Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Объективті- ~стіртін тыныс ПЖ~ 96 со~~ы-мин~т А~~70-50 с

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 14.11.2024

№ 1 бекетіне арналған тапсырмалар

Патологиялық физиология

№ 1

60 жастағы пациент М. ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді.

Объективті: үстіртін тыныс, ПЖ– 96 соққы/минөт, АҚ–70/50 с.б.б., кейде аяқ-қолының тырысуы байқалады.

Сараптамаларында:  гипергликемия 33 ммоль/л, гиперазотемия, гипернатриемия, рН-7,32.

Жауабы: 1-қадам – ПЖ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), АҚ төмендеген (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.б.), қан сарысуында  глюкоза деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), сарысуда мочевина деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 2,5-8,32 ммоль/л), сарысуда-натрий деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 135-145 ммоль/л), қанның рН-компенсацияланбаған ацидоз (қалыпты жағдайда 7,35-7,45 ммоль/л).

                2-қадам – Науқаста диабеттік кома дамыған. ________________________________________________

Патологиялық анатомия

№1 макропрепарата қандай ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– ұйқы безінің бөлігі, көлемі кішірейген, бездің паренхимасында май тінінің өскені байқалады, бөлікті құрылымы бұзылған.

                 2-қадам –ұйқы безінің атрфиясы.

№ 2

Патологиялық физиология

32 жастағы пациентте анықталды: ЖСЖ-жүректің соғу жиілігі–75 соққы/минөт, артериялық қысым - 175/115 с. б.б.

Қосымша зерттеуде: көз түбі тамырларының айқын тарылуы, микрогематурия, альбуминурия.

Анамнезінде: балалық шақта жедел диффузды гломерулонефритпен ауырған.

Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), несепте эритроциттер және альбуминдер анықталады (қалыпты жағдайда болмауы тиіс).

         2-қадам – Науқаста нефрогенді гипертензия дамыған.

__________________________________________________________________

 Патологиялық анатомия   

 №2 макропрепарата қандай ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– бүйректің  макропрепараты, ағзаның көлемі айқын  кішірейген, беткейі ірі кедір бұдыр,  ағза ішіне  тартылған тыртықтар есебінен

                 2-қадам –бүріске бүйрек

№ 3

Патологиялық физиология

Ю. есімді науқаста жүктемеден кейін кенеттен қорқыныш сезім, бас айналуы, тахикардия пайда болады. Артериялық қысым - 270/165 с.б.б. Бүйрек үсті безінің УДЗ-і және рентген-тексеруі  арқылы бүйрек үсті безінің милы қабатының өспесі  – феохромоцитома анықталды.

Жауабы: 1-қадам – АҚ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 110/70 немесе 120/80 мм с.б.), феохромоцитомада қандағы адреналин деңгейі жоғарылайды (қалыпты жағдайда 0,48 нмоль/л-ден төмен).

         2-қадам – Науқаста эндокринді гипертензия дамыған.

__________________________________________________________________Патологиялық анатомия

№3 суретте қандай ағза көрсетілген

Жауабы: 1-қадам– ісік беткейінің кесіндісінде қызыл түсті, қан құйылу аймақтарымен. Бүйрек үсті безінің беткейінде аз мөлшерде сақталған қыртысты қабатының сақталғаны анықталады.

                 2-қадам –феохромоцитома.

№ 4

Патологиялық физиология

50 жасар А. есімді науқас 20 сағатқа созылған төс артындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданды.

ЭКГ да: синустық ритм, тереңдеген Q тісшесі бірінші тіркелімде және ST кесіндінің жоғарлауы.

Сараптамаларында: қанда АСТ белсенділігінің күрт жоғарылауы, лейкоцитттер 12х109/л, тромбоциттер 450х109/л, протромбиндік индекс 120%-ға жоғарылады.

Жауабы: 1-қадам – ЭКГ-де патологиялық өзгерістер байқалады, қандағы АСТ деңгейі жоғарылаған (қалыпты жағдайда 11-47 ХБ), лейкоциттердің саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л), тромбоциттер саны жоғарылаған (қалыпты жағдайда 200-400х109/л), протромбиндік индекс жоғарылаған (қалыпты жағдайда 100%).

