У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ы~ ~леуметтануы ~ ~ылыми п~н

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

13-тақырып. Құқық әлеуметтануы. 1сағат.

   1.  Құқық әлеуметтануы – ғылыми пән.

   2. Құқық әлеуметтануының зерттеу объектісі.

   3. Құқық әлеуметтануының құрылымы мен функциялары.

1. Сабақтың мақсаты: құқық әлеуметтануын түсіндіру. Бұл үшін оның  зерттеу объектісі, құрылымы мен функцияларын жан-жақты көрсету қажет.

Құқық – қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін нормалар мен ережедердің жиынтығы ретінде әлеуметтік институт болып саналады. Біріншіден, әлеуметтік - адамдардың өмірі және қарым-қатынасын білдіретін ұғым. Екіншіден, құқық институт ретінде тұрақталған қоғамдық қызметтің пен әлеуметтік қарым-қатынастардың белгілі ұйымдасуы. Үшіншіден, құқық азаматтық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық, мемлекеттік  және жеке меншік құқығы болып бөлінеді.

Құқықтық ғылымды ең бірінші қоғамдық қатынастардың құқықтық  жағы, субъектілердің құқықтары мен міндеттері қызықтырады. Осы тұрғыдан алғанда құқық жалпы әлеуметтік өмірдің бір бөлігі ретінде танылады. Ол қоғамның басқа әлеуметтік институттарымен (мысалы, мәдениет, білім, саясат, экономика және т.б.) тығыз байланысқа түсе отырып, қоғамның бірлігін, тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан    құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептерін, оның қалыптасу үдерісін, қоғамдық катынастар жүйесіндегі арнайы орнын, әлеуметтік институт ретіндегі оның қоғамдық басқа институттар мен жеке адамға тигізетін әсерін, құқықтық мемлекет орнатудағы көкейкесті мәселелерді құқық әлеуметтануы  зерттеп, негіздейді. Осындай себептермен құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының арнайы саласы  болып табылады.

Құқық әлеуметтануының теориялық негіздері әлеуметтік философиядан, құқық философиясынан және жалпы әлеуметтану теориясынан бастау алады, ал оның нақтылы мәселелері мемлекет пен құқықтың жалпы теориясына, юриспруденцияның арнайы ғылыми салаларына байланысты зерттеледі. Құқық әлеуметтануы құқықтың жасалу, қабылдану, жүзеге асу кезеңдеріндегі әлеуметтік, танымдық, әлеуметтік-психологиялық, тағы басқа факторларды біртұтас байланыста қарастырып, олардың ішкі механизмдерін ашады, қабылданған жаңа құқықтық әдет-ғүрыптардың қоғамдық қатынастардағы атқаратын міндеттерін, әсіресе олардың әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға жаңаша тигізетін әсерлерін анықтайды, сол үдерісте кеткен кемшіліктер мен қажетті шараларды ұсынады.

   Құқық әлеуметтануы құқықты қоғамдағы тәртіпті, әлеуметтік бірлікті, қатынастарды, тұрақтылықты реттейтін және қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарайды. Ал құқықтық жүйе алуан түрлі нормалар мен ережелердің, бұйрық-жарлықтардың жиынтығы болумен қатар қоғамның объективтік, әлеуметтік, нормативтік (ережелік) құрылымын белгілейді,  әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтайды. Макс Вебер атап көрсеткендей, қоғамдағы әлеуметтік тәртіп, адамдардың іс-әрекеті өзара бір нысанаға бағытталады және ондағы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен ережелер әрбір адамның өмірінде көрініс табады.

    Құқық әлеуметтануы жалпы құқықтың әлеуметтік аспектілерін, әлеуметтік аспектілердің құқыққа әсерін зерттейтін жеке әлеуметтанулық теория болып соңғы ғасырдың екінші жартысында ғана өз алдына ғылым болды. Бұл ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде 1962-ші жылы V Халықаралық әлеуметтану конгресінде танылды. Алайда оның өз алдына ғылыми сала ретіндегі мәні, зерттейтін объектісі мен пәні, оның басқа қоғамдық ғылымдар арасында алатын орны осы кезге дейін әр түрлі деңгейдегі талқыға түсуде. Мысалы, Батыстық ғылым жүйесінде құқық әлеуметтануын жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориялық саласы деп қарастырылады. Бірсыпыра ресейлік әлеуметтанушылар бұл пікірді қолдаса, кейбір құқықтанушылар құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымының бір саласы деп санайды. Мұндай ала-құла пікір, бір жағынан,  құқық әлеуметтану ғылымының жас ғылым екендігінен туындап жатса, екінші жағынан жалпы «құқық» ұғымының әлеуметтік аспектісінің күштілігінен де болып жатады.  

