұзылуына, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің шайқалуына әкелді. Ол ең бірінші – қоғамдық тәртіпті реттеуге бағытталуы керек еді, себебі тек қана осылайша бар күшті сыртқы жаудан – ойраттардан қорғануға бағыттауға болатын еді. Себебі олармен соғыс – сөзсіз еді.

Жеті жарғыны жасау барысында оның негізіне: қалыптасқан тәртіпті жаңа қазақ қоғамы талабына келтіру, ескірген ережелерінің орнына жаңасын кіргізу болды.

Тәуке ханның Жеті Жарғысында, сол кезеңдегі қазақ қоғамының тіршілік – тынысы жан жақты заңдастырылған, әлеуметтік және құқықтық негіздер қарастырылып, әрбір жеке тұлға хандықтың қоғамдық құрылымына еңгізілген. Бұл Жеті Жарғыда көрсетілген барлық шарт, дәстүр, тәртіп жиынтығы. Ал, “Жеті Жарғының” өзі бізге орыс ғалымдарының кейінгі жазуларында жетті және екі түрі белгілі. Жеті Жарғының 11 үзінді 1804 ж Жаппас руының старшины Көбек Шүкіралиевтің сөзінен жазылған, оны 1820 ж Спасский “Сібір вестник” бетінде жарияланды. Жеті жарғының екінші редакциясы белгілі қазақ тарихын зерттеуші А.Левшиннің жазуында берілген. Ол 34 үзінді келтірген. Жеті жарғы тек үзінділермен ғана белгілі және барлық мәтіндері тек орысша ғана.

“Заңдар” әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтардың тәртібін заңды түрде бекіткен, сонымен бірге салық, діндік көзқарас туралы ережелер бар, яғни өмірдің барлық жағын қамтыған.

Жеті жарғыға сай, мемлекетте билік хан қолында болған. Басқару сұлтандар және рутайпа билері арқылы, халық жиындар – құрылтай арқылы жүзеге асырылған.

Қылмыстық құқықтық тәртіп төмендегідей қылмыстарды қарастырған: кісі өлтіру, залал келтіру, мертігу, зорлау, ұрлық, ұрып-соғу, қорлау, т.б. Бұлар үшін жаза – қанды кек болып белгіленген. Жазадан құтылуға – құн (сатып алу) төлеу. Өлім жазасы: дараға асу немесе тас лақтырып өлтіру - әйелі күйеуін өлтірсе, немесе әйел  некесіз туған баланы өлтірсе, құнның мөлшері: мысалы, қарапайым еркекті өлтірсе, туыстарына 1000 қой, әйелге – 500 қой, сұлтан немесе қажы үшін 7 қарапайым адамның құны төленген, қылмыскердің әлеуметтік жағдайына байланысты және тек қана ол жауапты емес, оның туыстары да жауап береді. Сонымен бірге ұжымдық жауапкершілік принципі болған. Басқа да жазалар болған: дүниесін кәмпескелеу, христиандыққа кіргені үшін, ата анасын қорлағаны үшін – ел алдында масқаралау т.б.

Жеті Жарғы ақсүйектердің жікшілдігін жеңуге ықпал етті, халықты біріктірді, хан билігінің беделін арттырды. Тәуке хан – ыдырайын деп тұрған хандықты біршама қалпына келтірді. Тәуке хан қазақ мемлекеттігін нығайтты, жоңғар басқарушыларының жаугершілік ниетіне тосқауыл қойды.

Тәуке ханның кезінде батыста қазақтар Сырдария қалалары үшін аштарханидтермен соғыс жүргізсе, оңтүстік шығыста ойраттармен көшіқон үшін талас болды.

Тәуке ханның бірінші мақсаты-қоғамдық тәртіпті реттеуге бағытталуы керек еді,  себебі тек қана осылайша бар күшті сыртқы жаудан-ойраттардан қорғануға бағыттауға болатын еді. Бұл мақсат “Жеті Жарғымен” орнатылды.

Тәуке хан ыдырайын деп тұрған хандықты бір шама қалпына келтірді. Тәуке хан қазақ мемлекеттігін нығайтты, Жоңғар басқарушыларының жаугершілік ниетіне тасқауыл қойды.

XVI-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қазақ мемлекеттігінің нығаюына қарамастан, ХҮІІ ғасырдың аяғында ХҮІІІ ғасырдың басында жағдай күрт өзгерді. Жоңғарлармен соғыс сұрапыл сипат алды. Ойраттар өте үлкен қауіп туғызды. Олардың батыл сарбаздары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, қорғаушыларды өлтіріп, тұтқынға алып, малдарын айдап кетіп отырды.

Қазақтар да батыл қарсылық көрсетіп бақты, дегенмен қазақтар арасында бірліктің жоқтығы, жоңғарларды жеңіске жеткізді.

ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш.Уәлиханов былай суреттейді: “ХҮІІІ ғасырдың бірінші он жылдығында қазақтар үшін қайғылы болды. Жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық қазақтары және башқұрттар жан жақтан олардың ұлыстарын жаншып, тұтқынға тобымен әкетіп жатты”. “Барлық қырғыз қайсақ ордалары – деп жазды, орыс чиновнигі И.Кириллов - бірігіп кетсе, қалмықтарды жеңуші еді. Ал оларда бір хан соғысса, басқасы қалмақты қолдайды”. 1710-1711 жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берілсе, тартып алған жерлерін қайтарса, ал 1717 ж қазақтың 30 мың әскері, Қайып және Әбілқайыр хан бастаған, жеңіліске ұшырады, Аягөз өзені бойында. 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері қазақтарды Түркістан маңында соққыға жықты.

Жоңғарлар бұл кезде өте күшті болды, сондықтан олар Ресеймен Қытаймен әскери қақтығысқа кірісті. 1715 жылы Петр І патшаның бұйрығымен 3 мың орыс әскері Тобылдан 60 салмен Ертістің бойымен Жаркент қаласына жорыққа аттанды. Олардың мақсаты алтын кендерін жаулап алу еді. Патша елшілері жоңғар билеушілерін тосқауылдап, бұл экспедицияны қорғай шараларын қабылдады.

Олардың ресейдің кейбір шекараларының жоңғар хандығына жататынына дау туғызып, хұнтайшыға қысым көрсетті, сөйтіп оны Ресейге бас ұруға мәжбүр қылғысы келді. Бірақ, бұл шаралар оң нәтиже бермеді.

Ресейдің әскери экспедициясы, 1500 жылы атты әскермен нығайттырып, 1716 ж жоңғардың 10 мың әскерінің соққысына ұшырады. 700 адам ғана қайтып, қалғандары соғыс даласында қалды. Осы аман қалған әскер шығыс Қазақстанға келіп Омск қамалының негізін салды. 1723 жылы жоңғарлар Маньчжур династиясы Қытайды басқарған Циньмен мәмілеге келіп, өзінің шығыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстан аумағына бет бұрды. Ол жыл “Ұлы жұт”-тың басы болды. Қазақ аңыздарында ол “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп аталған. Қазақтар төтеннен кейін жауға қарсылық көрсете алмай, малын, мүлкін тастап, қашуға мәжбүр болды. Жоңғар әскерінің қолынан көптеген халық қаза болды. Көпшілігі Талас, Борындай, Арыс өзендері арқылы өтіп бара жатып қаза болды. Қазақ рулары Сырдарияға қарай қашты, соның ар жағында өздерін қауіпсіз санады.

Жоңғар әскерлерінің қару-жарағы, жасақтарының күштілігі, санының көптігі қазақ әскерлерінен асып түсті. Сөйтіп, оларды жеңіске жеткізді және жоңғар қолбасшылары шабуыл жасаудың қолайлы кезеңін, яғни қазақ ауылдары қыстаққа көшкен мезгілін пайдаланды. Ол кезеңде ауылдар бір бірінен алшақ орналасқандықтан, байланыс нашар еді. Шабуыл ең алдымен соғысқа әзір қазақ жасақтарына бағытталды, сөйтіп, созылмалы соғысқа жол бермей, бірден талқандап отырды. Жоңғарларға бағынбағандарды олар бірден жойып отырды.

Орта және Ұлы Жүз қазақтары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аштықпен, әлсіздіктен жерге құлап  Алқакөл көлінің бойында қалғандықтарын білдірген. 1723 ж жоңғарлар қазақ жүздер 10 қала орталықтары мен базарлардан кесіп тастады. Оның ішінде Ташкент, Түркістан, Сайрам бар. Батысқа қашқандардың жаңа толқыны леп берді. Қазақтар Ембі өзеніне қарай қоныс аударды. Одан кейін қазақтар Жайыққа жақындады. Қазақтардың батысқа қарай жаппай қоныс аударуы Еділ мен Жайық арасын жайлаған қалмақ тайшыларын алаңдатты. Жайыққа келген қазақтардың көптігі сонша болғандықтан, қалмық хандығының тағдырына қауіп төнді. Бұл туралы қалмақ хандығының орыс үкіметіне көмек сұрағандығы куә болады.

Орыстардың әскерінің көмегімен қалмақтар өздерінің Еділ мен Жайық арасындағы көші қондарын сақтап қалды. ХҮІІІ ғасырдың ортасында Жайық қазақ пен қалмақтардың шекарасы болды.

Жоңғар басқыншылығы кезінде  “Ұлы Жұт” кезеңінде қазақтардың Бұхара мен Хиуамен қатынасы шиеленісті. Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Ферғананы, Орта Азияның басқа да аймақтарын басып кеткен босқындар тұрғылықты халықты да аштыққа ұшыратты. Қазақтардың жағдайын сонымен бірге, жоңғарлардың тысқыруымен батысқа қозғалысы олардың түркмендермен қақтығысына әкелді, қарақалпақтармен қарым-қатынасының бұзылуы шиеленістірді.

Жоңғар шапқыншылығының кесірі, мал шығы шаруашылық дағдарысына әкелді, сөйтіп қазақ жүздерінің билеушілерінің арасында кикілжің туғызды. Бұл қиын жағдайдай шығудың бірден бір жолы – жауға ұйымдасқан түрде тойтарыс беру еді, сөйтіп, қазақ жүздеріндегі экономикалық саяси ыдырауды тоқтату.

Бірақ қазақтын ақсүйектері - хандар мен сұлтандар, жоңғарларға қарсы азаттық күрестің бірінші кезеңінде ұйымдасқан тойтарыс беруге дайын емес еді. Тәуелсіздік үшін күресті “Қарапайым адалдардың ақсүйектері”, яғни батырлар бастады. Сөйтіп халық жасақшыларының бірігуіне жол салынды.

Деректерге сүйенсек, қазақтар жоңғарларға қарсы күресті 1724 ж бастамақшы болған. Бірақ, ұйымдасқан шабуылды, қазақтың үш жүзі бірігіп 1726 ж бастады. Торғайдың Оңтүстік шығысында Бұланты және Белеуті өзендері жағалауында “Қара сиыр” деген жерде – кейіннен ол “қалмақ қырылған” деп аталған. Осы жер жоңғарлардың қырылған жері, осы жерде қазақ пен жоңғар арасында қантөгіс шайқас болды. Аңыздарда “Бұлантыдан жоңғар әскерлері толық талқандалып, кейін қашты. Ең керемет қақтығыс осы “қара сиырда” болды. Бұл жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күрестегі қазақтардың ең ірі жеңісі еді. Ол халықтың көңіл күйін көтеріп, әрі қарайғы күреске бастады. Бірақ, ең басты міндет қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат ету еді. Орта жүздің ханы Сәмеке 1728 жылы қарашада Еділ қалмақтарының елшілігіне бейбітшілік келісім жүргізуге жіберіледі. Қазақ билеушілері өздерінің тылдарын қауіпсіздендіріп, ең басты соққыны жоңғарларға бағыттау еді. Шығыс шекарадағы жағдай күрделене түсті, сондықтан үш жүздің бірігуін талап етті. Халық жиынында әскери қолбасшы болып, кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланады.

Бұл оқиғаның тура уақыты белгісіз, жобамен 1728 жылдан кейін. Үш жүздің күшін біріктірген, басқарған Әбілқайыр ханның ролі өте зор болды. Ол қазақ қоғамының шамалы көш бастаушыларының бірі болды. Ол халықтың қайғы қасіретке толы кезеңінде, күш қайратын сақтай білді. Өжет, сабырлы, әскери және елшілік қасиеттері бар Әбілқайыр, өзінің бет әлпетімен де халық сеніміне ие болды. Сұңғақ бойлы, сымбатты, әдемі, батыл – оның дене күші де зор болды. Дене жаттығуларын шебер меңгерген. Батырлардың  ешқайсысы оны арқан тарту немесе садақ атудан одан аса алмаған. Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Наурызбай, Малайсары батырларды Әбілқайыр өз маңайына тартты. Олардың ерлігі, ел үшін жаңқиярлығы осы шайқаста жеңіске әкелді. Әсіресе, Бөгенбай батырдың ерлігі үлгі боларлық Бөгенбай батыр – қазақ әскерінің тубегі. Замандастарының айтуынша ол барлық жауынгерлерді “бір бірін қорғау үшін қасық қаны қалғанша бар күшті салуға шақырған. Әбілхаир ханды бас қолбасшы етіп сайлау Ордабасы тауының етегінде өткен. Ордабасы – Шымкенттен батысқа қарай. Сол жерде барлық қазақ қолы жиналған. Әбілқайыр сарбаздары жүріп өткен жерлер белгісін қазір де көруге болады. Мысалы: “Үлкен Орда қонған, Кіші Орда қонған” үңгірлері, Боролдай өзені далабында Әбілқайыр атауы. Қазақ халық аңыздарында Аңырақай шайқасы, ол Балқаш көлінен 120 шақырым жерде Аңырақай деп аталатын  жерде (жоңғарлардың зарлаған жері) өткен шайқас туралы сақталған.

Аңырақай шайқасындағы жеңіс – қазақтың үш жүзінің бірігуінің нәтижесі, бұл 1729 немесе 1730 жылдың көктемі еді. Жоңғарлар жеңілістен кейін шығысқа өз иеліктеріне – Жоңғар хандығына кетті. Бірақ, олар әлі де қауіп туғызды.

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ иеліктері арасында ыдырау басталды.  Себебі белгісіз. Осы шайқастан кейін Әбілқайыр батысқа, Ресей шекарасына қарай шегінді, ал Әбілмәмбет – орта жүздің ханы, қазақ хандарының ордасы – Түркістан қаласына қоныс аударды. Ыдыраудың себебі – жоғарғы билікке хандар мен сұлтандар арасындағы тартыс деген жорамал бар. Ханның орнына үміткер Орта жүзден Семеке, Кіші жүзден Әбілқайыр еді, ал хан қылып Әбілмәмбетті сайлаған соң, Семеке мен Әбілқайыр өкпелеп, өз иеліктеріне кетіп қалды. Бұл оқиға қазақтардың жоңғарға қарсы әскери күшіне кері әсерін тигізді. Бұл жылдар қазақ тарихына “Ақтабан шұбырынды” жылдары болып кірді және қазақ қоғамында терең із қалдырды.

Жетісудағы бай жайылымдардан айрылып, қазақтар көп құндылықтар мен адамдарын жоғалтты. Ғасырлар бойғы Қазақстан аумағындағы көш бағыттары бұзылды. Жоңғарлар ығыстырған қазақ рулары батыс және солтүстік батыс Қазақстан шекарасында; Жайық пен Еділ аралығында қоныс аударуды қиындатып, Орал казактары мен қалмақтармен қақтығысқа әкелді. Олардың сыртында Ұлы Ресей империясы тұр еді.

Жоңғар шапқыншылығы жүздер арасындағы шаруашылық саяси байланыстарды әлсіретті. Сөйтіп, Қазақстанды одан сайын ыдырауға әкелді.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына терең із қалдырды. Елдің тарап таражға түсуі кедейлерді көбейтті. Олардың көбі Қазақстанның батысы мен солтүстігіне қашты. Қазақтардың ресеймен, қалмақтармен, орал казак әскерімен қарым қатынасы шиеленісті. Батыс шекарада бейбітшілікке қол жеткізу – қазақ хандарының басты сыртқы саяси міндеті болды. Ол өте қажет еді – ең басты жау – Жоңғар хандығын тойтару үшін. ХҮІІІ ғасырдың келесі оқиғаларының себеп салдары осындай. Нәтижесінде әуелі Кіші жүз, кейін басқа жүздер де тәуелсіздігін жоғалтып, Қазақстан Ресей империясының отарына айнауына әкелді. Тек жоңғар шапқыншылығы емес, қазақ жүздерінің қорғанысын, оның Ресей көңіліне бағытталуы да әсер етті. Әскери іс дамуының жаңа кезеңі туды, Еуропаның өндірістік өркениетінің әсері келе бастады. ХҮ-ХҮІІІ ғас. Артиллерия пайда болып, ол атты әскерді – көшпелі елдің негізгі күшін ығыстырды. Оның ішінде қазақтар – садақ, найза ғана пайдаланатын.

XVI- ші ғасыр мен XVIII басындағы қазақ мәдениеті.

16-18 ғғ. Қазақ халқының өзіндік ерекше мәдениеті өркен жайды. Қазақтардың үйлер салу, оның жасауы мен салт-дәстүрлері, көркем-өнерлік кәсібі және халық ауыз әдебиеті меншығармашылығы түріндегі мәдениеті өмірге сіңіп, орнықты. Оларда Қазақстан жерінде мекендеген бұрынгы тайпалар менхалықтардың мәдениет байлықтары табиғи түрде түсінікпен қабылданылды. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау ауданындағы кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқындылығымен ерекшеленді.

Үй кәсібі мен қолданбалы өнер бұйымдары – ат әбзелдерінің, киіз үй жабдықтарының еәзік оюланған заттары, шебер істелген үй жасау бұйымдары, үй-інші тұрмысында ұсталатын заттар (кілемдер, киіздер, кестелер, ши тоқымалары, ыдыс-аяқтар), әйелдердің сәнді киімдері мен әшекейлері – міне, осылардың барлығы халықтың өзіндік материалдық мәдениетінің жоғарыболғандығын дәлелдейді. 16-18 ғғ. Қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңінен дамыды. «Қобланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б. сияқты ерлік істер туралы халық аузындағы жырлар, «Қозы Көрпеш-Баян сұлү», «Қыз Жібек», т.б. сияқты әлеуметтік тұрмыстық дастандар үрпақтан-ұрпаққа көшіп отырды, әдет-ғұрып өлендері мен ертегілері қиыстырылып шығарылып жатты. Қазақ ауызекі поэзиясының өкілдері – Шалқиіз жыраудың (15ғ), Доспамбет жыраудың (16 ғ), Жиембеттің (17 ғ) есімдері ел ауызында аңыз болып сақталып қалды. Өлең-жырларда, дастандарда, эпикалық аңыздарда, батырлардың отан қорғаудағы жаңқиярлығы мен ерлігі мадақталды, халықтың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімеленді. Талантты сазгерлер, эпикалық, тарихи аңыздық және тұрмыстық тақырыптарға аспаптық туындылар (күйлер) шығарды. 16-18 ғ. б.ж. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері дінижәне аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен тарихы (шежіре) жасалды. 17 ғ. Қазақ тарихи әдебиетінің неғұрлым маңызды ескерткіші болып Қадырғали Жалаиридің «Жәми ат-таварих» шығармасы саналды.

Бұл кезеңде ісләм діні Оңтүстік Қазақстан қалаларында, соның ішінде осы аймақта тұратын қазақтардың арасында терең тамыр жайды. Қазақтың ел басқарушы тандаулы топтары ісләм дінін толығынан қуаттап, оны өздерінің қол астындағылар арасына кеңінен таратуға тырысты. Алайда, қанаушы топтар арасында ісләм догмалары кең тарай қоймады, халықтың көпшілігі ісләмға дейінгі тәңірге, күнге, әруақтарға, жер, су, от рухына табынуға негізделген нанымдарды ұстанды.

Көп қүдайға табынушылық ырымдарымен қатар мұсылмандық ырым-жоралар да барған сайын кең қанат жая бастады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Хан, сепаратизм, ақсүйек, қарасүйек, асылсүйек, Жеті-жарғы, Сұлтан, ходжа, би.

№ 8 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. Қазақ  қауымының  жердің шынайы иесі кімдер болды?

қауым мүшелері

жерге иелік  болмады

үстем  тап өкілдері

дін басылары

сатып алғандар

2.Шайбани хан Қазақ хандығын  әлсірету  үшін не істеді?

Жоңғарлармен бірігіп  қазақтарға  соғыс ашты.

Ресейді жауластырды

Түркімендерді айдап салды

Сырдария  бойындағы  сауда  орталықтарын басып алды

Қытаймен  астыртын  келіссөздер  жүргізді.

3. Басқақ  деген терминді  қалай  түсінесіз?

1. қолөнер  цехының  иесі

2. орта  деңгейдегі әскери адам

3. көшпелі  аудандардан қалаларға апарып сататын, малды

   айдайтындардың басқарушысы

4. алым-салық жинаушы

монета құюшы маман

4. Қазақ хандығына келіп біраз жемісті келіссөздер жүргізген алғашқы орыс елшісін атаңыз?

Веньямин Степанов

Третьяк Чебуков

Василий Кобяков

Андрей Неприпасов

Александр Тевкелев

5. Кедейлердің  үстем тап  өкілдеріне  қарсы көрсеткен

       қарсылығының  ең көп тараған түрі?

көтеріліске шығу

ұрып-соғу

малын ұрлап алу

басқа  жаққа көшіп кету

жұмысқа шықпай қою

6. Көшудің  айнала көші  түрі  Қазақстанның  қай табиғи аудандарында

        кеңірек дамыды?

шөл, шөлейт

далалық бөктерлер

тау бөктерлері

орманды-далалы  алқаптар

қала  маңы

7.ХVІІ ғ. екінші  жартысы  мен ХVІІІ ғ.  басында  қазақ  қоғамында   дағдарыстық  жағдайдың  белең  алуы неден?

жұт, эпизоотияның  тез  қайталануы

демографиялық  өсімнің болмауы

сыртқы факторлардың әсері

халықтың  тез өсуі

ішкі феодалдық тартыстар

8. Отырықшы-егіншілікті аудандарға  көшпелілердің қажеттігі болды ма?

жоқ. Олар жиі-жиі  шабулы жасап, зардап  шектірді

бұлар  кездейсоқ қатар орналасып қалғандар

көшпелілер  тарихи дамудың ең соңғы сатысында болғандықтан, қажетті  болмады

көшпелілер бір орнында тұрмады, қатынас  өте сирек  болды

көшпелілердің өнімі керек болды

9. Көшпелі  шаруашылыққа  ғылыми баға беріп, оны  алғаш түрге, топқа бөлген ғалымдарды атаңыз.

Бартольд, Бернштам

Греков, Бромлей

Руденко, Кауфман

Златкин, Кляшторный

Покровский, Дахшлейгер

10. Тәуке  ханның  «Жеті Жарғысы» бойынша өлім жазасы қандай жазамен  алмастырылды?

құн төледі

Сібірге өмірік  жер аударылды

терең зынданда ұстады

құлға айналды

дүние-мүлкі, бала-шағасы талан-таражға түсті

11. Алғашқы қазақ елшісі Құл-Мұхаммед Мәскеуге қандай        тапсырмамен барды.

Ресей қол астына  бодандыққа  кіру

Сауданы дамыту, экономикалық байланысқа жол ашу

Жоңғарларға қарсы әскери одақ құру

Еуропалық елдерге шығу

Иранға  қарсы  соғыс ашу

9 дәріс. Қазақ жерлерінің Ресей қамқорына өте бастауы

Мақсаты мен міндеттері:

- Ресей қамқорына кіруінің  себептерін, кезендерін, нәтижелерін анықтау. Отарлау кезендерін жан жақты талқылау, Қазақстандағы патшалық билігінің жүргізген саясатының қиыншылықтары мен зардаптары.

Жоспар:

Қазақстанның жаңа кезеңге өтуі, XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Қазақ-жоңғар соғыстары.

Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы

Қазақстанның территориясын Ресей отарлауы (XVIIIғ.- XIXғ.б.)

Абылайханның ішкі және сыртқы саясаты.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Басин В.В.  Россия и казахское ханство в ХVI-ХVII вв. Алма-Ата, 1978.
  6.  Бартольд  В. В.  Очерки  истории Семиречья.  Соч.   т. 11., ч.1. М.,1963.
  7.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

Қазақстанның жаңа кезеңге өтуі, XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының ішкі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Қазақ мемлекеттігінің нығаюына қарамастан, ХҮІІ ғасырдың аяғында ХҮІІІ ғасырдың басында жағдай күрт өзгерді. Жоңғарлармен соғыс сұрапыл сипат алды. Ойраттар өте үлкен қауіп туғызды. Олардың батыл сарбаздары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, қорғаушыларды өлтіріп, тұтқынға алып, малдарын айдап кетіп отырды.

Қазақтар да батыл қарсылық көрсетіп бақты, дегенмен қазақтар арасында бірліктің жоқтығы, жоңғарларды жеңіске жеткізді.

ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш.Уәлиханов былай суреттейді: “ХҮІІІ ғасырдың бірінші он жылдығында қазақтар үшін қайғылы болды. Жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық қазақтары және башқұрттар жан жақтан олардың ұлыстарын жаншып, тұтқынға тобымен әкетіп жатты”. “Барлық қырғыз қайсақ ордалары – деп жазды, орыс чиновнигі И.Кириллов - бірігіп кетсе, қалмықтарды жеңуші еді. Ал оларда бір хан соғысса, басқасы қалмақты қолдайды”. 1710-1711 жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берілсе, тартып алған жерлерін қайтарса, ал 1717 ж қазақтың 30 мың әскері, Қаип және Әбілқайыр хан бастаған, жеңіліске ұшырады, Аягөз өзені бойында. 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері қазақтарды Түркістан маңында соққыға жықты.

Жоңғарлар бұл кезде өте күшті болды, сондықтан олар Ресеймен Қытаймен әскери қақтығысқа кірісті. 1715 жылы Петр І патшаның бұйрығымен 3 мың орыс әскері Тобылдан 60 салмен Ертістің бойымен Жаркент қаласына жорыққа аттанды. Олардың мақсаты алтын кендерін жаулап алу еді. Патша елшілері жоңғар билеушілерін тосқауылдап, бұл экспедицияны қорғай шараларын қабылдады.

Олардың ресейдің кейбір шекараларының жоңғар хандығына жататынына дау туғызып, хұнтайшыға қысым көрсетті, сөйтіп оны Ресейге бас ұруға мәжбүр қылғысы келді. Бірақ, бұл шаралар оң нәтиже бермеді.

Ресейдің әскери экспедициясы, 1500 жылы атты әскермен нығайттырып, 1716 ж жоңғардың 10 мың әскерінің соққысына ұшырады. 700 адам ғана қайтып, қалғандары соғыс даласында қалды. Осы аман қалған әскер шығыс Қазақстанға келіп Омск қамалының негізін салды. 1723 жылы жоңғарлар Маньчжур династиясы Қытайды басқарған Циньмен мәмілеге келіп, өзінің шығыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстан аумағына бет бұрды. Ол жыл “Ұлы жұт”-тың басы болды. Қазақ аңыздарында ол “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп аталған. Қазақтар төтеннен кейін жауға қарсылық көрсете алмай, малын, мүлкін тастап, қашуға мәжбүр болды. Жоңғар әскерінің қолынан көптеген халық қаза болды. Көпшілігі Талас, Борындай, Арыс өзендері арқылы өтіп бара жатып қаза болды. Қазақ рулары Сырдарияға қарай қашты, соның ар жағында өздерін қауіпсіз санады.

Жоңғар әскерлерінің қару-жарағы, жасақтарының күштілігі, санының көптігі қазақ әскерлерінен асып түсті. Сөйтіп, оларды жеңіске жеткізді және жоңғар қолбасшылары шабуыл жасаудың қолайлы кезеңін, яғни қазақ ауылдары қыстаққа көшкен мезгілін пайдаланды. Ол кезеңде ауылдар бір бірінен алшақ орналасқандықтан, байланыс нашар еді. Шабуыл ең алдымен соғысқа әзір қазақ жасақтарына бағытталды, сөйтіп, созылмалы соғысқа жол бермей, бірден талқандап отырды. Жоңғарларға бағынбағандарды олар бірден жойып отырды.

Орта және Ұлы Жүз қазақтары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аштықпен, әлсіздіктен жерге құлап  Алқакөл көлінің бойында қалғандықтарын білдірген. 1723 ж жоңғарлар қазақ жүздер 10 қала орталықтары мен базарлардан кесіп тастады. Оның ішінде Ташкент, Түркістан, Сайрам бар.

Батысқа қашқандардың жаңа толқыны леп берді. Қазақтар Ембі өзеніне қарай қоныс аударды. Одан кейін қазақтар Жайыққа жақындады. Қазақтардың батысқа қарай жаппай қоныс аударуы Еділ мен Жайық арасын жайлаған қалмақ тайшыларын алаңдатты. Жайыққа келген қазақтардың көптігі сонша болғандықтан, қалмық хандығының тағдырына қауіп төнді. Бұл туралы қалмақ хандығының орыс үкіметіне көмек сұрағандығы куә болады.

Орыстардың әскерінің көмегімен қалмақтар өздерінің Еділ мен Жайық арасындағы көші қондарын сақтап қалды. ХҮІІІ ғасырдың ортасында Жайық қазақ пен қалмақтардың шекарасы болды.

Жоңғар басқыншылығы кезінде  “Ұлы Жұт” кезеңінде қазақтардың Бұхара мен Хиуамен қатынасы шиеленісті. Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Ферғананы, Орта Азияның басқа да аймақтарын басып кеткен босқындар тұрғылықты халықты да аштыққа ұшыратты. Қазақтардың жағдайын сонымен бірге, жоңғарлардың тысқыруымен батысқа қозғалысы олардың түркмендермен қақтығысына әкелді, қарақалпақтармен қарым-қатынасының бұзылуы шиеленістірді.

Жоңғар шапқыншылығының кесірі, мал шығы шаруашылық дағдарысына әкелді, сөйтіп қазақ жүздерінің билеушілерінің арасында кикілжің туғызды. Бұл қиын жағдайдай шығудың бірден бір жолы – жауға ұйымдасқан түрде тойтарыс беру еді, сөйтіп, қазақ жүздеріндегі экономикалық саяси ыдырауды тоқтату.

Бірақ қазақтын ақсүйектері - хандар мен сұлтандар, жоңғарларға қарсы азаттық күрестің бірінші кезеңінде ұйымдасқан тойтарыс беруге дайын емес еді. Тәуелсіздік үшін күресті “Қарапайым адалдардың ақсүйектері”, яғни батырлар бастады. Сөйтіп халық жасақшыларының бірігуіне жол салынды.

Деректерге сүйенсек, қазақтар жоңғарларға қарсы күресті 1724 ж бастамақшы болған. Бірақ, ұйымдасқан шабуылды, қазақтың үш жүзі бірігіп 1726 ж бастады. Торғайдың Оңтүстік шығысында Бұлақты және Белеуті өзендері жағалауында “Қара сиыр” деген жерде – кейіннен ол “қалмақ қырылған” деп аталған. Осы жер жоңғарлардың қырылған жері, осы жерде қазақ пен жоңғар арасында қантөгіс шайқас болды. Аңыздарда “Бұлантыдан жоңғар әскерлері толық талқандалып, кейін қашты. Ең керемет қақтығыс осы “қара сиырда” болды. Бұл жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күрестегі қазақтардың ең ірі жеңісі еді. Ол халықтың көңіл күйін көтеріп, әрі қарайғы күреске бастады. Бірақ, ең басты міндет қазақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат ету еді. Орта жүздің ханы Семеке 1728 жылы қарашады Еділ қалмықтарының елшілігіне бейбітшілік келісім жүргізуге жіберіледі. Қазақ билеушілері өздерінің тылдарын қауіпсіздендіріп, ең басты соққыны жоңғарларға бағыттау еді. Шығыс шекарадағы жағдай күрделене түсті, сондықтан үш жүздің бірігуін талап етті. Халық жиынында әскери қолбасшы болып, кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланады.

Бұл оқиғаның тура уақыты белгісіз, жобамен 1728 жылдан кейін. Үш жүздің күшін біріктірген, басқарған Әбілқайыр ханның ролі өте зор болды. Ол қазақ қоғамының шамалы көш бастаушыларының бірі болды. Ол халықтың қайғы қасіретке толы кезеңінде, күш қайратын сақтай білді. Өжет, сабырлы, әскери және елшілік қасиеттері бар Әбілқайыр, өзінің бет әлпетімен де халық сеніміне ие болды. Сұңғақ бойлы, сымбатты, әдемі, батыл – оның дене күші де зор болды. Дене жаттығуларын шебер меңгерген. Батырлардың  ешқайсысы оны арқан тарту немесе садақ атудан одан аса алмаған. Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Наурызбай, Малайсары батырларды Әбілқайыр өз маңайына тартты. Олардың ерлігі, ел үшін жаңқиярлығы осы шайқаста жеңіске әкелді. Әсіресе, Бөгенбай батырдың ерлігі үлгі боларлық Бөгенбай батыр – қазақ әскерінің тубегі. Замандастарының айтуынша ол барлық жауынгерлерді “бір бірін қорғау үшін қасық қаны қалғанша бар күшті салуға шақырған. Әбілхаир ханды бас қолбасшы етіп сайлау Ордабасы тауының етегінде өткен. Ордабасы – Шымкенттен батысқа қарай. Сол жерде барлық қазақ қолы жиналған. Әбілқайыр сарбаздары жүріп өткен жерлер белгісін қазір де көруге болады. Мысалы: “Үлкен Орда қонған, Кіші Орда қонған” үңгірлері, Боролдай өзені далабында Әбілқайыр атауы. Қазақ халық аңыздарында Аңырақай шайқасы, ол Балқаш көлінен 120 шақырым жерде Аңырақай деп аталатын  жерде (жоңғарлардың зарлаған жері) өткен шайқас туралы сақталған.

Аңырақай шайқасындағы жеңіс – қазақтың үш жүзінің бірігуінің нәтижесі, бұл 1729 немесе 1730 жылдың көктемі еді. Жоңғарлар жеңілістен кейін шығысқа өз иеліктеріне – Жоңғар хандығына кетті. Бірақ, олар әлі де қауіп туғызды.

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ иеліктері арасында ыдырау басталды.  Себебі белгісіз. Осы шайқастан кейін Әбілқайыр батысқа, Ресей шекарасына қарай шегінді, ал Әбілмәмбет – орта жүздің ханы, қазақ хандарының ордасы – Түркістан қаласына қоныс аударды. Ыдыраудың себебі – жоғарғы билікке хандар мен сұлтандар арасындағы тартыс деген жорамал бар. Ханның орнына үміткер Орта жүзден Семеке, Кіші жүзден Әбілқайыр еді, ал хан қылып Әбілмәмбетті сайлаған соң, Семеке мен Әбілқайыр өкпелеп, өз иеліктеріне кетіп қалды. Бұл оқиға қазақтардың жоңғарға қарсы әскери күшіне кері әсерін тигізді. Бұл жылдар қазақ тарихына “Ақтабан шұбырынды” жылдары болып кірді және қазақ қоғамында терең із қалдырды.

Жетісудағы бай жайылымдардан айрылып, қазақтар көп құндылықтар мен адамдарын жоғалтты. Ғасырлар бойғы Қазақстан аумағындағы көш бағыттары бұзылды. Жоңғарлар ығыстырған қазақ рулары батыс және солтүстік батыс Қазақстан шекарасында; Жайық пен Еділ аралығында қоныс аударуды қиындатып, Орал казактары мен қалмақтармен қақтығысқа әкелді. Олардың сыртында Ұлы Ресей империясы тұр еді.

Жоңғар шапқыншылығы жүздер арасындағы шаруашылық саяси байланыстарды әлсіретті. Сөйтіп, Қазақстанды одан сайын ыдырауға әкелді.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамының әлеуметтік қатынастарына терең із қалдырды. Елдің тарап таражға түсуі кедейлерді көбейтті. Олардың көбі Қазақстанның батысы мен солтүстігіне қашты. Қазақтардың ресеймен, қалмақтармен, орал казак әскерімен қарым қатынасы шиеленісті. Батыс шекарада бейбітшілікке қол жеткізу – қазақ хандарының басты сыртқы саяси міндеті болды. Ол өте қажет еді – ең басты жау – Жоңғар хандығын тойтару үшін. ХҮІІІ ғасырдың келесі оқиғаларының себеп салдары осындай. Нәтижесінде әуелі Кіші жүз, кейін басқа жүздер де тәуелсіздігін жоғалтып, Қазақстан Ресей империясының отарына айнауына әкелді. Тек жоңғар шапқыншылығы емес, қазақ жүздерінің қорғанысын, оның Ресей көңіліне бағытталуы да әсер етті. Әскери іс дамуының жаңа кезеңі туды, Еуропаның өндірістік өркениетінің әсері келе бастады. ХҮ-ХҮІІІ ғас. Артиллерия пайда болып, ол атты әскерді – көшпелі елдің негізгі күшін ығыстырды. Оның ішінде қазақтар – садақ, найза ғана пайдаланатын.

Қазақ-жоңғар соғыстары.

Жоңғар хандығы әскери жағынан алғанда сұсты күш саналады. 17 ғ. аяққы кезінде-ақ саны жағынан мол жоңғар әскерінің қару-жарағында «білтелі отты қару» болды. Қазақтардың қару-жарағы жоңғарлардыкінен әлде-қайда олқы еді.

1729 ж. Балқаш көлінен оңтүстік-шығысқа таманғы Аңырақай деген жерде қазақ сарбаздырының жоңғар басқыншыларымен қантөгісті шайқасы болып өтті. Онда үш жүздің бірлестірілген күштері тамаша табысқа жетті. Жаулап алушылардың әскерлері Іле өзені бойымен Шығысқа қарай шегіне бастады. Бірақ осы кезде Болат ханның қайтыс болуына байланысты қазақ жасақтарының жетекшелері билікке таласа жанжалдасып қалды да, мұның һзі ойраттардың жағдайын жеңілдетіп, қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресіндегі көптеген құрбандықтары мен күщ-жігерін жоққа шығарды.

Қазақтардың сыртқы саяси жағдайының күрделігі одан аман шығудың жолдарын іздестіре беруге түрткі болды. 1726ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр, ағамандар Сүгір, Едінбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейден кіші жүз қазақтары үшін қорғаушылық сұрауға елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ оның бұл сапары нәтижесіз қалды. Әйтсе де Әбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз тастамай, 1730ж. қыркүйекте Уфа арқылы Петербургке орыс әйел императоры Анна Иоановнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап әрі аузекі де айтуды тапсырып, қайтадан елшілік жіберді. 1731ж. 19 ақпанда император әйел Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойылды. Тиісті ант қабылдау үшін Қазақстанға Әбілқайыр ханға тапсырылатын грамотамен Сыртқы істер комиссиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді.

Әбілқайырды сендіруіне иек артып, Петербургтегілер, Ресей азаматтығына өтуді Кіші жүздің барлық сұлтандары мен ағамандары қалайтын болар деп шешті. Алайда, 1731ж. қазанда Тевкелев Ырғыз өзенінің бойындағы Әбілқайырдың ақ ордасына келгенде Ресей азаматтығын қабылдау мәселесі бойынша  феодалдық ақсүйектердің арасында айтарлықтай алауыздың бар екендігі анықталды. Барақ сұлтан бастаған “қарсы партия” келіссөздердің өтпеуіне, сөйтіп, Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шаралардың аяқсыз қалуына тырысқанымен, бұл қарсылық әрекеттері сәтсіз аяқталды. Сонымен, 1731ж. 10 қазанда қазақ ағамандары жиналысының едәуір шешімнің  қабылдануы үшін  дауыс берді.

Орта және Ұлы жүздер Ресейге кейінірек қосылғанымен, Әбілқайыр хан патша өкіметіне өтініш білдіргенде бүкіл қазақ халқы атынан сөз салған-ды. Мұның өзі жоңғарларды сөзсіз абайлаттырды және оларды орыс-қазақ қатынастарының онан әрі дамып бара жатқанына қорқынышпен қарауға мәжбүр етті. Ресей әйел императорының жарлығында сол кезде-ақ ресми түрде азаматтығын алған қазақтарды мазасыз көршілерің жауластық әрекеттерінен сақтайтындығына кепілдік беретін пунктте болды: «егер Сіздерге, қайсақтарға (қазақтарға) жаулар шабуылдайтын болса, онда Сіздер олардан біздің күшімізбен қорғаласыздар».