                 2-қадам – Науқаста миокард инфаркті дамыған.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№4 макропрепарата қандай ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– жүрек өшемдері ұлғайған, сол қарыншаның алдынғы қабырғасының жазықтық  кесіндісінде шекарасы айқын емес ақшыл -сұр түсті аймақтар анықталады.

                 2-қадам – миокард инфаркты.

№ 5

Патологиялық физиология

Генетикалық кеңес беру бөлімінде З. есімді әйел өз сіңлісінің орақ тәрізді жасушалы анемияның  ауыр түрімен ауыратынын, ал өзі мен күйеуінің денінің сау екенін хабарлады. Тексеру барысында З. есімді әйелдің мүкіс (аномальді) генді тасымалдайтыны  анықталды.

Жауабы: 1-қадам – Ауру сіңлісінде қалыпты Hb А орнына патологиялық Hb S анықталды, 3 есімді әйелде Hb А-мен қатар шамалы пайызда Hb S кездеседі, жұбайында патологиялық Hb S жоқ.

                2-қадам – Әйелдің балалары 100% дені сау, алайда 50% балалары мүкіс генді тасымалдаушы болады.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№5 суретте қандай тін және қандай үрдіс көрсетілген.

Жауабы: 1-қадам– түтіті сүйектің бөлігі сүйек кемігі  ашық- қызыл түсті, нәрлі жылтыр. Сүйек кемігі сары түстен қызылға метаплазияланған.

                 2-қадам –анемия кезіндегі сүйек кемігі.

№ 6

Патологиялық физиология

З. есімді 40 жасар пациент ентігу, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданды.

Объективті: беті домбыққан және бозарған. Жүректің сол және оң жақ шекараларының 2 см-ге кеңеюі, жүректің соғу жиілігі–100 соққы/мин, жүрек үндері бәсеңкі, өкпеде – майда көпіршікті сырыл, тыныс алу жиілігі 26 рет/мин., мойын көк тамырларының домбығуы, қабырғалық доғадан бауырдың 3 см-ге шығуы, аяқтарының ісінуі.

Жауабы: 1-қадам – Жүректің шекаралары ұлғайған, ЖСЖ жоғарылаған (қалыпты жағдайда 60-80 соққы/мин), ТЖ жиілеген (қалыпты жағдайда 16-18 рет/мин), бауыры ұлғайған (қалыпты жағдайда қабырға доғасынан төмен түспеуі керек); барлық белгілері кіші және үлкен қан айналым шеңберінде іркілістің болуын дәлелдейді.

                 2-қадам – Науқаста тоталды жүрек жетіспеушілігі дамыған.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№6  макропрепарата қандай ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– жүрек макропрепараты, консистенциясы тығыз, сол жақ қарынша қабырғасының қалыңдығы 2,3 см, емізікше бұлшық еттері қалыңдаған, кесіндіде миокард қоңырқай түсті.

                 2-қадам –сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

 № 7

       Патологиялық физиология

10000 м биіктікте ұшақ кабинасының герметизациясы бұзылды. Ұшақты осы биіктікте  жүргізу үшін пилот оттегелік маска арқылы демалды. Бірақ оның жағдайы нашар болып қала берді. Осыған байланысты жедел түрде қонуға мәжбүр болды.

Жауабы: 1-қадам – Ұшақ ішінде атмосфералық қысым қалыпты (760 мм с.б.), ұшақ сыртында 10 000 м биіктікте қысым анағұрлым төмен; кабинаның тұтастығы бұзылғанда ұшақ ішінде де қысым күрт төмендейді.

                 2-қадам – Ұшақта дамыған патологиялық жағдай жылдам декомпрессиямен байланысты.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№ 7 суретте  қандай үрдіс көрсетілген.

Жауабы: 1-қадам– су астында көкірек қуысы ашылды; осы кезде  ауа көпіршіктерінің шығуы плевра қуысында ауаның болуын дәлелдейді.

                 2-қадам – жоғары қысымды    пневмоторакс.

№ 8

Патологиялық физиология

Клиникаға келіп түскен емізулі жастағы 2 монозиготты егіздерде тексеру барысында анықталды:бауырдың ұлғаюы,аш қарынға сарысуда глюкоза мөлшерінің төмендеуі,гепатоциттерде фосфорилазаның белсенділігі төмендеуі және гликоген мөлшерінің жоғарылауы.

