Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лизинг шарты

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Ұлттық құқық жоғары мектебі

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Тақырып:«Лизинг шарты»

Орындаған: З-203 тобының студенті

                                                                                Калимолдиева Г.

Ғылыми жетекші: Жанай Е.

Астана 2014 ж.

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………….……....3

1. Лизинг шартының жалпы ережелері …………………………………..….8

1.1 Лизинг шартының даму тарихы мен түсінігі

1.2 Лизинг шартының субьектілері, пәні және нысаны

2. Лизинг шартының мазмұнының ерекшеліктері

2.1 Лизинг шарты субьектілерінің құқықтары мен міндеттері

2.2 Лизинг шартын бұзғандығы үшін жауапкершілік

Қорытынды………………………………………….……………………...…..25

Қолданылғанәдебиеттер тізімі........................………………………....…….27

Кіріспе

Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі – «лизинг» терминінің кең орын алуы.

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор.

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және жалға алу мен  займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

1.Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:

а) машина – техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;

б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:

а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;

б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.

3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:

а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;

б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.

Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі:

  1. Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )
  2. Жалға алу.

Ақырғы жылдары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін көп таралған ұйымдастырушылық-құқықтық нысанның бірі Қазақстан Республикасындағы мүлік жалдау (аренда) табылады. Мүлік жалдау (аренданың) рөлі мен мағынасы 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі) қабылданғаннан бастап күшейе түсті.

Кәсіпкерлік қызметте мүлік жалдау шартының түрі ретінде лизингтік қызмет ең көп таралған нысан түрінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өзгерістер механизміне кірді және оның дамуына тиісінше әсер етуде.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында лизинг құбылысы жаңа құбылыс, соған байланысты лизинг операцияларын өткізу тәжірибесі де жоқ. Қазіргі таңда, көптеген қазақстандық кәсіпорындар жабдықтар тапшылығын көріп отыр. Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келісушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді[35,12 б].

Лизинг қызмет түрі ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әртүрлі экономика саласында кең тараған. Ғылыми-техникалық прогресте лизингтің пайда болуы кәсіпорын қажеттілігінің өсуіне байланысты болды. Себебі қаржыландыру нысандары осы қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті болған жоқ.

Посткеңестік мемлекеттерде лизингтік қызметтің таратылуы және лизингтің даму тәжірибесін зерттеу әртүрлі кәсіпкерлік саласында лизинг компанияларының санының өсуіне әкелді. Осының барлығы лизинг компанияларының экономикалық-құқықтық маңызын және оның негізгі даму тенденцияларын және құқықтық қамтамасыз етуін толық зерттеуін талап етеді. Сонымен қатар, осы кәсіпкерлік қызмет түрі дамыған мемлекеттерде кең таралды. Лизинг арқылы Италия, Испания, Швеция, АҚШ, Канада мемлекеттерінде инвестициялық қызметтің 30% жүзеге асады[34,4б].

Лизингіні пайдалану бірнеше себептерге байланысты пайдалы. Ол өндірісте жаңа техниканы оның толық сомасын төлемей қолдануға жағдай тудырады; осы техникада жұмыс ітейтін қызметкерлердің кәсіптілік деңгейін көтереді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында лизингті біздің мемлекетте пайдалану қажеттілігі тез өседі.

Қазақстанда лизингінің даму өзектілігі, мемлекетте жабдықтар паркінің жағымсыз жағдайда болуынан (көп жабдықтар ескірген, оларды пайдалану тиімді емес; қосымша бөліктермен қамтылмағандық т.б.), ауылшаруашылық өнімі дамуы деңгейі төмен болуынан көрінеді. Өнім мен айналым сапасындағы ғылыми-техникалық прогресс арқасындағы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы шаруашылығына жаңа дәстүрлі емес материалдық-техникалық базаны жаңарту әдістерін тауып және енгізуді талап етеді. Осы мәселені шешудің бағыты ретінде сыртқысаудалық несиелік инвестициялық операцияларды біріктіретін лизинг табылады.

60-жылдарға дейін, шетел мемлекеттерінде лизинг бөлшектік компанияларға қатысты болған. Ақырғы 30-40 жыл ішінде лизингінің мәртебесі өсе бастады; біреуден несие алғанша компаниялар аэроплан, реактор немесе ғарыш спутнигін лизингіге ала бастады. Әуе және теміржол компаниялары көптеген жабдықтарды лизингіге алуда, ал әртүрлі дүкендер – үйлер мен ғимараттарды алуда.

Қазіргі таңда, практикада лизингтік операциялар Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен кеңінен пайдалануда (ААҚ «ТұранӘлемБанкі», «ҚазкоммерцБанкі», «АльянсБанкі» т.б.). Қазіргі уақытта лизинг Қазақстан экономикасына инвестицияларды тартудың дамушы нысаны болып табылады. Сондықтан, лизинг зерттеудің және оқытудың пәні ретіндеқызығушылықтудырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: лизингтің мәні мен оның түрлері, даму тарихын, субъектілердің құқықтар ы мен міндеттерін жінежауапкершілігін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы түсініктеме;
  • лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер;

Зерттелу дәрежесі:Жұмыс барысында отандық және шетел авторларының әдебиеттері, экономикалық журналдағы мақалалар және лизинг қызметін реттейтін нормативтік актілер мен заңдар зерттелді.

Курстық жұмыс құрылымы:Бірінші бөлімде лизингтің түсінігі мен маңызы:лизингтің пайда болу және даму тарихы, лизингтің анықтамасы мен жіктелуіжәне лизинг операциялары қарастырылады. Екінші бөлімде лизингтік қатынастарға түсетін субъектілердің құықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері қарастырылады.

1. Лизинг шартының жалпы ережелері

1.1 Лизинг шартының даму тарихы мен түсінігі

Лизинг шартының даму тарихын қарастырған кезде оны шартты түрде2 кезеңге бөлуге болады, яғни:

1) Шетелдерде лизинг шартының даму тарихы мен құқықтық реттелуі: ежелгі және қазіргі заманғы Еуропа елдері;

2) Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы тарихы (ҚазКСР мен Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы лизинг шартының даму тарихы мен құқықтық реттелуі).

1-кезеңге тоқталып өтетін болсақ, берілген деректер бойынша адамзатта лизингтің ертеден пайда болғаны белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизингтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің(б.э.д.384 / 383 - 322ж.ж.)“Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.[7]

Орта ғасырда негізінен ауылшаруашылық құралдар мен жылқылар берілді. Қазіргі кездегі лизингіге ұқсас операциялар Англияда қолданылды. Жеті жүз жыл бұрын Англияда Уэльс заңы шығарылды, бұл лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін ең бірінші нормативтік акт болып табылады.

18-ғасырдың аяғында Робертс Ранс ауылшаруашылық машиналарын шығаратын фабрика ашты және бірінші рет техниканы ұзақ мерзімді жалға берді. 19-ғасырдың басында Англияда көмір қазбаларының кеңеюіне байланысты теміржол вагондарын лизингке беретін компаниялар ашылды.

М.И. Кулагин ақырғы онжылдық ішінде болған Батыс мемлекеттеріндегі шарттар жүйесіндегі өзгерістерге сипаттама беріп, келесіні атап өткен: «өткен жүзжылдықтың ортасынан бастап машиналар мен жабдықтардың лизингі шарты кеңінен таралды… Лизинг шартында мүлік жалдау шарты мен сатып алу-сату шарттарының сипаттамалары біріктірілген»[27,259б].