Кіші жүздің Ресей азаматтығын алуының дұрыстық негізін теріске шығармасақ та, Әбілқайырдың Ресей әкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының позициясын әлсіретуге, жеке билік жүргізу  үшін күресте өзінің потенциалды бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдаүнемдік мүддесін назардан тыс қалдырмаған жөн.Бұл мәселеде орыс тарихнамасында да бірыңғай пікір болған жоқ. М.Макшеев, А.И. Добросмыслов, И.Завалишин, В.Н. Витебский, И.И. Крафт  бодандық туралы келіссөздер жүргізу және  құжатқа қол қою барысындағы Әбілқайырдың іс-әрекеттерін тұтасынан ақтады. А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілқайырдың жеке басы еркінің және «қуатты елдің қорғаушылығымен күшеюге» үмітартқан басқада халықтың «әкімқұмар бастықтарының» дәмеленушілік көрінісі қарауға бейім тұрды.

Алайда, Кіші жүз Ресейдің  азаматтығын қабылдағаннан кейін де Қазақстандағы жағдай күрделі  күйіне қалды. Жоңғарлардың ойранды басқыншылық қатері тиылмады. Осындай қиын жағдайда елді аман алып қалу ісінхалық өз мойнына алды. Жоңғар агрессиясын тойтару жылдарында Абылай сұлтанның қолбасшылық таланты көзге түсті. Дегенмен дәл осы жағдайда да қазақ қоғамының әр түрлі таптары өздерінің алдына әртүрлі мақсат қойды. Егер көшпелі малшылардың еңбекшілер бұқарасы күйзелген шаруашылықты қалпына келтіріп, дамытудың, үздіксіз алым-салықтармен тонаушылықты, кедейленуді тоқтатудың шарттары ретінде бейбіт тұрмыс пен жайылымдардың болуы, белгілі бір елдермен сауда жасасу туралы армандаса, қазақ феодалдарының бір бөлігі өздерінің жеке позициясын күшейту мүмкіндіктерін іздестірумен болды.

1732 ж.24 қарашасында Тевкелев өзінің миссиясын аяқтап, Найзакескен мекенінен кері қайтар жолына шықты. Петербургке жіберілген Әбілқайырдың елшілігімен бірге 1723 ж. 2 қаңтарында Уфаға келді. Елшілік құрамында Әбілқайырдың ұлы Ералы сұлтан, ханның немере інісі Нияз сұлтан, ағамандар Шадынбай, Құдайназар мырза, Мырзагелді батыр, Түгелбай мырза және басқалар болды. Петербургте өткен келіссөздердің нәтижесінде Кіші жүздің Ресей азаматтығына кіруі түпкілікті шешілді.

Сол кезде, 1733-1734 жж. Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен ықпалды сұлтандары да Ресейдің азаматтығын қабылдауға тілек білдірді. Император әйел Анна Иоановнаның 1734 ж. 10 маусымындағы жарлығы үкіметтің Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісетін дәлелдеді. Алайда оның Ресейден шалғайлығы, сондай-ақ Жоңғариямен жарассыз қарым-қатынасы, россиялық бағдар ұстаған Жолбарыс ханның 1740 ж. өлтірілуі бұл жоспардың жүзеге асырылуын көп кейінге сырғытып тастады.

Ресей империясы  Кіші, Орта жүздердің  ақсүйектерін өзінің саясатына бағындыруына ұмтылды және сол арқылы отарлау саясатын жүргізген.

Әбілқайыр өзінің  билігін  күшейтіп, бүкіл қазақ жерін  бірлестіруіне ұмтылған. Ресейге бағытталған саясаты- Еуропалық өркениетіне бағытталған қазақ қоғамының дамытуы.

Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы 

Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту үшін Ресей үкіметі 1734 ж. Мамырда Орынбор экспедициясын үйымдастырды. Оны Сенаттың обер-секретары, Петр І-нің сыбайласы П.К.Кириллов басқарды. Оған көмекшіге А.И.Тевкелев тағайындалды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді жан-жақты зерттеу, табиғат байлықтарын барлау, Орск бекінісін салу, орыс және қазақ иеліктерінің арасындағы шекараларды белгілеу міндетіжүктелді. Бірсыпыра себептер және бәрінен бұрын1734-1738 жж. башқұрттардың көтерілісі Орынбор экспедициясының ең көлемді жоспарын іс жүзіне асыруға кедергі жасады. 1735 ж. өзара орыс-қазақ саяси және сауда байланыстарын дамытуда зор маңызы болған Орынбор қаласы салынды.

Ресей өкіметі Жоңғар хандығының агрессиясын тыюға бағытталған шаралар қабылдады. Шекаралық өкімет арқылы Жоңғар қонтайшысы Қалден-Серен қазақтардың бір бөлігі Ресей азаматтығын алғандығы, сондықтан ол сыртқы шапқыншылықтан қорғалатыны жәнінде ескертілді. 1738-1741 жж. Қалден-Сереннің әскерлері қазақ жерлеріне жаңа қырғын жорық жасады. Ямышев, Өскемен және Семей бекіністерінің коменданттары жоңғарлардан Ресей бодандығын қабылдаған қазақтарға тыныштық беруді талап етті. Шекаралық аймақтағы жағдайдың асқынуы, Алтай зауыттарына қауіп төнуі басқарушы Сенатты 1742 ж. 20 мамырда қазақ халқы мен Ертіс шебін қорғау шаралары туралы жарлық қабылдауға мәжбүр етті.

1731 ж. аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр Семеке ханға егер ол Ресей азаматтығын қабылдаса орыс әскерлерінің күшімен бұл аймақтың кауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына уәде беріп, Орта жүзге өзінің өкілдерін жіберді. Семеке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабылдады. 1732 ж. Орта жүздің кейбір бөлігі Ресей құрамына формальды түрде өтті. Одан кейінгі оқиғалар көрсеткеніндей, Семеке Ресей империясымен жасасылған келісім-шартты сақтамайтынын танытты: Ресей азаматтығындағы башқұрт феодалдарына шапқыншылық жасап тұрды. Жоңғарияның қауіп-қатері Орта жүздің ықпалы феодалдарының өздерін құрамында қабылдау жөнінде Ресейге екінші рет өтініш жасауларына түрткі болды.Анна Иоановнаның 1734 ж. 10 маусымдағы грамлтасымен Семекенің және оның жақтастарының өтініші қанағаттандырылды. И.К.:ирилловтың 1731 ж. сәуір айында қайтыс болуына байланысты Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып В.Н.Татищев тағайындалды. ОлКіші және Орта жүздер сұлтандары мен ағамандары өкілдерініңбодандылығын баянды етуге тырысып бақты.

Кіші және Орта жүздер ағамандары мен сұлтандары өкілдерінің 1740 ж. Орынборда өткен сьезі Ресей азаматтығына өтудің алғашқы нәтижелерін бекітіп алуға мүмкіндік туғызды.Сьезге қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескеріп, Қазақстанды жоңғарлардың мүмкін болар басып кірушілігінен қауіпсіздендіруге тырысып, Ресей азаматтығын қабылдауды жақтаған пікір айтты. Кіші және Орта жүздердің бір топ сұлтандары мен ағамандарының 1740 ж. ант беруі Ресейге Орта жүздің тек бір бөлігінің ғана қамтамасыз етті. Ал солтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек 19 ғ. 20-40 жж. ғана, патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды.

18 ғ. ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жауластық әрекеттері Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығының өз ішінде орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреумен оның қазақ жерлерін жаулап алу қауіпі жойылды. 1748 ж. Әбілқайыр ханды Барақ сұлтанның өлтіруі Ресей өкіметін мазаламай қалмады. Әбілқайыр тұсында қалыптасқан саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург сарайы Ресейге бейімделушілік бағытын ұстаған феодалдық топтарға үміт артты. 1749 ж. Нұралы - өлтірілген ханның ұлы Кіші жүздің ханы болып тағайындалды. Алайда патша үкіметінің отарлау бағытындағы саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Бұл Орал маңайын ашық отарлау жолына түскен Орынбор әкімшілігіне және Ресейдің саясатын қолдаған Нұралы ханға қарсы күрес еді.

1756 ж. қазақтардың қысқы уақыттары малдарын Жайықтың оң жағалауына өткізуіне тыйым салған патша жарлығы шықты. Жайық қазақтарының мүддесі үшін қабылданған үкімет шешімі оған қарсы көңіл-күйді күшейте түсті. Орыс селендерін көшпелілер шапқыншылығынан қорғауға бағыштап, патша үкіметі әсіресе Жайық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау орталықтарына айналды.Нақты жағдай мен мақсаттарына қарай патша өкіметі Нұралы ханның ұстанған жолымен де санаспайды. Ал ол аталастарының қысымымен, әскери шаралар арқылы қазақтардың рулық жайылымдарынан ығыстырулуына байланысты өз наразылығын именіп білдіретін.

Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарымен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкеп соғатын ресейлік басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды. Алайда, Орынбор губернаторы барон Игельстромның әуел баста Екатерина-ІІ мақұлдаған бұл реформасының жобасы сәтсіздікке ұшырап, іске аспй қалды. Көп кешікпей Ресей саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және батыр Сырым Датов көтерілісінің қыспағына ұшыраған Нұралы хан биліктен шеттетілді.

1797 ж. қартайып қалған Айшуақ сұлтанды хан бекіту арқылы үкімет неғұрлым ықпалды сұлтандардың хандық билікке жеткісі келген барлық әрекеттерінің жолын кесті. Орынбор әкімшілігі Нұралы ұлдарының бірі – Қарғатай сұлтанның дәмесін қолдамады. Айшуақ қайтыс болғаннан кейін кіші жүз ханы болып оның ұлы, тілалғыш, ықпалы аз Жантөре сұлтан бекітілді.

1821 ж. Арынғазының, ал 1824 ж. – Шерғазы Айшуақовтың хан тағынан түсірілуімен Кіші жүздегі дәстүрлі мемлекеттілік тамамдалды.

1824 ж. «Орынбор қырғыздары» жөніндегі Уставтың қабылдануы Кіші жүзде хандық биліктің жойылуына және оның Ресейдегі ұқсас  әкімшілдік-саяси басқару жүйесімен алмастырылуына себепші болды.

Шығысында Цин империясымен тікелей жанасатын, сондықтан Ресей империясы билеуші топтарының ерекше қам жасауын туғызған Орта жүздегі жағдай бұдан біршама басқаша қалыптасты. Көбінесе Жоңғарияның циндер жаулап алған иеліктерін құрайтын жерлерден Циньцзян имперлік уәлилігінің құрылуы – қазақ-орыс және қазақ-қытай қарым-қатынастарына көптеген өзгерістер енгізді, сөйтіп патша өкіметінің осы аймақта әскери-әкімшілдік әрекеттер жүргізуін едәуір дәрежеде тездете түсті.

Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда отарлаудың тірек базасына айналды. Шекаралық желі үш бөлімнен тұрады: оңтүстік-батыс жағынан – Сібір далалық бекінісінен Омск бекінісіне дейін, ұзындығы 553 шақырым Горькая желісі, Омск бекінісінен Ертістің оң жағалауымен Малонарымск дала бекінісіне дейін, жалпы ұзындығы 1684 шақырым (Ертіс желісі), Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батыс беткейімен Колывандық тау-кен зауыттарының арасы арқылы Кузнецк бекінісі бағытында (Колывановск желісі), ұзындығы 723 шақырым.

Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шектерін нығайту үшін Ресей үкіметі 1734ж. мамырда Орынбор экспедициясын ұйымдастырды. Оны Сенаттың обер-секретары П.К. Кириллов басқарды, оған көмекшіге А.И.Тевкелев тағайындалды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді жан-жақты зерттеу, табиғат байлықтарын барлау, Орск бекінісін салу, орыс және қазақ иеліктерінің арасындағы шекараларды белгілеу міндеті жүктелді.

Патшалық саясатын әдістері. Қазақстан территориясында отаршылыққа бағытталған. Біріншіден  патшалық әкімшілігінің мақсаты – Қазақ жерлерін зерттеу, яғни Ресейдегі өнеркәсібіне шикі зат керек болған. Экспедициялар  зертеген бағыттарында бекіністер салынған. Әр бекініс әскери күштермен қорғанылған. Патша өкіметі барлық әкімшілік функцияларды, билікті  жаңа қосылған Ресей империясының шетінде жергіліктік губернаторларға берген. Губернаторлар енді жаңа әкімшілік жүйесін ұйымдастыру керегін түсінді.  Патшалық әкімшілігінің жергілікті  тірек болған – ол казактар және олар әскери күш болып табылған. Ресей әкімшілігінің алдында енді маңызды мәселе тұрды – қазақ ақсүйектерін өз жағына жақындату. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бірнеше әдістер пайдалынған болды. Алай да патша үкіметінің отарлау бағытындағы саясатының күшеюі жүздегі старшиндардың ханға бағынбауының әртүрлі формасында көрінген ішкі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді жаңа әкімшілік жүйесіне тарту ұмтылып – оларға старшин атауын беріп, жағдайларын жоғартып еткен. Ақсүйектер мен билердін арасында сонымен шиеленіскен қарым-қатынастар туғызылды.

Орал казактармен қатар Қазақстанда Орынбор казак әскери қалыптасқан.  Бұл әскер Жайықтын төменгі ағысында Илецкая бекіністен Орал тауларына дейін және одан әрі шығысқа қарай – Сібір казак әскерінің территорияларына  дейін орналасқан. 

XIXғ. Жетісу, Оңтүстікте Семиречинское  казак әскери қалыптасқан. Казак әскерлер қазақтардын жерлеріне мекендеп әскер қызметін патшалық Ресейге жасаған. Олар бекініс желісіндерін қорғағаннан басқа, қазақ халықының көтерілістерін басу үшін пайдаланды.

Қазақстанның территориясын Ресей отарлауы (XVIIIғ.- XIXғ.б.)

ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның стратегиялық мәні айқын белгіленді. Патша үкіметі өзінің экспансиялық мақсатын жүзеге асыруда Қазақстанда қатаң бағыт ұстады.

Қазақстан арзан шикізат көзі ретінде толық Ресейдің қарамағында болуы керек еді. ХІХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейге номинально бағынса, патша үкіметі оның саяси тәуелсіздігінен айырды. XIXғ. басында Қазақстанның стратегиялық мәні айқын белгіленді. Патша үкіметі өзінің экспансиялық мақсатын  жүзеге асыруда Қазақстанда қатаң бағыт ұстады. Қазақстан арзан шикізат көзі ретінде толық Ресейдің қарамағында болуы керек еді. XIX ғасырдың басында Қазақстан Ресейге номинальдік-нақтылы көрсетілген – бағынса, патша үкіметі оның саяси тәуелсіздігінен айырды. Хандықты жойған соң жаңа басқару жүйесін құрды “Сібір қырғыздарының” уставы 1822ж. дайындалды, жетекшісі М.Спиранский. Сібірді екіге бөлген соң, Қазақстан аумағы Батыс Сібірге жататын болды. 1839ж. дейін Сібірдің бұл бөлігін басқарушы Тобылда болды, 1839ж. кейін Омбыда.

Бұл жарғы бойынша “Сібір қырғыздары” аумағы ішкі және сыртқы округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің  арғы бетіндегі қазақтар кірді. 1822-38жж. 7 округ құрылды: Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құшмұрын, Көкпекті. Округ басында округ бұйрықтары тұрған, оған әкімшілік, сот полиция жұмылдырылған. Округке 15-20 болыс кірген. Әр болыста 10-12 ауыл. Әр әкімшілік ауыл 50-70 шаңырақты біріктірген.

1824ж. Орынбордың генерал-губернаторы П.Эссен жарғының жобасын жасап, Азия комитетімен бекітті. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Батыс-Байұлы, Орта-Жетіру, Шығыс-Әлімұлы және қыпшақтар мен арғындар.

1831ж. бастап дистанциялар ұйымдастырыла бастады. Дистанциялар – бекіністердін аралығы. Дистанциялардын құрамына ауылдар кірген.

XIXғ. 20 жыл  реформалары Қазақстанның  саяси мәртебесін өзгертті. Еңгізілген жарғы ғасырлар бойы сақталған халықтың сот жүйесінің беделін түсірді.

Хандықты жойған соң жаңа басқару жүйесін құрды. Сібірді екіге бөлген соң, қазақстан аумағы Батыс Сібірге жататын болды. 1839 ж дейін Сібірдің бұл бөлігін басқарушы Тобылда болды, 1839ж кейін Омбыда.

Округ басында округ бұйрықтары тұрған, оған әкімшілік, сол, полиция жұмылдырылған. Бұйрықтарды аға сұлтан, төрт заседатель, екі орыс шенеулігі, екі қазақ – оларды билер сайлаған. Аға сұлтан жарғы бойынша сұлтандар жиында сайланған үш жылға.

Округке 15-20 болыс кірген. Болысты болыс сұлтандары басқарған. Олар сол округ бұйрықтарын орындауға міндетті. Әр болыста 10-12 ауыл. Ауыл старшындары үш жылға сайланып, округ бұйрығымен бекітіледі. Әр әкімшілік ауыл 50-70 шаңырақты біріктірген.

Сібір қырғыздарының жарғысы Солтүстік, Орталық қазақстанды азаматтық, әскери отарлауға бағытталып, жаңа саяси-әкімшілік басқару ұйымдастырып Қазақстанның Ресейге қосылу процесін аяқтауға ықпал ету.

Округтер құру жаңа отырықшы қоныстар туғызды: Көкшетау (1824ж), Қарқаралы (1823ж), Ақмола (1832ж), Баянауыл (1826ж) Атбасар (1848ж). 1824ж Орынбор қазақтары туралы жарғы кіші жүздің хандары ХҮІІІ ғасырдың І ші жартысында патша үкіметімен тағайындалған. Олардың қызметін патша шенеуліктері қатаң бақылап отырды. Жантөре хан (1805-1809) өлімінен кейін, үкімет Айшуақтың баласы Ширғазыны тағайындады, ал халық іскер сұлтан Арынғазыны сайлауы. Бірақ, патша үкіметі хан билігін жою үшін Арынғазыны Калугаға жіберді. 1822ж Орынбордың генерал губернаторы П.Әссен жарғының жобасын жасап, Азия комитетімен бекітті. Осыған байланысты Кіші жүзде хан билігі күшін жойды, соңғы хан Шерғалы Орынборға шақырылып, сонда қалдырылды. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Батыс –Байұлы ұрпақтары, Орта – Жетіру, шығыс - Әлімұлы және қыпшақтар мен арғындар. Сұлтандар осы бөліктерді басқаратын, Орынбор шенеуліктері. Әр сұлтанда казак отряды болды.

1831ж бастап дистанциялар ұйымдастырыла бастады. Кіші жүзде лауазымды адамдарды Орынбор генерал губернатор тағайындайтын болды. ХІХ ғасырдың 20 жыл реформалары Қазақстанның саяси мәртебесін өзгертті. Енгізілген Жарғы ғасырлар бойы сақталған халықтың сот жүйесінің беделін түсірді. Осы Жарғының қабылдануымен солтүстік өңірлерде бекіністер салына бастады.

Абылайханның ішкі және сыртқы саясаты.

Абылай – хан (1711-1781) – қазақ халқының әйгілі ханы. Ол ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қатыр-қайратын сарқа жұмсады. Абылай-хан қазақ халқының тарихсынынан аман өтуі үшін ең алдымен елдік тұтастық пен дербестіктің қажет екенін терең түсінді.

Аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі циндік әскерлердің Қазақстан жеріне басып кіру қауіпті Абылай бастаған ықпалы сұлтандардың Ресей бодандығын сақтай отырып Цин богдыханының сюзерендік жоғарғы өкімет билігін қабылдауына  түрткі болды. Абылай ұстаған екі жақты бодандық саясаты Қазақстанның өмірлік мүдделерінен туған еді. Бәрінен бұрын Орта жүзде көптеген салаларда олар жүзеге асырған терең өзгерістер тәуелсіз саясат жүргізуді қамтамасыз етіп, қазақ феодалдық мемлекеттігін нығайтты. Екатерина-ІІ циндік сарайдың, яғни, ірі екі мемлекеттің Абылайды Орта жүз ханы деп мойындауы оның позициясын едәуір нығайта түсті.

Абылай-хан 18 ғ.тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен Ресей үшін Петр І немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтын келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Жоңғарлар, Әбілхайыр-хан, «Ақтабан шұбырынды», «Қалмақ қырылған», аманат. отарлау, бекініс, Абылайхан, «жалтару, амалдау саясаты»

№ 9 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. Қазақстан территориясы Моңғол империясының неше ұлысының аумағына енді?

       1. бес ұлыс

       2. төрт ұлыс

       3. үш ұлыс

       4. екі ұлыс

       5. бір ұлыс

2. Моңғолдар жаулап алған елдерде негізінен басқарудың қандай түрін енгізді?

       1. өзін-өзі басқару

       2. бір орталықтан басқару

       3. конституциялық басқару

       4. парламенттік басқару

       5. оқыған, зиялылар басқаруы

3. Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі Қазақстан туралы жазған саяхатшыны атаңыз?

       1. Дженкинсон

       2. Сымя Цянь

       3. Аль-Макдиси

       4. Земарх

       5. Страленберг

4. Жібек маталары қандай роль атқарады?

       1. құны төмен болды, көп шығарылды

       2. егіншілерге жалақы ретінде берілді

       3. қолөнершілерге жалақы орнына берілді

       4. мемлекеттің қарызын өтеуге жұмсалды

       5. мәліметтер жеткіліксіз, баға беру қиын

5. Көшпелі халықтарда тіршіліктің тек ұжымдық түрінің дамуы неліктен?

өмір сүруге өте  ыңғайлы

өндірілген өнімді бірдей пайдалану

қоғамдық меншік

табиғи ортада тек осылай өмір сүруге болады

әсіресе арамтамақ,жалқаулар үшін тиімді

6. Тарихшы С.Асфендияров моңғол  жаулап алушылығын  қалай  деп бағалады?

өте маңызды салдары  бар оқиға (жақсы мағынасында)

даму екі-үш ғасырға кейін шегінді

тек орыстарды  ғана қатты қанады

соққы тек отырықшы  аудандарға тиді

көптеген  көшпелі мемлекеттер  тарихтан құрып кетті

7. Вертикальды  көшу  тәсілі  қай аудандарға тән?

Сыр бойы

Каспий өңірі

Жетісу, Зайсан

Атырау, Ембі

Қарқаралы, Ертіс

8. Феодалдық  қатынастардың коммендация деген  түрін қалай түсінесіз?

жерді жалға беру

ірі феодалдың  қол астына бірігу

ұжымдық жұмыс түрі

тәлімілік егіншілік

құдықтар  арқылы  суару

9. Алғашқы  орта ғасырларда шопан (чабан) деп кімдерді айтамыз?

шапан киген малшыларды

керуен  тартушыларды

Еркек құлдар, олар тек қой мен сиырды

ғана бақты, жылқы бақтыруға сенбеді

алысқа  ататын садақшы

егінші

10. Түмен дегеніміз не?

жердің  орналасқан орнын көрсету

он мың   әскери-әкімшілік бірлестік

адам аты

қола әшекей бұйым

ағаш ыдыс

11. Алтын орда кезінде  мемлекеттік кеңселер не деп аталынды?

диуандар

дафтарлар

даруғалар

илхандар

датқалар

12. Феодалдық  кіріптарлыққа  не жатады?

егін егу

аң ату

балық аулау

етік тігу

сауын, соғым беру

№ 10 дәріс. XVIII – ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері

Мақсаты мен міндеттері:

- Ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі себептерін, көтеріліс аймақтарын  анықтау.

Жоспар:

 1. XVIII ғасырдың аяғындағы  Ресейдің қазақ жеріне жүргізген әскери-саяси жүйесі.

 2. Сырым Датұлының көтерілісі.

 3. 1822 және 1824 жылдардағы Жарғылар.

 4. Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының көтерілісі

 5. Кенесары Қасымұлының көтерілісі.

 6. Сыр бойы қазақтарының көтерілісі.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40-е годы XIX века. Алма- Ата, 1992.
  6.  Вяткин М.П. Батыр Срым. М., 1947.
  7.  Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца 17-первой половины 19 века. А., 1960.
  8.  Абдиров М. Завоевание Казахстана Россией. Астана, 2000.

XVIII ғасырдың аяғындағы  Ресейдің қазақ жеріне жүргізген әскери-саяси жүйесі.

Өлкенің Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық күресінен жалпы заңдылықтар мен бірқатар аз зерттелген жәйттерді баса айтуға болады. Ұлт-азаттық қозғалысындағы феодалдық топтардың ролі мен орны жөніндегі мәселе елеулі түзетулерді, дәлдеп анықтауды қажет етеді. Орыстардың шаруалар көтерілісінен оған өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарын көздеген боярлардын, дворяндардың қатысқан фактілері белгілі. Осындай құбылыс қазақтардын ұлт-азаттық қозғалыстарында көрінді.    Жеткілікті зерттелмеген проблемалардың  қатарына қазақ шаруалары күресінің  тактикасы мен әскери ұйымдасуы жатады. Көтерісшілердің сан жағынан артықшығы, батылдығы кейде олардың жазаушылармен белдесіп күресуі үшін жеткіліксіз болып көрінеді: бұл қимылдардың стихиялығы, бір жердің шеңберінен аспауы, нақты саяси бағдарламаның болмағандығы олардың жеңіліске ұшырайтынын алдын-ала айқындап, көптеген күрделі құбылыстарға киліктірді.

ХҮІІІ ғасыр аяғында және ХІХ ғасырдың І-ші жартысында ресей империясы қазақ жерін отарлауды аяқтады. Бұл Қазақстан тарихының өте қайғылы және қарама-қайшы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемелекеттерінің негізгі атрибуттарының жойылуын : 1) қазақ хандығының жойылуын; 2) Игельстром 1785-86ж реформаға сәйкес; 3) Сібір, Орынбор қырғыздары жөніндегі жарлығы 1822-24 негізінде билер сотын жалпы империялық ресей сотымен алмастырып, ресей әскери соттарының ролін күшейтті, алым салық жинауды ресей үкіметіне көшті.

Әскери отарлық және қазақ жерінде орыс казактарының ролін, отарлау тірегі ретінде күшейтіп – Сібір, Орынбор, Жетісу казак әскерлерін, жаңа қалалар бекініс қорғандар салу арқылы. Қазақ даласын қоршауы, қазақ қоғамының барлық қабатының құқықтарын шектеп, өздеріне бағынған хандар мен сұлтандар, билерді шенеуліктерге айналдырып, ал келіспегендерді қуғынға ұшыратты.

Қазақ даласының ресей империясымен жайлауы – қанды, қиын, ұзақ процесс болды. Оның нақты бағасы әлі беріліп болған жоқ, әлі де болса ғалымдар зерттеуде, оған әртүрлі көзқарастар бар. Қазақстан тарихының осы кезеңінің қайғылы, қанды оқиғаларына қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы күрестері жатады. Осы кезең оқиғаларына талдау жасасақ, қазақ қоғамындағы әлеуметтік катаклизмалар патша үкіметінің сол кезде отарлық саясатының нәтижесі, халыққа зорлық зомбылық көрсету, дәстүрлі экономикаға араласу болды. Патша үкіметі хандарға қысым жасап, олардың билігін әлсіретуге, ру ақсүйектерін шеттетіп, сұлтандар арасында алаауыздық туғызып отырды. Осының бәрі ХІХ ғасырдағы халық қозғалыстарына негіз болды.

Сырым Датұлының көтерілісі.

1783-1797жж Орал бойында өткен бұл көтеріліс туралы орыс қолбасшысы А.Суворов Ресей халықтарының көтерілістерін басушы былай деп жазады: “Сырым батырмен бірге қырғыз тобырын, қай жерде кездессе де, ұстау, жою, немесе оны қуып жетіп қатаң әскери бұйрықта басшысымен қоса жою міндеттелген”.

Қазақстанның Ресейге қосылған кезінен бастап, Ресей үкіметі отарлық саясатты жүргізіп отырды. Қазақтардың құнарлы жерлері тартып алынып, олардың көші-қондары тарылды, дәстүрлі көш жылдары бұзылды. ХҮІІІ, ХІХ ғғ ең көкейкесті мәселе – жер мәселесі болды. Отарлық  саясаттың күшеюімен қазақтар Емельян Пугачев көтерілісіне қатысты. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачевты қостады. Е.Пугачев Манифесты бойынша ол қазақтарға тартып алынған жерлерін қайтып беруге уәде берді. Қазақтар Жайық, Кулагин, Прясногорск бекіністерін, Орынбор қаласын қоршауда қатысты. Пугачев көтерілісі басылған соң, қазақтар Сырым Датовтың басқаруымен күреске қайта көтерілді.

1783 жылы Кіші жүзде қозғалыс басталып, ол отарлық саясатқа қарсы сипатталды. Көтерілістің негізгі себептері: жер мәселесінің шиеленісуі, яғни жайылым пайдалануды шектеу. Патша үкіметінің қазақтарды Жайық пен Еділ арасында қозғалысын тоқтатқандықтан. 1782 ж 27 желтоқсанда үкіметтің Едел мен Жайық арасына қыстауға апаруға рұқсат еткен жарлығы шықты, бірақ, олар жерді Орал казактарынан жалдау және аманат қалдыру керек болды.

1822 және 1824 жылдардағы Жарғылар.

ХІХ ғасырда Россия империясының қазақ жерлерін жайпауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 ж., “орынбор қырғыздарының уставы” 1824 ж.,  би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру.

Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы.

Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды. Көшпелі қазақтар шаруашылығы әлеуметтік экономикалық қатынастарға тығыз байланысты. Негізгі роль – қазақ халқының тіршілігінде – көшпелі мал шаруашылығы.

Көшпелі шаруашылық малды жыл бойы аяқ астынан жайылуға негізделген. Мал азығының жеткіліксіздігі жайылымның өнімсіздігімен су ресурстарының жеткіліксіздігі малды  жыл бойы әр жерлерге көшіріп отырып бағуды қажет етті. Ол үшін әрине өте көп аумақ керек болатын.

Номадтардың мал жайылымына пайдаланған аумақтары, өз ерекшеліктеріне ғана пайдаланды. Мысалы, қыстау, жайлау, күзеу, көктеу. Қара малды бағу үшін қардың қалыңдығы қыста 10-12 см аспау керек, бұл солтүстік шекараға сәйкес. Сондықтан қыстау  негізінде оңтүстік Қазақстан аймағында орналасты.

Жаз жайылымдар солтүстік және таулы аймақтарды. Жазғы жайылымды таңдаудың негізгі шарты -  су көздерінің болуы. Олар көш жолы бойында малды сумен қамтамасыз ете алатын болуы қажет. Күзгі, көктемгі жайылымдар осы жазғы және қыстау арасындағы байланыс буыны ролін атқарған.

Көшпелі қазақтар қатаң реттелген маршрут болған, яғни тұрақты қыстақтары және жаз кезінде белгіленген жайлауларға көшіп отырған. Орташа алғанда көшу радиусы 50-100 шақырым, кейде 1000 км- 2000 км дейін жеткен.

Жануарлар құрамы тұрақты болған: қой, ешкі, жылқы, түйе және қарамал. Бұл жануарлар дала жағдайына бейімделген.

Жылқы өсіруді қазақтар бірнеше мақсатта пайдаланған: ет-май, сүт, көлік ретінде, қара күш ретінде, қазақ жылқысы еңбекқор, қара жұмысқа шыдамды, жергілікті жердің табиғатына бейім, алыс көштерге жарамды. Жылқы өсірудің көшпелі қазақтар өміріндегі мәні туралы Қасым хан ХҮІ ғасырдың басында былай деген: “Біз – дала тұрғындары; бізге сирек, бай заттар жоқ ең басты байлығымыз – жылқы, еті мен терісі бізге тамақ пен киім, ал оның сүті- қымыз ең асыл сусын; жерімізде бау-бақша жоқ, біздің ойын сауық құратын жеріміз – мал табыны, үйір үйір жылқы, біз осы үйірлерден ләззәт аламыз.

Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының көтерілісі.

Бөкей Ордасы 1801ж. Еділ мен Жайық өзендері аралығына Бөкей хан басқарған 5 мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі (Бөкей) орданың құрылуына бастапқы негіз болды. 30-жылдардың аяғында-ақ 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам жойылды.

Бөкей Ордасының ен белгілі ханы Жәңгір-хан болған – Бөкей ханның баласы. Жәңгір хан өз кезеңінін адамы болған. Ханның өмірі туралы мәліметтер бойынша – ол өте ақылды,прогрессивтік, білімді билеуші болған.

Жәңгір ханның тұсында Бөкей Ордасы жаңа экономикалық шаруашылық қатынастарға кірген. Бөкей ордасында ру-тайпалық қатынастарын орнына әкімшілік-саяси қатынастар ене бастады және жерге жеке меншік туа бастады.

Жәңгір хан өз уақытының ағартушысы болған. Қазақстан территориясында ең бірінші мектептер ашқан, кітапхана, архив, мұражай ұйымдастырған  Жәңгір хан болған. 1844ж. Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Бөкей Орданың территориясы Ресей Астрахан губерниясына қосылған, осы кезден бастап хан атағы жойылған.

ХІХ ғасырдың залы жылдарында көшпелі малшылар ортасында, Бөкей ордасында көшпелі халық толқулары жиіледі.Жәңгір Ордада ескі тәртіпті бұзып, феодалдық жүйе орнатты.

И.Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілісінің себептері терең және саяси экономикалық негізде еді.

Жәңгір барлық рубасыларын өз адамдарымен алмастырды. Ең жақсы жерлерді алды. 1835ж бастап Жәңгір хан қоғамдық жерлерді жеке тұлғаларға бекітті. Әуелі ол жерлерді жергілікті бастықтарға жақсы қызметі үшін берсе, кейіннен ақшаға сатты. Бұл – жерді талап жаржыға салуға әкелді.

Ханның мұндай аграрлық саясаты көшпелілер арасындағы әлеуметтік қатынастарды шиеленістірді. Орданың халқының үштен бірі жерсіз қалды, көбісі жерді жалға алды, жер сауда объектісіне айналды. Бір жағынан меншік иелері отырықшылыққа көше бастады, егіншілік пен шөп шабу дамыды.

Жерді жеке меншік ретінде пайдалану ескі сұлтандық ақсүйектерді және Орданың жаңа сословиесі - дворяндарды күшейтті. Дворяндар Жәңгір ханның тархан грамотасы негізінде қалыптасқан. Адамдардың бұл табы – біртіндеп Ордадағы саяси билікке ие болып, рулық дәстүрлерді оғыстырды. Ал батырлар мен билер осы рулық дәстүр негізінде халықтың құқын қорғауға ұмтылды.

Жәңгір хан мемлекеттік алым салық жинаудың жүйесін енгізді. Алым салықтан бас тартқан қазақтар қатаң жазаланды. Қазақтар қоныс аударушы орыстар мен үкімет тарапынан қанауға ұшырады. Сұлтандық ақсүйектер мен тархандар, старшындардың жерде меншік иеленіп күшеюі, салықтың ауыртпалығы, хан әкімшілігінің озбырлығы – халықтың көтерілуінің себептері.

Қақтығыстар 1833ж басталды, оған себеп Қарауыл қожа Бабажановтың Каспий округінің басқармасы тағайындалуы. Хан оған Исатай Тайманов ауылдарын бағындырды.

Бұл әрекетті қасиетті дәстүрді бұзу деп санаған Исатай күреске кірісіп, бағынудан бас тарты. Бұл күрес кейіннен үлкен көтеріліске ұласты. Исатай Тайманов ең жақын сақабасы Махамбет Өтемісов болды. Ол да Берше руынан шыққан старшын. Қарауылқожаның Исатай батырдың бағынудан бас тартқандығы туралы хабары Ордада ылаң туғызды. Жәңгір хан Исатаймен оны жақтаушыларды ұстауға әмір берді. Осы бұйрықты алысымен Қарауылқожа Исатайға қарсы әскермен аттанды. Исатай ханға келді, бірақ халық тобымен және Қарауылқожаның іс әрекеттеріне қарсылық өтінішпен келді. Қарауылқожа Исатаймен жекпе жекке шықпады. Исатай хан атына тағы да ұжымдық шағым түсірді.

Исатай ханға қарсы шеру ұйымдастырды. Хан осыдан қорқып Астрахань губернаторынан көмек сұрады. Ызаланған халық ауыл – ауылда қаруланған топтар құрды. Қарауылқожа талқандалды. Ордадағы топтар, батырдың бүлігінен қорқып, бас сауғалай бастады. Сонымен бірге, бүлікшілер көпестер мен саудагерлерді тонады. Көтеріліс Орда шекарасынан шықты. Қазан айында бүлікшілер Хан ордасын қоршады, ал Орал желісінен оларға қарсы үш колонна орал казактары шықты. Қарашада, Меркульев басқарған отряды Теректі құмға жетті, онда көтерісшілер тоқтаған болатын. Шабуыл нәтижесінде қарусыз халық жеңіліске ұшырады. Исатай мен Махамбет Кіші Ордаға 13 желтоқсанда ғана жетті. Енді Айшуақ сұлтан олардың соңына түсті.

Исатай Кіші жүзде халықты жаңа күрестерге шақырды. 1883ж маусымда сұлтан Қайыпқали Есімовпен 2000 жігітті бастап Ембі өзеніндегі Темір шатқалына келді. Кіші жүздегі көтеріліс Кенесары қозғалысымен тұспа тұс келді. Көтеріліс Орта Азия, Шығыспен сауда қатынастарын тоқтатып тастады. Сондықтан Ресей үкіметі көтерілісті басуға отрядтар жіберді.

Маусымда Исатай 300 жігітпен Айшуақ ауылына шабуыл жасауға шешім қабылдайды. Себебі, онда тұтқында әйелі, туыстары, балалары тұтқындалған. Исатай отряды сұлтан әскерімен кездесіп, өзінің жауының соңына айналысып, ол қоршауға түсіп, қаза тапты.

Кенесары Қасымұлының көтерілісі.

Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан дара-дара жасақтарды біріктіріп, қазақ жерін отарлау саясатына қарсы көтерілді.

Қазақтардың дәстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға казактарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне  топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Ал Қасым-төре-Абылай ханның ұрпағы еді. Патшаның жазалаушы отрядтары ығыстырған Саржан Сұлтан өзінің жолын қуушылармен бірге Қоқанд биінің көмек көрсететініне  үміттеніп, Қоқанд хандығына көшіп кетті. Ресей патшалық өкіметіне арыз жазып, Саржан өзіннің талаптарын Ресей өкіметінің алдына қойды: Орыс әскерлерін Қазақ даласынан шығару, орыс  бұйрықтарын жою, қазақтарға жерлерін және бостандығын  қайтару.

Саржанның әскеріне қазақ тайпаларын көбісі қосылды. 1826ж. Саржан  Қарқаралы  бұйрығына шабуыл әркеттін  жасаған Саржан, Есенгелді ағасымен бірге қазақ ауылдарын ат шауып орыс өкіметіне және аға-сұлтандарға қарсы күрес жүргізуге шақырған.

Саржан 1833-34жж. аға-сұлтандардын ауылдарына жазалау әскерлеріне, сауда керуендерге, бұйрықтарға үздіксіз шабуылдар жасаған.

Ташкент күшбегімен бірге Саржан 1834ж. Орта жүздің территориясына басып енді. Бірақ сәтсіз Ұлы жүздің шін ұмтылған. Бірақ 1836ж. Ташкент күшбегі Саржан сұлтанды ұлджеріне оралып келді. Саржан бұл кезден бастап Ұлы жүздің қазақтарын біріктіріп күреске көтеру үарымен бірге өлтірген.

Кенесары ағасы бастаған көтерілісті жалғастырды.

Көтерілістің негізгі күші – шаруа болды. Күрес 10 жылға созылды және қазақтардың тарихтағы ең мәнді ұзақ қозғалысы болды. Кенесары қозғалысының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақ  хандығын  біріктіріп оны орталықтандыру, мықты мемлекет еті. Сипаты бойынша ол отарлыққа қарсы, ұлт-азаттық қозғалысы болып табылады.

Көтеріліс шығарушы сұлтанның басты мақсаты Қазақстанның Абылай –хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығын қалпына келтіруге, “жинақтарды” жоюға, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.

Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарғын алды. Бұл XVIIIғ. соңы мен XIXғ.-дағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы Орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси  тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді.

Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар және басқа ұлт өкілдері кездесті.

Кенесары Қасымұлы көтерілісінде қарама-қайшылықтар аз емес. Олар бір жағынан-Қоқанд хандығымен соғыс және екінші жағынан қырғыздармен туысын өлтірушілік соғыс, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларына деген өшпенділік.Кенесарының 1837ж көтерілісіне дейін, ол бірнеше рет патша үкіметін Көкшетау мен Ақмолада бекіністер салудан бас тартқызуға үміттеніп, бірнеше рет ниет білдірді.

1837ж Кенесары өз сақабалаларымен Ақмола округіне келді.