Жауабы: 1-қадам – 2 монозиготты егіз болғандықтан тұқым қуалайтын патологияның түрі,  бауыры ұлғайған (қалыпты жағдайда қабырға доғасынан шықпауы тиіс), ашқарынға сарысудағы глюкоза  деңгейі төмендеген (қалыпты жағдайда 3,58-6,05 ммоль/л), фосфорилаза белсенділігі төмендеген (гликоген ыдырауын катализдеуші фермент).

                 2-қадам – Егіздерде гликогеноз дамыған - гепатоциттерде гликогеннің патологиялық шектен тыс жиналуы.

___________________________________________________________

 Патологиялық анатомия

№ 8 макропрепара  қандай ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– бауыр бөлігінің макропрепараты, капсуласы тегіс, жылтыр, консистенциясы болбыр, кесіп көргенде сары түсті.

                 2-қадам –бауырдың майлы дитрофиясы.

№ 9

Патологиялық физиология

52 жастағы науқаста  хирургиялық жолмен өкпедегі обыр өспесін алып тастағаннан кейін және химиотерапиялық емдеуден 1 жыл өткен соң сол бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды.Биопсия нәтижесінде алынып тасталынған өкпе обырының құрылысына ұқсас өспелік жасуша анықталған.

Жауабы: 1-қадам – Өкпе өспесін кесіп алғанда өспенің  алынбай қалған жасушалары лимфа ағысымен сол жақ бұғана асты лимфа түйіндеріне барып, сол жерде көбейеді, сондықтан құрылысы бойынша кесіп алынған өспе жасушаларымен ұқсас келеді.

                 2-қадам – Науқаста өспе жасушаларының метастаздануы дамыған.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№ 9  макропрепара қандай  ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– өкпе бөлігінің макропрепараты, плеврасы бұлынғыр.  кесіндіде екі тоқ қызыл түсті ісіктік өсу ошағы анықталады, көлемдік құрылымдардың тіні, ақшыл сұр түсті некроздалған, 5,0 х 4,0 см және 5,5 х5,0 см.түйінді түрінде.  

                 2-қадам –өкпе обыры (түйінді түрі).

№ 10

Патологиялық физиология

56 жастағы ер кісі тез шаршайтынына, жүрген кезде пайда болатын балтыр бұлшықетінің ауырсынуына,аяқтың жаурағыштығына,ұйып қалуына шағымданады.

Қарағанда:аяқтары бозарған терісі құрғақ, мұздай,тырнақтары сынғыш,табанының сырт жағындағы артерияларының соғуы екі аяқтада сезілмейді.

Жауабы: 1-қадам – Науқастың шағымдары аяқтарындағы қан айналым бұзылыстарын айқындай түседі; қолының бозаруы және қолдың сыртындағы артерияларының соғуының сезілмеуі оларға қан келуінің азаюын көрсетеді. Қол терісінің мұздайлығы олардағы зат алмасу үрдісінің төмендеуіне тән. Терісінің құрғақтығы және тырнақтығының сынғыштығы – қоректенуінің бұзылуын дәлелдейді.

                 2-қадам – ер кісіде қолының ишемиясы дамыған.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

№10 макропрепаратта қандай  ағза берілген.

Жауабы: 1-қадам– қолдың үшінші саусағы, көлемі айқын ұлғайған, саусақтың терісімен тырнақтың орны тоқ -қошқыл түсті

                 2-қадам –үшінші саусақтың ишемиясы.

                              № 2 бекетіне арналған тапсырмалар

№ 1

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 45 г/л, Эр 2,2х1012/л, түстік көрсеткіші 0,6.

 Жағынды да микроциттер анықталады. Сарысулық темірдің  деңгейі қалыпты жағдайдан төмен.

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – Hb –  төмендеген (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – төмендеген (қалыпты жағдайда 0,85-1), микроциттер табылған – ұсақ көлемді эритроциттер.    

                 2-қадам – Гемограммада темір тапшылықты анемияға тән белгілер анықталады.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– Бауыр микропрепараты. Бауыр бөлікшесінің шетіндегі гепатоциттердің  цитоплазмасында майда және ірі май тамшылары анықталады. Майлар жасуша ядросын жасуша цитоплазмасының шетіне ығыстырған.

     2-қадам –  Бауырдың майда және ірі тамшылы майлы дистрофиясы.Бояуы гемотоксилин – эозин.