Ұқсас тұрғыны Ю.И. Свядосц ұстанды, ол былай деп жазады: «Ұлттық және халықаралық шаруашылық айналымда көлік техникасын пайдалану қатынасы мүлікті жалдау шартының ерекше нысаны - лизинг шартына (contract of leasing) кеңінен негізделеді. Өткен ғасырдың ортасында бірінші рет АҚШ-та бірінші рет пайда болып50-жылдардың аяғында Батыс Еуропа мен Жапония фирмаларының іскерлік практикасында кеңінен қолданылып, қазіргі таңда барлық мемлекеттерде қолданылады». Арнайы заңды реттеуі жоқ көптеген мемлекеттердің сот практикасында (АҚШ, Германия, Жапония т.б.) және лизингтік қатынастарды реттейтін кейбір арнайы нормативтік актілері қабылданған мемлекеттерде (Францияда – 1996 жылдың 2 шілдесіндегі заң; Англияда – 1965 жылдың Сату-жалдау шарты) лизинг кеңінен танылды[22,341б].

Батыс мемлекеттеріндегі лизингтің даму тарихын зерттеушілер АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі лизингтің кең қолданылуына теміржол көлігі әсер етті деп белгілейді: теміржол компаниялары көп шығын шекпеу мақсатында локомотивтерді және өзге де көлік құралдарын меншікке (сатып алу-сату шарты бойынша) емес тек пайдалануға алды. Осы мақсатта алғашқы сатыларда АҚШ-та траст конструкциясы пайдаланылды, яғни көлік құралдары трасттық фирмалармен кейіннен теміржол компанияларына пайдалануға беру үшін алынды. Одан кейінгі уақытта өндіруші-компаниялардың қызуғушылығы өсіп, олар көлік құралдарын белгілі бір өндірушіден алып оны жалға бере бастады. 20-ғасырдың 50-жылдарының басында АҚШ-та лизинг негізінде техникалық жабдықтар, көліктер, теңіз кемелері, ұшақтар т.б. беріле бастады.Осы кезенде сонымен қатар, алғашқы лизинг компаниялары пайда бола бастады. Лизинг операцияларына АҚШ-тың Федеративті резервті жүйесінен лизинг операцияларын жүзеге асыратын еншілес фирмаларды құруға рұқсат алған АҚШ-тың коммерциялық банктері тікелей қатыса бастады. Осыған ұқсас процестер Батыс Еуропа мен Жапонияда жүзеге асып жатты[20,21б].

Лизинг мәмілесі туралы алғашқы деректер 1066 жылы Вильгельм Жаулап алушымен нормандтық кеме иелерінен кемелерді Ұлыбритания аралын жаулап алу үшін жалға алынған. Бұл тәжірибе ұмытылған жоқ және екі ғасырдан кейін, 1248 жылы бірінші ресми мәміле тіркелді – кресшілер кезекті жаулауға даярланғанда қару-жарақтарды алды. Кейбір авторлар пікірінше, Аристотель өмір сүргенге дейін, лизинг шарты белгілі болған, ол өзінің «Риторика» еңбегінде байлықты меншік құқығындағы мүлікті иелену емес, мүлікті пайдалану құрайды деген. Ағылшын авторы Т. Кларк Хаммурапи заңдарында лизинг туралы ережелерді тапқан[26,14б].

«Лизинг» термині (ағыл. «tolease») «жалдау» және «жалға алу» деген мағына береді. Оның енгізуі 1877 жылы «Белл» телефон компаниясының басшылығы телефон аппараттарын сатпай жалға беруді шешкенімен байланысты болды. Бірақ алғашқы лизингтік операциялармен негізгі қызмет түрі ретінде айналысатын қоғам тек 1952 жылы Сан-Францискода «Unitedstatesleasingcorporation» американдық компаниясымен құрылды. Сондықтан, АҚШ жаңа қызмет түрі – лизингінің отаны болып есептелінеді.

АҚШ пен Англиядағы лизингтік қызметтің тәжірибесі Кеңестер Одағы мемлекеттерінде көп уақыт қолданылған жоқ. Тек қана Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ғана совет өкіметінің азаматтары лизинг түсінігмен кездесті. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде үкіметтік контрактілер көлеміндегі ақша қаражаттары есебінен жабдықтарды жеткізуді қаржыландыруда лизинг пайдаланылды. Мәселен, 1940 жылдың қыркүйегінде АҚШ пен Ұлыбритания мемлекеттерінің үкіметтерімен Ұлыбритания территориясында сегіз әскери базаны орналастыру, ал орнына 50 американдық әскери кемелерді беру жөнінде жалға алу (лизинг) мәмілесі жасалды. Бірақ соғыс біткен соң «лизинг» сөзі лексиконнан төрт онжылдыққа шығып қалды.

Лизингтік қатынастардың күрделілігі мен жаңалығы оның заңды табиғатына қатысты әртүрлі көзқарастардың пайда болуына әкелді. Екі негізгі тұрғыны бөлген жөн. Бір мамандар лизингіні азаматтық құқықтың дәстүрлі институттары арқылы анықтайды: жалдау, сатып алу-сату, займ, тапсырма т.б. шарттары арқылы. Басқалар, оның күрделілігі мен жаңалығына қатысты ерекше қатынастар ретінде қарастыруды ұсынады. Кейбір жағдайларда талдаудың пәні ретінде қатынастар кешені, ал екінші жағдайда – тек қана келешекте сатып алу құқығымен берілетін жабдықтарды уақытша иеленуге беру туралы шарт табылады.

Аренда шартымен кейбір элементтерінің ұқсас болғандығы жаңа тұжырымның пайда болуына әкелді, яғни лизинг шарты ерекше белгілері бар аренда шарты ретінде қарастырылады. Бұл көзқарасты көптеген неміс ғалымдары ұстанады: Х. Бук өзінің «Германиядағы лизинг» еңбегінде және К. Ларенц «Қаржы құқығы» оқулығында. Бірақ лизинг шартында оның «ерекше белгілері» деп сараланатын ерекшеліктері бұл ұғыммен қамтылмайды[33,45б].

Заң әдебиеттеріндешетелзаңнамасын талдағанда лизинг шартын сипаттайтын ерекшеліктері бар:

-жалдау шартына қарағанда лизинг алушыға оның тапсырмасымен лизинг фирмасымен алынған техникалық объектілер пайдалануға беріледі;

-лизинг шарты шартпен белгіленген нақты мерзімге жасалады. Бұл мерзім өте ұзақ болуы мүмкін және мүліктің толық қызмет мерзімінің мөлшерінде де болады, яғни оның толық тозу мерзіміндей болады;

-жалданған мүлік үшін жалдау ақысының мөлшерін оның тозуын есепке ала отырып құны және займ пайдаланғаны үшін пайыздар мен лизинг берушінің қызметіне төлем жасау құрайды. Сонымен, лизингтік ақылардың мөлшері жабдықтар құнынан артық болуға тиіс, ал оның айрмасы табыс болып табылады;

-лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан соң лизинг алушыға жабдықтарды оның қалған сомасы бойынша сатып алуға мүмкіндік жасалады. Бірақ тараптардың басқа да әрекеттері көзделуі мүмкін, яғни шарт мерзімі ұзартылады немесе лизинг берушіге мүлік қайтарылады;

-лизинг тараптарының арасындағы құқықтар мен міндеттер ерекше сипатта бөлінеді, оның негізгі мағынасы лизинг берушіні жалға берушінің көптеген міндеттерінен босатудан көрінеді: жалға алушыға мүлікті беру, оны тиісінше қызметін қамтамасыз ету, күрделі жөндеу өткізу т.б.;

-лизинг алушыға, лизинг беруші шарт бойынша алушы ретінде болса да, сатушыға қатысты сатып алу-сату міндеттемесінен туындаған құқықтар мен міндеттер жүктелген[22,24б].