Орта жүздің ең орталығында мекендеген қазақтар патша отарлығын бәрінен де ауыр сезінді. Бұл уақытта Ақмола – отарлық өлкенің тірегі болды. Ақмоладан Ақтау, Ұлытауды қосатын пикеттер салынды. 1837ж  көтеріліске бүкіл Қарқаралы округі қосылды. Олар балхаш, Шу бағытына шықты. 1838 ж оларға Баянауыл округінің, кейіннен Аман – Қарағай округінің қазақтары қосылды.

1838ж 7 тамызда Ақмолаға шабуыл жасады. Бекініс алынды. Бұл оқиғадан кейін Кенесарының қарулы қақтығыстары мен орыс әскері арасындағы соғыс, ауқымды сипат алды.

1838ж Кенесары бастаған қол Торғай, Ырғыз аудандарына өтті. Кенесары, Абылай ханның немересі бола тұра, Ресей мен Қазақстан арасында  Абылай хан кезіндегі қарым қатынастарды қайта орнатқысы келді. 1841ж қыркүйекте Орта және Кіші жүз рулары қазақ хандығын жаңғыртуға шешім қабылдады.

Сөйтіп дәстүрлі салт бойынша Кенесары ақ киізге көтеріліп, хан боп жарияланды. Бұл қазақтардың өзін өзі қорғауын және қазақтардың ұлт азаттық тәуелсіздігіне ұмтылуы еді.

Кенесары орта азия хандарымен одақтаспады, керісінше, ол олардың өзара кикілжіңін пайдаланды. 1840ж Бұхара мен Қоқанд арасында, 1842ж Бұхара мен Хива арасында соғыс туды.

Кенесарының сыртқы белсенді саясаты патша әкімшілігін сескентті, оңтүстікте әскери әрекеттерін тоқтатуды талап етті.

1842ж өз тұғырынан Перовский  түсті. Оның орнына тағайындалған генерал Обручев қақтығысты бейбітшілік жолмен шешкісі келді. Бұл Сібір үкіметіне Кенесарыға қарсы күресті күшейтуге жол ашты, сондай бір күресте Кенесарының әйелі мен балалары тұтқынға алынды.

Тамызда үкімет көп санды экспедиция қалыптастырды. Олардың бір бөлігі Сахар, Батыс Сібір губернаторлығынан, Омбыдан шықты. Кенесары мұндай көп әскерге қарсы тікелей шықпай, даланы айналып жүрді. 1843ж бұл жорық еш нәтижесіз аяқталды. Бұл Кенесарының әскери тактикасының шеберлігін көрсетеді.

1844ж орыс үкіметі тағы үш отряд жасақтады. Олар Омбы Ұлытау және Тобыл өзенінен Кенесарыны соққылау керек еді.

Кенесары өз айласын асырып, орыс отрядтарына қарсы жігіттерін жұмсады. Олар көп күш салмай а, орыс әскерін айламен әуре-сараңға салды. 1844ж Кенесары Ахмет Жанторин отрядын қоршап, талқандады, сөйтіп ол енді Орынбор шекарасына шығып, енді Екатерин станциясын басып алды.

1844ж әскери операцияларда Кенесарының әскери шеберлігі айқын білінді. Дегенмен, халық тозған, жерлерінен  айрылған, оның үстіне 1844-45 жылғы жұт жағдайды  күрт төмендетті.

Қоқан, Хива хандықтары да мазалауын қоймады. Осындай жағдайда Кенесары келіссөздер жүргізді. Бұрынғы жерлерді қайтару туралы ол енді өтінбеді, тек Ақтау, Есіл – Нұра бойында бекіністер салмауды сұрады. Бірақ, үкімет оған келіспеді, себебі Ресейге Орта Азия хандықтарының қосылуы дайындалып жатқан.

1845ж Кенесары ордасына Долговтан елші келді. Олар Кенесарыға келіспеушілік хабар әкелді. Оған тек Қара Қоға үңгірін қалдырды. Қорланған Кенесары енді келіссөз жүргізбеді. Орыс үкіметі Ырғыз және Торғай өзендері бойында яғни Кенесары көшінің ортасында екі бекініс салды. Кенесары қазақ руларын жинап, кеңес құрды. Жоспар жасап, Қытай мен Бұхарадан, Ұлы жүзден, Адай руынан көмек сұрамақшы болды. Ұлы жүз сұлтаны Рүстемнен Орта Жүзді көшіру туралы  шақыру келді. Кеңес Сары арқаны тастап кетпекші болды.

1845ж Қоқандпен күрес жүрді. Кенесары мен Жаңқожа Қоқандты қоршады, бірақ Қоқанд Бұхарамен одақ құрып Кенесарыға қарсы шықты. Әрең дегенде ол Орта жүзге қарай бет алды. Орта Жүздің бұл кезде жағдайы өзгерген, яғни Кенесары үшін қолайсыз жағдай туды. Сонда да Кенесары әжептәуір қол жинады. Бұл кезде оның қырғыздармен қарым қатынасы шиеленісті. Қырғыздар мен қоқандтардың біріккен әскері Кекілі тауында орналасып, әскери қимылдарға кірісті. Одан кейінгі шайқас пішпек және тоқмақ бекіністерінде болды. Қырғыздар жерді жақсы білетін, сондықтан Кенесары әскерлерін қоршауға алды. Наурызбай қаза болды, одан кейін Кенесары өлейін деп жатқанда оны қырғыздар сүңгіге көтерді, сонда Кенесары “өлейін деп тұрсам да қырғыздар, мен сендерден биікпін”- деді.

Көтерілістің негізгі күші – шаруа болды. Күрес 10 жылға созылды және қазақтардың тарихтағы ең мәнді ұзақ қозғалысы болды. Кенесары қозғалысының мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. Қазақ хандығын біріктіріп оны орталықтандыру, мықты мемлекет ету. Сипаты бойынша ол отарлыққа қарсы, ұлт азаттық көтеріліс. Кенесары тамаша әскери қолбасшы, елші ретінде ел есінде қалды.

Сыр бойы қазақтарының көтерілісі.

ХІХ ғасырдың 30-50жж Қазақстанның тарихында маңызды кезең.

Экономикалық әлеуметтік жағдайда Қазақстанның кейбір аудандарында даму байқалады, саяси жағдай тұрақсыз. Сырдария бойының қазақтарының жағдайы өте ауыр.

Ресейдің отарлау саясатының күшеюі, Хива хандығының агрессиясы: Сырдария қазақтарының Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісіне әкелді. Шекті руынан шыққан Жаңқожа қарапайым халықтың беделіне, сыйына ие болды. Өжет, батыл билеуші Жаңқожа бұл кезінде қазақ егіншілерінің отарлық езгіге айналғанын түсінді. Ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды. Орыс үкіметі Ақ-Мешітті алды, сөйтіп онда әскери желіс құрылды. Қазақ халқына алым салық көбейді. 1849ж Раим бекінісіне алғашқы 26 орыс шаруасы – Орынбордан казактары көшіп келді. 1857 жылы 3000-ға жетті қазақ отбасылары өздерінің жерінен қуылды, олардың жерлеріне қоныс аударушылар келіп, қазақ халқы қанауға ұшырады.

ХІХ ғасырдың 50 жылдарында қазақтардың  Кішкентай шекті руы егіншілері көтерілді. 1813ж Жаңқожа батыр Хиваның Кувандары бекінісін талқандаған, ал 1845 ж 2000 әскерден тұратын Хива күшін жойды. 1847-48 жылдары орыстарға хивалықтарды Раим бекінісінен қууға көмектесті. Жанқожа Кенесары қозғалысына да қатысып, онымен бірге Созақ бекінісін талқандаған. Патша үкіметі Жанғожаның шектілер арарсындағы беделін көріп, оны өз жағына тартқысы келді. 1845ж оған орыс өкіметіне ант қабылдау ұсынды. Жанқожа одан бас тартты. Оның енді есауыл шенін алып, кішкентай шектіні басқарудан аластатты.

Бір жағынан хивалықтар езгісі, екінші жағынан жерлерінің тартып алынуы оларды ашық көтеріліске әкелді.

Ең алдымен олардың іс әрекеті патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал көтеріліс басшысы Жаңқожа бұл кезде 90-да еді.

1856ж көтерілісшілер мен патша әскері арасында тікелей қақтығыстар басталды. Жанқожа енді орыс отарлығына қарсы күреске белсенді кірісті, оның құрамында 1500 ге тарта қазақтар болды. 1856ж ол қазалы фортын алды, Солдат слободасын жойды. Оларға қарсы енді Михаилов отряды шықты, бір отряд жеңіліске ұшырады. Екінші отрядБулатов майор бастаған бүлікшілер лагерін атқылады. Бұл 1856 желтоқсаны. Жыл аяғында Ақмешіттен Перовский бастаған отряд, генерал майор Фитингоф (265 солдатпен қару жарақпен шықты) Оның құрамында 300 казак, 1 пушка, екі ракета қондырғыш болды.

1857ж 9 қаңтарда шешуші шайқас болды. Бүлікшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф оларды қуғындап, Сырдарияның оңтүстігіне шығуына мәжбүр етті.

Жанғожа мен бірге 20 ауыл көшті. Хива хандығы шегінде Жанғожа өзіне одақтас іздеді, бірақ еш нәтиже шықпады. Қазақтардың Жанғожа Нұрмұхамед бастаған көтерілісі осылай аяқталды.

Жеңіліс себебі: көне ортағасырлық тәртіпке  сүйену, тактиканың ескілігі, нашар қаруланғандығы болды. Тұрғындар қуғын сүргінге ұшырады, малдарын тартып алды. Ал Жанқожа би міндетін атқарды, кейіннен өзінің қарсыластарының қолынан қаза болды. Хивалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзіндік стратегия қолданды: бекіністерге шабуылдап, оларды қиратып отырды.

Жанқожаның қаруланған қазақтарының саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске тек шектіліктер ғана емес, ал басқа рулар да, соның ішінде көшпелілер де қатысты.

Көтерілісшілердің  жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі орта ғасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: қамал, Жайық, жатақ, егінші, генерал-губернаторлық, облыс,  дистанция, байғыш, төлеңгіт, «әскери іздестіру».

№ 10 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. «Қара пұл» дегеніміз не?

қара түсті мата

құмды, шөлейт аудандарда  болатын  күшті жел, қара дауыл

әбден  бабына  келген еркек түйе,  қара нар

шыққан  тегі белгісіз қызметші,  қара құл

динардың  1/6 тең мыс ақша

2. «Бұқара» дегеніміз не?

бұхарда жасалған бұйым

халық

бұхарлық саудагерлер

қаламен алыс-берісжасаушылар

тау шатқалдарында  мекен ететін  аңшылар

3.Көшпелі  мал шаруашылығының ең басты даму фактоларының  бірі?

асыл тұқымды  малды көбейту

жем-шөп  қорының  мол болуы

жайылым  кеңдігі

жыртқыш аң-құстардың аз болуы

көшу  маршруттарының  қысқа  болуы

4. «Сауын» дегеніміз не?

мал сауу орталықтарын ұйымдастыру

малы жоқ  адамдардың  уақытша саууға мал алуы

тек сауын малдарына ерекше   бағу  тәсілі

сауын малдарын ерекше  бағу  тәсілі

мал  өнімдерін өңдеу

5. Кейінгі  орта  ғасырлардағы  қалаларда қолөнердің мына аталған  түрлерінің қайсысы басым болды?

темір ұсталығы

қару-жарақ жасау

зергерлік, әшекей бұйымдарын жасау

көлік, арба жасау

ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу

6. Даруға  дегеніміз кімдер?

емдік қасиеті бар шөп жинайтын дәруіштер

дар өнерінің  (цирк) ойыншылары

дарийдің тұқымы

жазалы адамды  дарға асушы

жергілікті әскери басшы

7. С.Асфендияров 1935 ж. шыққан «Қазақстан  тарихы» атты еңбегінде моңғол шапқыншылығына   қандай баға берді?

мәдениет  пен өркениетті жалмаған  апат

бұрын соңды болмаған экономикалық қасірет

дүниежүзілік  дамуды  үш ғасырға тоқтатқан тосқауыл

тек  отырықшы  халықтарға  ғана  залалы тиді

халықтар арасындағы қатынастары жоғары  деңгейге көтерген ұлы  құбылыс

8. Қазақ  қауымының  жердің шынайы иесі кімдер болды?

қауым мүшелері

жерге иелік  болмады

үстем  тап өкілдері

дін басылары

сатып алғандар

9.Шайбани хан Қазақ хандығын  әлсірету  үшін не істеді?

Жоңғарлармен бірігіп  қазақтарға  соғыс ашты.

Ресейді жауластырды

Түркімендерді айдап салды

Сырдария  бойындағы  сауда  орталықтарын басып алды

Қытаймен  астыртын  келіссөздер  жүргізді.

10. Басқақ  деген терминді  қалай  түсінесіз?

1. қолөнер  цехының  иесі

2. орта  деңгейдегі әскери адам

3. көшпелі аудандардан қалаларға апарып сататын, малды айдайтындардың басқарушысы

4. алым-салық жинаушы

монета құюшы маман

11. Қазақ хандығына келіп біраз жемісті келіссөздер жүргізген алғашқы орыс елшісін атаңыз?

Веньямин Степанов

Третьяк Чебуков

Василий Кобяков

Андрей Неприпасов

Александр Тевкелев

№ 11 дәріс. Қазақстанның полиэтникалық құрамының қалыптасуы.

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ халқының  ресей құрамына толығымен өтуі. 1867-1868 жылдардағы реформалар, олардың мәні мен мақсаты. Қазақстандағы әкімшілік реформалардың мәнін, салдарларын анықтау. Қазақстан территориясындағы саяси-әлеуметтік процесстердін зерттеуінің мәселелері.

- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің даму ерекшеліктерін талқылау.

Жоспар:

1. XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.

2. Жетісу жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

3. Қазақстандағы татар, поляк,  неміс және т.б.  диаспораларының құрылуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.

60-90жж. реформамен жалпы империялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды.

Жаңа әкімшілік бөлініс жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Осының бәрі 1868ж. Торғай мен Орал Облыстары қазақтарының көтеріліс жасауына түрткі болды, Отаршылдыққа қарсы сыйпаты  айқын көрінді.

Ірі ру басылары жетекшілік  еткен қазақтар үкіметтік комиссияларды шетқақпайлады, патша отрядтарына қарулы қарсылық көрсетті. Билердің, сұлтандардың, болыс басқарушыларының, ағамандардың ауылдарына шапқыншылық жасалды.

Маңғыстау жарты аралығындағы шаруалар көтерілісі де 1869ж. Орал мен Торғай облыстарында уақытша ереженің енгізілуіне байланысты болды. Ереженің енгізілуінен адайлықтардың жер мәселесі бұрынғыдан да қиындай түсті. Салық жинаудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты ашу кернеу олардың Ережені іске асыруға қарсылығын күшейтті. Көтерілісшілер Александровск фортымен Николаевск станциясына шабуылдар жасады. Көтерілісшілер саны 10 мың адамға жетті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ каместтігіне жүктелді. Патша әскерлері Маңқыстауды үш айда көтерісшілерден арылтты.

1870ж наурызда Маңғышлақта көтеріліс басталды. Оған себеп, Маңғышлақ приставы подполковник Рукиннің әскер арқылы қазақ Адай тайпаларын “Уақытша тәртіпті” қабылдауға мәжбүрлеу және оларға дәстүрлі жазғы жайылымдарын пайдалануға тыйым салу. Көтерілісті Досан Тажиев және Иса Тленбаев бастады. 1870ж 15 наурызда Пристав Рукин отряды құрып шатқалында, адайларға қарсы жайлауға көшірмеу үшін ұрыс ашты. 22.03.1870ж. бүлікшілер отрядты қоршап, талқандады, жараланған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұдан кейін көтерілісшілерді балықшылар қостап, олардың қатарына қосылды, бәрі 10 мың адам болды. 5.04.1870ж. Николаев станциясымен Александров Ферпостын шабуылдап. Нижнее бекінісін талқандады. Жаулап алған қайықтардан өзіндік плотилия құрды. 9.04.1870ж. Кавказдан үлкен отряд Кутаисов басқарған әскер келді. Мамыр айында тағы жаңа күш Кавказдан келді, Дағыстан полкінің төрт ротасы, сөйтіп Маңғышлақты алды. И.Тленбаев, Д.Тажиев 1870ж Хиваға кетті. Адайларға 90 мың қой контрибуция салынды.

Сөйтіп, біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір – отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес ХҮІІІ ғас. 80 жылдарынан ХІХ ғасыр бойы жалғасып, ХХ ғасырда Қазақстанда кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

Сөйтіп біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір-отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт-азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес XVIIIғ. 80ж-нан XIXғ. бойы жалғасып,  XX ғасырда Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

№ 11 дәріске арналған тест тапсырмасы

1.IХ-ХIII ғ.ғ. қалаларды арабтардың жаулап алуын неден байқаймыз?

  1.  қалаларда арабтардың көп болуы
  2.  араб тауарларының көптігі
  3.  діни кітаптар көбейді
  4.  мешіттер салынды
  5.  мәдениет орындары ашылды

2. IХ-ХIII ғ.ғ. натуралдік айырбасты қандай қатынастар ығыстыра бастады?

  1.  жеке сауда
  2.  көтерме сауда
  3.  шетелдік сауда
  4.  өнеркәсіптік сауда
  5.  тауар-ақша айналымы

3. Шад-түтік дегеніміз не?

    1.   су жүйелерін реттеуші адам

    2.   әскери бөлімнің басқарушысы

    3.   қимақ тайпаларының басшысы

    4.   керуен басы

    5.   цирк ойыншысы

4.Қазақстан тарихының аса бір қиын кезінде, Жоңғар шапқыншылығы уақытында «қайың сауған» деген сөз пайда болды. Оны қалай түсінесіз?

ағаштан түрлі жихаздар жасау

аралас орман аудандарындағы жайылымдарды пайдалану

ағаштан жасалған үлкен ғимараттар

ашаршылықта қайыңның сөлін ішу

қайық жасау

5. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде қазақ даласындағы негізгі өмірді қалай суреттейді?

     1. шалқыған байлық, керемет өмір

     2. зәулім сарайлар, ғимараттар

     3. өте қымбат бағалы, әшекейлі киім киюге құмарлық

     4. еріншектік басқан жалқаулар елі

     5. негізгі байлығын жылқы деп есептейді

6. Пақыр (факир) дегеніміз кімдер?

     1. қоғамның ең кедей адамдары, зекет салығынан босатылғандар

     2. діни ұйымның мүшелерә

     3. егіншілер қауымы

     4. керуен сарайындағы қызметшілер

     5. хан ордасындағы жұмысшылар

7. Кяриздік суландырудың егіншілікте алатын орны қандай?

     1. егіншілікте негізгі орын алды

     2. үлесі өте аз болды

     3. өте сирек қолданылды

     4. тіптен қолданылмады

     5. деректер жеткіліксіз

8. Қазақтың қай ханы өзін «қазақ пен қалмақтың» ханымын деп жариялады?

     1. Тәуекел

     2. Тәуке

     3. Абылай

     4. Есім

     5. Жәңгір

9. Төлеңгіттер негізінен қандай қызмет атқарды?

     1. елшілік қызметке жұмсалды

     2. тек қолөнермен айналысты

     3. алыс елдермен сауда жасады

     4. кіре тасыды

     5. сұлтандардың қызметін атқарды

10. ХVI-ХVIII ғ.ғ. Қазақстандағы жерге феодалдық меншіктің ерекшелігі неде?

      1. жердің мемлекет қарамағында болуы

      2. қауымдық-рулық меншік нысанында болуы

      3. жерге белгілі бір иелік болмады

      4. тайпалық меншік

      5. тайпалық одақтар

11. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелістің ең жоғарғы сатысында кімдер тұрды?

      1. билер мен байлар

      2. дін нелері

      3. негізгі халық

      4. шетел адамдары

      5. сұлтандар

№ 12 дәріс. XIX ғасырдың екінші жартысындағы

Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ халқының  ресей құрамына толығымен өтуі. 1867-1868 жылдардағы реформалар, олардың мәні мен мақсаты. Қазақстандағы әкімшілік реформалардың мәнін, салдарларын анықтау. Қазақстан территориясындағы саяси-әлеуметтік процесстердін зерттеуінің мәселелері.

- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің даму ерекшеліктерін талқылау.

Жоспар:

Орал, Торғай және  Маңғышлақ облыстарындағы көтерілістер.

1886, 1891 жж. Реформалар.

Қазақстан   территориясына алғаш қоныс аударушылар

XIX  ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

Орал, Торғай және  Маңғышлақ облыстарындағы көтерілістер.

60-90жж. реформамен жалпы империялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды.

Жаңа әкімшілік бөлініс жайылымдарды пайдаланудың ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Осының бәрі 1868ж. Торғай мен Орал Облыстары қазақтарының көтеріліс жасауына түрткі болды, Отаршылдыққа қарсы сыйпаты  айқын көрінді.

Ірі ру басылары жетекшілік  еткен қазақтар үкіметтік комиссияларды шетқақпайлады, патша отрядтарына қарулы қарсылық көрсетті. Билердің, сұлтандардың, болыс басқарушыларының, ағамандардың ауылдарына шапқыншылық жасалды.

Маңғыстау жарты аралығындағы шаруалар көтерілісі де 1869ж. Орал мен Торғай облыстарында уақытша ереженің енгізілуіне байланысты болды. Ереженің енгізілуінен адайлықтардың жер мәселесі бұрынғыдан да қиындай түсті. Салық жинаудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты ашу кернеу олардың Ережені іске асыруға қарсылығын күшейтті. Көтерілісшілер Александровск фортымен Николаевск станциясына шабуылдар жасады. Көтерілісшілер саны 10 мың адамға жетті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ каместтігіне жүктелді. Патша әскерлері Маңқыстауды үш айда көтерісшілерден арылтты.

1870ж наурызда Маңғышлақта көтеріліс басталды. Оған себеп, Маңғышлақ приставы подполковник Рукиннің әскер арқылы қазақ Адай тайпаларын “Уақытша тәртіпті” қабылдауға мәжбүрлеу және оларға дәстүрлі жазғы жайылымдарын пайдалануға тыйым салу. Көтерілісті Досан Тажиев және Иса Тленбаев бастады. 1870ж 15 наурызда Пристав Рукин отряды құрып шатқалында, адайларға қарсы жайлауға көшірмеу үшін ұрыс ашты. 22.03.1870ж. бүлікшілер отрядты қоршап, талқандады, жараланған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұдан кейін көтерілісшілерді балықшылар қостап, олардың қатарына қосылды, бәрі 10 мың адам болды. 5.04.1870ж. Николаев станциясымен Александров Ферпостын шабуылдап. Нижнее бекінісін талқандады. Жаулап алған қайықтардан өзіндік плотилия құрды. 9.04.1870ж. Кавказдан үлкен отряд Кутаисов басқарған әскер келді. Мамыр айында тағы жаңа күш Кавказдан келді, Дағыстан полкінің төрт ротасы, сөйтіп Маңғышлақты алды. И.Тленбаев, Д.Тажиев 1870ж Хиваға кетті. Адайларға 90 мың қой контрибуция салынды.

Сөйтіп, біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір – отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес ХҮІІІ ғас. 80 жылдарынан ХІХ ғасыр бойы жалғасып, ХХ ғасырда Қазақстанда кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

Сөйтіп біз қазақтардың ірі көтерілістерін қарастырдық. Олар патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты кезеңіне жатады. Олар бір біріне ерекшеленгенмен, сипаты бір-отарлық саясатқа қарсы бағытталған.

Бұлардың бәрі ұлт-азаттық күреске жатады. Бұл патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы әрекет. Ұлттық тәуелсіздік үшін күрес XVIIIғ. 80ж-нан XIXғ. бойы жалғасып,  XX ғасырда Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағанда да тоқтаған жоқ, тек күресу әдістері ғана өзгерді.

1886, 1891 жж. Реформалар. Қазақстан территориясына алғаш қоныс аударушылар

ХХ ғасырдың басында Қазақстанда аграрлық мәселе шиеленісті. Оған қоныс аудару саясаты және жергілікті халықтың жер алуы себеп болды. Осыған байланысты “Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарын қазына жеріне ауыстыру туралы” Қаулы шықты. Түркістан аумағына православие дінін ұстайтындарды көшіру қарастырылды. Қоныс аударушылар салықтан жеңілдікпен 8 жылға дейін жеңілдетіліп, әскери қызметтен босатылды. 1904ж “Қоныс аударудық уақытша ережесі туралы заң шықты. Жаңа тәртіп бойынша бұрынғы орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз көшуге болды. Қоныс аудару стихиялық түрде болды. Кейбір зерттеушілер, патша үкіметінің әрқилы құжаттарына қарамастан, қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе түскенін атап өтеді.

Қазақстанда ХІХ аяғынан жер бөлу партиялары жұмыс істеді. Олар қоныс аударушыларға бос жерді анықтау керек еді.

Ф.А.Щербина экспедицияны басқарды. Бұл экспедиция жұмысы көп наразылық туғызды. Осы есеппен далаларда 4074180 ондық жер алынды, оның ішінде Ақмолада 2550202, Семейде – 499566, Торғай Оралда – 1024412 ондық. Дегенмен, жер пайдалану нормасын қайта қарау, көшпелі өмір салтын жою туралы пікірлер туып отырды. Ақмола, Семей облыстарына бірнеше экспедициялар жіберілді. Бұл экспедициялар материалдарында Щербин экспедициясы белгіленген норма көп, көшпенділерге көп кеңістік қажет емес, енді олар егіншілікке, отырықшылыққа көшу керек деп қорытындылады. Бірнеше жыл ішінде Қазақстанның бүкіл аумағы 5 қоныс аудару округіне: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария бөлінді. Басқаруда – меңгеруші тұрды, ол жергілікті әкімшілік генерал-губернаторға, ал көбірек жер басқару басқармасына бағынды.

Осындай ұйымдастырылуға қарамастан қазақ халқының жерін тартып алу заңсыз, дөрекі түрде жүрді. Жетісу тұрғындарының жайылымын, қыстақтарын алу ниеттері көрсетілді.

Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велунин: Олар мемлекеттік жерлер, қазақтарға уақытша пайдалануға берілген, қоныс аудару учаскесін құру керек болса, оларды ығыстырып, қырғыз қыстақтарын тығыздап қана жерді босату керек – деп тұжырымдайды. (ЦГАРК ф.19оп .1 д 1260л31). Ал, қазақ ауылдары ығыстырылған жерлер,  түркімен бойынша сенатор К.Паленаның ревизиясы бойынша тасты, суландыруға келмейтін болған, және құнарлы жерлер. Ресей қоныс аударушылардың еншісіне көше бастады. Байғұс қырғыздар жердің шектелуіне байланысты, ендігі кезеңде көшуді тоқтатады – деп пікір айтқан (Кир. Дала газеті “Адам, қоғам, табиғат” 1888-1902ж) а- 1994 127б. Осы газеттің тағы бір санында көшпелілердің өмір сүру жағдайының төмендегендігі туралы айтылған. Қазақ қоғамындағы күрделі жер қатынасы, енді қауымдық жер бөлумен Заңды негіз алды. Патша үкіметінің бұл мәселе бойынша бірнеше қаулылары шықты. Сібір қырғыздарының жарғысының 172 бабында; егіншілікке ден қойған қырғыздарға 15 ондық жер әр адамға берілетін болған.            

XIX  ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.

ХҮІІІ ғасырдың өзінде Ресей Қазақстанның таби,и байлығына қызығушылық білдірген. Қазақ жерлерінің қосылуынан кейін, кен орындарын іздеу күшейді.

Тау кен өндірісін дамыту Ресейдің қажетін ашумен байланысты болды. Алғашқыда өндірісшілер мен көпестер тұрғылықты халықтан тас көмір, мыс, күміс – қаланы кен орындарын су тегінге сатып алып жүрді.

1815ж Торғай даласында Орынбор экспедициясы 100 пұт қорғасын кенін өндірді.

1916ж Сібірден қазақ даласына Шангин бастаған үлкен экспедиция жіберілді. Олар Есілдің солтүстігінен Нұра өзенінің бойынан алтын, күміс, мыс және қорғасын кен орындарын тапты.

Қазақтардың ықпалымен көптеген мыс, күміс, қорғасын кен орындары ашылды. Әсіресе Қарқаралы, Баян Ауыл уездерінде, кейіннен тас көмір табылды.

Осы жаңалықтармен қазақстанда өндірістің басы басталды. 1861 ж Ақмаола уезінде пасск метал қорыту заводы Рязанов мұрагерлерінің 1840 ж купец Поповтар Қарқаралы уезінде мыс заводы іске кірісті, 80 жылдарда Қазақстанда көмір, металл өндіру күрт өсті.

ХІХ ғасырдың аяғында Жезқазған мыс орны іке қосылды, Шығыс Қазақстан рудниктері, Батыс қазақстанда мұнай көздерін англоамерикан және француз кәсіпкерлері ашты.

Қазақстанда өндірістің дамуында Батыс сібір темір жолының мәні зор. Ол солтүстік Қазақстан аумағының 300 км Омбыдан Петропавловскіге дейін жатты.

ХІХ ғасырдың І жартысында пароход дами бастады.

1870 ж телеграф линиясы іске қосылды, Верный мен Әулие ата Шымкенттен, Ташкентке ғасыр аяғында темір жол, телеграф, су қатынасы Қазақстанды Москва, Петербург, Ташкентпен байланыстырды. Өндірістің пайда болуы қазақ пролетариатының қалыптасуына әкелді. Капиталистік  қатынастардың дамуымен, темір жол жүйесінің дамуымен, өмірге әкімшілік реформалардың енуімен Қазақстанда қалалар дамып, олардың халқы өсе бастады. Әсіресе өндірістік, сауда, қолөнер, мәдениет орталықтары – облыстық, уездік қалалар халқы қарқынмен өсті.

Капитализмнің дамуымен далаға сауда-ақша қатынастары келді. Сауданың негізгі түрі – мыстық, ақша айналымы нашар болды. Жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қазақтар Қытаймен, Ресеймен, Хива, Қоқандпен, Бұхара, Шығыс Түркістанмен сауда жасады. Олар негізінен малдарын темір, мыс, шойын заттарға айырбастады.

ХІХ ғасыр аяғында банктар капиталистік түрде несиелер беруді игерді. Қала банклары Омбыда – 1875ж, Петропавлда – 1871ж ашылды. Кейіннен мемлекеттік банк бөлімшелері басқа қалаларда да ашылды.

Жалпы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік, экономикалық процесстер Қазақстан өмірінің барлық саласына терең әсер етті. Ауылдың шаруашылық жүйесіне оң әсерін тигізді, кен өндіру өндірісін дамытып, жеке кәсіпкерлікті, ауыл мен қаланың байланысын дамытып, Ресейдің империализм сатысына кіруіне жағдай туғызды. Отарлы Қазақстан оның бір құрамдас бөлігі еді.

XIXғ. соңғы ширегінде Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі өмірге  келді.  XIXғ. орта шенінде-ақ Қазақстанда пайдалы қазбалардың көптеген түрлері бар екендігі мәлім болды.  XIXғ. 60жж. бастан Ресейдің кәсіпкерлері қазақ өлкесіне капиталдарын жеткізіп, пайдалы қазбалардың бірқатар кен көздері негізінде өнеркәсіп кәсіпорындарын құруды қолға алды. 70-80ж. ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін май шайқайтын, былғары шығаратын, ұн тартатын және басқа кәсіпорындар едәуір қорқынмен дамыды. Шикізат өндеу кәсіпорындарының негізгі орталықтары Солтүстік Батыс және Шығыс Қазақстан болды.  Былғары өнеркәсібі дамудың айтарлықтай деңгейіне жетті.

Шымкент сантонин зауытын химия өнеркәсібінің  бастамасы деп есептеуге болады.

1822ж. негізі қаланған бұл зауыт өзінің өнімін  Англияға, америкаға, германияға, Үндістан және Жапноияға табысты түрде экспортқа шығарып  отырды. Оңтүстік аудандарда Шымкент пен Түркістанда негізінен мақта тазалайтын  бірнеше зауыт істеп тұрды. Темекі өнеркәсібі Верный қаласында 1875 және 1900жж. салынған, қуаты шамалы екі кәсіпорыннан тұрды.

Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде тұз кен орындары ашылды. Қазақстан территориясында  XIXғ. соңы мен XXғ. басында ірі 300-500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Олар: Спасск мыс қорыту зауыты. Успенск рудингі. Қарағанды көмір кені. Екібастұз және Риддер кәсіпорындары болатын. Өнеркәсіптің айтарлықтай дамыған саласы тау-кен  қазу кәсіпорындары еді. Қазақстанның өнеркәсібі, әсіресе тау-кен қазу, көмір және мұнай өнеркәсібі шетел капиталистерінің көңіл бөлетін объектісіне айналды. Спасск-Успенск, Атбасар мыс, Риддер рудниктері, қарағанды және Екібастұз таскөмір кендері, бірқатар мұнай кен орындары шетел капиталистеріне сатылып жіберілген болатын.

Өнеркәсіп пен ішкі сауданың дамуына Қазақстанды Сібірмен және Ресей империясының ішкі жерлерімен байланыстыратын теміржолдардың салынуы да мүмкіндік туғызды.  XIXсоңғы он жылында Қазақстанда 482 шақырым рельстік жол салынды.

Урбанизация процестер. Қалалардың өсуі және маңызы.

XIXғ. 70-80ж. кедейленген қазақтардың күнкөрістік  табыс іздеп, әр түрлі кәсіпшіліктерге және таукен өнеркәсіптеріне кетуі көбейе түсті.

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық  өмірдің орталықтарына айналған Қазақстан қалалары да елеулі өзгерістерді бастан кешірді.  XIX ғ. екінші жартысында қалалық мекендердің үлкен бөлігі шағын қалалар санатына жатты. Мысалы, Сырдария облысында шағын қалалар барлық қалалардың 71 процентін құрады.

1897ж. Жаппай жүргізілген халық санағы бойынша Қазақстан облыстарындағы халық саны мынадай болды: Ақмола облысында 127981 адам, Семей облысыны – 973589, Сырдария облысы –1166116, Торғай облысы – 728057, Орал облысы –801975 адам тұрды.

Оңтүстік Қазақстанда бұрынғы кезеннен бастап қалыптасқан қалалар пайда болған, этникалық ортасы түркі тілдес компоненттен тұрған.

Солтүстік-Батыс, Шығыс және Орталық Қазақстандағы қалалар қалыптасты отарлау кезенде  алайда осы қалалар ежелгі Қазақстанның жерінде және бұрынғы мекен-жай, қоныстанған орындарда салынған.

1914ж. қарай Қазақстанда 26 қала пайда болды. Қалалардын этникалық құрамы түрлі-түрлі болып қалыптасқан.

Қалалардын тұрғынын құрамына ықпал еткен факторлар: крестьяндардын қоныс аударуы, саяси жер аудару тұрақтық әскер бөлімдерінің контингентінің, орналасуы жатақшылықтын өсуі.

Қалалардын этникалық, кәсіпшілік, діни құрамының өзгеруі бүкіл әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты.

Тұтас алғанда XIXғ. екінші жартысында  болып  өткен әлеуметтік экономикалық процестер Қазақстан өмірінің барлық салаларына терең  ықпалын тигізді, аулдардың, қоныс аударған деревнялардың шаруашылық құрылымында нақтылы өзгерістер жасалуына, шикізат өндеу және Тау-кен қазу өнеркәсіптерінің алғашқы ірі ошақтары құрылуына, сауда жүйесіне өсімқорлық элементтерінің, жеке меншіктік кәсіпкерліктің енгізілуіне, отарлы Қазақстан құрамды бөлгі саналған Ресейдің империализм стадиясына өтуі жағдайында қалалар мен селолар арасындағы өзара байланыстардың терендеуіне себепші болды.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік  мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қонаудан туған жаңалықтармен бірге патриархалды – феодалдық құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды. Оның неғұрлым айшықты құрамдас бөліктері әдебиет пен музыка болды. Діни догмалар мен тиым салушылық бейнелеу өнері мен театрлық мәдениеттің дамуын қатты шегеріп қалды.

Әдеби процестер  екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында  жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев болды. Абай жиырма жыл бойы халықтың поэтикалық шығармашылығын, шығыс ақындырының шығармаларын және орыстың классикалық әдебиетін оқып-үйрендй. 1886 ж. 40 жасында «Жаз» деген өленің жазды, одан кейінгі жиырма жылғы өмірі поэтикалық қызметпен өтті.

Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адамқоршаған болмысқа деген өзінің саналы қатынасын қалыптарыстуға тиісті. ОЛ адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс.

«Ақыл, ғылым, еркіндік» қана адамды асқақтататын қоғамның прогресті дамытылуына талпынас Абай шығармашылығындағы басты бағыттардың бірі болды. Жекелеп алғандағы әрбір адамның адамзат қоғамына қызмет ету жолдарын Абай ең алдымен қоғамның материалдық және рухани гүлдеуіне жетудің құралы ретінде еңбектен көре алды.

Абайдың бүкіл шығармашылығы жұмысы жоқтықпен ымыраға келмеушілік идеяларына құрылған. Оның пікірінде адамның мінез-құлқы тек қиыншылықтармен күресте, соларды жеңіп шығуда ғана шыңдалады. Ақын қоғамдық өмірдің өзіне белгілі сол кездегі жағдайында халық бұқарасы еңбегінің жемісін түгел пайдалана алмайтының түсінсе де, халықтың жасампаздық күшіне берік сенді.

Әшкерелеуші өлеңдерінде Абай еңбекшілер көпшілігі мен үстемдік құрушы азшылықтың арасындағы антагонизмнің қарама-қайшылықтарын ашып көрсетті.

Абайдың демократиялық көзқарасы оның ағамандар мен билердің қызметіне қатысын да айқындады. Царизм билердің құқықтарын шектегенімен, олардың едәуір қолында сот билігі шоғырланды, ал қазақ шаруаларының тағдыры көбінесе солардың кесіміне байланысты болды. Көптеген мәселелер бойынша билердің шешімдері патша әкімшілігінің мүддесін қорғады.

Халықтың қараңғылығын пайдаланып, билер олардан пайда табуға барынша табысты. Абайдың сөзімен айтқанда, негізінен халық бұқарасын «ақымақ қылды».

Абайдың жастар бойына ғылым мен білімге сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіруге деген табанды талпынысы оның қазақ қоғамының, бірінші кезекте, надандық пен қараңағылыққа байланысты кеселдерін әшкерелеуінен көрінді.

XIX–XXғ. басы қазақ халқы музыкалық мәдениетінің бұрын кездеспеген өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нурпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ықылас өлмес күйлер шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың Ақан Серінің, Мұхиттың, Абайдың, Балуан-Шолақтың,  Жаяу Мұсаның, Мәдидің, Ыбырайдың, Естайдың  және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы  адамдардың  туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттың сұлулығын дәріптеді, бітім болмысында  өнегелілік және эстетикалық бағалылықтарды сақтады. Ол қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті, қарапайым адамдардың тыныштық пен аманесендікте өмір сүргілері келетін ынта-ықыласын білдірді. Айталық, Құрманғазының алғашқы музыкалық шығармасы – «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арналған болатын. Ал, 1916 ж. Оқиғалар Дина Нұрпеисованың «Әскерге алу» күйін шығаруына себеп болды. Егер Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына десек, онда Мұхиттың «Зәуреші» академик А.Жұбановтың берген сипаттамасы бойынша нағыз «Реквием» (қаралы музыкалық шығарма) саналды. Абай мен Жаяу Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленді.

XIXғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870ж. 28 наурызда “Түркістан уәлаяты” газетінің бірінші нөмірі шықты. Ол қазақ және өзбек тілдерінде шығарылды. Оның беттерінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870ж.) және басқа оқиғалар жөніндегі материалдар басылды.

1911ж. бірінші қазақ журналы «Айқап» жарық көрді, өмір сүрген төрт жылы ішінде оның 88 көмірі шықты. 1913-1918жж. “Қазақ” газеті шығарылып тұрды. “Айқап” пен “Қазақ” қоғам өмірінің  барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүруге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады және сонымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден олар орнын да теріске шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкілқазақстандық съезі шақыру идеясын қолдады.

Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петиербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абайдын, Шоқанның, Ыбырайдың, А.Байтұрсыновтың, Міржақып Дулаттың, Ә.Диваевтың және көптегене басқалардың  шығармалары басылып шықты. 1912 ж. Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға мамандырылған «Жәрдем» баспаханы құрылды. Қазан революциясына дейін қазақ тілінде шамамен 700 атаулы кітап (қайта шығарылғандарын есептемегенде) басылып шығарылды.

Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын шарпыды.

Алайда, халыққа осы рухани байлықтар мен мәдениет жетістіктерінің бәрі бірдей жете қойған жоқ. Бұған халықтың жаппай сауатсыздығы, мәдени-ағарту мекемелерінің өте аздығы, царизмнің отаршылдық саясаты әсер етті.