№ 2

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 135 г/л, Эр 4,5х1012/л, лейкоциттер 17х109/л.  

Сұрақ: 1-қадам – гемограмманы негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – Hb –  өзгеріс жоқ (қалыпты жағдайда 120-160 г/л). эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).  

             2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталады.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам–Құрт тәрізді өсіндінің микропрепараты. Ішектің барлық қабаты ісінген, полиморфты ядролы, лейкоциттермен инфильтрацияланған. Сілемейлі қабатында некроз, қантамырлары қанға толған.

2-қадам –   Флегмоналық аппендицит. Бояуы гемотоксилин – эозин.

                                                                № 3

Патологиялық физиология

Жалпы билирубин 41,04 мкмоль/л, тікелей билирубин 23,94 мкмоль/л, зәрде тікелей билирубин анықталды, қанда және несеп құрамында уробилиноген анықталмады, экскрементте стеркобилиноген табылмады.

Жауабы: 1-қадам –Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0-5,1 мкмоль/л), тікелей билирубин несепте болмауы тиіс, уробилиноген қанда және несепте болуы тиіс, стеркобилиноген нәжісте болуы тиіс.

                  2-қадам – Сараптамада механикалық (бауырастылық) сарғаю белгілері анықталды.

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– гепатоцит цитоплазмасында және өт капилярында өттің жиналуы

                 2-қадам – бауырдың мехникалық сарғаюы. Бояуы гематоксилин

№ 4

Патологиялық физиология

 Гемограммада: Hb 125 г/л, Эр 4,7х1012/л. лейкоциттер 18х109/л.

Жауабы: 1-қадам – Hb – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – өзгеріссіз (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), лейкоциттер – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 4,5-9х109/л).

    2-қадам – Гемограммада лейкоцитоз анықталды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам–  Жасуша инфильтрациясы мен ісінудің нәтижесінде  бронхтармен бронхиолалардың  қабырғалары қалыңдаған, сілемейлі қабаты ісінген, толақанды.

                 2-қадам – Бронхопневмония

№ 5

Патологиялық физиология

Несептің жалпы сараптамасында: дируез 1000 мл/тәу несептің тығыздығы 1020.

 Тұнба микроскопиясында: көру алаңында 40-50 эритроциттер.

Жауабы: 1-қадам – тәуліктік дируез төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несептің тығыздығы жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте эритроциттер табылды (қалыпты жағдайда несепте болмауы тиіс).

 2-қадам – несеп сараптамасында олигурия және гематурия анықталды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам–  Бүйрек микропрепараты. Нефронның проксималды және дисталды бөліктерінің өзекшелер эпителиінде ядросы жоқ. (кариолизис). Жасушалардың цитоплазмасы гомогенді, эозинофилді (коагуляция). Кейбір жасуша цитоплазмасы түйіршікті көрінеді, иректелген, өзекшелердің базалды мембранасы бұзылған (тубулорексис), шумақ капиллярларында қан азайған, милық қабатының қантамырлары қанға толған.

2-қадам Бүйректің ирек өзекшелері эпителиінің некрозы.Бояуы гемотоксилин – эозин.

№ 6

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 86 г/л, Эр 3,3х1012/л, түстік көрсеткіш 0,78.

Жауабы: 1-қадам – Hb – азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – төмендеген (қалыпты жағдайда 0,85-1).

                  2-қадам – Гемограммада гипохромды анемия белгілері анықталды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– кардиомиоцитте атрофияланған, өлшемдері бойынша кішірейген,   жұқарған, олардың араларында май жасушаларының өскені байқалады.

                 2-қадам – жүректі май басу. Бояуы гематоксилин эозин.

№ 7

Патологиялық физиология

Гемограммада: Hb 41г/л, Эр 0,8х1012/л, түстік көрсеткіш 1,5.

Жауабы: 1-қадам – Hb – азайған (қалыпты жағдайда 120-160 г/л), эритроциттер – азайған (қалыпты жағдайда 4-6х1012/л), түстік көрсеткіш – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 0,85-1).    

                 2-қадам – Гемограммада гиперхромды анемия белгілері анықталды.________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– көру алаңында үлкен некроз ошақтары анықталады бауыр көрінісі анықталмайды. Сақталған гепатоциттердің бірен сараны анықталады.