2-кезеңді зерделеп өтетін болсақ, КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес-неміс лизингтік компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.

Ең бірінші практикада лизингтік операцияны өткізген және оның қатысушыларына жеңілдіктерді берген құжат болып Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Көлік лизинг компаниясын және Қазақстандық фрахтования компаниясын құру туралы» 1994 жылдың 18 наурызындағы №283 Қаулысы табылады. Көлік лизинг компаниясы және Қазақстандық фрахтования компаниясы көлік қызметін көрсету нарығын кеңейту және дамып келе жатқан экономикалық байланыстардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, шетел капиталын республикамызға тарту мақсатында құрылды. Қаулыда көлік лизинг компаниясы шетел компаниялары мен фирмаларының есебі арқылы жалға алушыларға ұзақ мерзімге теміржол цистернасын, автобустарды, жеңіл және ауыр жүк көліктерін және т.б. көліктерді халықаралық және мемлекетішілік тасымалдауды қамтамасыз ету үшін береді деп белгіленген. Қаулыға сәйкес лизингтік төлемдер мен есептерді жабудың негізгі қайнар көзі ретінде ішкі және сыртқы көлік қызметі нарығындағы қозғалмалы құрылымды жалдаумен байланысты операцияларға қатысты Қазақстандық фрахтования компаниясының коммерциялық қызметі табылады.

Лизинг туралы ұлттық заңнаманың дамуындағы келесі қадам ретінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттің қатысуымен «Азия-лизинг» компаниясын құру туралы» 1994 жылдың 10 қазанындағы №1136 Қаулысы табылады.Бұл қаулының негізгі мақсаттары ретінде табылады: өндірістің техникалық және технологиялық қайта қарулануын белсендету, экономиканы құрылымдық қайта құру, көлік-техникалық импортты қаржыландыруға жеке капиталды тарту және жаңа нысандағы кәсіпкерлік тәжірибесін жинақтау.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті жанындағы лизинг жөніндегі Департаменті туралы» 1995 жылдың 29 сәуіріндегі №599 Қаулысы аса маңызды болып келеді.Өндірісті технологиялық және техникалық жаңартудың құралы ретінде лизингті мемлекеттік қолдау мен даму мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті жанындағы лизинг жөніндегі Департаментін құру; лизинг бойынша Департамент өндірістік салаға үлкен көлемді инвестицияларды тарту құралы ретінде лизингті пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін және өз өкілеттігі шегінде жеке функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы биліктің органы болып табылатындығын белгілеу. Лизинг бойынша Департамент заңды тұлға болып табылады, оның өзінің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы жазылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы белгіленген мөрі, фирмалық белгісі және банктік шоты бар.

Ұлттық заңның дамуындағы келесі саты ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Лизинг негізінде құрылыс машина өнімімен агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы» 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы №1851 Қаулысы табылады.Осы қаулыға сәйкес құрылыс машина өнімімен агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз етуін және ауылшаруашылық өнімін өндіруді жақсарту мақсатында ҚР Үкіметі «Агроөнеркәсіп кешенде лизинг туралы Ережені» бекітті. Бұл ереже мазмұнында келесі талаптар бар: агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг түсінігі; агролизингтің объектісі және субъектісі; лизинг компаниялары (фирамалары); лизингіге мүлікті алуды қаржыландыру; лизинг шартына қойылатын талаптар; агролизинг шартына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері; лизингтік төлемдер және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу тәртібі.

Лизинг дамуының құқықтық реттелуіндегі ерекше саты ретінде 1999 жылдың 1 шілдесінде ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енгізілуі және онда мүлік жалдау шартының түрі – қаржылық жалдау – лизингі (29-тарауының §2) енуі табылады. Халықаралық келісімдер әрқашанда жария болып табылады, себебі бұл халықаралық құқық субъектілері еріктерінің келісімі. Сондықтан кез келген халықаралық шарттың қабылдануы, әрекет етуі, өзгеруі және тоқтатылуы халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сәйкес болады. Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 34 бабына сәйкес шарт үшінші бір мемлекетке оның келісімінсіз ешқандай құқықтар мен міндеттер тудырмайды, яғни қатысушы-мемлекеттерге қатысты ғана әрекет етеді.

Лизинг шарты консенсуалды болғандықтан, яғни тараптар шарттың елеулі болып табылатын талаптарын келіскенде ғана шарт жасалған болып есептелетіндіктен, шарттың елеулі талаптары туралы сұрақты қарастырған жөн. Лизинг шартының елеулі талаптары ҚР АК-нің 567-бабында және ҚР«Қаржы лизингі туралы» заңының 15-бабында көзделген. Бірақ нормативтік-құқықтық актіде көзделген талаптарменАК талаптар сәйкес келмейді. ҚР АК-нің 567-бабында келесі елеуліталаптар көзделген:

-мүлікті сатушының атауы;

-лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі;

-төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;

-шарт мерзімі;

-егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары.

ҚР «Қаржы лизингі туралы Заңның 15-бабында лизинг шартының елеулі елеуліталаптары көзделген: шарттың нысаны; сатушыны және лизинг нысанасын кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы; лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі; лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі; лизинг нысанасының құны; шарттың қолданылу мерзімі; егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары; лизинг нысанасының сипаттамасы.

Екі заң актісін талдай келе,«Қаржы лизинг туралы» Заңның кеңерік елеулі талаптарын белгілегенін көріп отырмыз. Сондықтан, заңмен АК арасында қарама-қайшылық болмауы үшін екі актіні сәйкестендіру керек. Сонымен қатар, осы аталған талаптардың ішінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі қарастырылмаған.

Лизингтің дамуындағы маңызды құжаттардың арасында мына құжаттарды атап өткен жөн:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығындағы лизингті ұйымдастырудың тәртібі мен талаптары туралы Ережелерді бекіту туралы» 1998 жылдың 15 сәуіріндегі №341 Қаулысы;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Лизинг негізінде ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз етуді қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылдың 18 ақпанындағы №191 Қаулысы;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жылжымайтын мүлікке қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу Ережелерін бекіту туралы» 2001 жылдың 3 мамырындағы №597 Қаулысы;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын ауылшаруашылық техникасын лизингі бойынша сыйлықақы ставкаларымен толтыру Ережелерін бекіту туралы» 2001 жылдың 19 қарашасындағы №1491 Қаулысы;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көлік құралдары мен тауарларды уақытша кіргізу кеден режиміне қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы» 2001 жылдың 21 тамызындағы №1092 Қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Лизинг негізінде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етуді қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылдың 11 наурызындағы №289 Қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аэропорттарды, аэродромдарды, авиа техниканы өзге де пайдалану құқығын меншікке, мүліктік жалға, лизингіге, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға рұқсаттарды беру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылдың 19 қазанындағы №1133 Қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агроөнеркәсіп секторды субсидиярлау және қаржыландырудың кейбір сұрақтары туралы» 2003 жылдың 18 наурызындағы №259 Қаулысы;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылшаруашылық өнімін қайта өндірудің кәсіпорындары үшін жабдықтар лизингісін қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылдың 27 ақпанындағы №236 Қаулысы.