Дәрістің негізгі ұғымдары: уезд, ауыл, жадидтік мектептер, мектептер, медресе, жатақтар, қараши, алыпсатарлар, саудагерлер, болыс, қоныс аудару үрдістері.

№ 12 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. ХVІІІ ғ. қазақтарды жерден, жайылымнан ығыстырудың  алғашқы  шарасын атаңыз

темір жолдар салуы

өнеркәсіп орындарының  ашылуы

қала құрылысына  жер алу

Жайық, ертіс өзендері бойында мал бағуға  тыйым салу

шетелдіктерге жер беру

2. ХІХ ғ. вакфтық  жерлер Қазақстанның  қай аудандарында  сақталады?

Шығыс  аудандар

Орталық аудандар

Солтүстік аудандар

Батыс аудандар

Оңтүстік аудандар

3. Қазақтың  бұрыннан қалыптасқан  дәстүрлі  қоғамының

       дамуына көбірек  әсер етке қандай әлеуметтік топ?

Шетел капиталы

Сауда  адамдары

Орыс  фабриканттары

Діни адамдар

Патша  әкімшілігі

4. 1868  ж. реформадан соң  Маңғышлақ приставтығы  қайда  бағынды?

Орынбор генерал-губернаторлығы

Батыс Сібір генерал-губернаторлығы

Түркістан генерал-губернаторлығы

Астрахань генерал губернаторлығы

Кавказдың әскери округі

5. ХІХ ғ.  соңындағы Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке?

Қоянды

Жәміш

Аягөз

Тайыншакөл

Бөкей

6. Қазақ  ауылындағы  майда  өндірушілерді ңтолық жеке  меншік  иесі бола  алмағанын қалай түсінесіз?

жерге жеке меншік болуы

өндіріс құралдарының ортақ болуы

олар көбіне  пауперлік жағдайға  ұшырады

өндірілген өнім  сұраныс  таппады

өнімнің сапасы төмен болды

7. Шаруашылықтың қандай түріне ең көп қосымша өнім өндірілді?

қолөнершілерде

кен өндірушілерде

балық шаруашылығында

орта деңгейдегі мал  шаруашылығында

байлардың  шаруашылығында

8. Албан дегеніміз не?

қазақтың ұлттық ойыны

ру-тайпа  аты

жоңғарлар жаулап алған  жерлерден жиналған салық

жартастағы сурет

руникалық жазу

9. ХІХ ғ. соңында қазақ  өлкесінде кең тараған капитал?

1. өнеркәсіптік  капиталы

2. аралық  сауда

3. ауыл  шаруашылық капиталы

4. орта  кәсіпкерлік

5.балық шаруашылығы

10. Патша әкімшілігі  Қазақстанға  қоныс аударушыларды  қалай орналастырды?

қазба байлық  көздеріне жақын

бір-біріне  қатысуға ыңғайлы  болу үшін үлкен бір жол бойына

өзен-су  алқаптарына

қалаларға жақын

жаңа  салынған қалаларға

11. Қазақстан өнеркәсібінің  өркендеуі  кімдердің мүддесін көздеді?

  1.  жергілікті  халықтың
  2.  қазақ  қоғамындағы  үстем тап  өкілдерінің
  3.  Ресей империясының
  4.  орыс өнеркәсібі капиталының
  5.  шетел капиталының

12. Қазақстанда  бірінші жәрмеңке қай жерде ашылды?

Қарқаралыда

Атбасарда

Семейде

Жаркентте

Бөкей Ордасында

13 дәріс.  ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы

Мақсаты мен міндеттері: 

- ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, ерекшеліктерін, өкіметтің аграрлық саясатын  ашып көрсету. Ұлттық интеллигенция қалыптасуының кезендерін көрсету. Интеллигенция, қоғамдық қайраткерлерінің тарихи тағдырларын жан жақты ашып жеткізу.

Жоспар:

13.1. Ғасыр басындағы өлке тұрғындары.

13.2. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Столыпин  реформалары.

13.3.Жұмысшы кадрлардың қалыптасуы.

13.4.Аграрлық мәселелердің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының салдары

Әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

Ғасыр басындағы өлке тұрғындары

1905-1907ж революция қарсаңында аймақта әрқилы  жұмысшы шаруалар наразылықтары өтті.

Қазақстанда жұмысшы қозғалысы күшейді, 1901ж Қарағанды көмір бассейнінің жұмысшылары – Орынбор башқұрттары жалақы талап етіп наразылық жасады. Оларды қазақтар орыс, татарлар қолдады. 1902ж Зайсан уезінде қазақтар көтерілді. Олардың талаптары қанағаттандырылмағандықтан олар прийскіні тастап, жұмысты тоқтатты. 1902ж,1903ж Екібастұзда көтеріліс болды. Жалақы талап етті, талаптары қанағаттандырылды.

Жұмысшылар Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында да көтерілді, олар жұмысты тастап кетті, кейіннен ұйымдасқан түрде стачка жасады. Орыс-жапон соғысы басталып, ол империалистік сипат алды және патша тәртібіне наразылықты күшейтті.

1905ж дейін Қазақстанда ірі көтерілістер болған жоқ, оған себеп: қанды жексенбі оқиғасы.

Наразылық жиындар Ташкент, Омбы, Верный қалаларында өтті. Бұл экономикалық сипат алды, онда әсіресе темір жол шеберханалары мен депо жұмысшылары қатысты. Орал, Перовск, Түркістан, Шалқан т.б. көптеген теміржол станцияларында 1 Май қарсаңында жиындар өтті. Революциялық листовкалар таратылды. Социал-демократ, социал-революционерлердің, олар партия ұйымдарына бірікті. Қазақстан революциялық қозғалыс 1905ж күшейді, әсіресе патшаның 17 қазандағы манифесінен кейін, қазақстанның көптеген қалаларында қарсылық шерулер өтті. Омбыда Ә.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен демонстрация өтті. 19.10.1905ж. оның ықпалымен манифест қазақшаға аударылды, сөйтіп Перовск, Орал, Қарқаралы, павлодарда таратылды. Ерекше белсенділік танытқандар: жергілікті зиялы қауым; А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, Бекметовтар, Ж.Ақбаев т.б.

1905ж 15 қарашада Қарқаралы оқиғасы өтті, онда қазақ, татар, орыстар қатысты. Кейіннен ұйымдастырушылары қуғынға ұшырады. Олар Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, Ережеп Итбаев отарлық әкімшіліктен босатуды талап етті. Ірі көтерілістер таукен зауыттарында, шахта, темір жолдарда өтті, себебі олар Ресейдегі жалпы революциялық оқиғалармен тығыз байланысты еді.

Қазақстан темір жолшылары 1905ж қазан саяси стачкаға белсенді қатысты. Ол Ресейдің бүкіл темір жол бойын қамтыды. Талап: саяси кепілдік және бостандық жариялау және құрылтай жиналысын 17 қазандағы манифест саяси бостандық әпергенмен, жұмысшылар қозғалысын бәсеңдете алмады.

Қазақстан темір жолшылары Ресейдегі желтоқсан бүлігіне қосылып, экономикалық талаптар қойды. Петропавл, Орал, Перовск қазалы Түркістанда стачкалық комитеттер құрылды. Олар жергілікті билікті өз қолдарына алды.  Станцияларда делегаттар сайланды. Сөйтіп, жаңа революциялық үкімет ұрығы қалыптасты.

Бұл жағдайда Перов революциялық комитетінің ролі ерекше. Төрағасы Новоковский – бұрынғы теміржолшы, халықшыл. Комитетке социал демократтар: С.Табацкий, А.Горохов кірді. Стачканы басу үшін әскер келді, бірақ стачка 9 желтоқсанға дейін жалғасты. Стачкалар Өспен руднигінде, Павлодар, Қарағанды, Спасск мыс қорыту зауытында да өтті. Өспен руднигінде жұмысшылар жиыны өтіп, экономикалық талаптар қойылды.

“Орыс қырғыз одағы” құрылды, П.Топоркин, В.Мартхога, Алимжан Байшагиров, Искак Қасқабаевтың басшылығымен. 11 желтоқсанда өткен стачка “Орыс қазақ одағы – капитализмге қарсы” ұранымен өтті. Әкімшілік олардың негізгі талаптарын қанағаттандырды, 8 сағаттық жұмыс күні енгізіліп, азық түлік арзандады. Орыс қырғыз одағы – Қазақстандағы барлық жұмысшылардың өз саяси, экономикалық құқықтары үшін күрестегі ынтымағының нығаюын білдіреді. Москвадағы декабрь көтерілісінің басылуымен, революция кейін шегінді.

Әскери жағдай Петропавл, Омбы, Ақмола, Семей уездеріне тарады. Сібірге, Солтүстік Қазақстанға Меллер-Зокомельскийдің жазалау отрядтары жіберіліп, олар революция күшін басу үшін қуғын ұйымдастырды. Жалпы тұтқындау, айдауға жіберу, жұмыстан қуу басталды.

1906ж маусымда Семей кәсіпорындарының барлық жұмысшылары көтерілді. Оралда теміржолшылар Орынбор-Ташкент бойында наразылық білдірді. 1907ж жекелеген саяси акциялар: “Итальяндық” көтеріліс, яғни жұмысқа шығу, бірақ міндеттерін орындамау. Омбы-Петропавлдағы, Сібір магистраліндағы жұмысшы толқулары әскермен басылды.

Жұмысшылар қозғалысының дамуында жергілікті социал демократтардың ролі зор болды. Орынбор, ташкент, Сібір, Астрахан, Самара, Саратов РСДРП комитеттері ерекше ықпал етті.

“Сібір социал демократтар одағы” 1904ж Омбы ұйымы Петропавл, Кокшетау жұмысшылары арасында үгіт насихат жүргізді. Қазақстандағы алғашқы маркстік үйірмені Атабасарда, Оралдан айдалып келген Ушаков ұйымдастырған. Кейінен мұндай үйірмелер Қазақстанның барлық қалаларында болды. Олардый ұйымдастырушылары: Н.Васильев, М.Фрунзе, В.Куйбышев, Г.М. Тихомиров т.б. Социал-демократ топтар мен ұйымдар әсіресе теміржол бойындағы қалаларда туды, себебі онда депо, шеберхана жұмысшылары көп.

1905ж оқиғалармен кәсіподақ қозғалысының басталуы да байланысты, ең алғашқысы темір жол кәсіподағы, 1905ж, қарашада Орал қаласында Н.Смуровтың ұйымдастыруымен құрылды. Смуров кейіннен Чапаев дивизиясының командирі. Жалпы, 1905-1908жж Қазақстанда 20-25 кәсіподақ құрылған.

Теміржолшылардың жекелеген қозғалысына қарамастан, жалпы қазақ жұмысшыларының наразылығы ауқымды болмады. Себебі жұмысшылар маусымдық өндірісте және саны жағынан аз. Халықтың көбі – жергілікті тұрғындар – шаруалар еді, аймақ әлеуметтік экономикалық тұрғыдан артта қалды. Қазақстандағы аграрлық қозғалыс біршама дамығанмен, жалпы әлі де шектеулі болды. Қазақ шаруалары мен қоныс аударушылар өз наразылықтарын кулактардың егісін өртеу, байлардың малын айдап кету, алым-салық  төлеуден бас тарту, отарлық әкімшілікті ұрып соғумен ғана білдірді. Ұйымдасқан, саналы бой көрсету болмады. Қазақстанның әр аумағында шаруалар бүліктері болып тұрды. Осындай наразылықтардың негізінде 25 маусым 1905ж Қоянды жәрмеңкесінде қазақтар съезінде “Петиционная компания” туды. Бұл қабылданған петицияда патшаның атына жазылған: қазақстанда мұсылмандар үшін ерекше жағдай ұйымдастыру мешіттер салу, діни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа аттану үшін шетел паспорттарын беру талаптары қойылған.

Бұл талаптар қазақ халқының патшаның әділдігіне сенімін жоғалтпағанын көрсетсе, сонымен бірге қоғамдағы жөнсіздікке, жерді тартып алғанға, алым салықтың өсуіне, жайылымнан айрылғандықтарына, орыс үкіметінің өрескел, отарлық саясатына қарсы бой көрсетулері еді.

Әсіресе, қазақ шаруаларының орыс халқына “қырғыздардан – орыстарға” үндеуін 1907ж ақпанда “Орынбор өлкесі” газетінде жарияланған үндеуін ерекше атауға болады. Қазақстанда жұмысшы және аграрлық  күштің дамуында, азаттық қозғалыстың дамуында зиялы қауымның ролі ерекше. Зиялы қауым құрамында дәрігер, заңгер, мұғалім, т.б. Қазақ зиялы қауымы ұлт азаттық күресте ерекше орын алды. Социал демократтар:  Мұхамед Макс Бекметов –  Омбы пошта телеграф кеңсісінің телеграфы, Қарқаралы тумасы, РСДРПда 1903 жылдан, Қарқаралады оқыған, Семейде, Омбыда революциялық идеяларды насихаттаған.

Ұлт-азаттық қозғалысындағы қазақ интеллигенциясының  рөлін ерекше атап өткен жөн. Олардың күресі қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуі жолындағы күресімен тығыз сабақтасып жатты. Жергілікті интеллигенттердің қатарлары өздерінің көзқарастарымен және іс-әрекеттерімен айырмаланды. Олардың  кейбіреулері, негізінен  төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды, социал-демократтармен, әскерлермен бірлесіп жұмыс істеді.

Қазақ интеллигеғнциясының тек сан жағынан ғана емес, сонымен бірге ықпалы жағынан да неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералды-демократиялық позицияда тұрды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев т.б. 1905ж. қазанда олар Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп қазақтардың  ұлттық мүдделерің қорғауға тиісті  өздерінің партиясы Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалық құрмақшы болды. 1906ж. ақпанда Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақып бағдарламаны мақұлдады, әйтсе  де оған өлкеге орыс шаруаларының  қоныс аудартылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу т.б. туралы талаптар енгізді. Олар өздерінің дін тату еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре тарату жөнінде мәселелер көтерді.

Қазақстан халқының саяси санасының өсуінде мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу айтарлықтай рөл атқарды. Бұл сайлау науқаны барысында саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі кеңінен өрістеді. Олар өлкенің орыс халқы саны едәуір  неғұрлым ірі облыстарында социал-демократтар мен еңбек партиясының өкілдері, ал қазақ халқының арасында либералды-демократиялық ұлт интеллигенциясының өкілдері үлкен ықпалмен пайдаланатындығын көрсетті. Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан тоғыз депутат сайланды, олардың төртеуі қазақ халқынан- бес депутат байланды.

Қазақстан территориясында саяси баспалар ашылды “Қазақ”  - 1913-18жж. “Айқап” (1911-1915). Халықтын саяси санасына зор ықпалын тигізді.

Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақпаев – либерал демократтар. 1905ж желтоқсанда бес облыс делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын құрмақшы болған. Қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғайтын.

1906ж ақпанда Семейде қазақтардың ІІ съезі өтті, ол кадетке жақын бағдарлама бекітті және аумаққа қоныс аударуды, Қазақстанның барлық жерін тұрғылықты халықтый меншігі деп табылу талаптарын қосты. Ұлттық мектептер ашу талабы қойылды. Бұл саяси ағымды - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, М.Дулатов бастады. Олар діни бостандық үшін, ұлттық мәдениетті, қазақ тілін дамыту үшін күресті.

Семей, Петропавл, Ақмолада діни ұйымдар пайда болды. 1905ж Нижний Новгородте бүкіл реселік мұсылмандар съезі өтті, онда Қазақстан делегациясы да қатысты.  Съезд “Бүкіл ресейлік мұсылман одағын” құрды, бағдарлама қабылдады.

Қазақстан халқының саяси түйсігінің көтерілуіне мемлекеттік Думаға сайлау  өткізудің де әсер етті. Ол кезде саяси партиялар сайлаушылар дауысы үшін таласқа түсті. Мемлекеттік Думаға сайлау – мүліктің  ценз бен сословиелік теңсіздік жүйесінде жүргізілді. Салаушылар 4 теңемес бөлікке бөлінді: 1) егінші /помещик/, 2) қала /буржуазия/, 3) үй шаруасы, 4) шаруа және жұмысшы. Ерекше артықшылықпен помещиктер пайдаланды. Бұл жүйе жұмысшылар құқына нұсқау келтірді.

Мемлекеттік Думаға – басқа ұлт өкілі сайланбады, яғни орыс тілін білмесе, Қазақстанда мемлекеттік Думаға сайлау – социал демократтардың орыс халқы арасындағы беделін, ал қазақтар арасында – либерал-демократ, ұлт зиялыларының беделін көрсетті.

Мемлекеттік Думаға сайлауда патша үкіметті заңшығарушы билікке қазақ халқының өкілін жібермеу мақсатын ұстады. І мемлекеттік Думаға 9 депутат Қазақстаннан сайланды, оның 4  қазақ халқынан Ә.Бөкейханов, А.Беремжанов, А.Кальменов, Құлманов, орыс халқынан – 5.

І мемлекеттік  Дума халық сенімін ақтай алмады.

8 шілде 1906ж екінші Дума шақырылды.

А.Бөкейханов бұрынғы дума мүшелерімен алым салыққа қарсы жиынға қатысты, сол үшін 3 айға түрмеге Семей, Самараға жер аударылды.

ІІ мемлекеттік Думаға сайлау келесі тушілік жағдайда өтті. Онда 14 депутат сайланды, 6 –уы қазақтардан, 8 орыстардан.  Қазақ халқынан сайланған депутаттар қоныс аудару саясатына қарсы шықты, бірақ князь Васильчиковтан -–қоныс аудару ісінің меңгерушісі: “ХХ ғасырда қырғыздардың көшпелі өмір салтын үзілді кесілді тоқтату керек, сондықтан қоныс аударушыларды жіберу керек” деген жауап алды.

Ресейдің бүкіләлемдік империалистік соғысқа кіруі, Қазақстанның еңбекшілерінің жағдайына кері әсер етті. Алым салық көбейді, егін салатын жерге шектеу салынды. Соғыс жылдары ұлттық отарлау езгісі күшейді. Орыс шаруаларынан мұсылман еңбекшілеріне қарсы қаруланған отрядтар жасақталды. Олар ауылдарға шабуыл жасап, малдарын қуып, өздерін тонап кетіп отырды.

І ші дүниежүзілік соғыс 1914ж 19 шілдеде басталды. Ресей соғысқа дайын емес еді, әскери техникалық қамтамасыз етілмеген. Соғыс басталысымен өндіріс күштері құлдырай бастады. І дүниежүзілік соғыс Қазақстандағы экономиканың құлдырауына әкелді. Егіншілік тұрақты дамымаған. Бүкіл ер адамдарды соғысқа әкету, малшаруашылығының құлдырауына әкелді.

Мал басы азайды, жайылым мен жердің алынуына байланысты. Соғысқа қолдағы аттар мен түйелері, ірі қара малды да әкетіп отырды.

Өнеркәсіп те әскери қажетке жұмыс істеді. Өспен, Сасық Қарасу рудниктерінде. Риддер, Соколов рудниктері түсті металлургияны дамытуға негіз алды.

Екібастұз қорғасын цинк зауытына Ресейде пара пар өнеркәсіп орыны болған жоқ. Мыс рудасы Спасск  мыс қорыту зауытында шығарылды. Отын базасы – Қарағанды көмір бассейні. Ірі шетел магнаттары мұнай өнеркәсібіне де кірісті. Патша үкіметі оларға жол ашты, себебі шетелдің көмегіне мұқтаж болды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әскери өнеркәсіп комитеттері құрылды. Осындай комитеттер Қазақстанның барлық қалаларында құрылды.

Өңдеу өнеркәсібі әскерге соғыс мұқтажына ет-сүт өнімдерін, тері бұйымдарын жөнелтті.

Соғыс жылдарында да патша үкіметі қазақтардың жерін тартып алуды тоқтатқан жоқ, отарлық саясат күшейе түсті. Шаруа толқулары, ереуілдер көбейді.   Солдаттар арасында бас көтерулер басталды. Соғыс жағдайында қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Дулатов “Қазақ” газеті аясында бірігіп, өз қатарларына шара – жұмысшыларды тартты. Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” өлеңдер жинағы 1909ж басылып шықты Соғыс Ресей империясындағы кризисті күшейтіп, 1916ж ұлт азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Басты себеп, әлеуметтік экономикалық және саяси сипат: отарлық саясаттың күшеюі, алым салықтың көбеюі, жерді тартып алу, орытсандыру саясаты. Сонымен бірге 1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің “Қазақстанның Орта Азия, Сібір халықтарын тыл жұмыстарына алу” туралы жарлығы. Бұл жарлық негізінде 19 дан 43ке дейінгі барлық ер адамдар майданға шақырылды. Жарлық туралы мәлімет жер-жердегі болыс басқарушыларға жеткізілді, олар  халықпен түсінік жұмысын жүргізу керек еді. 1916ж қозғалыс патшаның осы Жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Әуелі стихиялық түрде нараылық көрсеткен халық, кейін ұйымдасқан қозғалысқа шықты. Олар әкімшілік шешуліктерге болыс, билерге бас салды, әскерге алынатындар  тізімін өртеді.

Қозғалыстың негізгі орталығы Жетісу мен Торғайда болды. 1916ж көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси бостандыққа қол жеткізу. Сондықтан ол ұлт азаттық сипат алды. Ол сонымен бірге көп ұлтты, себебі қазақтармен бірге, ұйғыр, өзбек, қырғыз, дұнғандар болды.

Патша жарлығына қарсы шығып, халықты бастаған қазақ зиялылары Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұлов, Әубәкір Жүнісов т.б. Ал либерал-демократтар зиялысы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов “Қазақ” газеті арқылы халықты көндіргісі келді. Себебі олар патшаға қарсы шығып, қуғын сүргінге ұшырайды деп қорықты.

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, столыпин реформасы.

П.А.Столыпин – министрлер кеңесінің төрағасы және ішкі істер министрі 1906-1911ж жасады, оның алғы шарты – шаруаны жердің меншік иесі қылу.

Столыпин реформасының негізі үш құжатта берілген. 1. Жарлық “Шаруалардың жерге иелік ету, жер пайдалану туралы үкіметтің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1906ж.

9 қарашада ол мемлекеттік Думада қаралып Заң түрінде қабылданды. 1911 ж 29 мамырда “Жер қатынастарын реттеу туралы” Заң қабылданды.

1907ж 1 қаңтарынан шаруалардың общинадан шығу кезінде төлейтін құн алып тасталынды. Столыпин реформасы шаруаларға көші қон бостандығын әперді, егер барған жерлері ұнамаса, өз еліне қайтып келу құқын берді. Бұл реформаның нәтижесінде шаруалар көптен қоныс аудара бастады, әсіресе Қазақстанға В.А.Трясевский шенеулік айтуынша, қазақтарда 30 млн. дес. Жер артық және қайтып алуға жатқызылған. Тартып алынған жерлерді 10-15-20 жыл ішінде қоныстандыру белгіленген. Сонымен бірге одан басқа темір жол, қалалар, салуға казак әскерлеріне тиісті жерлер тағы да алынған. Дегенмен, осындай ұлан-байтақ жер алқаптары барлық қоныс аударуға ниет қылғандарды сидыра алмады.

Реформаның қайғылы қорытындысы: қазақтардың жаппай жерсізденуі, кедейленуі, шиеленісуі. Олар стихиялық түрде қарсылық көрсете бастады: қожайындарын ұрып-соғып, салық төлеуден бас тартып, малдарын айдап әкетіп, егіндерін улап т.б. тұрғылықты халық өздерінің  байырғы жерлерінен айрылып, енді өз құқықтарын заңды қорғау үшін – билік басындағыларға көптеген арыз, өтініштер жазды, олардың көбі архивтерде сақталған. Сонымен бірге қоныс аударушылардың да жер қатынастарына көңілі толмады. Нәтижесінде қазақтар мен қоныс аударушылар арасында келіспеушіліктер туып отырды.

Қоныс аудару саясатын ел қоғамы үнемі талқылап отырған, ол әрқилы баспасөздегі жарияланымдардан көрінеді. Бұл аспект аграрлық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік Думада көтеріліп отырды. Олар Ресейдегі жерсіз шаруалар мәселесін қоныс аудару арқылы шешуге тырысты. Тұрғылықты халыфқтың пікірімен ешкім санаспады.

Қазақ халқының мүддесін қорғау туралы І мемлекеттік Думада 1906ж Орынбор губерниясының депутаты И.Седельников сөз сөйледі, қоныс аударуды тоқтату туралы ұсыныс жасады. ІІ мемлекеттік Думада да депутаттардың бір бөлігі, аграрлық мәселені талқылау  барысында “Әлсіздерге күш көрсетуге қарсы пікір айтты. Осы таластардан кейін, енді Думаның бюджет пен қоныс аудару комиссиясы үкіметке, қазақтардың жер орналастыруы туралы” Заң жобасын ұсынды. Бірақ Заң қабылданбады. Жетісу облысындағы қоныс аудару ісінің меңгерушісі Велецкий аймақтағы аштық туралы жеткізді, оның себебі қоныс аудару ісінің реттелмеуі Қазақстанда бұл іспен қазақ ғылыми, саяси қайраткер, публицист Ә.Бөкейханов жақсы таныс еді. Ол, Щербина – мемлекеттік І Дума депутатымен бірге соның экспедициясының жұмысына қатысады. Ол өз халқының мүддесін қорғап, жерді зорлап алуға шегнеуліктердің асыра сілтеуіне қарсы шықты.

Жұмысшы кадрлардың қалыптасуы 

Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің майдандардағы жеңілісі, елдегі жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның ішінде өздерінің жеңіліске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтарының 1916 ж. көтерілістері Ресейдің революциялық күйзеліс шегінде тұрғаның, оның демократиялық күштері, соның ішінде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешуші шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдеді.

1917 ж. ақпанда Ресейде халық жек көретін царизмді құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп шықты. Петроградтағы ақпан оқиғалары туралы хабар тез арада Қазақстанға да жетті. Царизмнің құлатылғанын құттықтаған жұмысшылардың және басқа еңбекшілердің көп адамдық митингтері мен демонстрациялары наурыз айының бас кезінде Қазақстанның барлық ірі қалалары мен темір жол станцияларында болып өтті.

Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы уақыттары өлкенің еңбекші халқы уақытша үкіметке әлі де болса сеніп, ол халыққа бейбітшілік, шаруаларға – жер, ал жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күнін бере алар деп дәмеленді. Жұмысшылардың едәуір бөлігі Уақытша үкіметке үміт артты, олардың кейбіреулері Уақытша үкіметтің органдары – азаматтық және атқару комитеттеріндегі жұмыстарға тұрды. Теміржолшылар арасында қорғаныстық көңіл күй күшті болды, олардың кейбіреулері «ондағы жеңісті, мұндағы – бостандықты» жақтады. Алайда наурыз демонстрациялары мен митингілері өлкенің қалалары мен темір жол тораптарында жұмысшы депутаттары Кеңестерінің құрыла бастауына себепші болды. Мысалы, Орынборда, Ташкетте және Омскіде 1-3 ақпанда Кеңестерге сайлау жүргізіліп, олардың алғашқы мәжілістері өтті. 1917 ж. ақпанында жұмысшы депутаттарының Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петропавлда және темір жол бойында орналасқан басқа да қалаларда пайда болды. Теміржолшылар міндетті түрде кеңестер құру бастамашыларының бірі болып, олардағы революцияшыл элементтер саналды. Мысалы, Ақтөбенің жұмысшы депутаттары кеңесі жұмысшы депутаттар кеңесі құрылғандығы туралы хабарлай отырып, теміржолшылар нағыз «саналылар» ретінде Кеңестінің «қажетті құрамдық элементін құра алады» деп атап көрсеткен.

Жұмысшы депутаттары кеңестерінің көбі көп кешікпей Солдат депутаттарының кеңестерімен бірікті. Петропавлда, Семейде, Перовскіде және басқа қалаларда осылай болды. Қазалы станциясында әуел бастан-ақ бірлескен кеңес – Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі құрылды.

Ақпан революциясының басты өзгешілігі сол, елде екі өкіметтілік – буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жүмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси өкімет органдарын құру үшін Мемлекеттік Дума, қалалық думалар және басқа комитеттер нақты негіз қалады. Уақытша үкімет әскери губернаторларды, генерал-губернатоларды және отарлық әкімшіліктің шенеуніктерін билік жүргізуден алып тастады. Олардың орнын облыстық комиссарлар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет және басқалар басты. Болыстарда, ауылдарда және селоларда сол бұрынғы болыс пен ауыл басқарушылары, селолық старосталар мен станицалық атамандар билік жүргізіп қалды.

Уақытша үкімет облыстардың басында бұрынғы патшаның отарлаушы-шенеуніктерін, сондай-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының өкілдерін қойды. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, ал М.Тынышпаев – Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары 1917 ж. наурыз-сәуір айларында құрылды. Семейде қалалық думаның, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдық қауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады.

Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері казак станцияларының қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары – казактық комитеттер құрылды. Татар, өзбек және ұйғыр саудагерлері мұсылмандық, татарлық және басқа комитеттерге бірікті. Айталық, 1917 ж. 7 наурызда Верныйда жалпымұсылмандық комитет – З.Тазетдинов басқарған Құрылтай пайда болды.

Осы кезенде Омск. Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы уеқыттары мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелерін, ұйымдарын құрды. 1915-1917 жж. Орынборда «Еркін дала», Омскіде «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар құрылып, халық арасына листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ өлендер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс-талқылаулар т.б. ұйымдастырыды. Олардың белгілі бір бағдармалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда олар қазақ халқын царизмнің ұлттық-отарлық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алып, ағартылуын талап етті, еңбекшілер санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.

Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым негізді де батыл революциялық бағадрламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» болды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатарлы жастаары енді.

Қазақ жастарының одағы өзінің бағдарламасында Уақытша үкімет кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін талдай келіп: «Ақпан революциясы ...... билікті сол баяғы патша шенеуніктері мен жергілікті орыс кулактарының қолына берді. Уақытша үкіметтің осындай элементтерден тұратын жергілікті комитеті қазақ жұртына тең құқықты көзқарас орнату орнына қазақ халқын езу мен жоюды өз міндеті етіп қойды» - деп атап көрсетті. Революцияшыл одақ өзінің негізгі міндеті Уақытша үкіметке, жергілікті жерлердегі кулактардың озбырлығына, Уақытша үкіметтін жақтастары – болыстарға, ағамандарға, байларға қарсы күресте және қазақ халқыбұқарасы арасында үгітпен ағарту жұмыстарын күшейтуде жатырдеп түсінді.

1917 ж. наурызы жергілікті социал-демократтардың астыртын жұмыс жүргізуден құтылып: теміржолшылар, қала жұмысшылары мен еңбекшілердің басқа топтары арасында ашық түрдегі жұмыстарын кеңінен өрістеткен айы болды. Жергілікті социал-демократтардың мұндай жұмыстарына Ташкенттің, Орынбордың және Омскінің большевиктері басшылық жасады. Бұл әкімшілік орталықтарынлағы социал-демократиялық ұйымдардың өзегін бұрынғысынша теміржолшылар, бірінші кезекте депо жұмысшылары мен мастеровойлары құрады. РСДЖП-ның Перовскідегі, Қазалыдағы, Ақтөбедегі, Оралдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Шымкенттегі тағы басқа қалалардағы және Қазақстанның теміржол станцияларындағы ұйымдары біріктірілген ұйымдар болды: оларда большевиктер де бір есепте тұрды.

Қазалы станциясындағы большевиктер тобын ұйымдастырушылар депоның байырғы жұмысшылары Р.П.Новицкий, В.И.Чекурнов ж.б. болды. Бұл топ жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінде күшті ықпал жасай алғандығымен көрінді.

РСДЖП-ның Перовск біріккен ұйымында да 1906 ж.-дан РСДЖП мүшесі, депо слесары А.В.Червяков басқарған күшті большевиктік топ қалыптасты. Оның өзегін Перовск станциясы депосының жұмысшылары (В.В.Агапов, Н.В.Витовский, С.П.Килячков, Я.С.Крышев ж.б.) құрады.

РСДЖП-ның Орынбор бірікен ұйымында большевиктердің неғұрлым ірі тобы жасады. Бұл топтың құрамына негізінен Орынбор станциясы теміржол шеберханалары мен депосының жұмысшылары енді. Оны теміржолшылар А.А.Коростелев, П.А.Кобозев және Д.П.Саликов басқарды.

РСДЖП-ның Ташкент біріккен ұйымындағы жұмысшы Н.В.Шумилов басқарған большевиктер тобы да сондайлық ірі болды. Тек наурыз айының басында ғана бұл ұйымға 2000-дай адам кірді. Ташкент ұйымы большевиктерінің едәуір бөлігін Ортаазиялық темір жолдың Бас теміржол шеберханаларының және Ташкент темір жолының Бородинск шеберханаларының жұмысшылары (Ф.И.Колесов, Д.И.Манжара, А.Я.Першин, ағайынды Казаковтар, В.С.Ляпин, И.В.Серов ж.б.) құрады.

РСДЖП-ның омск біріккен ұйымының қатарында 1917 сәуір айы ортасына таман-ақ 1000-дай мүше болды. Бұл ұйым өзінің «Рабочий» деп аталатын апталық газетін шығарып тұрды.

1917 ж. Сәуірде РСДЖП-ның Орал біріккен ұйымында да паровоз машинисі Н.А.Покатилов басқарған большевиктік топ құрылды. Оның Рязань – Орал темір жолының Покровск – Орал учаскесі теміржолшыларына үлкен ықпалы болды.

Табанды әрі, шыдамды қызметтерімен большевиктер Қазақстан еңбекшілері бұқарасын өз жағына тарта түсті. Көптеген қалаларда, темір жол станцияларында, әсіресе Орынборда, Перовскіде, Петропавлда, Оралда, Ақтөбеде, Түркістанда т.б. жерлерде осылай болды. Орынбордағы П.А.Кобозев пен А.А.Коростелев, Ақтөбедегі, Ф.В.Зинченко, Оралдағы Н.А.Покатилов, Петропавлдағы И.Дубинин, Перовскідегі А.В.Червяков, Қазалыдағы Р.П.Новицкий және Қазақстанның темір жол жерлеріне жақын жатқан қалаларындағы тағы басқа көптеген большевиктік топтардың сенімді жетекшілері теміржол жұмысшылары мен өлке қызметкерлері арасынан шыққандығын айту керек.

Ақпан революциясы жеңгеннен кейін Қазақстан жұмысшы қозғалысының елеулі табысы сол – кәсіпшілер одақтарының кең тармақтары құрылды. Олардың қалыптасуында Орынбор – Ташкент темір жол торабы теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омск темір жолы жұмысшылары мен қызметшілерінің 1-ші съезі үлкен рөл атқарды. Бұлардың соңғысы Омск қаласында 1917 ж. 28 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтті: оған шешуші дауыс құқымен 174 делегат қатысты. Съезд бірқатар саяси және экономикалық мәселелерді: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас туралы, 8 сағаттық жұмыс күні туралы, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық туралы, контрреволюциямен күрес туралы, Құрылтай жиналысына қатыстылық туралы, пенсиямен қамтамасыз ету туралы және басқа мәселелерді талқылады. Бірқатар мәселелер бойынша большевиктердің қарарлары қабылданды.

Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы күндері-ақ патша өкіметінің жергілікті органдарын жою оған неғұрлым жан-тәнімен қызмет еткендерді жазалау жөніндегі шаралар қолға алынды. Оралда облыстың вице-губернаторы Мордвинов, жандармерия бастығы Балобанов және басқалар, Омскіде – Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сухомлинов, Петропавлда – земстволық және уездік бастықтар, жандармерияның жоғары шендегілері, жергілікті гарнизонның кейбір офицерлері т.б., Орынборда – Торғай губернаторы М.М.Эверсман ж.б. қызметтерінен алынып, тұтқындалды.

1917 ж. сәуірде дәл осындай оқиғалар Орынбор – Ташкент теміржол тарабында да өріс алды. Мұнда теміржолшылардың талап етуімен, жол бастығы, жол қатынасы қызметінің бастығы және әкімшіліктің басқа да өкілдері қызмет орындарынан түсірілді. Теміржолдық уақытша ұйымдастыру комитеті құрылды. 8-сәуірде осы комитет жол торабының уақытша комиссары етіп большевик П.А.Кобзеаті сайлады.Ол сол күннен бастап жол бастығының міндеттерін орындауға кірісті.

Осы торап теміржолшылары кәсіподағының 1917 ж. сәуірдің аяғында Орынборда өткен Құрылтай съезі көпшілік дауыспен жолдың уақытша комиссары П.А.Кобзевті оның тұрақты бастығы етіп сайлауды жақтап шықты, сөйтіп 28 сәуірде бұл туралы жұмысшы және солдат депутаттары Петроград Кеңесі мен жол қатынасы министірілігіне, сондай-ақ Ташкент пен Орынбор Кеңестіріне және теміржлшылардың жергілікті комитеттеріне телеграф арқылы хабарлады.

1917 ж. бүкіл сәуір айы мен мамырдың ортасына дейін Ташкент темір жолына басшылық жасау іс жүзінде теміржолдық Уақытша комитеттің және олар сайлаған жол бастығы П.А.Кобзевтің қолында болды.

П.А.Кобзевті жол бастығы етіп сайлау және теміржолдық Уақытша комитеттің қызметі жолға жұмысшы бақылауын енгізудің әрекеті болды және большевиктердің басшылығымен теміржолшыларды топтастыруда үлкен рөл атқарды.

Осы кезеңдегі жұмысшылардың негізгі ұрандарының бірі 8 сағаттық жұмыс күнін талап ету болатын. Жұмысшылар өздерінің бұл талаптарын Орынбор – Ташкент және Омск теміржолының бүкіл өн бойында нақты іске айналдыра алды. Риддер темір жолында әкімшіліктің 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуден және жалақыны арттырудан бас тартуы себепті жұмысшылар әкімшілікті басшылықтан алып тастады, сөйтіп бірнеше күндер бойы жолды өздері басқарды.

Жұмысшылар Уақытша үкімет саясатының контрреволюциялық мәнін барған сайын айқын түсіне бастады. 1917 ж. 30 сәуірінде-ақ Ташкент теміржолшылары өздерінің жаопы жиналысында Петроград жұмысшыларының ақпан демонстрациясын қолдап-құттықтай отырып, Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетінің төрағасы Н.Н.Щепкинге сенімсіздік білдірді және одан милицияны түбірінен қайта құруды, оның құрамынан бұрынғы полицейлерді шығарып тастауды талап етті. Осы және басқа талаптардың қысымымен жұмысшы және солдат депутаттары Түркістан өлкелік Кеңесі Түркістан комитетіне сенімсіздік көрсетіп, оның төрағасын қызметінен босату жөнінде Уақытша үкіметке өтінішпен шығуға мәжбүр болды.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеп, жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, оларды империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Уақытша үкімет Қазақстанда самодержавиенің бұрынғы саясатын жалғастырды. Ол Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 ж. көтерлісті басып-жаншыған жазалаушы отрядтарға қатысушыларды ақтау жөнінде қаулы қабылдады, жергілікті жерлерде бұрынғы уез бен болыс бастықтары, губернаторлар енді қайтадан комиссарлар, азаматтық комитеттердің төрағалары бола бастады. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен казак әскерінің сословиелік артықшылықтары ешкім қол сұға алмайтын күйінде сақталды, қазақ халқының тандаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін жалғастырып жатты.

1916 ж. көтеріліске қатысушыларды патша үкіметі қан төктіре жазалғаннан кейін орала бастаған қазақ пен қырғыз жанұяларына Уақытша үкімет тек 100 сомнан жәрдем берді. Жергілікті шовинист-кулактар жағдайды пайдаланып, осындағы түпкі халықты тонаумен шұғылданды, зорлық-зомбылық жасап, олардың жерлерін тартып алып отырды. Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары Шкапский «ешқандай татуластыру жөнінде сөз болуға тиісті емес, сондықтан қырғыздар (қазақтар) көшіріліп жіберілуі керек» - деп мәлімдеді.

Көптеген жерлерде жазалаушы отрядтар сол бойы сақталып қалды, сөйтіп 1917 ж. ақпан революциясынан кейін де олар бұрынғы тәсілдерімен әрекет жасауларын жиі жалғастырып тұрды.

Уақытша үкімет жер реформасын жүргізіндіктері жөнінде соғыстағы жеңістен кейін өткізілуге тиісті Құрылтай жиналысында хабарлайтын болып шешті. Ұлт мәселесінде Уақытша үкімет «Дін тұтудағы және ұлттық шектеулерді жою туралы» декрет жариялады, алайда ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқы, шағын халықтар мен ұлт азшылығының тағдырлары туралы және басқа мәселелер ескерілмей, сол күйі қалды.