                 2-қадам – бауырдың субмассивті некрозы. Бояуы гематоксилин

№ 8

Патологиялық физиология

Зәрдің жалпы анализінде: диурез 800 мл/тәу, несептің тығыздығы 1029, нәруыз 1 г/л.

Жауабы: 1-қадам – тәуліктік диурез – төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несептің тығыздығы – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте нәруыз табылған (қалыпты жағдайда  несепте нәруыздың өте аз мөлшері болуы.                       

                 2-қадам – Несептің сараптамасында олигурия, протеинурия, белгілері анықталды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам – Бүйрек микропрепараты. Бүйрек шумақтарының мезангийінде, капиллярларында, артериолардың базалды мембранасының астында, өзекшелердің базалды мембранасын байлап ашық – қызыл түсті нәруыз массаларының шөгінділері анықталады.

2-қадам – Бүйрек амилоидозы.Бояуы конго – қызыл.

№ 9

Патологиялық физиология

Жалпы билирубин 44,46 мкмоль/л, тікелей емес билирубин 41,9 мкмоль/л,  қан және несеп құрамында уробилиноген анықталды, экскремент құрамында стеркобилиноген  анықталды.

Жауабы: 1-қадам –Жалпы билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-22,2 мкмоль/л), тікелей емес билирубин – жоғарылаған (қалыпты жағдайда 3,4-17,1 мкмоль/л), уробилиноген қанда және несепте болуы керек, стеркобилиноген экскрементте (нәжісте) болуы керек.

                 2-қадам – Сараптамада гемолиздік (бауырүстілік) сарғаю белгілері анықталды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам – Өкпе препараты. Альвеоларларда, бронхтар саңылауларында, альвеолалар аралығындағы қалқалық және бронх айналасындағы дәнекер тінде гемосидерин пигменті бар сидерофагтар мен сидеробласттар жиналған.

2-қадам – Өкпенің сұр –қоңыр индурациясы  (өкпе гемосидерозы).Перлс бояуы.

№ 10

Патологиялық физиология

Несептің жалпы сараптамасында: дируез 1200 мл/тәу, несептің тығыздығы 1015. Тұнбаның микроскопиясында: көру алаңында 20-30 лейкоциттер.  

Жауабы: 1-қадам – тәуліктік дируез төмендеген (қалыпты жағдайда 1,5-2 л/тәу), несеп тығыздығы жоғарылаған (қалыпты жағдайда 1010-1011), несепте лейкоциттер табылған - (қалыпты жағдайда несепте болмауы тиіс).  

                  2-қадам – Несеп сараптамасында олигоурия және лейкоцитурия анықталды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жауабы: 1-қадам– бүйек шумақтары кеңейген, олардың эпителйі жалпайған, қуысы кеңейген. Шумақтың қуысында қызғылт нәруызды гомогенді масса анықталады. Стромасында лейкоцитарлы инфильтрация.

                 2-қадам – созылмалы интерстициалды іріңді пиелонефрит (қалқанша безі тәрізді бүйрек)

№ 3 бекетіне арналған тапсырмалар

№ 1

Патологиялық физиология

Тышқанды кішірек барокамераға кіргіземіз. 2-3 мин арасында барокамерадан ауаны шығарып тастаймыз. 1 мин кейін тышқанда тынышсыздық белгілері көрінеді, ал 3-4 мин кейін ол өледі.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым төмендейді, сонымен қатар ондағы оттегінің мөлшері де азаяды.

                 2-қадам – Тышқанның өлімі оттегінің жетіспеушілігінен және жалпы гипобария әсерінен болуы мүмкін, яғни ауа қысымының төмендеуінен.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Суға сүңгуші (водолаз) жұмыс кезінде су түбінен тез жоғары көтерілді. Атмосфера қысымының күрт тез өзгеруі нәтижесінде оның жағдайы қиындап, мұрнынан және аузынан қан кете бастады. Тез арада қайтыс болды. Мәйітті жарғанда өкпе бөлігінің жарылуы, ауыз қуысындағы майда қан тамырларының жарылғаны, мұрын және ауыз қуыстарында қан жиналғаны анықталды.

Жауабы: 1-қадам – Өлім себебін айтыңыз.

                 2-қадам– Толақандылықтың түрін және себебін атаңыз.              