Лизинг қызметіне салық жинау, бухгалтерлік есеп және есептілік, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру т.б. жалпы сұрақтарын реттейтін көптеген басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жанама қатынасы бар. Сонымен, лизингіні реттейтін көптеген заңға тәуелді актілер бар.

Лизингтік қатынастарды реттеу саласындағы негізгі заң актісі ретінде Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылдың 5 шілдесіндегі №78 Заңы табылады. Жоғарыда аталған барлық заңға тәуелді актілер осы заңға қайшы болмауы керек.

Лизинг шартының түсінігі мен оның жіктелуі

Лизинг шарты азаматтық-құқықтық шарт, ол бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді (ҚР АК-нің 565-бабының 1-тармағы).

Лизинг шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен мүлік жалдау шартының түрі ретінде қарастырылады. Басқа да мүлік жалдау шарттарымен лизинг шартының мүлікті лизинг беруші лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруден байланысы көрінеді. Сонымен қатар, лизинг шартының өзіне тән ерекшеліктері бар.

1. Лизинг шартында міндетті тұлға ретінде лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа мүлікті сатушы қатысады.

2. Лизинг беруші мүлікті жалға беруде мүліктің иесі болып табылмайды. Сонымен қатар, лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып алғанда мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға берілетіндігі туралы сатушыны хабардар етуге тиіс.

3. Арендалық қатынастарда белсенді рөль лизинг алушыға берілген. Лизинг алушы өзі сатушыны белгілеп, қандай мүлік қажет екендігін көрсетеді. Бірақ, лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін (ҚР АК-нің 565-бабының 2-тармағы).

4. Лизинг шартында мүлікті лизинг алушыға сатушы береді.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілген тауарларға алынатын кедендік баждар мен салықтарды төмендету жағдайын да қарастырған жөн.

ҚР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімі) лизинг алушы мен лизинг берушінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды оның бір мақсаты ретінде есептейді. Кодексте ішкі құжаттарға сілтеме жасайтын нормалар да бар, оларды жоспарлау мен қабылдау лизинг компанияларына міндетті болып табылады.

Лизинг операциясының қатысушылары арасындағы мүліктің қозғалысымен байланысты қалыптасатын мүліктік қатынастар кешені лизинг процесін білдіреді. Сондықтан лизинг экономикалық-құқықтық категория ретінде уақытша бос және тартылған ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрін білдіреді, ол лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді.

Лизинг ұғымын екіжақты қарастыруға болады. Біріншіден, лизинг мүліктік қатынастардың кешені ретінде түсіндіріледі. Екіншіден, лизинг азаматтық-құқықтық шарттардың, дәлірек айтсақ, мүлік жалдау шартының бір түрі.

Лизингке мүліктік қатынастардың кешені ретінде қарайтын болсақ, лизинг алушы және ол көрсеткен сатушы мұндай қатынастардың қатысушылары болып табылады. Егер де лизинг беруші сатушыдан лизинг алушы көрсеткен мүлікті алу үшін банктен не басқа бір тұлғадан қарыз алса, мұндай қарыз беруші де бұл қатынастардың қатысушысы болады.

Ал, лизингке азаматтық-құқықтық шарт тұрғысынан келетін болсақ, мұндай шарт лизинг беруші және лизинг алушы дейтін екі тараптан тұрады. Бұл шарттан туындайтын құқықтық қатынастарға сатушы да қатысады,өйткені ол лизинг шартымен тығыз байланысты, себебі сатушыны алып тастайтын болсақ, лизинг беруші мен лизинг алушының арасындағы шарт кәдімгі мүлік жалдау шартына айналады.

Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшеліктері қандай?Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды.Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен 1-20 жыл аз және салықтық амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын.Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады.Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме-лизингтік компания болып табылады.

   Жылдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жыл төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді

Лизингтің анықтамасы ҚР АК-нің 565-бабының 1-тармағында: «Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді», және ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 2-бабында: «қаржы лизингі – лизинг беруші сатушыдан өз меншігіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір төлемақысына және белгілі бір талаптармен уақытша иеленуге жәнк кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттейтін инвестициялық қызметтің түрі» ретінде берілген.

Лизингтің кез келген анықтамасы шектелген және жаңа пайда болған несиелік құралдың барлық нысандарын қамти алмайды, бірақ жабдықтар лизингісі ассоциациясының Еуропалық Федерациясының (Leaseurope) анықтамасын беруге болады: «Лизинг – жабдықтарды, өндірістік тауарларды және зауыттарды жалғаалу шарты болып табылады».

ҚР АК-нің 565-бабының 2-тармағына сәйкеслизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін.

Лизингтің негізгі ерекшелігі: жалға бұрын пайдаланылған емес жаңа мүлік беріледі. Жалдау мерзімі жабдықтың қызмет етуі мерзіміне сәйкес келетіндігі лизинг шартына тән. Жалдау мерзімі аяқталған соң, жалға алушы мүлікті меншікке алуға, шартты жаңартуға және жалға берушіге мүлікті қайтаруға құқылы.

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтіккелісім-шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.

1-сурет.Келісім-шарт схемасы

1 -банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісім-шарт жасалып, несие  беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Лизингтік келісім-шарттардың жіктелуі:

Қатысушылар құрамына байланысты:

  1. тура лизинг – келісім-шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
  2. жанама лизинг – келісім-шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.

Мүлік нысанына  байланысты:

  1. жылжитын мүлік лизингі - ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  2. жылжымайтын мүлік лизингі - ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  3. қолданыста болғанлизинг мүлігі.

Мүліктің өтелімділігі бойынша:

  1. толығымен өтелінетін лизинг – келісім-шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  2. жартылай өтелінетін лизинг - бір келісім-шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

Амортизация деңгейіне байланысты:

  1. толық амортизация деңгейі;
  2. толық емес амортизация деңгейі.

Қызмет көрсету мөлшері бойынша:

  1. Таза - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  2. Толық - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  3. Жартылай - мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

Нарық секторына байланысты:

  1. Ішкі – келісім-шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  2. Халықаралық – келісім-шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
  3. импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
  4. экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.
  5. транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.

Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:

  1. ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  2. өтемақы төлемді лизинг  (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  3. аралас төлемді лизинг.

Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:

  1. нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
  2. жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.

Қаржыландыру әдісіне байланысты:

  1. мерзімдік лизинг - бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  2. жаңғыртымалы лизинг - лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.

Жалға алынатын мүлікке қатысты:

  1. таза лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
  2. толық лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

Лизингтік мәмілелердің (келісім-шарттардың) бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

  1. Шұғыл (оперативті) лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда , оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

Кемшіліктері: басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары жалдық төлем, алдын – ала аванс төлеу талабы, жалдық келісім шартта келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.

  1. Қаржы лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. 

Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:

  • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
  • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
  • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
  • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

Халықаралық тәжірибеде лизингтің 29 түрі кездеседі. Соның тек шұғыл (оперативтік) және қаржылық лизинг операциялада жиі қолданылады, ал қалған түрлері осы екеуінің өзге түрлері болып саналады.

Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

1.2 Лизинг шартының субьектілері, пәні және нысаны

Кез келген азаматтық-құқықтық шарттың негізгі элементтері ретінде оның объектісі, субъектісі, нысаны және пәні табылады. Бұл барлық элементтер лизинг шартына да тиесілі.