2. Құқық әлеуметтануы құқықты негізінде үш мағынада қарастырады. Біріншіден, құқық -  міндетті түрде орындалатын әлеуметтік нормалар мен ережелердің жиынтығы. Әлеуметтік нормалар дегеніміз адам танымының және ісәрекетінің белгілі бір қалыптасқан құқықтық шегі, тұрақтанған әлеуметтік іс-әрекет өлшемі. Ал әлеуметтік ереже дегеніміз белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-бірімен қатынасының тиісті тәртібі, реттелуі. Екіншіден, құқық адамзат баласының бостандығын, оның рухани мүмкіншілігін, қоғамның егеменді, демократиялық сипатта болуын қамтамасыз етуге тиісті. Кең мағыналы «демократия» ұғымының негізінде қоғамда аз ғана топ биліктің емес, халықтың құқығын, оның мүддесін көздейтін заңдық нормалар жатыр. Үшіншіден, құқық азаматтықты айқындайтын, белгілі бір қызметті атқаруға куәлік ретінде де қолданылады. Мысалы, Қазақстан азаматы, машина жүргізу құқығы  және т.б.   

Кез келген ғылымның зерттейтін объектісі өзіне тән мәнді, тұрақты қайталанып отыратын қасиеттерді терең бейнелейтін ұғымдардың жиынтығы екені белгілі. Ал құқық әлеуметтануының нақты объектісіне келсек, ол құқықтық және әлеуметтік болмыстың бірлігі, яғни құқық пен әлеуметтіліктің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы, өзара әрекеттестігі болады да, пәні құқықтық және әлеуметтік іс-әрекеттен туатын құбылыстар мен үдерістердің заңдылықтарын талдау, зерттеу болып табылады. Егер құқықтық ғылым құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, ал әлеуметтану нақты әлеуметтік қатынастарды зерттейтін болса, құқық әлеуметтануының зерттейтіні төмендегі мәселелер болып табылады:

а) құқықтық қатынастар мен әлеуметтік қатынастардың өзара байланыстары мен әрекеттестігі;

ә) қоғамдық қатынастың құқыққа әсері (яғни құқықтың әлеуметтік алғы шарты), құқықтың қоғамдық қатынастарға кері әсері (құқық әрекетінің әлеуметтік  салдары);  

б) құқықтың әлеуметтік аспектілері мен әлеуметтік іс-әрекеттің құқықтық жайы, заң шығарушылықтың әлеуметтік тиімділігі;

в) адамдар арасындағы, адамдар мен мемлекеттік органдар арасындағы қатынастардағы теңдіктің сақталу мәселелерін анықтау;

г) құқықтық ахуал және құқық бұзушылықтың әлеуметтік себептері, олардың алдын алу, оған қоғамдық ықпал жасау, оны жазалау мен осы шаралардың тиімділігіне жету;

д) жалпы құқықтық мемлекет орнатуда әлеуметтік топтардың құқықтық санасының жай-күйі;

е) елімізді өркениетті өмір салты қалыптасатын азаматтық қоғамға айналдырудың шараларын жүзеге асыру;

ж) құқықтың әлеуметтік функциясы мен  құқық саясатының мәселелері, моральдық және заңдық нормалардың өзара қатынасы.

Әлеуметтік-құқықтық зерттеулердің мақсаты құқықтық-әлеуметтік қатынастарды заңдық нормаларға айналдыру үдерісінде, сондай-ақ құқықтық бұйрықтардың жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқында жүзеге асуында пайда болған әлеуметтік қатынастар болып табылады.

   Құқық әлеуметтануы ғылыми пән ретінде құқықты, біріншіден,  әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы алуан түрлі жіктердің, топтардың әр саладағы жұмыстарын, қызметтерін алуан түрлі нормалар мен ережелер, бұйрық-жарлықтар күшімен бақылап, тәртіпке салып, талап-тілектерді реттеп отырады; екіншіден, қоғамдық қатынастар жүйесінде құқық әлеуметтік ережелердің дамуын, тілек-талаптарды, тәртіпті реттеуші сала ретінде талданады; үшіншіден, құқықтық сана мен шығармашылық қабілетті қалыптастырудың, құқықтық пен заңдық ережелерді әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде талдайды. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін   құқық әлеуметтануы жалпы ғылыми-теориялық және әдістемелік қағидаларымен қатар нақтылы жалпы әлеуметтанулық әдістер-тәсілдерді (бақылау, сауалнама, сұхбат, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тест және т.б.) кеңінен пайдаланады.  

3. Құқық әлеуметтануының құрылымы - теориялық жағынан әлеулі мәні бар мәселе. Ол қоғам көлеміндегі уақыт жағынан ұзақ мерзімді құқықтың дамуы мен функциясын зерттейтін макроәлеуметтанулық және жеке нақты әлеуметтік қауымдастықтар ішіндегі, топтар, таптар, әлеуметтік жіктер арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды зерттейтін микроәлеуметтанулық деңгейлер болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ құқық әлеуметтануы кылмыстық әлеуметтану, заң әлеуметтануы, әлеуметтік қатынастар әлеуметтануы сияқты салалар мен сабақтас бағыттарға бөлінеді.

Құқық әлеуметтануының функцияларын әңгіме еткенде ең бірінші  танымдық функцияға тоқталған жөн. Бұған құқықтың әлеуметтік аспектілері туралы білім,  құқықтың теориялық мәселелері мен оның әлеуметтік көріністері туралы, олардың өзара қарымқатынасы жөнінде жаңа ақпараттар  алу жатады. Бұл студенттердің пән туралы түсінігін кеңейтіп, олардың құқықтың әлеуметтік аспектілерін тереңірек ұғынуға игі ықпал етеді.  