№ 2

Патологиялық физиология

Екі қоянға тері астына скипидарды енгізу арқылы қызбаны шақырамыз.  № 1 қоянға алдын ала айқын гранулоцитопения шақыратын азот-иприт инъекциясын жасаймыз. № 2 қоян бақылауда.

Жауабы: 1-қадам – скипидар қызбаны шақырады, азот-иприт гранулоциттердің төмендеуіне әсер етеді, яғни осындай жағдайда эндогенді (лейкоцитарлық) пирогендердің түзілуі төмендейді.

                 2-қадам –№ 1 қоянда қызбаның интенсивтілігі төмендейді.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Мәйітті ашқанда: оң өкпенің төменгі бөлігінің консистенциясы тығыздалған, плеврада фибрин жіптерінің бастырмалары, кесіндіде өкпе тіні ауасыз, сұр түсті, ІХ –Х сегменттерінде іріңге толған домалақ қуыс анықталған.

Жауабы: 1-қадам – Крупозды пневмония.

   2-қадам– Фибринді плевритпен.

№ 3

Патологиялық физиология

Екі қоянда қызба туғызамыз: № 1 қоянға тері астына скипидар, ал № 2 қоянның көк тамырына пирогенал енгізу арқылы қызба туғызамыз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – скипидар және пирогенал қызбаны шақырады, бірақ пирогеналды енгізген кезде эндогенді (лейкоцитарлық) пирогенді өндіру тікелей күшееді.

                 2-қадам –№ 2 қоянда қызба ертерек көтеріледі.

Патологиялық анатомия

Емханада 40 жастағы С. деген науқас қолының сыртқы жағының ыстықтан күюі бойынша қаралды. Дәрігер қарағанда тері бетінің қатты гиперемиясын, тіндердің ісінуін, эпидермистің кей жерлерінің мүйізгектенуін байқады. Сірнелі сұйықтыққа толған үлкен күлдіреген көпіршік пайда болды. Субъективті қатты күйдіріп ауырсыну

Жауабы: 1-қадам – Ұйымалы (сірнелі) қабыну.

                 2-қадам– Экссудаттың сорылып кетуі.

№ 4

Патологиялық физиология

Тышқандарға фенилгидразин енгіземіз. 30 мин өткен соң  тышқандардың қанында эритроциттер санының азаюы және бос гемоглобиндердің болуы байқалған.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – фенилгидразин бос радикалдардың түзілуін күшейтеді, ал бос радикалдар эритроцит мембранасын зақымдайды, олардың гипергидратациясына және бұзылуына әкеп соқтырады, мұндай жағдайда эритроциттер саны төмендейді және бос гемоглобин анықталады.

                 2-қадам – тышқандардағы эритроцит сандарының азаюы бос радикалдардың зақымдаушы әсеріне байланысты.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Көп уақыттан бері  асқазан ойық жарасымен сырқаттанған  және соңғы кезде жиі қайталанатын  қан кетуімен жапа шеккен 48 жасында қайтыс болған Б. деген аурудың  мәйітінің аутопсиясында табылғаны: бауыр сары- қызыл қошқыл түсті, консистенциясы болбыр, көлемі біршама үлкейген.

Жауабы: 1-қадам – Бауырдың майлы дистрофиясы

      2-қадам– Бауырдың орталық бөлігіндегі  гепатоциттердің цитоплазмасында липид тамшылары.

№5

Патологиялық физиология

Егеуқұйрыққа эфирлі наркоз береміз. Жануарды орнықтырамыз. Электрокардиограммаға түсіреміз. Кеуде және перикардтты ашып, тәж артериясына лигатураны саламыз. Әрбір 5-10 мин кейін электрокардиограммаға түсіреміз.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – тәж артериясына лигатура салғанда миокард бөлігінің ишемиясын шақырады, яғни оған қан келуі азаяды, уақыт өте  кардиомиоциттердің өлуіне әкеледі.

                 2-қадам – егеуқұйрықта миокард инфарктын бақылайды, яғни жүрек бұлшық етінің некрозы.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен, аяқтарының айқын ісінуімен көрінетін  жүрек ақауымен ауыратын науқастың төсегінен тұруға талпынған кезінде бірден беті көгеріп, қайтыс болды.

Жауабы: 1-қадам – Өкпе инфаркты.

   2-қадам– Өкпе артерияларындағы тромбэмболдар, геморрагиялық инфаркт.