ҚР АК-нің 566-бабына және ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 4-бабының 1-тармағына сәйкес үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Жалдау шартының нысанасы сияқты лизинг шартының нысанасы да пайдалану процесінде өзінің қасиеттерін жоғалтпайтын кез келген заттар бола алады.

Жалдау шартының мазмұнын бөтеннің мүлкін уақытша пайдалану құрайтындықтан, жалдауға қаржы жалдауын бірге алғанда, тек тұтынылмайтын заттар ғана беріледі. Лизинг пәніне жалға алынған мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдалану талабы қойылады (жаңа жабдықтар мен механизмдерді тез тоздыру, бос капиталды инвестициялау т.б.).

Лизинг шарты пәніннің ерекшелігі ретінде лизинг объектісінен басқа, міндетті екі жақтың әрекеті кіреді: біріншіден, жалға алушы мүлікті жалға алғаннан кейін оны дұрыс ұстап күтуге және оны мерзімінде ақшасын төлеп, қайтаруға міндетті; екіншіден, лизинг берушінің сатушымен лизинг алушы көрсеткен, лизинг мүлігін алуға бағытталған сатып алу-сату шартын жасасу әрекеті.

Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының, лизинг операцияларын реттейтін заң нормаларының және лизинг келісім-шарттарының көптігімен сипатталады. Лизинг түрлерін бөлгенде оның сыныпталу белгілерінен шығады, ол келесіні сипаттайды: жалданатын мүлікке қатыстығын; лизинг операциясының қаржыландыру типін; лизинг мәмілесіне қатысушылар құрамын; лизингіге берілетін мүліктің типін; лизинг мүлкінің өзін-өзі ақтау деңгейі; лизинг операциясы жүзеге асатын нарық секторы; салық, кеден және тозу жеңілдіктеріне және преференцияларға қатысы; лизингтік төлемдер тәртібі.

Лизинг шарттарын жасау кезінде лизинг нысанасын анықтау өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде былай делінген: “Лизинг шартының обьектілері мен нысанасына бағалы қағаздар мен табиғи ресурстарынан басқа кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат жатады”. Ресей азаматтық заңы мен көптеген елдердің заңдарында жер учаскесінің лизинг шартының обьектісіне жатпайтындығы көрсетілген, ал біздің республикамыздың азматтық заңына сәйкес, жер учаскесі лизинг шартының обьектісі бола алады, ал бағалы қағаздар шарттың нысанасы бола алмайды.

Сонымен, нарықта айналымға тиым салынбайтын және өндірістік циклда жабылмайтын кез-келген мүлікті лизингке өткізуге болады. Лизинг обьектілерінің өзгешеліктеріне қарай жылжымалы мүлік лизингі және жылжымайтын мүлік лизингі болып екіге бөлінеді./15;9-11/

Жылжымалы лизинг обьектілеріне:

-ауыр машиналары мен жабдықтар (жылу-техникалық, турбиндік құралдар, электроқозғағыштар және т. б.);

-жұмыс машиналары мен өннеркәсіптің әртүрлі саласына қажетті құралдар (полиграфиялық жабдықтар, құрылыс техникасы, станоктар және т. б.);

-есептеу және оргтехника құралдары;

-көлік құралдары (темір жол жылжымалы құралы, теңіз бен өзен кемелері, автокөліктер, ұшақтар және т. б.);

-теле- және арақашықтық байланыс құралдары;

-және т. б.

Жылжымайтын лизинг обьектілеріне:

-өндірістік ғимараттар;

-құрылыстар (мұнай және газ скважиналары, гидротехникалық және көліктік құрылыстар) жатады. Лизинг обьектісіне жаңа мүліктер ғана емес, бұрын пайдаланғандар да жатады.

Лизинг обьектісіне жылжымайтын мүліктер  жатса, сол мүліктер тұрған жер учаскесін пайдалану үшін лизинг алушыға беру қарастырылады.

Лизинг нарқының субьектілеріне лизинг берушілер, лизинг алушылар, мүлікті өндірушілер (сатушылар), сонымен қатар лизинг операцияларына тікелей қатынаспаса да, делдалдық, ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсететін брокерлік және консалтингтік фирмалар жатады.

2-сурет. Лизинг шартының субъектілері

Лизинг алушыменлизинг беруші, яғни шарт жасасатын екі жақ, лизингтің негізгі субьектілері болып табылады.

Лизинг беруші – лизинг алушы көрсеткен мүлікті өндірушіден (сатушыдан) өз меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша пайдалануға беретін заңды тұлға болып табылады. Заң бойынша кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға да лизинг беруші бола алады. Лизингтік қызмет нарығында лизинг берушінің функциясын шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғам түріндегі лизинг компаниялары, яғни мамандандырылған коммерциялық ұйымдар орындайды.

Банктер, басқа да несиелік-қаржылық мекемелер де лизинг беруші бола алады, көбіне олар лизинг мүлкін өндірушілер, яғни машина жасайтын зауыттар, құрылыс фирмалары және т. б. болып табылады. /16;7/

Лизингтік қызметті жүзеге асыру құқығын лицензия береді.

Лизинг шарты бойынша лизинг мүлкін ақы төлеп уақытша иемденіп, пайдаланатын заңды тұлға немесе заңгерлік білімі жоқ кәсіпкер ретінде тіркелген азаматлизинг алушы болып табылады.

Лизинг шарты бойынша мүлік алуға үміттенген кез-келген кәсіпорын лизинг алушы бола алады.

Өндіруші (сатушы) мүлікті лизинг шарты бойынша лизинг берушіге сататын заңды тұлға.

Сатушы – лизинг алушы таңдаған мүліктің иесі және лизинг берушімен сатып алу-сату шартын жасасатын заңды немесе жеке тұлға.

Өндірушінің (сатушының) қызметін лизинг қызметі нарқында кәсіпорындар, яғни лизинг мүлкін жасап шығарушылар орындайды, бұлардың орнында машиналармен және жабдықтармен көтерме сауда жасайтын фирмалар да бола алады.

Банктер мен басқа да несиелік-қаржылық мекемелер, тікелей лизинг беруші бола алмаса да, лизинг қызметі нарқына қатыса алады, өйткені олар лизинг берушіні мүлік сатып алуға қажет қаржымен қамтамасыз етеді.

Лизинг қызметі нарқында жұмыс істейтінброкерлік фирмалар өте маңызды роль атқарады. Олардың міндеті серіктес (партнер) іздеуден, делдалдық қызмет атқарудан, нарыққа қатыспаушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуден тұрады./6;9/

Консалтингтік фирмалар нарыққа қатысушылардың барлығына, ең бірінші лизинг алушыға, консалтингтік көмек  көрсетеді. Егер сатушы мен лизинг беруші бір ғана тұлға болса, онда шарт жасасушылардың құрамы қысқартылады. Мұндай жағдайда лизинг мәселелерімен лизинг арқылы нарықта тауарларды өткізу үшін тауар өндірушілер құрған лизинг компанияларының фирмалары, сонымен қатар өндіруші кәсіпорынның құрамындағы арнайы бөлімшелер (маркетинг басқару қызмет орындары) айналысады.

Халықаралық лизингте лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының қызметін атқаратын шетелдік заңды тұлғалар Қазақстандық лизинг нарқының субьектісі болып табылады.