1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде царизмнің құлатылуы Реседің саяси күштерінің орналасуын түбірінен өзгертті. Жеңген революциның негізгі қозғаушы күшін құраған көтерлісші жұмысшылар, солдаттар, шаруалар самодержавиелік негіздерді жоюмен ғана қалған жоқ, ал сонымен бірге өздерінің өкімет органдарын – Кеңестерді құрды. Алайда буржуазия мен буржуазияланған помещиктер революцияның жеңісін пайдаланып, өздерінің мүдделерін білдіретін партиялардың саяси тәжірибесіне сүйеніп (бірінші кезекте кадеттер партиясына), уақытша үкіметті құрып, билікті өз қолдарына алды.Уақытша үкімет жер-жерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарда да өзінің органдарын құрды.

Қазақстанда үстемдігін сақтап қалу үшін және жекелеген мемлекеттік әрі үкіметтік мекемелерге «демократиялық түр» беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық саясатын жөнді өзгертпестен, олардың аталуын ғана өзгертумен тынды.

Уақытша үкімет облыстар мен уездердің басшылығына кадеттер мен эсерлер партияларына жататын бұрынғы патша шенеуніктері арасынан, сондай-ақ ұлтыық-либералдық қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінен (Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, А.Бірімжанов ж.б.) комиссарлар қойды.

Уақытша үкіметтің мүшелерімен және кадеттер партиясының басты қайраткерлерімен жеке өзінің байланыстары бар, Ақпан революциясы жеңген сәтте Минскіде жүрген ұлттық интеллигенциясының жетекшісі Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары – қазақтарға» деген үндеу арнады. Онда атап айтқанда былай делінді: «...Қазақтарға жаңа құрылысты және жаңа үкіметті қолдау үшін ұйымдасу қажет. Жаңа құрылысты қолдаған барлық ұлттармен жалғасып жұмыс істеу керек, біздің ұранымыз – бірлесу және әділеттік. Жер мәселесін тез талқылаңыздар. Біздің ұранымыз – «демократиялық республика» және мал шаруашылығынан әрі егіншілікпен кім табыс алып жатса, жер соныкі». 25-28 наурызда делегат ретінде ол кадеттер партиясының ХІІ съезінің жұмысына қатысты. Аграрлық мәселе  талқыланған кезде сөз алып Ә.Бөкейханов қазақтардан заңсыз тартып алынған жерлер олардың өздеріне қайтарылуын талап етті.

«Қазақтарға ұйымдасу қажет» - деген тезис көп кешікпей 1917 ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның саяси көкжиегінде уақытша үкімет органдарымен және жергілікті Кеңестерімен бірдей үшінші күш ретіндегі облыстық және уездік қазақ комитеттерінің құрылуынан өз көрінісін тапты. Ал кейіндері ол Ресей Демократиялық Республикасы құрамында Қазақ ұлттық автономиясын құру идеясына айналды. «Қазақтардан заңсыз тартып алынған (царизмнің) жерлер дереу олардың өздеріне қайтарылуы тиіс» - деген тезис барлық ежелгі қазақ жерлерін бірыңғай қазақ мемлекеттілігінің құрамында жанастыру идеясына алып келді.

Ақпан кезеңінен кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынща Уақытша үкімет жағына шығып кетті. Осыған байланысты оларда Уақытша үкіметке оппозициялы орган ретіндегі Кеңестерге деген теріс көзқарас пайда болды.

Сол тұстары билікке талпынған әр түрлі күштердің бірігіп нғаюы мен топтасу кең құлаш жайған қоғамдық-саяси жағжайдың жалпы сүлбесі, міне, осындай болды.

Революция Қазақстан халқының барлық топтарын қозғалысқа алып келді. Өлке еңбекшілері Петроград Кеңесіне жолдаған көптеген телеграммалары мен митингі және жиналыстарының қарарларында халыққа жеккөрінішті патша тәртібін құлатқан Питер жұмысшылары мен солдаттарына деген ризашылық сезімдерін білдіріп жатты.

Революцияның алғашқы күндерінде-ақ құрылған Петроград, Москва және басқалардың Кеңестері Уақытша үкімет билігін толық құлатып, оны өз қолдарына шоғырландырулары үшін айтарлықтай күшті болды. Бірақ олардың басшылары Уақытша үкіметпен ымыраласуға бейім тұрды. Сондықтан нақты билік ақыр соңында осы Уақытша үкімет қолына өтіп кетті.

Қос үкіметтің өзінің пайда болу фактісі Ақпан революциясының ішкі қарама-қайшылықтарың, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығын және бүкіл биліктің не империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүдделерін қорғайтын Уақытша үкіметке, немесе жұмысшылар мен еңбекші шаруалардың, яғни әлеуметтік және ұлттық езгіден жапа шеккен ел халқы көпшілігінің өкіметі болып табылатын Кеңестерге өтпей қалмайтындығын бейнеледі.

1917 ж. наурызда Қазақстанда барлық жерде Уақытша үкіметтің жергілікті органдары – кәсіп иелерінің, көпестердің, шенеуніктердің мүдделерін білдіретін обылстық және уездік атқару комитеттері құрылды.

Айталық, 1917 ж. 4 наурызда Петропавлдың буржуазиялық топтары эсерлер мен меньшевиктердің оң қанатының басшыларымен бірлесіп, құрамына Петропавл уезінің аса ірі көпестері Черемисков, Казанцев, Нагаткин енген қоғамдық қауіпсіздіктің коалициялық (біріккен) комитетін құрды. 1917 ж. 3 наурызда Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлап, уездік съез шақырылғанша оған өкіметтің уездік органы міндетін атқаруды жүктеді. 1917 ж. 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару комитеті пайда болды. Наурыздың алғашқы күндерінде Өскеменде де атқару комитеті құрылды.

Буржуазия мен шенеуніктердің өкілдері Қазақстанның басқа көптеген қалаларында да өкімет органдарын басқарды. Қазақ комитеттері деп аталатындар, Қазақстанның көптеген қалаларында ірі дүкендері мен басқа сауда кәсіпорындары бар әрі «мұсылмандық», «татарлық» ж.б. комитеттер мен құрылтайларға бірлескен татар, өзбек, ұйғыр көпестері Уақытша үкіметтің Қазақстан облыстары мен уездеріндегі сенімді сүйеніштері болды.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық мәндегі саяси партиялардың қолдауымен кулактарға, қазақтардың басшы топтарына және қазақ ауылдары байларының белгілі бір бөлігіне арқа сүйеп, еңбекшілерді тонауын жалғастыра берді, олардың мойына империалистік соғыстың ауыртпалықтарын артып қойды.

Елдегі, соның ішінде Қазақстандағы екінші өкімет жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттарының Кеңесі юолды.В.И.Лениннің айқындауы бойынша бұлар орталық мемлекеттің өкімет шығарған заңға емес, революциялық басып алуға, халық бұқарасының төменнен өрбіген тікелей бастамасына сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасы саналды.Өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына, оның халқының көп ұлттылығына әрі негізінен ұсақ буржуазиялығына, мұнда Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казактары әскерлерінің орналасуына байланысты Қазақстандағы қос өкіметтіктің ерекше өзгешеліктері болды.Өзінің пайда болуынан бастап Қазақстан Кеңестері, әсіресе, жұмысшы және шаруа депутаттарының Кеңестері өздерінің құрамы жөнінен көпұлтты болды. Кеңестерінің құрамына орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер және басқа халықтардың өкілдері енді. Солдат депутаттары Кеңестеріңе көбінесе орыстар, украиндықтар, ішінара татарлар кірді. Қазақстан Кеңестерінің көбінде ұсақ буржуазиялық партиялары, негізінен алғанда – социалист- революционерлердің партиялары басшылық рөл атқарды. Бұл большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылар ұйымшылдығының жеткіліксіздігі мен саяси жетелмендігі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінің төмендігі себеп болды.

Уақытша үкіметтің жергілікті құрылуы және өлкеде Кеңестердің кең тармақтары ұйымдастырылуы кезеңінде (1917 ж.наурыз бен сәуір айының басы) буржуазия мен революцияшыл демократия күштерінің арасында белгілі бір өзара түсіністік болды,атқару комитеттері )Уақытша үкімет органдары) мен нығаюға бағыт ұстаған жергілікті Кеңестер арасында берік емес жарасым орнықты. Атқару комитеттері мен Кеңестер жер-жердегі патша әкімшілігін талқандау жөнінде бірлесіп жұмыс істеді, саяси тұтқындар мен жераударылғандарды босатты, халық шаруашылығының кезек күттірмейтін мәселелерін шешуге тырысты, Қытайға қашып кеткендерді – 1916 ж. ұлт-азаттық көтерлісіне қатысқандарды кері қайтару т.б. жөнінде қадамдар жасады. Алайда көп кешікпей бұл нәзік жарастық күрт үзілді.

В.И.Ленин қос өкіметтік революцияны дамытудағы, яғни ол әдеттегі буржуазиялық-демократиялық революциядан әрі асып кетіп, бірақ «пролетарита пен шаруалардың таза диктатурасына» дейін жетпеген кездегі бар болғаны өтпелі сәтті білдіреді деп есептеді. Ол большевиктер партиясының буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру бағытын негіздеп берді. Революцияның бұл жаңа кезеңін: «Бүкіл өкімет кеңестерге!» деген ұранмен айқындады. Осы ұранды жүзеге асыру қос өкіметтікті жойып, Кеңестердің дара өкіметін орнатуға алыпкелуге тиіс болды. Бұл – нәзік азаматтық тыныштықтың бұзылғандығын және екі өкіметтің – Уақытша үкімет пен Кеңестердің ашық қарсыластығының басталғанын білдірді.

Соғыс тудырған қиындықтар (аштық, қымбатшылық, жаппай күйзеліс, әлеуметтік және ұлттық езушіліктің күшеюі) барған сайын ұлғая бергендіктен де В.И.Лениннің бұл ұраны сол уақытқа орайлы келді.Мұның өзі кеңестерді тез арада большевиктендіруге және Уақытша үкіметті құлату үшін оларды басты құралғаайналдыруға, сөйтіп Кеңес өкіметін орнатуға мүмкіндік туғызды.

Оқиғалардың бұлай өрбуі үлттық-либералдық қозғалысты қиын жағдайға киліктірді. Оның жетекшілері 1917 ж. сәуір мен мамырда бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және уездік қазақ съездерінөткізді. Сол съездерде облыстық және ұлттық комитеттер сайланды. Депутаттардың көбі уақытша үкімет пен жергілікті органдарын қолдады, бірақ сонымен бірге өлкенің қазақ халқына ықпалдарын нығайтуға талпынды.

1917 ж. көктемінде Ақмолада, Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда ұлттық-либералдық қозғалыс жетекшілерінің басшылығымен өткен, сөйтіп, аграрлық және ұлт мемлекеттік құрылыс мәселелерін талқылаған қазақ съездеріне қатысқандар бұл проблемалар бойынша бағдарламалар жасай алмады.

Қазақ халқының өкілдері: Ә.Бөкейханов – Торғай облысына, М.Тынышпаев – Жетісуға, М.Шоқаев – Түркістанға Уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды, бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан тұрғылықты қазақ халқының мәселелерін шеше алмады.

Сол аралықта соғыстың жалғасып жатуы, Уақытша үкіметтің халыққа қарсы саясаты еңбекшілердің мойнына үлкен ауыртпалық түсірді. 1917 ж. көктемі мен жазында Қазақстан халқының барлық топтарын саясаттандыру күшейді. Ауылдар мен деревнялардың саяси өміріне туған жерлеріне оралған тылдық жұмысқа тылдық жұмысқа қатысқандар (150 мыңдай адам) жаңа леп ала келді. Олардың көбі ауылдарына саяси жағынан сауатты болып, бостандық үшін күресуге берік бел байлап оралды.

1917 ж. көктемі мен жазында қазақ еңбекшілерінің арасында тылдық жұмыстарға қатысушылардыбіріктіретін ұйымдар, қаражұмыс істейтін жұмысшылардың одақтары және жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне пікірлес, пиғылдас революцияшыл-демократиялық жастар ұйымдары пайда болды.

Олар: «Верный қаласы мұсылман жұмысшыларының біріккен Одағы» (қара жұмыс істейтін жұмысшылар одағы), Жаркенттегі жұмысшылар одағы, Түркістан өлкесіне кіретін Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы Мұсылман еңбекшілерінің одағы (Иттифак) ж.б. еді.

Ақпан революциясынан кейін бірсыпыра жерлерде оқушы жастар өкілдері мен ауыл мұғалімдерін біріктірген жастар ұйымдары мен үйірмелері:  Омскіде – демократиялық оқушы жастар Кеңесі, Ақмолада – “Жас қазақ”, Спасск зауытында – “Жас жүрек”, Петропавлда –“Талап”, Семейде – “Жанар”, Әулиеата уезіндегі Меркіде – “Қазақ жастарының революциялық одағы” т.б. бой көтерді.

Әуелгі кезде жастар ұйымдарының көбі алдарына мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу міндетін қойды.Ал қоғамдық-саяси қозғалыстың түрлі бағыт алу процесінде олар таптық, әлеуметтік және саяси мәні бар міндеттерді шешуге етене жақындай түсті. Революцияның даму барысына қарай қайсыбір жастар ұйымдары, мысалы, С.Сейфуллин бастаған “Жас қазақ” пен Т.Рысқұлов басқарған “Қазақ жастарының революциялық одағы” Кеңестерге қосылды, ал қайсыбірі ұлттық-либералдық  интеллигенция жетекшілеріне ерді.

Еңбекшілердің, солдаттар мен матростардың 1917 ж. 4-5 шілдеде Петроградта өткен демонстрациясын Уақытша үкімет қару күшімен басты. Азаматтық соғыстың тікелей хаупі туды, келешекте ол Питер большевиктерінің талқандалуына апарып соғуы мүмкін еді. 7 шілдеде В.И.Ленинді қамауға алу жөнінде бұйрық шығарылды, майдан мен тылда большевиктерді құғындау басталды.

1917 ж. 2 шілдеде Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті Уақытша үкіметке шектеусіз уәкілдіктер беру туралы мәлімдеді, осы арқылы қос өкіметтікті жою заңды түрде бекітілді.

Шілде оқиғаларынан кейінгі қалыптасқан жағдайда В.И.Ленин өкіметтің пролетариатқа бейбіт жолмен өтуі мүмкін еместігі туралы пікірге тоқтады. Мәселе өткір қойылды: не әскери диктатураның ақырына дейін жеңісі, не қарулы көтерлістің жеңісі. Бұл орайда В.И.Ленин қарулы көтерлістің тек халықтың жаңа революциялық өрлеуі, жалпыұлттық дағдарыстың болуы жағдайында жасауға болатынын ерекше атап көрсетті.

Аграрлық мәселелердің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының салдары 

“Алаш” саяси партияның қалыптасуы 21-28 шілдесі 1917ж. Орынборда I Бүкілқазақтың съезі құрылды. Ақмола, Семей, Орал, Фергана облыстарын, Бөкей хандығынан депутаттар қатысты. Съезінін төрағасы Х. Досмухамедов болған. Съез 14 мәселе қарастырды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық; негізгі құқық, дін, билік һәм сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі, қазақ облыстарынан депутаттарды Құрылтай жиналысына дайындау, Бүкілресейлік мұсылмандық “Шура-н-ислам” съезі; Семей облысының жағдайы, қазақтарды бүкіл Ресей федералисттер съезіне және оқулық комиссиясына жіберу жөніндегі мәселелері.

Бүкіл қарастырылған мәселелер жөнінде ұлт-демократиялық мазмұнды резолюциялар қабылданды. I съезінде “Алаш” қазақ  ұлттық партиясын құрастыру жөніндегі  шешім қабылданды.

“Қазақ” газетінде жариялаған жобасы партияның  жобасы болып қалыптасты (21 қараша 1917ж.) “Алаш” партияның жобасы Ә.Бөкейхановпен, А. Байтұрсыновпен, М.Дулатовпен, И.Ғұмаровпен, Т. Жаждыбаевпен, А.Бирмекановпен дайындалды. Жоба 10 пунктен құрылған. Партия жобасында Ресей демократиялық, федеративтік республикасы болуына қажет білдірілген Федерация субъектілер “автономдік және өзінен-өзі тең құқықтарымен және мүдделерімен басқарылады” деген мақсаттары алдына қойылған. Мемлекет Дума, Президент, Министрлер кеңесі  енгізу  болу керек делінген. Қазақ автономиясы федерацияның  халықтарымен теңдік принциптері бойынша қалыптасуы болсын делінген. Демократиялық бағалылықтар жарияланды: теңқұқықтың адамның қол сұғылнаушылығы, сөз, баспасөз, кеңестерінің бостандығы. Дін мемлекеттен бөліну болуға тиісті. Бүкіл халықтан соттын алдында тең болу керек, әр халықтын соты салт-дәстүрлеріне  сай болу керек. “Алаш” партиясының міндеттері: ел қорғау әскер ұйымдастыру, әлеуметтік серіктестігі, жоқ-жітін тұрғындарды демеу қолдау көрсету, халыққа білім беру, аграрлық мәселені шешу. Осының барлығын демократиялық, адамгершілік негізінде орнату керегін ұсыныс жасалған. Баспа органы – “Қазақ”  газета, кейін”Сары-Арқа” газеті 1918ж. және журнал “Абай” партияның лидеры Ә.Бөкейханов болды, партияның құрамына  ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері кірген: А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, Ш. Құдайбердиев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов және Х.Досмухамедовтар т.б. “Алаш” автономияның қалыптасуы және оның қызметі, тарихи маңызы.

1917ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші бүкілқазақтық съезде қазақ халқы әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді.

Төралқа төрағасы Бақтыкерей Құлманов және оның орынбасарлары Ә.Бөкейханов, Ә.Кенесарин, Х.Досмухамедов, Омар Қарашев басқарған съезд тез өзгертіп жатқан саяси жағдайдағы  партия тактикасының әр түрлі қырларын, ең алдымен қазақ автономиясын құру және оның үкіметтің қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып талқылады.

Съезд қазақ автономиясы құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысы мен Алтай   губерниясының қазақтары мекендеген аудандары енугетиіс деп шешті. Съезд делегаттары уақытша үкімет құлатылғаннан кейін  қалалар  мен селоларда, далада  қазақтардың өмір мүруінің өзіне  қауіп-қатер туғызған анархия (басалмандық) күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд “аман қалу мақсатымен”, “уақытша халық Кеңесі” түріндегі берік билік құру оған Алаш-Орда-Алаш  автономиясының үкіметі деген ат беру жөнінде шешім қабылдады және бүкіл қазақ халқына “бағынған үкіметіміз осы деп сеніп басқа үкіметі танымай өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектегі” баса ескерілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады.

1918ж. 18 қаңтарында Орынбор қаласында Қызыл Армияның Жангелдин құрған Уфалық отряды басып алды. Дутовпен бірге Орынбордан бірыңғай қазақ автономиясын құрып үлгере алмаған алашордашылар да кетеді, Алашорданың күш-қуаты бөлініп-жарылады: Шығыс  бөлімі деп аталған бөлегі Семей түбіндегі Алаш қаласына (Жаңа Семей) көшеді, екінші бөлігі Орал облысының Жымпиты қаласына орналасады (бұл Батыс бөлімі немесе Ойыл уәлалты), үшінші бөлігі Жетісу облысында іске кіріседі. Жағдай осылай болып тұрғасын, Алаш партиясының басшылығы Орталық Совет үкіметімен  және оның жергілікті орындарымен байланыс жасауға лаждың жоғынан көнеді. Ә.Бөкейханов, Ленин мен және Ұлттар істері жөніндегі халық Комиссары Сталинмен кездесуге Мәскеуге Халем мен Жанша Досмұхамедовтарды жіберді, ал Халел Ғаббасов, Ә.Бөкейхановтың тапсыруымен 1918ж. 20 наурызында телеграф арқылы Сталинмен сөйлеседі. Орталықтың болашақ автономияның мәдени мұқтажына миатериалдық көмек көрсету жөніндегі уәдесі, бүкіл қазақтық құрылтайды шақыру және өлкеде азаматтық бітімге келу. Туралы ұсынысы-осынау қимылдың қорытындысы еді.

Совет өкіметін орнату кезеңінде Алаш партиясының жаңа өкімет орындарымен ара қатынасы тілдесуден ымыраға келуге жеткен жоқ. Жергілікті кеңестердегі билік РСДРП (б) – ның радикал қырғи қимылды қызметкерлері қолында болған – Петроавл, Перовск, Әулие-ата (Жамбыл) сияқты бірқатар қалаларда Алаш белсенділері тұтқындалады, тек Семей де, Верный да басқа бірсыпыра жерде қысқа мерзімге шыңылтар қарым-қатынас орнатуға әрең-әрең қол жетеді. Мәселен, Семей облыстық Кеңесінің құрамына Алаш жергілікті ұйымы басшыларының бірі Х.Ғаббасовты, уездік жер кеңесінің төрағасы Қозыбағаровты, уездін Кеңес құрамына Алаш белсенділері Б. Сәрсенов пен И. Әлімбековты енгізеді. Бірақ екі жақ бір-біріне сенбей ді, өйткені әрқайсының саяси мақсаттары бар еді. Кеңестер Алаш партиясының өкімет билігіне тартылғакн  басшылары мен белсенділері арқылы қазақ бұқарасы арасындағы ықпалын күшейтпек  болды, ал Алаш басшылары Кеңес өкіметін сөз жүзінде қолдаған болып, Кеңестердегі өкілдері арқылы жаңа өкіметті ішінен “Ірітпекші”  еді.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Столыпин реформасы, революция, ұлттық интеллигенция, Мемлекеттік  дума, «Қазақ», «Айқап», көтеріліс.

№ 13 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. ХІХ ғ. вакфтық  жерлер Қазақстанның  қай аудандарында  сақталады?

  1.  Шығыс  аудандар
  2.  Орталық аудандар
  3.  Солтүстік аудандар
  4.  Батыс аудандар
  5.  Оңтүстік аудандар

2. Қазақтың  бұрыннан қалыптасқан  дәстүрлі  қоғамының  дамуына көбірек  әсер етке қандай әлеуметтік топ?

  1.  Шетел капиталы
  2.  Сауда  адамдары
  3.  Орыс  фабриканттары
  4.  Діни адамдар
  5.  Патша  әкімшілігі

3. 1868  ж. реформадан соң  Маңғышлақ приставтығы  қайда  бағынды?

  1.  Орынбор генерал-губернаторлығы
  2.  Батыс Сібір генерал-губернаторлығы
  3.  Түркістан генерал-губернаторлығы
  4.  Астрахань генерал губернаторлығы
  5.  Кавказдың әскери округі

4. ХІХ ғ.  соңындағы Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке?

  1.  Қоянды
  2.  Жәміш
  3.  Аягөз
  4.  Тайыншакөл
  5.  Бөкей

5. Қазақ  ауылындағы  майда  өндірушілерді ңтолық жеке  меншік   иесі бола  алмағанын қалай түсінесіз?

  1.  жерге жеке меншік болуы
  2.  өндіріс құралдарының ортақ болуы
  3.  олар көбіне  пауперлік жағдайға  ұшырады
  4.  өндірілген өнім  сұраныс  таппады
  5.  өнімнің сапасы төмен болды

6. Шаруашылықтың қандай түріне ең көп қосымша өнім өндірілді?

  1.  қолөнершілерде
  2.  кен өндірушілерде
  3.  балық шаруашылығында
  4.  орта деңгейдегі мал  шаруашылығында
  5.  байлардың  шаруашылығында

7. Албан дегеніміз не?

  1.  қазақтың ұлттық ойыны
  2.  ру-тайпа  аты
  3.  жоңғарлар жаулап алған  жерлерден жиналған салық
  4.  жартастағы сурет
  5.  руникалық жазу

8. ХІХ ғ. соңында қазақ  өлкесінде кең тараған капитал?

1. өнеркәсіптік  капиталы

2. аралық  сауда

3. ауыл  шаруашылық капиталы

4. орта  кәсіпкерлік

5.балық шаруашылығы

9. Патша әкімшілігі  Қазақстанға  қоныс аударушыларды  қалай орналастырды?

  1.  қазба байлық  көздеріне жақын
  2.  бір-біріне  қатысуға ыңғайлы  болу үшін үлкен бір жол бойына
  3.  өзен-су  алқаптарына
  4.  қалаларға жақын
  5.  жаңа  салынған қалаларға

10. Қазақстан өнеркәсібінің  өркендеуі  кімдердің мүддесін көздеді?

  1.  жергілікті  халықтың
    1.  қазақ  қоғамындағы  үстем тап  өкілдерінің
    2.  Ресей империясының
    3.  орыс өнеркәсібі капиталының
    4.  шетел капиталының

11. Қазақстанда  бірінші жәрмеңке қай жерде ашылды?

  1.  Қарқаралыда
  2.  Атбасарда
  3.  Семейде
  4.  Жаркентте
  5.  Бөкей Ордасында

№ 14 дәріс. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы

Мақсаты мен міндеттері:

- Ақпан және қазан орыс революцияларының Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ықпалын анықтау. Қазақстандағы азамат соғысының үрдістері: «Ақ» және «Қызыл» террор, Қазақ АССР-нің құрылуы. 

Жоспар:

  1. Қазақстан азамат соғысы жылдарында.

  2. Кирревком қалыптасуы мен қызметі.

  3. Қазақ АССР-нің қалыптасуы.

 4.ХХ ғ.  20-шы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  А.Букейханов. Избранные труды. Алматы, 1996.
  2.  Чокай М. Туркестан под властью советов. Алматы, 1993.
  3.  Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. М., 1994.

Азамат соғысы жылдарындағы әскери соғыс қимылдары.

Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшінкүрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.

Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, мұнада Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестірдің Бүкілресейлік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алады. Кеңес өкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда да болды. 1917 ж. І (13) қарашасында Жетісу казактары әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.

1917 ж. қарашасында революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Осында құрылған облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алады. Осынау әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, казак станциялары мен келімсектер селоларының бай-кулак элементтеріне сүйенді, олар және жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.

Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшыларымен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай, 1918 ж. жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші Чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары – чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпсустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918 ж. ІІ маусымында Семейдегі кеңес өкіметі құлатылады.

Сол жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп Cемей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін қайта құружөніндегі күрес негізінен партизандық харекет түрінде жүргізіледі Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының қомақты бір тобы, Черкасское селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді.

Азамат соғысы жағдайындағы Алаш-орда саясаты: «Ақ террор».

1918 ж. жазында кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының көпшілік бөлегінде, Торғай облысының түскей аудандары мен Бөкей Ордасының болмашы бір пұшпағында ғана сақталып қалады.

Антанта елдері үкіметтерінің мезгеуімен, Чехословак корпусы көмектесіп, Самарада – эсер-ақғвардияшыл үкіметі – Комуч – құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша үкіметі орнайды. 1918 ж. қантарында қуылған атаман Дутов, 1918 ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.

Азамат соғысы өршіп, етек алған, Қазақстан аудандарының көпшілігінде кеңес өкіметі құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш Орда Орынбордағы Дутовпен одақтасып, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен (Комуч) тіл табысып түсінісіп, Орал мен Сібір, Жетісу казактарымен байланысты күшейтіп, Кеңестерге қарсы тізе қосып күреспек болады. 1918 ж. маусымында Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлық шығарады, бұл жарлықта сәйкес Алаш территориясында кеңес өкіметі шығарған күллі құжаттар, заң актілері түгелдей күшін жояды деп жарияланып, коммунистерді қуалау заңды деп табылды.

Алаш Орданың басшысы Ә.Бөкейханов Ә.Ермековпен, әскери бөлім меңгерушісі Қ.Тоқтамысовпен бірге 1918 ж. шілдесі мен тамызында Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш Ордаға көмек беру оның қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздержүргізді. Алаш Орда Батыс бөлімінің басшылары Х. Мен Ж. Досмухамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алады және таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядын ұйымдастыруға уәде береді, Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20 мың патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк біреуі – Қостанайда, екінші – Ырғызда құрыла бастады.1918 ж. тамызында Семей қаласында құрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Ақгвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген алаш отряттары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы күрес жүргізуге қатысты.

Қазақстандағы қарулы тайталас Ресейдегі азамат соғысының құрамды бір бөлігі еді.Сол себепті де Қазақстан майдандарындағы күрес тартыстың дамуы мен барысына азамат соғысының басты майданындағы соғыс әрекеттерінің жүрісі ғана емес, Қазақстанның ақгвардияшылар жаулап алған территориясындағы партизан қозғалыстары мен көтерілістер Қазал Армияның Шығыс және Оңтүстік майдандарында шайқасып жатқан негізгі күштеріне елеулі көмек көрсетеді. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды босатып алудан және Колчак күштерін біржолата талқандаудан, ақгвардияшылдар мен олардың одақтастарын Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысынан, Жетісудан дүркіретіп айдап шығудан айқын көрінді.

Азамат соғысы жағдайында Қызыл Армияны құру ісі де ойдағыдай жүзеге асырылды. Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілері де бара бастады. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 ж.мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылады. 1918 ж. жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды. Қызыл Армияның Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Орадсы мен Торғай облысының кеңестік үйездері (торғай мен Ырғыз) табан тірер негіз болды.

1919 ж. Степан Разин атындағы бірінші Орынбор казак полкі ұйымдастырылады. 1919 ж. сәуірі мен шілдесі арасында Орал қаласын қорғауға қазақ эскадроны қатысады, ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылады.

Ақгвардияшыларға қарсы күреске Қазақстан еңбекшілерімен бірге Қызыл Армия қатарына өз еркімен кірген шетелдердің жұмысшы-шаруалары – венгрлер, немістер, чехтар, поляктар т.б. қатысты. Қазақстанның ақгвардияшылар басып алған жерлерінде партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері кеңінен өріс алды.

Партизан қозғалысының аса ірі ошағы – Қостанай уйезі болды. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында кең қанат жаяды. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма мен Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Қатон Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизандар қозғалысы елдің едәуір бөлігін қамтиды. Черкас қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың «Тау қырандары» отрыттарының қозғалысы сияқты оқиғалар Қазақстандағы азамат соғысы тарихынан тиянақты орын алады. 22 және 25-ші Чапаев дивизияларының ерен ерлігі, Орал мен Орынборды каһармандықпен қорғау – тарихи атақ-даңққа бөленді.

1919 ж. жазында Шығыс майданындағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. 1920 ж.науырызында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.

Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс операциялары М.В.Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты белгілі қолбасшылар, И.Белов, И.С.Кутяков, А.Иманов т.б. секілді талантты командирлер басшылығымен жүзеге асырылды.

«Соғыс комунизм» саясаты: «Қызыл террор».

Қызыл Армияның ақгвардияшыларымен күрестегі табыстары, алаш полктарындағы толқулар мен көтерілістер, жігіттердің алаш милициялсы қатарынан қашуы алашордашылар қатарының бөлініп-жарылуынтездетті.1919 ж. наурызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алаш Ордаға амнистия (кешірім) жариялағаннан кейін және Алаш Орда басшыларының бірі А.Байтұрсынов пен оның жақтастарының үлкен бір тобының кеңес өкіметі жағына шығуына байланысты бұл процесс тоқтатуға болмайтын сипат алды.

Қазақстан жерін ақгвардияшылардан босатуға сай, Кеңес өкіметі де қайта қалпына келтіріледі. 1919 ж. 10 шілдесілде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) құрылды.

Оның бірінші құрамына С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Мендешев, Б.Қаратаев кіреді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып, Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті.

Казревком «Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды» өз қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды. Шын мәнінде революциялық өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әртүрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайлық съезін әзірлеп өткізуіне тура келді.

Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Казревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етеді. Казревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Казревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпенжабдықтау, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР – на жеткізу яғни «соғыс коммунизм» саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Казревком 1919 ж.шілдесінен 1920 ж. қазанын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істеді. Өзі пайда болған күннен бастап, Казревком қазақ халқының кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі қыруар көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.

1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.

1920ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен В.И.Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады.

1920 ж. 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық Комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.               

Қазақ АКСР-нің құрылуы.

1921ж. Батыс,  Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде жер межеленіп бөлуі өткізілген. Орта Азия Казақстан жерлерін  ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуіне үлкен дайындалық жұмысы жүргізілгін. 1924ж. 27 қазанда Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің сессиясында  үкімет шешімі шығарылды. Шешім бойынша  Өзбек КСР, оның құрамында Тәжік АКСР,Түрікмен КСР, Кара-Қырғыз  автономиялық облысы РКФСР құрамында, қазақ АКСР оның құрамында Қарақалпақ автономиялық облысы қалыптасты. Ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуінің нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақ-Мешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие-Ата уезінің көбісі, Ташкент, Мырзашүлт уездері Сырдария облысының; 6 көшпелі болысы Самарканд облысының Джизак уездері берілді. Семей облысында: Алматы, Жаркент, Лепсинск, Қапал уездері Пишлек уезінің Георгиевск, Шу, Қара-Күнус болыстары. ҚАКСР территориясы   700мың км2 кеңейді, яғни 2,7 млн км2, тұрғындар саны 1468 мың адамға өсті, жалпы адам  саны – 5 230 мың. 1926ж. халық санағы бойынша  қазақтар саны 61,3 % барлық тұрғындардан болған 1925 Республика астанасы Ақ-Мешіт болып табылады, Қызыл-Орда атауына ие болған. 1925ж. Республикаға  нақты атауы қайтып берілді – Қазақ республикасы.

1928ж. Қазақстанның губернияларға, уездерге, болыстарға бөлінуі жойылды, округтарға және аудандарға  бөлінуі кіргізілді.

1919ж. 10 шілдесінде РКФСР халық комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару  жөніндегі Революциялық Комитет  (Ревком) құрылды.

Оның бірінші құрамына С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С. Мендешев, Б.Қаратаев  кіреді. Казревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында  өлке Кеңестерінің Құрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды. Казревком қызметінің әскери – азаматтық сипатын азаматтық соғыс анықтап берді. Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті-қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Казревком әрекет қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни “Соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты Казревком 1919ж. шілдесінен 1920ж. қазаннын қосқанда  15 ай бойы жұмыс істейді. Өзі пайда болған күннен бастап, казревком қазақ халқының Кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі қыруар көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.

1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі  қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына  астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).

1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына  жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы  ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару  комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан  территориясы  2,8 млн. км2  дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.

Кеңес ұлттық-мемлекеттік құрылысы 1936ж. желтоқсанында аяқталды.СССР Конституция бойынша Қазақстан АССР кеңестік республикасына өзгертілінген. Бірақ Қазақстан сол қалпы құқықсыз, қатан түрде орталыққа бағынған СССР құрамындағы республика болып қалған.

1917 ж. Қазан төнкерісі және кеңес билігінің орнатылуы.

1917ж. 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың аса маңызды орындарын  басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертен  әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады.

Қазан қарулы көтерілісінің  Петроградтағы жеңісінің және Орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелесе ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда Қазақстанда кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917ж. аяғынан 1918ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс – өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары, және ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне – бейбітшілік, ал шаруаларға – жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.

Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері деп аталатындардың табанды қарсыласуымен, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) орталық аудандардан қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен қиыншылықты жағдай одан бетер күшейе түсті.

Сырдария, Ақмола облысының және Бөкей Ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер шешуші бас мықты болғандықтан да Уақытша үкіметтің жақтаушылары оларға қарулы қарсылық көрсете алмады, сөйтіп кеңес өкіметі бейбіт жолмен-жұмысшылар мен кедей шаруалардың Кеңестерде мықты көпшілікке ие бола алуы жолымен жеңіп шықты.

Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында  істің барысы басқаша өрбіді. Көптеген жерлерде, соның ішінде облысорталықтары мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондардың большевикшіл солдаттарының күштерімен қарулы көтерілістер жасап, Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының және олардың одақтастарының қарсыласушы күштерін басып-жаншу жолымен орнатылды.

1917ж. қазан айының соңынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен Қазақстанның басқа да ірі елді мекендерінде орнап бітті. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату процесі. Азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Т.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ә.Майкөтов, И.Дубинин, К.А.Шугаев, Я.В.Ушанов, С.М.Цвиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.М.Виноградов, Т.Бокин, Л.П.Емелов, Т.Өтепов, А.Розыбакиев және басқалар неғұрлым белсенді қатысты.

1917-1918 жж.  «Алаш» және «Үш жүз » партиялары.

“Үш жүз” партиясының большевиктер басқарған совет өкіметімен қарым-қатынасы басқаша қалыптасты. “Үш жүз” партиясының басшысы Көлбай Тоғысов пен оның серіктерінің саясикөзқарасы мен практикалық іс-әрекеті 1917 жылдың күзінен 1918 жылдың басына дейін елеулі түрде өзгереді. Әуелгі кезде үшжүзшілер социалды-революцияшылдар партиясымен одақтасу линиясын қолдаса, 1918 жылдың қаңтарынан бастап, совет өкіметін жер-жерде ұйымдастырып, нығайту ісіне белсенді түрде араласып кетеді. 1918 жылдың бас кезінен-ақ үшжүзшілер большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде олардың одақтасына айналады. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Алаш Орда үкіметі бірнеше ай ішінде (1917 желтоқсан мен 1918 ж. науырызы) қазақтардың бейтараптығы мен жер-жердегі большевиктер басқарған Советтердің әлсіздігін пайдаланып, облыстарда әкімшіліктер құруға, милиция отряттарын ұйымдастыруға кіріседі. Бірақта көп ұзамай басталып кеткен азамат соғысы Қазақстанда жаңа әскери-саяси жағдай туғызады жа, соның салдарынын күресуші күштердің ара жігі ашылып, текетірес асқынып сала барады.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Азамат соғысы, «қызыл террор», «ақ террор», «әскери коммунизм саясаты», ұлтшылдық, жалпы еңбек міндеттілігі, мемлекеттілік.  Кеңестер, Уақытша үкімет, қазақ комиттері, «Алаш», «Үш-жуз» партиясы, автономия,  «Алаш-Орда», «Қоқан автономиясы».

№ 14 дәріске арналған тест тапсырмасы

1. 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағыжұмысшы саны?

78 мың

120 мың

150 мың

200 мың

238 мың

2. Қазақстан Ресейге толық қосылып біткеннен кейін  қазақ өлкесінде қай елдің  тауарлары басым болды?

Қытай

Ресей

Орта Азия

Батыс Еуропа

Жергілікті

3. ХХ ғ. басындағы  Қазақстан қалаларының  негізінен майда  қалалар болып қалыптасуы неде?

қала халқы  тұрақты  болмады

халықтың  ауыл  шаруашылығына   жақындығы

майда  кәсіпорындар  көп болды

отарлық саясатқа  ыңғайлы  еді

инфрақұрылым  жетілмеді

4. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің  негізгі себебі?

1916 ж. 25 июньдегі  патша жарлығы

орталық  қанаудың  күшеюі

патша шенеуніктерінің  зомбылығы

жергілікті әкімдердің  озбырлығы

осылардың  барлығы

5. Азамат соғысы жылдарындағы  негізгі саяси-экономикалық  саясат?

национализациялау

жаңа экономикалық саясат

шаруашылық  есепке көшу

азық-түлік салығы

соғыс  коммунизмі саясаты

6. Майда кәсіпорындарды  национализациялау қандай саясаттың  кезінде  іске асты?

жаңа  экономикалық саясат

бірінші  дүниежүзілік соғыс

соғыс коммунизмі

индустрияландыру

Ұлы Отан соғысы

7. 1919 жылы Азамат соғысының  қиыншылықтарына қарамай, Кеңес өкіметі  Қазақстанда Александров Гай – Ембі темір  жолын салуға шешім қабылдауына не себеп болды?

Қазақстандағы  майдандарға қару-жарақты тез жеткізу

Орта Азия мен Қазақстаннан орталыққа қатынасты жылдамдату

Орал-Ембі мұнайын тасу

Батыс Қазақстанның экономикасын көтеру

мұнай өңдейтін зауыт салу

8. Азамат соғысы  жылдарында тауарды бөлуді қатаң орталықтандырылған жағдайында  сауда не болды?

әрі қарай  дамыды

жойылды

социалистік қоғамда  тауарларға қажеттік  болмады

тауар  өндірілмеді

сатуда тек тұтыну тауарлары  ғана болды

9. 1932 ж.  ВСНХ  қайта  құрылған кезде  өнеркәсіпті  басқарудың  қандай жүйесі құрылды?

Халық шаруашылық кеңестері

территориялық-өнеркәсіптік  кешен

Ғылыми-өндірістік  бірлестіктер

Министрлік

Халық комиссариаты

10. Орталық Азия  мен Қазақстанда ұлттық-мемлекеттік  межелеу не үшін  жүргізілді?

халық  санағын жүргізу

жаңа республикалар құру

әрбір ұлттың тарихи  территориясын қалпына келтіру

қазба  байлықтарды анықтау

соғысқа дайындықты бастау

11. Артель дегеніміз не?