№ 6

Патологиялық физиология

Барокамераны қалыпты атмосфера қысымында 95% азот және 5% оттегісі бар газ қоспасымен  толтырамыз. Онда тышқанды кіргізіп және жаңағы көрсетілген  қоспаның аз мөлшерін шығарамыз. 10-15 мин кейін жануарда тырыспа дамиды және тыныс алу тоқтайды.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – барокамерадан сұйықтықты шығарғанда онда қысым төмендейді, сондай-ақ оттегі мөлшері де төмендейді.  

                 2-қадам – тышқанда тынысының тоқтауы жедел гипобариялық гипоксия әсерінен дамиды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

Жүрек ақауы (қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі) бар аурыған науқаста кенеттен тері түсі бозарып, бірден артериялық қысымы түсіп кетті. Науқас қайтыс болды. Жару барысында қолқаның өрлемелі бөлігінің жарылғаны табылды. Қолқаның  өрлемелі бөлігінің интимасы көптеген кедір- бұдырлармен және шұқыр болып тартылған.

Жауабы: 1-қадам – Жүрек ақауы

   2-қадам– Гипоксияның дамуы артериялық қысымның бірден төмендеп кетуімен байланысты

№ 7

Патологиялық физиология

Барокамераға 2 тышқанды кіргіземіз: № 1 тышқанға уретанды тері астына енгізу арқылы жансыздандырады. № 2 тышқан бақылауда болады. Барокамерадан 2-3 мин ішінде ауаны сорып аламыз. 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі, ал жансызданған тышқан ауасыз атмосферада тағы 15 мин бойы шыдайды. Содан кейін тәжірибені тоқтатады.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және ондағы оттегінің мөлшері төмендейді, жансыздандыру жағдайында ағзаның қозғалғыштық активтілігінің және бас миының функционалдық активтілігі төмендеуіне байланысты оттегіге мұқтаждық азаяды.

                 2-қадам – тышқан гипобариялық гипоксиядан өледі, № 1 тышқанда бас миының гипоксияға тұрақтылығы жоғарылайды.

__________________________________________________________________

Патологиялық анатомия

23 жастағы Т. деген науқас ауыр жағдайда неврология бөлімшесіне түсті. Қарқынды терапияға және нейрохирургиялық ем әрекеттеріне қарамай қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда:  мидың оң жақ жарты шарының үлкен көлемде жібігені анықталды.

Жауабы: 1-қадам – Ишемия

  2-қадам– Макроскопиясында: ми қыртыстарының ұлғаюы, қан тамырларының қалыңдауы және толақандылығы, мидің ісінуі.

Микроскопиясында: периваскулалы және перицеллюлалы ісіну, некроз, майда қан құйылу ошақтары.

№ 8

Патологиялық физиология

Екі егеуқұйрыққа пирогеналды көк тамырға енгізу арқылы жасанды қызба шақырылады.  № 1 егеуқұйрыққа алдын ала ОЖЖ қоздырғышы фенамин ерітіндісін енгіземіз. Ал № 2 егеуқұйрық бақылауындағы топ .

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – фенамин вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлімінің әсерін жоғарылатады, ол өз кезегінде дене қызуының көтерілуінде басты орын алады, осыған орай фенамин қызу көтерілуін күшейтеді.

                 2-қадам – № 1 егеу құйрықта анағұрлым тез және айқын дене қызуы көтеріледі.

Патологиялық анатомия

Ауруда кенеттен құсу, дене қызуының көтерілуі, оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болған. Ауруға операция жасалынған. Операция кезінде қалыңдаған құрт тәрізді өсінді табылған, сірнелі қабығы толақанды, фибринді – іріңді қабыршықпен жабылған.

Жауабы: 1-қадам – Флегмоналық аппендицит.

                 2-қадам– Өсінді қабырғасының полиморфты ядролы лейкоциттермен  диффузды инфильтрациялануы

№ 9

Патологиялық физиология

Барокамераға екі тышқан орналастырылды: № 1 тышқанға физикалық жүктеме түсіреміз, № 2 тышқан бақылау ретінде қолданылады. Барокамерада 2-3 мин ішінде ауа шығарылып тасталынады. 3-4 мин өткен соң бақылаудағы тышқаны өледі, ал жүктеме түсірген тышқан  барокамера ішінде тағы 15 минут өмір сүреді. Осыдан соң тәжірибе аяқталады.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және ондағы оттегі құрамы төмендейді, физикалық күш түсіргенде аса көп жұмыс істеп жатқан тіндер оттегіні артығымен қажет етеді,  нәтижесінде ағза оттегі тапшылығына үйреніп қалады.