Іс жүзінде лизинг шарттары көбіне шарт жасаушылардың күрделі құқықтық, коммерциялық, қаржылық мәселелерін қарастырады. “Қаржы лизингі туралы” заң лизинг қатынастарының әр субьектісінің құқықтық статусын белгілейді. Лизинг алушы банкрот болған жағдайда лизинг нысанасы конкурстық жиынға кірмейді.

Лизинг алушының лизинг мүлкін пайдалану нәтижесінде алған өнімдері мен тапқан табыстары және басқа да жетістіктері лизинг алушының меншігінде қалады. Егер лизинг алушы мүлікке зиян келтірмей, өз қаржысы есебінен жетістіктерге жетсе, лизинг берушінің жазбаша келісімі бойынша, егер өзгеше шарттар көзделмесе, шарт аяқталған соң, сол жетістіктерге жұмсалған қаржыны өтеп алуға құқы бар. Егер заң актілерімен және лизинг шартымен өзгеше көзделмесе, лизинг берушінің рұқсатынсыз лизинг алушы өндірген бөлінбейтін жетістіктерінің құнын өтей алмайды.

Лизингке берілген мүлікке иелену, пайдалану құқы басқа тұлғаға өтсе, бұл жағдай лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға себеп бола алмайды.

2. Лизинг шартының мазмұнының ерекшеліктері

2.1 Лизинг шарты субьектілерінің құқықтары мен міндеттері

Лизингтің несиемен ұқсастығы өте көп. Мәселен, лизингті лизинг беруші мен лизинг алушыға берілетін несие беруге байланысты мүліктік қатынастар түрінде қарастыруғы болады. Бірақ бұл лизингінің бір ғана ерекшелігі. Екінші негізгі ерекшелігі оның меншік қатынастарынан көрінеді. Меншік құқығы лизинг берушіде қалады, ал лизинг алушы уақытша пайдалану құқығын ғана алады. Осы құқыққа ие болу үшін лизинг алушы лизинг берушіге ақылар төлейді (лизингтік төлемдер), оның мөлшері, түрі және кестесі екі тараптық лизинг шартымен келісіледі[19,56б].

Лизинг алушы сатушымен келісім-шарт қатынастарында болмайды, бірақ оған қатысты белгілі құқықтар мен міндеттерге ие. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершілікте болатын тікелей мүлік сатушыға да, лизинг берушіге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнінде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тікелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзі аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу міндетін қоспағанда, сатып алушы үшін Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және міндеттемені мойнына алады. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 12-бабындализинг алушының құқықтары мен міндеттері көзделген. Оныңқұқықтары 12-баптың 1-тармағында келесі түрде көрсетілген:

-лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;

-лизинг нысанасының сапасы және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;

-егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз міндеттемелерін орындағанға дейін төленуге тиісті лизинг төлемдерін тоқтата тұруға;

-егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, лизинг беруші лизинг шартын біржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретінде төлеген лизинг төлемдерін кері қайтаруды талап етуге;

-егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, лизинг нысанасы жеткізіп берілмеген, мерзімі едәуір өткізіліп жеткізіліп берілген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтіретін кемшіліктері жойылмай жеткізіп берілген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;

-лизинг беруші лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиісті дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;

-егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтін жағдайларға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулі түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерін тиісінше азайтуды талап етуге құқылы.

Лизинг алушының міндеттері 12-баптың 2-тармағында көзделген. Лизинг алушы:

-лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртіппен қабылдауға;

-лизинг төлемдерін дер кезінде төлеп тұруға;

-лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға;

-лизинг нысанындағы қалыпты тозуды және тараптар келісіп алған өзгерістерді ескере отырып, лизинг беруші лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйінде күтіп ұстауға;

-егер лизинг шартында немесе заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын өз есебінен күтіп ұстауға (оның ішінде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық төлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуін жүзеге асыруға;

-егер шартта және ҚР заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағындализинг берушінің құқықтары белгіленген. Лизинг беруші:

-өзіне тиесілі төленбеген лизинг төлемдерін, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;

-лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауға бақылау жасауға;

-лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда мерзімі кешіктірілген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;

-ҚР заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.

ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 11-бабының2-тармағылизинг берушінің міндеттерін белгілейді. Лизинг беруші:

-лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға;

-сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке бергенге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;

-лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуі мен пайдалануына берілгені (қайталама лизинг, сублизинг, міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі) туралы осындай берілу кезінен бастап бір ай мерзімде ҚР заңдарында көзделген негіздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;

-лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген талаптармен беруге міндетті.

Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi.

Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының қатысуымен жасалған жағдайда сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi.

2.2 Лизинг шартын бұзғандығы үшін жауапкершілік

Лизинг шарты уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін бағалар пайдаланылатын шарттар қатарына жатпайды, сондықтан бұл жердешарт еркіндігі принципі толық әрекет етеді.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг шартын өзгерту және бұзу мүлікті жалға алу шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы ереже бойынша мүліктің жойылу және бұзылу қауіпін оның иесі көтереді. Лизинг шартында жалданатын мүліктің иесі лизинг беруші табылады. Бірақ лизинг шартында лизинг нысаны болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу және бұзылу қауіпін мүлікті берген кезде лизинг алушы көтереді (ҚР АК-нің 569-бабы).

Тараптардың біреуiнiң талап етуi бойынша лизинг шарты ҚР Азаматтық кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесешартта көзделген жағдайларда сот тәртiбiмен өзгертiлуi немесе мерзімiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.      Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады.

Лизинг берушiнiң талабы бойынша мынадай жағдайларда:

     1) егер лизинг алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң мақсатын елеулi түрде бұзып, лизинг берушiнiң мұндай iс-әрекеттi тоқтату туралы жазбаша ескертуiне қарамастан пайдаланса;

     2) егер лизинг алушы қасақана немесе абайсызда мүлiктi елеулi түрде нашарлатса;

     3) егер лизинг алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн шартта белгiленген төлем мерзiмiнiң өтуi бойынша екi реттен астам төлем жасамаса;

Лизинг берушi жалға алушыға өз мiндетiн қисынды мерзiмде орындауға мүмкiндiк берiлгеннен кейiн ғана шартты мерзiмiнен бұрынбұзуды талап етуге құқылы.

Жалға алушының талап етуiмен шарт мынадай жағдайларда:

     1) лизинг берушi мүлiктi лизинг алушыға пайдалануға бермеген не мүлiкті шарт талаптарына немесе мүлiктiң мақсатына сәйкес пайдалануға кедергi жасаған;

     2) лизинг алушыға берiлген мүлiкте оны пайдалануға кедергi келтiретiн кемшiлiктер болып, оны шарт жасалған кезде лизинг берушi ескертпеген, лизинг алушыға алдын ала белгiлi болмаған және мүлiктi көрген кезде немесе шарт жасаған кезде оның ақаусыздығын тексерген кезде оның байқалуы мүмкiн болмаған;

     3) егер лизинг алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалану үшiн жарамсыз күйде болған реттерде мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.

Лизинг алушының құқықтарыныңерекшелігі мынадай: лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалғаншарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушығаталап қоюға құқылы; егер лизинг нысанасы тиістікемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануынакедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуге құқылы[24,148б].Лизинг алушы нысанасын көруі не кедергі жасамауға міндетті.

Лизингтің нысанасы болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі, мүлікті берген кезде лизинг алушыға ауысады. Осыдан лизинг шартының кәсіпкерлік сипаттамасы көрінеді. Шартпен осындай мүліктің кездейсоқ жойылу бүліну қаупінің өзге де бөлінуі көзделуі мүмкін.