кооперацияның  қарапайым түрі

мәдени шара

кәсіптік-техникалық  оқу орны

әскерге алғашқы дайындық

көшпелі  жөндеу  шаберханасы

№15 дәріс. Қазақстандағы ЖЭС және индустриандыру.

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан индустриализация және ЖЭС жылдарында. Қазақстанның өнеркәсібінің қалыптасуы процессін көрсету. КСРО шикізат бөлігіне айналуын көрсету. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму барысындағы тоталитарлық режим жүйесінің орнауының алғышарттарын анықтау.

Жоспар:

1. Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның қорытындылары. Жер-су реформасы.

2. Қазақстан және Орталық Азияның ұлттық-аумақтық межеленуі.

3. Қазақстандағы индустриаландырудың қалыптасуы.Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның нәтижелері. Жер-су реформасы.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1993.
  2.  Бурханов К.Н., Абылхожин Ж.Б., СултановТ.И., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. А.1999.
  3.  М. Шоқай  Кеңестер билігіндегі Түркістан. А., 1993.

Қазақстандағы ЖЭС саясаты және оның нәтижелері. Жер-су реформасы.

 Советтік қоғамтану ғылымы НЭП – жаңа экономикалық саясат  кезеңін ұзақ жылдар бойы социализм идеялдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде, тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-атла ретінде түсіндіріп келді. Жаңа экологиялық саясат тұтас алғанда “Социалистік таңдау” идеясы бағытын сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының әкімшілік-әміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндырақ жолы болатын.

Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік экономикалық  және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды. Революциялық романтикамен бұдан былайда әуестене берудің, коммунистік өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің аяғы шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл елдің халық шаруашылығы, ионың ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың ойранды кесапатын басынан өткерді.

Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалады. Мысалы,егістік көлемі 1914 ж.3,6 млн. Деседен (десятина) 1922 ж. 1,6 млн десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж.әр деседен түсетін38,7 пұттан 1921 ж. 18,7 пұтқа дейін азайды. Осы кезенде астықтың жалпы өнімі 3 еседен аса кеміп кетті. Шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланады  (кейінірек оны 10 күнге ұзартты).

Науқанның қорытындысы туралы құжаттарға сүйенсек, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619 тұрған округінен тыс жерге айдалды. Олардан ірі шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.

Алайда жарияланған статистикалық материалдарды талдағанда тәркіленіп алынып «тең» бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қарағанда, жарлы-жақыбайдың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді.

Шаруашылықтардың едәуір бөлігінде шаруаны жүргізуде қажетті мал саны тіпті ең төменгі мөлшердің өзіне жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік халін жақсарту үмітінен айрылды, «ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды», қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шын мәнінде бұрынғыша қауымның кіріптар болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Кезінде Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осынау жайтқа аударған болатын.

Тәркілеу тек қана оң іс деп танылды, өйткені қаулыда мәлімдегендей-ақ, ол ауылды «қансорғыш қанаушылардан» азат ету мақсатын көздеді.

Алайда, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300-400 қаралы қойы бар, ортан қолды дәулетті кісілерді де қырына алып, қиғылық салды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге мұнша мал ғажайып байлық көрінді, оны дереу тәркіге салып, қолма-қол жарлы жақыбайларға берілуді керек деп жобалады.

Міне осындай «ауыл байларын» ауыздықтап, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, шіріген байлар малын тартып алып , біркезде өздеріне сауынға берген келесі бір қауымдарда енді тәркіге тағы түсіп, азып-тозып кетті. Бәрінің ақыры бірдей болды.

Күштеу саясатын тынымсыз жүргізудің бір мысалы мемлекеттің 20-шы жж. аяқ кезінде елді индустрияландыруға қаржы іздеп, алым-салық тәртібін күрт қатайтып жіберген зымияндық шараларынан көрінді. Қазақстанның ауылы мен селоларына салық нәубеті төнді. Өзара салық деген алым енгізілді.

Алым-салық нормасының күрт өсіп кетуінің зардабына шыдамай, шаруашылықтардың едәуір бөлігі, сол жылдардың тілімен айтсақ, «өз бетімен тәркіленеді» яғни шаруаға кәсібінен безіп, қалараға кетті де, табыс көзі мен жұмыс түрін өзгертті.

Ал, мал өсіретін шаруашылықтарға келсек, олар күш көрсету мен алым-салықтың ауырлығын көтере алмай, көбі шет елге ауып кетті. Бұл арадағы гәп «байлардың тіміскі» әрекетінде ғана емес, әрине, бұл да болған шығар – дәстүрлі құрылымның (аса күрделі ұдайы өндірістік, институционалдық, әлеуметтік-мәдени, патриархалды-рулық байланыстары) ерекшелігі аса ірі шаруашылық соңынан тұтас қауымды кетіп қалуға мәжбүр етті. Бірақ солкезендегі жаппай көшіп кетудің басты себебі: мемлекеттің, халықтың күнкөрісін қамтамасыз етіп тұрған жүйені бұзған еріксіз-күштеу саясаты болатын.

Сөйтіп Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың қайшылығы мол болып, «ұлы бетбұрыспен» (осылай есептеліп кеткенді) емес, 20 жж. екінші жартысының аяғында аса ауыр қайғы-қасыретпен аяқталды. Тап сол уақытта экономикалық саясаттың көптеген келелі идеялары тұмшаланып тасталды, бұл болашақ трагедияның – этникалық-экологиялық апаттың алғышарттарын туғыза бастады.

Малшарушылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғында дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы – 2 млн-ға, уақ мал (қой, ешкі) 6,5 млн-дай, түйе – 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10,8 млн басқа кемиді.

Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921-1922 жж. Орынбор губернәсінде 445 м. Адам, Қостанай гүбернәсінде – 225м., Оралда – 400 мың, Актөбеде – 360 мың., Бөкей гүбернәсінде – 100 мың адам аштық азабын тартты.

Қазақстан мен Орталық Азияның ұлттық-аумақтың межеленуі.

1921ж. Батыс,  Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде жер межеленіп бөлуі өткізілген. Орта Азия Казақстан жерлерін  ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуіне үлкен дайындалық жұмысы жүргізілгін. 1924ж. 27 қазанда Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің сессиясында  үкімет шешімі шығарылды. Шешім бойынша  Өзбек КСР, оның құрамында Тәжік АКСР,Түрікмен КСР, Кара-Қырғыз  автономиялық облысы РКФСР құрамында, қазақ АКСР оның құрамында Қарақалпақ автономиялық облысы қалыптасты. Ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуінің нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақ-Мешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие-Ата уезінің көбісі, Ташкент, Мырзашүлт уездері Сырдария облысының; 6 көшпелі болысы Самарканд облысының Джизак уездері берілді. Семей облысында: Алматы, Жаркент, Лепсинск, Қапал уездері Пишлек уезінің Георгиевск, Шу, Қара-Күнус болыстары. ҚАКСР территориясы   700мың км2 кеңейді, яғни 2,7 млн км2, тұрғындар саны 1468 мың адамға өсті, жалпы адам  саны – 5 230 мың. 1926ж. халық санағы бойынша  қазақтар саны 61,3 % барлық тұрғындардан болған 1925 Республика астанасы Ақ-Мешіт болып табылады, Қызыл-Орда атауына ие болған. 1925ж. Республикаға  нақты атауы қайтып берілді – Қазақ республикасы.

1928ж. Қазақстанның губернияларға, уездерге, болыстарға бөлінуі жойылды, округтарға және аудандарға  бөлінуі кіргізілді.

1919ж. 10 шілдесінде РКФСР халық комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару  жөніндегі Революциялық Комитет  (Ревком) құрылды.

Оның бірінші құрамына С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С. Мендешев, Б.Қаратаев  кіреді. Казревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтайды, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында  өлке Кеңестерінің Құрылтайлық съезін шақыруға жағдай жасау оның басты міндеті болды. Казревком қызметінің әскери – азаматтық сипатын азаматтық соғыс анықтап берді. Казревкомның басқа бір аса маңызды міндеті-қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Казревком әрекет қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни “Соғыс коммунизм” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты Казревком 1919ж. шілдесінен 1920ж. қазаннын қосқанда  15 ай бойы жұмыс істейді. Өзі пайда болған күннен бастап, казревком қазақ халқының Кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі қыруар көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.

1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі  қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына  астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).

1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына  жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы  ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару  комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан  территориясы  2,8 млн. км2  дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.

Кеңес ұлттық-мемлекеттік құрылысы 1936ж. желтоқсанында аяқталды.СССР Конституция бойынша Қазақстан АССР кеңестік республикасына өзгертілінген. Бірақ Қазақстан сол қалпы құқықсыз, қатан түрде орталыққа бағынған СССР құрамындағы республика болып қалған.

Қазақстандағы индустрияландыру: кезеңдері, орындалуының ерекшеліктері.

Бірінші дүние жүзілік және азамат соғыстарының қиратып-тонаушылық зардаптарын шеккен Қазақстанның мешеу қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсіп дамыған аудандарына қарағанда одан да ауыр жағдайда еді. Соғыстан әсіресе өнеркәсіп пен транспорт ерекше зардап шекті.

Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортындағы елдің елдің жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайында басталған қалпына келтіру жұмыстары шаруашылқтың бүтіндей күйреу жағдайынан ғана емес, сонымен бірге көп мал қырылған 1920-1921 жж. жұттың, сондай-ақ республиканы ашаршылыққа ұшыратқан 1921 ж. егіннің шықпай қалу салдарынан да күшті қиыншылықтарға кездесті.

Түсті металлургия кәсіпорындарының 60 проц. Астамы ғана жұмыс істеді.

Сөйтіп Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортын қалпына келтіру елдің индустрияландыру дәуіріне өту жағдайында аяқталды. Бұл уақытқа шейін 1917 ж. қазаннан кейін мемлекет меншігіне алынған жеке меншік кәсіпорындардың негізінде пайда болған өнеркәсіптегі социалистік сектор нығайып, дами бастады, оның Қазақстанның бүкіл өнеркәсібіндегі үлесі 64 проц., ал ірі өнеркәсіпте 97,2 проц. Жетті. Теміржолдардың, сондай-ақ су жолдары, олардың жылжымалы құралдары, пристандары және т.б. да мемлекеттің меншігінде болды. Қазақстанда ЖЭС-тың жағдайында жекеменшік сектор мен сауда бостандығына жол берілді, сондықтан басқа экономикалық укладтар айтарлықтай дамыған жоқ.

ЖЭС-тің жағдайында өнеркәсіпті басқару жетілдірілді, БХШС-ның өнеркәсіп бюросы республикалық ОХШС болып қайта құрылды кәсіпорындар бағыныштылығы жағынан одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губернелік (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындардың негізінде шаруашылық есеп негізінде бірлестіктер құрылды, олар кеңестік трестер деп аталды. Орал – Ембі мұнай тресі, Алтайполиметалл тресі, Атбасар түсті металл тресі, Алтынруда тресі одақтық және ресейлік сипаттағы кәсіпорындар болып шықты, Екібастұз бен Риддердің кәсіпорындарын РКФСР БХШС-ның мандаты бойынша Қазақстан ОХШС басқарды. Республика ОХШС-ның тікелей басқаруында: Елек тұз тресі, Павлодар тұз тресі, Оңтүстік алтын, Ақжал алтын трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі болды. Қазақстанның біршама ірі кәсіпорындары, әсіресе өнеркәсіптің кен шығару салалары (мұнай, түсті металл және т.б.) жылдан жылға Орталықтың қарамағына өткізіле берді, олардың өнімдері КСР Одағының индустриялық жағынан дамыған аудандарына тасылып әкетіліп жатты. Қазақстан экономикасының шикізат бағыты барған сайын айқындала түсті.

БК (б) Партияның ХIV съезі 1925ж. желтоқсанда белгілеген елді социалистік индустияландыру бағытын жүзеге асыру Қазақстанда бір сыпыра елеулі қиыншылықтарға кездесті. Олардың ең бастысы  республиканың әлеуметтік – экономикалық мешеулігі еді, осындай жағдайда қазақ халқы коммунистік партия мен кеңес үкіметінің пайымдауы бойынша, дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден феодализмнен социализмге аттап өтуге тиіс болды. Халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіпті қалпына келтіру ұзаққа созылды. 1926 ж. басына дейін республика өнеркәсібі 1913 ж. дәреженің 61 проц., ауыл шаруашылығы 82,9 проц. жетті. Т ранспортта 9,6, ал басқа салаларда, бұған уақытша және маусымдық жұмысшыларды қосқанда 41 проц. болды.

1933 ж. жұмысшы тобы халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің құрамында 23,8 проц. болды, 1926 ж. ол 10,7 проц. болатын, сөйтіп жұмысшы табы колхозшы шаруалармен қосқанда жаңа қоғамның ірі табына айналды. Жаңа таптың өзегі өнеркәсіп жұмысшылары (115,5 мың адамнан астам) болды. Республика жұмысшыларының төрттен үш бөлігі оған социалистік индустрияландыру жылдарында қосылды. Бұлар кешегі қазақ шаруалары – кедейлер, қол өнершілер, майдангерлер және басқа еңбекшілер, сондай-ақ Қазақстанға жалданып келген жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы немесе өз бетімен елдің басқа өңірлерінен келген жұмысшылар мен шаруалар болатын. Қазақ жұмысшы кадрларын даярлауда елеулі табыстарға қол жетті.

Жергілікті халықты еңбектің индустриялық саласына тарту үшін оларды жұмысқа қабылдау тәртібі оңайлатылды: олар кәсіподақ мүшелеріне теңестіріліп, бірінші кезекте қабылданды. Жұмысқа қабылдау еңбек биржалары мен олардың пункттерінде ғана емес, сонымен бірге тікелей ауылдарда жүргізілді. Қазақстанда жұмысшы табының ұлт кадрларын жасақтаудағы табысқа байырғы орыс жұмысшыларының, республикаға Ресей федерациясы мен Украинадан келген жұмысшы табының озық өкілдерінің қызметі көмектесті.

Жергілікті халықтан маман жұмысшылар даярлаудың бір өтімді жолы ірі және жоғары дамыған орталықтардың ұқсас кәсіпорындарына үйренуге және іссапарға жіберу болып табылды.

Мамандыққа оқытудың мұндай жолы өнеркәсіпті жұмысшы өңірлеріне тән еді. Шығыс халықтарының ондаған мың өкілдері индустриялық өндірістің күрделі мамандықтарын меңгеріп шықты, мұның өзі 30 жж. ортасында-ақ Орта Азия республикалары менҚазақстанда кеңес жұмысшы табының ұлт кадрларының ірі тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30 проц. түпкілікті және көшіп келген халықтан шыққан кешегі шаруалар еді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар қатары негізінен ұсақ буржуазиялық топтардан толықты. Осыған байланысты өлке жұмысшы табының «шаруалану» процесі жүрді.

Орта Азия мен Қазақстан жұмысшы табының ұлттық кадрларын даярлауда елеулі проблемалар бар еді. Түпкілікті ұлттардан шыққан жұмысшылар әлі де қалыптасу процесінде болатын. Қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік жұмысшыларының үлесі, жалпы саны жылдан жылға өсе берді, бірақ олардың негізгі көпшілігі мамандығы жоқ немесе мамандығы аз жұмысшылар болды.

Қазақстан жұмысшы табының маман және жоғары маман бөлігі арасында, тіпті бүгінгі күні де еңбектің тартымды салаларында ұлттық кадрлардың үлес саны әлі де төмен болғанмен мұнын Ұлы Отан соғысының алдында үлкен қиыншылықтармен қол жеткізілген бастапқы шептеріне объективті көз жіберу қажет.

Жаңа тапты қалыптастырудағы барлық қиындықтар мен проблемаларға қарамай, ол қалыптасу барысында өзінің мәдени-техникалық дәрежесіндегі, қоғамдық санасындағы кемшіліктерді жойды. Жұмысшылар қысқа мерзімнің ішінде әлеуметтік белсенділігін қауырт арттырып, республиканың индустриялық дамуына үлкен үлес қосты.

Республиканың индустриялық даму барысында қалыптасқан жұмысшы табының жаңа қоғамқұрудағы шешуші рөлі жалпы алғанда оның сол жылдардың мейлінше қиын да күрделі жағдайындағы ерен еңбегінен көрінді.

Қазақстан жұмысшы табының қоғамдық-саяси және еңбек белсенділігі республиканың индустриялық дамуын, өтпелі дәуірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістерін ойдағыдай қамтамасыз етуде шешуші роль атқарды.  

Дәрістің негізгі ұғымдары: Жаңа экономикалық саясат, продналог, концессии, жер-су  реформасы, ұлт-аумақтық межелеу, индустриализация.

№ 15  дәріске арналған тест тапсырмасы

1. 1867-68жж. "Ереженің" ең негізгі түйінді жері.
A) Округтардың жойылуы
B) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі.
C) Түркістан генерал -губернаторлығын құрылуы.
D) Әскери соттардың құрылуы
E) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы

2. Шоқан Уалиханов қашан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
A) 1856 жылы.
B) 1854 жылы.
C) 1848 жылы.
D) 1857 жылы.
E) 1853 жылы.
3. ''Қалқаман-Мамыр'' поэмасының авторы:
A) Ш.Құдайбердіұлы.
B) А.Байтұрсынұлы.
C) Ә.Бөкейханов.
D) С.Сейфуллин.
E) М.Шоқай.
4. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың әлеуметтік базасын атаңыз.
A) Қолөнершілер.
B) Шаруалар.
C) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
D) Зиялылар.
E) Жұмысшылар.
5. 1917 ж. шілдеде Верныйда  
A) Ж.Алдоңғаров.
B) Р.Марсенов.
C) Ж.Аубаев.
D) Ж.Бабаев.
E) М.Айтпенов.
6. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады?
A) Верный
B) Петропавл
C) Ақтөбе
D) Семей
E) Қостанай
7. Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат:
A) Құрылтай съезінің резолюциясы.
B) "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет.
C) Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы заң.
D) КСРО Конституциясы.
E) Қазақ АКСР-нің Конституциясы.
8. 1921ж. еңбекшілердің жағдайын жақсарту үшін Түркістан ХКК-і декрет қабылдады:
A) Асханалардағы түскі ас ақысын төмендету.
B) Жанар-жағар май бағасын төмендету.
C) Сауда-саттық және отынды халыққа тегін жіберу.
D) Коммуналды қызметтер ақысын төмендету.
E) Сауда-саттық бағасын төмендету.
9. 1930-32 ж.ж. еліміздегі жағдай:
A) Қаржы дағдарысы.
B) Ашаршылық.
C) Саяси дағдарыс.
D) Экономикалық дағдарыс.
E) Діни негіздегі қарама-қайшылық.
10. 1931 жылы Қарағанды облысының аумағында Осакаров ауданында шамамен болған қоныс-обсервация саны:
A) 25
B) 35
C) 20
D) 30
E) 40
11. Алматыда медицина институты қашан ашылды?
A) 1930 ж.
B) 1928 ж.
C) 1931 ж.
D) 1929 ж.
E) 1932 ж.

№16  дәріс. ХХ ғасырдың  20-30-шы жылдарындағы репрессия, ауыл шаруашылығынг ұжымдастыру және Қазақстандағы мәдени құрылыс

Мақсаты мен міндеттері: 

- Қазақстандағы ұжымдастыру процессінің салдарларын, нәтижелерін анықтау. Ұжымдастыру құрбандықтар санының нақты білу мәселелері.

Жоспар:

  1.  Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
  2.  ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы мәдениет.
  3.  ҚАКСР қалыптасуы.
  4.  ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы жаппай қуғын-сүргін.
  5.  1929-1933 жж. Этнодемографиялық күйреу

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

20-30жж. жаңа экономикалық саясат ұзақ уақытқа бағытталған саяси стратегия есебінде қабылданады. Елді индустрияландыру, шаруаларды коопоерацияландыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты үлкен проблемалар осы саясат шеңберінде шешіледі деп саналды.

Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын эволюциялық процесс ретінде қаралады. Кооперация, басқа да шаруашылық ұйымдардың баламалы әдістерімен бәсекелі күрес барысында айрықша көзге түскен экономикалық артықшылықтарға шешуші ынталандыру рөлін тапсыратын.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу тікелей «тәркілеуге» жол бермейтін, өйткені ол іс жүзінде дербес қожайындарды экспроприациялау – еркінен тыс мал-мүлкінен айыру болып табылады. Н.Бухарин, Н.Рыков, М.Томский бастаған жаңа экономикалық саясаттың жақтаушылары, бұл мәселе жөнінде экономикалық және хұқтық реттеу механизмі бәрінен де пәрменді болуы мүмкін деп есептеді. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарының тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Кооперация индустрияландыру ісімен өзара байланыста қаралды. Қоғамға реформа жасаудың жаңа экономикалық саясаттың моделіндегі принципті бір жәйт, индустрияландыру да, кооперация да өзіндік мәні бар мақсат деп қаралып қана қоймай, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін арттыруға жеткізетін фактор ретінде қаралады, мұның өзі социалистіктің басты критериі деп түсінілді.

Алайда 20-жылдардың аяқ кезінде жаңа экономикалық ойлау шеңберінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгереді. Басты приоритет – ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделген болатын. Бірақ бұл мемлекет өндіріс құралын тотальді түрде озбырлықпен ауыздықтап алған кезде ғана жүзеге асар еді, мұны шаруалардың аса қуатты қарсылығын тудырған астық дайындаудың күшпен жүргізілген әдісі айқын көрсетті. Ал, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау арқылы яғни ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды, мұның өзі өнім өндірушілерді өндіріс құралынан да, өндірістің өзі мен өнімді бөлуден де толық шеттету деген сөз еді.

Шын мәнінде өнеркәсіп өндірісін “жұмсақ” (қоғамның жанын барынша қинамай) модернизациялау идеясы индустрияландыруды мейлінше қарқындата өткізу бағытымен ауыстырылды. Экономикалық спонтанды процесс ретінде жүргізілетін кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отыратын күшпен ұжымдастыру шарасына орнын берді. Ал, бұл шара қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын ғанакөздеді.

Сөйтіп 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатты дамыту линиясы тұйықталып тасталды. Ұзақ ондаған жылдар бойына экономикамен коғамдық-саяси өмірде тек “күштеу” шарасының рухы үстемдік етті.

Ауыл шаруашылығына бұл қасіретті зардабын тигізді.Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімдік террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар,шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы потенциалын да құртып жібереді. “Ұлы бетбұрыс” селолық құрылымдарды қатыгез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.

Қазақстан ұжымдастыруды негізінен 1933 ж.көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылады. Республикалық партия, совет орындарында осынау тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де “секіріп өтілуге тиіс” кедергі ретінде қабылданды.

Мұның аяғы дереу қоғам ағзасын процент қуалаушылық дертіне шалдығып, жазылмацтын бір бәлеге апарып ұрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске жеткені жайлы бір-бірімен жарысқа түссін келіп, газеттер “колхоз майданынан” күн сайын түсіп, өзгеріп жататын хабарларды басып үлгіре алмайтын болды.

Егер 1928 ж. Қазақстанда барша шаруашылықтың 20 процентғана ұжымдастырылса, 1930 ж. 1 сәуіріне дейін – 50,5 процентке дейін ұжымдасу ісімен қамтыған 78 аудан (небәрі 122 ) болды.

Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықты бұзу әуел бастан-ақ барлық жерде жалпыға бірдей ортақ сипат алды.

Ұжымдастырудың төтенше сипаты осынау шара бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде жойқын күшпен көрінді.  Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар шаңырақтары күллі шаруашылықтың жалпы санының 3-5 процентінен аспауы керек деген жәйт айрықша ескертілді. Бірақ қанша айтқанмен, әміршіл-әкімдік жүйе емес пе, жоғарыдан түсірілген жарлық ешбір ойланып-толғанусыз-ақ, қолма-қол екпінді қарқынмен жүзеге асырыла бастады. Сол себепті де тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке “жеткізеді”.

Қазақстандағы бай-кулакты тәркілеу мөлшерін тап басып, дәл айту қиын, бірақ әйтеуір тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп “жер аударылып” жіберілген шаруалар саны 6.765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа жайы тұрған округтен реапублика ішіндегі басқа жерге жөнелтілді. Сонымен бірге Қазақстан территориясы елдін басқа аудандарынан жіберілген ондаған мың шаруа үшін «ауып келетін» жері болып белгіленді. Республикаға 46091 отбасы яғни 180015 адам ауып келіп қоныстанды.

Тәркілеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегі репрессиялық шараға айналып кетеді. 1932 жылдың 7 тамызында «Мемлекет кәсіпорындарының, колхоздар мен кооперацияның мүліктерін сақтау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» Заң қабылданды, бұл заң бойынша айыпты деп танылғандар ату жазасына, ал «жұмсарту жағдайлары» бола қалған күнде 10 жылға тұтқындалып, мал-мүлкін тәркілеуге кесілді. Осынау конституцияға қарсы шара іске қосылған алғашқы жылдың өзінде-ақ Қазақстанда 33.345 адам абақтыға салынды. Ал тәркіленген кісілер қылмысты сипаты бар басқа статьялармен жазаланды. Сонда сотқа салынып қаралу дегенің атымен болмады.  Бәрін де «үштіктер» шешкен.

1929 жылдан 1933 ж. дейінгі бес жыл ішінде Қаз.АКСР Біріккен Бас саяси Басқармасы Өкілетті өкілдігінің үштігімен толық емес мәліметтерге қарағанда, 9805 іс қаралы да, 22933 адам жөнінде шешім қабылданды, олардың ішінен 3386 адам жазаның ең жоғары түрі – атуға, тұтқын лагерінде 3 жылдан 10 жылға дейін қамалуға 13.151 адам кесілді.

Пәрменді қарқынмен ұжымдастырудың апатты зардаптары көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жоспарлы түрде отырықшы етуі барысында жасалған әкімдердің зорлық-зомбылығы салдарынан мүлде асқынып кетті. Отырықтандыру идеологиясы шаруашылық түрлерін толық өзгерту шарасымен тығыз байланысты болды, ал қазақ шаруалары қауымының ілгері басу жолын олар тек мал шаруашылығын егіншілікке немесе тұрақты мал өсіру шаруашылығына бірте-бірте айналдыру ісінен көрді.

Ал енді онша дамымаған, іс жүзінде индустрияға дейінгі өндіргіш күштерді тірек еткен мемлекеттің дәстүрлі аграрлық іргелі шаруашылықты бірден, шұғыл түрде жаңартуға күш-қуаты жетпейтін еді. Бұған қоса көшпелілер әлемінің көп деңгейлі институционалды байланыстары бар, шаруашылық-мәдени іс-әрекеттері мен әлеуметтік ұйымның аса күрделі кешені екенін мұқият ескеру де қажет еді. Бұрын басым болып келген қауымдық құрылымдар сан ғасырлар бойы еш жерде кездеспейтін, өздеріне ортақ, оқшау бір мінез-құлқы, шынайы өмірге бейімделген стереотиптері бар, дәстүрлі идеологиялық нұсқауларды қалыптастырған болатын. Міне осының бәрі қосылып келіп, нақты тарихи шындықты көзге ілмейтін, жаттанды да жоспарлы іс-әрекет атаулының қандайына болса да батыл қарсы шығып отырды.

Мынаны атап көрсеткен аса маңызды: көшпелі мал шаруашылығы сол жағдайда өзінің экологиялық жағынан тиімді екенін сақтады. Осымен бірге, ол уақытта көшпелі шаруашылық әлі өзінің экологиялық потенциалын сарыққан жоқ еді, ол көп жағынан экономикалық тиімді жүйе болып келгенін айрықша атап көрсету керек.

Коллективтендіру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік комитеті жергілікті белсенділермен бірге сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 жиырма бесмыңшыны жіберді, бұлардың өздері отырықшыланудың мәні мен механизмін мүлде тұрпайы түсінетін еді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты (көбінше жем-шөп және су қоры жоқ) бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айрылды. Партияның алыстан жіберген өкілдері мұнан да сорақылыққа барды. Отырықшылануды тұрақты поселкелер ұйымдастыру деп түсінген олар халықты далаға орналастыруда Ресей деревнясының жобасын айнытпай қайталады. Бұл үшін жүздеген киіз үйлер тікелей қардың үстіне көше-көшемен түзу төрт бұрышты етіп орналастырылды. Төрт бұрышты толтыруға киіз үйлер жетпей қалған жағдайда тағы да бірнеше ауыл ( яғни қауымдастықтар) көшіріліп әкеленіп , олардың үйлері «деревня көшесінің» кемтігін толтырды.

Әкімшілік жолмен жүргізілген алатопалаң отырықшыландыру науқанының азабынан арылмай жатып, ауыл халқы сол замат мұнан да басаламан ұжымдастыру зобалаңына душар болды. Турасын айтқанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жаппай отырықшыландыру ұжымдастырумен тығыз байланыста жүргізіледі деп ойластырылған шара еді. Мұның өзі Қазақстан өлкелік комитеті Пленумының )1929 ж. желтоқсан) қаулысынан-ақ көрініп түр, онда «халықты жедел отырықшыландыру және оларды шаруашылық жағынан нығайту саласындағы практикалық жұмыстың бүкіл жоспары мына негізде – барлық отырықшыланатын кедей-орташа шаруашылықтар жүз процент ұжымдастырылған негізде жүргізілетін болсын» деп қатаң нұсқау берілген. Осымен бірге әмірші органдар «егіншілік шаруашылықтарда қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылықтарда да ұжымдастыру сондай қарқынмен ынталы жүргізілсін» деп талап етті.

Ойластырылмай алынған шешімнің қайтарымы өзін көп күттірген жоқ. Колхоздың товарлы фермасына тай-тұяғы қалмай жиналған мал аштан қырыла бастады. Қазақстанның ауылдары мен деревнелерінде волюнтаристік саясаттың салдарынан ауыл шаруашылық өндірісі жаппай құлдырай бастады.

Бірінші бесжылдықтың ішінде (1928-1932 жж.) бүкілодақтық товарлы астық өндірудегі Қазақстанның үлесі 9-дан 3 проц. дейін төмендеді. Дәнді дақылдардың егіс көлемі 1928 ж 1940 ж. дейін 1,5 есе дерлік өскеннің өзінде олардың жалпы өнімі гектарынан 9,2 центнерден 4,3 центнерге дейін төмендеді. Сөйтіп шаруагы жерден айырып, оны жалдамалы қызметшіге айналдырудан туған селқостық біліне бастады.

Мал шаруашылығы бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырады. 1928ж. республикада 6509мың ірі қара болса 1932ж. одан 965 мың ғана қалды. Тіпті 1941ж. соғыстың қарсаңында да колхозға дейінгі ірі қара саны қалпына  келтірілмеді (3335м.бас) 18566 мың қойдан 1932ж. 1386 мың қалды. Жылқы саны 1928ж. 3616,1 мың болса, оның 3200 мыңы ұолдан қырғынға ұшыратылды, 1941ж. елде небәрі 885 мың ғана жылқы болды. Қазан өлкесі үшін дәстүрлі сала түйе шаруашылығы өмір сүруін тоқтатты десе болады: 1935ж. 63 мың ғана түйе қалды, ал ол 1928ж. 1042 мың бас болатын.

Күш көрсету мен өрескел жолсыздық істердің салдары тек ауылшаруашылық өндірісінің құлдырауынан ғана көрініп қойған жоқ.  Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да бұған ашықтан-ашық наразылық туды, мұның өзі бірсыпыра жағдайда шаруалардың қарулы қарсылық көрсетуіне ұласты.

1929-1931 жж. Қазақстанда 372 көтеріліс болды, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Шаруалардың Созақ, Шемонаиха, Бұқтарма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Бүйен – Ақсу, Шыңғыстау, Бәрібаев, Қастек, Балхаш, Шұбартау, Маңғыстау және басқа аудандардағы қозғалыстары қайғылы уақиғалармен мәлім болды. Көтеріліс кезінде халық республикадан тыс жерлерге, оның ішінде шетелдерге жаппай ауа көшті. 1930 ж. басынан 1931 жылдың ортасына дейін ғана Қазақстан территориясынан 281230 шаруа қожалығы көшіп кетті. Олардың едәуір бөлігі Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтіп кетті. Тұрақты әскерлердің және ОГПУ органдарының қарулы күші көтерілген халыққа қарсы қатаң жазалау шараларын қолданды. Ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 1929-1931 жж. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Күш қолдану, Қазақстан этностарының өмір сүріп отырған жүйесін талқандау бұрын болып көрмеген демографиялық күйреуге әкеліп соқтырды, оның зардабы қазіргі заманда да көрініп жатыр.Құрбан болғандардың саны туралы мәселе әзірше ашық. Оған ЦУНХУ, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министірлігінің, Орталық партия органдарының архив қоймаларында, республикалық және облыстық архивтердегі «С» (құпия) белгісі бар істердегі жаңадан ғылыми айналымға енгізіліп жатқан материалдар елеулі түзетулер енгізетін болуы керек. 1937 ж. «жазаға ұшыраған санақ» ретінде белгілі болған Бүкілодақтық халық санағының материалдары да түбегейлі жаңа көзқарас енгізеді. Бірақ күнде өткізілген бұл санақ сталинизм саясатының салдарынан болған аса ірі демографиялық күйреудің көріністерін бейнеледі.

Тарихшы-демографтар жүргізген алдын-ала талдаулар көрсеткендей, қазақ этносы аса ауыр шығынға ұшыраған. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуынан халық 1750 мыңдай адамын жоғалтқан.

Түпкілікті халық аса көшуден де сан жағынан үлкен шығынға ұшырады. Қазақстанда тұратын басқа этностардың да саны шұғыл азайды.

Республиканың түпкілікті халқының мұндай терең дағдарысты біршама шапшаң жеңе алуының себебі, бұл оның демографиялық эволюциясының бастапқы сатысында шарпыды. Соғыстан кейінгі жылдары болған күшті демографиялық өсудің арқасында ғана қазақ этносы 40 жылдан кейін санын қалпына келтірді.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Ұжымдастыру, «Кіші Қазан», седентаризация, жұт, Конституция, Қазақ КСР, қуғын сүргін.

1. 1916 ж. қанша  жер қоныс аудару қоры арқылы  орыс  келімсектеріне тартып әперілді?

20 млн десятина

35 млн десятина

40 млн десятина

53 млн десятина

65 млн десятина

2. Патшалық  Ресей кезінде  ауыл шаруашылық өнімдерін  өңдейтін кәсіпорындардың  көп болуы  неліктен?

жергілікті энергия  көздері мол болды

жергілікті халықты жұмыс  орнымен қамтамасыз ету үшін

өлкенің  экономикасын  көтеру  мақсатымен

өнімді осында  алғаш өңдеу тиімді  болды

халықтың әлеуметтік  жағдайын жақсарту

3. ХІХ ғ. соңына қарай  Қазақстан экономикасына  капиталистік қатынастардың енуі  қандай  әлеуметтік  жағдайды  туғызды?

халықтың  әл-ауқаты  жақсрады

демократиялық  қатынастар орнады

мәдениет деңгейі көтерілді

әлеуметтік  жіктелу  күшейді

өнеркәсіп барынша  жақсы  дамыды

4. Қазақстан сияқты ұлт аймақтарында  құрылған майда  кәсіпорындарында  тұрақты жұмысшы  кадрлары қалыптасты ма?

қалыптасты, өйткені  жұмыссыздар көп болды

орталықтан келген жұмысшы  кадрлары  мол еді

қалыптасқан жоқ,  өйткені олар уақытша  істеді

тұрақты  кадрлар тек ірі  зауыт-фабрикаларда  ғана болды

шетел жұмысшылары тұрақты істеді

5. Жетісуға  қоныс аударған орыс шаруаларына патша  әкімшілігі қандай  жеңілдік жасады?

тұқыммен қамтамасыз етті

ауыл шаруашылық  техникасын берді

үй, қора-қопсы  салыр берді

құрылыс заттарын берді

100 сом ссуда берді

6.Қазақ буржуазиясы  өз капиталын негізінен қай салаға жұмсады?

өнеркәсіпке

ауыл шаруашылығына

транспортқа

сауда  мен  өсімқорлыққа

банкіге  салды

7. Кеңестік  кезеңде  жәрмеңкелер қашан қайтадан жұмыс істей  бастады?

1924 ж.

1927 ж,

1929 ж.

1932 ж.

1933 ж.

8. 1926 ж. өткен бүкілодақтық  санақ бойынша кеңес  империясында 194 ұлт пен ұлыстың  өкілдері  тұратыны анықталды. 1979 ж.санақта қанша халық бар деп көрсетілді?

101

168

214

248

259

9. Тек Қазақстан кен орындары өнімі ғана емес, Солтүстік Корея мен Гвинеядан  жеткізілетін боксит кенін де пайдаланған  Совет Одағындағы аса ірі металлургия  кәсіпорын?

Шымкент  қорғасын  зауыты

Үлбі металлургия  зауыты

Балқаш мыс зауыты

Ленингор қорғасын-мырыш зауыты

Павлодар алюминий  зауыты

10. 50 жылдардағы ауыл шаруашылығының  артта қалуының  субъективті  себептерінің бірі?

басқару  ісіндегі кемшіліктер

жеке меншіктегі мал басының көбеюі

ауыл-село  халқының тез өсуі

үкіметтің  миграциялық саясатының   дұрыс еместігі

кейбір аудандардың  ғана  ерекше  жағдайға көшуі

11. Ауыл  шаруашылық  дақылдарының  бірі, тек  суармалы  жерлерде ғана  өсетін  қант қызылшасы  өте төмен   тиімділігі  үшін  кезінде  «тәтті каторга»  деп аталынды. Осы саланың  артта қалу  себебі не?

дайындау  бағасы өте жоғары

сатып алу бағасы  өте жоғары

халықтың  өте көп  тұтынуы

көп жылдар еккендіктен  топырақтың  құнарлығы кеміді

еңбек  тек қолмен  істелінді

№17 дәріс. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Мақсаты мен міндеттері:

-Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның орны, соғыс майданы мен тылдағы қазақстандықтардың ерліктері, Қазақстан территориясына депортацияланған халықтардың .

Жоспар:

1. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы.

2. Экономикины қайта ұйымдастыру.

3. Қазақстан территориясына депортацияланған халықтар.

Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы

1941 ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.

Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Анлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-моңғол тұқымдас “жабайылардан” “тазартылған” “ герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғышарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарың құру белгіленді. 1914 ж. аяғында – 1942 ж. басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республиларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ-Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарланғандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халқтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.

Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төнкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы насихат адамдарға зор ықпал жасады.

Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да болды-ашаршылық, негізсіз жазалау, онсыз да аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді.

КСРО-ға шабуыл жасай отырып, фашистік идеологтердың кеңес үкіметі жазалаған бұрынғы ақгвардияшыларға, бай шаруаларға, капиталистер мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенің жаппай терроры мен зорлық-зомбылығының құрбаны болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз емес еді.

Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа дүниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталиназмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.

1939 ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916 ж. тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Отра Азияның түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ  КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1,5 млн-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді. Мобилизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшілері болып құрылды. Мобилизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тиісті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржыларының есебінен қамтамасыз етілді.

Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарда.

Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары кәсіпорныдардың пайдасына қайта бөлінді.

Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-1945 жж. Қазақстаннан батыс аудандардың 532,5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970 мыңдай репатриацияланған немістер, поляктар осында келді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проблемасы одан сайын шиеленісе түсті: 1940 ж. қаланың әрбір тұрғынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3, ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді.

Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа аса маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді. Мемлекеттің, еңбек ұжымдарының, республика тұрғындарының бірігіп күш жұмсауы арқасында ел азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ барлық жұрт ең аз қажетін өтеді.

Тылды қайта құрудың құрамды бөлігі көшіріп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру болды. Қазақстанға 220 фабрика, зауыт, ұстахана, артель мен өнеркәсіп комбинаты (соғыстың барысында бұлардың 20-ы қайта көшіріліп әкетілді) көшіріліп әкелінді, қатарға қосылды. Олардың көпшілігі (54 зауыт пен фабрика) тамақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары болатын. Әдетте олар өздері тектес кәсіпорындардың базасына орналастырылды. Көшіріп әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі өз жұмыстарын асығыс ыңғайластырылған үйлерде және типті бастырмалардың астында бастады. Көбінше жаңа орынға бұл кәсіпорындардың бұрынғы жұмысшылары мен инженер-техник қызметкерлерінің оннан бір бөлігі ғана келді. Міне осындай жағдайда өнімдердің бұрын шығарылған ескі түрлері ғана емес, қару-жарақ пен оқ-дәрінің бірсыпыра жаңа түрлерін шығару жолға қойылды.