                 2-қадам – № 2 тышқан гипобариялық гипоксия нәтижесінде өледі, ал № 1 тышқан гипоксияға үйреніп қалады (адаптация).

Патологиялық анатомия

Ұзақ уақыт созылмалы бронхитпен ауратын 48 жастағы Ж. деген науқас  тыныс алудың жедел жетіспеушілігінен қайтыс болды. Мәйітті жарып қарағанда:  өкпе қан тамырлары айқын, толақанды, сілемейлі және сілемейлі асты қабаттары ісінген, бронхтардың базалды мембранасы қалыңдаған,  брохтар ішінде ауаның өтуіне кедергі болған эозинофилдер және түлеген эпителий жасушалары араласқан сілемейлі секрет жиналған.

Жауабы: 1-қадам – Бронх астмасы

   2-қадам– Тыныс алудың жедел жетіспеушілігінің себебі: альвеолалық гиповентиляция

№ 10

Патологиялық физиология

Барокамераға  2 тышқанды кіргіземіз: №1 тышқанға тәжірибеде 10 минут бұрын ОЖЖ-н қоздыратын фенамин енгізеді, № 2 тышқан бақылауда болады. 2-3 минуттан соң барокамерадан ауаны шығарып  тастайды. Ауасы шығарылған ортада 2 минут кейін фенамин енгізілген тышқан, ал 3-4 мин кейін бақылаудағы тышқан өледі.

Сұрақ: 1-қадам – экспериментті негіздеңіз (интерпретациялаңыз).

             2-қадам – қорытынды жасаңыз.

Жауабы: 1-қадам – ауаны тартып алғанда барокамерадағы қысым және оттегі мөлшері төмендейді; бас миының функционалдық қабілетін және ағзаның қимылдық әрекетін арттырады, осыған орай оттегі мұқтаждықты жоғарылатады.

                 2-қадам – № 1 гипоксия нәтижесінде ертерек өледі, өйткені айқын оттегіге тапшылық дамиды.  

Патологиялық анатомия

Науқас клиникаға стенокардия ұстамасымен түскен. 3 күннен кейін кенеттен қайтыс болды. Ашып көру кезінде қолқаның, жүрек және ми тамырларының атеросклерозы анықталған.  Бас миының оң жақ жарты шарында қыртысасты ядроларыныңсы аймағында  тіннің сұрғылт түсті үлкен деструкция ошағы табылған.

Жауабы: 1-қадам – Ми инфаркты.

   2-қадам– Ми кистасы.





1. Господством называется возможность встречать повиновение определенных групп людей cпецифическим или всем
2. Лекция 1 Слово искупление redemption не должно в данном случае ассоциироваться с христианским догматом и теолог
3. психологических типа- пикники атлетики астеники ~ охарактеризуйте их Тип нервной системы- сангвиник фл
4. Лабораторна робота 1
5. Тематическое развлечение Рассказ про одежду Музыкальный руководитель- Румянцева Св
6. тематики Вам знакомо понятие признак
7. Трагедия личности, семьи, народа в поэме А А Ахматовой Реквием
8. На протяжении своего существования Земля прошла длинный ряд изменений причем эти изменения происходят неп
9. Тема 2 1 Фізіологічні та психологічні чинники безпеки життєдіяльності сучасної людини
10. применение ЭВМ для автоматизации вычислений.
11. Структура теоретичних знань
12. 10 ммоль-л. 110 мм-час; 115 мм-час;
13. Средства массовой информации в сети Интернет
14. Контрольна робота заочної форми навчання з дисципліни- Університетська освіта варіант 8
15. задание А1~А21 К каждому заданию дается 4 варианта ответа из которых правильный только один
16. Тема- Учёт расходов на научноисследовательские опытноконструкторские и технологические работы
17. СевероОсетинская государственная медицинская академия Министерства здравоохранения Российской Федерац
18. Современное социальнополитическое состояние России и ее будущее
19. Матрица ж~не матрицалар~а амалдар ~олдану.html
20.  Утвердить прилагаемые Правила организованной перевозки группы детей автобусами