Лизинг берушінің, лизинг алушының және сатушының жауапкершілігі лизинг шартында белгіленеді. Лизинг нысанасын сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнінде атап айтқанда, лизинг нысанасының жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті дәрежеде орындамаған басқа да жағдайлардатікелей лизинг алушының алдындажауапты болады. Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен несие берушілер болып келеді.

Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындалуы үшінжауап бермейді. Сатушыны лизинг беруші талдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша оның алдындажауапкершіліккөтеретін мүлікті сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы. Лизинг беруші сатып алу-сату нысанасы болып табылатын мүлікті лизингке тапсыру туралы сатушыға хабарлау жөніндегі міндетін бұзған жағдайда лизинг беруші сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшін лизинг алушының алдында толық жауапты болады.

Егер лизинг алушы лизинг шартының талаптарын бұзса, лизинг беруші қосымша екі құқыққа ие болады: даусыз түрде ақша сомасын талап етуге және лизинг пәнін даусыз қайтарып алу құқығына ие. Сондықтан ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңына көңіл бөлген жөн: «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг беруші лизинг нысанасын даусыз тәртіпте талап етуге құқылы» (Заңның 11-бабының 4-тармағы).

Осы тараудың соңында лизингінің кемшіліктерін де қарастырғанды жөн көріп отырмыз:

1) Егер жабдықтар қаржы лизингісіне алынса және ол лизинг шартының мерзімі аяқталғанша ескірсе де, лизинг алушы шарт мерзімі аяқталғанша лизинг төлемдерін төлеуге тиіс.

2) Жедел лизингі кезінде жабдықтардың ескіру қауіпі лизинг берушіге жүктеледі, ол сол үшін лизинг алушыдан көп мөлшерде төлемдер алуға мәжбүр.

3) Егер жабдықтар істен шығып қалса, онда да жабдықтың күйіне қарамастан белгіленген мерзімде лизинг төлемдері жасалуға тиіс.

4) Егер лизинг шартының объектісі ретінде үлкен және күрделі объект болса, онда олардың әртүрлі талаптарына сәйкес шартты дайындау (әзірлеу) біраз уақытты және қаражаттарды талап етеді.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Қазақстанда лизинг жаңа пайда болған қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Өндірістік салаға инвестицияларды ынталандыру, өнеркәсіптік әлеуеттіжаңарту, отандық өндірушілердің бәсекелестік қабілеттілігін көтермелеу үшін лизинг қатынастарын дамыту керек. Бірақ ол үшін қажетті жағдайлар тудыру қажет. Көптеген дамушы мемлекеттердің тәжірибесі көрсететіндей оған үлкен көңіл бөлінеді: қажетті заңдар қабылданған, салық жеңілдіктері берілген т.б.

Лизинг шарты азаматтық-құқықтық шарт, ол бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді.

Лизинг шартының даму тарихы шартты түрде 2 кезеңге бөлінеді, олар:

1) Шетелдерде лизинг шартының даму тарихы мен құқықтық реттелуі: ежелгі және қазіргі заманғы Еуропа елдері;

2) Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы тарихы (ҚазКСР мен Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы лизинг шартының даму тарихы мен құқықтық реттелуі).

Жәнеде де бұл тарихи даму кезеңдердің әр мерзіміндегі құқықтық реттелу процесстері лизингтік қатынастардың құқықтық реттелуне зор әсерін тигізді.

Лизинг шартының өзіне тән ерекшеліктері болып келесілер табылады:

1. Лизинг шартында міндетті тұлға ретінде лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа мүлікті сатушы қатысады.

2. Лизинг беруші мүлікті жалға беруде мүліктің иесі болып табылмайды. Сонымен қатар, лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып алғанда мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға берілетіндігі туралы сатушыны хабардар етуге тиіс.

3. Арендалық қатынастарда белсенді рөль лизинг алушыға берілген. Лизинг алушы өзі сатушыны белгілеп, қандай мүлік қажет екендігін көрсетеді. Бірақ, лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін (ҚР АК-нің 565-бабының 2-тармағы).

4. Лизинг шартында мүлікті лизинг алушыға сатушы береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілген тауарларға алынатын кедендік баждар мен салықтарды төмендету жағдайын да қарастырған жөн.

Лизингтің негізгі ерекшелігі болып: жалға бұрын пайдаланылған емес жаңа мүлік берілуі табылады. Жалдау мерзімі жабдықтың қызмет етуі мерзіміне сәйкес келетіндігі лизинг шартына тән. Жалдау мерзімі аяқталған соң, жалға алушы мүлікті меншікке алуға, шартты жаңартуға және жалға берушіге мүлікті қайтаруға құқылы.

Лизингтік келісім-шарттардыңкелесі санаттар бойынша жіктеледі:

1. Қатысушылар құрамына байланысты;

2. Мүлік нысанына  байланысты;

3. Мүліктің өтелімділігі бойынша;

4. Амортизация деңгейіне байланысты;

5. Қызмет көрсету мөлшері бойынша;

6. Нарық секторына байланысты;

7. Лизингтік төлемдер сипатына байланысты;

8. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты;

9. Қаржыландыру әдісіне байланысты;

10. Жалға алынатын мүлікке қатысты.

Бұлар өз үшінде бірнеше түрлерге жіктеледі.

Лизинг пәніне жалға алынған мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдалану талабы қойылады (жаңа жабдықтар мен механизмдерді тез тоздыру, бос капиталды инвестициялау т.б.).

Лизингшарты пәніннің ерекшелігі ретінде лизинг объектісінен басқа, міндетті екі жақтың әрекеті кіреді: біріншіден, жалға алушы мүлікті жалға алғаннан кейін оны дұрыс ұстап күтуге және оны мерзімінде ақшасын төлеп, қайтаруға міндетті; екіншіден, лизинг берушінің сатушымен лизинг алушы көрсеткен, лизинг мүлігін алуға бағытталған сатып алу-сату шартын жасасу әрекеті.

Лизинг шартыныңобьектілерімен нысанасына бағалы қағаздар мен табиғи ресурстарынан басқа кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат жатады. Лизинг обьектілерінің өзгешеліктеріне қарай жылжымалы мүлік лизингі және жылжымайтын мүлік лизингі болып екіге бөлінеді.

Лизинг шартыныңсубьектілеріне лизинг берушілер, лизинг алушылар, мүлікті өндірушілер (сатушылар), сонымен қатар лизинг операцияларына тікелей қатынаспаса да, делдалдық, ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсететін брокерлік және консалтингтік фирмалар жатады.

Лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг шартын өзгерту және бұзу мүлікті жалға алу шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы ереже бойынша мүліктің жойылу және бұзылу қауіпін оның иесі көтереді. Лизинг шартында жалданатын мүліктің иесі лизинг беруші табылады. Бірақ лизинг шартында лизинг нысаны болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу және бұзылу қауіпін мүлікті берген кезде лизинг алушы көтереді.

Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі болып, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуі табылады. Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн.

Осымәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерінбіріктіретін лизинг болмақ.

ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) лизинг алушы мен лизинг берушініңқұқықтары мен мүдделерін қорғауды оның бір мақсаты ретінде есептейді. Кодексте ішкі құжаттарға сілтеме жасайтын нормалар да бар, оларды жоспарлау мен қабылдау лизинг компанияларына міндетті болып табылады.