Ұжымдандыру жылдарындағы сияқты, 1941-1945 жж. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер, ал трактор және егіс бригадаларында саяси жетекшілер енгізілді. Саяси жетекшілерге көп жағдайда әкімшілік қызметі, «нормаларын әдейі орындамайтындарды, еріншектер мен қыдырымпаздарды» жазалауға дейін шара қолдану құқы берілді. Әкімшілік жүргізу, колхоздар мен совхоздардағы еңбекті әскери тәртіпке көшіру, әйелдер мен жасөспірімдерді жаппай еңбекке тарту, ауылдар мен деревняларда техниканың азаюы, еңбекке ақы төлеудің күрт азаюы, ал көптеген колхоздарда мүлде төленбеуі, колхозшылардың малдарын күшпен конртактациялау, соғыс салықтарының енгізілуі, міне осының бәрі ауыл мен деревня еңбекшілерінің жағдайына ауыр әсер етті. 1943 ж. Солтүстік облыстарда, 1944 ж. Ақтөбе облысында ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмыс істеді.

Халық комиссариаттары мен оның басшыларының құқықтары мен саладағы істің жағдайы үшін жауапкершілігі арттырылды. Мәжілістердің саны азайтылды, оралымдылық, іскерлік арттырылды. Осымен бірге жеке адамға табыну практикасы, партияның ішкі өміріндегі барлықтар, әсіресе әкімшілік жасау жолына түсуге әкеліп соқты. Сол жылдардағы Конституциялық емес, төтенше органдар құру жөніндегі теріс іс те осыған қызмет етті. Мәселен, Семей және Ақтөбе облысының аудандарында егін егуге басшылық жасау үшін, өртке қарсы күрес, көшіріліп әкелінген халықты орналастыру және т.б. жөнінде үштіктер мен төтенше комиссиялар құрылған. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының партия комитеттері соғыстың алғашқы кезінде коммунистерді қорқыту, дөрекі әкімшілік көрсету тәсілдерін қолданған.

Барлық дәрежедегі кеңестердің мазмұны өзгерді. Ең алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді. Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің жанынан және облыстарда жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюро, көшіріп әкелінген халықты шаруашылық жөнінен орналастыру, әскер қызметкерлері жанұяларын мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыс жағынан орналастыру, әскери заказдар мен көшіріп әкелінген жабдықтарды монтаждау жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды. 1944 ж. еңбекшілер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық кеңестері жанынан көп балалы және жалғызбасты аналарға мемлекеттік жәрдем жөніндегі бөлім құрылды.

Соғыс жағдайында Кеңестердің атқарушылық-жарлық берушілік қызмет күшейді. Қолы бос еңбекке жарамды халықты мобилизациялау, міндетті көлік тасымалын енгізу туралы шешімдер мен жарлықтар қабылдау практикасы кеңінен қолданылды. Қала халқы ұшақ аландарын тазалау, кен орындарынан отын тасу жұмыстарына тартылды. Соғыс жағдайындағы Кеңестердің қызметіне жеке басшылдық жасау, билікті шоғырландыру, жоғары ұйымшылдық, дәлдік пен жеделдік тән болды.

Кеңестердің әкімшілік жасау-заң шығару қызметі күшейіп, мәдени-тәрбие қызметі әлсіреді. Кеңестердің соғыс жағдайында туған жедел-әкімшілік қызметінің күшеюі кейде жалаң әкімшілік жасауға ұласып кетіп отырды.

Соғыс жағдайында әйелдер қозғалысы өрістеді. 1943 ж. партия комитеттерінің жанынан әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің кәсіпорындарда, транспортта, колхоз мен совхоздарда 4300 әйелдер Кеңесінің құрылуы шығыс әйелдерінің социалистік Отанды қорғаудағы белсенділігін арттыруға еңбекші әйелдерге идеялық тәрбие беру жақсартуға көмектесті.

Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезінің өзінде майдан шебі Қазақстанға жеткен жоқ. Бірақ майданның жақын келуі оның батыс облыстарының өзінің әсерін тигізді. 1942 ж қырқүйегінде олардың территориясында әскери жағдай жарияланды, Орал мен Атырау да қалалық қорғаныс комитеттері құрылды, ол мемлекеттік, партиялық және әскери органдардың билігін бірітірді. Оңтүстік Орал әскери округінің штабы мен әскери инженерлері жаудың Еділден өтіп, шығысқа қарай шабуыл жасаған жағдайына деп бірнеше қорғаныс шебінің сұлбасын белгіледі. Оралда жедел байланыс торабы жасалып, оның Атырау, Астрахань, Куйбышев және Орынбор желілері тартылды, бұл ставканы оңтүстік бағыттағы майдандармен телефон арқылы тұрақты байланыстыруды қамтамасыз етуге тиіс болды. Атырауда Каспий теңізі Волга өзен флотилияларының бірнеше кемелерінен, сондай-ақ жағалық бөлімшелер мен қызмет бөлімдерінен әскери-теңіз базасы жасалды. Неміс авиациясы олар арқылы Сталинградқа әскерлер және жүк тиеген эшелондар отетін Сайхин, Шунгай, Жәнібек станцияларына шабуыл жасай бастаған кезде оларды қорғау үшін командование әуе шабуылынан қорғану 103-авиадивизиясының үш полкін, зенит зеңбірегінің екі полкін, төрт зенитті бронды пойыз, әуені бақылайтын, хабарлайтын және байланыс орнататын төрт батальон қойды. Осылар өзара күш біріктіре қимыл жасай отырып, жаудың 30 ұшағын атып түсірді.

Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Мұның өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар саласында да, сол жаңадан жасауға тура келген саласында да оның үлесін арттыруда талап етті.

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. Төрт жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды,электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

Республика мыс (35 проц.), қорғасын (85 проц.) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, байыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. Осылардың арқасында республика молибденнің одақтық көлемінің 60 проц. металл висмутының 65 проц., полиметалл рудаларының 79 проц., берді. Бұл нәтижеге жетуге жұмысшылар, техниктер мен инженерлер: Б.Аймұханов, Б.Смағұлов, В.Дементюк, А.Казакова, Д..Косых, Д.А.Қонаев, М.А.Лукьянова, А.Сафин, А.М.Сиразутдинова, Г.Хайдин және олардың шәкірттері мен ізбасарлары ерекше үлес қосты.

1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өндейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Өндірісті игеруге, онан кейін қару-жарақтын түрлерін жетілдіруге конструкторлар, инженерлер мен кәсіпорындардың озат жұмысшылары: И.А.Аристов, Г.А.Бариков, Н.К.Пышкин, П.Х.Резчик, Л.Я.Селеменова, Я.И.Фефер, Н.Шмарин баса көңіл бөлді. Мұның өзі өндірістің сан және сапа көрсеткіштерін жақсарта беруге көмектесті. Қазақстан индустриясының жалпы өнімінде металл өндеу мен машина жасау саласының үлесі 1940 ж 16-дан 1945 ж. 35 проц. дейін өсті.

Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп соғыс жылдарында 37 проц. өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өсімнен 2 проц. жоғары. Бұл нәтижелерге еңбектігі үлкен ауыртпалыққа, жоқшылық пен қиыншылыққа қарамай қол жетті. Бірақ соғыс алда тұрған міндеттерді орындаудың басқа жолы мен әдістерін іздеу мүмкіндіктерінен жалпы айырды немесе оны мейлінше шектеді, сондықтан адамдар майданның талаптарын орындаудан күшін де, мүмкіндіктерін де аяған жоқ.

Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек жағдайы мен міндеттері күрт өзгерді. Ең қиыны кадрлар туралы мәселе болды: майданға аттанған Қазақстандықтардың шамамен үштен екі бөлігі ауылдар мен селолардан кетті. Әскер қатарына шақырылған еркектердің орнын негізінен әйелдер басты. Соғыстың аяғына қарай көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80 проц. әйелдер болды. Оның бер жағында жылына 400 және онан да көп, яғни міндетті минимумнан үш есе жоғары, еңбеккүн тапқан әйелдердің саны 1940 ж. 20607-ден 1945 ж. 94202-ге жетті.

Тіпті құрғақшылық болған 1943 ж. өзінде Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады Қызылорда облысы «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелен ауданы ІІІ интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мухамедиев қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алды.

Мал өсірушілер де күш-жігерін, білім-тәжірибесін аяған жоқ. Жезқазған ауданы Амангелді атындағы колхоздың шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180-ге дейін қозы алып, аман өсіріп келді. Атырау облысы «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғаипова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағып келді. Қазақстанның батыс облыстарында жау қолында қалған аудандадың 370 мыңдай малы бағылды. 1943 ж. олар кері қайтырылды. Өз малдарын және батыстан айдап әкелінген малдарды сақтап қалуға, ал соғыстың ақырында ірі қара, қой мен ешкі жөнінен олардың соғысқа дейінгі санын біраз көбейтуге мүмкіндік берген қары жұқа шөлейтті және жартылай далалық өңірлерде малдың бір бөлігін жайып бағуға уақытында көшіру және оны жақсы ұйымдастыру болды. Бұл мал өсірушілердің еңбегін де біраз жеңілдетті. Сөғыс кезіндегі бірінші қыста мұндай учаскелерде, 2,1 млн. мал бағылды (24 проц.), ал онан кейінгі жылдары 4,4 млн. мал (46 проц.) бағылды.

Қазақстаның ауыл - село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 млн. т.ет және басқа азық – түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соғыс кезінде қоғамдық мал басын толықтырудың маңызды көзі ауылшаруашылық артелі мүшелерінің жеке малын күштеп контрактациялау болды. Мәселен, тек 1942 ж. ғана колхоз фермаларын талықтыру үшін колхозшылардан 600 мыңнан астам төл сатып алынған. Қазақстан колхозшыларының малы 1940 ж. дейін екі жарым есе өскен.

Соғыс жағдайынан қажетті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау,  халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекемелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Дәрігерлер мен медбикелер госпиталдардаң жаралылар мен аурулардың қатарға қосылу процентінің жоғары қамтамасыз етіп қана қоймай, сүзек және басқа жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол бермеді, бұрынғы соғыстарда мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлім.

Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресі, ауылдық жерлерде азайды: жауынгерлердің жанұяларына мемлекеттің берген жәрдемі және жұртшылықтың көрсеткен көмегі барлық мұқтаж балаларды бірдей киім – кешекпен, аяқ киіммен қамтамасыз ете алмады. 118 техникумнан 92-сі сақталды, бірақ оқушылар саны 389 адамға ғана қысқарды. Соғысқа дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды, оларда оқитындардың саны 1940 ж. 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Ұлы Отан соғысы, эвакуация, арсенал майдан, мобилизация, депортация.

1. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан көмір мен мұнай өндіруден одақта нешінші орында болды?

бірінші

екінші

үшінші

төртінші

бесніші

2.Соғыстан кейінгі жалдары Қазақстанда сауданың қандай түрлері дамыды?

фирмалық

фактория

кооперативтік, мемлекеттік

қалалық

шетелдік

3.1962 жылы Қазақстандағы жергілікті халықтың үлес салмағы 28,5 пайызға түсу  себебі не?

туудың азаюы

сырттан келушілер көп болды

интернационализм саясатының  нәтижесі

халық санағы дұрыс жүргізілмеген

орталықтың шовинистік көзқарасы

4. Семей атом полигоны қашан жабылды?

1989 ж.

1990 ж.

1991 ж.

1992 ж.

1993 ж.

5.70-80 жылдардағыҚазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама-қайшылықтары мен қиыншылықтарының болу себебі не?

қаражат дұрыс бөлінбеді

мамандар жетіспеді

әміршіл-әкімшіл жүйе қызметі

жұмыс күші жетіспеді

техника өте аз болды

6. Қазақ ССР-і өнеркәсібі қандай бағытта дамыды?

ауыл шаруашылық

өнеркәсіптік

шикізаттық

жоғары технологиялық

аралас

7. Қазақстан территориясындағы территориялық-өндірістік кешенінің бірін атаңыз?

Ақтөбе-Гурьев

Алтай-Өскемен

Қаратау-Жамбыл

Кентау-Шымкент

Қостанай-Степногорск

8. 1822  ж. М.Сперанский жасаған ереже бойынша  Орта жүз қазақтары жері қалай деп аталды?

Ресейдің  Азиялық ауданы

Қазақстанның  солтүстік облысы

Сібір қазақтары облысы

Қазақ даласының әкімшілік орталығы

Негізгі астықты аудан

№ 18 дәріс. Қазақстан  1946-1964 жылдарында

Мақсаты мен міндеттері:

- ҰОС-ғы Қазақстанның ролін көрсету. Қазақстандылықтардын майдандағы, тылдағы ерлігі. Қазақстандағы халықтардын депортациясының мәселелері

Жоспар:

1. 1946-1964 жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың игеру жылдары.

2. 1946-1964 жылдардағы саяси жағдай.

3. Білім және ғылымның, мәдениеттің дамуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1993.
  2.  О чем не говорили. Алма-Ата, 1990.

1946-1964 жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың игеру жылдары.

Сталин өлген алғашқы жылдардың өзінде-ақ (1953 ж. наурыз) жасалуы мүмкін өзгерістің сипаты туралы екі бағыт, екі көзқарас белгілі болды. 1953-1954 жж. социалистік қоғамдағы қарама-қайшылықтардың сипаты, жеке адам мен халық бұқарасының тарихтағы рөлі, теория мен практиканың ара қатынасы, басшылықтың коллективтілігі және басқалар туралы айтыстар өрістеді.

Елдегі демократиялық қайта құру процесі неғұрлым қарқынды жүре бастады. Бірақ И.В.Сталиннің өлімі ол құрған өміршіл-әкімшілдік жүйенің күйреуі емес еді. Мыңдаған сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғары үкімет орындарында отыра берді.

Республиканың қоғамдық өміріне тың және тыңайған жерлерді игеру үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игерудің қарсаңында кадрлар өзгертілді. Қазақстан Компартиясының YII съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Қазақстан Компартиясының бірінші секретары болып П.К.Пономаренко, секретары болып Л.И.Брежнев сайланды. Ж.Шаяхметовты орнынан алу Қазақстан партия ұйымының, коммунистердің пікірі сұралмастан, Кремльде шешілді.

1956 ж. ақпанда Москвада КОКП-ның XX съезі өтті, оның өзекті мәселесі Сталиннің жеке басына табынуды жою болды. КОКП Орталық Комитетінің Бірінші секратры Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың шығу себептеріне, мәні мен көріністеріне және оның салдарына талдау жасауға тырысты.

И.В.Сталинге табынушылыққа, шағын топтың тежеусіз билігіне қарсы күресуге бел байлаған Н.С.Хрущев пен оның серіктерінің ерлігі мен батылдығын атап айта отырып, авторитарлық жүйені сындыру аяғына дейін жеткізілмегенін атап көрсету қажет.

Мыңдаған кінәсіз сотталған адамдарды лагерлерден босатып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлерін ақтап, мемлекетттік және партиялық аппарат кешікпей бұл реформаны доғард. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрлелерде қалды, Л.Троцкийдің, Л.Каменевтің, Г.Зиновьевтің, Н.Бухариннің қызметіне саяси әділ баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, азамат соғысының, 30-жылдардағы ашаршылықтың және шаруаларды қырып-жоюдың себептері мен сипаты туралы айтылмады немесе біржақты көрсетілді. Сталиннен кейінгі жасаған басшылық қадамдарының жартыкештігі мынадан да көрінді: чечендерді, ингуштерді, қалмақтарды, балкарларды өз Отандарына қайтара отырып, олар карейлердің, немістердің, қырым татарларының, месхеттік түріктердің құқықтарын қалпына келтірмеді. Елдің экономикалық жағынан артта қалу себептеріне талдау жасау талпыныстарына шұғыл тиым салынды.

КОКП Орталық Комитеті мен Кеңес үкіметі 1954 және 1956 жж.артық орталықтандыруды жоюға және одақтас рспубликалардың құқын кеңейтуге бағытталған шаралар комплексін жүргізе отырып, қабылдаған бірсыпыра құжаттарында жарияланған егемендікті  жоққа шығарды. Экономика саласында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау мен ауыстыру және басқа көптеген мәселелер шағын топтың қолында болды, республикалар бұлардан шет қала берді.

Кешікпей саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар да тұншықтырыла бастады. Қоғамның ақаулықтарын ашық айтқан адамдар қудаланды. Бірақ басқаша ойлайтындарға бұрынғы әдістермен тиым салу мүмкін болмады, сондықтан саяси айыптау неғұрлым жасырын жүргізілді.

1964 жылғы шешімдерден басталған саяси бағыт реформаларды жүзеге асыруда өткенде өзін өзі ақтамаған көзқарастар негізінде туды. КОКП Орталық Комитетінің 1964 жылғы қыркүйектегі Пленумында партия мен елдің басшылығы өзгертілді. КСРО-ның жоғарғы басшылығындағы бір бір топ қайраткерлер Н.С.Хрушевті орнынан түсіруді терең құпия түрде дайындады.

1962-1963 жж. экономикаға реформа жасау саясаты 60-ж. ортасында өзгеріс жасау қажеттігінің шегіне жеткенінің куәсі болды. Жүргізілген шаралар экономикаға қатысты ірі батыл қайта құрылыстар жасауды көздемеді. Пайда болған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құрудың әсеріне есептелген субъективтік “жаттығулар” жолымен шешілді. Жеткілікті ойланылмай құрылған және бірін-бірі жиі ауыстырып отырған ұйымдар елеулі тұрақсыздық, қаупін, тұрмыс дәрежесінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреуін туғызды. Коммунистік болашақ туралы ұрандар да жағдайды жеңілдетпеді.

Экономиканы реформалауға жасалған сәтсіз талпыныстар және оны милитарландыру, өндіріс күштерінің тиімсіз орналастырылуы, халық шаруашылығын басқару жүйесінің түсті де жиі қайта өзгертілуі республиканың экологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізді. Қазақстанның барлық өнеркәсіпті қалаларында, әсіресе Өскеменде, Шымкентте, Жамбылда, Алматыда ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. Қазақстанда ядролық қаруларды сынаудың аса ауыр зардабы болды. КСРО Министрлер Советінің қаулысы бойынша 1948 ж. үш облыстың: Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарының түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды.

Ядролық зарядты тұңғыш сынау 1949 ж. 29 тамызда өткіілді. Сынақ жасалатын құрыыстың бір данасы және оны жер астында сынау, ғалымдардың пікірі бойнша орта есеппен 30 млн. Сом тұрады. Әскерлердің ұзақ жылдар бойы үндемей келгеніне, мұнан кейін полигонның халық денсаулығына әсері абыржуға тұрмайды деп хабарлауға тырысқанына қарамай, оның қоршаған табиғатқа, адамдардың денсаулығына әсері аса қауіпті болды.

1946-1964 жылдардағы саяси жағдай.

Кеңес елінде 20 жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толқ дәрежеде тән еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық ролі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.

Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кеінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.

Жас, талант тарихшы Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР- тарихын” даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П. Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылар кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп санады, басқа біреулері “Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап”деп сынады. “Тарихтағы” отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылымикескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан”  (1947 ж.) деген монографиясындаайтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зияынды деп жарияланды. 1950 ж. “Правда” газеті Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.

“Правданың мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951ж. 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және “Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 1951ж. маусымда Қазақстан Компартиясының орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.

Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды, сөйтіп ол 1951-1952 жж. Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ боғандықтан доғарылды. 1954 ж. көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.

40-жылдары және 50-жлдардың басында “Бекмахановтың ісі” жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақтан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателістер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті Қ.Сәтпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: милитаризация, Сталиннің жеке тұлғасы, тың игеру, тоталитарлық режим, халық шаруашылығының Кеңесі.

№ 18 дәріс тақырыбына арналған тест тапсырмасы

1. ХІХ ғ. соңында Қазақстан өнеркәсіп орындарында  істейтін  жұмысшылардың ұлттық  құрамы жағынан қалай  болды?

қазақтар басым болды

орыстар көп болды

украиндықтар көбірек

көпұлтты

бәрі бірдей мөлшерде

2.1920 ж. өте үлкен  көлемдегі ақша эмиссиясы жағдайында эквивалент ретінде ақша ролін не  атқарды?

алтын, күміс, платина

соқа, сеялка, тырма

тұз, керосин, нан

қой, жылқы, сиыр

доллар франк, фунт стерлинг

3.Қазақстандағы  индустрияландырудың  қиыншылықтарының  бірін атаңыз?

қаражат ескі кәсіпорындарға жұмсалды

негізінен тек ескі жабдықтар қолданылды

бөлінген  қаржы игерілмеді

өндіргіш күштер  дұрыс орналаспады

территория нашар зерттелді, транспорт нашар болды

4. Қазақстанда  агроөнеркәсіптік  кешеннің  интенсивті дамыған кезі?

50-жылдар

60-жылдар

70-жылдар

80-жылдар

90-жылдар

5. 50-жылдардағы  ауыл шаруашылығының  артта  қалу себебі не?

соғыс  үлкен зиян тигізді

ауыл адамдарының қажеттілігін өздерінің  шаруашылығы қамтамасыз етті

ауыл шаруашылығын дамытудың  бесжылдық жоспарының кемшіліктері

қала мен деревня арасында  ешқандай айырмашылық болмады

күрделі қаржыны дұрыс  жұмсамау

6. Қазақстан Конституциясы бойынша жеке меншікке  қол сұғуға  бола ма?

1. болады

2. болмайды

3. қылмыстық  жағдайда

4. заңда  көрсетілмеген

5. бұл тек жеке кодекстерде анықталады

7. Тың  жерлерді  игеру  қашан басталды?

1952 ж.

1954 ж.

1958 ж.

1961 ж.

1965 ж.

8. Нарықтық  экономикаға көшудің  негізгі тетігі не?

жерді бөліп беру

халық санағын жүргізу

оқу орындарының санын көбейту

мал санын арттыру

мемлекет иелігінен алу

9. Ұзақ мерзімді  басты мақсат?

ТМД елдері арасында басты роль атқару

тек  өнеркәсіпті дамыту

ұлттық  қауіпсіздік

ауыл шаруашылығына баса көңіл аудару

шетелдермен достық қарым-қатынас

10. Территориялық-өндірістік кешен дегеніміз не?

1. шағын территорияда орналасқан кәсіпорындар

2. өндіргіш күштерді толық пайдалану

3. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы  байланысты  жақсарту

4. тек кейбір облыстарға ғана көңіл бөлу

5. салалар арасындағы өндірістік  қатынастарды  жақсарту

11. Қазақстанға  шетелдерден әкелінетін импорттық  өнімдердің басым көпшілігі қандай өнім?

металлургия  өнімдері

машиналар, оның жабдықтары

химия өнімдері

отын-энергетика  өнімдері

минералдық өнімдер.

19 дәріс. Қазақстан «Нақты социализм» жылдарында (1964-1991жж.)

Мақсаты мен міндеттері:

- Соғыстан кейінгі республиканың экономикалық трансформациясы 1964-1991 жылдардағы қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі тенденциялары ашып көрсету.

Жоспар:

1. Экономикалық реформалар: жүзеге асырылмағанның себептері.

2. Әлеуметтік-мәдени дамудың негізгі тенденциялары.

3. Қайта құру саясаты, оның оның Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы (1985-1991жж.).

4. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  ХХ съезд КПСС и его исторические реальности. М., 1991.
  2.  Алексеенко А.Н., Алексеенко Н.В. Этносы Казахстана. Астана, 2001.

Экономикалық реформалар: жүзеге асырылмағанның себептері.

КОКП Орталық Комитетінің 1965ж. наурызда, қыркүйекте, қазанда өткен пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. Неғұрлым жоғары жоспарлы тапсырма алуға, өндірістік қорларды, жұмысшы күшін, материалдық және ақша ресурстардың толық пайдалануға, өндіріс техникасын жетілдіруге және өнімдердің сапасын жақсартуға деген қызметкерлер мен коллективтердің материалдық ынтасы артты. 1960-ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорыны, яғни олардың жалпы санының  80 проценттен астамы өтті. Шаруашылық реформасы республиканың экономикалық дамуына белгілі дәрежеде қозғау салды. Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принциптерінің артықшылықтары, мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Басқарудың жаңа құрылған экономикалық жүйесі бірте-бірте өз позициясынан айрыла берді (жоспарларға түзету енгізу жиіледі, кәсіпорындардың құқы шектелді, орталықтың өктемдігі күшейді және т.б.) Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей, екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалған сияқты болды. Реформаны тереңдетуге жасалған талпыныстар экономикалық экспериментке айналды.

1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц.жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдыңтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығың жалпы өнімі 52 проц.артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі жәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қаламынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.

Осының салдарынан 70-жылдардың басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.

Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту – тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру тәртібін өзгертуге әкеп сайды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қазығына беріліп, неғұрлым оңай жолға - өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғрыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.

Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.

70-ж басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.

Тоғызыншы бесжылдықтың басына қарай республиканың экономикасында өнеркәсіп жетекші орын алды. 1970 ж. қоғамдық өнімнің жалпы құрылымында оның үлесі 48 проц. болды. Халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың 39,8 проц. өнеркәсіптің үлесіне тиді, онда 1052 мың адам қызмет істеді, ол республика жұмысшыларының 22,4 проц. еді.

1970-1985 жж. республиканың индустриялық потенциалы белгілі дәрежеде өсе түсті. Өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млн сом немесе халық шаруашылығына жұмсалған қаржының 32 проц. жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артты, оның ішінде химия және мұнай химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам өсті. 1000-дай өнеркәсіп орындары мен цехтар қатарға қосылды. Оның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резина-техника зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және басқалар бар. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан үшінші (РКФСР мен Украинадан кейін) орын алды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Павлодар-Екібастұз аймақтық-өндірістіккомплекстері қалыптасты.

Экономикалық потенциалдың өсуі халық шаруашылық айналымына шикізат және отын энергетикалық ресурстары тарту есебінен жүзеге асырылды.

Экономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің құрылымы шикізат өндіруге бағытталған сипатын бұлжытпай сақтап қалды. Базалық министрліктердің өзімшілдік мүдделеріне бас шұлғи отырып, орталық республика экономикасын дамытуда кең шығаратын салалрға басымдық беріп отырды. Ғылымды көп талап ететін өндірісті дамытудың орнына ірі кұрделі қаржы соларға жұмсалды. 80-жылдардың басында республика өнеркәсібінде кен шығаратын салалардың үлесі орта есеппен алғанда елдегімен салыстырғанда 1,7 есе жоғары еді. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор таба отырып, республика бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсады деп айтуға болады. Олар өз кәсіпорындары жылына 15 млрд. Сом жалпы табыс алып отырған жағдайда республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн сом немесе 1 проц. аз қаржы аударды. Одақтық министрліктер жалпы өнім көрсеткіштері мен пайдаға құныға отырып, республиканың әлеуметтік инфрақұрылымынын дамыту, ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау, қоршаған ортаны қорғау мүдделерін аяққа басты.

Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдық байлықтар мен еңбек өлі дүниеге айналып жатты. Мұндай дүниелер 1980-1989 жж. өндірістік салаларда жұмсалған жалпы күрделі қаржының 85 проц. 101 проц. дейінге мөлшерінде болды. Тек 1976-1985 жж. ғана республиканың құрылысшылары 4,2 млрд. Сом күрделі қаржыны игере алмады. Осының салдарынан халық 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үйді, 121,5 мың мектеп орнын, 49,5 мың мектепке дейінгі мекемелер орнын, 67 мың кәсіптік-техникалық училищелер орның, 7 мың аурухана орнын ала алмады. Күрделі құрылыста «сақалды» құрылыстар берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, обьектілердің шашырандығы, қаржы мен жұмысшы күшін көптеген құрылыстарға шашыратып жіберу, жобалаушылар мен жабдықтар жіберушілердің арасында өзара байланыстың болмауы, толық бітпеген және ақауы бар объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу және құрылыс материалдарын талан-таражға салу берік орын алды.

Өмір сүріп отырған жүйе экономиканы жандандыруға бағытталған төменнен болған бастамалардың бәрін тұншықтырып отырды. 70 жылдары құрылыста бригадалық мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Мұның негізінде жұмысшылардың өндірісте, ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Іс жүзінде әңгіме жұмысшылар еңбегімен тапқан қаржының көп бөлігін саны көп басқару құрылымының қызметкерлеріне ақы төлеуге жұисамай, оны жұмысшылардың өздері алатын болуы туралы болды. 1982 ж. республиканың құрылыстарында мердігерлік әдіспен 5,7 мың бригада, ал 1985 ж. 6,8 мың бригада жұмыс істеді. Бұл ұжымдарда еңбек өнімділігі басқалардан 23-25 проц. жоғары, жұмыстардың өзіндік құны 13-15 проц. төмен болды. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, бірақ іс қалай басқару аппаратын қысқарту және оның қызметін еңбек коллективтеріне беруге келгенде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды, олар еңбек ұжымдарын өздері еңбегімен тапқан қаржыларын жұмсау дербестігінен айырды. Бригадалық мердігерлікті қанша насихаттағанмен жүйе оны экономикалық құбылыс ретінде тұнқыштырып тастады.

70-80 жж. алып кәсіпорындар түріндегі шикізат саларын дамытуға бағыт ұстау өнеркәсіптің өңдейтін және қайта өңдейтін өндірісінің өсу қарқыны төмен болуына, халық тұтынатын тауарлар, тамақ және жеңіл өнеркісіп өндірісінің дамуы жеткіліксіз болуына әкеп соқтырды. Тұтынатын азық-түлік емес товарлардың 6 проц.Қазақстанға басқа республикалардан алынып келінді, осының өзінде олардың бір бөлігі Қазақстан шикізатынан жасалды, бірақ ақтық өнімді өткізуден түсетін пайданы оны жасап шығарушылар алды.

Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан республиканың орны толмас ресурстары талан-таражға салынып, тасып әкетіліп жатты. Шығарылған шикізат пен қуаттардың пайдаланылу тиімділігі төмен болды.

Бесжыдықтан  бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын күрделі қаржы өсе берді, өндірістік құрылыстың сипаты алып көлеммен белгіленді. Республиканың басшылығы мұндай алыпқа табынушылықты қолдап, КОКП-ның кезекті съездерінде елдегі немесе Еуропадағы ең ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы есеп беріп отырды. Республиканың жағдайы халықтың тұрмыс дәрежесімен, оның КСР Одағындағы егемен құқықтарының толықтығымен және нақтылығымен, рухани мәдениетінің дамуымен емес, жұмсалған күрделі қаржының сомасымен, шығарылған руданың, көмірдің, мұнайдың және басқалардың тоннасымен бейнеленді.

Экономиканың көкейтесті міндетері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен шешілді. Мемлекеттік жоспарлауға қандай да бір елеулі өзгеріс енгізілген жоқ. Кәсіпорындарға директивалық жоспарлы тапсырма еңбек коллективінің келісімінсіз жоғарыдан жіберілді. Іс жүзінде өнімнің барлық түрлері, өзіндік құнның және басқалардың көрсеткіштері жоспарланды. Мұның өзі кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етті, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары республикада әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген.

Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері әсерін тигізді. Кәсіпорындардың ұжымы жаңа техниканы игеруге ынталы емес еді, өйткені бұл кәсіпорын және жеке алғанда әрбір жұмыс істеушінің жұмыс нәтижесіне теріс әсерін тигізді. Сондықтан жаңа өнім мен бұйымды игеру мен шығару көп жылға созылды. Өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды және комплексті механикаландырылды. Осының салдарынан 80-жылдардың ортасында өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды.

Өмір сүріп тұрған жүйе еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижелілігіне экономикалық жолмен ынталандыруға қабілетсіздігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ол адамдардың жаңашылдыққа, шығармашылық белсенділікке және жоғары өнімді еңбекке деген ынта-ықыласын мұқалтты. Өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын мәнінде ынталы әрі белсенді қызметкерді көкірегінен итерді, өндіріс жаңашылдарына өздерін толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Олардың кейбіреулерін жүйе дөрекі тұншықтырды, екінші біреулерін қолдаған болып, жылдар бойы шамшырақтардың қатарында жүргенмен олардың тәжірибесі таратылмады. Социалистік жарысты ұйымдастыру формальді сипат алды. Ресми мәлімет бойынша оған жұмысшылардың 90 проц. қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Коммунитстік еңбек жолындағы қозғалыс та бастапқы кездегі талпыныстан кейін бос сөзге айналдырылды. Өндірістік белсенділік те өспеді, қайта төмендей берді. Өндірістің даму қарқынының төмендеуі, өнім сапасының нашарлауы, технологиялық және еңбек тәртібінің құлдырауы, ғылыми-техникалық прогресс саласында артта қалушылықтың өсе беруі, міне осының салдары еді. Өндірісте немқұрайдылық, салақтық, ынта-жігерсіздік, талан-таражылық, іске жанашымастықтың басқа да көріністері үйреншікті әдетке айналды.

Қайта құру саясаты, оның оның Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы (1985-1991 жж.).

М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа «қайта құру» деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.

Бірінші: 1985 ж. көктем – 1987 ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуге тез көрініс беруге тиіс болды.

Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір «қайта құру архитекторлары» есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90 проц. дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.

Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985 ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болыпқалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жетіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздеріне жеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.

Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері әсер етті. Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерістің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға қабілетсіз болып шықты.Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.

Екінші кезең. 1987 ж. жаз – 1989 ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған «косметикалық әдістер» бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.

Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.

1986 ж. 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясы ОК Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып «партия сарбазы» Г.Колбин келді.

Ешқандай хабарсыз және жариялықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы басшы алмасуын күтіп жатқан еді.

Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіліне шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының бірінші оқиғасы.

Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.

Осы көптеген себептерге одан да терең факторлар: әлеуиеттік және ұлттық саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.

17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды., 1722 адам дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол қатарынан босатылды және т.б.

Осылайша Кремльдегі «адал интернационал-лениншілдердің» қылмыстық еркімен бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің, реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.

Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.

Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ 1986 ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік нәрсе екендіктерін көрсетіп берді.  Сондықтан да оларды көзіміздің қарашығындай сақтау талап етілді.

Үшінші кезең 1989 ж. май -1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығын бюрократиялық орындардан белсенділеу реформаторлыққа бағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.

Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының «қарапайымдылығы мен демократтығы» айтылып жатты.

Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде «қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз» деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде «құрғақ» тойлар өткізілуде болды.

Осылайша республикада байқалған қоғамдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. «Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы Қазақстанға да жете бастады.

Қарастырылып орытған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса бастайды. 1989 ж. қарашадан 1990 ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103 қоғамдық қозғалыстар , партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.

Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар бойынша құрылды.

Осы жылдары коммунистік партия өзінің «қоғамның бірден-бір басқарушы және бағыттаушы күші» ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе берді. 1990 ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17 проц. ғана КОКП-ның қоғамды қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да, көбейіп келе жатты. 1988 ж. ортасында өткен КОКП Бүкілодақтық конференциясы, одан кейінгі партия съезі партияның өзін-өзі жаңартуға және реформалауға қабілетсіздігіне толық көз жеткізді. Қоғам тарапынан оған деген сын мен қарсы келу жоғары тенденциямен өсе түсті. Мұның нәтижесі 1991 жылғы тамыз оқиғалары болды. 1991 ж. қыркүйекте Қазақстан Компартиясы таратылды. Республика дамуының қоғамдық-саяси өмірінің жаңа кезеңі басталды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Туралау, орталықтандыру, жоспарлылық, коммунисттік идеология, қайта құру, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

19 дәріс тақырыбына арналған тест тапсырмасы

1.1964 ж. басталған шаруашылық реформалардың бастапқы негізгі мақсаты

А. Кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін кеңейту   +

Б. Кәсіпорындардың тәуелділігін нығайту

В. Ауылшаруашылықта қатаң әдістерді нығайту

Г. Шаруашылық даму бағыттарын өзгерту

Д. Партияның ықпалын нығайту

2. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі.

А. Қаржының жетіспеуі

Б. Демократияландыру процесінің тежелуі     +

В. Жұмыс күшінің жетіспеуі

Г. Жұмысшы тобының төмен жалақысы

Д. Ауыл тұрғындарының төмен жалақысы

3. 70-80 жж. КСРО экономикасындағы Қазақстанның ролі

А. Кадрлардың базасы

Б. Шикізат ресурстардың базасы    +

В. Азық-түлік базасы        

Г. Транзит территориясы

Д. Техникалық базасы

4. Өнеркәсіптің қай тобы Қазақстанда дамыды

А. «А» тобы    +

Б. «Б» тобы

В. «С» тобы

Г. «Д» тобы

Д. «В» тобы

5. Қазақстанның магниткасы КСРО-да қай орын алған

А. 1-ші

Б. 2-ші

В. 3-ші     +

Г. 4-ші

Д. 5-ші

6. Қазақстанда Неміс автономиясын құру Компартияның шешімі қай жылда қабылданды

А. 1980 ж.

Б. 1979 ж.           +

В. 1981 ж.

Г. 1986 ж.

Д. 1990 ж.

7. Қайта құру саясаты басталды

А. 1985 ж.   +

Б. 1984 ж.

В. 1986 ж.

Г. 1987 ж.

Д. 1988 ж.

8. 1986 ж. Қазақстан Компартия Орталық комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, ол

А. Д.Қонаев

Б. Н.Назарбаев

В. Г.Колбин      +

Г. Л.Брежнев

Д. В.Путин

9. 1986 ж. желтоқсан оқиғалар басталуының негізгі себебі

А. Партияның жаңа жетекшісінің тағайындауы

Б. Ұлтаралық қатынастардың шиеленісі

В. Әкімшілік-командалық жүйесінің әдістері    +

Г. Демократиялық бостандықтарының пайда болуы

Д. Жариялылыққа жол ашылу

10. «Желтоқсан оқиғалары тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді» деген сипаттамасын берген

А. Н.Ә.Назарбаев     +

Б. М.Қ.Қозыбаев

В. М.Қойгелдиев

Г. Ә.Кекілбаев

Д. О.Сүлейменов

№ 20 дәріс. Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстанның егемендігі қалыптасуы кезеңіндегі мемлекеттік өзгерістерін көрсету.  ҚР ғаламдану проблемаларын анықтау.

Жоспар:

1. Қазақстанның егемендігінің қалыптасу кезеңдері.

2. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани дамуы.

3. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98
  2.  Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
  3.  Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.
  4.  Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.
  5.  Абишев Г. Казахстан в годы Великой Отечественной войны. - Алма-Аты.1960.
  6.  Алматы, 1986 г. Декабрь. Книга-хроника. - Алматы,1991.

Қазақстанның егемендігінің қалыптасу кезеңдері.

80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.

Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып , Одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен» - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканы өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптін негізгі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталғанқозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н.Ә.Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.

Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөль атқарды. Бұл салада ол екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы» заңын қабылдауы уақиға болды.

Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 ж 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, перламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтк көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған уақиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды.

1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді.1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.1990 ж. төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.

1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшандатты. ҚОКП оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

Міне осындай күрделі жағдайда Қазақ мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдағпн Қазақ КСР-ның «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Заңы бойынша берілді.

1991 ж. 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болды.

Республикада төмендегідей өзгерістер жасады: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.

1991 ж. 10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне кірісті, ал 1991 ж. 16 желтоқсанында қазақтың Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республиканың өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.

Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани дамуы.

Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса мол қоры барлығын негізге алатын, экономикалық қайта құрылыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыру, региондар мен шаруашылық қызметі субьектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі, қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағыты ұстануда.

1993 жылы 28 қаңтарда республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық,мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша Қазақстан республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Оның территориясының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы  атап көрсетілген. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Сөйтіп Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.

Қазақстанның саяси жүйесінің даму негізі болып, 1995ж. Конституциясы референдум негізінде өтуінде, Президенттік басқару реформасының заңды баяндау ету болды. Мемлекетте екі парламент және басқа да саяси жүйенің негізі қаланды.

Дамудың жаңа кезені (1998 ж. қыркүйек) Мемлекеттің саяси жүйесінде демократиялық элементтердің өсуі негізінде байқалады.

Осы кезең Республика Президентінің Қазақстан халқына Үндеу жолдауы мен 1998 ж. күзде Конституция мен басқа да заң актілеріне өзгертулер енгізуі, Парламент өкілдігін кеңейтумен басталды.

Сайлау жүйесінің реформасы өткізілді. Соның негізінде 1999 ж. жалпы және тікелей Қазақстан Президентін сайлау өткізілді, кейінірек Парламент сайлауы аралас жүйе бойынша, яғни партиялық тізім бойынша дауыс беру арқылы да өткізілді.

Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болғаннан бері сыртқы саясат мәселелеріне деген жалпы мемлекеттік көзқарас түбірімен өзгерді.

Республика Сыртқы істер министірлігі нығайтылып, Қазақстан Сыртқы экономикалық қызметке белсенді қатысты. 1992 жылдың қыркүйек-қазан айларында Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы өтті.