 Құқық әлеуметтануы түрлі тәжірибелік функция да атқарады. Мұның мүмкіншіліктері, әсіресе заң шығару үдерісінде кеңінен пайдаланылады. Бұл  - құқықтық мемлекет құруды мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін аса маңызды проблема. Өйткені қолданыстағы заңдардың тиімділігі  оның қоғамдық қатынастарды құқықтық жағынан реттеуімен қатар қоғам мүшелерінің әлеуметтік мүдде, талап-тілектерін ескеруімен маңызды. Сол сияқты құқық әлеуметтануы заңдық нормалардың әлеуметтік салдарын талдаумен де құнды. Парламент қабылдаған заңдарға  кейін толып жатқан өзгерістер енгізіліп жатады. Себебі заң қолданысқа түскенде өмірдің елегінен өтеді, оның артық-кемі екшеледі, сұрыпталады. Бұл, әсіресе кешегі кеңестік кезеңнен жарытып құқықтық мұра қалмаған, өзінің сипаты жағынан да, мазмұны жағынан өзгеше құрылып жатқан қоғамға тән құбылыс.

Сот жүйесіндегі құқық әлеуметтануының орны бөлек. Өйткені құқықтық және әлеуметтік факторлар соттың қаулы-қарарларынан,  заңгерлердің істі жүргізу, қабылдалданған шешімдерінен, сот ісіне тікелей қатынасушылардың көңіл күйінен айқын байқалады. Сондықтан бұл мәселелерді зерттеу де құқық әлеуметтануының міндеттері болып саналады.

Мемлекетіміздің ең алғашқы құжаттарында – «Қазақ Советтік Социалистік  Республикасының  Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» мен  «Қазақ Советтік Социалистік  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп саналған болатын. Бұл қазіргі мемлекетіміздің сара саясаттарының бірінен саналады. Сондықтан да құқық әлеуметтануының жетекші, негізгі функциясы - әлеуметтік топтарды (топ, таптар, ұлттар және халықтар, қоғамды тұтасымен) біріктірушілік функция. Бұл кез келген қоғам үшін басты мәселелердің бірі ғана емес, бірегейі.

Қазақстан Конституциясының бірінші бабында елімізде құқықтық  мемлекет құру басты мәселелердің бір ретінде саналумен бірге мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы қатарында халықтың құқықтары мен бостандықтары екендігі атап көрсетілді. Сол себепті де халқымыздың құқықтық  санасын қалыптастыруда құқық әлеуметтануының қызметі ұшан-теңіз. Бұдан басқа  да құқық әлеуметтануының реттеу, басқару, болжау және т.б. функциялары баршылық.

   Қазіргі қоғамыздағы нарықтық жағдайда заңға, құқықтық нормалар мен ережелерге, басқа да көкейкесті құқықтық мәселелерге әлеуметтану ғылымы тұрғысынан қарау, сол сияқты құқықтық құбылыстар мен үдерістерге кешенді қатынас, жүйелі әлеуметтік әдістерді қолдану қажет болып отыр. Бұған  тәжірибелі әлеуметтанушылар мен маман заңгерлерді жұмылдыра түсу алда да маңызды мәселелердің бірі бола бермек.  

Бақылау сұрақтары

  1.  Құқықтың әлеуметтік институт ретіндегі мәні неде?

  2. Құқық әлеуметтануының объектісі не?

  3. Құқық әлеуметтануының құрылымын түсіндір?

  4. Құқық әлеуметтануының функциялары қандай?




1. 147. Человек говорящий Речь умеет и скрыть и раскрыть человеческий облик.html
2. Экономить.Оформив регистрацию в компании у Вас появится возможность покупать продукцию без наценки 18 т.html
3. Банковский менеджмент- содержание и принципы на примере Сберегательного Банка Российской Федерации
4. Доклад- Черкесы
5. Особливості управління металургійними підприємствами у процесі їх реструктуризації
6. Налоговым резидентом РФ может быть признано физическое лицо- афактически находящееся на территории РФ и
7. Look t the mouth digrm to see how to mke this consonnt sound
8. Кузбасский государственный технический университет имени Т
9. записка Я Коваленко Галина Владимировна проходила преддипломную практику в Службе криминальной полиции
10. Cудебная реформа 1864 года и наших дне
11. Организации могут открывать расчётные текущие депозитные бюджетные ссудные и др
12. Повышение конкурентоспособности фирмы
13. О техническом регулировании добровольность стандартов это не только главный принцип стандартизации но и
14. Философия Индии и Китая
15. а имеющие на территории Российской Федерации в собственности имущество признаваемое объектом налогооблож
16. Контрольная работа- Психология судебного процесса
17. Тема 13 Страховая организация- структура бизнеспроцессы и управление Страховая организация; Доку
18. Социально-экономическое совершенствование Елыкаевской территории Кемеровского района
19. Лекция по курсу Паблик рилейшнз План лекции 1.
20. 22 Дача взятки ст.html