Отандық өндірушілер менкәсіпкерлерге осы қызмет түрін дамыту үшін қажетті жағдайлар тудыру керек. Ол үшінбіріншіден, лизинг мәмілелерінің (келісім-шарттарының) мерзімін ұзарту қажет (3 жылдан кем емес мерзімгежәне одан ұзақ мерзімге).

Сонымен зерттеу тақырыбын қорытындылай келе,лизинг туралы заңнаманы ары қарай жетілдіру мақсатында келесіұсынысты жасаймыз:

  • ҚР АК-де Лизинг шарты туралы тарау жасап, оны жобалағанда халықаралық лизинг туралы Оттава Конвенциясының ережесіне сәйкес лизинг мүліктік қатынастардың субъектілеріне қатысты үштарапты кешені ретінде қаралсын, яғни ол бойынша лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушының (лизинг алушының) өтініші мен нұсқамасы бойынша дайындаушыдан (жеткізушіден) жабдықтар алады, одан кейін лизинг алушының уақытша пайдалануына береді. Кешен құрамына екі шарт кіреді: сатып алу-сату шарты (лизинг компаниясы мен дайындаушы (жеткізуші) арасында жабдықтар алуға байланысты қатынастар, мұнда дайындаушы (жеткізуші)  – сатушы, ал лизинг компаниясы – сатып алушы) және лизинг шарты (лизинг компаниясы мен пайдаланушы (лизинг алушының) арасында жабдықтарды уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты қатынастар.

Лизинг қазіргі таңда ұзақ мерзімді несиелеудің нысаны болып табылады, себебі лизинг беруші лизинг алушыға қажетті мүлікті оның таңдауы және тапсырмасы бойынша алады.

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығы әлемнің шамамен барлық аймақтарында дамуда деп айтуға болады. Әлемнің көптегенн елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады.

Қолданылған әдебиеттері тізімі

Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған.

  1. «Халықаралық қаржы лизингі туралы» 1988 жылдың 28 мамырындағы УНИДРУА Конвенциясы.
  2. «Мемлекетаралық лизинг туралы» 1998 жылдың 25 қарашасындағы Конвенция.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2005.
  4. «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 5 шілдесіндегі Заңы.
  5. «ҚР Қаржы лизинг сұрақтары бойынша кейбір заңды актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 2004 жылдың 10 наурызындағы Заңы.
  6. «Ауыл шаруашылығындағы лизингті ұйымдастырудың тәртібі мен талаптары туралы Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 15 сәуіріндегі №341 Қаулысы.
  7. «Лизинг негізінде ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз етуді қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 18 ақпанындағы №191 Қаулысы.
  8. «Жылжымайтын мүлікке қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 3 мамырындағы №597 Қаулысы.
  9. «Республикалық қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын ауылшаруашылық техникасын лизингі бойынша сыйлықақы ставкаларымен толтыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 қарашасындағы №1491 Қаулысы.
  10. «Көлік құралдары мен тауарларды уақытша кіргізу кеден режиміне қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 21 тамызындағы №1092 Қаулысы.
  11. «Лизинг негізінде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етуді қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 11 наурызындағы №289 Қаулысы.
  12. «Аэропорттарды, аэродромдарды, авиа техниканы өзге де пайдалану құқығын меншікке, мүліктік жалға, лизингіге, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға рұқсаттарды беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 19 қазанындағы №1133 Қаулысы.
  13. «Агроөнеркәсіп секторды субсидиярлау және қаржыландырудың кейбір сұрақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 18 наурызындағы №259 Қаулысы.
  14. «Ауылшаруашылық өнімін қайта өндірудің кәсіпорындары үшін жабдықтар лизингісін қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 27 ақпанындағы №236 Қаулысы.
  15. Гражданский кодекс Репсублики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы: Жеті-жарғы, 2002.
  16. Банковское право Республики Казахстан. Учебное пособие. /Под ред. А.И. Худякова. Алматы, 2000.
  17. Банковское дело. Справочное пособие. /Под ред. Ю.А. Бабичевой. М.: «Экономика», 1994.
  18. Брагинский В.М. Лизинг в гражданском обороте. М., 2002.
  19. Газман В.Д. Лизинг: теория, практика, комментарий. М., 1997.
  20. Гражданское право. Учебник для вузов (академический курс). Том 2. /Отв ред. М.К. Сулейменов,  Ю.Г. Басин. Алматы, 2002.
  21. Гражданское торговое право капиталистичеких государств. Учебник. изд. второе пеработанное и дополненное. /Под ред. Ю.С. Харитонова, Е.А. Васильева. М., 1992.
  22. Давыдов А., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы, 2000.
  23. Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан. Часть Особенная. Том 1. – Алматы: «Данекер», 2001.
  24. Жалыбин С. Факторинг, лизинг, франчайзинг и другое. Казахстанская правда. – 30 июля 1999. №182-183.
  25. Кабатова Е.В. Лизинг: правовое регулирование, практика. М.:Ифра-М, 1998.
  26. Кулагин М.И. Избранные Избранные труды (Классика российской цивилистики). М., 1997.
  27. Лизинг – коммерческий кредит. Учебное пособие. М.: Истсервис, 1994.
  28.  Нургалиев Н. Лизинг – особый вид договора имущественного найма. Юридическая газета. – 20 января 1999 года.
  29. Привман Л. История и особенности современного международного лизинга. //Предприниматель и право, декабрь 2004. №23.
  30. Привман Л. Виды лизинга. //Предприниматель и право, ноябрь 2004. №21.
  31. Привман Л. Эффективность лизинга. //Предприниматель и право, ноябрь 2004. №22.
  32. Симонова М.И. Аренда. Лизинг. Прокат. М.: «Статус-Кво-97», 2001.
  33. Соколов В.В. Новый импульс развитию предпринимательства. // Экономика и жизнь, 1996. №19.
  34. Сусанян К. Самые выгодные сделки: лизинг, бартер, товарообмен. М., 1997.
  35. Чекмарева Т.Е. Лизинговый бизнес.// Экономика, декабрь 1993. №15.




1. Производственные кооперативы в рыночной экономике
2. Физиологические свойства сердечной мышцы в покое и при мышечной работе автоматия возбудимость проводимос
3. Манифесте Коммунистической партии К
4. О соотношении базальтового и андезитового вулканизма глазуновской свиты КМ
5. тематика Конгресса- Хирургия и исследование печени Инновации и рекомендации в изучении печени Сумма
6. Свадебные обряды и обычаи1
7. тема М Вебер Суть- 1 организация рассматривается как система имеющая сходство с машиной; 2 она работ
8. _________________ язык 340 2
9. Открытие закона сохранения энергии
10. Вербальные средства общения
11. History of runes
12. Венедикт Ерофеев
13. НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ УЧАЩИХСЯ В МОДЕЛИ ЛИЧНОСТНО-ОРИЕНТИРОВАННОГО ОБРАЗОВАНИЯ
14. Объекты утилизации твердых бытовых отходов и их влияние на почвенный покров
15.  теория прямое действие излучения прямое действие излучения это непосредственное действие излучения на
16. Диагноз- Прободную язву приходится дифференцировать от острого аппендицита острого холецистита острого п
17. тюменский государственный нефтегазовый университет ИНСТИТУТ геологии И нефтегазодобычи
18. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Луганськ 2001 Дис
19. Тема 1 Сущность и содержание социального менеджмента 1
20. Астана медицина университеті