1997 ж. Сыртқы саяси қызметтiң құқықтық өрiсiн айқындайтын “Дипломатиялық қызмет туралы” тұњғыш Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты – тәуелсіздік алғанан бергі уақытта саясат пен ғылымда қалыптасқан жаңа сала. Өйткені ұзақ  уақыт бойы Қазақстан Ресей империясы боданында, кейіннен Кеңес үкіметі құрамында болғандықтан тәуелсіз мемлекет ретінде өз саясатын толыққанды жүргізе алған жоқ.

Қазақстан Республикасы Елбасының жетекшілігімен бастапқыдан халықаралық қоғамдастыққа бейбітшілікті жақтаушы мемлекет ретінде танытты.

Еліміз барлық мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға және халықаралық ұйымдармен ықпалдастық жасауға жағдай жасады. Алайда, еліміздің сыртқы саясатының басымдықтары- республикада түп-тамырлы әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, территория тұтастығын сақтап қалуға, мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылыққа және де жалпыәлемдік мәселелерді шешуге қойылды.

1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Егемендік, демократия, көппартиялылық, Конституция, теңге.

№ 20 дәріс тақырыбына арналған тест тапсырмасы

1. Қазақ КСР-нің Президенті лауазымы қашан белгіленді

А. 1991 ж. сәуірде

Б. 1990 ж. сәуірде  +

В. 1992 ж. сәуірде

Г. 1989 ж сәуірде

Д. 1986 ж. сәуірде

2. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қай жылда қабылданды

А. 1990 ж. 25 қазанда  +

Б. 1991 ж. 25 қазанда

В. 1989 ж 25 қазанда

Г. 1992 ж. 25 қазанда

Д. 1993 ж. 25 қазанда

3. ҚР Президенті қай жылда бүкіл халық сайлаған жолымен қызметіне кірісті

А. 1991 ж. желтоқсанында   +

Б. 1990 ж. желтоқсанында

В. 1992 ж. желтоқсанында

Г. 1989 ж. желтоқсанында

Д. 1986 ж. желтоқсанында

4. Тұнғыш Қазақстан ғарышкері

А. Т.Әубәкіров  +

Б. Т.Мұсабаев

В. О.Ахметов

Г. А.Гагарин

Д. Г.Леонов

5. Ұлттық валюта енгізілді

А. 1992 ж.

Б. 1993 ж.     +

В. 1994 ж.

Г. 1995 ж.

Д. 1990 ж.

6. Қай жылда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді

А. 1992 ж. 3 наурызда    +

Б. 1993 ж. 12 наурызда

В. 1991 ж. 6 наурызда.

Г. 1994 ж. 6 наурызда

Д. 1995 ж. 10 наурызда

7. «Қазақстан 2030» дамуы стратегиясы қай жылда қабылданды

А. 1996 ж

Б. 1997 ж    +

В. 1998 ж.

Г. 1995 ж.

Д. 1994 ж.

8. Қай жылы саяси реформа бойынша парламент-президенттік билігіне өтуіне арналған парламент сайлауы өтті

А. 2006ж.

Б. 2005 ж.

В. 2007 ж. 18 тамыз     +

Г. 2004 ж.

Д. 2003 ж.

9. ҚР сыртқы саясатының басым бағыты

А. Интеграция процестері    +

Б. Инвестициялар

В. Мәдениет

Г. Әскери технологиялар дамыту

Д. Саяси бірлесуіне ұмтылу

10. ҚР ішкі саясаттын басым бағыты

А. Елдің тұрақтылығы мен қаупсіздігін сақтау   +

Б. Салықтар

В. Спорт пен мәдениет

Г. Идеологияны дамыту

Д. Партиялар билігін дамыту

Глоссарий

Аккомодация  - үйрену,өмірдің жаңа жағдайына бейімделу, дағдылану.

Анропология - адамның пайда болуы мен дамуы (эволюциясы), адам нәсілдері мен физикалық (дене құрылысының түрленуі жөніндегі ғылым, жаратылыс тану ғылымының бір саласы)

Варварство - тағылық, мәдениетсіздік,рақымсыздық, дөрекілік, айуандық.

Вакуфтық жерлер - ауқатты адамдардың дін басшыларына силаған жерлері;әдетте бұл жерлер салықтан босатылып отырған .

Әскери демократия - алғашқы қауымдастық құрылыстың ыдырауы кезіндегі демократияның қалдықтарының сақталу жағдайындағы әскери көсемдердің билігі.

Волюнтаризм - қоғамдық және саяси өмірге нақты жағдайы, даму заңдылықтарын ескрусіз субьективтік шешім қабылдау.

Гетто  - белгілі бір ұлттың нәсілдің өкілдерін еріксіз түрде орналастырған аймақ, өңір.

Демилитаризация - қарусыздану; бір мемлекеттің бекінісі жасауына, соғыс өндірістерінің болуына және басқа бір белгілі жерде әскер ұстауына тыйм салу.

Демократия - тәртіптің құдырауы, азғындау, рухани азу.

Интервенция - бір немесе бірнеше елдің басқа бірнеше  елдің басқа бір елдің ішкі өміріне зорлықпен қол сұғуы.

Каторга – 1.қуғын-сүргін; 2.Азатты тұрмыс, ауыр жұмыс.

Комендация - әлсіз адамның өз жерін күштінің қорғаулығына беруі.

Лимит - бір нәрсені жұмсаудың, пайдаланудың келісімді шегі.

Маргинальдық - қоғамдық дамудың барысында екі түрлі мәдениеттің өзара қарым - қатынасы  нәтижесінде осы екі мәдениеттің оралғанда қалған адамдардың немесе жеке адамның жағдайы.

Мариоликалық - қолжаулық, дербестіктен айрылған; өз халқының мүддесіне кенғор,басқаның еркімен іс әрект жасапту.

Мезолит - орта тас ғасыр, палеолит пен неолит аралығындағы өткен кезең.

Репрессия – жазалау, қуғын  сүргін.

Меценат – қолдаушы, жәрдем көрсетуші

Этнос – халық. Ұлт, ұлттық өзендік ерекшелік.

Топанимика – ономастиканың бір бөлігі. Географиалық атауларды көрсететін жеке адамдардың аттарын зерттейді.

Этнография – этнографияның өткен дәүір мен қазіргі кезде халықтың орналасуын зерттейтін бөлімі.

Хазарлар – алтыншы ғасырда түрік қағанатының құрамында болған жартылай көшпенді түрік тілді халық

Харадж – егіншілерден жиналатын салық.

Факт – дерек, шындық, ақиқат, болған іс, оқиға, құбылыс, дәлел.

Ұшыр – егіншіле мен қоленершілерден алынып отырған салық

Урбанизация – кенттену, халықтың және ірі өпер кәсіп орындарының ірі қалаларға шоғырлануы.    

Ұлыс – 1) ауыл қыстақ аудан. 2) меншік, иелік, қожалық, қарамғындағы ел.

Диаспора – шашырып тарау – халықтың едәүір бөлігінің туған жерінен  басқа сырт елде болуы.

Дольлиен – неолит, қола дәүіріндегі құрылыс тақтамен  жабылған тас жәшік.

Клерикализм - өзінің саяси ықпалын күшейту үшін дінді пайдалануды көздейтінм саяси бағыт.

Монография – бір мәселе, тақырыпқа арналған ғылыми зерттеу.

Стакфлеция – торқырау кейін кету.

Коммендация – жеке басын қорғағаны үшін феодаодың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да жұмыстар атқарады.

Миссионер – басқа діндегі халықтар арасында өз дінін тартушы үгітшілер; Миссионер - әдетте идиологиалық экспенсия қызметін атқарады.

Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу.

Кондоминиюм – (бірге қатысу) – бір территорияны екі не оданда көп мемлекттердің билеуі.

Музари немесе Барзигар – шаруалардың үшке алған жерлерінен алынатын алым-салық.

Геноцид – (genos – тегі, colder - өлтіру) – тұрғындар бөлігінің жекелеген топтарының діни өкілдік сипатта жою.

Неандретальдық адам – қазып алынған адамның түрі, питекантроптардың ұрпағы.

Неантроп – қазіргі түрдегі адам.

Неоген кезеңі – Кайнозой эрасынан кейінгі  2-ші кезкң бұдан  25млн. Жыл бұрын басталып, 23млн. Жылдай уақытқа созылған.

Нөкер – жауынгер қызметші.

Откочевка – көшпелілердің наразылылығының бір түрі,туған жерінен көшіп кету.

Калеоантропология – натроплогияның қазып алынған адамдарды зерттейтін бөлімі.

Палеоантроп – ежелгі адам,ертедегі адам.

Патриархалдық – Феодалдық қатынастар.

Питикантроп – ежелгі қазып алынған адам, неандертальдық адамнан бұрын өмір сүрген.

Мемлекет – қоғамда алғашқы рулық қауымның құлдырап,қанаушы және қанушы топтар пайда болғаннан кейіггі қалыптасқан саяси ұйым.

Монархия – мемлекеттік басқару түрі.

Мораторий – қарыз өтеу,белгілі бір әрекетке тиым салу, қаржы міндеттемелерін  орындау мерзімдерін төтенше жағдайларға байланысты үкімет қаулысымен кейінге көшіру.

Меморандум – халқаралық қатынаста қол қойылып, мөр басылмаған дипломатиялық талқылауға жататын мәселелерді пайдаланған хат.

Тоталитаризм - әр бір адам заты, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық басқаруға алынған мемлекеттік саяси құрылысының бір түрі.

Ұлт – аумақтың тілдің экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшелікерінде көрінетін адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.

Дәуір – қандайда бір құбылыстың өмір сүруіндегі немесе қандайда бір процестің дамуындағы басқа уақыт интервалынан сапалық тұрғыдан өзгеше уақыт интервалы.

Ғасыр – адамзат тарихын белгілі бір материалдық деңгейінің жетістіктеріне сәйкес негіздей отырып кезеңдерге бөлу.

Археология – тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін ғылым.

Патша – елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ.

Семинар №1

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақстан тарихына кіріспе

1.1. Қазақстан тарихын кезендерге бөлудін әртүрлі жүйелері.

1.2.. Республика территориясындағы палеолит, мезолит, неолит кезендерге сипаттама

1.3.Қола дәуіріндегі патриархалдық жанұялық қоғам.

Тапсырмалар

1.Дәуірлерді ашу.

2. 2 және 3 сұрақтарды талқылау

3. Картамен жұмыс, тайпалар орналасқан жерін анықтау

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

Марғұлан А. “Бегазы – Дандыбай мәдениеті” Алматы9.

Әдістемелік ұсыныстары

Оқулық бойынша дайындалу, әр тақырып бойынша тесттерді құру, картамен жұмыс істеу

Картамен жұмыс

Семинар № 2

Семинар сабағының тақырыбы

Ерте темір дәуірінің қауымдық бірлестігі.

2.1. Б.д.д VIII-IVғғ. Археологиялық ескерткіштер. Сақтар, үйсендер, қаңлылар.

2.2. “Ұлы Жібек Жолы”, оның аймақтың аналикалық, мәдени дамуындағы ролі”.

2.3. Халықтардың ұлы көшуі, себептері, этапы, карта өзгеруі.  

Тапсырмалар

1. Тарихи қайнар көздерді саралаудың проблемаларын талдау

2. Антропология бойынша есептер шығару.

3. Түрік ескерткіштерінің біреуін сипаттау

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

Әдістемелік ұсыныстары

Тақырыптар бойынша дайындалу, тесттер бойынша жұмыс істеу

Картамен жұмыс

Семинар № 3

Семинар сабағының тақырыбы

6-9ғғ. Түркі мемлекеті

3.1. Түркі жазбаларының ескерткіштері.

3.2.Түркі мемлекеттері 6-9 ғғ.

3.3.. Түркі мемлекеттер 9-12 ғғ.Қыпшақтардың қоғамдық және шаруашылық құрылысы

3.4. Наймандар мен керейлердің мемлекеті.

3.5.Түркі мәдениеті

Тапсырмалар

1. Тарихи қайнар көздерді саралаудың проблемаларын талдау

2. Антропология бойынша есептер шығару.

3. Түрік ескерткіштерінің біреуін сипаттау

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

Әдістемелік ұсыныстары

Тақырыптар бойынша дайындалу, тесттер бойынша жұмыс істеу

Картамен жұмыс

Семинар № 4

Семинар сабағының тақырыбы

Моңғолдардың жаулауы кезіндегі Қазақстан

4.1.Монғол шапқыншылығы,және оның салдары

4.2.Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай хандығының пайда болуы.

4.3. Темір мемлекеті және оның Дешті Қыпшаққа шабуылы.

Тапсырмалар

Әлеуметтік стратификация схемаларын салыстыру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

Қазақстан тарихы: Хрестоматия. Алматы, 1994

Әдістемелік ұсыныстары

Тақырыптар бойынша дайындалу, тесттер бойынша жұмыс істеу

Картамен жұмыс

Семинар № 5

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақ хандығының қалыптасуы мен гүлденуі. Қазақ халқының қалыптасуы

XVI-XVIIғғ. Қазақ хандығы

5.1. Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін салушылар. Қазақ мемлекеттілігінің ерекшеліктері.

5.2.  Түркі тілдес тайпалардың этникалық интеграция процесі.

5.3. “Қазақ” этногенезінің тарихы

5.4. Тәуке-хан. Жеті Жарғы.

Тапсырмалар

1. Династиялық кесте құру

2. Генеалогиялық ағаш құрастыру.

3. Жүздер ру-тайпалық құрамын құру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Жүздер тайпалық құрамын жазып алу, «қазақ» этнониміның шығу тегі туралы гипотизаларды жазып алу  

Әдістемелік ұсыныстары

Қазақ хандарының әулеттік шығу тегілерін жазып алу, әр ханның саясатымен танысып,салыстыру

Картамен жұмыс

Семинар № 6

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақстан XVIIғ-XVIIIғ. Ресей  империясының  құрамына кіру.

6.1. Қазақтардың Жоңғарларға қарсы азаттық күресі.

6.2. .Әбілхайыр ханның саясаты. Тевкелев елшілігі.

6.3.Ресей империяның құрамына кіруінің бастапқы кезеңі. Қамалдардың, қалалардың әскери мектептердің салынуы.

6.4. Абылай-ханның саясаты.

Тапсырмалар

1. Абылай-ханның саяси портретін беру

2. Ұлт-азаттық көтерілістерінің хронологиясын құру

3. Ресей империясының бодандығына кіруінің мәселелері бойынша талдау жүргізу

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Бекмаханов  Е.  Казахстан  в  20-40  годы  XIX  века.  Алма-Ата. 1992.

Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. - М., 1957.

Әдістемелік ұсыныстары

Жоңғар-қазақ соғыстарының кезендерін анықтап оқу

Ұлт-азаттық көтерілістерді оқып, салыстыру, ерекшіліктерді анықтау

Картамен жұмыс

Семинар № 7

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар

7.1. С.Датұлы бастаған көтерілістер тұсындағы кіші жүзден экономикалық әлеуметтік, саяси акуал.

7.2. Бөкей Ордасының құрылуы.И.Таиманов, М.Өтемісұлы көтерілісінің саяси, экономикалық, әлеуметтік алғышарттары.

7.3. К.Қасымов бастаған қазақтар көтерілісі.

Тапсырмалар

1. Ұлт-азаттық көтерілістерінің хронологиясын құру

2. Ресей империясының бодандығына кіруінің мәселелері бойынша талдау жүргізу

3.Кіші жүздегі реформаларды қарастыру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Бекмаханов  Е.  Казахстан  в  20-40  годы  XIX  века.  Алма-Ата. 1992.

Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. - М., 1957.

Әдістемелік ұсыныстары

Ұлт-азаттық көтерілістерді оқып, салыстыру, ерекшіліктерді анықтау

Картамен жұмыс

Семинар № 8

Семинар сабағының тақырыбы

XIXғ. 22-24, 60-90 жылдардағы реформалар Отарлаудың аяқталуы.

8.1.1822-1824 жж. Жарлықтар

8.2. Дала комиссиясының қызметі 1867-1868 жж. Реформалар. 1886-1891жж. ережелер

Тапсырмалар

1. Картамен жұмыс әкімшілік аумақтық бөліністерді анықтау

2. Сот-құқықтық реформасына сипаттама беру

3. Реформаларды салыстыру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Бекмаханова Н.Е.  Многонациональное  население  Казахстана  и Киргизии  в  эпоху капитализма  (60-е годы XIX- 1917). М.1986.

Валиханов Ч. Собрание сочинений. Алма-Ата, т.1-V.1984-1985.

Әдістемелік ұсыныстары

Реформалар бойынша ерекшеліктерді анықтап, жазып алу

Салыстырмалы анализ жасау

Жаңа шаруашылық түрлерін анықтау

Картамен жұмыс

Семинар № 9

Семинар сабағының тақырыбы

XIXғ. II жартысындағы Қазақстандағы экономикалық жағдай. Капиталистік қатынастардың дамуы.

9.1.Шаруашылықтың дәстүрлік жүйесіндегі өзгерістер. . Өнеркәсіптің дамуы.Жәрмеңкелер, кредиттік-банк жүйесі. . Темір жолдардың дамуы, қалалардың өсуі.

9.2. Қазақстан аудандарына экономикалық сипаттама.  

Тапсырмалар

Қазақ қоғамының 19 ғасырдағы әлеуметтік бөлінісін анықтап, сатылы дифференциациясын жасау

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Бекмаханова Н.Е.  Многонациональное  население  Казахстана  и Киргизии  в  эпоху капитализма  (60-е годы XIX- 1917). М.1986.

Валиханов Ч. Собрание сочинений. Алма-Ата, т.1-V.1984-1985.

Әдістемелік ұсыныстары

Салыстырмалы анализ жасау

Жаңа шаруашылық түрлерін анықтау

Шаруашылықтың дәстүрлік жүйесіндегі өзгерістер

Картамен жұмыс

Семинар № 10

Семинар сабағының тақырыбы

ХХғ. Басындағы қазақстандағы саяси ахуал.

10.1. Әлеуметтік демократиялық қозғалыс.

10.2. 1916ж көтеріліс. Оның маңызы.

10.3.   Алаш-Орда автономиясы тарихы

I Жалпықазақ съезі.

10.4. II Жалпықазақ съезі “Алаш” саяси бағдарламасы.

10.5. Саяси партиялар, қоғамдық, діни ұйымдар.

Тапсырмалар

1. Алаш қайраткерлері туралы материалдар дайындау

2. Ақпан мен қазан революцияларына сипаттама беру

3. Кеңес мәдениетінің ерекшеліктеріне сипаттама беру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Восстание 1916г. в Средней Азии и Казахстане. Сб.документов. А.,1998.

Алаш-Орда: Сборник документов. - Алма-Ата.1992.

Голод в Казахской степи. - Алма-Ата,1991.

История  индустриализации Казахской ССР.  Т.1.2.  Документы и материалы.

Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - Алма-Ата, 1993.

Әдістемелік ұсыныстары

Алаш автономияның тарихын оқу, революциялар әсерін анықтау

Кеңес үкіметінің шараларын 20-30 жж. салыстыру

Картамен жұмыс

Семинар № 11

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақстан – ЖЭС және индустрияландыру ұжымдастыру жылдарында.

11.1. Кеңес үкіметінің экономикалық саясаты. Жер су реформалары

11.2..ЖЭС маңызы, нәтижелері.

11.3. Индустрияландыру: экономикалық дамудың шикі заттық бағыты.

11.4.Ұжымдастыру әдістері, кезеңдері. Ұжымдастырудың зиянды салдары.

Тапсырмалар

1. Ақпан мен қазан революцияларына сипаттама беру

2. Кеңес мәдениетінің ерекшеліктеріне сипаттама беру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Восстание 1916г. в Средней Азии и Казахстане. Сб.документов. А.,1998.

Алаш-Орда: Сборник документов. - Алма-Ата.1992.

Голод в Казахской степи. - Алма-Ата,1991.

История  индустриализации Казахской ССР.  Т.1.2.  Документы и материалы.

Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - Алма-Ата, 1993.

Әдістемелік ұсыныстары

Кеңес үкіметінің шараларын 20-30 жж. салыстыру

Картамен жұмыс

Семинар № 12

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақстандағы бұқаралық Қуғын-сүргін

Мәдени қайта құрулар (20-30жж.). Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде.

12.1. Қоғамдық саяси қайраткерлерді қуғындау. Шаруаларды қуғындау. Концлагерлер құру, репрессия салдары

12.2. Бұқаралық сауатсыздықты жою.

12.3. Ғылым. Әдебиет және өнер.

12.4.Қазақстан фашизмге қарсы соғыс жылдарында (1941-1945)

Тапсырмалар

Ақтау мәселелерін анықтау, ақталған процесстер туралы материалдар дайындау

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

История Казахстана: белые пятна: Сб.статей. - Алматы,1991г.

Реабилитация.  Политические  процессы  30-50-ых годов. М.,1991.

Әдістемелік ұсыныстары

Әкімшілік билікке сипаттама туралы материалдары әуелі оқып түсіну, содан кейін оқу материал түсінікті болады

Картамен жұмыс

Семинар № 13

Семинар сабағының тақырыбы

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965жж.)

13.1. 1945-53жж. бейбіт құрылысқа өту. Қоғамдық-саяси даму

13.2. Қоғамдық саяси өмірдің демократизацияландыру. Хрушев реформалары. Тың жерлерді игеру.

Тапсырмалар

Әкімшілік-әміршілік жүйесіне сипаттама беру

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

История Казахстана: белые пятна: Сб.статей. - Алматы,1991г.

Реабилитация.  Политические  процессы  30-50-ых годов. М.,1991.

Әдістемелік ұсыныстары

Әкімшілік билікке сипаттама туралы материалдары әуелі оқып түсіну, содан кейін оқу материал түсінікті болады

Картамен жұмыс

Семинар № 14

Семинар сабағының тақырыбы

1965-1991 жж. Қазақстан. Қайта құру жылдарындағы қазақстан.

14.1. Басқарудың әкімшілдік жүйесі. Оның экономика, қоғамдық саяси өмірге әсері.

14.2. Қоғамдық өмірді демократияландыру ерекшеліктері. Әлеуметтік экономикалық қайта құру.

14.3. 1986ж. 16-18 желтоқсан оқиғасы.

Тапсырмалар

Әкімшілік-әміршілік жүйесіне сипаттама беру

Желтоқсан оқиғалар туралы баяндама дайындау

Әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

2.   Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3.   Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы , 1998.

4.   Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

5.  Алматы, 1986 г. Декабрь. Книга-хроника. - Алматы,1991.

Әдістемелік ұсыныстары

Әкімшілік билікке сипаттама туралы материалдары әуелі оқып түсіну, содан кейін оқу материал түсінікті болады

Картамен жұмыс

Семинар № 15

Семинар сабағының тақырыбы

1991-2007жж. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы

15.1. Экономикалық  саясат және стратегия әлеуметтік-экономикалық модельді таңдау.

15.2. ҚР әлеуметтік аясында реформалар: мәселелер мен жетістіктер.

15.3. Әлеуметтік демографиялық мәселелер. Мәдени процестер

Тапсырмалар

1. Қазақстан 2030 стратегиясына сипаттама беру

2. ҚР Президентінің шығармаларының біріне конспект жасау

3. Тәуелсіз ҚР тарихын кезендерге бөлу

Әдебиеттер

Негізгі – Қазақстан тарихы 5 томдық. Алматы, 1996ж. Қазақстан тарихы.Очерктер. Алматы 1994 ж.

Қосымша:

Декларация о суверенитете Казахской ССР. "Ведомости Верховного Совета Казахской ССР", 1990, № 44.

Кунаев Д. А. От Сталина до Горбачева. Алматы.1991.

Назарбаев Н.Ә. XXIғ.қарсаңында Алматы,1996.

Назарбаев Н.Ә.Тарих толқынында А.1999.

Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. А.2001.

Назарбаев Н.Ә. Сындарлы онжылдық А.2003.

Әдістемелік ұсыныстары

«Қазақстан 2030» стратегиясына көбірек көніл бөлу, Н.Ә.Назарбаевтын еңбегін оқу, мысалы – «Тарих толқынында», «Сындарлы онжылдық»

Картамен жұмыс

Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы  пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық

         Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті  үлгісін ескере отырып дайындалған.  Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.

Дәрістердің қысқаша  курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни  мазмұны жағынан тиімді  көлеммен  және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен  ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.

Семинар (практикалық)  сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша  зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған,  практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша  дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.

Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының  басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс  – студенттің терең және сапалы  білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.

Студенттердің өзіндік  жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік   типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.

Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады.  Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.

Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік  технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.

1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар

Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.

Емтихан материалдары  (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп  дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.

ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ  тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің  пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.

1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық

Дәріс – білім беру көзі, студенттерді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында оқытылады,  оқыту қызметін жүзеге асыратын қажетті бөлігі. Дәрістер тұжырымдамалармен идеяларды студенттерге жеткізу үшін,  сонымен қатар сыни ойлау жүйесін ынталандыру мақсатында  қолданылады. Дәріс – бұл мәліметті беру әдісі ғана емес. Білікті оқытушының қолындағы дәрістер серпінді және әмбебап оқыту жүйесімен жүргізіледі. Тақырыпты оқытудағы тиімді жинақталған  дәрістер мазмұны жағынан мынандай  сипаттамаларға бөлінеді:

жүргізіліп отырған пән бойынша мәліметтердің санын шектен тыыс асырмау керек, өйткені студенттер мәліметтерді қабылдап естерінде сақтаулары тиіс.

студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысулары үшін әртүрлі әдістерді қолданады.

Егер дәріс оқытушысының мақсаты  - білімді студентті дайындап шығару болса, ол оларға тақырыпты толығымен меңгеру мүмкіндігін (жұмыс жасау қағидаларын түсіну, тәжірибиеде қолдану, жоспарлар құру, бұл шындықты қалай қолдану керек) мол ақпарат беру арқылы жеткізу керек. Оқытушының тағы бір басты бір міндеті  - дәрістерді дайындау барысында кілтті бөлімдерді бірнеше рет қайталап отыру әдісін қолдана отырып әзірлеу керек.

 Басты қағида  - дәрісті құру болып табылады, дәріс тақырыптарын оқытуда жаңа бірегей тәжірибелі әдісті игеру ұсынылады. Тәжірибиеде қолданылмаған 10 жаңа әдісті қолдансаңыз да қолжетімді көрсеткішті бермейді өйткені бұл өте тиімсіз.

Дәрістер қысқа да нұсқа болу керек.  Дәрістердің құрылымы жағынан басы өте қызықты басталып, ортасы  сенімді ойлармен және аяғы маңызды аяқталуы тиіс.

Студенттерге терең ой салып басталынатын дәрістер студенттердің оқытылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады,  мұндай дәрістер аудитория назарын оңай баурап алуға тиімді. Оқытушы оқытылатын материал жөнінде мынандай шолу жасау керек: аталған пәнді неліктен оқу керек және әрқайсысы үшін маңызы қандай, осы берілген білім студенттің кедергілерден өтіп, алдына қойған мақсаттарына жеткізе ала ма, материалды жоғары деңгейде меңгерту үшін қандай тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге болады.

Сенімді ой пікірлерге толы дәрістің ортаңғы бөлімі дәрістің негізгі өзегі болып табылады. Бұл  дәрістің – сүбелі ой тұжырымдары, белгілі бір бағытта дамуына негіз бола алады. Дәріс кезінде ең маңыздысы  - KISS принципін ұстану керек. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: таныс сөздерді қолдану, екімағыналы терминдермен анықтамаларды қолданбау, көрнекілік құралдарын пайдалану, ой тудыратын картинкалар, деректер және мысалдарды қолдану. Деректерді келтіргенде статистика өте сенімді әдіс болып табылады. Айтылған деректерді бәр ауыз дерексөздер келтіру арқылы түйіндеп отыру қажет.

Дәрісті оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып оқытуға болады, мысалы, сұрақт-жауаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кестелерді, жобалық аппараттармен фильмдерді. Осының барлығы сабақтың әртүрлі өтуіне және студенттің ақпаратты толығымен қабылдауына жағдай жасайды. Пәнге қатысты оқып білуге үлестіріліп берілген сабақ материалдары, студенттерді пікірталасқа тартуға көмектеседі.

Дәрістердің соңғы бөлімі  кілтті сөздермен аяқталады және студенттерге бірнеше әдісті ұсынады, соның арқасында олар оқығандарын өмірде жүзеге асырады. Дәрістің осы кезеңінде студенттермен жеке жеке немесе топ бойынша сабақтан қандай әсер алғандары жөнінде ой бөліскен өте пайдалы. Дәрісті аяқтау кезінде қайталап шолу жасау тақырыпты толықтай меңгеріп келесі тақырыпты жалғастыруда тиімді қызмет атқарады.

Сәтті оқылған дәрістер -  яғни бұлар мұқият жоспарланып үш принципте құрылғандар: біріншіден, олар өте қысқа, жаңа идеялармен құралған ақпарат көздері «аз мөлшерде» ақпараттандыру; екіншіден, сәтті жоспарланған дәрістер қызықты бастамалардан, сенімді ортаңғы бөлімінен және нәтижелі қорытындыдан тұрады; үшіншіден, оқытушылар дәрістерді оқыту барысында студенттердің белсенді қатысуларына мүмкіндік жасау керек.

1.4. Семинар, СӨОЖ сабақтары бойынша және  СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:

Өз пікірін қалыптастырып айта білу;

Өзгенің пікірін құрметтеу;

Оқу материалын мұқият меңгеру;

Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;

Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;

Алынған мәліметтерге анализ жасау;

Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; Жеке даралығын көрсете білу;

Әртүрлі  ситуациялардан  өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері

Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.

Дискуссия (талқылау) – оқытылып отырған тақырып бойынша студенттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.

Рөлдік ойындар студенттерді сабаққа деген белсенділігін,  қызығушылығын тудыратын көпжақты оқыту әдісі.

«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса,  осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.

Топтық нұсқау - оқытушы кілтті деректерді немесе  «тақырыптың негізгі  кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.

Топтық талқылау - аудитория дәрістен кейін, топқа бөлініп  өзіндік ой пікірлерімен, көзқарастарымен, сұрақтарымен және қорытынды пікірлерімен топ көшбасшыларымен бірге талқылау өткізу .

   Кейс - әдісі - білім беру әдісі, студенттерге тиімді ойлауға көмектеседі. Топқа нақты жағайдға негізделген, сонымен бірге кейбір мәселелерді талқылауға ұсынылып, жағдайларға сараптама беріп және нұсқауларды жасап шығаруға бағытталған нақты ақпарат беріледі. Кейсттер әр түрлі әдістермен беріле алады.  Олар ұзақ және бүкіл ақпаратты көрсете алады немесе қысқа болуы мүмкін, қандай жағдайда болмасын олардың мақсаты бір – студенттердің берілген фактіге қандай да бір ой тұжырымға келу.  

Кейс-әдісі сонымен қатар топтық дискуссия түрінде өте алады. Әдетте кейс-әдісі екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезеңде қатысушыларға кейс беріліп, оны қажетті уақыт аралығында оқып бүкіл материалды түсіну керек. Дискуссияны мадақтау үшін студенттерге сұрақтарды таратып беруге болады. Екінші кезеңде қатысушыларды кейстерді талқылауды сұрайды. Барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуға мүмкіндігі болуы тиіс, өздерінің ой тұжырымында логикалық негіздеме беруі керек. Бұл процестің нәтижесінде дискуссия барысында оқытушы қатысушылардан кейстердің фактіден белгілі бір қорытынды жасауды сұрайды. Бұл әдістің артықшылығы – студенттердің басқарушылық, белгілі бір шешімдерді қабылдау, бақылаушылық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.  Жақсы дайындалған студенттер өздері кейсті жаза алады.

Презентация - білім беру әдісі, презентация арқылы студент  кез келген тақырыпты таңдап алып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алады.    Презентация уақыты – 8-10 минут. Презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.

Сыни жағдайды өңдеу әдісі — сыни жағдайды өңдеу әдісі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс нақты жағдайды моделдеуге негізделген, студенттерге белгілі бір сыни жағдайдың негізгі ақпараты беріліп, сосын өзара сұрақтар қойып және ақпаратты талап етуге болады. Әдіс мәселені анықтау үшін тиімді қолданылатын әдіс болып табылады.

Қатені анықтау әдісі – студенттер үй жұмысын алып, болатын дәрістің мазмұнымен танысады. Оқытушы оқу материалына өзгерістер енгізіп, қате кеткен мәліметтерді қайтадан құрастырады. Оқытушы дәріс оқу барысында студенттер қателерді анықтау қажет. Бұл әдіс студенттердің бүкіл оқу барысында критикалық тыңдау қабілеттілігін жетілдіреді.

«Миға шабуыл» әдісі – интерактивтік оқытудың ең қарапайым және тиімді әдістерінің бірі, шығармашылық ойлау қабілеттігін, топтарды құрастыру және белгілі бір мәселені шешу дағдыларын жетілдіретін әдіс. Шығармашылық пікірлерді жетілдірудің тәсілі, ал қатысушылар болса бұл тәсілдерді әрі қарай қолдануын ұсынады.

 Өткенді қайталау – бұл әдіс тақырыпты талқылауда, қорытындылау кезінде қоданылады, бұл тақырыпты студенттер толығымен меңгеріп, арасында қолданылуын қамтамасыз ететін әдіс. Бұл әдіс бірнеше мақсатқа жетуді көмектеседі: студенттердің топ ішіндегі әрекетін ояту, кейбір тәжірибеге бағыт беру, аталған материал бойынша студенттердің қабылдауын қандай дәрежеде екенін анықтау, студенттер мен оқытушылар арасында қатымды байланысын көрсететін әдіс және т.б. Өткенді қайталаудың әр түрлі түрлері кездеседі.

«Дөңгелек үстел әдісі» - жылдам, әрі тиімді әдіс, әр бір студенттің өз пікірін айта алуы мысалы,  «бүгін мен үш нәрсені білдім», «мен пән жөнінде білдім...» және т.б.

Ақырын ойлану - әдетте жазбаша түсініктеме беру, сұрақтар ьойынша тақтада немесе қағазда көрсету.

Топтық ойлану – шағын топтарды өткен тақырыпты қайталау және басқаларға айту әдісі.

Білдіретін әңгімелесу әдісі – студенттің сабақта ашық немесе сұрақтармен мен құрылымын баяндап беруі.

Хатты құрастыру әдісі – белгілі бір материалды меңгеруге бағытталған әдіс, бұл әдісте негізгі сөз берілген, осыдан хат сызба түрінде құрастырылады, осы сызба негізгі сөздің мағынасын ашып береді.

Тәжірибелік (семинар сабақтарын) СӨОЖ және СӨЖ сабақтарын өткізу келесі формалары ұсынылады:

    Кез келген танымды анықтау, шағын эссе жазу – 1-1,5 бет.

Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық рессурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Глоссарий жазу – терминдердің шағын түсініктемесі және берілген тақырып бойынша түсінік беру, сөзжұмбақтарды қолдануға болады.

Презентация – студенттің берілген тақырып бойынша өз презентацияны жасау барысында, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алауы,  презентацияда қарастырған кейбір аспекттерді қарастыру. Презентацияның уақыты - 8-10 минут, презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.

Іскер ойын – рольдік немесе топтық, болашақ кәсіби қызметі үшін іскерлігін және дағдылануды өндірту.

Топтық жоба – топта 4-5 адамнан артық болмау керек, әр бір топ өзінің жобасын құрастырып, оны қорғау керек.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу

Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық баяндама, таңдалған тақырып бойынша мамандардың еңбектері, аталған бағыт бойынша әдебиеттерге шолу.  Осындай шолу оқырманға кез келген мәселе бойынша қазір заманға сай болуы, мамандардың пікірін қосып қарастыру.

Рефераттың мақсаты – басқалардың жетістіктерін ижалпылау, фактілер базасында әдебиет бойынша мәселені өзіндік сараптама жасау.

Жоғарыда көрсетілгендей, реферат – бұл оқылғанның қысқаша мазмұндауы, жауапты жұмыс, автордың өте ұқыпты дайындығының нәтижесі болып табылады. Және ғылыми жұмыс тән маңыздырақ оқу-әдiстемелiк мақсаттар рефераты ғалымдар қатар танысуды басты мiндетiмен зорға ескертемiз. Бұл – алдын ала ойластырылған тақырып, библиографиялық ізденіс, ғылыми әдебиеттердегі фактілердің сараптау және таңдау, олардың топтастырылуы, реферат авторының өз бағалауы және жоспарға сәйкес логикалық мазмұндамасы, анықтама аппаратын құрастыру, (сілтемелер және қолданылған әдебиеттер) және бүкіл тексті рәсімдеу. Рефератпен шұғылдана, ғылыми әдебиеттiң талдауының дағдылары студент, ғылыми зерттеудiң әдiстемесi және жазбаша жұмыстың әзiрлеуiнiң негiздерiмен ие болуға тауып алуға мүмкiншiлiк алады. Әрине, таңдап алынған ғылыми тақырыпқа рефераттың жазуы тиiстi тарихи мерзiм жататын материалдармен танысуға тым тереңiректерiне көмектеседi, табандатқан кiтаппен жеке алғанда өз алдына жұмыс iстейтiн қасында пайдалы дағдыларды меңгеруiне мүдде айқындалып және болуы мүмкiн ары қарай ғылыми жұмыстардың шеңберiн анықтауға көмектеседi мүмкiндiк туғызады.

Рефераттың көлемі 20-30 бет.

Конспект – жүйелік, оқытылатын материалдың мазмұны логикалық сабақтастығы, жоспарды біріктіретін, көшірмелер немесе осы аталған екі әдістің қосындысы.

Көшiрмелерге қарағанда және мазмұнның ашылуы конспектiнiң тезистерiнiң ол оқылатын көзде ұсынылатын мазмұндаманың тiзбектерiнде көрсетілгендей.

Конспектті құрастыру үшін ең маңызды және қажетті ақпарат алынады.

Бас жағдайлар көрінеді, аталы сөз, тiркестердi асты сызылады. Әрбiр жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектте автордың фамилиясы, қайнар көздiң атауы, оның шығаруы, беттiң орын, уақыты көрсету керек.

Қайнар көздермен жұмыс жасау:

                 - кiтап немесе тараудың атауына ұғыну, оның мағынасын түсiну;

           - тексті ынтамен оқып шығу және негізгі ойларын оқу барысында қысқаша жазу;

    - бiр ойды басқа ойға бөлiңiз, олардың тезис түрiнде жазып алыңыз;

    - негізгі категорияларды және түсініктерді көшіріп алыңыз, кең   

    - педагогикада қолданылуын, және олардың басқа ғылымдарды қолданылуын анықтап алу;

- жұмысты аяқтағаннан соң барлық қайнар көздерін көшіріп алыңыз.

Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу

Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және қазіргі заманға сай ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып қолданады. Олар студенттердің шығармашылық қабілеттілігін және өзіндік жұмыс жасауды бағытталған. Олар ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды қарастырады, сонымен бірге оқу-әдістемелік материалдарын, әлемдік деңгейге сәйкес келуі, пәндерді оқыту барысында:

мультимедиялық оқулықтарды қолдану, пәндерді оқыту кезінде эксклюзивті электрондық курстарды қолдану;

медиаресурстарды қолдану, энциклопедиялар, электронды кітапхана мен  Интернет желісі;

рефераттардың электрондық презентация ретінде өткізу, курстық жұмыстарды және білікті тітіруші жұмыстары;

видеоконференцбайланыс режимінде сабақтарды өткізу;

электрондық пошта арқылы студенттерге кеңес өткізу; студенттердің білімін бақылау үшін бағдарламалық-педагогикалық тест тапсырмаларын қолдану және т.б.

Назарларыңызға рақмет!




1. Архитектура 1
2. ре- Красители Viride nitens Methylenum coerulenum ethcridini lcts Нитрофураны
3. Курсовая работа- Психологические особенности и психосоматические расстройства у подростков.html
4. На тему- Оформление абзацев
5. Контрольная работа- Современный мировой интеграционный процесс
6. правового спора между заинтересованными лицами
7. вариантов C diphtheri- 25шероховатые 25Rформы 25поверхность радиально исчерчена 25между собой
8. тематичних наук Київ ~ 2005 Дисертацією є рукопис Робота виконана в Ін.html
9. Задание 1 1Дайте определение понятию Смета Ответ- Основной документ нормирующий стоимость строительст
10. Аппалачи
11. If he hd reserved the tble he would not wit for n hour
12. Курсовая работа- Задача о Ханойских башнях
13. Репродукция человека
14. Характеристика діяльності супермаркета абсолют
15.  Иностранный яык- два ин яз Теория и методика воспитательной работы Дневное 4 года 2 курс рус Бокижан
16. Реферат- Фармакотерапия депрессии
17. Реферат- История возникновения фамилии
18. сочинение эссе по обществознанию
19. і Дарма шукати рідне Шевине село на карті чи гортати телефонні довідники аби дізнатися де ж воно є і хто в
20. Смутное время относившийся к бурным событиям начала XVII в